Сот дәлелдемелер теориясы пәнінен дәріс



бет1/8
Дата26.10.2022
өлшемі60.96 Kb.
#463426
  1   2   3   4   5   6   7   8
sdt daris 4


СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ТЕОРИЯСЫ ПӘНІНЕН ДӘРІС
1.ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ - ДӘЛЕЛДЕМЕ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды объективті түрде талап етеді.

Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктіңжетілдіруі, айналып келгенде "таным теориясы" аталған философиялық дербес бөлікке айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерге диалектикалық-материалистік көзқарас жатыр. Бірден бір ғылыми әрі дұрыс маркстік-лениндік таным теориясын айқындаудағы партиялық көзқарастың талас тудыратынына қарамастан осы заманғы дәлелдеу теориясының іргетасын құрайтын бірқатар қорытынды ережелердің үғымды сипатын шындық үшін тану қажет.

Дәлелдеме теориясының таным теориясы мен байланысы мынада: соңғысы ғылыми таңдауы дәлелдеме теориясының шеңберіндежүргізілетін қылмыстық іс жүргізу танымының алғашқы әдістемелік негізін білдіреді.

Гносеология-жеке ғылыми әдістер мен тәсілдер тұрғысында түсіндірілетін ғылыми танымдық қызметтің кез келген саласында қолданылатын әмбебап қорытынды ережелерді қамтиды. Мұның дәлелдеме теориясына да тікелей қатысы бар. Осындай әдістемелік кілт ретінде осы заманғы ғылым диалектикалық әдісті қолданады. А. Давлетов былай деп жазды: "Қылмыстық іс жүргізу танымында диалектикалық әдісті қолдану жалпы, философиялық және әсіресе қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарды дұрыс үйлестіре білуден тұрады. Қылмыстық процессуалдық танымның белгілі бір мәселесін шешу тетігі мынадан көрінеді: ең әуелі оның философиялық алғышарттары алынады, сосын осы мәселеге қатысты нормативтік ережелері алынады, содан кейін философиялық негізге орныққан, бірақ ерекше (қылмыстық іс жүргізу) мазмұнымен толықтырылған жауап беріледі".

Таным теориясы құқықта объективті түрде пайда болған "терезені" толықтырды, ол әдістемелік аса маңызды қасиеттернің бірі. Теория-қылмыстық іс жүргізу құкығының нормативтік нұсқамаларын пайдаланады және соған негізделеді. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу кызметінің ажырамас бөлігін құрайтын таным процесі, ой қызметі, ішкі сенім және басқалары заңменен егжей-тегжейлі реттелуі мүмкін емес. Нормативтік реттеу саласынан тыс қалатынның бәрі де "құқықтық терезе" немесе "кұкықтық кеңістік" деп аталатындарды кұрайды. Олардың кұқықта болуы занды және сөзсіз. Оларды толыктыру әмбебап әдістемелік кілттің негізінде жүзеге асырылады, дәлелдеме теориясына қатысты кілт ретінде біз гносеологияны немесе таным теориясын қараймыз. Методологияның осы аспектісін сипаттай келіп, А. П. Шептулин былай деп атап өтті: "танымның диалектикалық әдісі тиісті ғылымда қолданылатын жеке әдістер арқылы өзгере отырып арнайы ғылымдарда және танымның диалектикалық әдісі талаптарында дербес түрде пайдаланылуы мүмкін".

Сонымен бірге методологиялық негіздің әмбебаптығын сөзбе сөз түсінбеу керек. Методологияның негізгі ережелерін қолдану міндетті түрде таным саласының ерекшелігін ескере отырып түсіндіруді көздейді. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізудің ерекшелігі мынадан көрінеді: "бұл жерде таным объектісінің тақырыбы бізді қоршаған әлем емес және тіпті жекелеген құбылыстар мен окиғалар да емес. Ғылым тақырыбынан бір ерекшелігі сот ісі бойынша зерттеу тақырыбы барлық уақытта қылмыстық окиғаны құрайтын және соған байланысты фактілердің азды-көпті белгіленген тобымен шектеледі. Фактілерді зерттеудің ерекше әдістері, ерекше тәсілдері және осы қызмет жүзеге асыратын нысандар мен шарттардың ерекшелігі де осыдан. Алайда дәлелдеудің ерекшелігі қаншама елеулі болса да ол басқа ештеңе де емес, таным қызметінің бір түрі болып табылады, өйткені оның мақсаты шындықты айқындау".

Таным теориясы дәлелдеу теориясын зандармен және ойлау нысаңдарымен толықтырады. Кез келген саладағы ұйымды тану үшін кажетті ойлаудың жалпыға ортақ нысандары мен тәсілдерін формальды логика зерделейді. Тап осы формальды логика "ұғым", "пайымдау", "ой қорытындысы", "анықтама", ұғымының қалыптасуының "ережесі не принциптері" туралы түсінік береді. Сонымен, формальды логика танымның диалектикалық теориясының құрамдас бөлігі бола отырып, бір мезгілде дәлелдеу теориясының элементін де қамтиды.

Таным теориясының дәлелдеме теориясымен байланысының жанама түрдегі сипаты кылмыстык іс жұргізу дәлелдемелерінің және дәлелдеу жөніндегі қызметтің ерекшелігін "сокырға таяқ ұстатқандай" етіп көрсетеді.

Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге қайта оралсақ, қылмыстық іс бойынша шыңдықты анықтау процесінде қалыптасатын әр түрлі жағдайларды қамту үшін формальды логиканың шеңбері әлдеқайда тар екенін айту кажет. Мәселе мынада, "формальды логика алынған қорытындылардың ғана емес, олардың негізіне қаланған логикалық сілтемелердің дұрыстығын, шындығын тексеру туралы мәселелермен айналыспайды. Формальды логика қандай жолмен танымнан білім туындайтынын, толық емес және дәл емес білімнен толық және дәл білім алынатынын түсіндіруге мүлде дәрмені жок".

Формальды логиканың осы шектеулілігі:

1) тұтас алғанда танымның диалектикалық теориясының институттары мен категориялары есебінен;

2) іс жүргізу дәлелдемелерін жинау, бекіту, тексеру және бағалау жөніндегі өзгешелігі бар қызметін нормативтік регламенттеу есебінен толығады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет