«Айдаһар» Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек. «Айқын мақсат қоя отырып»



бет40/55
Дата30.03.2023
өлшемі1.57 Mb.
#471373
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Жаңа әдіс- тәсілдер

«Соңғы сөзді мен айтайын»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын белгілеп қояды.
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері.
4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.
7-қадам: Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы басынан қайта басталады.


«Соқыр паровоз»
Қатысушылар үштен бөлініп тұрады. Алдыңғы ойыншының көзі байланады. Ол үшінші ойыншының айтқанымен жүреді, ортадағы ойыншы кедергі, ол паровоздың дауысын салады. Бірнеше паровоз осылайша діттеген жерге жету керек. Мұнда көшбасшыға сенім, сенімсіздік, көшбасшының кедергіге қарамастан, топты алып жүруі сарапқа салынады.
«Социометрия»
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.
«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: «Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»
Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет