Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің 2006 жылда атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ
Департаменттің жұмысы Елбасының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға, біртұтас аграрлық саясатты жүргізуге, сонымен қатар Президентіміз бен Қазақстан Республикасының Үкіметі қол қойған нормативтік актілерді, облыс әкімдігінің, мәслихаттың, облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мәселелері бойынша шығарған қаулылары мен шешімдерін орындауға бағытталған жылдық, тоқсандық және ай сайынғы жасалған жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, департаменттің жұмысы АӨК салаларының тұрақты дамуының және бәсекеге қабілетті өнім шығарудың жолдары мен механизмдерін жасауға бағытталып келген және бағыт алып отыр.
Осы мақсаттар үшін департамент 2006 жылдың басында Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеп, облыстық мәслихатта бекітті, сонымен қатар осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бірінші кезекте тұрған шаралардың бағдарламасын әзірлеп, жоба Ауыл шаруашылығы Министрлігімен келісілді.
Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің өсуіне, АӨК кәсіпорындарының табыстылығына, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қол жеткізу үшін төмендегідей басым бағыттар айқындалған.
Атап айтқанда, бұл - АӨК техникалық жарақтануының өсуі, АӨК салаларында ғылыми негізделген технологиялардың енгізілуі мен сақталуы, оның инфрақұрылымының, сонымен қатар, ұлттық бәсекелестік артықшылықтардың дамуы, бюджеттік бағдарламаларды игеру бойынша жұмыстың жетілдірілуі, дәрменсіз ауыл шаруашылық құрылымдарын таратуда банкроттау мен соттан тыс процедуралардың жүргізілуіне бақылау жасау.
Департаменттің атқарған шараларының нәтижесінде облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарына 1703,3 млн. теңгенің 535 ауыл шаруашылық техникасы жеткізіліп берілді, бір машина технологиялық станция және 2 техникалық қызмет көрсету пункті ашылды, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін 13 жаңа өндіріс орны пайдалануға берілді, өңдеу саласының 11 кәсіпорнында технолгиялық қайта жабдықтау жүргізілді және ауыл шаруашылық өнімдерін толық өңдеуден өткізетін жаңа өндіріс орындары ашылды, 7 сала бойынша өңдеудің жаңа технологиялары енгізілді.
Өткен жылы айналымға қосымша 8 мың гектар айдалмалы жерлер енгізілді. Дәнді дақылдардың 25 мың гектарды құрайтын алқабында ылғал-ресурс сақтау технологиясы қолданылды.
11 шаруашылыққа тұқым шаруашылығы статусы беріліп, 8 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық аттестациядан өтті, 7 малды қолдан ұрықтандыру пункті құрылды, 27 мал дәрігеріне ветеринарлық қызметпен айналысу құқығына ие болу лицензиялары берілді.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Өскемен қаласының тұрғындары үшін агроөнеркәсіп кешені өнімдерін сатудан 8 жәрмеңке ұйымдастырылды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жүйесін дамыту үшін «Аграрлық несие корпрорциясы» АҚ-на дайындау-сату кооперативтерін құру бойынша 34 жоба жіберілді. Оның біреуі қаржыландырылып, 6-ы қаржыландыру үшін келісім алды. «Семей тері-мех комбинаты» ЖШС алған кредит арқылы 21 ауылда 163 ауылдық дайындау пункттері ашылды.
Екі ауылдық несие серіктестігі ашылды, қайта өңдеу саласының 14 кәсіпорны айналым қаражаттарын толтыру үшін 1170 млн. теңгенің кредитін алды, бұнымен қатар берілген субсидия сомасы 79 млн. теңгені құрады.
Облыста өңірлік «Тамақ кластерін» дамытудың схемасы әзірленді, АӨК-нің 9 кәсіпорнында оларды сапа менеджментінің халықаралық стандарттарына өткізу үшін жұмыс басталып отыр.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде департамент 8 бағдарламаны қаржыландырды. Барлық бөлінген және игерілген қаржы сомасы 1096 млн. теңгені құрап, ол АӨК –нің 1189 кәсіпорынына мемлекеттік қолдау жасауға мүмкіндік берді.
АӨК салаларын дамытуға 2006 жылы жоспарланған 5288,3 млн. теңгенің орнына барлығы 6602,9 млн. теңге қаржы жұмсалды, немесе бұл бағдарлама көрсеткіштерінен 1374,6 млн. теңгеге артық. Қолданылып отырған шаралар өндірістегі бұрыннан келе жатқан өсу динамикасын сақтауға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 79,4 млрд. теңге болады деп күтілуде, бұл 2005 жылдың деңгейінен 5,7 % жоғары. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарған тауарлы өнімінің көлемі 30 млрд. теңгеден артады деп күтілуде, немесе өсім 6 % құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |