Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет93/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескертулер. 1. Бұл ережені орынсыз қолдана беруге болмайды. Анықтауыш деп 
танылып кететін қаупі жоқ жерде ол, бұл деген есімдіктерден жасалған бастауыштан кейін 
сызықша қойылмайды: Ол біздің үйге келді. Ол кітап оқып отыр. Сол әңгімелерді ол аса 
шеберлікпен айтып береді (С.Мұқанов). 2. Ол, бұл деген есімдіктерден болған бастауыштар 
көпше тұлғада (олар, бұлар) тұрса, олардан кейін сызықша қойылмайды: Бұлар өндіріс 
озаттары (Бұл – өндіріс озаты дегенмен салыстыр). Олар би-старшын, бай-бағылан емес, сын 
кезеңдерде ел салмағын тәуекелшіл сом иықпен берік көтеретін өжет жандар (М.Әуезов). 
Бастауыш -у жұрнақты етістіктен не ол араласқан тіркестен жасалса
баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен немесе -у жұрнақты етістіктен және 
керісінше болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Елдің шетін күзету 
– ең ардақты правоң (Жамбыл). Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат 
қылу – ой мешеулігі (Ғ.Мұстафин). Аз сөзді, көп мағыналы болу – мақал-
мәтелдерге тән құбылыс. Мектептің міндеті – оқушыларға жан-жақты білім 
беру және тәрбиелеу.
Бастауыш -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жасалған есімшеден (не 
есімше аралас тіркестен) болса, баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен 
жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұған таяу отырған – 
Ыбырайдың Ысқағы (М.Әуезов). Көпір біткен – соғыс тұмсығының қатты 
қадалатын жері (Ғ.Мұстафин). Алтын орден алғаным – терең жырдың тиегі 
(Жамбыл). Менің жазып отырғаным – теңіз үстінде кездескен көріністерден, 
жолыққан адамдардан білгендерім (С.Мұқанов). Абайды таң еткен – сол екі 
жігіт (М.Әуезов). Ән шырқаған – сол. Станцияға ең кеш келген – осы.
 Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден 
болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылмайды, өйткені мұнда есімше өзінің 
етістік қызметінде қолданылады: Мектеп үйі жаңадан салынған. Сол екі жігіт 
Абайды таңдандырған. Ал баяндауыш болып тұрған есімше зат есім 
мағынасында қолданылған болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Осы 
кездік – саған тартқаным (соңғы есімше тұлға «тартқан сыйым» деген заттық 
мағынада қолданылып тұр). Енді осы – тоқтатқаны (Ғ.Мүсірепов). Бастауыш 
бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген заттанған сан есім, 
сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен 
не -у жұрнақты етістіктен (және керісінше) болғанда, бастауыштан кейін 
сызықша қойылады: Пьесада («Шыңырау түбінде») бір-біріне қарсы екі түрлі 
идея түйіседі: оның бірі – көнбістікті, төзе берушілікті уағыздайтын аяушылық 
идеясы, екіншісі – адам күшіне сену, оны өмір үшін күреске шақыру идеясы 
(«Қазақ әдебиеті»). Жаяу Мұса – Біржан бастаған Арқадағы әншілер тобының 
көрнектілерінің бірі (М.Әуезов). Горькийдің реалистік шығармаларында 


101 
суреттелетін образдардың көбі – өмірдің азабын шеккен, қорлық, зорлық көрген 
таптың өкілдері («Қазақ әдебиеті»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет