Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы



бет1/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.8 Mb.
#10605
  1   2   3   4   5
Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ

Қазақстан Республикасының Заңы

(2007.07.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

     1-тарау. Жалпы ережелер                          (1 - 4 баптар)



     2-тарау. Қоғамды құру                            (5 - 9 баптар)

     3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы              (10 - 11 баптар)

     4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да        (12 - 32 баптар)

              бағалы қағаздары

     5-тарау. Қоғамды басқару                         (33 - 63 баптар)

     6-тарау. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары       (64 - 67 баптар)

     7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар       (68 - 74 баптар)

              белгіленген қоғамның мәмілелері

     8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті (75 - 78 баптар)

     9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі.          (79 - 80 баптар)

              Қоғамның құжаттары

     10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату  (81 - 89 баптар)

     11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер         (90 - 91 баптар)

 

Осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.



 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын адам;

2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   2) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2) акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын  , сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды  куәландыратын бағалы қағаз;

2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

3) аффилиирленген тұлғалар - тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірi) қабылдайтын шешiмге ықпал етуге, соның iшiнде жасалған мәмiлеге орай, мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тiзбесi осы Заңның 64-бабында белгiленедi



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   4) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

4) дауыс беретiн акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берiлген артықшылықты акциялар. Дауыс беретiн акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ нақтылы ұстаудағы және орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәлiметтер жоқ меншiк иесiне тиесiлi акциялар кiрмейдi;

5) дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;

6) лауазымды адам - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам;



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   6-1) тармақшамен  толықтырылды  (бұр. ред. қара)

6-1) қоғамды корпоративтiк басқару кодексi - қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлетiн, қоғамды басқару барысында туындайтын қатынастарды, соның iшiнде қоғамның акционерлерi мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделi тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтiн құжат;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) корпоративтік веб-сайт - Интернет желісіндегі қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті;



2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды

6-3) корпоративтік хатшы - директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның не қоғамның атқарушы органының қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және жүргізуді бақылайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарымен айқындалады;

7) айқын басым көпшілік - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;

8) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығару проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы;



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   9) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

9) акциялардың бақылау пакеті -  акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   10) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

10) ірі акционер - бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп  проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер;



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   11) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

11) кумулятивтік дауыс беру - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы  сайланатын мүшелерінің  санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі;



2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) тәуелсіз директор - сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның сол акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; сол акционерлік қоғамның немесе ұйымдардың - сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныштылығы жағынан байланысты емес; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; сол акционерлік қоғамның аудиторы емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; сол акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі;



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   13) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

13) акцияның нақтылы құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлiк қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешiмiнде) айқындалатын бiрыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейдi);



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   14) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

14) жарияланған акциялар -  шығарылуын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар;

15) 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

16) 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

17) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   18) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

18) орналастырылған акциялар - акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы рыногында  құрылтайшылар және инвесторлар құнын төлеген акциялары;



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   19) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

19) қоғамның тіркеушісі - қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым;

20) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

21) орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастырған кезде акцияның белгіленетін бағасы.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары



1. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Акционерлік қоғам

1. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.

2. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

4. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.

5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.

6. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.

 

4-бап 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды



4-1-бап. Жария компания

1. Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін қоғам жария компания болып танылады:

1) қоғам өзінің жай акцияларын, осы акцияларды инвесторлардың шектеусіз тобына ұсына отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған және (немесе) ұйымдастырылған нарығына орналастыруды жүзеге асыруға тиіс;

2) қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санының кемінде отыз проценті, олардың әрқайсысы қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан қоғамның жай акцияларының бес процентінен аспайтын акционерлерге тиесілі болуға тиіс;

3) қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;

4) қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингілік) талаптар белгіленеді не олар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тізіміне енгізіледі.

2. Жария компанияның жарғысында:

1) корпоративтік басқару кодексінің;

2) корпоративтік хатшы лауазымының;

3) корпоративтік веб-сайттың;

4) "алтын акцияға" тыйым салудың болуы көзделуге тиіс.

3. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тануды немесе одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алуды қоғамның өтініші негізінде өзі белгілеген тәртіппен жүргізеді.

4. Қоғам мынадай:

1) қатарынан соңғы үш айдың ішінде осы баптың 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларындағы талаптарды сақтамаған;

2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайларда жария компания мәртебесінен айырылады.

 

2-тарау. Қоғамды құру



5-бап. Қоғамның құрылтайшылары

1. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.

Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.

3. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.

4. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.

6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы

1. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.

Қоғам осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін.

2. Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:

1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;

2) құрылтай шартын жасайды;

2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;

4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;

5) шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;

6) қоғамның тіркеушісін таңдайды;

7) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;

8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;

9) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;

10) қоғамның жарғысын бекітеді.

3. Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

4. Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады.

5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.

7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі

1. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде):

1) қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде:

жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері;

заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер;

2) қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі;

2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;

4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны;

5) оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары;

6) қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу;

7) қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;

8) қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;

9) құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне):

құрылтайшылардың шешімі бойынша;

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес енгізілуге тиісті өзге де талаптар болады.

2. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылу кезеңінде осы Заңның 6-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда оның тараптары (жалғыз құрылтайшысы) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

3. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мәліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс.

4. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады.

8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі

1. Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.

Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды.

Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.

2. Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ресімделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін тиісті өкілеттіктері болуға тиіс.

9-бап. Қоғамның жарғысы

2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын (оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс.

2. Қоғамның жарғысында мыналар:

1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;

2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;

2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3) тармақша жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;

4)  2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

5) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;

6) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:

қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;

қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   7) тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

7) қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;



2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi

8) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар;

9) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары;

10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес өзге де ережелер болуға тиіс.

 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3. Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс.

4. Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қоғамның үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.

2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   5 тармақпен толықтырылды

5. Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленеді.

 

3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет