Күн радиациясының ауылшаруашылығы дақылдарының өніп-өсуіне әсерi



бет1/6
Дата06.06.2023
өлшемі37.34 Kb.
#474755
  1   2   3   4   5   6
Дәріс 4


Дәріс 4
Күн радиациясы. Топырақтың температуралық режимі/ Жергілікті аймақта қолданылатын агротехникаларға ауа райы және климат жағдайларының тиімді әсері


Күн радиациясының ауылшаруашылығы дақылдарының өніп-өсуіне әсерi
Күн радиациясы метеорологиялық элементтер дiң iшiндегi ең маңыздысы болып табылады. Жер бетiндегi барлық физикалық құбылыстардың жүруiнiң негiзгi күшi күн радиациясы болып есептелiнедi.
Күн - үлкен шар тәрiздес, беткейiндегi температура 60000С, ал iшкi жағында температура 40 млн градусқа жетедi. Күнде тоқталмайтын ядерлық реакциялар болып жатады, соның әсерiнен 5,3х1027 кал/мин энергия жан жағына бөлiнiп жатады. Осы энергиядан 1 км2 жер бетiне жылына 2,5х1012 ккал жетедi. Бұл энергияның жер бетiне келуi күн мен жарық ара қашықтығына байланысты болады.
Күн мен жер дiң ең жақындағандағы ара қашықтығы 147 млн.км. Бұндай ара қашықтық қаңтар айының 2 жұлдызында байқалады. Ал ең алыстағаны 5 шiлде – 152 млн.км.
Күннен шыққан радиация жер бетiне жеткенге дейiн атмосферада бiраз мөлшерi пайдаланылады (сiңедi). Әр түрлi (бұлт, газдар) атмосфера құрамдарынан шағылысады, осының нәтижесiнде радиацияның 43% атмосферада қалып қояды да 57% жер бетiне жетедi, одан 14% жер бетiнен шағылысады да 43% жер бетiне жетiп жылулық бередi. Сондықтан, атмосферада күн сәулесiнiң үш түрi пайда болады: тура, шашыраған және шағылысқан.
Күн радиациясы өсiмдiктер дiң өсуiне үлкен әсер тигiзедi. Оның әсерiнен өсiмдiк құрамында хлорофил пайда болады да күн сәулесi әсерiнен фотосинтез жүредi.
6СО2+6Н2О = С6Н12О6+6О2
Сондықтан неғұрлым күн сәулесi көп болған сайын, белгiлi бiр мөлшерге дейiн, солғұрлым фотосинтез жақсы жүредi, нәтижесiнде өнiмдiлiк артады. Осыған байланысты биологтар мен физиологтардың алдына қойылған үлкен мақсат өсiмдiктер дiң күн радиациясын пайдалану коэффициентiн арттыру жолдарын iздестiру. Радиация (жарық) болмаған жағдайда өсiмдiк тұқым құрамындағы қоректiк заттар күшiмен өседi, ақ түстес болады, ал тұқымдағы қоректiк заттар бiткен соң ол өсуiн тоқтатады.
Мысалы: Жарық түспейтiн жердегi картоптың өсуi.
Күн радиациясы арқылы атмосферада, жер бетiнде температура жоғарылайды да өсiмдiктер дiң өнiп өсуiне қолайлы жағдайлар туғызылады. Сонымен қатар, күн радиациясы өнiмнiң сапасына да әсерiн тигiзедi. Мысалы, қант қызылшасындағы қанттың мөлшерi күн радиациясының көп және аз болуына байланысты, күн радиациясы көп болған сайын қант мөлшерi көбейедi.
Жоғары (тауға) көтерiле берген сайын радиация көбейе бередi, соның әсерiнен жоғарыда өсiрiлген шөптер өте жоғары қантты, дәмдi болып келедi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет