1- тапсырма «Крест-нөл» ойынының элементі



Дата08.10.2022
өлшемі18.27 Kb.
#462208
түріСабақ
Документ (23)


Оқу мақсаты: 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Тыңдалым
Сырым Датұлы: «Бала би мен Сырым» мәтіні тыңдатылады.
1- тапсырма
«Крест-нөл» ойынының элементі арқылы көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.
1-топ. Сіз «портрет жасаушысыз». Жеке қасиеттеріне назар аудара отырып, кейіпкердің толық әрі пайдалы бейнесін жазыңыз.
2-топ. Өмірі мен тақырыбы ұқсас, тарихта болған әйгілі адам немесе оқиға жайлы мәлімет табыңыз. Олардан өзіңізге қандай сабақ алғаныңызды көрсету үшін шағын шығарма жаз.
3-топ. Өзіңіздің проблеманы қалай шешетініңізді және кітаптағы бас кейіпкердің проблеманы шешу үшін қолданатын амал-шараларын жазыңыз.

Дескриптор:
- Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін анықтайды.
- Тарихта болған әйгілі адам немесе оқиға жайлы мәлімет табады, шығарма жазады.
- Өзінің және бас кейіпкердің проблемасын шешу үшін қолданатын амал-шараларын жазады.
Қалыптастырушы бағалау:
Жазбаша (Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі ашылған,оқиға туралы анықталған мәлімет нақты, өзінің және бас кейіпкердің проблеманы шешу үшін қолданатын амал-шараларын толықтырып жаз.)
2-тапсырма
«Кубизм» әдісі арқылы шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырмаларды топтарға бөлу.
1-топ

  1. Суреттеу: би-шешендердің бойында қандай қасиеттер болу керек? ( өткір тілді, от ауызды, сөзге жүйрік, т.б.)

  2. Салыстыр: екі замандағы би-шешендердің ұқсастығы мен айырмашылығын (қоғамдық мәселелерге байланысты )

2-топ

  1. Байланыстыр: бүгінгі таңда халық арасындағы даулы мәселелер қалай шешіледі? (заң жүзінде)

  2. Таңда: сен Сырымның орнында болсаң жау қолындағы малыңды қалай алар едің? ( мәмілеге келуге шақырар едім)

3-топ

  1. Қолдан: Сырымның бойындағы қандай қасиеттер сенің бойыңнан табылады? ( қайсарлық, тапқырлық, т.б.)

  2. Дәлелде: сөз өнерінің жалпы халыққа тигізетін әсерін дәлелдеп жаз ( сөз сүйектен өтеді)


Дескриптор:
- Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, өмірмен байланыстырады.
- Жаңашылдығына баға береді. Сөз өнерінің жалпы халыққа тигізетін әсерін дәлелдеп жазады.
Қалыптастырушы бағалау:
Ауызша (Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстыра алғансың.
Өмірмен дұрыс байланыстырғансың.
Жаңашылдығына баға беруге толықтырулер енгізу керек. Сөз өнерінің жалпы халыққа тигізетін әсерін дәлелдеуде толықтырулар керек
3 – тапсырма. Жеке жұмыс Жалғасын тауып жаз. Қазіргі заманмен байланыстырып, ауызша мәтін құрыңыз
Су анасы-......
Сөз анасы- ......
Жол анасы - ........
Өтірік пен шынның арасы .....
Ат ..... қарай шабады.
Ер ..... қарай шабады.
Дескриптор
- Сұрақтардың жауабын іздейді;
- Жауабын тауып жалғастырып жазады .
- Қазіргі өмірмен байланыстырады
Қалыптастырушы бағалау: Үш шапалақ әдісі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет