Қаршығалы ауылдық округі әкімі Нұрлан Жұманұлының 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» деген тақырыптағы өзінің жиырмасыншы мерейтойлы Жолдауын арнады. 2015 жылы Қаршығалы ауылдық округі бойынша туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында атқарылған тыңғылықты жұмыстар бар. Ауылдық округ әкімі аппаратына 2015 жылы бюджеттен барлығы 18579,0 мың теңге қаражат игерілді, оның ішінде Республикалық бюджет арқылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 1700,0 теңгесіне ауылдың маңын қоршау (железебетонные плиты 450 м2) орнатылып қаражаты толық игерілді, жергілікті бюджеттен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға қарастырылған – 2350,0 мың теңгесіне, 50,0 - билбордтар, жарықтандыру жобасы бойынша - 500,0 мың теңге қаражаты бөлініп, көше жарықтарын жөндеу жұмыстарына - 190,0 мың теңгесіне кетсе, қалған – 310,0 мың теңгесі көше шамдарына жұмсалған электр жарығының пайдалану шығындарын жабу үшін жұмсалды. Елді-мекенді ауыз сумен жабдықтауға 245,0 бөлініп, 70,0 – жөңдеу жұмыстарына, 140,0 дизенфекция жұмыстарына, 35,0 – судың анализін тексеруге жұмсалды. Қыс айларында елді-мекен ішіндегі жолдарды қалыпты ұстауға (қардан тазалауға) – 250,0 мың теңге қарастырылып, қаражаты өз мақсатында игерілудің арқасында өткен қыстағы ауа-райының қаталдығына қарамастан көлік қозғалысында іркіліс болған жоқ, тұрғындардың жүріп-тұруына барынша жағдай жасалуда. Қалған - 13534,0 мың теңге қаражат әкім аппаратының материалдық –техникалық базасын нығайтуға, жалпы аппараты ұстауға бөлініп тиісті мақсаттарға жұмсалып толығымен игерілді. Ауылдық округ әкімі аппаратына 2015 жылы жеке тұлғалардан 10 өтініш түсіп, жоғары тұрған мекемелер арқылы қанағаттандырылып, өтініш иелеріне жауаптары заң талаптарына сәйкес уақытында берілді. 2015 жылы ауыл тұрғындарының қатысуымен әр – түрлі тақырыптарда 8 рет кездесулер өткізіліп, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында біраз жұмыстар атқарылды, Ауылдық округ әкімінің 9 айдың қортынды есебіндегі кездесуде Жаңажол, Саумалкөл ауылының тұрғындары тарапынан қысқы уақытта жолдарды қалыпты ұстау туралы өтініш жасалған. Бүгінгі күні бұл мәселе шешімін тапты.
Мемлекеттік қызмет көрсету блогы
Жыл сайын мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауларында мемлекеттің басқару жүйесін модернизациялау ел дамуының басты бағыты деп үнемі айтып келеді. Сондықтан да, бүгінгі күні баршамыздың басты міндетіміз – еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін оңтайландыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұрғындардың сұраныстарын барынша қанағаттандыру үшін сапалы қызмет жасау. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет көрсету жұмысында біздер 2013 жылдың 15 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына және де белгілі әр сала бойынша колданысқа еңген заңдарына сәйкес, ауылдық округ әкімі аппараты бойынша 2015 жылы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетуде, жеке қосалқы шаруашылығы туралы - 155, ветеринарлық - 473 анықтамалар ауылшаруашылығы малдарына - 1100 куәліктері ұсынылды және 2767 бас мал сырғаланды. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру басты мәселелердің бірі болып танылуда. Өткен жылы мемлекеттік қызметер көрсету мерзімдерін сақтамау фактілері және мемлекеттік қызметтерге шағым түсіру фактілері жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерде қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылар арасында «кері байланыс» алу жұмысы жолға қойылған, бұл шара 95 пайызға орындалды.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық обьектілер бойынша
Көктас елді-мекенінде 387 аула 1651 адам тұрады, бір орта мектеп, амбулатория, мәдениет үйі, почта, екі асхана, екі монша, шаштараз, әр түрлі 19 сауда орындары бар. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылып, қолданысқа берілген. Тұрғындар таза ауыз суды іркіліссіз пайдаланып отыр. Округ елді-мекендегі электр желілері, тоқ тарату қондырғылары, көше жарықтарының шамдары,жылу қазандықтары, телефон байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр. Көктас елді-мекені ішкі тас жолдарының тозығы жеткен, дәл жақын арада жөнделеді деп айту қиын, қаражатты көп қажет етеді. Әкімшілік елді-мекендерін көктемгі, күзгі тазарту көркейту және көгалдандыру санитарлық жұмыстарды жүргізу туралы «Таза бейсенбі» күндері ұйымдастырылған. Ауыл тұрғындары тазалыққа жауапкершілікпен ат салысса, кейбір адамдар күл – қоқысты кез – келген жерге төгіп кету фактілері бар. Бұл тұрғыда учаскелік инспектор, полиция капитаны Т.Б.Турсунов ауыл тұрғындарынаға ескертіп, айыппұлдар салғаны туралы айғақтары бар. Тазалық мәселесі ескерту, айыппұл мен шешілмейді,өйткені бұндай жағдай жылда қайталанады. Бұл шаруаны халық болып, бәріміз бірігіп, шешуіміз қажет. Ауылдық округ бойынша 2015 жылы 7 рет иесіз қаңғыбас иттерді аулау ұйымдастырылып, 42 иттің көзі жойылды. Ауыл күл-қоқыстан тазартылып, 2015 жылы 300 тн қатты қалдықтар белгілі полигонға шығарылды. Елді мекендерді көгалдандыру мақсатында 50 түп ағаш отырғызылды.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ел экономикасындағы кәсіпкерліктің рөлін ерекше атап өткен. Бұл сала халықты жұмыспен қамтуда өзіндік орны бар екені белгілі. Округ бойынша аудандық салық басқармасында 2014 жылы 52 кәсіпкер тіркелсе, 2015 жылы оның саны 54-ке жетті. Яғни 2 кәсіпкерге артты. Аталған кәсіпкерлік саласында бүгінгі күні 149 адам жұмыс жасап,еңбек етуде. Бұл округтегі экономикалық белсенді халықтың 13% пайызын құрайды. «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау», «Салықтық қызмет көрсету стандарттары» туралы ауданда семинарлар өткізіліп, мағлұматтар беріліп тұрады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу 2-бағыты бойынша бизнес – жоспарларына сәйкес өз ісін ашып, барлары істерін кеңейтумен айналысуда. Ауылдық округ әкімі аппараты мен 3 жеке кәсіпкерлер арасында бағаның орынсыз өсуіне жол бермеу мақсатында меморандумдар жасалды. Меморандум мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қажетті мөлшерде әкеліп, халыққа қолжетімді бағамен ұсыну. Жыл басынан Астана, Қарағанды, Қарқаралы қалаларына тұрғындардың ауылшарушылығы тауарларын сату жәрмеңкелеріне қатысып, ауыл тұрғындарының 25 бас ірі қара, 5 бас жылқы, 25 бас қой малдары, 150 кг құрт, 110 кг сары май, 200 л сүт, 150 литр қымыз, 550 кг картоп, 60 кг ірімшік, 40 л қаймақ, 50 л айран өткізілді.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
Округтегі барлық меншік түрлері бойынша 2016 жылдың 01 қаңтарына қалған мүйізді ірі қара малы 2370 бас,аналығы 1365 бас, қой - ешкі 3771 бас, аналығы 3190 бас, жылқы 1315 бас, аналығы 640 бас , құс 1950 бас. Өткен 2015 жылмен салыстырғанда өсу динамикасы байқалады. Округтегі барлық меншік түріндегі ауылшаруашылығы малдары мал дәрігерінің аурудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, жоспарлы түрде жүргізіледі. 2015 жылға эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқару үшін бөлінген қаражат толығымен игерілді. Барлық мал-түліктері сібір жарасына, үй құстары жоғары зардапты құс тұмауына, ірі қара, ұсақ малдар бурцулез, туберкулез, жылқы малдары маңқаға қарсы егіліп, аллергиялық тексерістен өткізіліп, бруцеллез ауруы анықталған малдар уақытында жойылып, актілері жасалған.
2016 жылғы мал-түліктерінен туған төлдер, қой-ешкі малдары бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілді. Ауылщаруашылығы малдарын ірілендіру және асылдандыру бағытында облыстық ауыл шаруашылығы Департаменті арқылы қаржы бөлініп, арнайы 1 маман Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Скобр» акционерлік қоғамымен келісім-шарт арқылы ірі қара малдарын қолдан ұрықтандырумен шұғылдануда. Округтегі «Жандос», «Жұлдыз», «Жаңажол», «Димар» шаруа қожалықтары 3 жыл болды асыл тұқымды аталық ірі қара малдарын алып, малдарын асылдандыру бағытында жемісті жұмыс жасауда. Қалған шаруа қожалықтары да осы бағытта жұмыс жасау керек. «Ірі қара мал етін экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасына кіру мақсатында басқа да шаруа қожалықтарының малдарын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқалар сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлаудамыз.
Егін шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтары 2015 жылы жалпы көлемі 3443 га жерге бидай, 762 га жерге арпа себіліп, оның ішінде жарамсызы 1670 га бидай. Ауыл тұрғындары өз аулаларына тағамдық өнімдерден жалпы көлемі 15 га жерге картоп егілді. Тиісінше шаруа қожалықтары бидайдан 794 тн, арпадан 123 тн, ауыл тұрғындары картоптан 234 тн өнім алып, көлемі 2014 жылмен салыстырсақ едәуір өсу динамикасы байқалады. Келешекте 2016 – 2018 жылдарға даму жоспарын құрып өндіріске озық технологияны енгізу – алынатын өнім көлемін арттыруға, оның сапасын жақсартуға жұмыс жасау. 2016 жылға егістік көлемін - 4800 га ұлғайту жоспарлануда, оның ішінде бидай – 4300 га, арпа – 500 га.
Жұмыспен қамту әлеуметтік көмек
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 2 адам 3,5 млн несие алып, өз шаруашылығын жүргізуде. Ақылы қоғамдық жұмысқа 6 адам тартылып, 128,184 мың теңге еңбек ақысы төленіп әрі қарай жұмыспен қамтылды. Тұрмыстық деңгейі төмен отбасыларының жағдайы әкім аппаратының үнемі назарында. Бұл отбасыларына мемлекет тарапынан белгіленген атаулы - әлеуметтік көмекті тағайындау жұмысы арнайы учаскелік комиссия арқылы олардың материалдық жағдайын тексеру бойынша жүзеге асырылады. 2015 жылы мемлекеттік атаулы көмек алушылар жыл басында комиссия шешімімен анықталған 1 отбасындағы, 1 адамға 56859 мың теңге төленді. Балалар жәрдемақысын алуға өтініш жасаған 14 отбасындағы 50 балаға 1301142 мың теңге төленді. Жалпы әлеуметтік салада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бала күнінен мүгедек балаларға, 18 жастан асқан мүгедектер, жалғыз басты қарттарға 4 маман қызмет көрсетуші жұмысын абыроймен атқаруда.
Денсаулық сақтау
Ауылдық округ бойынша «Саламатты Қазақстан – 2015» мемлекеттік бағдарламасы Бырыңғай Ұлттық Жүйесін жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы анамен бала өлімі тіркелген жоқ, психикалық, наркологиялық қатерлі ісік, сарып, қант диабеті ауруларының деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендесе үстінде. Туберкулезбен ауыратын 3 адам анықталып, дер кезінде шаралар көргендіктің арқасында қазіргі уақытта Қарағанды қаласында тубдиспансериясында емделіп, дәрігерлердің бақылауында. Аталған ауру түрлері скриннингтік зерттеулердің жаппай жүргізілуінен анықталып отыр. 2015 жылы округ бойынша 20 нәресте дүниеге келді. Жаңадан салынып жатқан СВА құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.
Білім беру саласы
Білім беруді жетілдірудің маңызды элементі оқу процесіне қазіргі заманғы әдістемелермен жаңа технологиялар енгізу педогогикалық құрамның сапасын көтеру болып табылады. Осы бағытта жұмыс атқарып жатқан Көктас елді-мекеніндегі № 4 орта мектеп ұжымының мән-жайына кішкене тоқтала кетсек. Бүгінгі күні № 4 мектебінде - 258 оқушы білім алады. Мектепте шағын орталықта - 3 топта 65 бала, 2 - мектеп алды даярлық тобында 24 бала. Мектепте жаңа үлгідегі мультимедиялық, лингофон, физика, биология, екі иетерактивті тақта, компьютер кабинеттері жұмыс істеп тұр. Мектепте барлық пәндер бойынша мұғалімдер жеткілікті, маман қажеттілігі жоқ. Мектепте оқу жылында 3 рет «Ресурс орталығында» магниттік мектептер жиналып оқушыларға сессия өткізіліп тұрады. Орта мектепті бітірген 21 оқушы. ҰБТ –ға қатысқан 10 оқушы орташа 74,5 % балл жинады, жоғары оқу орнына грантпен 2 оқушы оқуға түсті. №4 мектепке заман талабына сай ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Мектеп оқушылары аудандық пән олимпияларынан, облыстық ғылыми жобаларына қатысып жүлделі орындарға иеленіп келеді. NOMAD MMA дүниежүзілік ашық чемпионаттан Рымтай Марғұлан, Қаппас Ұлан 2 орын иеленді. Күзгі әуен халықаралық фестиваль конкурсына қатысып Болат Аида 1 орын, Байманов Алдияр, Төлеуханқызы Шұғыла, Рүстемқызы Айнұр 2 орын жеңіп алды. «Театрдың ғажайып әлемі» тақырыбындағы шығармашылық жобаларының республикалық интернет байқауына қатысып Серікқызы Гүлдана, Серікқызы Айдана бас жүлдені иеленді.
Жаңа жол елді мекеніндегі № 11 негізгі мектеп жабылып, бастауыш мектеп базасында 3 оқушы, шағын орталықта 13 баламен жұмыс істеп жатыр. Бұл ұжымда бастауышта 1 мұғалім, 1 тәрбиеші, 1 тәрбиешінің көмекшісі, 1 медбике, 6 кіші қамту қызметкері жұмыс жасайды. Бұл жерде келешекте жұмыс жасаудың қиындығы, бала санының аздығы.(16 бала).
Мәдениет және спорт
Мәдениетті дамыту саласында Көктас «Мәдени – сауық орталығы» халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Мәдени шаралар іс-жоспар бойынша өз деңгейінде өтіп тұрады. Мәдени шаралар өткізуге музыкалық аппаратуралар бар, бірақ олардыңда тозығы жеткен, ішкі жиһаздарыда ескірген. Округтегі Көктас, Жаңа жол елді мекендерінде екі кітапхана жұмыс жасайды.
Көктас ауылының типтік мәдениет үйінде орналасқан № 1 модельді кітапханасында барлық кітап қоры 25562 дана, оқырманы- 720 адам. 2015 жылға жаңадан алынған кітаптар саны – 676, оның – 629 қазақ тілінде. 2015 жылға барлығы 38 дана газет-журналдарға жазылған. Кітапхана интернет желісіне қосылған, Жаңа жол елді-мекен кітапханасында кітап қоры 2 мың дана. Бұл жерде кітапхана үйінің ескіруіне байланысты 11 мектепке ауыстырылды.
Пошта байланыс бөлімшесі
Пошта байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындардың зейнетақылары, жәрдемақылары, еңбекақылары таратылып, әртүрлі төлемдер қабылданып, қызмет көрсету жоғарғы деңгейде жүргізілуде. 2016 жылға баспасөзге жазылу ұйымшылдықпен жүргізілді. Округ бойынша «Егемен Қазақстан» газеті – 20 дана, «Орталық Қазақстан» газеті - 29 дана, «Қарқаралы» газеті – 189 дана, жалпы басылымдар саны - 703 дана болды. Бұл салада 1 бөлім басшысы, 1 жұмыскер жұмыс жасауда. Ғимараттың жылу жүйесін электр желісінен ажыратылуына байланысты жал пешке ауыстырылып іске қосылды, телефон желісі интернетке қосылған. Мерзімдік баспалар аптасына үш рет жеткізіліп, халыққа дер кезінде таратылуда.
Қоғамдық тәртіп
Халықтың қауіпсіздігі мен мал – мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуде учаскелік инспекторлар біршама жұмыстар атқарды. Жас өспірімдер мен оқушылар арасында «Қылмыс және тәртіп» тақырыптарында, тентектерді ақсақалдар кеңесінде талқыға салу сияқты тәрбиелік маңызы бар отырыстар өткізіліп тұрады. Мал ұрлығы бойынша бағусыз жүрген малдан 1 факті тіркелген. Отбасы санатында зорлық- зомбылық қылмыстардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73 бабының 1 бөлігіне сәйкес, 5 әкімшілік хаттама толтырылып, қорғау нұсқамалары қойылды. Ауылдың санитариялық эпидемияларын сақтау үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 408 және 505 бабтарына сәйкес 10 хаттама толтырылып әкімшілік айыппұлдар салынған. Қоғамдық орындарда болатын қылмыстардың алдын алу үшін, Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 440 және 437 бабына сәйкес 12 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынған және де аталған құқық бұзушылықтарды 1 жыл ішінде қайталаған азаматтарға сот шешімімен әкімшілік қамау тағайындалды.
Қаршығалы ауылдық округінде жол жүргізу ережесін бұзған адамдарға 8 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. 2015 жылы бас бостандықтарынан айыру мекемелерінен босап келген 2 адам арнайы есепке алынып жыл бойы тексеріліп отырылды.
Елдің ұйытқысындай болып отырған ардагерлеріміздің, ардагерлер Кеңестерінің де ұрпақ тәрбиесіндегі, ел бірлігінде ақыл кеңестері бізге ауадай қажет. Біз ауылымыздың ақсақалдары мен аналарымызбен ардагерлерімізбен мақтанып, қай кезде де болмасын құрметтеп жүреміз. Ауылымыздағы қоғамдық ұйымдар «Нұр Отан» ХДП, Ардагерлер ұйымы, әйелдер кеңестері ауыл әкімшілігімен бірлесіп жоспарлы мәнді мағыналы түрде жұмыс жасауда. Алдымызда әлі атқарылатын істеріміз көп, кемшіліктеріміз де жоқ емес. Біз оның бәрін ойластырып, жан-жақты саралап, шешу жолдарын тауып, қауымдастықпен ақылдасып, келісіп алда тұрған міндеттерді орындау үшін әрі қарай жатпай – тұрмай жұмыс жасауымыз қажет.
Алда тұрған міндеттер
1. Су тасқынының алдын алу мақсатында ауылдың шетіндегі бұрынғы тұрғызылған ескі дамбаны қайтадан биіктетіп көтеру жұмыстарын жүргізу;
2. Жаңа ауылшаруашылығы техникаларын алу;
3. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша мал сатып алуды, сапалы мал азығымен қамтамасыз ету үшін көп жылдық шөп (житняк) егу;
4. Қоғамдық малды асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқаларды табынға қосу;
5. Көктас елді-мекені ішіндегі 6 км тас жолдарға қаражат қарастырып, жөндеу жұмыстарын қолға алу;
6. Көктас елді-мекеніндегі ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратына қаражат қарастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу;
7. Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмысқа тарту;
8. Ауыл ішінің кіре беріс орталық көшесіне күн сәулесімен шам орнату;
9. №4 орта мектебінің базасындағы тірек мектебіне (ресурстық орталық) Жаңа жол Саумалкөл елді мекендерінің оқушыларын және ресурстық орталықта өтетін сессияға №9, №6 магниттік мектеп оқушыларын тасымалдауға автокөлік мәселесін шешу;
10. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал бағымдарын дұрыс ұйымдастыру.
Мал ұрлығы бойынша бағусыз жүрген малдан 1 факті тіркелген. Отбасы санатында зорлық- зомбылық қылмыстардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73 бабының 1 бөлігіне сәйкес, 5 әкімшілік хаттама толтырылып, қорғау нұсқамалары қойылды. Ауылдың санитариялық эпидемияларын сақтау үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 408 және 505 бабтарына сәйкес 10 хаттама толтырылып әкімшілік айыппұлдар салынған. Қоғамдық орындарда болатын қылмыстардың алдын алу үшін, Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 440 және 437 бабына сәйкес 12 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынған және де аталған құқық бұзушылықтарды 1 жыл ішінде қайталаған азаматтарға сот шешімімен әкімшілік қамау тағайындалды.
Қаршығалы ауылдық округінде жол жүргізу ережесін бұзған адамдарға 8 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. 2015 жылы бас бостандықтарынан айыру мекемелерінен босап келген 2 адам арнайы есепке алынып жыл бойы тексеріліп отырылды.
Қазақсатн Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы
№ 615 Жарлығына сәйкес
Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н.Ж.Искаковтың
Саумалкөл елді-мекені тұрғындарымен есепті кездесуінің
хаттамасы
Саумалкөл елді-мекені 14.01.2016 жыл
Жолаушылар вокзал ғимараты сағат 1000
Жиналыс төрағасы:Қаршығалы ауылдық округі әкімі Н.Ж.Искаков
хатшысы: аппараттының бас маманы Р.С.Садвакасов.
Жиналысқа қатысушылар: Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, ОДА меңгерушісі, Учаскелік инспектор, Жолаушылар вокзалының басшысы қызметкерлерімен, ауыл тұрғындары
Барлық қатысқандар: 18 адам.
Күн тәртібінде:
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес, Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н.Ж.Искаковтың есебі.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ауылдық округ бойынша 2015 - ші жылғы атқарылған жұмыстары туралы Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н.Ж.Искаковтың есебі хабарламасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында ауыл тұрғыны Гүлмира Ахметова әкім есебіне оң баға беріп, ауыл тұрғындары атынан Көктас – Саумалкөл елді-мекен арасындағы 23 шақырым жолды қардан уақытылы тазалауды және де станция арқылы өтетін жолаушылар тасымалдау вагоны былтырдан бастап алынып тасталғандықтан, Қарғанды қаласындағы интернатта балаларды оқытуда қиындық туындауына байланысты Көктас ауылындағы № 4 мектепке тасымал жасап оқытсақ деген ұсыныс пікірлерін білдірді.
Жиналыс төрағасы Н.Ж.Искаков
Жиналыс хатшысы Р.С.Садвакасов
Қазақсатн Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы
№ 615 Жарлығына сәйкес
Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н.Ж.Искаковтың
Жаңажол елді-мекені тұрғындарымен есепті кездесуінің
хаттамасы
Жаңа жол ауылы 14.01.2016 жыл
№ 11 негізгі мектеп ғимараты сағат 1130
Жиналыс төрағасы:Қаршығалы ауылдық округі әкімі Н.Ж.Искаков
хатшысы: аппараттының бас маманы Р.С.Садвакасов.
Жиналысқа қатысушылар: Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, ОДА меңгерушісі, Учаскелік инспектор, № 11 негізгі мектеп қызметкерлері, ауыл тұрғындары
Барлық қатысқандар: 32 адам.
Күн тәртібінде:
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес, Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н.Ж.Искаковтың есебі.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ауылдық округ бойынша 2015 - ші жылғы атқарылған жұмыстары туралы Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н.Ж.Искаковтың есебі хабарламасы тыңдалды.
Жиынға қатысушылар тарапынан ауыл әкімінің есебі талқыланып,
Төмендегі сұрақтар қойылды.
-
Азымханов Сагынган оң бағасын бере келе, №11 негізгі мектептің бастауыш мектебіне қысқаруына байланысты орта буындағы оқушылары Қарағанды қаласындағы интернетта және туысқандардың үйінде оқытып жатырмыз, сондықтан тасымалдайтын автокөлік мәселесін шешілсе, Көктас ауылындағы № 4 мектепке оқытар едік деп пікірін білдірді.
-
Келесі сөз кезегін ауыл тұрғыны Сатыбалдин Аманжол Көктас – Саумалкөл елді-мекені байланыстыратын тас жолды қардан уақытылы тазаланып, көлік қатынасына кедергі болмаса деп өз пікірін ұсынды.
Жиналыс төрағасы Н.Ж.Искаков
Жиналыс хатшысы Р.С.Садвакасов
Қазақсатн Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы
№ 615 Жарлығына сәйкес
Қаршығалы ауылдық округінің әкімі А.Шәкенұлының
Жаңа жол ауылы тұрғындарымен есепті кездесуінің
хаттамасы
Жаңа жол ауылы 16.01.2014 жыл
№ 11 негізгі мектеп ғимараты сағат 1000
Жиналыс төрағасы:Қаршығалы ауылдық округі әкімі А.Шәкенұлы
Жиналысқа қатысқан: Қарқаралы ауданы тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушысы Айжан Жанатқызы Өмірбай
Жиналыс хатшысы: Ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ә.Қ.Қасымов.
Жиналысқа қатысушылар: Ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші мамандары, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары
Барлық қатысқандар: 29 адам.
Күн тәртібінде:
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес, Қаршығалы ауылдық округінің әкімі А.Шәкенұлының есебі.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ауылдық округ бойынша 2013 - ші жылғы атқарылған жұмыстары туралы әкімі А.Шәкенұлының есебі хабарламасы тыңдалып, талқыланып, халық тарапынан атқарылған істерге оң баға берілді.
Хабарламашы А.Шәкенұлы.
Қойылған сұрақ:
-
Айдаболова Жарқын өз ісімді бастауға 2020 бағдарламасы сәйкес жоспар құрып несие алу мәселесі
-
Айжан Жанатқызы ауыл тұрғындарына өз пікірін білдірді.
Жиналыс төрағасы А.Шәкенұлы
Жиналыс хатшысы Ә.Қ.Қасымов
Қазақсатан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы
№ 615 Жарлығына сәйкес
Қаршығалы ауылдық округінің әкімі А.Шәкенұлының
Көктас ауылы тұрғындарымен есепті кездесуінің
хаттамасы
Көктас ауылы 17.01.2014 жыл
Мәдениет үйі ғимараты сағат 1200
Жиналыс төрайымы: Қарқаралы ауданының әкімі Х.М.Мақсұтов
Қаршығалы ауылдық округі әкімі А.Шәкенұлы
Жиналыс хатшысы: Ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ә.Қ.Қасымов.
Жиналысқа қатысушылар: Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары қызметкерлерімен, бюджеттік мекемелердің басшылары қызметкерлерімен, ауыл тұрғындары
Барлық жанлысқа қатысқандар: 29 адам.
Күн тәртібінде:
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес Қаршығалы ауылдық округінің әкімі А.Шәкенұлының есебі.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ауылдық округ бойынша 2013 - ші жылғы атқарылған жұмыстары туралы әкімі А.Шәкенұлының есебі тыңдалды.
Хабарламашы А.Шәкенұлы.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауылдық округі әкімі А.Шәкенұлы хабарламасы тыңдалып, талқыланып, халық тарапынан атқарылған істерге оң баға берілді.
Қойылған сұрақ:
Жиналыс төрағасы А.Шәкенұлы
Жиналыс хатшысы Ә.Қ.Қасымов
Достарыңызбен бөлісу: |