АгроЖаршы.- 2011.- №25.- 25 маусым
Әлиакпарова Г.
Ауыл шаруашылығы саласында жаңа мамандықтарды
ашудың кезі келді
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету, Қазақстанның әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы жетекші елдердің қатарына енуі, аграрлық жоғары оқу орындары мүдделерінің мемлекет, бизнес және қоғамдық мүдделермен тоғысуы- ортақ іске қосылған сүбелі үлес болуы қажет. Бұл ретте еліміздегі үш аграрлық университеттің бірі – Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Айтбай БҰЛАШЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.
-Айтбай Қабыкешұлы, өзіңіз басқарып отырган университетте ауыл шаруашылыгы үшін қажетті жаңа мамандықтар қаншалықты ашылып жатыр?
- Ауылдық жерлер бүгінде 5 мыңнан астам маманның тапшылығын бастан өткеруде. Бұлар - дәрігерлер, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер,
ауылшаруашылық мамандары сияқты түрлі бейіндегі, бірақ ауыл үшін аса қажет мамандар. Жыл сайын университетте жүргізілетін түлектер жәрмеңкесі ауылшаруашылық кәсіпорнында агроном, мал дәрігері, инженер-механик секілді мамандарға сұраныс жоғары екенін көрсетеді. Аталмыш бейінді мамандар қажеттілігі ауылға жаңа технологиялар, заманауи техника енгізілгенімен, ауылшаруашылық өндіріс көлемінің артып жатқанымен түсіндіріледі. Ауыл шаруашылығы мамандықтарының ішінен жаңа мамандық ретінде «Мал шаруашылығындағы селекция» деген мамандық ашу керек. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бойынша ауыл шаруашылығы малдарын аудандастыру тәртібі сакталынбай келеді. Сол себепті барлық мал түрлерінің асыл тұқымдығы және өнімділігі төмендеп кетті, яғни өнімділік қасиеттері бойынша тұқымдардың ұнамды талабына сәйкес келмейді. Малдарға жеке бонитировка жүргізіп, класын анықтау, іріктеу, жұптау сияқты асыл тұқымдық жүмыстар жекелеген асыл тұқымды зауыттардан басқа шаруашылықтарда жүргізілмейді. Себебі малдарға селекциялық жұмыс жүргізетін арнайы мамандар жоқ. Сонымен қатар қазіргі қолға алынып отырған кең көлемді селекция жұмыстарын және шет елдерден қымбат бағаға сатып алынған малдарды сәйкесінше сақтап, өсіру үшін де терең, арнайы селекциялық білімі бар мамандар қажет. Осы жоғарыдағы шараларды жолға қою үшін, яғни мал тұқымдарын асылдандыру және өнімділігін жоғарылату үшін жоғары білімді «Зоотехник-селекционерлерді» дайындау аса қажет деп есептейміз.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының территориясында ішкі су көздері баршылық. Мысалы, Арал, Каспий теңздері, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Шалқар секілді ірі көлдермен қатар қөптеген балық шарушылықтық
маңызы бар кіші көлдер мен Қапшағай, Вячеслав, Сергеев, Шардара, Қаратомар, Самаркан, Бүқтырма секілді ірі су қоймалары бар. Тек Қазақстанның Солтүстік аудандарында 2000 астам балық шаруашылықтық маңызы бар орта және шағын көлдер бар. Осы су көздерінің табиғи ресурстарын толық және тиімді пайдалану мақсатында «Су ресурстары және аквакультура» мамандығын ашса болар еді. Себебі қазіргі кезде балық шаруашылығына қажетті мамандар 5В080400- «Балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау» мамандығында дайындалып келеді. Біздің ойымызша, бұл мамандық қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмайды. Соны мен қатар Қазақстан Республикасында бүгінгі күні 12 Мемлекеттік қорық, 7 Ұлттық Табиғи парк, кептеген қорықшалар мен 600-ге жуық аңшылық шаруашылықтар бар. Осы үйымдарда, әсіресе, аңшылық шаруашылықтарды кадрлардың жетіспеуі байқалады. Ал сол шаруашылықтарда қызмет атқарып жүргендердің көбінің арнайы білімдері жоқ. Мемлекет осы сала мамандарын дайындау үшін жылына небары 90 грант бөліп келеді. Ол өте аз деп ойлаймыз. Себебі қорықтар мен Ұлттық табиғи парктердің, қорықшалардың, биосфералық орталықтардың және аңшылық шаруашылықтарының жұмысын дұрыс бағытта және ғылыми инновациялық негізде жүргізу үшін жас мамандар қажет. Сондықтан жаңа мамандықты ашпағанның өзінде, грант көлемін 150-170-ке дейін көбейту керек. Сондайақ айта кетейін, 2009-2010 оқу жылының соңында университет «Өсімдік қорғау және карантин», «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамсыздандыру» мамандықтары бойынша бакалавриатурада білім беруге лицензия алды.
-Қазақстанның ЖОО-ларынан жыл сайын мыңдап түлеп ұшып жатқан жастар жұмыссыз сеңделіп қалмас үшін, мамандарды шаруашылық субъектілердің тапсырысы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде даярлау әдісі енгізілген болатын. Шаруашылық субъектілері бұл мүмкіндікті қаншалықты пайдаланып отыр және қай саланың кәсіпкерлері белсенділік танытуда?
- Ауылға жас мамандарды барғызу жолдары жоқ емес. Біріншіден, «АӨК және ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу» заңында жас мамандарға деген жеңілдіктер бекітілген. Өкінішке қарай, ол жеңілдіктер ішінде ауыл шаруашылығы мамандықтарына қатыстысы жоқ. Екіншіден, ірі аграрлық кәсіпорындар өз мамандарын өз қаражатына дайындау кезеңі әбден туындады. Үшіншіден, Үкімет тапсырысымен, яғни грантта оқитын жастарды заңды түрде жұмысқа орналастыру керек деген талап заңға енгізілсе, артық болмас еді. Бұл мәселе бойынша мамандарды жұмыс беруші есебінен мақсатты түрде даярлау қажет деп ойлаймыз. Қазіргі таңда университетте «Агрофирма Родина» ЖШС, «Астана Су Арнасы» МҚК, «Біршоғыр тас зауыты» АҚ-ның филиалы, «Қор» мұнай компаниясы» АҚ сияқты түрлі тапсырыс берушілердің есебінен 75 студент білім алуда. Ауылдық жерлерге кадрлар даярлаудағы мұндай әлеуметтік серіктестікті біз әрі қарай да дамытпақпыз. Ауылшаруашылық мамандарының қазіргі таңда да сұраныста болуына еш күмәнім жоқ. Елбасымыз биылғы Жолдауында ауыл шаруашылыгы өндірісін 2014 жылға дейін 2 есе, 2020 жылға дейін 4 есе ұлғайту керек деген талап қойды. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамытуға байланысты арнайы жоба көзделуде. Әрине, мұның бәрі халық үшін қосымша жұмыс көзі болып табылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына қатысты басқа да егіншілік, машинажасау, химиялық және тамақ өнеркәсібінің, техникалық жөндеу салаларының қоса дамуына жол ашады. Сондықтан осы талапты орындау арқылы ауылшаруашылық кәсібі жаңа міндетпен жаңа бағытқа бет алады.
- Университет қабырғасында жас ғалымдар арасында үздік ғылыми-техникалық өнімге байқау өткізіліп тұрады. Өмірге енгізілген, шығарылуы кең жолга қойылған ғылыми жобалар бар ма?
- Иә, мұндай байқауларды жүйелі түрде өткізіп тұру университетіміздің дәстүріне айналған. Биыл, мысалы, Ақмола аудандарының танаптарында түйіршіктелген минералды тыңайтқыштарды астық дәнді-дақылдары түқымдарымен бір мезгілде топырақ астарына енгізетін сепкіш машинасы (аторы т.ғ.к. Е.Ж.Қаспақов) және малдардың лептоспериоз ауруын балауға арналған ИФА тәсілі (авторы б.ғ.к. М.Қойбағаров) жеңімпаз атанып, авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталды. «Ғылым туралы» жаңа заңның қабылдануы бұл әзірлемелердің өндірісте қолданыс табуына жол ашып отыр.
Сонымен қатар жас ғалымдарымыз жыл сайын республикалық деңгейдегі әртүрлі ғылыми байқауларға қатысады. Соңғы екі жыл ішінде «Шапағат-2009» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің VI республикалық байқауы аясында біздің түлегіміз, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Биотехнология ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері Киян Владимир «Серологиялық балауға арналған дерматомицеттерден антиген алу тәсілі» атты өнертабысы үшін үздік жас өнертапқыш ретінде танылып, бүкіл әлемдік зияткерлік меншік ұйымы сыйлығымен марапатталды. Өсімдік шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к. В.Хасанов жас ғалымдар арасында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының иегері атанды. Оқу орнымыздың жас ғалымдары О.Әкібеков, Ю.Балджи, Л.Лидер және В.Хасанов ҚР Білім және ғылым министрлігі жүргізген ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған, сондайақ дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшін байқау стипендияларын жеңіп алды. Жас ғалымдарымыздың әзірлемелеріне Қазақстанда ғана қызығушылық танытылып отырған жоқ. Мысалға, ізденуші С.Сүлейменов өсімдіктерді және тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әзірлемелері саласындағы ғылыми жұмысы үшін АҚШ, Джорджия штаты, Норкросс, Тағамтану халықаралық институты жүргізген халықаралық байқау сыйлығының иегері болды.
Достарыңызбен бөлісу: |