Қайырлы күн, білім алушы! Күні



бет1/4
Дата02.05.2023
өлшемі49.81 Kb.
#473080
  1   2   3   4
758 8304 97133 (1)



Қайырлы күн, білім алушы!

Күні: 14.05.2021
Тобы: ҚТ-Ж-17к
Пән атауы: Қазақ тілінің теориясы мен тарихы


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Тарихи синтаксис зерттеу әдістері


Қазақ тілі синтаксисінің тарихы дегеніміз- тіліміздің синтаксистік құрылысының дамуы, өзгеріп жетілуі жəне толығуы.Тарихи синтаксистің зерттеу обьектісіне мыналар кіредіі сөз тіркестері, сөйлем мүшелері, сөйлемдер құрылыстар, олардың мағыналық жəне структуралық типтері. Тарихи синтаксис-бүкіл түркологиядағы тың жатқан мəселе. Тілдің ертерек замандағы синтаксистік құрылысын зерттеуде көне жазу нұсқаларының бəрі бірдей кəдеге аса бермейді. Синтаксистік зерттеу үшін қажеттісі жəне құндысы-текстік, текстік болғанда да синтаксистік элементтердің өз дəуіріндегі алуан түрлерін қамти аларлықтай көлемді текстен құралған ескерткіш. Өйткені тілдің синтаксистік құрылысындағы əр түрлі құбылыстарды өзекті, желілі, көлемді ескерткіштер ғана қамтып көрсете алады. Жазба ескерткіштер ішінде синтаксистік зерттеу үшін ең бағалысы көркем проза. Қандай құбылыстың, оқиғаның болмасын тарихы дегеніміз-оның даму, өзгеру жолыдеген сөз. Даму, өзгеру жоқ жерде тарих та жоқ. Олай болса қазақ тілі синтаксисінің тарихы дегеніміз де тіліміздің синтаксистік құрылысының дамуы, өзгеріп жетілуі, толығуы болмақ. Қай тілде болмасын тілдік категорияларды тарихи тұрғыдан зерттеудегі көзделетін мақсат зерттеу обьектісі болып отырған категорияның зерттеліп отырған дəуірлер ішіндегі өзгеру, даму жолындағы заңдылықты, оның өзгеру себептерін ашу, алғашқы категория, норма неге өзгерді, оның орнын не басты, соңғының алғашқыдан артықшылығы несінде дегендер тəріздес сұрауларға жауап беру болмақ. Қазақ тілітарихи синтаксисінің міндеті де осы айтылғандар тəріздес міндет. Дəлірек айтқанда, қазақ тілі тарихи синтаксисі белгілі дəуірлер ішінде қазақ тілінің синтаксистік құрылысында қандай өзгерістердің болғандығын, қандай синтаксистік конструкциялардың жойылып, қандайларының жаңадан пайда болғандығын айқындайды, ескі конструкцияның ескілігі, көнелігі несінде, жаңаның жаңалығы, прогрестігі қайсы екендігін ашып көрсетеді. Тілдің синтаксистік құрылысындағы мұндай өзгерістер өткен дəуірлерден сақталған жазба ескерткіштер тілінің синтаксистік құрылысын зерттеу, оларды қазіргі əдеби тіліміздің синтаксистік құрылысымен салыстыра қарау арқылы айқындалады. Тілдің əр дəуірдегі синтаксистік құрылыс ерекшелігін қала берді, сөйлемдердің структурасын дұрыс ашуда сөйлем құрамына енген сөздердің атқаратын синтаксистік функциялардың шешуші мəні бар. Сөйлем құрамындағы сөздер, яғни сөйлем мүшелері сөйлемді сөйлем ететін ең негізгі, ең қажетті элемент. Сөйлем мүшесінсіз ешқандай сөйлемнің болуы мүмкін емес. Сөйлемдегі болатын структуралық өзгеріс, жаңалық бəрінен бұрын сөздердің сөйлем мүшелік қызметіндегі өзгерістерге, олардың бір-бірімен қарым-қатынас түрлеріне тікелей байланысты жəне соның негізінде ғана туып, қалыптасады. Міне, сондықтан сөздердің синтаксистік функциялары, сөйлем мүшелері, олардың түрлері, өзара қарым-қатынастары тарихи синтаксистің қарауына жататын елеулі обьектінің бірі болып табылады. Сонымен, айтылғандарды жинақтап келгенде, тарихи синтаксис жазба ескерткіштер тілінің синтаксистік құрылысын зерттегенде, төмендегі негізгі мəселелертұрғысынан қарау керек. Олар 1. Сөз тіркестері, олардың тіркесу амал-тəсілдері. 2. Сөйлем мүшелері, олардың формалық құбылыстары, құрамдары, орналасу, басқа мүшелермен байланысу жолдары. 3. Сөйлемдер құрылыстары, олардың мағыналық жəне структуралықтиптері. (Жай жəне құрмалас сөйлемдер, т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет