Академиялық хаттың ерекшелігі? барлығы дұрыс



Дата13.10.2022
өлшемі20.6 Kb.
#462605
ТЕСТ


Академиялық хаттың ерекшелігі?
барлығы дұрыс;
обьективті түрде жазылады;
ғылыми стильде жазылады;
жүйелі құрылыммен жазылады;
сілтемелерді жиі қолданады.


Академиялық хат анықтамасы?
арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі;
студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері;
белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар;
түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқу;
талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі.

Мақаланың негізгі мағыналық мазмұнын білдіреді, оқырман үшін бағдар болып табылады және электронды базаларда мақалаларды іздеу үшін пайдаланылады.
кілт сөздер
аңдатпа
сауалнама
сұрағы
дұрыс жауабы жоқ

Академиялық хаттың негізгі талаптары қандай?
аталғандардың барлығы дұрыс
зерттеу және ғылыми мәліметтерді қолдануы
зерттеу сұрағының болуы
кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлімдерінің болуы
плагиат ережесін сақтауы

Жекелей жұмыс жасау дегеніміз:
өзге авторлармен байланыссыз, дербес жұмыс жасау;
қолда бар мәліметпен жұмыс жасау;
өз ақпарат көздерін ешкіммен бөліспеу;
студент еңбегін өзге авторлармен бірге жазуы
нақты жауабы жоқ

Терең түсініп оқуға не жатпайды?
тақырыпқа деген қызығушылықтың болмауы, мүмкіндігінше жұмысты тез аяқтау
студент әрбір мәліметті түсіну үшін емес негізгі идеяны түсіну мақсатында оқиды, емтиханды өзінің білім деңгейін бағалау деп қабылдайды;
тақырыпқа байланысты көптеген дереккөздерді қарастырады, олардың қолданылуы жөніндегі мәселені ойлайды;
алдына қойған мақсатына жету үшін талпынады;
тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді, «мұның мағынасын қалай түсінуге болады?» және «мен оны қалай қолдана аламын» деген сұрақтарға жауап береді.

Академиялық жазылым анықтамасы?
зерттеушілердің жазба жұмысы. Ол зерттеу тақырыбы бойынша талдау мен жеке өзінің бағалауын қалыптастырудан тұрады
ресми қатынастар аясында қызмет ететін ресми құжаттар мен іс-қағаздардың стилі
академиялық жазылым кезінде нақты мәліметтерді жазу
ресми құжаттар мен іс-қағаздардың стилі
нақты жауабы жоқ

Философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, саяси және тағы басқа салада автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін?
эссе
мақала
монография
диссертация
шығарма

Эссенің мақсаты қандай?
әртүрлі дәйектер мен дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу
ғылыми жағалық ашу
берілген тақырып бойынша ғылыми тұжырым жасау
дереккөздерге шолу жасау
ауызекі тілмен өз ойына шолу жасау


Эссе жазу барысында сақталуы тиіс талаптар?
жеке көзқарастың болуы, деректі дәйектерді қолдану
қарапайым өмірдің мысалдарын, ауызекі сөйлеу стилін қолдану
автордың жеке ұстанымы болуы міндетті емес
дереккөздерге шолу жасау
ауызекі сөйлеу стилін қолдану


Эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық дисерттациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасын атаңыз?
академиялық хат
академиялық білім
академиялық оқылым
академиялық сауаттылық
академиялық жазылым
Ақпарат жинауды қайдан бастаған дұрыс?
кітапханадан, өзге де электронды қорлардан бастаған дұрыс
сіздің зерттеу тақырыбыңыз бойынша ақпарат алатын жер жоқ
сіздің зерттеу тақырыбыңыз бұрын-соңды сөз болмаған
зерттеу тақырыбына қатысты белгілі қор жинақтаудың қажеті жоқ
ғаламтор көздерінен, сайттардан іздеген жөн

Академиялық бағытта жазылған мәтіннің ерекшеліктері?
аталғандардың барлығы дұрыс
күрделі, формалды
жауапкершілікті
нақты, шектеулі
обьективті

«Менің ойымша, зерттегім кеп» сөздері қай стильде қолданылуы мүмкін?
ауызекі сөйлер стилі
көркем әдебиет
стилі публистикалық стиль
ресми іс-қағаздар стилі
ғылыми стиль

Зерттеу жұмысын жүргізудің негізгі мақсатының бірін атаңыз?
белгілі бір тақырып бойынша тереңдеп білу және ол тақырыпты жетілдіру жолдарын айқындау
тақырыпқа байланысты кітаптар мен мақалалардың қолдану
тақырыпқа байланысты материалдарды іздегенде ғаламтор көздерін пайдалану
тақырыпқа байланысты материалдарды іздегенде ауызекі стиліне жүгіну
Google арқылы сайтына кіріп көп мәліметтер табу

ЖОО-да білім алудағы мақсаттың бірін атаңыз?
жақсы ғылыми білімді, көзқарасты, ойды, идеяны туғызу, дамыту және тарату
білімді дәлелдейтін құжат алу
болашақтың кілтін іздеу
өз оймен бөлісу, тәжірибе алмасу
жауаптар дұрыс емес

Сыни жазылым?
аталғандардың барлығы
айтылған пікірлерді анық және нақты тұжырымдар арқылы жоққа шығарады
қолдайтын және қарсы пікірлерді тең дәрежеде береді, дәлелденбеген пікірлерді қолданбайды
идеяны дамыту мен түсіндіру үшін параграфтар қолданады, үнемі нақты дәлелдер мен тұжырымдар береді
тұжырымға үнемі дәлелдер келтіреді, үнемі қортындының себебін айтады, үнемі жұмыстың шегін көрсетеді, қарапайым қортынды жасамайды

Академиялық жазылым?
белгілі бір зерттеу жұмысын баяндап бағытталатын жазба жұмысы
идеясы мен сұрағынан ауытқымауын тексеру
бөлім жұмыстың ғылыми түрде жүргізілгендігі
мүмкіндігінше толық ақпарат беру
нәтижені бағалай және нақтылай алатын болуы шарт

Ғылыми мәтіндерге жататын жазба жұмыс түрлері?
мақала, реферат, рецензия, аңдатпа, тезис;
диктант, мазмұндама, шығарма
эссе, очерк, роман, әңгіме, толғау
ғылыми мақала, өлең, конспект
аталғандардың барлығы

Жазылым үшін қажетті қабілеттер?
аталғандардың барлығы
көру арқылы еске сақтау, назар аудара білу
логикалық ойлау
елестете алу
болжай білу.

Эссе түрлерінің атауы?
аталғандардың барлығы
синтез жасау эссесі, түсінік беру эссесі
риторикалық талдау эссесі
сын-пікір эссе, қарапайым эссе
зерттеу эссесі.

Эссе анықтамалары?
аталғандардың барлығы
бұл эссе түрі белгілі бір әдеби көркем шығарманы (поэма, шағын әңгіме, роман) түсіндіріп беруге бағытталады, ол көбінесе көлемді көркем шығармадағы сөйлемдерді, шағын детальдарды түсіндіруге арналады
бұл эссе әртүрлі идеяларды жинақтап, оның артықшылығы мен кемшілігі туралы ой білдіру бағытында жазылады
тақырып белгіленіп берілген соң оған байланысты шағын және қарапайым тұрғыда эссе жазу. оның көлемі бес параграфтан тұруы мүмкін және жазу үшін кез-келген бағыттағы тақырыптар берілуі мүмкін
бұл бір ғылыми жұмыс (кітап, диссертация, дипломдық жұмыс, ғылыми мақала) жөнінде жазылған пікір, ол беріліп отырған жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін баяндау үшін жазылады

Философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, саяси және тағы басқа салада автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін?
эссе;
мақала;
монография;
диссертация;
шығарма.

Ғылыми жұмыстың міндетті бөлігін көрсетіңіз?
тақырып;
қосымша;
бет саны;
библиография;
кіріспе.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет