Айыртау ауылдық округі әкімінің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!



Дата22.02.2016
өлшемі176.5 Kb.
#678
Айыртау ауылдық округі әкімінің

2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Құрметті ауыл тұрғындары!

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 06 тамыздағы № 615 әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлемінде осы мерзімде барлық деңгейдегі әкімдердің есебі жүреді.

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес, сіздерге 2013 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2014 жылға қойылатын міндеттері туралы есебімді назарларыңызға ұсынамын.

Округ әкімінің есеп беру кездесуіне ШҚО әкімінің бас инспекторы - Турнияз Ильяс Еркінұлы, Ұлан ауданының әкімі - Садыков Айдос Кабдуахитович, Ұлан ауданы білім бөлімінің бастығы - Қуат Барысович Окасов, Ұлан ауданы ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры К.Ж. Жобалаев қатысып отыр.

2013 жылдың 14 қаңтарда Айыртау ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде бір сұрақ бақылауға алынды:

- Қаңғыбас, бос итттерді жою.

- 2013 жылы «Ұлан мал дәрігері» КММ-мен аудандық бюджеттен бөлінген 123 мың теңге қаражатқа 41 ит жойылды.

Округ бойынша 721 аула, тұрғындар саны – 3100, оның ішінде: Айыртау ауылында - 521 аула, тұрғыны - 2158, Ново-Канайка ауылында-180 аула, тұрғыны - 894 адам. Сартымбет, Түкүл, Ұзын-Бұлақ ауылдарында 20 аула, тұрғындар саны – 48. Жұмысқа қабылетті белсенді адамдар -2250 адам, о.і.: 247 адам «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-да, 215 адам облыстық психиатриалық ауруханасында, 103 адам екі мектепте, 23 адам «ДТЖ» ЖШС-нде, 22 адам «Балдаурен» балабақшасында, жұмыс істейді, 1 жасқа дейінгілер – 40, 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар - 245, жасөспірімдер - 75, егде тұрғындар -1910 адам.

2013 жылда Айыртау ауылына 83 адам, Ново-Канайка ауылына 3 адам, Ұзын-Бұлақ ауылына 1 адам тіркеуге отырды. Айыртау ауылынан 59 адам, Ново-Канайка ауылынан 29 адам тіркеуден шықты.

Округ бойынша жалпы оралмандар -82 жанұя, 491 адам. Олардың ішінде: МХР-нан 50 жанұя, 308 адам, Өзбекстаннан - 8 жанұя, 65 адам, ҚХР–нан 24 жанұя, 118 адам. 2013 жылы Айыртау ауылына ҚХР-нан үш отбасы қоныс аударды.


Округ бойынша өнеркәсіп

Айыртау ауылында 1 наубайхана орналасқан. Ол: «№ 3 Хлебозавод» ЖШС-і, директоры М.Д. Оразова. Өткен 2013 жыл бойынша «№ 3 Хлебозавод» ЖШС-імен сауда орындарында 1 нанның бағасы 45 теңге, бір жыл ішінде 1 сұрыпты 320 000 нан пісірілді, 119 227 қоңыр нан 44 теңге, нан-тоқаш өнімдері 307 237 дана 18 теңгеден 25 теңгеге дейін сатылды. Сонымен қатар сауда нүктелеріне Өскемен қаласынан түрлі нан, тоқаш және тәтті кондитерлік бұйымдар әкелінеді. Сондықтан біздің кәсіпкерлердің осы бағытта өнеркәсіп қорын нығайтуларына барша мүмкіндік бар. Айыртау ауылында 2013 жылғы 1-ші желтоқсанда ашылған әлеуметтік дүкенге наубайхана 40 теңгеден нан өткізіп, 40 теңгеден сатылады.


Округіміздің басты бағыты ауылшаруашылығы болып табылады.

Округ аумағында 72 ауыл шаруашылық құрылымдары орналасқан: 2 - ЖШС-і және 70 - шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтарының 3-інде 100 га. астам егістіктері бар, олар жалпы ауыл шаруашылық құрылымдарының 66 пайызын құрайды.

2014 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтары мен жеке аулаларда ірі қара мал саны:





Жеке аулаларда

ш/қожалығында

Барлығы




ІҚМ

2034

1006

3040

101

с.і. сиыр

774

446

1225

104

ұсақ мал

3511

3041

6552

102

жылқы

648

760

1408

103

құс

958

-

958

104

Салыстырма:




01.01.2013

01.01.2014

% өсуі

ет

5359

5567

106

сүт

32314

33362

103

жұмыртқа

70,3

71,2

101

жүн

148

149

100

сонымен қатар тұрғындар шаруашылығында -5359 центнер ет, 32314 центнер сүт, 70300 дана жұмыртқа өнімдері өндіріледі.

Айыртау ауылында округтің мал дәрігері Жеңісхан Т. қолдан мал ұрықтандыру пунктын ашып, жұмысын атқарып жатыр.

Округтің жалпы жер көлемі 42 629 га құрайды. Ауыл шаруашылығына негізделген жер 27 952,9 га, соның ішінде егістік – 8 410,1 га, шабындық- 1 288 га, жайылым -14 088,4 га, баннитет балы -18 құрайды. 2013 жылы 8 259,966 га дәнді-дақылдар, көпжылдық екпе шөптер, көкеніс пен картоп егілді. Жалпы бидай 1 га-дан 8,3 центнер өндірілді, олар: «Уланская МТС» ЖШС – 670,6 га бидай, 96 га соя, «Степное» ш/қ. иесі - Бельчуевскиий – 988,3 га бидай, арпа 200 га, «Алина» ш/қ басшысы Раев- 200 га бидай, 300 га күнбағыс және шаруа қожалықтары 5303,3 га көпжылдық екпе шөп, 456 га біржылдық екпешөп екті.

«Асиф» ш/қ басшысы Гасанов Ф. Айыртау жерінен жер алып, картоп, көкөніс отырғызып, өнімін алды. 2014 жылы егістік алқабын 6 пайызға көбейту жоспарда.

Асыл тұқымды мал ұстайтындар:

«Дина» ш/қ 247 бас «Жәбе» жылқыларын, 1220 бас қазақтың құйрықты қойларын; «Бейсханова» ш/қ – 120 бас Сементал тұқымды сауынды сиырлар;

Округтағы шаруа қожалықтары бойынша барлығы: 14 712 350 тенге субсидия алынды. Солардың ішінде: «Бейсханова» ш/қ.- 4 737 350 теңге субсидия алды, соның ішінде: асыл тұқымды мал сатып алуға -944,0 мың теңге, асыл тұқымдастандыру жұмыстарына-1 652,0 мың теңге, жемге -531,0 мың теңге, сүт өткізуге - 1 610 350 теңге.

«Қаба» ш/қ - 1 665,0 мың теңге субсидия алды, соның ішінде: асыл тұқымдастандыру жұмыстарына -1 260,0 мың теңге, жемге - 405,0 мың теңге.

«Ақшатау» ш/қ - 1 065,0 мың теңге субсидия алды, соның ішінде :асыл тұқымды мал сатып алуға-118,0 мың теңге, асыл тұқымдастандыру жұмыстарына - 812,0 мың теңге, жемге -135,0 мың теңге.

«Дина» ш/қ - 5 445,0 мың теңге субсидия алды, соның ішінде: асыл тұқымды мал сатып алуға - 560,0 мың теңге, асыл тұқымдастандыру жұмыстарына: ірі қара малға - 2 814,0 мың тенге, ұсақ малға -1 104,0 мың тенге, жемге -135,0 мың теңге, ет өткізуге -832,0 мың теңге.

«Асиф» ш/қ. картоп отырғызғанға – 840,0 мың теңге, «Уланская МТС» ЖШС-гі –сояға - 960,0 мың теңге субсидия алды.
Шағын бизнес

Округ аумағында 29 шағын бизнес субъектілері тіркелген – олар: 14-дукен, 2-дүңгіршек, 1-шаштараз, 1-ТЖО (СТО), 1- ұлттық киім тігу шеберханасы, 1- дәріхана, 2013 жылы жаңадан 8 жеке кәсіпкерлік ашылды, олар: 1- әлеуметтік дүкен, 1- дәмхана, 1- жиһаз шеберханасы, 1- компьютерлік қызмет көрсету және 4 адам ауылшаруашылық малын дамыту және 1 адам шөп шабу мен мал жаю бойынша. Инфляциялық үрдісті тұрақтандыру үшін дүкен иелерімен сауда үстемесі 10 пайыздан аспауы туралы меморандум жасалды. Сонымен қатар апта сайын басты қажетті өнімдерге баға мониторингі жүргізіледі. Ардагерлер мен әйелдер кеңесі мүшелері айына бір рет дүкендерді аралап, сауданың үстемесі 10 пайыздан аспауын бақылайды.

Айыртау ауылындағы «Мадина» дәмханасының басшысы Б. Рагызбаева «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 2014 жылғы қаңтар айында несие алып, дәмхананы 200 орынға дейін ұлғайтып салуды жоспарлайды.

Округ бойынша 3 дүкенде әлеуметтік бұрыш бар, аз қамтылған

15 отбасына толайым бағамен тауар өнімдері сатылады.

Айыртау ауылында 2013 жылы «Колос» шаруа қожалығында техника жөндеу шеберханасы ашылып, іске қосылды.


2013 жылғы бюджет

2013 жылы Айыртау ауылдық әкімшілік аппаратының функционалдық қызмет етуіне және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін аудан бюджетінен 17 млн 297 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде:

1. Оразгалиев, Танабаев көшелерін жарықтандыруға 4 млн 620 теңге бөлінді, республика бюджетінен – 4 млн.315 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 305,0 теңге бөлініп, 2 көше жарықтандырылды

2. Көше жарығын ұстауға және электр қуатының төлеміне 1 млн.106 мың теңге бөлінді

3. Округтің санитарлық тазалығына 500,0 теңге бөлінген, округтегі 2 ауылдың қоқыс төгу орындарын тегістеуге және бос қалған үйлердің қоқыстарын, иесіз қоқыстарды шығаруға 170,0 теңге гүл көшеттеріне бөліңді, олар: әкімшілік, екі мектеп, ауыл клубы және балабақша алаңдарына отырғызылды.

4. Жанабеков, Абай, Панфилов, Пушкин және Оразгалиев көшелерінде жолдар тегістелді, барлығы: 169,0 мың теңге жұмсалды.



Салықтардың түсімі мен жеке кірістері жоспарының орындалуы

Округ бойынша 2013 жылғы мүлік және жер салығы 100 %-ға орындалды.

2013 жылғы 1-ші қазанға басқа да салықтардың түсімінің құрамы:




Код

тар


атауы

Заңды тұлғалар

Жеке кәсіпкерлер

Шаруа

қожалықтары



Жеке тұлғалар

1

104401

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық

39 697,00










2

104308

Елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан және кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы

1 714,00

40 345,68

38 287,54




3

104101

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық

28 012,00

43 699,86

62 533

3 210

4

101201

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

12 875 360,18

134 646,12

120 949,93




5

104501

Бірыңғай жер салығы



579,97

118 742,16

397,00

6

101202

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы




247 461,00

232 378,41

24 100

7

103101

Әлеуметтік салық

9 632 335,7

216 404,00

267 244,93

2 156

8

105315

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

31 100,00

5 600,00













БАРЛЫҒЫ

22 608 218,88

688 736,63

840 135,97

29 863


Әлеуметтік қорғау

Жыл басынан бастап қоғамдық жұмыста 10 адам қоғамдық жұмыс атқарды (аумақтарды экологиялық сауықтандыру (көгалдандыру және көркейту), елді мекен аумақтарын көгалдандыру және көркейту, шаруашылық кітаптарды нақтылау бойынша сұраныстарды жүргізуге көмек, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмек, хат-хабарды жеткізуге, мемлекеттік төлемдерді тағайындау жұмыстарына көмек көрсету жұмыстарына қамтылды. Жұмыссыздар ішінен 5 адам жұмыска орналасты.

- 18 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек алушы 16 отбасына аудандық бюджеттен 483,0 теңге бөлінді, 41 адамға тұрғын үй көмегіне 602,0 теңге қаражат бөлінді. Округ бойынша 81 адамға әлеуметтік көмек 266,0 теңгеге көрсетілді. 2 грантта оқитын студенттерге - 1 млн.770 теңге, көпбалалы 69 анаға 690 мың теңге, 2 отбасы 4 адамға атаулы әлеуметтік көмек 230,0 теңге, 3 отбасының үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларының аналарына 209 600 теңге материалдық көмек төленді.

2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде 2 адам есепші мамандығына қайта даярлауға және біліктілігін арттыру бойынша оқу оқыды, жастар іс тәжірибесі бойынша 2 адам жұмыс істеді. 3 адам «Дина» шаруа қожалығында әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс атқарды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік пен мал шаруашылығын дамыту үшін 4 адамға 5 млн. 800 мың теңге несие бөлінді, олар: мал бордақылау және жеке мал шаруашылығын дамытуға.

Округ аумагында бір Ұлы Отан соғысының ардагері және 48 тыл еңбеккері тұрады, 3 ауған соғысына қатысушы, 2 Чернобыль апатына қатысушы, 1 топ мүгедегі 3 адам, 2 топ мүгедегі 82 адам, 3 топ мүгедегі 45 адам.

Округте 302 - зейнеткер, мемлекет жыл бойы зейнеткерлерге төлейтін зейнетақы - 113 273 616 теңгені құрайды. Сонымен қатар әртүрлі жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы көмегі, тұрғын үй көмегі, бюджет жұмысшыларының еңбекақысы: Гагарин орта мектебінің 63 мұғалімдер (37) мен тех персоналының (26) еңбекақысы жылына 47 млн. 545,0 теңгеге, Қанай орта мектебінің 37 мұғалімдері (22) мен техперсоналының (15) еңбекақысы жылына 2 млн.365,0 теңге, Ново-Канайка ауылында орналасқан ОПА-ның 206 қызметкерлеріне 174 млн.629,0 теңге қаражат жұмсалды.

Округте 4 ставкада 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, барлығы 18 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер және 5 мүгедек балаларға қызмет көрсетеді.


«Туған жерге тағзым» акциясы

2013 жылы «Каба» ш/қ басшысы - Есенгарин О.К. 450 мың теңгеге Айыртау ауылының бір көшесін жарықтандыруға сметалық жоба жасауына демейшілік көрсетті.

- «Колос»ш/қ басшысы - Агзамов М.С. – Мусин көшесінде орналасқан дәмхана ғимаратын 300 мың теңгеге қаржы жұмсап, қашалады.

- «Энергостройпроммонтаж» ЖШС-гі 100 мың теңгеге Айыртау ауылының орталық көшесіндегі электр столбтарына дюролайд орналастырды.

- «Степное» ш/қ басшысы - Бельчуевский С.В. – 25 мың тенгеге 1 желтоқсан күні ашылған әлеуметтік дүкеннің ашылуына аз қамтылған, мүгедек 20 отбасына азық түлік тағамдарымен демеушілік көрсетті.

- ЖК – Сахариев С. – жыл бойы 300 мың теңгеге мерекелік шаралар өткізгенге жетім, көпбалалы отбасы балаларына демеушілік жасады.

-«Уланская МТС» ЖШС-і - 420 мың тенгеге жолдарды қыс кезінде, су тасқыны кезінде ұстауды қамтамасыз етуге демеушілік көрсетті.

- Гагарин орта мектебінің түлектері 100 мың теңгеге мектепке демеушілік көрсетті, олар:

а) Байгазин М.Е. – 4,5 мың теңгеге кітапханаға стенд жасауға,

б) Бердыгожаев С.К. – 5,0 мың теңгеге психолог кбинетіне стенд жасауға,

в) Кендебай М. – 29 мың теңгеге «принтер» әперіп,

г) Аханов К. – 62 мың теңгеге өзін-өзі тану кабинетіне стенд жасауға демеушілік көрсетті.


Білім

Айыртау ауылдық округінің аумағында 2 орта мектеп орналасқан: «Гагарин орта мектебі» ММ және «Қанай орта мектебі» ММ, оларда 354 оқушы оқиды. Гагарин орта мектебінде 283 оқушы, Қанай орта мектебінде 71 оқушы оқиды.

2013 жылы округ бойынша 24 түлек мектеп бітірді, оның 11 грантқа түсіп, 1 бала жоғары, 10 бала арнаулы орта оқу орындарында оқиды. Гагарин орта мектебі бойынша орташа балл 64,5 құрайды. Бүгінгі күні мұғалімдер штаты толық іріктелген. Ұстаздардың мамандық деңгейі: жоғары дәрежелі 6 мұғалім, 18 мұғалім бірінші дәрежелі, 7 мүғалім екінші дәрежелі, 6 мұғалімнің дәрежесі жоқ. Мектепте техникалық жағдай жасалған, 47 компьютер бар, он жетісі ғаламторға қосылған. Гагарин атындағы орта мектебінің ішкі электр жүйесіне ағымды жөндеу жұмыстарына 2 млн.410 мың теңге аудандық бюджеттен бөлінген 270,0 теңгеге ағымды жұмыстар өткізілді.

Қанай орта мектебі бойынша орташа балл 53,7. Ұстаздардың мамандық деңгейі: 1 мұғалім жоғары дәрежелі, 7 мұғалім бірінші дәрежелі, 7 мұғалім екінші дәрежелі, дәрежесі жоқ 7 мұғалім. Бүгінгі күні төменгі сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Округ бойынша ыстық тамақпен 133 бала қамтылған. Аудандық бюджеттен бөлінген 150 мың теңгеге барлық кабинеттер ағымды жұмыстар жүргізілді. Қазіргі күні Ново-Канайка ауылында жаңа мектеп ғимараты салынып жатыр, 2014-2015 оқу жылына ашылуы жоспарда. Қазіргі мектеп ғимаратында балабақша ашылуы жоспарлануда.

Айыртау ауылында 2012 жылы ашылған 75 бала қатысатын «Балдаурен» балабақшасы жұмыс істеп тұр.

2014 жылға Айыртау ауылында орналасқан бұрынғы алты жылдық мектеп ғимаратына «Жастар шығармашылық үйі» құрылысына сметалық жобасын жасауға аудан қаражатынан 2 млн. теңге бөлінді.


Мәдениет

- 2013 жыл бойы округтің ауыл клубтарында 167 мерекелік іс шара өтіп, 2187 адамды қамтыды, соның ішінде 11 мемлекеттік шара өткізілді.

Өткізілген үйірме саны – 8, қатысушылар саны -121, атап айтсақ: Халықтық атағы бар екі ұжым: «Надежда», «Әжелер» үйірмесі, домбыра, драма, би, дойбы, шахмат, шебер қолдар, үйірмелері жұмыс істейді.

Аудан бойынша мәдени қызметкерлері бірнеше ауылдарға барып, концерттік бағдарламаларын көрсетті. Ерекше жетістіктері: «Ұлан аруы» байқауында жүлделі 3-орынға, Ауданда өткен «Абай» және «Мұқағалыи» күндеріне байланысты өткен байқауда 2-ші және 3-ші, «Ауылым - алтын бесігім»- акциясы ауыл аралық байқауда жүлделі 3-ші орынға ие болды. Катонқарағайда болып өткен «Орта азиялық» форумына қатысты.

Облыс көлемінде «Надежда» вокалдық тобы, «Айыртау театры» жақсы өнер көрсетіп, Халықтық атақтарын қорғап қайтты. Ауданда өткен «Асыл әже» атты байқауда «әжелер» тобы мүшесі жүлделі 3-ші орынға ие болды.

2013 жылғы ақпан айынан бастап спорттық ойындар жарысы өткізілді, жаз айында Ұлан ауданы әкімі жүлдесіне өткізілген спорттық халық ойындары спартакиядасында Айыртау ауылдық округі командасы спорттық ойындардың қорытындысы бойынша 2-ші жүлделі орынға ие болды.

Округте орналасқан екі мектепте салауатты өмір салты жақсы жолға қойылған.

Гагарин, Қанай орта мектептері бойынша республикалық, облыстық, аудандық жасөспірімдер арасында «қазақша», «дзюдо» күрестерінен жүлделі орындарды иеленді. ЩҚО әкімінің жүлдесіне арналған қазақша күрестен «Саулетай» бағдарламасында, Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі орындар алды. Осы балаларды биік жетістіктерге тәрбиелеп, жеткізгені үшін жаттықтырушылардың ішінен Гагарин орта мектебінің мұғалімі – Жунусбеков К.Т. 2013 жылы Ұлан ауданы әкімінің мадақтамасымен марапатталды.

Сонымен қатар аймақтық шахмат. баскедбол, футбол спорт түрлері алға қойылған.

Медициналық қызмет көрсету

Округ аумағында 8 медицина қызметкерлері бар, 1-дәрігер жоғарғы медициналық білімімен, 6 адам орта медициналық білімімен, 2 медициналық мекеме: 1 дәрігерлік емхана, 1 – фельдшерлік пункт. Тұрғындарға қызмет көрсететін 1 санитарлық автокөлік бекітілген. Өткен жыл бойы 39 бала дүниеге келді, 26 адам қайтыс болды, оның ішінде: 5 адам қартаюуына 5 адам онко ауруына және басқа ауруларға байланысты.

Дәрігерлік емхана Айыртау ауылдық округінің Айыртау ауылында орналасқан, аудандық орталық ауруханасымен ара-қашықтығы 70 км. Ново-Канайка ауылында бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Сартынбет, Түкүл, Ұзын-Бұлақ учаскелеріне көшпелі қызмет көрсетіледі.
Инфрақұрылым

Айыртау ауылында су құбырын жөндеуге 8 млн.500 мың теңгеге су құбыры жөнделді.

- Оразгалиев, Танабаев көшелері жарықтандырылды.

- Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданынан келген «Режебалинов» ш/қ иесі И.М. Режебалиев Айыртау ауылында мал бордақылау алаңын ашу үшін 30 млн. теңгенің жұмысын атқарды (2 мал ұстау қорасын сатып алып, алаң орналасатын жер учаскесінің маңайын бетонмен қоршау жасады)

Округ бойынша - 721 аула, оның ішінде: Айыртау ауылының 380 ауласы орталық су құбырынан, 161 аула өз жеке бұрғылаған құдықтан су пайдаланады.

Ново-Канайка ауылы бойынша 1,5 шақырымдық су құбыры ОПА-ның балансында. Осы су құбырымен ауыл тұрғындары қолданады


Телекоммуникация

Ауылдық округтің Айыртау ауылында АТС филиалы тұрғындарға қызмет көрсетеді, Айыртау ауылында 273 абонентке сыммен, 70 сымсыз телефон қойылған, 63 адам ғаламтор орнатты

Ново-Канайка ауылында сыммен 122 телефон, сымсыз 17 телефон орнатылған.Ұзын-Бұлақ ауылында 3 тарелка орнатылған.
Құқық қорғау

Айыртау ауылдык округіне УПИ ага лейтинант А.М. Ибраев кызмет көрсетеді. Кызмет көрсету аумағында округке қарасты 5 елді мекен бар:

Айыртау, Ново-Канайка, Түкүл, Ұзын-Бұлақ, Сартымбет ауылдары.

2013 жылдың 12 айы бойы бірталай мақсатты іс шаралар өткізді. Жыл бойы 122 әкімшілік хаттамалар жасалды. Хаттама бойынша 251 709 теңгеге айыппұл жасалды.

- Мәжбүрлі ішімдіктен емделуге 2 адам жолданды әр қайсысы үшайдан

- Участкеде 18 қылмыстық іс жасалды, оның ішінде 8 мал (ұрлық) 175 бап, оның ішінде: 5 қылмыс ашылды, ашылмаған – 3.

-257 бап 3 тармаққа сәйкес, 2 тәртіп бұзушылық тіркеліп, 2 –уі де анықталды.

- 2 жүргізуші ішімдік ішіп көлік жүргізген, барлық 4-уі 2 жылға жүргізу құқығынан айрылды,

- 1 қару алу,

Айыртау ауылында әкімшілік қызметкерлері мен мәдени қызметкерлерінен құрылған ДНД тобы әр сенбі күні кешкі сағат 19-00-ден 23-00-ге дейін кезекшілікке шығады және де мектептер мұғалімдерінен құрылған педпатруль тобы да әр сенбі күндері кезекшілігін жүргізеді.


Қоғамдық жұмыстар

Округте 2 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Олар: Ардагерлер кеңесі және Әйелдер кеңесі. Бұл ұйымдар тұрақты өз жоспарлары бойынша жиындарын өткізіп тұрады. 21 жасқа дейінгілерге ішімдік бұйымдары сатылмау керектігі жайлы учаскелік полиция инспекторымен бірлесе құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша және дүкендерде сауда үрдісі 10 пайыздан көтерілмеуі бойынша реидтер жүргізіліп тұрады.

Ардагерлер кеңесі жыл бойы 6 мәжіліс өтізіп, 2 өтініш қарастырылды.

Әйелдер кеңесі жыл бойы 5 мәжіліс өткізіп, 2 аз қамтылған отбасының тұрмыс жағдайы тексерілді.

2013 жыл бойы заңды тұлғалардан 20 сұраныс пен өтініш, жеке тұлғалардан 18 арыз-өтініш түсті.

Өтініштердің мінез-сипаты:

Заңды тұлғалар, сот орындаушыларынан 18 сұраныс, 1 жер учаскесін заңдастыру, 1 – мінездеме жазу.

Жеке тұлғалардан 17 өтініш жер учаскесін заңдастыруға және 1 әр түрлі сұрақтармен.

Заңға сәйкес барлық арыз-өтініш, сұраныстарға жауап беріліп, қанағаттандырылды.

2013 жылы округтегі елді мекендердің санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру жөнінде сенбіліктер өткізілді.



  1. сенбіліктер жүргізу барысында тазартылды:

- көшелер мен жолдар – 18 шақырым

- тұрғын үйлерінің аулалық аумақтары – 620 аула,

- оқу орындарының, мектптердің, балалар бақшаларының, мәдениет мекемелерінің аумақтары – 5 дана (Гагарин атындағы орта мектеп, Ново-Канайка орта мектебі, Айыртау ауылдық клубы, Ново-Канайка ауыл клубы, Айыртау ауылындағы «Балдаурен» балабақшасы).

- су тартқылардың санитарлық аймағының қоршаулары – 2 (Айыртау және Ново-Канайка ауылдарында)

- тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өндеу үшін арнайы бөлінген жерлерді қанағаттандырарлық жағдайға келтірілді – 2 (Айыртау және Ново-Канайка

ауылдарында)

- шығарылған қоқыс – 285 тонна.

2. Мектептер, мәдени ошақтар, Обелиск маңайы, әкімшілік ғимараттары, «Балдаурен» балабақшасы және Ново-Канайка ОПА-сы маңайында 69 ағаш (қайын, қарағай) және бұталар, 4036 көшеттер отырғызылды.

Айыртау ауылының жанындағы обелиск маңайы жөнделіп, көгалдандырылды.

3. Сенбіліктерге қатысқан орташа 182 адам, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар – 2 адам.


2014 жылдарға арналған міндеттер:

2014 жылдарға арналған міндеттердің бірі халыққа сапалы қызмет көрсету, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау, алдағы жылдарға тапсырмалар қойылды және де:

1. Ново-Канайка ауылындағы мектеп құрылысын аяқтау - 2014 ж.

2. Бордақылау алаңының жөндеу жұмыстарын аяқтау және мал басының санын 300 басқа жеткізу.

3. Айыртау ауылының обелискісін көріктендіру.

4. ЖК «Хамидов» көкөніс -160 га: соя, көкөніс, картоп отырғызу.

5. ЖК «Асиф» - 30 га көкөніс және картоп отырғызу.

6. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының жобаларын іске асыру

7. Айыртау ауылындағы 2 қабатты авариялық жағдайдағы үйлерді бұзу - 2014-2016 жж.

8. Айыртау ауылының Пушкин көшесін жарықтандыру 2014 ж. – 5 млн.тенге.



9. 2 екі қабатты үйлерді термомодернизациялау бағдарламасы арқылы жөндеу - 2017 жылға дейін

10. ЖК - Б. Рагызбаева қаңтар айында несие алып, дәмхананы 200 орынға дейін ұлғайтып салуды жоспарлайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет