Ахманбетова Перизат Турганалиевна,
№49 жалпы орта мектебінің химия-билогия пәні мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз
Сабақтың мақсаты: Сабақта тірек-сызба белгілерін пайдалана отырып, ішкі секреция бездері туралы нақты білім беру, оқушыларды талдау жасауға үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар өз бетінше ізденеді, ойлау және есте сақтау қабілеттері артады, нақты ғылыми көзқарас қалыптасады.
Көрнекіліктер: Ішкі секреция бездерінің функциялары туындайтын аурулар, оларды емдеу жолдары нақтыланған тірек-сызбалар.
-
Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері» - оқушылар бір-біріне
денсаулық туралы тілек айтады.
-
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: «Мүшелер мен мүшелер жүйесі»
Төмендегі тірек-сызбалар арқылы оқушылар үй тапсырмасын талқылайды.
1-сызба
Жүйке жүйесі
Жүйкелер
Ми
Жұлын
2-сызба
Жыныс бездері
Гипофиз
Бүйрекүсті бездер
Ұйқы безі
Қалқанша без
Тірек-қимыл аппараты
3-сызба
Қаңқа
Бұлшықеттер
4-сызба
Жүрек қантамырлар жүйесі
Жүрек
Қантамырлар
5
Бронхылар
-сызба
Мұрын қуысы
Өкпе
Жұтқыншақ
Кеңірдек
Көмекей
6
Зәр шығару
-сызба
Қуық
Бүйрек
Несепағар
7
Сілекей бездері
-сызба
Ауыз қуысы
Ішектер
Жұтқыншақ
Ұйқы безі
Асқазан
Өңеш
Дарынды, орта және үлгерімі төмен оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
А: Бұлшықет ұлпасы қандай қызмет атқарады?
В: Нейронның ұзын және қысқа өсінділерінің атауларын атап
бір-бірінен айырмашылығын талдап түсіндіріңдер.
С: Жеке мүшелерді қандай ұлпалар түзетінін мысалмен дәлелдеңдер.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
-
Ойтолғау: Ішкі секреция бездері туралы не білесіңдер?
Гормондар дегеніміз не?
-
Тірек-сызба арқылы эндокриндік жүйе функциялары түсіндіріледі.
8-сызба
Жыныс безі
Гипофиз
Бүйрек үсті безі
Эпифиз
Ұйқы безі
Қалқанша безі
Айырша
Қалқанша маңы
9
Секрециялық бездер
-сызба
Сыртқы (экзокринді)
Аралас бездер
Ішкі (эндокринді)
Бауыр, сілекей, қарын, ұйқы, ішек,тер, жас, май сүт бездері
Ұйқы, жыныс бездері
Гипофиз, эпифиз, қалқанша без, тимус, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті бездері
1
Гормондардың негізгі қасиеттері
0-сызба
Тек тірі жасушаларға әсер етеді
Өзінен алыс жатқан жасушаларға әсер етеді
Аз мөлшерде болғанымен өте белсенді түрде әсер етеді
Белгілі мүшелерге ғана әсер етеді
11-сызба
11-сызба
Гормондардың қызметі
Ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпал етеді
Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды (гонеостаз)
Ағзаның сыртқы орта жағдайларына бейімделушілігін реттейді
Ағзадағы зат алмасуды реттеп отырады
12-сызба
Гипофиз
Қызметі
Түрлері
Құрылысы
Аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, салмағы 0,5-0,6 г жетеді. Безді, жүйке ұлпаларынан тұрады.
Өсу гормоны бөлінеді. Ол дененің, ұзын сүйектердің өсуіне әсер етеді, нәруыздың, майдың көмірсудың алмасуын реттейді. Сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамассыз етеді. Қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
3 бөліктен тұрады.
1. Алдыңғы бөлігі өсу гормоны бөлінеді.
2. Ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшерімен санын ұлғайтады. Тері пигменті-меланиннің түзілуін күшейтеді.
3. Артқы бөлігі 2 түрлі гормон бөлінеді.
1-сі жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді.
2-сі ұсақ артерия қантамырларының жиырылуын арттырып артерия қысымын жоғарлатады.
13-сызба
Гипофиз безінің ауытқуынан болатын аурулар
Алыптылық (акромегалия)
Ергежейлілік
Сергіту сәті: Матрица әдісі бойынша жасуша, ұлпа, мүше, жүйе, ағза сөздерін қолданып нақты анықтама алу.
Қорытындылау: Ішкі секрециялық бездерден бөлінетін гормондар ағзаны гуморальды реттейді.
Пысықтау: Топтық жұмыс
Сынып 2 топқа бөлінеді.
1-топ: Гормондардың негізгі қасиеттері мен қызметі туралы 9 және 10 сызбаны талдайды;
2-топ: Гипофиз және гипофиз безінің ауытқуынан туатын аурулар туралы 12 және 13 сызбаны талдайды.
Үйге тапсырма: §9 Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз.
Дарынды оқушыларға тапсырма: Әдетте спортпен шұғылданатындардың көбінің бойы ұзын болады. Олардың гипофиз гормонына қатысы бар ма? Толық түсінік беру (өз бетінше іздену).
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |