Терезе ауа баптағыштары үшін құрылымдарды дайындау, орнату және терезе ауа баптағыштарын орнату қызметтері



Дата01.07.2016
өлшемі25 Kb.
#169958
Терезе ауа баптағыштары үшін құрылымдарды дайындау, орнату және терезе ауа баптағыштарын орнату қызметтері баға ұсыныстары сұранысы арқылы сатып алулардың қорытындысы бойынша шешім

Өскемен қ. 2009 жылдың 30 сәуір

«ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ Өскемен қ. К. Либкнехт Көшесі, 19, терезе ауа баптағыштары үшін құрылымдарды дайындау, орнату және терезе ауа баптағыштарын орнату қызметтері баға ұсыныстары сұранысы арқылы сатып алуларды өткізді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ уәкілетті өкілі: Гүлнафис Өмірзаққызы Сағадиева – әкімшілік-қаржы бөлімінің бастығы.

Баға ұсыныстарын әлеуетті жеткізушілер 2009 жылдың 23 сәуірінен 29 сәуіріне дейін ұсынды.

Келесі баға ұсыныстары салғастырылды:

1. ЖК «М.З. Абдулин», Өскемен қ. Ворошилов көш. 174-21, СТН 1811810999438, 2009ж. 28.04. 15 сағат 00 минутта, баға ұсынымы жалпы сомасы 154 245 (бір жұз елу төрт мың екі жүз қырық бес) теңге.

2. «АИЕРС» ЖШС Өскемен қ. Әуезов даңғылы 49а-17, СТН 181600211735, 2009ж. 29.04. 16 сағат 00 минутта, баға ұсынымы жалпы сомасы 150 086 (бір жүз елу мың сексен алты) теңге.

ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 31 бабының 4 тармағының негізінде баға ұсынымдарын қарастырып және салғастыра келе шешілді:

Баға ұсыныстары сұранысы арқылы терезе ауа баптағыштары үшін құрылымдарды дайындау, орнату және терезе ауа баптағыштарын орнату қызметтері мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазы болып аз баға ұсынымын ұсынған келесі әлеуетті жеткізуші танылсын: «АИЕРС» ЖШС Өскемен қ. Әуезов даңғылы 49а-17, СТН 181600211735, баға ұсынымы жалпы сомасы 150 086 (бір жүз елу мың сексен алты) теңге.



Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Г. Сағадиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет