Ағылшын тілінің грамматикасы. 27-сабақ: Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under
Ағылшын тілінде орынға (мекенге) және қозғалыс бағытына арналған көмекші сөздер бар. Олардың кейбірі уақытқа қатысты да қолданылабереді. Мысалы, осының алдындағы сабақта өткен уақытқа қатысты көмекші сөздерден in, on және at дегендері орынға қатысты да қолданылады.
in — кеңістік, бөлме, ғимараттың түрлері, көше, қала (ауыл), кітап, көлік, сурет, қағазға, теңіз-көлдерге қатысты қолданылатын көмекші сөз. Мағынасы қазақ тіліндегі “ішінде” дегенді білдіреді. Бірақ бұл сөзбе-сөз аудармасы емес. Қазақша аудармасы жоқ. Мысалдар:
in English Қазақша
in the air ауада, әуеде
in the kitchen ас үйде
in the book кітаптың ішінде, кітапта
in the sea (river) теңізде (өзенде)
in the box қорапта, қораптың ішінде
in Almaty Алматыда
in the city қалада
in Kazakhstan Қазақстанда
in a park саябақта
on — бір заттың екінші бір заттың үстінде, бетінде, кей сөздерде ішінде екендігін білдіретін көмекші сөз. Көшеге, тегіс беті бар заттарға және қоғамдық көліктер мен теледидар (радиоға) қатысты қолданылады. Мысалы:
English Қазақша
on the box (table) қораптың (үстелдің) үстінде
on the 3rd floor 3-ші қабатта
on Main Street орталық (басты) көшеде
on 2nd Avenue екінші даңғылда
on the surface бетінде (жазықта)
on the radio (TV) радиода (теледидарда)
on the bus автобуста
Ал бағытқа қатысты: оң жақта, сол жақта, алды да деген сияқты сөздермен бірге қолданылады. Мысалы: on the right (оң жақта), on the left (сол жақта), straight on (алдында, турасында).
at — бір заттың белгілі бір орында, жерде, бір заттың айналасында, маңында тұрғандығын сипаттағанда және концерт, кино секілді адам жиналатын жағдайларды сипаттағанда қолданылады. Мысалы: at ther corner (бұрышта), at the bus stop (аялдамада), at the concert (концертте)…
in English Қазақша
at the door есікте, есіктің маңында
at the top of page беттің жоғары жағында
at the meeting кездесуде
at the conference конференцияда
at the end of street көшенің соңында
at the cinema кинотеатрда
Осылай қалыптасқан тіркестер.
above — жоғары. Above сөзінің синонимі — over. Бірақ екеуінің екі бөлек түсінік беретін кездері де болады. Бір зат екінші бір заттан жоғары тұрған болса, және екі заттың арасында ашық орын (кеңістік) болса, онда above көмекші сөзі қолданылады және ауа-райын айтқанда да қолданылады. Мысалы:
The picture hangs above your bed — Сурет сенің кереуетіңнің жоғарысында (үстінде) ілініп тұр.
Our plane is above the clouds — Біздің ұшағымыз бұлттардың үстінде (яғни, бұлттардан жоғары биіктікте ұшып келеді).
Three degrees above zero — Үш градус нөлден жоғары.
below — төмен. Below сөзінің синонимі — under. Бірақ екеуінің екі бөлек түсінік беретін кездері де болады. Below сөзі above сөзіне антоним болғандықтан түсіндірмесі толықтай керсінше болады. Мысалы: The Karakiya Depression is located 132 m below sea level — Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 метр төмен(дікте) орналасқан.
The Temperature is below zero — Температура нөлден төмен.
over — үсті, үстінде. Over сөзінің above сөзіне ұқсас болуы: екеуі де бір заттың жоғарғы жағында орналасады. Above заттың үстіне тимей тұрған жағдайда, ал over тиіп тұрған жағдайда қолданылады. Мысалы:
Put your jacket over your shirt — Күртешеңді жейдеңнің үстіне қой.
The cat jumped over the wall — Мысық қабырғаның үстінен секірді.
under — асты, астында. Under көмекші сөзі over көмекші сөзіне антоним болғандықтан түсіндірмесі over-нің түсіндірмесіне толықтай кері болады. Мысалы:
The cat is sleeping under the table — Мысық үстелдің астында ұйықтап жатыр.
I have found three apples under the apple tree — Алма ағашының астынан үш алма тауып алдым.
Ағылшын тілінің грамматикасы. 28-сабақ: Prepositions of Place (2): by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
Бұл сабақта бұған дейін басы басталған орынға (мекенге) қатысты көмекші сөздерді жалғастырамыз.
by — қолданылу аясы өте кең көмекші сөздердің бірі. Бұл сабақта оның орынға, мекенге қатысты қызметін қарастырамыз.
by көмекші сөзі “маңында”, “жанында”, “қасында”, т.с.с. мағыналарды береді. Мысалы:
We live in a large cottage by the sea — Біз теңіздің жанында үлкен коттеджде тұрамыз.
The ball is by the bed (the bed is by the window) — Доп кереуеттің жанында тұр (кереует терезенің жанында). beside = by = next to
beside және next to көмекші сөздерінің мағыналары by көмекші сөзінің мағынасымен пара-пар.
close to — бір заттың екінші бір заттың жақын маңында (қасында, жанында) бірақ нақты қай жағында тұрғаны белгісіз екендігін білдіру үшін қолданылады. Екі заттың арасында басқа да заттар болуы мүмкін. Ал by, beside, next to сөздері арасында ештеңе болмайтын кезде қолданылады. Мысалы: Your house is close to the railway station — Сендердің (сіздердің) үйлерің(із) темір жол станциясына (вокзалға) жақын маңда.
The school is close to the hospital — Мектеп аурухананың жанында (өте жақын жерде).
near = close to near көмекші сөзінің мағынасы тура close to көмекші сөзініңкіндей.
in front of — “алдында (алдынғы жағында)” деген мағынаны беретін көмекші сөз. Мысалы:
The cat is sleeping in front of the chair — Мысық орындықтың алдында ұйықтап жатыр.
I parked my car in front of the garage — Мен машинамды гараждың алдына қойдым (жайғастырдым).
behind — “артында (арт жағында)”, “бір заттан кейінгі жер” деген мағыналарды береді. behind көмекші сөзі in front of көмекші сөзінің антонимі (қарама-қарсы мағынада) болады. Мысалы:
Our school is behind the supermarket — Біздің мектеп супермаркеттің арт жағында (артында).
The car park is behind the big building — Авто тұрақ үлкен ғимараттың артында (арт жағында).
What is the difference between “How do you do?” and “How are you?”
What is the difference between “How do you do?” and “How are you?”?
“How do you do?” мен “How are you?” арасындағы айырмашылық қандай?
Ағылшын тіліндегі сәлемдесулер ресми және бейресми болып екіге бөлінеді. Әдетте, бейресми сәлемдесулер мен амандық-саулық сұраулар көп қолданылады. Мысалы, Hi! How are you?, Fine, thanks, And you? т.с.с.
Ресми сәлемдесуге тоқтайтын болсақ, “Good morning! How do you do?” деп айтамыз. Ресми сәлемдесулер іскер адамдардың арасында немесе алғаш танысқан адамдардың арасынқа қол алу арқылы іске асады. Бірақ өтеее сирек жағдайларда болады. Жастардың арасынан бұлай амандасатындарын сирек кездестіруге болады.
Егер сізге біреу “How do you do?” деп қолын созса, саспай “How do you do?” деп жауап бересіз. Егер “Fine, thanks” деген жауап қайтарсаңыз, онда қателескен боласыз. Себебі, How do you do? дегенде How do you do? деп жауап беру ғана дұрыс болады. Неге? Өйткені ол тіркестің мағынасы “Сәлем” дегенге келеді.
Prepositions of Place (3): between, opposite, inside, outside, among
Prepositions of Place (3) сабағы орынға (мекенге) қатысты көмекші сөздердің соңғы сабағы болады. Бұған дейінгі сабақтыр мынадай болып еді:
Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under
Prepositions of Place (2): by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
between — арасында, екеуінің ортасында. Екі заттың (зат есім) арасында тұрған заттың орнын сипаттағанда осы between көмекші сөзін пайдаланамыз. Мысалы:Our house is between the hospital and the university — Біздің үйіміз аурухана мен университеттің арасында.
I’m sitting between Aidos and Yerzhan — Мен Айдос пен Ержан екеуінің ортасында отырмын.
opposite — қарама-қарсы бетте (жақта). Екі зат есімнің бір-бірлеріне бетпе-бет орыналасқанын сипаттау үшін қолданылады. Мысалы:
Our university is oppsite the central library — Біздің университет орталық кітапхананың қарсы жағында (екеуі бетпе-бет орыналасқан).
inside — ішінде, ішкі жағында. Бір заттың ішінде, ішкі жағында орыналасқан зат есімді сипаттаған қолданылады. Мысалы:Is there anything inside the box? — Қораптың ішінде не бар?
He put the money inside the wallet — Ол ақшаның әмиянына (әмиянның ішіне) салды.
outside — сыртында, сыртта. Бұның мағынасы inside-қа қарама-қарсы екені көрініп тұр. Мысалы:
He is waiting outside — Ол сыртта күтіп тұр.
Assan left his muddy boots outside the door — Асан лас (батпақ) бәтеңкесін есіктің сыртында қалдырды.
among — арасында, ортасында. Топтың ішінде, заттардың (адамдардың) арасындағы зат есімді сипаттау үшін қолданылады. Мысалы:
His money will be divided among his children — Оның ақшасы балаларының арасында бөлінеді.
We like being among people — Біз адамдардың ортасында (арасында) болуды ұнатамыз.
English Grammar: Prepositions of Direction (down, up, from, to)
Ағылшын тілі грамматикасы. 30-сабақ
Бұл сабақтың тақырыбы: Prepositions of Direction, яғни, бағыт-бағдарға қатысты көмекші сөздер:down, up, from, to
down — төмен қарай, төменге қарай, төменге. Қозғалыстағы дене биік, жоғары орыннан төмен орынға қарай бағытталғанда down сөзін қолданамыз. Мысалы:
He came down the hill — Ол қырдан төмен қарай түсті (келді).
My sister is coming down the stairs — Менің әпкем (қарындасым) баспалдақпен төменге қарай түсіп келе жатыр.
up — жоғары қарай, жоғарыға. Бұл сөздің мағынасы жоғарыдағы down сөзінің мағынасына қарама-қарсы. Қозғалыстағы дене төменнен жоғарыға қарай бағытталғанда up көмекші сөзін қолданамыз. Мысалы:
He went up the hill — Ол қырға (жоғарыға) қарай кетті.
Қазақ тілінде бұл мысалдағы “қырға” және “жоғарыға” деген сөздерді қатар қолдануға болмайтындықтан (екеуі бір мағынаны береді) “жоғарыға” деген сөзді алып тастауымызға болады. Немесе, “Қырға қарай шығып кетті” деп айтуымызға да болады.
from — қозғалыстың қандай орынан (мекеннен) бастау алғандығын білдіреді. From-ның қазақша тікелей немесе жанама аудармасы жоқ, қолданыс аясы өте кең көмекші сөз. Дегенмен, бағытқа қатысты қолданылатын жағайда “жақтан” деген көмекші сөзді балама етіп алуымызға болады. Тағы шығыс септігінің (кімнен? неден? қайдан?) -нан (-нен), -тан (-тен), -дан (-ден) жалғауларын зат есімге жалғау арқылы сөйлемдегі from көмекші сөзінің орнын толтыруға болады. Мысалы:
Where is Anar from? — Анар қай жақтан (қайдан) болады?
She is from Aktau — Ол — Ақтаудан (Ақтау жақтан).
to — қозғалыстың қандай орынға (мекенге) бағытталғанын білдіреді. To-дың қазақша тікелей немесе жанама аудармасы жоқ, қолданыс аясы өте кең көмекші сөз. Дегенмен, бағытқа қатысты қолданылатын жағайда “жаққа” деген көмекші сөзді балама етіп алуымызға болады. Тағы барыс септігінің (кімге? неге? қайда?) -ға (-ге), -қа (-ке) жалғауларын зат есімге жалғау арқылы сөйлемдегі to көмекші сөзінің орнын толтыруға болады. Мысалы:
I’m going to Aktobe — Мен Ақтобеге (Ақтөбе жаққа) барғалы жатырмын.
Can you come to me? — Сіз маған (менің үйіме) келе аласыз ба?
From мен to көмекші сөздеріне қатысты екі түрлі тұжырымдама:
A) Бір жерден екінші жерге қарай бағытталған қозғалыс: From мен to көмекші сөздерінің мағыналары мен бағыттарын down және up көмекші сөздері секілді антонимдер (мағыналары қарама-қарсы) ретінде қарастыруға болмайды. From мен to көмекші сөздері қозғалыстағы дененің шыққан жері мен баратын жерін бағыт арқылы ғана білдіреді. Яғни, бір жерден екінші жерге баруды түсіндіреді. Мысалы: From Almaty to Shymkent — Алматыдан Шымкентке;
B) Бір жерге (орынға) ғана қатысты қозғалыс: From мен to көмекші сөздерінің мағыналары мен бағыттары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. Себебі, қозғалыстағы дене бір жерден шығып, сол жерге қайта оралады (қайтады). Мысалы: I’m coming from Almaty — Мен Алматыдан келе жатырмын; I’m going to Almaty — Мен Алматыға келе жатырмын.
Соңғы екі мысалдан қозғалыстың бағытына байланысты, жерге (орынға) байланысты from және to көмекші сөздерінің мағыналарының әр түрлі екендігін көреміз. A нұсқасында бағыттас, B нұсқасында қарама-қарсы бағытта.
Достарыңызбен бөлісу: |