2010 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша



Дата04.03.2016
өлшемі17 Kb.
2010 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар

1. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша:

2010 жылдың 1 шілдесіне округтегі елді мекендердегі тұрғындар мен шаруа қожалықтарының мал-құстарының санағы жүргізілді, онда

ірі-қара – 5396 бас, қой-ешкі – 8506 бас, жылқы – 1239 бас және құстар 1650, ит - 260 басты құрап, 2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі-қара 14 %-ға қой-ешкі 48,2 %-ға азайды, жылқы 100,2 %-ға өсті және құстар 12 %-ға азайды.

Округте сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар жүргізілді.

2010 жылы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары 1304 га егістік алқабына дәнді және майлы астық дақылдарын егіп, 340 га егстік бидайдың әрбір гектарынан 16,2 ц/га өнім орып, жалпы 419 тонна бидай жиналса, 110 га арпадан 22 ц/га немесе 220 тн, 84 га картоптан 114 ц/га түсіммен 925 тн,

20 га көкөністен 125 ц/га өнімділікпен 250 тн және 10 га бақша дақылдарынан 120 ц/га түсіммен 120 тн егін өнімдері жиналды.



2. Салық төлемдері бойынша:

2010 жылғы 9 ай көлемінде бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері


- жеке тұлғалардың жер салығы 119 000 теңге

- мүлік салығы 37 922 теңге

- көлік салығы 330 000 теңге

- бірыңғай жер салығы 50 000 теңге




3. Спорт саласы бойынша:
09 қаңтар 2010 жылы стол тенисін дамыту мақсатында «Ауыл біріншілігі» атты жарысы өтті.Жеңімпаздар әкімшілік тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.І-орынды Молданбаев Құмар,ІІ-орын Демеубаев Медет,ІІІ-орын Исабаев Ербол иеленді.8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні»мерекесіне арналған арқан тарту,қол тірес жарысы өтті. 22-наурыз мерекесіне байланысты ұлдар арасында гир көтеру спорттық жарыстары өтті.

9-мамыр Ұлы Жеңістің 65 жылдығына мини футболдан көше аралық жарыс.

1-маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты «Спорт денсаулық кепілі» атты балалар арасында эстафеталық ойын.

1-қыркүйек Білім күні мерекесіне спорттық жарыстар өтті.



Мәдени көпшілік жұмыстар:
Округ бойынша 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі және

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелері аталып өтілді.

8 наурыз күні Біржан ауылында «Ана деген – теңдесі жоқ жақсы адам» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.

22 наурыз мерекесі округке қарасты Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында өтті. Барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік халықтық шара өткізілді, халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар (арқан тарту, қол тіресі,т.б ) ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

1 Мамыр «Ынтымақ күні» мерекесі мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

1 Маусым «Балалар күні» мерекесіне «Бала біздің болашағымыз» атты әнші балапан байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан және көрермен балалардың барлығына да ауылдық кәсіпкерлер мен әкімшілік қызметкерлерінің демеушіліктерімен сыйлықтар табыс етілді.Жеңімпаздар аудандық мәдениет үйіндегі «Әнші балапан» байқауына қатысып

22 қыркүйекте «Жасай бер,ана тілім – қазақ тілі» атты Тіл мерекесіне байланысты ауылдық кітапханада оқырмандармен кездесу өтті.

30 қыркүйек «Қарттар күні» ауылдық округінде атап өтілді.Сағат 16.00-де ауыл округ әкімінің салтанатты жиналыс өтті.Жиналыстан соң ауыл округ әкімінің қабылдауына қарттар шақырылды.Дастархан басында мәдениет қызметкерлері түрлі ән, би өнерлерін көрсетті.


Ауылдық округі әкімі С. Молдашев
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет