«агрометеорология» пәнінің



Дата13.06.2016
өлшемі257.95 Kb.
#133140
түріЖұмыс бағдарламасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті



МСЖ құжат 3 деңгейлі

ОӘКҚ

ОӘКҚ 042-18-21.1.70/02.2013


ОӘКҚ «Агрометеорология»

пәнінен студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы



№ _1__ басылым

«18» 09 2013ж.




5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған


«АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯ» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ –2013

Алғы сөз

I. Құрастырған


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Каламов БАхытбек Хамзинович

« » 20 жыл

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама « » 20 жыл, № __

Кафедра меңгерушісі ________Сейлгазина С.М.

2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама « » 20 жыл, №___

Төраға ______ Тлеубаева А.В.

3 БЕКІТЕМІН:

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды

Хаттама « » 20___жыл, №____

ОӘК төрағасы __________ Искакова Г.К.
4 БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

МАЗМҰНЫ




  1. Жалпы жағдайлар

  2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрлері бойынша сағаттар

  3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар

  4. Курстың форматы

  5. Курстың саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиеттер



  1. Жалпы жағдайлар




    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

1. Оқытушының аты –жөні: Каламов Бақытбек Хамзаұлы

2. Кафедра: Агротехнология

3. Хабарласу телефоны: 63-69-15 (институт, жұмыс)

4. Жұмыс өткізілетін орны: № 5 ғимарат,

5. Пәннің аты: «Агрометеорология»

6. Кредит саны: 4

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны.

5В080100 «Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған. «Агрометеорология» пәні – климат пен ауа райының ауыл шаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін зерттейтін ғылым.


Студенттерге агрометеорология жөніндегі білім мынадай жағдайларда қажет болады: а) арнайы мамандық пәндерді оқып-үйренуде; ә) курстық жұмыстарды орындауда; б) диплом жұмысында, магистратурада эксперименттік зерттеулер жүргізу және т.б.

Мұндай білім мамандарға қалыптасқан және күтілетін ауа райы жағдайларына дұрыс бағалай білу үшін қажет.



1.3 Курстың мақсаты.

Ауа райының оның өзгеріп тұруына көңіл бөліп, ол өзгерістердің:


  • Ауыл шаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне;

  • Ауыл шаруашылық дақылдарын аурулары мен зиянкестерінің пайда болуы мен таралуына;

  • Микроорганизмдердің дамуына;

  • Топырақ құрамының қалыптасу үрдісіне және т.б.жағдайларға тигізетін әсерін бақылап отыру қажет.



1.4 Пәнді оқыудың негізгі міндеті ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай білу. Өйткені дақылдардың географиялық таралуы мен орналасуы, себу мерзімі, қолданылатын агротехника мен егіс айналымы, ең соңында өнім алу климат пен ауа райына байланысты.




1.5 Пәнді игеру нәтижесінде студент:

Ауа райы және климат жағдайлардың ауыл шаруашылығына тигізетін үлкен әсеріне байланысты агрометеорология ғылымын оқып үйрену студенттерге төмендегідей міндеттер жүктейді:


  • Ауыл шаруашылық дақылдарының өніп, өсуіне және өнімділігіне климат пен ауа райының әсерін бақылау;

  • Метеорологиялық элементтердің және климаттық жағдайлардың географиялық аймақтарда қалыптасу заңдылығын зерттеу;

  • Жергілікті аймақта қолданылатын агротехникаларға ауа райы және климат жағдайларының тиімді әсерін, бақылау;

  • Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің пайда болуына, көбеюіне ауа райы және климат жағдайларының әсерін зерттеу;

  • Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларымен күресу мерзімі, қолданылған шаралардың тиімділігіне климаттық жағдайлардың әсерін бақыауды үйрену.



1.6 Курстың перереквизиттері.

1.6.1 Ботаника

1.6.2 өсімдік физиологиясы

1.6.3 химия

1.6.4 микрбиология.




1.7 Курстың постреквизиттері.


1.7.1 Өсімдік шаруашылығ

1.7.2 мал азығын өндіру

1.7.3 егіншілік.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САҒАТТЫ БӨЛУ

Кесте 1





Тақырып атауы

Сағат саны

Д

ТС

СОӨЖ

СӨЖ

Әдебиеттер

1

2

3

4

5

6

7

1 – модуль Агрометеорология туралы жалпы мағлұматтар

1 – блок – Атмосфера – ауыл шаруашылық өндірісінің ортасы.



1

Агрометеорология туралы жалпы мағлұматтар

Дәріс мазмұны: Агрометеорология пәнi – климат пен ауа райының ауылшаруашылық өндiрiсiне тигiзетiн әсерiн зерттейтiн ғылым


2

2

4







  1. Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

  2. Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.

2- блок - Күн радиациясы

2

Атмосфера – ауыл шаруашылық өндірісінің ортасы. Атмосфера дегенiмiз – жер шарын қоршап тұрған ауа қабаттары. Ол жер бетiнен бiрнеше мың шақырымға тарап, планетааралық кеңiстiкке өтедi. Атмосфера көлденең бағытта да, тiгiнен де бiркелкi болмайды. Ол физикалық қасиеттерi мен биiктiкке сәйкес температураның өзгеруiне орай 5 қабатқа бөлiнедi.





2

2

4

17

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.





3

Күн радиациясы

Күн радиациясы метеорологиялық элементтер дiң iшiндегi ең маңыздысы болып табылады. Жер бетiндегi барлық физикалық құбылыстардың жүруiнiң негiзгi күшi күн радиациясы болып есептелiнедi.


2

2







Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.







4

Топырақтың температуралық режимі

Жылу қуатын сiңiру және кескiнiнде тасымалдау процестерiнiң жиынтығын топырақтың жылу қасиеттерi дейдi.


4

4






Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.





5

Ауа қабатының температурасы

Ауаның температурасының өзгеруiне жер бетi қатты әсерiн тигiзедi. Мысалы: орман, дала, батпақ, шөлейт, топырақ (құм, қара топырақ), өйткенi жер бетiндегi аталынған табиғат заттары жылулықты әр түрлi мөлшерде сiңiредi де, әр түрлi мөлшерде жылу бөлiп шығарады.

Жер бетiндегi өсiмдiк жамылғысы өздерiне тән фитоклимат құрайды. Бұл жерде температураның таралуы күн радиациясына, ылғалдылыққа және желге байланысты болады.



2

2

2






Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.


6

Ауа ылғалдылығы

Ауаның ылғалдылығы дегенiмiз атмосферадағы су буының мөлшерi.

Атмосферадағы су буы бiр шаршы метрде граммен және мм, мб өлшемдерiмен өлшенедi.

Ауаның ылғалдылығы мынадай көсеткiштермен сипатталады:

а) Абсолюттiк ылғалдылық (е), мм, мб;

ә) Салыстырмалы ылғалдылық (r), %;

б) Ылғалдылықтың жетiспеушiлiгi (d), мм, мб;

в) Шық нүктесi ().

Абсолюттiк ылғалдылық (е) деп 1 м3 ауада болатын грамм есебiндегi су буының мөлшерi немесе осы температурада мб, мм есебiмен ауада болатын су буының (е) нығыздығын айтады. Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады:

е= Е1-АР (t-t1), мм, мб;


2

2

4

17

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.






7

Топырақ ылғалдылығы

Өсiмдiктер, топырақ фаунасы мен флорасы үшiн ең алдымен топырақтан алынатын су-олардың өмiр сүруiнiң негiзi.

Топырақ ылғалының тағы да бiр қажеттiлiгi - ол болмаса өсiмдiк басқа факторларды пайдалана алмайды.

Топыраққа су атмосфералық жауын-шашын түрiнде, жер асты суларынан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуынан), егiндi суару кезiнде келiп түседi.


3

3







Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

        1. Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.






8

Жел, оның ауылшаруашылығына тигізетін әсері

Жел мен ауа райының байланыстығын, желдiң ауа-райының өзгеруiне тигiзетiн әсерiн (384-322 ж.ж. бiздiң эраға дейiн) Аристотел ашқан болатын.

Жел деп ауаның көлденең бағыттағы қозғалысын айтамыз. Бiр мөлшерде жер бетiне түскен күн сәулелерiнен жер бетi әр түрлi мөлшерде қызады, соның әсерiнен температура өзгерiп отырады. Жер бетiндегi ауа температурасының әр түрлi болуы ауа қысымының да өзгеруiне әкелiп соғады.


2

2







Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с.

        1. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.






2 – модуль Ауа райы және оның өзгеруі

3- блок - Ауа райы – негiзгi метеоэлементтердiң беткi қабатын өзара қатынас арқылы дәл осы уақытта қалыптасқан атомосфералық физикалық жағдайы

9

Ауа райы және оның өзгеруі

Ауа райы – негiзгi метеоэлементтердiң беткi қабатын өзара қатынас арқылы дәл осы уақытта қалыптасқан атомосфералық физикалық жағдайы. Немесе – ауа райы дегенiмiз – дәл осы уақытта атмосферадағы метеорологиялық элементтердiң (температура, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, жел, бұлт, күн радиациясы, жауын-шашын т.б.) жиынтығын айтамыз. Ауарайы өзгермелi және тұрақсыз, ол ауа массасының ауысуына тiкелей қатысты болады




2

2

4

17

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

        1. Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.






10

Ауылшаруашылығына қатерлі метеорологиялық құбылыстар

Кейбiр жағдайларда ауа-райы ауылшаруашылығына (мәдени дақылдарға, малдарға) қолайсыз жағдайлар туғызады. Солардың әсерiнен ауылшаруашылығы үлкен зиян шегедi. Мұндай жағдайларды ауылшаруашылығына қауiптi (қатерлi) метеорологиялық құбылыстар деймiз.


2

2







Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.

        1. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с.

        2. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.








4-блок - Агроклиматология негіздері

11

Агроклиматология негіздері

Атмосферада метеорологиялық элементтердiң өзгерiп тұратыны бiзге белгiлi. Ол өзгерiстер әр жерде, аймақта әр түрлi болады. Сол өзгерiстер белгiлi бiр ауданның ауа-райын, климатын сипаттайды.

Ауа-райы дегенiмiз бiр мезгiлдегi (уақыттағы) белгiлi бiр аудандағы (аймақ) метеорологиялық элементтердiң жиынтығы, ал климат – бiр аймақтағы ауа-райының көп жылдық режимi. Климат – көп метеорологиялық факторлардың жиынтығы, негiзiнде географиялық орналасуына байланысты болады




2

2

4




Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

        1. Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.






12

Ауылшаруашылық өндірісіне агрометеорологиялық көмек көрсету

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз ету (ауылшаруашылығына көмек көрсету) жұмысын Қазгидрометеорология және Қоршаған орта мониторингi ғылыми-зерттеу институты (ҚазНИИГМОС) жүргiзедi.




2

2




16,5

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.







13

Ауылшаруашылығында агрометерологиялық қамтамасыз ету тиімділігі

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз ету (ауылшаруашылығына көмек көрсету) жұмысын Қазгидрометеорология және Қоршаған орта мониторингi ғылыми-зерттеу институты (ҚазНИИГМОС) жүргiзедi.


3

3







Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.










Барлығы

30

30

30

90

180



3.Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар

Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар

а) Пәнді оқу барысында қажетті уақытты ұйымдастыру және жоспарлау бойынша кеңестер:

Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру керек және әрбір студент міндетті түрде орындайтындай, тапсырмалар жиынтығын беру керек, және олардың орындалуын қатаң бақылау керек. Бұл үшін кафедрада бақылаудың әртүрлі формасы бар.

Әрбір пән бойынша өздік жұмысының сағат санын анықтау, оқу .тапсырмаларын регламенттеу нақтылыққа, анықттыққа әкеледі, басқа сабақтардың есебінен СӨЖ дің көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді.Бұл қорытынды студенттердің пікірімен нақтыланады.

Пәнді оқу барысында сұрақтардың бір бөлігін студент өздігінен оқу керектігін білуі қажет.

Біздің кеңес: өз уақытыныздың шығынын талдау керек. Өз уақытынды есепте және бақылау жаса, оған ұқыпты қара.

б) Студенттің іс-әрекеті, немесе пәнді оқудың сценарий



  1. Оқу материалын дұрыс орналастыру және пәнніңөткен материалдарын және басқа пәндерді байланыстыру.

  2. Тақырыпқа байланысты сабақты өткізудің түрлері мен әдістері анықталады. Пәннің көптеген сұрақтарын нақты мысалдардан және зертхана жұмыстарынан меңгеруге болады.

  3. Теориялық курс зертханалық- тәжірибелік жұмыстармен және тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден өту барысында бекітіледі.

Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі.

Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері дамиды. Пәнаралық байланыс

студенттердің ғылым негізін терең меңгеруге қажет. Олар ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге

деген қызығушылықтың дамуына, жаңа ғылымды өздігінен игеруге және оларды

тәжірибеде қолданудын белсенділігін жоғарылатады.

Пәнаралық байланыстың негізінде бір пәнмен келесісінің арасын жалғастыруға болады,

оқу материалдарын көшіруді болдырмау керек. Оқу процесінде бұндай байланыстар

туындауы мүмкін, оларды алдын ала анықтап және де оларды жұмыс бағдарламасына,

жоспарына кіргізу керек.

в) Оқу- әдістемелік кешенінің материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар.

ПОӘК енгізілген оқу- әдістемелік материалдаы дамыған ғылымның жетілдірілген

деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының логикалық мазмұның қарастыру керек,

студенттердің оқу материалын терең меңгеру үшін және оны тәжірибеде пайдалану үшін

жетілген әдістер мен техникалық тәсілдер қолдану керек.

Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ- нің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал бұл өз кезегінде

студенттің жұмысын өзгертеді, оның іс- әрекетіне талап жоғарылайды.



г) Әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар.

Оқырманның мақсатын білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін,

қандай көлемде әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Студент оқу бағытын жоспарлай

білу керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез- келген

уақытта оңай табылатындай етіп қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын

белсенді пайдалану мүмкін емес.

Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс ітеудің негізгі мақсаты келесідей болып

бекітіледі: улкен көлемдегі материалдан өзіне керекті негізгі мәліметтерді, болашақ

мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек.

д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер.

Жазғы және қысқы сессия – ең қиын жұмыс кезеңдері.

Қысқы сессия уақытында, семестр бойына жүйесіз жұмыс істеу нәтижесінде меңгеруге

мүмкін емес үлкен материалдарды еске түсіруге тура келеді. Сессия уақытында

материалдарды тек қайталап, бір жүйеге келтіріп және түсініксіз сұрақтар бойынша

кеңестер алуға болады.

Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен тындалған дәрістерден және толық орындалған

зертхана-тәжірибелік, семинар сабақтарынан бастау керек. Бұл Сіздің табысыныздың

негізі.

Есте сақтаңыздар- түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік береді. Олар ойдың жұмысқа



қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Уақытты жоспарлау кезінде, қандай емтихан сізге

қиын болады және қайсысына уақыт қорын көп қолдану керек екенін ескеру керек.

Өзіндік дайындық үшін кафедра берген бақылау сұрақтарын және бағдарламаларын

ұтымды пайдалану керек.

Семестірдегі ұқыпты жұмыстарыңыз және емтиханға деген екпінді дайындығыңыз сізге

сенімділік туғызады және білімінізге сай бағаны аласыз.

4.Курстың форматы.

Аудиториялық сабақтар курсты оқу бойынша методикалық ұсыныстарға сәйкес

жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде зерттелген тақырыптың

мақсаты, тапсырмасы, шешімі және қорытындысы көрсетілуі керек. Сабақтың бағасы

сабаққа келуі бойынша 1 балл, жауап беруі және қатысуы бойынша 1- ден 3 баллға дейін

есептеледі. СОЖӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді. Аудиториялық

толық өңделген бақылау жұмысы түрінде жұмыс дәптерінде және реферат түрінде

орындалады.

Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Дәріс

кезінде түсінбеген материалдарды оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер

студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар

бойынша жауап беруі тиіс.

Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалды бекіту үшін және міндетті түрде орындау

үшін арнайы жасалған. График бойынша әр тақырыпытың соңында тапсырылуы керек.

Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып, жіберіледі

және барлық курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Сабаққа кешігіп

келуге болмайды, сабаққа кешіккен студент дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы

телефондар өшірілуі тиіс.

Сабаққа дайындық: Студенттер сабаққа дайындалу барысында Шәкәрім атындағы

Семей мемлекеттік университетінің компьютерлерін қолдана алады. Кітапханада

белгіленген ережелер бойынша оқулықтарды, мерзімдікк басылымдарды оқуға, үйге алуға

болады.


Өздік жұмыстар: Дәрісханадан тыс уақытта студенттер СОЖӨЖ және СӨЖ дайындап,

белгіленген мерзімде оқытушыға өткізеді. СОЖӨЖ және СӨЖ тапсырмалары 6-пунктте

белгіленген. СОЖӨЖ және СӨЖ 4 форматтағы таза ақ беттерге орындаладыы.
5.Курс саясаты

Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысын студент міндетті түрде орындап, белгіленген

уақытта тапсырылуы тиіс.

Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң жазалап, аудиториядан шығарумен қоса,

жалпы курс үшін «Ғ» бағасын қоюмен қамтылады.

Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік

жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере

отырып қойылады.

Емтихан: қорытындысы бойынша бағалық баллдар қойылады. Емтиханда сіздің дәрістік

жазбаларынызды және кітаптарды пайдалануға болмайды.

Ұсыныстар: оқу процесіне белсенді қатысу керек, барлық тапсырмаларды талпынып

орындау керек, ұжымдық жұмыстарға қатысу керек. Пунктуальды, сабырлы болу керек.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

«Агрометеорология» пәні бойынша студенттердің білімін бақылау келесідей формаларда іске асырылады:

* Күнделікті (ағымдағы) бақылау, тыңдау, өздік жұмыс талдау, ауызша сұрау;



  • Межелік бақылау: екі межелік бақылау жасалады, мұнда жазбаша бақылау жұмысы немесе тестілерге жауап беріледі;

  • Қорытынды бақылау: ауызша емтихан




Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескерту

1

2

3

4




1 аптадан 7 аптаға дейінгі сабаққа қатысу

30




1

СПЖ

10




2

СПЖ

10




2

СӨЖ

10




3

СПЖ

10




3

СОӨЖ

20




4

СПЖ

10




4

СӨЖ

25




5

СПЖ

10




5

СОӨЖ

25




6

СПЖ

10







СӨЖ

25




7

СПЖ

15




7

1 аралық бақылау

90




1 аптадан 7 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл

300







8 аптадан 15 аптаға дейінгі сабаққа қатысу

30




8

СПЖ

10




9

СПЖ

10




10

СПЖ

10




10

СӨЖ

20




11

СПЖ

10




11

СОӨЖ

20




12

СПЖ

10




12

СӨЖ

20




13

СПЖ

10




13

СӨЖ

25




14

СПЖ

10




14

СӨЖ

20




15

СПЖ

5




15

2 аралық бақылау

90




8 аптадан 15 аптаға дейінгі нәтиже бойынша қорытынды балл

300




Емтихан үшін қорытынды балл

400




Академиялық кезең үшін қорытынды балл

1000






  1. Әдебиеттер

7.1 Негізгі әдебиет

7.1.1 Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.

7.1.2 Атақұлов Т.А., Ержаноа К.М. Агрометеорология ,Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
7.2Қосымша әдебиеттер:

7.2.1Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.

7.2.2Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИ метеорологического института. М., Гидрометеоиздат., 1981.-60 с.

7.2.3.Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.



7.2.4Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет