Ақжар ауданы Бестерек орта мектебі



Дата01.07.2016
өлшемі49.63 Kb.
#170009
түріСабақ


Ақжар ауданы

Бестерек орта мектебі

Абдыкеева К.А.

География 8 – сынып

Тақырып: Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы.

Мақсаты:

Білімділік.

Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы

факторлар туралы білімдерін жүйелеу. «Күн радиациясы» ұғымын

қалыптастырып, оның түрлерімен (тура, шашыранды, жиынтық)

таныстыру. Қазақстан аумағында жиынтық күн радиациясының

таралу заңдылықтарын түсіндіру.



Дамытушылық.

Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту.



Тәрбиелік.

Өз елінің климатын түсіндіре отырып, өз жеріне деген сүйіс-

пеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдер: ұжымдық, топпен, сызба, картамен жұмыс, сұрақ-жауап,

баяндау, талдау, электронды оқулықпен жұмыс.

Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, 8 сынып атласы, кескін

карта, электронды оқулық, проектор, сызба.


Сабақ барысы: І. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақ мақсатын, міндетін айту.

ІІ. «Миға шабуыл». Электрондық оқулықтан І тоқсанда

өткен тақырыптар бойынша тест орындау.

1. Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы.

2. Қазақстанның орталығында орналасқан.

3. Қазақстанның кембрийге дейінгі даму кезеңі.

4. Орталық Қазақстанда қандай морфоструктура типтері тараған.

5. Кайназой кезеңіндегі болған өзгерістер.

6. Каледон орогенезіндегі пайда болған таулар.

7. Қарақия ойысы қайда орналасқан.

8. Қазақстан Республикасы шекарасындағы шеткі нүктелерінің солтүстік ендігі.

9. Қазақ жерін зерттеген орыс ғалымдары.

10. Қырғыз халқының «Манас» эпосын алғаш рет қағазға түсірген саяхатшы-ғалым.

11. Қоңырат кен орнынан қандай кен алынады.

12. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты қандай кенді байытады.

13. Боксит кенінен қандай металл қорытылады.

14. Қазақстанның қай аймағы мұнай мен газға бай.

15. Қазақстанның маңыздылығы бойынша бірінші көмір бассейні.

16. Қазақстанда негізгі фосфор кен орындары қай тауда орналасқан.

17. Әлемдік хром қорындағы Қазақстанның үлесі.

18. Мұғалжар тауының ең биік жері.

19. Қазақстандағы жер бедері атынан көрініп тұратын географиялық объект.

20. Үстірт үстірті Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан.

21. Қазақстан тауларының орташа биіктігі.

22. Кайназой эрасы қандай дәуірлерден тұрады.

23. Қазақстанның қай жерінде палеозойға дейінгі жыныстар шығып жатыр.

24. XI ғасырда дөңгелек картаны жасаған кім.

25. Қазақстан территориясы қандай сағаттық белдеулерде орналасқан.

ІІІ. «Ой шақыру» сұрақ-жауап әдісімен сабақтың тақырыбын ашу:



  1. Климат деген не?

  2. Климат картасында не көрсетіледі?

  3. Қандай климаттық белдеулерді білесіңдер?

  4. Климат пен ауа райының айырмашылығы қандай?

  5. Климатты қандай факторлар құрайды?

ІV. Жаңа тақырып түсіндіру.

Жоспар: 1. Қазақстанның климаты.

2. Климат қалыптастырушы факторлар.

3. Күн радиациясы ұғымы, түрлері, түсу мөлшері.
1-2. Электронды оқулықтан «Қазақстанның климаты», «Климат қалыптастырушы факторлар» тақырыптарының мәтінін тыңдау.
Бағыттау сұрақтары:

-Қазақстан аумағы қандай климаттық белдеуге жатады?

-Қазақстанның климаты қоңыржай белдеудің қандай типіне жатады?

-Климаттың континенттігін не арттырады?

-Құрғақшылықтың Қазақстанда пайда болуына қандай фактор әсер етеді?

-Қазақстанның климаты қандай факторлармен анықталады?


3. Электронды оқулықтың «Күн радиациясы» тақырыбының мәтінін тыңдау.

Слайд №1


тура күн радиациясы

шағылысқан күн радиациясы


шашыранды күн радиациясы

тұтылған күн радиациясы

Слайд №2



  • Тура күн радиациясы -жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20%-ын атмосфера кері шағылыстырып,қалған бөлігінің жер бетіне жетуі.

  • Шашыранды радиация –күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары ,мұз түйіршіктері, шаң-тозаңдар, бұлттар өзіне сіңіріп және шашыратып таратуы.

  • Жиынтық радиация –жер бетіне келетін тура және шашыранды радиациясының қосындысы.

  • Жұтылған радиация –жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ,су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынуы.

  • Шағылысқан радиация –жұтылған радиацияның кері шағылысуы.

Күн радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Оңтүстікте орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түсіп, атмосфераны қысқа жолмен кесіп, жылуды көп береді. Солтүстікке барған сайын күн сәулесі көлбеу бұрышымен түсіп, атмосфераны ұзақ жолмен кесіп, жылуды аз береді.

Күн радиациясы Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылықтарына байланысты. Солтүстікте жылына орта есеппен 120 ашық күн болса, оңтүстікте -260 күн. Бұлтты күндер саны орта есеппен солтүстікте 60 күн, оңтүстікте (Балқаш маңында)-10 күн.
V. Жаңа тақырыпты бекіту:

1. Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасымен жұмыс істеу.(Сыныпты 3 топқа бөлу)


Топпен жұмыс.

І топ- Петропавл, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Тараз және Шымкент қалаларының

жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтау.

ІІ топ- Қазақстан аумағындағы 660 меридианы бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай

жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?

ІІІ топ- Бір ендіктің бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында

жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?
Алынған фактілерді пайдалана отырып жиынтық радиацияның таралу заңдылықтары туралы қорытынды шығару.

VІ. Тақырыптың қорытындысы:

1.Қазақстанның климаты климат түзуші факторлардың – күн сәулесінің құлау бұрышы, атмосфера циркуляциясы мен жердің беткі қабатының әсерінен қалыптасады.

2.Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатуына байланысты күн радиациясының мөлшері ауытқып отырады. Солтүстікте 100 ккал, оңтүстікте

155 ккал-ға дейін

3.Теңіздер мен мұхиттардың алшақтығы, жер бедерінің алуан түрлілігі мемлекетіміздің көптеген жерінде континентті және шұғыл континенті климат типін қалыптастырады.


VII. Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалар:

  1. Өздерінің тұрған жер климатына қандай факторлар әсер ететінін анықтаңдар.

  2. Климаттық картаны пайдаланып, жергілікті жердің климатындағы басты ерекшелікті анықтаңдар.

VІIІ. Үй тапсырмасы:



  1. 22 параграф

  2. Кескін картаға жиынтық күн радиациясын түсіру.


IX. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет