Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы
Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны Adobe Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған. Adobe Photoshop-ты кəсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, веб-дизайнерлер жəне қарапайым қолданушылар пайдаланады. Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны əркім өзіне ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерін өзгертуге, кесуге, түс түзетуін жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil жəне т.б. Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор объектілерді қолдайды.
Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.
Adobe Photoshop программасы – бұл нүктелі графика бағдарламасы, яғни бұл программадағы бейнелер нүктелерден, пиксель деп аталатын ұяшықтардан тұрады. Бұл аббревиатура ағылшынның екі сөзінен picture element құралған бейнелер элементі деген мағынаны білдіреді.
Adove фирманың атауы. Аталған фирмада төмендегiдей программалар жасақталған:
Adove Illustrator – векторлық графика редакторы. Бұл программаның соңғы версиясы PDF форматындағы файлдарды редакторлеу мен оны ашуға мүмкiндiк бередi.
Adove Dimentions – үшөлшемдi графика редакторы. Бұл программа Macintosh типтi компьютерлер үшiн жасақталған.
Adove Streamline – сканерден өткiзiлген нүктелi бейнелердi векторлық графикаға түрлендiруге негiзделген программа.
Adove Photoshop – нүктелi графика редакторы.
Adove Pagemaker – полиграфиялық және типографиялық баспалардың құжаттарын түрлендiруге негiзделген программа және т.б.
Adove Photoshop программасымен жұмыс жасау барысында төмендегідей сөздер жиі қолданылатын болғандықтан олардың түсініктемелері көрсетілген:
Растрлық графика полиграфиялық баспалар мен оларды өңдеу үшiн қолданылады. Ең бастысы бұл графикада түстi таңдап алу болып табылады. Мұндай типтегi бейнелердi үлкейткен кезде оның сапасы төмендеп, бейнеге айналып кетедi.
Векторлық графика сызба бейнелер мен безендiрулердi құруға негiзделген. Ең бастысы, бұл графикада объектiлер формасы болып табылады. Оны үлкейткен кезде оның формасы өзгермейдi. Керiсiнше, векторлық бейнелердi үлкейткен кезде, олардың өлшемi өзгермейдi.
Фрактальды графика математикалық есептеулер жолымен бейнелердi автоматты түрде түрлендiруге негiзделген. Теңдеулер немесе формулалар бойынша бейнелер салынады және олардың бейнелерi емес, коэффициенттерi сақталынады. Мысал ретiнде ақша қардың бейнесiн алуға болады.
Штамп бейнелерден таңдаулы үлгiлердi көшiруге мүмкiндiк бередi.
Сиқырлы таяқша және Лассо – жалпы композициядан бейнелердiң үзiндiлерiн таңдау.
Бөлiп алу (Выделение) – шекараның iшiндегi бейнелердi бөлiп алып, көшiру, орын алмастыру және оны редакторлеу.
Монтаж, коллаж - басқа бейнелердiң үзiндiлерiн бөлiп алып, бiр бейненi жинақтап, шығару. Ол үшiн слои және каналдар қызмет атқарады.
Монтаж, коллаж - басқа бейнелердiң үзiндiлерiн бөлiп алып, бiр бейненi жинақтап, шығару. Ол үшiн слои және каналдар қызмет атқарады.
Слои – мөлдiр фондармен қоршалған бейнелердiң көрiнбейтiн бөлiктерi. Ол бөлек элементтерден композициялар құрастыру кезiнде қолданылады. Оның сылаы ретiнде контурлық карта (артқы жағын), онда мемлекеттер тiзбектей бейнеленген (алғашқы қабаты), қалалар (екiншi қабаты), орман, батпақ, шөлейттер (үшiншi қабаты) және т.б.
Каналы – бұл бейнелердiң түстерiнен бiреуiне сәйкес келетiн монохромды бейне. Мысалы, Қызыл – жасыл - көк
Маски (маскированные области) – слойдың көрiнбейтiн аймағы. Сондықтан оны түрлендiруге болмайды. Немаскированные области – бұл бейненiң көрiнетiн аймағы Құрастырылатын бөлiктерге бейнелердi бөлу үiшн қолданылады.
Растушевка - бұл шекаралар аралығынан бөлек үзiндiлердi бөлiп алу.
ЖҰМЫС ҮСТЕЛI ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Программа терезесiнде батырмалар емес, жылжымалы палитралар қолданылады.
Программа элементтерiнiң мәнi мен мүмкiндiктерiн бiлу үшiн бұл программаны iске қосып, жан-жақты танысуымызға болады. Бұл программаны iске қосу үшiн Пуск батырмасындағы менюдi қолданамыз, яғни мына команда орындалады: Пуск – Adobe- Photoshop 6.0 - Adobe Photoshop 6.0. Аталған әрекет орындалғаннан кейiн Сiздер экраннан программаның негiзгi терезесiн көресiздер (1-сурет).
Құралдар тақтасы
Құралдар параметрлерінің тақтасы
Программа менюі
Палитралар
Бейнелерді редакторлеу терезесі
Қалып-күй қатары
1-суретПрограмма терезесінің құрылымы 2-сурет. Құралдар тақтасының құрылымы Назар аударғандарыңызға рахмет!