Айдархан Тұрлыбаев



Дата20.09.2022
өлшемі136.73 Kb.
#460989
түріӨмірбаяны
Айдархан


Айдархан Тұрлыбаев


Айдархан Тұрлыбаев (25 тамыз 1877, Мезгіл болысы, Көкшетау уезі, Ақмола облысы, Дала генерал-губернаторлығы - 23 қараша 1937) — Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер.

Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қарауыл руының Шөмек атасынан шыққан. 1897 жылы Омбы гимназиясын тамамдаған. 1897-1902 жылдары Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқыған. Дәл осы оқу орындарында онымен бір мезгілде кейін қайраткер, қаламгер болып қалыптасатын Р.Мәрсековте білім алғаны мәлім. Университеттен кейін жас заңгер Омбының заң орындарына қызметке жіберіледі. Адвокат және «присяжный поверенный» болады. Заңгердің қайраткерлігі жөнінде «Қазақ» газеті 1917 жылы былай деп жазды: «Айдархан Думаға лайық еді...».
1917 жылы 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Омбыда Ақмола облыстық қазақ сиезі өткенде, ол осы жиынға төрағалық етеді. Осы жолы әр езден келген 150 делегат А.Тұрлыбайұлын Ақмола облыстық қазақ комитетінің төрағасы етіп сайлайды. 1917 жылы Алаш партиясы құрылатын I жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын II жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады.
Ол I сиезде Ақмола облысынан Бүкілресейлік құрылтайға және Бүкілресейлік мұсылмандар сиезі - «Шора-и-исламға» делегат болып белгіленеді. II сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Ақмола облысынан мүше болып сайланады. Бір айта кетер жайт, осы сиез үкімет төрағасын сайлағанда, Айдархан Ә.Бөкейхан, Б.Құлмановтармен бірге баламалы негізде ұсынылады. Дауыс нәтижесінде А.Тұрлыбаев Әлиханнан кейін екінші орын алады.
Большевик пен Алаш ашық күрескш жылдары қайраткер Х.Ғаббасов, Б.Мәметов сынды азаматтармен бірігіп Семейде бір ұлт полкін жасақтауға жәрдемдеседі. 1919 жылы ақпанда Омбы қаласында Колчак үкіметі ішкі істер министрінің орынбасары П.Ф.Коропачинскийдің төрағалық етуімен алдын-ала талданған «Қазақ халқының әкімшілік-шаруашылық құрылымы туралы мәселе» бойынша Ә.Бөкейхан, У.Танашевпен бірлесіп сындарлы ой айтады. Кеңес өкіметі тұсында ол Омбы қаласының түрлі заң орындарында адвокат, кеңесші, сот жүргізушісі болып қызмет атқарады. Саяси қуғын-сүргін оны жазбай танып, 1934 жылы абақтыға жабады. Мұнда 6 ай азап шегеді. 1937 жылы қайта ұсталып, ату жазасына кесіледі. РФ Омбы облысы федералдық қауіпсіздік қызметі мұрағатында «кеңес өкіметіне қарсы саяси-төңкерістік әрекеті үшін» деген айыппен тұтқындалған Айдархан пен оның серіктеріне қатысты том-том «істер» сақталған.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Санкт-Петербург университетінде оқыған қазақ жастарының саны жиырманың үстінде болды. Солардың бірі – Айдархан Тұрлыбаев. Яғни, қазақ зиялыларының басым көпшілігі ол кездерде Ресейдің ірі деген қалаларындағы оқу орындарынан білім алып, саяси әрекеттерге алғаш сол жақтарда араласып, қоғамдық-саяси көзқарастарын қалыптастыра бастаған. Ал адамның тұлға ретіндегі қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына оқыған оқу орнының ықпалы қашан да жоғары дәрежеде болатыны айтпаса да түсінікті.


Университеттік ортада ой еркіндігі кең қанат жайып, талай түлектері Ресейдің ғана емес, сондай-ақ қазақ елінің де қайнаған қоғамдық өміріне белсене араласқан.
Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Айдархан Тұрлыбаев Ақмола облысы, Көкшетау уезінің Мезгіл болысында туған.
Санкт-Петербург мұрағатында Тұрлыбаев Айдарханға қатысты материалдар №14, №3, №34, №521 істерде жинақталған. 1897 жылы Омбы гимназиясын тәмамдаған ол 1897-1902 жылдар аралығында Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқиды.
Омбы гимназиясында 8 жыл (1889-1897) оқып шыққан соң, А.Тұрлыбаевқа оны үздік бітіргендігі туралы №249 кәмелеттік аттестат беріледі. Мәтіні: «Бұл аттестат Омбы гимназиясында 8 жыл (1889-1897) оқыған және ҮІІІ сыныпта бір жыл болған, мұсылман дініндегі, қырғыздың он тоғыз жастағы ұлы Тұрлыбаев Айдарханға берілді, біріншіден, Омбы гимназиясында оқыған уақыт бойы жүргізілген бақылауға алу негізі бойынша, тәртібі өте жақсы, сабаққа қатынасуы және дайындығы, сондай-ақ жазба жұмыстарды орындаудағы ұқыптылығы үлгі тұтарлықтай, ыждаһаттылығында мін жоқ, барлық пәндерге деген білімқұмарлығы тең дәрежеде болды», – деп келеді (Санкт-Петербург ОМТМ. Қор.14. Тіз.3. Іс.34521. парақ.28.).
Айдархан Тұрлыбайұлы - Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Ақмола облысы Көкшетау уезінің Мезгіл болысында туған. 1897 жылы Омбы гимназиясын тәмамдаған. 1897-1902 жылдары Санкт-Петербор университетінің заң факультетінде оқып бітірген. А.Тұрлыбайұлы гимназия мен университетті көрнекті Алаш зиялыларының бірі - Райымжан Мәрсековпен бірге оқып, бірге бітірген. 1902-1917 жылдары университетті бітіргеннен кейін Омбының заң орындарында адвокаттық қызмет қылып, «присяжный поверенный» болады. Заңгердің қайраткерлігі жөнінде «Қазақ» газетінде 1917 жылы былай деп жазады: «Айдархан Тұрлыбаев, присяжный поверенный, заң ғылымына жетік, іскер адам. Айдархан 1-һәм 2-Госдумаға Ақмола облысынан депутат болуға лайық еді, ол кезде халық мұнан гөрі қараңғырақ болып, һәм Айдархан қарсыласы жуан ауылдан болғандықтан, марқұм Науан хазіреттің баласы депутат болып еді». А.Тұрлыбайұлы төңкеріс жылдары қазақ қоғамындағы қоғамдық-саяси қозғалысқа белсене араласып, Қазақ елінің келешегі үшін келелі істер атқарған. Патша өкіметі құлаған соң қазақ даласының аумағында жер-жерде ұлттық қозғалыс бел алып, ұлттық мәселелер көтеріле бастайды. 1917 жылы 25 сәуір - 5 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен Ақмола облыстық қазақ съезі осындай қозғалыстың бірі болды. Съезд төрағалығына Айдархан Тұрлыбаев, орынбасарлығына Асылбек Сейітов сайланады. Қазақ өлкесінде өткен басқа да қазақ съездеріндегідей, бұл съезде де дәурені өткен бұрынғы жергілікті билік тармағын таратып, земство енгізу, ана тілінде, жалпы, тегін оқыту, халықтың діни мұқтаждарын орындау мәселелері талқыланады. Әсіресе, жер мәселесі өткір қаралады. Жер үлесін бөлгенде Құрылтай жиналысының шешіміне сәйкес, алдымен қазақтарды қамтамасыз етіп, оған дейін Құрылтай жиналысы өткенше әлі ешкім қоныстанбаған, бірақ қазақтардан тартып алынған жерлерді өздеріне қайтарып беру мәселесін қойып талқылайды. Осы съезде әр уезден келген 150 делегат А.Тұрлыбайұлын Ақмола облыстық қазақ комитетінің төрағасы етіп сайлайды. 1917 жылы А.Тұрлыбайұлы Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына белсене қатысқан. Ол І съезде Ақмола облысынан Бүкілресейлік құрылтайға және Бүкілресейлік мұсылмандар съезі - Шора-и-Исламға делегат болып сайланды. Алаш партиясының Ақмола облыстық комитетін құруға ат салысты. «Үш жүз» партиясына қарсы шығып, онымен бірлесе әрекет етуді қолдамады. ІІ съезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Ақмола облысынан мүше болып сайланады. Осы съезд үкімет төрағасын сайлағанда, Айдархан Тұрлыбайұлының кандидатурасы Ә.Бөкейхан, Б.Құлманұлы кандидатурасымен бірге баламалы негізде ұсынылады. Дауыс нәтижесінде А.Тұрлыбайұлы Әлиханнан кейін екінші орын алады. А.Тұрлыбайұлы Алаш милициясын ұйымдастыруда белсенділігімен көзге түсіп,. Семейде бір Алаш полкін ұйымдастыруға Х.Ғаббасов, М.Тынышбаев, Б.Мәметовтармен бірге тікелей ат салысқан. 1919 жылы 11 ақпанда Омбы қаласында Колчак үкіметінің ішкі істер министрінің жолдасы (орынбасары) П.Ф.Коропачинскийдің төрағалығымен өткен «Қазақ-қырғыз халқының әкімшілік-шаруашылық құрылымы туралы мәселе» жөніндегі ведомствоаралық алдын ала өткен мәжілісіке Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейхановпен бірге оның мүшелері У.Танашев пен А.Тұрлыбаев қатысқан. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Омбы қаласының түрлі заң орындарында адвокат, кеңесші, сот жүргізушісі болып қызметтер атқарады. Саяси қуғын-сүргін оны жазбай танып, 1934 жылы абақтыға жабады. Мұнда 6 ай азап шегеді. А.Тұрлыбайұлы 1937 жылы 14 маусымда қайта ұсталып, «ұлтшыл», «ұлттық буржуазия өкілдерінің сойылын соғушы» ретінде айыпталып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы ақталды. Ресейдің Омбы облысы федералдық қауіпсіздік қызметі мұрағатында «кеңес өкіметіне қарсы саяси-төңкерістік әрекеті үшін» деген жалған айыппен тұтқындалған. А.Тұрлыбайұлы мен оның серіктеріне қатысты том-том «істер» сақталған. Ұрпақтарының айтуынша, бір дерекке тоқтала кетсек: «Айдархан мен Қажымұқан балуан жақсы араласып тұрса керек. Қайран азаматқа «халық жауы» деп пәле жабылғанда бұрынғы араласып жүрген таныстары оның отбасына жоламағанда жалғыз осы Қажымұқан ғана келіп, халдерін біліп, еңкілдеп жылаған екен. Балуан кейін өзінің бір баласының атын Айдархан деп қойғаны, есіл ерді қаншалықты қадір тұтқанын көрсетсе керек».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет