Ахтанова салтанат кубейбековна бастауыш сынып оқушыларының Ұлттық ДҮниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары



бет1/2
Дата27.02.2016
өлшемі1.1 Mb.
#27916
түріАвтореферат
  1   2


ӘОЖ 373.3:37.035.6:78 Қолжазба құқығында


АХТАНОВА САЛТАНАТ КУБЕЙБЕКОВНА
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Еркебаева Г.Ғ.


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Дүйсенбінова Р.К.

педагогика ғылымдарының

кандидаты Имашева А.Т.


Жетекші ұйым: Қорқыт ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университеті


Қорғау 2010 жылы «___» __________ сағат ____ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.
Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, 2-қабат).

Автореферат 2010 жылы «____» ________________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы С.А. Жолдасбекова

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру – қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген.

Қандай бір халықтың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланбай, жан-жақты жетілген ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруда, екіншіден, өз халқының ұлттық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай жағдай басшылыққа алынған жерде, ұлттық мектептің өзекті мақсаты – адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты тұлғаны тәрбиелеу болып шығады.

Әр халықтың ұлттық мәдениеті халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесінің мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық- экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани қарым-қатынас жағдайлары жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын осы үдеріс талаптарына сай ойластыруды қажет етеді. Демек, оқушыларға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру маңызды мәселеге айналып отыр. Ал бұл өз кезегінде оқу-тәрбие үдерісін бастауыш сыныптан бастап олардың дүниетанымын ұлттық мәдениетіміз мазмұнына бағыттау және олардың ғылыми негіздерін анықтауды алға тартады. Қазіргі физиология, психология және медицина ғылымдарының дәлелдеуін ескеретін болсақ, болашақ дүниеге келер ұрпағымыздың, «шарананың» психикасын қалыптастыруда музыка рөлінің үлкен екенін мойындаймыз. Бұл дана халқымыздың бесік жырларының ұрпағының санасында ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың педагогикалық шарттарының бірі екендігін алға тартады.

Мектепке дейінгі, мектептің, оның ішіндегі бастауыш сыныптардың, оқу-тәрбие үдерісінде музыка өнерін пайдалану, оларды ұлттық мәдени тұрғыда, дүниетанымдық мазмұнында пайдалану, оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру ғылыми-педагогикалық жүйелілікті талап етеді.

Бұл мәселеде, философ ғалымдардың зерттеулерінде (Ә. Нысанбаев, А. Қасабеков, І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев, М. Орынбеков, Ж. Алтаев, Д. Кішібеков т.б.) «дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлері мен көзқарастары жан-жақты мазмұндалған.

Зерттеуіміздің әдіснамалық негіздері М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ө. Жәнібеков, М. Орынбеков, Ә. Бірмағамбетов, А. Сейдімбек және т.б. еңбектерінде орын алған.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетінің әр түрлі аспектілерін бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (С.Л. Выготский, В.В. Давыдов, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, Л.В. Занков, Т.И. Шамова, М.И. Махмудов, А.Н. Леонтьев, Н.Б. Менчинская, П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин, Ю.К. Бабанский т.б.) зерттеу міндеттеріне қарай жүйелі түрде талдаған.

Өскелең ұрпақты өз ұлтының өнерімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру, халықтық педагогика саласында терең мазмұнды зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, Қ, Қожахметова, М. Балтабаев, Р. Дүйсенбінова, А. Көбесов, З. Әбілова, А.А. Қалыбекова, Қ. Болатбаев, И. Оршыбеков, Қ. Бөлеев, Д.Қ. Пошаевтың еңбектерін атап өтуге болады. Халықтық тәрбие саласында қалыптасқан дәстүрлері, мазмұндары ондағы еңбек, ақыл-ой, эстетикалық адамгершілік, тәрбие берудің жекеленген әдістері мен амал-жолдары баяндалып, оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың тәрбиелік мәні ерекшеленіп көрсетілген.

Қазақстан ғалымдары С.А. Ұзақбаева, М. Х.Балтабаев, Т.А. Қышқашбаев, М. Оразалиева, Ш.Б. Құлманова, Е.Ш. Қозыбаев, Р.К. Дүйсенбінова, К.А. Ибраева, Н.А. Гончарова және т.б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар тәрбиесінде (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен.

Дегенімен, педагогикалық әдебиеттерді талдау және зерттеулер жалпы музыка өнерінің, оның дүниетанымды қалыптастырудағы рөлі, педагогикалық шарттарына (әдістер, формалар, тәсілдер т.с.с.) оның ішінде бастауыш сыныптағы маңызына ғылыми-педагогикалық зерттеулер жасалынбағанын көрсетеді. Яғни, бастауыш сыныптан оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, оқыту және олардың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет екендігі айқындалды.

Осы тұрғыдан қарағанда әл-Фарабидің «...тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген дидактикалық өсиеті, Б. Момышұлының келіндердің бесік жырын, әжелердің ертегісін есітпей өскен ұрпақтың болашағына алаңдаушылығы тұрғысындағы тұжырымы, мәселенің теория мен практикада орын алып отырған дидактикалық негіздегі қарама-қайшылықтарының әлі күнге күн тәртібіндегі ашық мәселе екенін аңғартады. Демек, зерттеліп отырған мәселенің теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де қарастырылмау себептері төмендегідей қарама-қайшылықтардан екенін байқатады:

- музыка негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мүмкіншілігі мен олардың оқу-тәрбие үдерісінде жүйеленбегендігі;

- тиімді әдістемемен қамтамасыз етілмеуі;

- оларды іске асырудың педагогикалық негіздері жасалынбағандығы.

Оқыту үдерісінде музыка арқылы оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық және ғылыми әдістемелік жолдарын қарастыру, біздің зерттеу проблемаларымызды айқындап берді және тақырыпты «Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу мақсаты бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік, тәжірибелік-экспериментпен тексеру.

Зерттеудің нысаны – бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні – музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері педагогикалық шарттар тұрғысында айқындалып, мазмұны мен әдістемесі жасалса, нәтижесі шығарылса, онда, музыка туындылары оқушылардың сезімталдығын ояту және шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық мәдениет негізін қалайтын ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың мүмкіндіктері артады.

Жетекші идея: бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері, педагогикалық шарттары, мазмұны мен әдістемесі ұлттық мазмұнында анықталады.

Зерттеу міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

- бастауыш сыныпта оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;

- бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптастырудың педагогикалық шарттарын ұсыну;



- музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістерінің нәтижесін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға теориясы, дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастық теориясы, өнерді қабылдау теорияларымен қазіргі гуманистік тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік саясат біздің зерттеуіміздің әдіснамалық және теориялық негізі болды.

Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың дүниетаным, қазақ музыкасы туралы зерттеу еңбектері; Қазақстан Республикасының Ресми материалдары, Үкіметтің қаулы-қарарлары, қағидалары және т.б. музыканы оқытудағы этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелер.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, тарихи-этнографиялық, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, музыка мұраларына теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту, тәжірибелік-эксперемент жұмысының нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізу.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы № 5 А. Байтұрсынов, Мырзакент, Мақтарал, А. Чехов мектептері, Шымкент қаласының № 7, 50 мектептері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2004 – 2006 жылдар) зерттеу проблемасы бойынша жарық көрген философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; адамзат дүниетанымының қалыптасуы мен тарихи дамуы; қазақ халқының өнер құралдары арқылы дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуы туралы материалдар жинастырылып, теориялық тұрғыда талданды. Анықтау эксперименттерінің нәтижелері өңделді.

Екінші кезеңде (2007–2008 жылдар) зерттеу тақырыбы бойынша жиналған теориялық материалдарға талдау жалғастырылды. Баспа бетінде жарық көрген халқымыздың дүниетанымдық мұралары, этнографиялық, фольклорлық және өнертанушылық әдеби деректері жинастырылып, жүйеленді. Бастауыш сынып оқушылардың музыка арқылы дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, даярлаудың кезеңі бойынша жұмыстардың әдістемесі негізделді. Базалық мектептерде қалыптастыру эксперименті жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2008–2009 жылдар) тәжірибелік-эксперимент жұмысы одан әрі жалғастырылып, зерттеу нәтижелері жинақталып, ғылыми жүйеге келтірілді. Ғылыми-әдістемелік қорытындылар жасалынды. Барлық кездерде жинақталған материалдар мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері сарапталынып, диссертация түрінде дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен мәнділігі:

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымының музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;

- бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;

- бастауыш сыныпта ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың әдістемелік жүйесі ұсынылды;

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастыру жүйесінің процессуалдық аспектілері, оқу әрекеттері, оқу қызметі мен оқушылардың ақыл-ойын дамыту тәсілдері, әдістері (музыка сипаттарын талдау, ой түйіні әдісі, музыканы танып-білуге қатысты ұғымдарды қалыптастыру т.с.с.) ұсынылды;

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары ұсынылды;

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістері берілді.



Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың ерекше мәнге ие екендігі педагогикалық-психологиялық тұрғыда негіз болады;

- бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен деңгейлері құрылымдық-мазмұндық модельдің негізгі сипаттамасымен анықталады;

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыз етіледі;



- музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру алдын ала белгіленген әдістемелер арқылы жүзеге асады.

Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеудің ғылыми- педагогикалық бағыты мен зерттеу пәніне сәйкес өзара байланыстағы кешенді әдіс-тәсілді қолдануымен, тәжірибелік-эксперементтік зерттеудің мақсат пен міндетке сәйкестілігімен, алынған бастапқы және соңғы нәтижелердің математикалық әдістерімен қорытындылауымен, зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференциялардың жинақтарында (Астана, Шымкент, Жетісай, Алматы – 2007-2008, Бишкек, 2008); ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен ғылыми журналдарда: «Білім» (Алматы, 2008); «Қазақстан мектебі» (Алматы, №9 2008ж); Ұлт тағылымы (Алматы, №1 2008), «Ізденіс» (Алматы №2(2) 2008); «Зерттеуші» (Шымкент №.7 (51) 2010) және оқу-әдістемелік бірлестік отырыстарында талқыланды, мектептердің педагогикалық кеңестерінде баяндалды, басылым көрген мақалаларда көрініс тапты.

Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу мәселесінің көкейтестілігі мен маңызы негіз­делген, жұмыстың мақсаты, нысанасы, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері мен болжамы, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелдігі, зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.

«Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда зерттеудің теориялық негізі тұрғысында отандық, ресейлік және шетел ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ой-пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, педагогикалық-психологиялық негізі анықталды, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

«Музыка аркылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты екінші тарауда ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың мазмұны, әдістері жасалынып, эксперименттік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетнымын қалыптастыруға қатысты қорытындылар мен ұсыныстар берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шаруашылық пен тұрмыс ұйымдастырудан, сәулеткерлік пен кәсіпшіліктен, бейнелеу өнері мен киім-кешектен, суырып салма ақындық пен әуезден, әншілік пен билеу машығынан, қоғамның имандылық, ізгілік дәстүрінен көрінетін қазақ жасампаздығы мен шығармашылығының әлі де болса ашыла қоймаған тұстары жеткілікті. Қазіргі ұрпақтың негізгі мақсаты – осы мәселені шешу. Өйткені қазақ халқының рухани байлығының әсері адамның парасатты, білімді болуына дүниетанымдық көзқарасының жоғарғы деңгейде дамуына әсері ерекше болып табылады. Осындай үрдісте қазақ халқының музыка әсері өзгеше, осыны ескере отырып, біз ең алдымен оның “дүниетаным” ұғымына және осы арқылы адам баласының ежелден дүниеге деген көзқарасын қалыптастырудағы рөліне назар аудардық.

Дүниетанымның басты категориясы ретінде, «дүние» мен «адам» алынды, өйткені, әлемді танушы – адам. Оның ішінде ең негізгісі – дүние өмір, тіршілік ретінде түсіндірілсе, енді бірде дүние ұғымы – қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қарастыруға болады.

Философ ғалымдар І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев өз еңбектерінде ұлттық дүниетаным туралы: «...Адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі ұлттық жағдайда қалыптасқандықтан, дүниетанымның ұлттық белгілері болады», – дей келе, ежелгі қазақ дүниетанымының түрлеріне: мақал-мәтелдер, жырлар, дастандар, аңыздар, ертегілер, термелер, жоқтауларды жатқызды.

Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу) оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қана қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды.

Дүниетанымның негізі бастауыш сыныптың өзінде қаланады да, бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Өйткені білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі мәселе болып табылады.

Дүниетанымдық деңгейлерді сараптай келе, дүниетаным – әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы деуге болады. Дүниетаным көзі – білім. Адам тіршілігінің көзі – табиғат. Дүниетаным – дүние және тану деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мазмұны ұлғайып, тереңдей түседі. Қоршаған дүниені білу – танымға байланысты. Таным – адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеру мүмкіндігі.

Дүниетанымның қалыптасуында ұлттық мәдениет үлкен рөл атқарады. Д. Пошаевтың пікірінше ұлттық мәдениет – мінез-құлық негізінде қалыптасады. Яғни ол жеке ұлттарға, этносқа тән сезімдер жиынтығы болып табылады. Өйткені, адамның жеке көзқарасы, айналаны қабылдауы тарихи қалыптасқан дәстүрлі ұлтының дүниетанымына да байланысты болып тұрады. Қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихында негізінен түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының көзқарасы ертеде мифология арқылы қалыптасып жатты.

Ж. Аймауытов баланың дүниетанымын қалыптастыруда тәрбиенің екі түрлі болатындығын көрсетеді: дене тәрбиесі және жан тәрбиесі. Әсіресе екіншісінің дамуына қазақ халқының музыка өнері байлықтары әсер етеді, – деп ғалым ойын түйіндейді. Жастайынан ұлттық музыка өнері құралдарын естіп, біліп, тану баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін тереңдетіп отырады.

Дүниетанымдық түсінікке негізгі бағыт беретін, қоғамдық өмірді суреттейтін өнердің бірімузыка өнері. Музыка өнері қоғамдық формациядағы халықтың тұрмысын, саяси хал-жағдайын, іс-әрекетін, мінез-құлқын тереңірек, көркем түрде түсінуге жол ашады.

Біз өз зерттеуімізде осы ойды басшылыққа ала отырып, музыка өнері туындыларын талдау арқылы, олардың дүниетанымды қалыптастырудағы мүмкіндіктерін қарастырдық. Зерттеу барысында, қазақтың ауызекі шығармашылығын музыка арқылы кеңінен пайдалану балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуымен қатар, ұлттық дүниетанымының және оны дамытудағы :



  • әуенді қабылдау – музыка өнеріндегі және өмірдегі құбылыстардың қасиеттерін көре білу, сезім әсерлерін бастан кешіру;

  • сезімталдық – өмір мен өнер құбылыстарының құндылықтар тұрғысынан бағалау, көңіл-күйді бағалау;

  • сазды қажетсіну – саздың сезімдерді бастан өткізу, оны қажетсіну;

  • талғам – құбылыстар мен музыка өнері туындыларын бағалау қабілеттері айқындалды.

Бастауыш сыныпта музыка сабағында қазақ фольклоры материалдарын пайдалану – оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын терендететін, таным міндеттерін шешетін, оқушылардың белсенділігін арттыратын:

  • музыка тілін талдау;

  • екпінін ажырату;

  • ырғағын, әуенін табу;

  • аспаптарды тембрлік үнінен ажырату;

  • сөз мәтініне көңіл бөлуіне қажетті әдістерді таңдауға мүмкіндік жасады.

Музыкалық білім беру басқа кез-келген білім беру сияқты, өз мақсаты етіп баланың жеке тұлғасын дамыту міндетін қояды.

Жеке тұлғаның музыкаға оқыту процесінде дамуы балаға мүмкіндік болатындай жаңа музыкалық іс-әрекеттердің жанама дамуымен және баланың өмірлік тәжірибесі мен интонациялы-символикалық байланыстарының дамуы жүйесінде (бастан кешулері мен іс-әрекет тәжірибесі) және музыкалық шығармаларда, ұлттық стильдерде, дәстүрлі музыкалық тәжірибеде жинақталған, жалпы адамзат мәдениеті дамуының антропогенетикалық тәжірибесімен жанама жүзеге асады. Осыған байланысты зерттеу жұмысымызда «Адам баласына музыка және музыкалық сана-сезім не үшін қажет? Ол әр бір адамға не береді?» деген сұрақтарға жауап іздестірілді.

Музыка адамға басқа «өзге шындық», «айнадағы» сияқты өзін-өзі тануға мүмкіндік береді: яғни, санадан тыс тереңдегі өзін, өзінің тегін, өз халқын, адамзатты көре алады.

Зерттеу барысында музыка өнері арқылы ұлттық дүниетанымдық құндылықтарды енгізу үш түрлі жағынан қарастыруды: біріншіден, ұлттық ой мен танымды жалпы адамзаттың құндылығы тұрғысынан пайымдау; екіншіден, өнер мен халқымыздың кемелденуін тұтас бір құбылыс, даму ретінде қарастыру; үшіншіден, музыка өнері арқылы ұлттық дүниетанымын қарастырудың мазмұны мен оның процессуалдық үйлесімділігін анықтауды алға тартты.

Адам психологиясының бүкіл эмоционалды қатары – базалық туа берілген эмоциядан жоғары, әлеуметті және мәдени шартталған сезімдерге дейін, көптеген ғалымдардың пікірінше, музыканың негізі мазмұны қызметін атқарады.

Зерттеуіміз барысында жоғарыдағы психологиялық идеяларға талдаулар жасау педагогикалық тұрғыдан кез-келген интелектке қатысты қарастырғанда, музыка қандай бір дәрежеде адамның санасын басқарып, манипуляция жасайтынын, музыканың ұлы күші оларды басқаруда педагогтардың жауапкершілігінің мол екендігін анықтайды.

Сол үшін оқушылардың тұлғаларын біртұтас психологиялық құрылым ретінде қарастыра отырып, олардың ұлттық, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырудың әлеуметтік позициясын анықтауымыз қажет болды.

Зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымы, қоғамдық және әлеуметтік қарым-қатынастар деңгейлері әлі толықтай қалыптаспағандықтан, мінез-құлықтарында тұрақтылық болмайды. Сол сияқты, олардың нақты көзқарастарында балалық пен жасөспірім жасындағы оқушылардың талап, мұқтаждықтары аралығында болатындай қоршаған ортамен қарым-қатынастарында өзгермелік, ауытқушылдық әрекеттер көптеп ұшырасатыны анықталды.

Оқушылардың іс-әрекеттерінің сипаты жан-жақты болғанымен, олардың даму ерекшеліктері әр қалай. Д.Б. Эльконин «бастауыш сынып жасындағы танымдық-интелектуалдық, танымдық іс-әрекеттер тез қарқынмен өрби бастаса, ал жеткіншек жастағы оқушылардың танымдық қызметтері де қарқынды түрде қалыптаса отырып, соның арқасында дүниетанымның ең эмоционалды-ерік күйі дамуының да алғашқы кезеңі бастау алады дейміз», - деп сипаттайды. Мәселен көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында (физиолог, психолог, педагогтар) оқушылар дүниетанымдық түсініктерінің қалыптасып, дамуы олардың жас ерекшеліктеріне байланысты екендігін С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, П.Я. Гальперин, Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов, С.М. Жакупов, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, М.М. Мұқанов, Н.А. Менчинская, Ж.И. Намазбаева және т.б. өз еңбектерінде атап көрсетілген.

Аталған ғалымдар еңбектеріне талдау жасай келе, оқушылар дүниетанымын қалыптастырудағы төмендегідей компонентердің: интеллектуалдық (білім жүйесін меңгеру), жеке көзқарасы (қарым-қатынас, себеп-салдар, бағыт-бағдар) және тәжірибелік (білімді жүзеге асыру) қажет екендігін анықтадық (сурет 1).





Сурет 1- Оқушылардың дүниетанымдық компоненттерінің жіктелуі
Жоғарыдағы пікірлерден келіп шығатын қорытынды: дүниетанымдық зерттеудің теориялық қайнар көзі – сан мен іс-әрекет бірлігінің ұстанымына саяды, яғни іс-әрекетте көрінбеген нәрсе санада да болмайды. Бұл ұстанымның ішкі мазмұны тұлғаға қатысты. Өйткені, өзіндік іс-қимылды меңгеру арқылы адам тұлғаға айналады.

Бастауыш сыныптың өз ерекшеліктері, физиологияға, психологияға байланысты даму заңдылықтары бар екені анық. Ал музыка өнер құралдарын зерттеу пәні ретінде қарастырғанымыз бастауыш сынып оқушыларының ұлттық, патриоттық тәрбиесін арттыра түседі.

Музыка арқылы бастауыш сыныптарда оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру – әуен, музыка тілін, олардың табиғатпен, дүниемен үйлесімділігін ұғынуға бастайтын іс-әрекетке жетелеу, түрткі беру, сезімін ояту арқылы жүзеге асырылды.

Сондықтан да музыка тілі мазмұнының компоненттері мен құрылымы анықталды (сурет2).






Сурет 2- Музыка тілі мазмұны және оның құрылымы

Мұндағы басты мәселе – музыка өнері, оның ішіндегі қазақ әндері мен оған жазылған әуендер арқылы ұлттық дүниетанымды қалыптастыру болғандықтан, оқушыларды осы өнердің музыкалық тілімен таныстыру, олардың музыкалық білімі ауқымын кеңейту, ой-өрісін тереңдету болды.

Музыка тілінің құрылымынан көрініп тұрғандай музыка өнеріндегі ұлттық ерекшеліктері арқылы сипатталатыны айқындалды.

Біз зерттеу барысында, музыка арқылы ұлттық дүниетанымды қалыптастыру логикасы мен әдістемесін жасауда, музыка тілінің жоғарыдағы мазмұны мен құрылымына сүйендік.

Сонда біздің құрастырған дүниетанымның құрылымдық моделін құрастыру жүйесі интелектуалдық (білім жүйесін меңгеру), жеке көзқарасы (қарым-қатынас, себеп-салдар, бағыт-бағдар) және тәжірибелік (білімді жүзеге асыру) тәрізді тұлға құрылымының негізгі бөліктерінен тұрады. Адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оның қоғамды толыққанды белсенді мүшесі етіп дайындау, білім мен тәрбие ісі қатар жүргізілгенде ғана өз деңгейінде жүзеге асады. Білім мен тәрбие мазмұны жеткіншек дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, оларды қоршаған табиғат, қоғам туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуға тиіс. Жүйелі жолға қойылмаған білім беру жұмысын оқушы дүниетанымын қалыптастыру ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға болмайтыны белгілі. Олай болса, оқушылардың дүниетанымдық көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде қалыптаспақ. Оқушылар бойында ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда жас ерекшеліктерінің маңызы зор.

Жалпы педагог-ғалымдар оқушылар дүниетанымының диалектикалық бірлікте болатын, эмоционалдық және ерік-жігер компоненттерінің бар екендігін атап көрсете отырып, психологтар сияқты, олардың бірінің болмауы дүниетанымның қалыптасуына әкеп соғатынын айтады.

Дүниетанымды адам идеясының қоршаған орта жөніндегі ғылыми, философиялық, қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көзқарастардың және іс-әрекетінің бағыт-бағдарын айқындайтын тұтас жүйесі ретінде қарастыруда ғалымдардың осы пікірі бір арнаға тоғысады.

Адамзаттың барлығына тән дүниеге деген көзқарастарының жалпы тарихи түрлеріне келетін болсақ, олар мифологиялық, діни және философиялық тағылымдар, солардың негізінде жастарға этнопедагогикалық тәлім-тәрбиелер береді.

Сонымен қорытындылай келгенде, мектептердегі оқу-тәрбие үдісіндегі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынастарында байқалған ерекшеліктер: білімдер жиынтықтарының байланыстылығы, бір-бірімен қарым-қатынас, практикалық іс-тәжірибелер, оқуға, еңбекке деген ынтасы, қоғамдық тапсырмаларды орындауы, үлкен-кішілермен сыйластығы, оқушының өзіне берген мінездемелерімен салыстырылады. Жинақталған материалдарды талдау және оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін салыстыру олардың ұлттық дүниетанымдарын қалыптастырудың құрылымын, қабылдау көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүнетанымын қалыптастыру моделін жасауға, зерттеу жұмысының ғылыми, әдістемелік логикасы ретінде басшылыққа алып отыруға мүмкіндік туғызды (сурет 3).





Сурет 3 - Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі

Оқушылармен оқу үдерісінде және одан тыс әңгімелесу, бақылау, танымжорық өткізу, шығарма жазу, ұлттық дүниетаным қалыптастырудың сандық және сапалық көрсеткіштері, шығармашылық тапсырмалар нәтижелері талданды, оқушылардың сабақтағы және одан тыс әрекеті зерттеліп компоненттер, өлшемдер анықталды (кесте 1).


Кесте 1- Бастауыш сынып оқушыларына музыка өнері арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштер жүйесі




Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

1

Мазмұндық

Музыка саласындағы білім көлемі

Музыкалық шығармалардың мазмұны жөніндегі білімі. Музыкалық шығармалар- дың жанрлық ерекшеліктеріне қарап ажыра- та алуы. Музыкалық шығармалардың таны- мын арттырудың маңызын түсінуі.

2

Эмоционалдық

Музыкалық шығармалары қабылдауы, қарым қатынасы

Музыкалық шығармаларды эмоциялық сезім мен қабылдауы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, орындауда эстетикалық рахаттану сезіміне бөлене алуы. Музыкамен шұғыл- дануға қызығушылықпен талпынысы және қажеттігінің болуы.

3

Іс-әрекеттік

Музыкамен шұғылдану белсенділігі

Музыкалық шығармалардан алған сезімдік толғаныстарын жеткізе білуі. Музыкалық шығармаларды тыңдаушылық, орындаушы- лық дағдыларының қалыптасуы. Музыкалық шығармаларға баға беру қабілеті.

Осы компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштер бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді (жоғары, орта, төмен).



Жоғары деңгей: сабақта және сыныптан тыс меңгерілген музыкалық шығармалар жөнінде білімдері толық, оларды жанрлық ерекшеліктеріне қарай ажырата алады, эстетикалық маңызын түсінеді; музыкалық шығармаларды терең эмоциялық сезіммен қабылдайды, оларды тыңдау, орындау кезінде ерекше эстетикалық рахаттану сезіміне бөленеді, ән салуға, музыканы аспаптарда орындауға қызығушылықпен талпынысы, қажеттігі белсенді; музыкадан алған сезімдік толғанысты әсерлі жеткізе біледі, музыканы тыңдау, орындау дағдылары жақсы қалыптасқан, оларға эстетикалық баға беру қабілеті жетілген.

Жеткілікті деңгей: сабақта және сыныптан тыс меңгерілген музыкалық шығармалар жөніндегі білімдері жеткілікті, оларды жанрлық ерекшеліктеріне қарай ажырата алуы да жеткілікті дәрежеде, эстетикалық маңызына түсінуге құлшыныс білдіреді, музыкалық шығармаларды эмоциялық сезіммен қабылдайды себебі, музыканы тыңдау, орындау кезінде эстетикалық рахаттану сезіміне бөленгендей болады, ән салуға, аспапта ойнауға талпынысы бар, музыканы тыңдау дағдысы дұрыс, қалыптасқан, оларға эстетикалық баға беру қабілеті мұғалімнің көмегінсіз де болып тұрады.

Орта деңгей: сабақта және сыныптан тыс меңгерілген музыкалық шығармалар жөнінде білімдері толық емес, жеткіліксіз, оларды жанрлық ерекшеліктеріне талдауда қателіктер жібереді, эстетикалық маңызына аса мән бермейді; музыкалық шығармаларды кейде ғана эмоциялық сезіммен қабылдайды, музыканы тыңдау, орындау кезінде әрдайым эстетикалық рахаттану сезіміне бөлене бермейді, ән салуға, музыканы аспаптарда орындауға ішінара қызығады, талпынысы, қажеттігі бәсең, музыкадан алған сезімдік толғаныстарын әсерлі жеткізуде салғырт, музыканы тыңдау, орындау дағдыларының қалыптасуы жеткіліксіз, оларға мұғалімнің көмегімен ғана эстетикалық баға бере алады.

Төмен деңгей: Сабақта және сыныптан тыс меңгерілген музыкалық шығармалардың көпшілігін білмейді, олардың жанрлық ерекшеліктерін талдап, ажыратып бере алмайды, эстетикалық маңызын түсінбейді; музыкалық шығармаларды эмоциялық сезіммен қабылдамайды, эстетикалық рахаттану сезіміне бөленбейді, ән салуға, музыканы аспаптарда орындауға қызықпайды, қажеттілігі нашар, сезімдік толғанысын жеткізе алмайды, музыканы тыңдау, орындау дағдылары қалыптаспаған, оларға эстетикалық баға бере алмайды.

Бұл өлшемдер, оқушылардың музыкалык ұғымдарды менгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берумен қатар, олардың күнделікті мінез-құлықтарын, жүріс-тұрыстарын салыстыра отырып, тәрбиелік дәрежелерін байқауға көмектесті.

Музыканы қабылдау – музыка арқылы қолданылатын іс-әрекеттердің кез келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылды. Кез келген түрі деп отырғанымыз, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты және т.б. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аударылды. Оқыту үдерісінде мұғалім балаларға арналған соқпалы аспаптармен ырғақ өрнегін орындағанда немесе музыка әуеніне би қимылдарын жасағанда музыканың қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл күйді оқушыға өзінің қимылы арқылы жеткізе білуге тиіс. Бұл музыканы ұғынуға алып келеді. Музыканы ұғыну дегеніміз – оны тек сезіммен қабылдау ғана емес, саналы түрде түсініп қабылдау.

Жоғарыдағы айтылған мәселелер оқыту үдерісінде музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың мынадай педагогикалық шарттарын ұстаным етті:



  • әуен, мәтін, музыка тілін табиғатпен, дүниемен үйлесімділігін ұғынуға бастайтын іс-әрекетті алға тарту;

  • табиғатта жүріп, өзгеріп жатқан құбылыстарды музыка арқылы бейнелеу, суреттеу;

  • музыканың адамдардың тыныс-тіршілігіндегі орны, қоғамдық өмірдегі мазмұнын ұғындыру;

  • әуен, музыка тілінің тарихи кезеңдермен байланыстылығын ұғындыру;

  • музыка өнерінің, ұлттық ерекшеліктері арқылы ұлттық дүниетанымды қалыптастыру.

Өмір шындығы мектеп табалдырығын аттаған балаға білім беру, тәрбиелеуде жан-жақты қарастырылады. Сондықтан музыка сабағының мазмұны әдіс-тәсілдері үнемі, жылма-жыл өзгеріп, бала тәрбиесі ісіне жаңа нышандар әкелуі заңды.

Соның бірі – баланы ұлттық музыка негізінде тәрбиелеу. Халық музыкасы, фольклорды қастерлеу баланың жас кезінен басталуы керек. Егер ұлттық нәрі бар дүние бала жүрегінен орын алса және оны өмірдің мәні деп қабылдаса, онда ол келешекте өз халқының, туған жерінің нағыз азаматы болады. Себебі халық музыкасы арқылы балалар оның әлемдік музыкамен байланысын көреді.

«Ән-күй – халық қазынасы» деген тақырып 1-4 сыныптардың музыкалық материалдарынан көрініс тауып отыр. Бағдарламадағы музыкалық материал, дидактикалық ұстанымдар музыкалық педагогика талаптарын ескере отырып алынған. Сондықтан олардан музыканы оқытудың тәрбиелік, білім берушілік, дамытушылық принциптерінің бірлігі, ғылымилық принципі, оқытудың өмірмен байланыс принципі, құштарлық пен қызығушылық принципі, музыкадағы оқытудың беріктігі мен нәтижеге жету жолдары толық көрініс тапқан.

Бүгінде бұл бағдарлама мектептегі оқу жоспарына енді. Оны игеріп, тиісті деңгейге жеткізу қажет. Елімізде білім беру жүйесіне бетбұрыс жасауға себеп болған Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына» сай мектептерде жаңа оқулықтар мен бағдарламалар жасалып, оны іске асыру негізінен орындалды.

Бұрын сабақ дәстүрлі түрде тек белгіленген жоспарға сай өтіп отырса, қазіргі талап мұғалімдерден жан-жақты біліктілік, түрлі әдістер мен оқытудың дәстүрлі емес формаларын пайдалануды қажет етеді. Өйткені, оқушы сабақта алған білімін, оның мән-мағынасын түсіне білгенімен, бәрін бірдей күнделікті өмірде қолдана алмайды.

Сондықтан оқушы білімін пайдалана отырып, әрбір іс-шаралардан өзіндік нәтиже шығаруға, тәлім-тәрбие алуға оқушының сана-сезіміне бетбұрыс жасалынуы қажет.

Оқу мен тәрбиені жүйелі түрде бірыңғай ұластырып, дәстүрден тыс формалар арқылы оқушының өз ойын дамыта отырып, оның рухани адамгершілік сезімінің жетілуіне қызмет ету – әр мұғалімнің парызы.

Сондықтан сабақты жаңа формаларда өткізуге себеп болған бірнеше факторларды айтуға болады. Олар:

- жаңа бағдарлама мен оқулықтардың шығуы;

- бағдарламаның ұлттық өнер, салт-дәстүрмен тығыз ұласуы;

- әр сынып сайын жүйелі түрде дамуы;

- музыка сабағының басқа да пәндермен қатарласа отырып, маңызы мен деңгейінің жоғарылауы.

Кез келген музыкалық шығарма өмірдегі нақты оқиғаға байланысты туады. Сондықтан музыканы сезімдік-эмоциялық қабылдаумен қатар, оған саналы түрде мән беріп, мазмұнына да жете көңіл аударып отырған жөн. Мұндай іс-әрекет окушылардың музыкалық шығарманы терең түсіне білуіне, танымның қалыптасып, тыңдаған әр музыкасы жайлы белгілі бір тұжырымға келуіне мүмкіндік тудырады.

Сабақ барысында, тәрбие сағаттарында оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстыру, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мұраға деген құрмет, сезімін, дүниетанымын қалыптастыру мақсаты көзделе келе, оқушыларға музыкалық өнер түрлерінде кездесетін ұғымдар, фольклор құралдары арқылы дүниетанымын қалыптастыру мен олардың ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін, талғамын тәрбиелеу міндеттері алға қойылды.

Тәрбие сағаттарда халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдаланған оқушылардың музыка өнерге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тараудың пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектесті. Сонымен бірге әдістер оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушылардың құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап әрекет етуге жетеледі.

Тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып, біз зерттеу барысында сауалнама, әңгімелесу, бақылау әдістерін қолдану негізінде оқушылардың ұлттық дүниетанымының төмен екенін анықтадық. Тексеру мақсатында айқындаушы эксперимент жүргіздік.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 2004-2009 жылдар аралығында үш кезеңде Мақтарал ауданы № 5 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінде, А. Чехов атындағы орта мектебінде, Мырзакент орта мектебінде, Мақтарал орта мектебінде, Шымкент қаласының № 7,50 мектептерінде жүргізілді.

Сауалнама берілген жауаптардың кейбірі көңілден шыққанымен, енді бірі көкейге біраз ой салды. Сауалнамаға қатысқан 130 оқушысының 25-і музыка тыңдау барысында күйді санамен түсініп тыңдамайды, 37-і күйдегі бояу, ырғақ, әуен өзгерістерін аңғармайды, 36-ының тыңдаған күйден алған әсері ұзаққа созылмайды, 32-інің халықтық және авторлық күйлерге қызығушылығы байқалмайды. Ал, «Мақтарал» орта мектебінде жай сыныптарындағы 4-сынып оқушылары, 2-ші, 3-ші сыныптарда өтілген халық әндерінің ерекшеліктерін білмек түгілі, бір-екеуден басқасының аттарын еске түсіре алмады т.б.

Алынған тәжірибелік-эксперимент кезеңінде біздің байқағанымыз, проблемалық міндеттердің іске асырылу жайын анықтау мақсатында бастауыш сыныптың музыка пәні мұғалімдері арасында жүргізілген әңгімелесулер мен сауалнамалар нәтижесінде олардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыратын материалдар саласынан теориялық, әдістемелік, білім деңгейлерінің төмен екендігін аңғартты. Сауалнама нәтижесінде мұғалімдердің 62 пайызға жуығы оқу-тәрбие үрдісін қазақ халқының ұлттық, рухани-мәдени мұралары негізінде жүргізуге теориялық, әдістемелік, практикалық даярлықтарының жоқтығын байқатса, бұл сала бойынша білім-тәжірибесі бар деген ұстаздар өздеріне деген сенімсіздігі салдарынан оларды іс жүзінде пайдаланбайтынын көрсетті.

Анықтау эксперименті барысында үш компонент бойынша (мазмұндық, эмоционалдық, іс-әрекеттік,) даярланған сауалнама арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымының деңгейлері анықталды.

Зерттеу жұмысымыздың барысында оқушылардың сұрақтарға берген жауаптары әртүрлі болды. Оқушылардың 63%-і музыканың адам өміріндегі маңызын жоғары бағаласа, 13%-і бағалай білмейді; 43%-і музыка оның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді десе, 9%-і сол сәттік қана әсер алатынын айтты. Оқушылардың барлығы дерлік музыкалық аспапта ойнағысы келетінін айтқанымен, үйірме жұмыстарына 10% оқушы оған уақытын бөлгісі келмейтіні байқалды. Оқушылардың басым бөлігіне сыныптан тыс жұмыстар ұнағанымен, оған қатысу белсенділіктері төмен. 56%-і халық күйлерімен әндерін ұнатса, 33%-і шетел музыкасын қалайды. Оқушылардың 12%-і өлең шығаруға талаптанса 47%-і нота сауаттылығының күрделілігін алға тартты.

Анықтау экспериментінің нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының музыка өнеріне деген эстетикалық қарым-қатынасының әлі де төмен екендігін көрсетеді. Осы бағыттағы зерттеу бойынша оқушылардың көпшілігінің төмен деңгейді көрсетуінің себебі – музыкалық туындылардан репертуарлық қорының жеткіліксіздігі, музыкалық жанрлары бойынша нақты білімдерінің, музыкалық туындыларға баға берудегі тәжірибесінің аздығы, сонымен бірге осы бағыттағы орта мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының жоқтығы.

Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастыру моделіне (сурет 3) сәйкес ұстанымдар жүйесін анықтадық. Педагогикалық әдебиеттерде қабылданған оқушыларға дүниетанымын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі ұстанымдары негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық дүниетанымын қалыптастырудағы жағымды сипатын және оның қазіргі ерекшелігін ескере отырып келесі ұстанымдар анықталды:


  • оқушыларға музыка арқылы дүниетанымын қалыптастыру үдерісі жүйелі, кешенді, тұлғалық-әрекеттік көзқарас ұстанымы;

  • оқушылардың көркемдік эстетикалық іс-әрекетінің өмірмен, дүниетаныммен, адамгершілік құндылықтармен байланыс ұстанымы;

  • сыныпта және сыныптан тыс жұмыстардың этнопедагогикалық, бағыттылық ұстанымы;

  • көркемдік және оқушылардың жалпы психикалық дамуының бірлігі ұстанымы;

  • оқушылардың көркемдік–шығармашылық және өзіндік іс-әрекеттегі ізденімпаздық ұстанымы;

  • мектептегі оқу-тәрбие процесімен сабақтастық ұстанымы.

Зерттеу барысында алға қойылған мақсатқа жету келесі міндеттердің жүзеге асырылуынсыз мүмкін еместігін көрсетті:

1. Оқушылардың орындаушылық (ән салу, аспаптарда ойнау, ырғақтық қозғалыс) дағдыларын меңгеруі.

2. Музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыру (ән салу, аспаптарда ойнау, би импровизациясы, өлең және әуен шығару және т.б.).

Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық іс-әрекетінің мазмұнына музыка тыңдау, орындау (халық әндерін, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық-ырғақтық қозғалыстар, музыкалық ойындар) шаралары ендірілді. Үйірме жұмысындағы тәрбие үдерісі сыныптан тыс музыкалық дәрістер, концерттік қойылымдар және шығармашылық кездесулер сияқты іс-әрекет формалары арқылы жүргізілді.

Музыка өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда үйретілетін әндер туралы әңгімелесу, ән шығармаларын музыкалық аспаптармен сүйемелдеу, шығармашылық ұжымдардың бейне таспаларымен танысу, музыкалық дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар жасау, ән репертуарларындағы шығармаларға баға беру және талдау, табиғат аясында серуендеу, теледидар хабарларын тыңдау, пікір алысу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды. (Мысалы музыка санаттарын талдау кестесі т.с.с.)

Үйірме жұмысының іс-әрекетін біз екі кезеңге жоспарладық. Бірінші кезеңде сыныптан тыс үйірме жұмысында келесі міндеттер анықталып шешімін тапты:

- бастауыш сынып оқушыларының музыкаға қызығушылығын дамыту;

- белсенді музыкалық-шығармашылық іс-әрекетке тарту;

- ән және аспаптық музыканы орындаушылық дағдыларын дамыту.

Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастыру ісінің тиімділігі тікелей мұғалімдердің даярлығына байланысты болғандықтан, біздер осы кезеңде сынып жетекшілері үшін «Музыка – ұлттық дүниетаным қалыптастырудың құралы» атты арнайы семинар сабақтарын өткіздік.

Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде «Музыка арқылы дүниетаным әлеміне саяхат» сыныптан тыс іс-шаралар жұмыс жоспары жүзеге асырылды. Бұл кезеңде келесі міндеттер шешімін тапты: музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын меңгерту; оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен қабілеттерін дамыту; музыкалық туындыларға баға беру қабілеттерін дамыту және бекіту.

Атқарылған жұмыс, өз кезегінде, музыкалық туындылардан көрініс тапқан адамның болмысқа деген ұлттық дүниетанымдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгеру процесіне жағымды ықпалын тигізеді.

Тәжірибелік эксперименттік жұмысының соңғы бақылау кезеңінде бастауыш сынып оқушыларына музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастыру компоненттерінің (мазмұндық, эмоционалдық, іс-әрекеттік) деңгейлерінің көрсеткіштері тексерілді. Нәтижесін 2, 3 - кестеден көруге болады. Эксперименттік қорытынды нәтижелері 4, 5, 6 - суреттерде көрініс тапқан.




Сурет 4 Бастауыш сынып дүниетанымының қалыптасуының

деңгейі (пайыз есебімен)

Суреттердегі көрсеткіш бойынша, бақылау тобында жоғары деңгей – 1%, эксперимент тобында - 1%, жеткілікті деңгей, бақылау тобында – 18,0%, эксперимент тобында – 17,0%, орташа деңгей, бақылау тобында – 42,8%, эксперимент тобында – 52,0%, төмен деңгей бақылау тобында – 38,2%, эксперимент тобында – 30,0% көрсетті.


Кесте 2-Оқушыларға ұлттық дүниетаным қалыптастырудағы маңызды компоненттердің даму деңгейлерінің % көрсеткіштері

Эксперимент тобы (ЭТ) – 224, бақылау тобы (БТ) – 226




Компоненттер

Жұмыс кезеңі

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мазмұндық

Басы

1,0

1,0

17,0

18,0

52,0

42,8

30,0

38,2

Соңы

12,1

3,2

36,1

16,0

36,0

42,1

15,8

38,7

Эмоционалды


Басы

0,0

0,0

16,2

15,3

32,8

45,0

51,0

39,7

Соңы

26,0

5,9

38,2

10,0

10,4

30,0

28,0

51,5

Іс-әрекеттік

Басы

0,0

0,0

15,7

14,2

44,0

34,8

40,3

51,0

Соңы

11,7

4,5

29,3

10,9

37,0

33,0

22,0

52,1

Оқушылардың ұлттық дүниетаным қалыптастыруындағы эмоционалдық компоненттің деңгейін анықтауда белгіленген үлгіде сұрақтар берілді. Сурет 5-те берілген талдау эксперимент пен бақылау топтарында жоғары деңгейдің -0,0% екендігін дәлелдейді. Жеткілікті деңгей эксперимент тобында-16,2%, бақылау тобында-15,3%, орташа деңгей эксперимент тобында-32,8%, бақылау тобында-45,0%, төменгі деңгей эксперимент тобында-51,0%, бақылау тобында-39,7% нәтижені көрсетті.


Эксперимент тобы Бақылау тобы



Сурет 5 - Эмоционалды

компонентінің даму деңгейі (пайыз есебімен)
Келесі кезекте бастауыш сынып оқушыларға ұлттық дүниетаным қалыптастырудағы іс-әрекеттік компоненттің деңгейін анықтау болды.



Сурет 6- Іс-әрекеттік компоненттің даму деңгейін эксперимент нәтижесі

Алынған нәтижелердің дұрыстығын дәйектеу үшін ﭏ² Пирсон келісімін пайдаланылады: ﭏ²(хи-квадрат) критерийі төмендегі формула бойынша анықталады.



Мұндағы ; - эксперимент және бақылау топтарынының тәуелсіз таңдалған көлемі;



; - жиліктің байқалуы(білімдері берілген сапалық деңгейге сәйкес келетін оқушылар саны);

С – еркіндік дәрежесі саны.

Маңыздылық деңгейі – 0,05 деп қабылданады.

Бұл критерийдің мәні нөлдік болжауды, яғни эксперимент және бақылау топтарының көрсеткен нәтижелерінде айырмашылық жоқ дегенді алға тартуда болып табылады. Егерде, болжам өзін-өзі ақтайтын болса, онда бақылау және эксперименталды топтардың жауаптарының сапалық жағынан айырмашылықтары кездейсоқ себептермен болғаны деп сипатталады, мұндай жағдайда , ондағы -табылған шамада, ал - кестелік шама. Егер болса, онда эксперименталды және бақылау топтарындағы алынған нәтижелердегі айырмашылық маңызды себептерден деп есептелінеді (кесте 3 ).

Мұндағы, С – еркіндік дәрежесі кестедегі графа санынан бірлік шаманы алып тастағанға тең : 4 -1 = 3

Анықталған нәтижені =11,3 (кестедегі мәнімен) салыстырамыз.



жағдайына сәйкес келетін , 17,9 11,3 7,81 аралықтарында орын алады.

Кесте 3 - Алынған нәтижелердің дұрыстығын дәйектеу үшін ² Пирсон келісімі пайдаланылды
Ткрит және Тэмп мәндері



Топтар

n

Білімді меңгеру деңгейлері бойынша бөлінуі

С


Т крит


Т эмп



жоғары

жеткілікті

орта

Төмен

Экспери-

менталдық



120


12,1

36,1

36,0

15,8

3

7,81

17,9


Бақылау

120

3,2

16,0

42,1

38,7

Бұл деген, көрсетілген топтар арасындағы меңгерілген білім бойынша маңыздылау айырмашылықтың бар екенін көрсетеді. критерийінің пайдаланылуы эксперименталдық және бақылау топтарында алынған нәтижелердің айырмашылығының дұрыстығын дәйектейді.

Сонымен, тәжірибелік-эксперимент нәтижелері зерттеу бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен осы негізінде жасалған жұмыстардың мазмұны, әдістерінің тиімді екендігін дәлелдейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әр халықтың ұлттық мәдениеті халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық- экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етуде. Демек, оқушыларға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру маңызды мәселеге айналып отыр. Сондықтан бастауыш сыныпта оқитын оқушылардың алатын білім мен тәрбиесінің сапалығын жетілдіруде олардың дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми негіздері үлкен роль атқарады.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамын дәлелдеу үшін ұймдастырылған бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастыру жұмыстарының нәтижесі анықталып, қорытынды жасалды:

1. Музыка туындылары оқушылардың сезімталдығын ояту және шығармашылық қабілеттерін дамыту интеллект негіздеріне бағытталатындығы анықталды.

2. Музыка арқылы бастауыш сыныптарда оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру – әуен, музыка тілі, олардың табиғатпен дүниемен үйлесімділігі ұғынуға байланысты іс-әрекетерге бағытталуы тиіс екендігі теориялық тұрғыда негізделді.

3. Аталынған іс-әрекеттер құрылымы әртүрлі болатындықтан, оларды бағалау критерилері мен деңгейлерін, көрсеткіштерін анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

4. Зерттеу жұмысына басшылыққа алынған оқытудың теориялық және педагогикалық негіздері, музыка тілі, мазмұны мен құрылымы, бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастыру моделін жүзеге асыру үшін арнайы педагогикалық шарттар берілді.

5. Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастыру моделі, ұлттық ой мен танымды жалпы адамзаттың құндылықтарын пайымдауды, музыка өнері арқылы дүниені тұтастық ұстанымы негізінде ұғынуды, оқушылардың өмірлік көзқарасын, саналы тіршілігін реттеуге міндеттеуді арнайы әдістемелер арқылы жүзеге асыру саналды.

6. Оқушылардың пікір-сайыс негізінде музыка санаттарын талдай алу қабілетінің қалыптасуы, оларды дидактикалық тұрғыда оқыту үдерісінде қолданылған әдістері мен тәсілдері музыка өнеріндегі халық музыкасы бейнесін, классикалық музыкадағы көріністерін сипаттау әрекеттерін меңгертуін, жалпы қолданатын әдістердің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы дәлелденді.

Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру бойынша мынандай ұсыныстар беріледі:

- музыка арқылы оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру бойынша мектеп мұғалімдеріне арнайы әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар жасау;

- ұлттық дүниетанымды қалыптастыру бойынша этнопедагогикалық тұрғыда зерттеулер жүргізу;

- ұлттық дүниетанымға байланысты арнайы зерттеулер жүргізу.



Диссертацияның мазмұны мынандай басылымдарда жарияланды:


  1. Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудағы танымдық іс- әрекеттерін арттыру жолдары //«Жас ғалымдардың қазіргі заманғы ғылыми зерттеулері: проблемалар және оларды шешу жолдары» жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. – Астана, 2007. – Б.53-55.

  2. Инновациялық технологиялар туралы мәлімет //Шымкент педагогикалық институтының 70 жылдығына арналған «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» – Шымкент, 2007. – Т.2. – Б. 182-186.

  3. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға музыкалық тәрбие беру //Жусуп Баласагын атындағы Кыргыз улуттук университетинин «Жаршысы» – Бишкек, 2008. – Б. 216-219.

  4. Ән- күй өнерінің дүниетанымды қалыптастырудағы әсері //«Білім» Ғылыми-педагогикалық журнал. – Алматы, 2008. №2 (38). – Б. 12-18.

  5. Қазақ мектептеріндегі музыкалық білім берудің мақсаты мен мүмкіндіктері //«Ізденіс» – Алматы, 2008. №2(2). – Б. 242-245.

  6. Ұлттық дүниетанымды саз өнері арқылы қалыптастыру мәселесі //«Сырдария» университетінің 10 жылдығына арналған «Жаңа әлемдегі Қазақстан және ұлттық білім беру проблемалары» – Жетісай, 2008. –Б. 420-243.

  7. Қазақ музыкасының оқушы дүниетанымын дамытудағы мүмкіндіктер //Ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Шымкент, 2008. Т2. – Б. 17-20.

  8. Ұлттық музыка – дүниетаным құралы //«Қазақстан мектебі» – Алматы, 2008. №9. – Б. 12-15.

  9. Дүниетаным ұғымы туралы ғалымдардың көзқарасы //«Ұлт тағылымы» – Алматы, 2008. №1. – Б. 24-26.

  10. Сыныптан тыс жұмыстарының оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі //«Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Шымкент-Москва, 2009. – Б. 16-19.

  11. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері //«Зерттеуші» –Шымкент, 2010. № 7 (51). – Б. 112-118.


РЕЗЮМЕ

Ахтанова Салтанат Кубейбековна
Педагогические условия формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки
13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика
Актуальность исследования. В условиях все нарастающей глобализации, унификации духовной и материальной культуры каждый народ желает сохранить свою самобытность, культурные ценности, язык, обычаи, традиции, выражая свою потребность в духовном самоопределении. В Законе «Об образовании в Республике Казахстан» одной из важнейших задач системы образования является «создание необходимых условий для получения качественного образования, направленного на формирование, развитие и профессиональное становление личности на основе национальных и общечеловеческих ценностей, достижений науки и практики».

В этой связи в процессе образования и воспитания молодежи необходимо, во первых, учитывать глобальные изменения, происходящие в мире, и, во вторых, особо обратить внимание на глубокое изучение национальное, культурно-историческое и социально–экономическое состояние своего народа. Отсюда воспитание сознательной личности школьника, обладающей общечеловеческими и национальными ценностями является актуальной современной проблемой.

В контексте происходящего возрастает ответственность образовательных институтов общества, в особенности – общеобразовательной школы в формировании личности подрастающей смены. Отсюда, одной из главных задач, стоящих на современном этапе перед педагогической теорией и практикой в процессе воспитания подрастающего поколения, является проблема формирования национального мировоззрения современных школьников. В этом аспекте становится особенно важным использование огромных педагогических возможностей музыкального искусства.

Цель исследования: выявление и теоретическое обоснование педагогических условий, обеспечивающих эффективное формирование национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки.

Объект исследования: учебно-воспитательный процесс в начальных классах.

Предмет исследования: формирование национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки.

Гипотеза исследования: если теоретические основы формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки определяются педагогическими условиями, результатами разработанного содержания и методики, тогда будет обеспечена возможность формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов, музыкальные произведения будут способствовать раскрытию чувств и развитию творческих способностей у младших школьников

Задачи исследования:


  1. Определить теоретические основы формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки.

  2. Разработать структурно – содержательную модель по формированию национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки.

  3. Выявить педагогические условия формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки.

  4. Проверить в опытно – экспериментальной работе результаты методики формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки.

Теоретико-методологическую основу исследования составляют: теория личности, философские, психологические, педагогические теории о мировоззрении; теория о взаимосвязи общечеловеческого и национального; теория восприятия искусства; современные гуманистические концепции; политика государства в области образования.

Методы исследования: теоретический анализ философской, психолого-педагогической, этнопедагогической, историко-этнографической, художественной, искусствоведческой, научно-методической литературы по проблеме исследования; изучение школьной документации, анализ творческих работ школьников, анкетирование, беседа, изучение передового педагогического опыта, педагогический эксперимент, статистическая обработка и обобщение полученных результатов.

Научная новизна исследования:

- дано научно-теоретическое обоснование проблемы формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки;

- выявлены основные педагогические условия, обеспечивающие эффективное формирование национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки;

- разработана структурная модель формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки, а также определены критерии, показатели и предполагаемые уровни сформированности исследуемого качества у учащихся начальных классов средствами музыки;

- разработана и экспериментально обоснована методика формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки.

Практическая значимость исследования заключается в том, что теоретические выводы и научно-методические рекомендации позволяют обеспечить эффективность организации процесса формирования национального мировоззрения младших школьников средствами музыки.

Разработанная и апробированная модель формирования национального мировоззрения младших школьников средствами музыки и методика формирования исследуемого качества у младших школьников, а также полученные в ходе исследования результаты и сформулированные на их основе рекомендации могут быть использованы в практике общеобразовательных школ, педагогических колледжей, высших учебных заведений, в системе повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров.



Положения, выносимые на защиту:

-научно-теоретическое обоснование проблемы формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки;

-педагогические пути и условия формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки;

-структурная модель формирования национального мировоззрения у учащихся начальных классов средствами музыки, структура которой определяется совокупностью критериев и показателей содержательного, мотивационного и процессуального компонентов;



-результаты экспериментальной проверки и внедрение в практику методики формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами музыки.

Апробация и внедрение результатов исследования в практику осуществлялись в ходе опытно-экспериментальной работы, в форме научных докладов на Международных (Астана, 2007; Шымкент, 2007,2008) научно – практических конференциях, а также посредством публикаций в научно – педагогических изданиях, рекомендованных Комитетом по надзору и аттестаций в сфере образования и науки Республики Казахстан («Білім», «Қазақстан мектебі», «Ұлт тағылымы», «Ізденіс»).

Перспективы исследования. В перспективе данное исследование может иметь направления в аспекте изучения проблем формирования национального мировоззрения учащихся начальных классов средствами, внутрипредметной и межпредметной интеграции, декоративно-прикладного искусства, эстетического воспитания, изучения национального культурного наследия региона, ученических творческих проектов и др., в совокупности с индивидуализацией и дифференциацией развивающего обучения.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет