Қағаздар және кортондар


Кабельді қағаздар 35,110, 220кв кернеуде кабельдердің күш желілерін изоляциялау үшін шығарылады және бір-бірінен қатпарлар санымен, ауа өткізгіштігімен ерекшеленеді



бет2/3
Дата12.10.2022
өлшемі62.95 Kb.
#462511
түріҚұрамы
1   2   3
9.9. Қағаздар және картондар

Кабельді қағаздар 35,110, 220кв кернеуде кабельдердің күш желілерін изоляциялау үшін шығарылады және бір-бірінен қатпарлар санымен, ауа өткізгіштігімен ерекшеленеді.

«К» әрпімен таңбаланатын (К-080, К-140, К-170) кабельді қағаздар, бірқатпарлы болып шығарылады, ал «КВМ» және «КМ» әріптерімен (КВМ-080, КВМ-120, КВМ-170, КМ-120, КМ-170, КМП-120) таңбаланатын кабельді қағаздар үш және төртқатпарлы болып шығарылады.


Мұндағы:
  • Сан – қағаздың қалыңдығы (микронда)
  • «К» – кабельді.

  • «ВМ» – жоғарғы вольтті көпқатпарлы.
    «У» – тығыздалған.
    «П» – беріктенген.
    «С» – стабильденген.
    Көпқатпарлы қағаздар бірқатпарлы қағаздармен салыстырғанда, иілгіш, созылмалы және ауа өткізгіштігі төмен болады. Кабельді қағаздардың тығыздығы-720-780кг/м3.
    Сонымен бірге тығыздалған стабильденген кабельді қағаздар шығарылады, олар КВМСЦ әріптерімен таңбаланады (КВМСЦ-080, КВМСУ-120), қалындығы-0,08-0,12мм. Тығыздалған қағаздар үлкен тығыздығымен (1110кг/м3) ерекшеленеді. Көпқатпарлары және тығыздалған кабельді қағаздары 110кв кернеудегі кабельдердің желілерін изоляциялау үшін қолданады.
    Ескерту: Кабельді қағаздар гигроскопиялық материалдар болып табылады және ылғалды ауада оңай ылғалданады, сол себептен қағаз изоляциясын жүргізудің барлық операцияларын қоршаған ортаның кондициондалған жағдайнда жүргізу қажет.

Сұйық диэлектриктермен сіңдіру алдында кабельдердеің қағаз изоляциясын ұзақ құрғатады. Қағаздың ылғалдығы-4-8%.

  • Сұйық диэлектриктермен сіңдіру алдында кабельдердеің қағаз изоляциясын ұзақ құрғатады. Қағаздың ылғалдығы-4-8%.
  • Конденсаторлы қағаз сұйық диэлектрикпен сіңдірілген қағазды конденсаторларда қолданылады және таза сульфатты целлюлозадан жасайды. Бұл өте жұқа қағаздар (қалыңдығы -0,004-0,03мм, қалыңдығы бойынша біртекті, тығыздығы-950-1350км/м3). Ауа өткізгіштігі – 3-9мл/мин.
  • Мұнайлы конденсаторлы маймен сіңдіруден кейін конденсаторлы қағаздың электрлік беріктігі 10-15 есе артады. Конденсаторлы қағаздың құрамында ток өткізуші бөлшектер болады, ол электрлік сипаттамалардың жоғары деңгейін көрсетеді . Конденсаторлы қағаздар ені -12-490мм, бебиналарға оралған күйінде шығарылады.



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет