Adobe Illustrator программасының интерфейсі



бет1/5
Дата24.09.2022
өлшемі140.5 Kb.
#461266
түріПрограмма
  1   2   3   4   5

Adobe Illustrator программасының интерфейсі

Adobe фирмасының Illustrator программасы өте көне, ертеден келе жатқан векторлық графиканың лидері. Ол арқылы векторлық бейнелерді, иллюстрациялар, диаграмма, графиктер, суреттер мен сызбаларды жасауға, сондай-ақ векторлық бейнелерді өңдеуге болады. Мұнда ақпараттық графика мен Web - дизайнмен жұмыс істеу мүмкіндіктері де бар.

  • Adobe фирмасының Illustrator программасы өте көне, ертеден келе жатқан векторлық графиканың лидері. Ол арқылы векторлық бейнелерді, иллюстрациялар, диаграмма, графиктер, суреттер мен сызбаларды жасауға, сондай-ақ векторлық бейнелерді өңдеуге болады. Мұнда ақпараттық графика мен Web - дизайнмен жұмыс істеу мүмкіндіктері де бар.
  • Бұл программа векторлық графика программаларының ішіндегі жалпылама мойындалған бүкіл әлемдік көсбасшы болып табылады. Профессионалдардың өздері де көбінесе осы программамен жұмыс жасайды. Оның ерекше қасиеті – Adobe Photoshop және Page Maker программаларымен бірге аяқталған полиграфиялық компьютерлік таралымдар мен күрделі құжаттарды өңдеуге арналған жеткілікті үштік қосымша құруында. Бұл үштік бірдей стильде орындалған, ұқсас интерфейстер мен құралдарды пайдаланады, бірдей тәсілдер мен әдістерді қолдануға мүмкіндік береді және өзара объектілерді қатесіз импорттау мен экспорттайды. Adobe Illustrator 7.0 –дің қосымша қасиеті – бұл редактордың орыс тіліндегі версиясының болуында.

Adobe Illustrator – дың интерфейсі Adobe Photoshop-тың интерфейсіне өте ұқсас. Олар бір фирманың программалары болғандықтан олардың терезе құрылымы, бірдей пернелік қысқартулар және қабаттармен жұмыс істеудің негізгі принциптері қолданылады.

  • Adobe Illustrator – дың интерфейсі Adobe Photoshop-тың интерфейсіне өте ұқсас. Олар бір фирманың программалары болғандықтан олардың терезе құрылымы, бірдей пернелік қысқартулар және қабаттармен жұмыс істеудің негізгі принциптері қолданылады.
  • Программа мөлдір қабаттармен жұмыс жасауға арналған, және қабаттар саны белгілі сандармен емес, компьютер ресурстарымен шектелген. Программада қабаттар мен объектілерге әр түрлі эффектілерді қолдануға болады. Қылқаламдардың әр түрлі типтерін қолданып, суреттерді бояуға болады. Сканер арқылы енгізілген бейнелер растрлы түрде көрсетіледі, себебі векторлық графиканың мүмкіндіктері жартылай түстер мен түстер өзгерісін бере алмайды.
  • Программа растрлы бейнелерді векторлы графикада түрлендіруге мүмкіндік береді. Ал егер керісінше жасап көретін болсақ, үлкен көлемді файлдар пайда болады. Растрлы бейнелерді не үшін векторлы бейнелерге түрлендіреміз? Масштабтауда бейне сапасын жоғалтпау үшін. Программада градиент заливкамен толтырылған анық облыстары мен жиектері бар бейнелерді жасауға арналған құралдар саны жеткілікті. Программада жарнамалық хабарландырулар мен визиткалар, есептемелер, хаттар жасау ыңғайлы, себебі Adobe Illustrator – да теруге, редактрлеуге арналған керемет құралдар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет