«Мамандықты сүйіп қалап таңдаса »



Pdf көрінісі
Дата29.03.2024
өлшемі327.11 Kb.
#496886
«Мамандықты сүйіп қалап таңдаса...»-сжатый



«Мамандықты сүйіп қалап таңдаса...»


Мақсаты:
-Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық 
белгілері, мамандықтар тобы туралы білімдерін, түсініктерін кеңейту, 
мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.
-Өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат 
қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру.
Білімділік – балалардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай 
қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой 
бөлісу;
Дамытушылық – жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік 
бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту;
Тәрбиелік – балаларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде 
еңбек-қорлыққа тәрбиелеу.
P A G E 0 2


Топтық жұмыс.
1. Бұл мамандықтың жағымды және жағымсыз жақтары .
2. Бұл мамандықты таңдар ма едіңіз? Неліктен?
3. Болашақта бұл мамандықтың керегі барма? Не үшін?
2-топ
3-топ
1-топ


P A G E 0 3
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс әрекетінің түрі.
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді. Есте жоқ ескі
заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын.
Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ
жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман
өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі
жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас
ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жа-
маны жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес,
үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі
қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып,
тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыту үшін білім алып, соған сай мамандыққа
машықтану керек.


Әлемде 40 мыңнан астам мамандық түрлері бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн
адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан
мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды
қызметіне жан жақты дайындалу керек шығар?! Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін
мамандықтарды қалай таңдауға болады?
P A G E 0 4
1.Сіз қандай маман болуды армандайсыз?
2.Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені бірінші орынға қою керек?



P A G E 0 6
«Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның 
шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?

Ал енді сіздердің ойларыңызша Мамандық дегеніміз не?

Қазіргі таңда сіздер бітіруші болғандықтан мамандық таңдау үстіндесіздер. Сіздерге осы мамандықты 
таңдауда кім және қандай жағдайлар әсер етеді?


P A G E 0 7
Енді ойынымыздың шарттарымен таныстыра кетсек. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір
командаға белгілі бір нұсқаулар беріледі, сіздер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін
айтуларыңыз керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық деген секілді. Ал ендеше бастайық.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп -
Ең жасыл -
Ең тәтті -
Ең күлкілі -
Ең жауапты -
Ең салмақты -
Ең қарым -
Ең қауіпті –
«Ең жақсы мамандық».


P A G E 1 0
Қорытынды
Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды 
деп есептеймін.
«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды 
дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына 
қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды 
талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз 
қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ 
мамандықтарыңды таңдаңдар.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті 
мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап
егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен 
тілектеспін. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет