Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы



Дата08.07.2016
өлшемі59.5 Kb.
#185593
Жезқазған қ. әкімдігінің 2009 ж. 3 қыркүйегіндегі №23/14 қаулысымен күшін жойған болып танылады.

Жезқазған қаласы қорғаныс

істері жөніндегі басқармасының

әскерге шақыру учаскесіне 1992

жылы туған азаматтарды тіркеу туралы

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2009 жылдың қаңтар-наурызында Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары тіркелетін болсын.

2. Тіркеуді ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық тіркеу жөніндегі комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Тіркеу комиссиясының мүшелері ауырып қалған және басқа да себептермен болмай қалған жағдайда қалалық тіркеу комиссиясының резервтік құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Медициналық комиссияның құрамы 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының Жезқазғандағы аймақтық өкілдігінің бастығына (Қабыкенов Кенжетай Қабыкенұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде тіркеу комиссиясы жұмысының барлық кезеңінде медициналық комиссия мүшелерінің жұмыс орындарының сақталуын және медициналық комиссияны дәрі-дәрмектермен, құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).

6. «Жезқазған қаласының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы (Төлендина Зоя Майлыбайқызы), «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы (Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде «Қарағанды

2
облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің қарамағына қажетті техникалық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).

7. «Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасы» Мемлекеттік мекемесіне (Бөлекбаев Берік Сейтханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес:

1) әскери міндеттілікті атқарудан бұлтарған адамдарды іздестіріп, жеткізуді қамтамасыз ету;

2) қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ұсталған немесе тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы деректерді белгіленген мерзімде «Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына» тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).

8. Талап (Ниязбеков Марат Әбдікәрімұлы), Кеңгір (Сүттібаева Назикүл Сейтқалиқызы), Малшыбай (Мейрамов Елжас Даулетярұлы) селоларының әкімдері әскерге шақыру жасындағы азаматтарға қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақырылғаны туралы хабарлап, Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуін қамтамасыз етсін.

9. «Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы» Жезқазған қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1305/12 (2008 жылдың 6 ақпанында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-59 нөмірімен тіркелген және 2008 жылдың 15 ақпанында «Сарыарқа» газетінің 13 нөмірінде және 2008 жылдың 15 ақпанында «Жезказганская правда» газетінің 3 нөмірінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

11. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Станислав Валентинович Филиповичке жүктелсін.


Қала әкімі Қ. Балмағамбетов

Келісілді:
«Жезқазған қаласының білім бөлімі» Төлендина Зоя

Мемлекеттік мекемесінің бастығы Майлыбайқызы


«Жезқазған қаласының жұмыспен Мырзаханов Бағлан

қамту және әлеуметтік бағдарламалар Мырзаханұлы

бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің

бастығы

3
«Жезқазған қаласының ішкі істер Бөлекбаев Берік



басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің Сейтханұлы

бастығы
Қарағанды облыстық денсаулық Қабыкенов Кенжетай

сақтау басқармасының Жезқазғандағы Қабыкенұлы

аймақтық өкілдігінің бастығы

«Қарағанды облысы Жезқазған Шамбұлов Әділхан

қаласының қорғаныс істері жөніндегі Құрманұлы басқармасы» Мемлекеттік мекемесі

бастығының міндетін атқарушы

4
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы « 15» желтоқсандағы №822/12

қаулысына 1- қосымша

Қалалық тіркеу комиссиясының

құрамы

Ақатов Манас Олжабайұлы - «Қарағанды облысы Жезқазған

қаласының қорғаныс істері

жөніндегі басқармасы» Мемлекеттік

мекемесінің бастығы,

комиссия төрағасы


Филипович Станислав Валентинович - Жезқазған қаласы әкімінің

орынбасары, комиссия төрағасының

орынбасары


Комиссия мүшелері:


Әбенов Абдынасыр Молдабайұлы - Жезқазған қалалық ішкі істер

басқармасы бастығының орынбасары

Мұқанов Амангелді Мұқанұлы - жүйке-тамыр дәрігері,

медициналық комиссия төрағасы

Осипчук Валентина Павловна - медбибі, әскерге тіркеу

комиссиясының хатшысы

5
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы «15» желтоқсандағы №822/12

қаулысына 2 - қосымша

Қалалық тіркеу комиссиясының

резервтік құрамы

Шамбұлов Әділхан Құрманұлы - «Қарағанды облысы Жезқазған

қаласының қорғаныс істері

жөніндегі басқармасы» Мемлекеттік

мекемесі бастығының орынбасары,

комиссия төрағасы


Мухамбедин Аманғали Әбдіқалықұлы - Жезқазған қаласы әкімінің

орынбасары, комиссия төрағасының

орынбасары


Комиссия мүшелері:

Мұхамедканов Марат Мұхтарұлы - Жезқазған қалалық ішкі істер

басқармасы бастығының орынбасары


Михальченко Марина Михайловна - терапевт-дәрігері,

медициналық комиссия төрағасы

Титова Ирина Анатольевна - медбибі, әскерге тіркеу

комиссиясының хатшысы

6
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы «15» желтоқсандағы №822/12

қаулысына 3 - қосымша

Медициналық комиссия құрамы





  1. Жүйке – тамыр дәрігері,

комиссия төрағасы - Мұқанов Амангелді Мұқанұлы



  1. Оташы (хирург) - Мұқанов Бек Өмірбекұлы




  1. Тіс дәрігері - Ладурко Раиса Денисовна




  1. Көз дәрігері - Ерназарова Ақлима Танатқызы




  1. Терапевт-дәрігері - Михальченко Марина Михайловна




  1. Тері аурулары дәрігері - Оспанова Гүлдара Оспанқызы




  1. Дәрігер отоларинголог - Қаппасова Енлік Жәмшитқызы




  1. Дәрігер психиатр - Күпенова Майра Күпенқызы




  1. Дәрігер фтизиатр - Мелымко Елена Ивановна




  1. Комиссия хатшысы - Осипчук Валентина Павловна




  1. Орта медициналық персонал- 4 адам


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет