Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стакандар, бірнеше қасық ас тұзы. Тапсырма: Суы бар стаканға жұмыртқаны ептеп сал,не байқалады? Екінші стаканға 10 шай қасық ас тұзын сал, толық ерігенше араластыр,кейін жұмыртқаны сал
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стакандар, бірнеше қасық ас тұзы.
Тапсырма:
1. Суы бар стаканға жұмыртқаны ептеп сал,не байқалады?
2. Екінші стаканға 10 шай қасық ас тұзын сал, толық ерігенше араластыр,кейін жұмыртқаны сал, не байқалады физика тұрғысынан түсіндір
Қажетті заттар: стакан, қалың қағаз. Тапсырма: Стакан жиегіне дейін су толтырыңыз.
- бетін қағазбен жабыңыз
- бір қолыңызбен стакан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стаканға қысып ұста.
- енді түбін жоғары қаратып, стаканды өте жылдам төңкер
- қолыңды ептеп қағаздан ажырат
Не байқалады? Физикалық тұрғыдан түсіндір?
Қажетті заттар:Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Тапсырма: осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан физикалық құбылысқа сүйеніп қалай алуға болады?
Қажетті заттар: Суы бар тарелке, түйреуіш, магнит Тапсырма: Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті физикалық құбылысқа сүйеніп қалай алуға болады, түсіндіріңіз?
Қажетті заттар: Бөтелке,қағаз,шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа.
Тапсырма:Қалайша жұмыртқаны бөтелкенің ішіне сыйғызуға болады?
Қажетті заттар: Су толы ыдыс, картоп, сіріңке, өшіргіш, қағаз
Тапсырма: су толы ыдысқа барілген заттарды ретімен саламыз, сол уақытта қандай физикалық құбылысты байқауға болады?
Қажетті заттар: Су құйылған тарелке, тиын.
Тапсырма: Су толы тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
Қажетті заттар: Шар, тұз, бұрыш.
Тапсырма: Тұз бен бұрыш араластырылған, қандай құбылыс арқылы оларды ажырата аламыз?
Қажетті заттар: салқын және ыстық су, шәй қалтасы
Тапсырма: - 1ші кеседегі салқын суға шай салыңыз
- 2ші кеседегі кесеге шай салыңыз.
Не байқадыңыз,түсіндіріңіз?