Қайырлы күн, білім алушы! Күні



бет3/4
Дата02.05.2023
өлшемі49.81 Kb.
#473080
1   2   3   4
758 8304 97133 (1)

Тарихи-салыстырмалы әдіс.Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды. Олай аталатыны: бұл тәсіл тілдік фактілердің тарихын айқандау үшін қолданылады. Оны айқындауда, зерттеліп отырған тілдің әр дәуірдегі фактілерін бір-бірімен салыстыра зерттеу әдісі қолданылады, яғни фактілер тарихи салыстыру арқылы ашылады. Сондықтан біраз әдебиеттерде тарихи деген атауға салыстырмалы деген сөзді қосарлап, тарихи-салыстырмалы әдіс деп атайды. Бұлай атау – әдістің барлық сипатын біршама толық көрсететіндіктен, бұл оқулықта да осы шартты атау қолданылады. Мұндағы салыстырудың салыстырмалы-тарихи әдіспен ең негізгі өзгешелігі – алдыңғыда туыстас бірнеше тілдер фактілері салыстырылса, соңғыда бір тілдің өз фактілері де бір-бірімен салыстырылады. Тарихи-салыстырмалы әдіс тілдің өзгеру, даму жолдарын ол өзгерістіңзаңдылықтарын жәнеоған түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді зерттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс тілді дамып,өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудың, сөйтіп, оның тарихын зерттеуге мән берудің нәтижесінде XIX Ғасырда пайда болды. Бұл тәсіл сипаттама әдіске тура қарама-қарсы мәнде. Сипаттама әдіс тілдің белгілі бір ғана дәуірдегі, негізінде, осы заманғы статикалық күйін айқындауды көздесе, тарихи әдіс оны даму, өзгеру үсінде, динамикалық, диахрондық күйде алады. Тіл басынан қандай құрылымдық құбылыстарды өткізді, алғашқы құрылым, норма немесе құрылымдық элемент неге жойылды, оның орнын не басты, соңғының алғашқылардан артықшылығы неде? – деген сияқты сұрауларға жауап іздейді. Ол үшін тілдің белгілі бір дәуірдегі құрылымдық күйін, оның соған жалғас екінші бір дәуірдегі құрылымдық күйімен салыстыра зерттейді.


Цифрлық білім беру ресурстары:

  1. https://stud.baribar.kz/14218/sintaksistinh-zerttelu-tarikhy/

  2. https://mtdi.kz/main/tilshi_portfeli/id/368/q/2/z/4

  3. https://lektsiopedia.org/other/lek-38.html

  4. https://helpiks.org/3-38010.html

  5. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  6. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет