Айы, күні, жылы: Пәні: Сольфеджио Оқытушы



Дата20.06.2016
өлшемі1.41 Mb.
#150770
түріСабақ
Айы, күні, жылы: Пәні: Сольфеджио

Оқытушы: Сакуова Г.

Топ: 1 сынып

Тақырыбы: Қозғау белгілері, аталуы, атқаратын қызметі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Әуен көптеген дыбыстардан тұрғандықтан, дыбыстарды, олардың қасиеттерін қарастыру, орналастырып санай білу.

  2. Тәрбиелік мақсаты: Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

  3. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тындау, еске сақтау, ырғақтық қабілетін, санау және жаза білу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.



Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, түрлі еске сақтау қабілетін дамытушы ойындар.



Көрнекілік құралдары:

Күйсандық, слайдтар, үлестірілетін материалдар, схемалары бар жеке үлестірілетін буклеттер.



Пәнаралық байланыс:

Гармония, педагогика, математика, физика.



Сабақ барысы:

  1. Амандасу. Сабаққа бейімдеу. 2 мин

  2. Дауыс ашу жаттығуларын жасау. 7 мин

  3. Үй тапсырмасын сұрау. 10 мин

  4. Өткенді қайталау. 10 мин

  5. Жаңа материалды түсіндіру. 20 мин

  6. Ырғақтық диктант. 10 мин

  7. Жаңа сабақты бекіту. 5 мин

  8. Сабақты қорытындылау. 4 мин

  9. Үй тапсырмасын беру. 2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды амандасып отырғызу, оқу құралдарын дайындау.



Дауыс ашу жаттығулары:


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
До мажор тональдігі.

Тұрақты тұрақсы дыбыстарды айту.





I II III IV V VI VII I

  1. III. V – ДЫБЫСТАР ТҰРАҚТЫ

  2. IV. VI. VII – ТҰРАҚСЫЗ


Өткенді қайталау.

Карточкалар пайдалану..

Ребустар шешу..

Жұмбақтар шешу...











ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қоғау белгілері, олардың түрлері.



Қозғау белгілері. Дыбыс қатарының әрбір негізгі сатысы жоғарлауы және төмендеуі мүмкін. Олардың әрқайсысы өздік дыбыс бола алады.

Негізгі сатының жоғарлауын немесе төмендеуін альтерация деп атайды. Қозғ белгілер нотаның сол жағында туратын және негізгі сатының жоғарлауын немесе төмендеуін білдіретін белгілер. Альтерациялық белгілер негізгі ноталар сияқты ноталық жақтың бір биіктігінде жазылады.


Барлығы бес альтерациялық белгілер бар:



  1. Диез # жарты тонға жоғарлатады.

  2. Дубль - диез χ бір тонға жоғарлатады (яғни екі жарты тонға).

  3. Бемоль жарты тонға төмендетеді.

  4. Дубль – бемоль бір тонға төмендетеді (яғни екі жарты тонға).

  5. Бекар диез, дубль – диез, бемоль, дубль – бемольдін қолданылмауын көрсетеді:

Негігі көп кездесетін белгілер үшеу.

Негізгі сатылар:

Жоғарылатылған сатылар:

Төмендетілген сатылар:


Альтерациялық белгілердің кілттің оң жағына орналасуын кілттік белгілер деп атайды. Кілттік белгілер дыбыс қатарының барлық октаваларына жаңа белгілер еңгізілгенге дейін әсер етеді.
Егер музыкалық шығармалардағы кілттік белгілерді өзгертуі керек болса, онда қажетсіз кілттік белгілерді бекар арқылы ауыстырып, кейіннен жаңа белгілер қойылады.

Өзгертілген сатылардың аттары негізгі сатының сатымен альтерациялық белгінің қосындысынан тұрады.

Мысалы: до – диез немесе до #

соль бемоль немесе соль



Номер айту.

Ырғақтық диктант.


IV. Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды музыканың ұғымдарымен таныстыру мақсаты тұр. Альтерациялық белгілер, аталуы, атқаратын қызметін, дыбыстар энгармонизмі айыра білу үшін музыкалық шығармаларды тындап білу, ән айту, музыкалық-ырғақтық қимыл, студенттердің музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту.


V. Үйге тапсырма:

1. Альтерация белгілері, олардың түрлерін жатқа білу.


VІ. Оқушылардың білімін бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет