Акциялардың шығарым проспектісі



Дата23.02.2016
өлшемі302.19 Kb.
#5682


АКЦИЯЛАРДЫҢ ШЫҒАРЫМ ПРОСПЕКТІСІ




«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»

акционерлік қоғамы

«ҰлтССО» АҚ

Өкілетті органның жарияланған акциялар шығарымын мемлекеттік тіркеу инвесторларға проспектіде сипаттама берілген акцияларды сатып алуға қатысты қандай болмасын кепілдеме бере алмайды. Жарияланған акциялар шығарымын мемлекеттік тіркеуден өткізген өкілетті орган осы құжаттағы ақпараттардың анықтығына жауапты емес. Акциялардың шығарым проспектісі тек Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес қарастырылды. Акционерлік қоғамның лауазымды қызметкерлері осы проспектідегі ақпараттардың анықтығына жауапты болып табылады және мұнда жазылған барлық ақпараттардың анықтығын және инвесторларды қоғамға және оның орналастырған акцияларына қатысты жаңылыстырмайтынын растайды.



Акциялардың шығарым проспектісінің мәтіні





  1. Акционерлік қоғам жөніндегі толық мәліметтер.

2. Акционерлік қоғамның атауы.

Толық атауы: «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы.

Қысқартылған атауы: «ҰлтССО» АҚ.

Акционерлік қоғамның жарғысында шет тілдегі атауы қарастырылмаған.

Акционерлік қоғамның атауы өзгертілген жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1227 қаулысына (бұдан әрі Қаулы) сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2000 жылғы 4 қыркүйектегі № 205 бұйрығымен «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» және «Мемлекеттік алкоголь өнімдерін өндірушілерді зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары «ҰлтССО» АҚ-ны қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылды. «ҰлтССО» АҚ-ның жоғарыда көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық мұрагері болып табылатыны бекітілген.


3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік: № 8924-1901-АО

Датасы: 2005 жылғы 20 сәуір.

Берген: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының әділет басқармасы.


4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 620300003498
5. Мекенжайы: 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Достық көшесі, 76.

Телефондары: (3172) – 227422/7834/7945/7835 Факс: 227466

Электронды почтасы: naceksast@at.kz
6. Акционерлік қоғамның банк реквизиттері:

“Банк Туран Алем” АҚ, Е/ш 001609601, МФО 195301304


7. Акционерлік қоғамның атқаратын қызметтері (негізгі, Қаулыға сай):

  • аймақтық стандарттау, метрология және сертификаттау жүйелерін әзірлеу ісіне қатысу;

  • техникалық жағдайларды сараптау;

  • өлшем құралдарын салыстырып тексеру, метрологиялық аттестаттау және калибрлеу;

  • сынақ өткізу;

  • өнімдерді, қызметтерді, өндірістерді және сапа жүйесін сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу;

  • тауарлардың шығу тегін сараптау;

  • сапа және сәйкестік сертификаттарын беру;

  • қымбат металдардан және олардың импорттық және отандық өндірісте әзірленген қорытпаларынан жасалған тұрмыстық және зергерлік бұйымдарды сынамалау және таңбалау;

  • қымбат металдар мен тастарды техникалық сараптау.

8. Акционерлік қоғамға және оның шығарған құнды қағаздарына халықаралық рейтингтік агенттіктермен және Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттігімен рейтинг берілген жоқ.


9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары, тіркелу датасы, орналасқан жерлері және почталық мекенжайлары.


Р/н №

Филиалдар

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің №

Тіркеу датасы:

1.

Алматы филиалы

480035, Алматы қаласы

Алтынсарин д-лы, 83

1869-1917-ф-л


6.12.2000 ж.



2.

Ақтөбе филиалы

463018, Ақтөбе қаласы

Киселев көшесі, 1-Б

1325-1904-ф-л


27.11.2000 ж.



3.

Атырау филиалы

465020, Атырау қаласы

Жұбан Молдағалиев көшесі, 31

(Жас Гвардия)


1183-1915-ф-л


21.11.2000 ж.



4.

Ақмола филиалы

475000, Көкшетау қаласы

Менжинский көшесі, 38

393-1902-ф-л


13.12.2000 ж.



5.

Шығыс Қазақстан филиалы

492013, Өскемен қаласы

Карл Маркс көшесі, 32

1830-1917-ф-л


28.11.2000 ж.



6.

Жамбыл филиалы

484039, Жамбыл қаласы

Абай көшесі, 131

1181-1919-ф-л


30.11.2000 ж.



7.

Жезқазған филиалы

477000, Жезқазған қаласы

Чехов көшесі, 5

1805-1930-ф-л


07.12.2000 ж.



8.

Батыс Қазақстан филиалы

417009, Орал қаласы

Гагарин көшесі, 23

608-1926-ф-л


12.12.2000 ж.



9.

Қарағанды филиалы

470032, Қарағанды қаласы

Анжерский көшесі, 22/2

1805-1930-ф-л


07.12.2000 ж.



10.

Қызылорда филиалы

467008, Қызылорда қаласы

Желтоқсан көшесі, 160

661-1933-ф-л


28.11.2000 ж.



11.

Қостанай филиалы

458003, Қостанай қаласы

Гоголь көшесі, 79 «А»

1743-1937-ф-л


22.11.2000 ж.



12.

Маңғыстау филиалы

466200, Ақтау қаласы, а/ж 177

3 шағын аудан, 123

655-1943-ф-л


18.01.2001 ж.



13.

Павлодар филиалы

637005, Павлодар қаласы

Жамбыл көшесі, 2

1128-1945-ф-л


23.11.2000 ж.



14.

Солтүстік Қазақстан филиалы

642023, Петропавл қаласы

Бірінші май көшесі, 9

1081-1948-ф-л


23.11.2000 ж.




15.

Семей филиалы

490018, Семей қаласы

Челюскиншілер көшесі, 46

1852-1917-ф-л


19.12.2000 ж.



16.

Талдықорған филиалы

488021, Талдықорған қаласы

Желтоқсан көшесі, 263

759-1907-ф-л


15.12.2000 ж.



17.

Оңтүстік Қазақстан филиалы

486042, Шымкент қаласы

Әлімбетов көшесі, 18

1569-1958-ф-л


23.11.2000 ж.



18.

Сынама палатасы

48091, Алматы қаласы

Фурманов көшесі, 161

1863-1910-ф-л


05.12.2000 ж.


10. Аудиторлық ұйым: НАК «Abzal Audit» ЖАҚ

Самзаев Артыкбай Самзаевич, біліктілік куәлігі № 0000462.



  1. Қоғамның органдары мен құрылтайшылары (акционерлер)

11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.

Осы тармақта:

1) қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, туған жылы көрсетілуі тиіс:

Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы – директорлар кеңесінің төрағасы, 1952 жылғы 6 ақпанда туған;

Кадюков Николай Петрович – Директорлар кеңесінің мүшесі, 1959 жылғы 3 тамызда туған;

Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы – директорлар кеңесінің мүшесі, 1958 жылғы 14 тамызда туған.

2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұлғалардың соңғы үш жылда атқарған, соның ішінде – қоса атқарған лауазымдық қызметтері, хронологиялық тәртіппен:

Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы

1999 ж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Вице-Министрі;

2001 ж. ақпан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің Төрағасы;

2002 ж. наурыз Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Вице-Министрі;

2002 ж, қыркүйек Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда

министрлігінің Вице-Министрі;

23.06.2003 ж. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің Төрағасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қараша № 1237 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті атауына өзгертілген), бүгінгі күнге дейін.

Кадюков Николай Викторович 1999 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады;

Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы 2000 жылғы 30 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін «ҰлтССО» АҚ-ның президенті қызметін атқарады;

3) директорлар кеңесінің мүщелері қоғамның акционерлері емес, «ҰлтССО» АҚ акцияларының 100 % мемлекет иелігінде;

4) «ҰлтССО» АҚ-ның еншілес және өзіне тәуелді ұйымдары жоқ;

5) директорлар кеңесі құрамының соңғы екі жылдағы өзгерісі.

Директорлар кеңесінің 2002 жылғы 15 сәуірден бастап 2002 жылғы 28 желтоқсанға дейінгі құрамы:

Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы

Пірімқұлов Керім Пірімқұлұлы

Комаров Геннадий Григорьевич

Парсегов Борис Анатольевич

Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы

Директорлар кеңесінің 2002 жылғы 28 желтоқсаннан бастап 2003 жылғы 22 желтоқсанға дейінгі құрамы:

Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы

Кадюков Николай Викторович

Парсегов Борис Анатольевич

Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы

12. Акционерлік қоғамның алқалық (жекеше) атқару органы.

1) «ҰлтССО» АҚ президенті – Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы, 1958 жылғы 14 тамызда туған;

2) Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы 2000 жылғы 30 қазаннан бастап «ҰлтССО» АҚ президенті қызметін атқарады.

Қоғам президенті тек Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің компетенциясына жататын қызметтерден басқа Қоғамның ағымдағы мәселелерін шешетін атқару органының қызметін жеке орындайтын тұлға болып табылады және Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің алдында өзіне жүктелген мәселелердің орындалуына жауапты болып табылады.

Президент компетенциясына жататын қызметтер:

- Акционерлердің жалпы жиналысының және Қоғамның директорлар кеңесінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- Қоғамның мақсат-мүдделеріне қол жеткізуге бағытталған шешімдерді қабылдау;

- Акционерлердің жалпы жиналысының және Қоғамның директорлар кеңесінің компетенциясына жатпайтын ішкі нормативтік құжаттарды бекіту;

- Қоғамның ұйымдық бірліктері (бөлімшелері) жөніндегі ережелерді бекіту;

- шығын сметаларын орындау;

- жинақтық қаржы жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылау;

- статистикалық есеп берулерді қалыптастыру;

- ішкі экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;

- тек Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің компетенциясына жататын қызметтерден басқа Қоғам қызметінің барлық мәселелерін шешу;

- үшінші тұлғаларға қатысты Қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

- тек Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің компетенциясына жататын қызметтерден басқа Қоғам қызметінің барлық мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

- Қоғамның ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құжаттарды бекітеді;

- Қоғамның мүлкі мен қаражатына Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен билік жүргізеді;

- лауазымдық еңбекақыларды тағайындау арқылы штат кестесін бекіту;

- еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді және Қоғам басшылары мен қызметкерлеріне сыйақы беру жүйесін бекітеді;

- Қоғам қызметкерлерін, директорлар, директор орынбасарларын және Қоғам филиалдарының бас бухгалтерлерін қызметке тағайындау, басқа қызметке ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтарды шығарады, сонымен қатар Қоғам атынан Қоғам қызметкерлерімен шарт (келісім-шарттар) жасайды, қызметкерлерді марапаттайды немесе тәртіптік шара қолданады;
- Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес және осы жарғы бұл органдардың бірден-бір компетенциясына жатқызған мәселелерден басқа Акционерлердің жалпы жиналысы және Директорлар кеңесі табыстаған өкілеттіктерді жүзеге асырады;

3) президент қоғамның акционері емес, «ҰлтССО» АҚ 100 % акциялары мемлекет иелігінде.


13. «ҰлтССО» АҚ президентіне 2004 жыл бойына төленген еңбекақы мен сыйақылардың жалпы сомасы – 5 591,1 мың теңгені құрайды.

«ҰлтССО» АҚ директорлар кеңесінің мемлекеттік қызмет атқаратын мүшелеріне еңбекақы мен сыйақылар төленген жоқ.

Қоғам акциялар шығарымы жөнінде шешім қабылданғанға дейін үш ай ішінде құрылды.
14. Акционерлік қоғамның ұйымдастыру құрылымы.

Бұл тармақта:



  1. акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері;

· Президент;

· Вице-президент;

· Жинақтық талдау және сапа жүйесі басқармасы;

  1. Сертификаттау және сапа жүйесін әзірлеу бөлімі;

  2. Метрология және аккредиттеуге әзірлік бөлімі;

  3. Стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі;

· Қаржылық есеп жүргізу, талдау және маркетинг басқармасы;

  1. Экономика бөлімі;

  2. Бухгалтерлік есеп жүргізу бөлімі;

  3. маркетинг бөлімі;

· Құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасы;

  1. Заң және кадрлық жұмыстар бөлімі;

  2. Мемлекеттік сатып алулар және іс қағаздарын жүргізу бөлімі;

· Әкімшілік-шаруашылық басқармасы;

  1. Күрделі құрылыс бөлімі;

  2. 1 сектор;

  3. 2 сектор;

· Астана қаласы бойынша өндірістік басқарма

  1. Жинақтық талдау және сапа жүйесі бөлімі;

  2. Сынақ лабораториясы;

  3. Саылстырып тексеру және метрологиялық аттестаттау секторы;

· Осы тармақтың 5 тармақшасында тізімі берілген филиалдар көрсетілуі тиіс.
2) Акционерлік қоғам қызметкерлерінің, соның ішінде филиалдар мен акционерлік қоғамның өкілдіктері қызметкерлерінің жалпы саны: 2005 жылғы 1 мамыр күні 1501 қызметкер.

3) қызметкерлер қоғамның акционерлері емес, «ҰлтССО» АҚ 100 % акциялары мемлекет иелігінде;

4) акционерлік қоғамның бөлімше басшылары туралы мәліметтер (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, туған жылы);




Қызметі:

Фамилиясы, аты-жөні:

Туған жылы:

1

Президент


Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы

14.08.1958 ж.

2

Вице-президент


Дидарбеков Керімжан Жапарұлы

07.04.1958 ж.

3

Бас бухгалтер


Мурзабаева Рысбике Хасенқызы

06.06.1958 ж.

4

Құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының бастығы


Бейсенов Бауыржан Манапұлы

27.10.1974 ж.

5

Қаржылық есеп жүргізу, талдау және маркетинг басқармасының бастығы


Успанов Болат

Абдоллаұлы



01.03.1956 ж.

6

Әкімшілік-шаруашылық басқармасының бастығы


Шөжебаев Асқар Нұртайұлы

06.03.1958 ж.

7

Жинақтық талдау және сапа жүйесі басқармасының бастығы


Мырзабеков Ерқайрат Ордабекұлы

19.10.1971 ж.

8

Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы


Бекбас

Оразбек Тельбайұлы



20.07.1950 ж.

9

Сертификаттау және сапа жүйесін әзірлеу бөлімінің бастығы


Третьяков

Игорь Валентинович



31.07.1961г.

10

Метрология және аккредиттеуге әзірлік бөлімінің бастығы


Москалевич Александр Александрович

16.08.1950 ж.

11

Стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы


Камбаров

Ерманхан Жуманазарұлы



17.01.1968 ж.

12

Заң және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы


Сәрсенбаев Дәурен Ыдырысұлы

13.06.1976 ж.

13

Мемлекеттік сатып алулар және іс қағаздарын жүргізу бөлімінің бастығы


Бекмағамбетов Сырым Көпболсынұлы

12.10.1976 ж.

14

Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы


Келеманов Ерлан Серікұлы

14.01.1961 ж.

5) филиалдардың және өкілдіктердің басшылары туралы мәліметтер (фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, туған жылы).




Р/н №

Филиалдардың атауы:

Директорлардың фамилиясы, аты-жөні:

Туған жылы:

1.

Алматы филиалы


Керімшеев Ерік Құлманұлы

28.02.1957 ж.



2.

Ақтөбе филиалы


Бисембаев Тарғамбай Байжанұлы

08.02.1945 ж.



3.

Атырау филиалы


Жүндібай Серік Исаұлы

03.11.1950 ж.



4.

Шығыс Қазақстан филиалы


Мешімбаев Ертілеу Сейітбекұлы

05.02.1950ж.



5.

Жамбыл филиалы


Момышев Амангелді Аршабайұлы

05.12.1943 ж.



6.

Жезқазған филиалы


Шынтуринов Талғат Асқарұлы

09.07.1959 ж.



7.

Батыс Қазақстан филиалы


Графкин Виктор Николаевич

01.07.1949 ж.



8.

Қарағанды филиалы


Жаппасов

Бақытжан Уразгалиұлы


21.04.1973 ж.



9.

Ақмола филиалы

Қалиасқаров Арман Балғожаұлы

15.05.1949 ж.

10.

Қызылорда филиалы


Әмірғалиұлы Әбдіғаппар

20.12.1948 ж.



11.

Қостанай филиалы


Шәйкенов Жантай Қожахметұлы

05.06.1958 ж.



12.

Маңғыстау филиалы


Жұбаев Нұрболат Шүкірбайұлы

19.01.1955 ж.



13.

Павлодар филиалы


Артемьев Вячеслав Михайлович

07.03.1947 ж.



14.

Солтүстік Қазақстан филиалы


Игібаев Мұхтар Асқарұлы

20.06.1965 ж.


15.

Семей филиалы


Сапарғалиев Мұқат Жоламанұлы

26.04.1953 ж.



16.

Талдықорған филиалы


Смағұлова Айгүл Төлеужанқызы

17.12.1950 ж.



17.

Оңтүстік Қазақстан филиалы


Құрбанбаев Балтабай

15.11.1947 ж.



18.

Сынама палатасы


Сүлейменов Қазис Қанашұлы

15.07.1943 ж.


15. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері).

«ҰлтССО» АҚ-ның 100 % акциялары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан мемлекет иелігінде.

Мекенжайы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.

Опциондардың шығарымы жүргізілген жоқ.


  1. «ҰлтССО» АҚ-ның басқа мекемелерде үлесі жоқ.

17. Қоғам қатысатын өнеркәсіптік, банкілік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, ассоциациялар, консорциумдар туралы ақпарат.

«ҰлтССО» АҚ басқа мекемелердің қызметіне қатыспайды.

18. Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер.

1. «ҰлтССО» АҚ президенті – Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы, 14.08.1958 жылы туған;

2. Дүйсембаев Күмісшан Бекекбайқызы, 17.11.1935 ж. – «ҰлтССО» АҚ президентінің анасы;

3. Қуанышбаева Айгүл Әмірбекқызы, 24.07.1967 ж. – «ҰлтССО» АҚ президентінің жұбайы;

4. Қуанышбаев Әмірбек Байекеұлы, 08.03.1939 ж. – «ҰлтССО» АҚ президенті жұбайының әкесі;

5. Қанатова Бахыт, 23.02.1947 ж. – «ҰлтССО» АҚ президенті жұбайының анасы.
«ҰлтССО» ААҚ-ны қоса алғанда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомствосындағы заңды тұлғалардың басшылары:


  • «ҰТО» ААҚ президенті: Құрманғалиев Серік Шолпанқұлұлы;

  • «ҚазИнСт» РМК Бас директоры: Дугалов Ғалымжан Тілектесұлы;

  • «ҚазИнМетр» РМК Бас директоры: Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлы.

18-1. «ҰлтССО» ААҚ 18 тармақта аталған аффиирленген тұлғаларымен мәміле жасалған жоқ.


3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаттамасы
19. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерінің сипаттамасы, акционерлік қоғамның бәсекелес ұйымдары туралы мәліметтер.

«ҰлтССО» АҚ стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы қызметі:

а) аймақтық стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесін әзірлеу ісіне қатысу;

б) республика аймақтарында Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сертификаттау туралы» заңдарына және халықаралық талаптарға сай стандарттау, метрология және сертификаттау саласында ғылыми-техникалық саясат жүргізу ісіне қатысу;

в) жыл сайынғы мемлекеттік стандарттау жоспарын құру бойынша ұсыныстар енгізу;

г) мемлекеттік нормативтік құжаттарды (НҚ), стандарттау және сертификаттау жүйесін сәйкестендіру, эталондық базаны жетілдіру бойынша халықаралық қызметтестікке қатысу;

д) техникалық жағдайларды (ТҚ) әзірлеу және сараптау;

е) стандарттардың, ережелердің, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ережелердің жобаларын әзірлеу және сараптау ісіне қатысу;

ж) өнімдерді өндіріске жеткізу бойынша жұмыстарға қатысу;

з) республика аймақтарында қолданылатын НҚ-ға стандарттау бойынша мемлекеттік жоспарға нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар жасау мақсатында талдау жасау және бір іздендіру;

и) стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету саласында жекеше нысандағы әр түрлі ұйымдарға қызмет көрсету барысында шарт жасау негізінде кеңес беру және әдістемелік көмек көрстеу;

к) өнімдердің каталогтық қағаздарын (ӨКҚ) сараптау;

л) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы «ҰлтССО» АҚ-ның қызметін БАҚ-ға жариялау;

м) жекеше нысандағы әр түрлі ұйымдарға арналған іс-шараларға қатысу, ұйымдастыру және өткізу (семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, мәжілістер);

н) республика кәсіпорындарында сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және қолданысқа ендіру ісіне қатысу.


«ҰлтССО» АҚ-ның стандарттау саласындағы бәсекелестері:

Мемстандарт өкілеттік берген төмендегі бағыттар бойынша монополист болып табылатын «Қазақстандық стандарттау институты» РМК мемлекеттік кәсіпорны: ҚР жекежәне заңды тұлғаларын өз компетенциясы шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ақпараттарды әзірлеу, НҚ, каталогтар мен сілтемелерді басып шығару және қайта басу, НҚ жариялау және олармен қамтамасыз ету, өнімдердің каталогтық қағаздарын және техникалық жағдайларды тіркеу, шет елдік НҚ-ларды есеп жүргізіп тіркеу;

б) иелігінде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша НҚ-ның анықтамалық-ақпараттық қоры бар, НҚ әзірлеумен айналысатын және стандарттау саласында қызмет көрсететін мемлекеттік және акционерлік кәсіпорындар, мысалы «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ, Сауда-өндіріс палатасы, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, стандарттау бойынша техникалық комитет және т.б.
«ҰлтССО» АҚ-ның метрология саласындағы қызметі:

а) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, метрологиялық аттестаттау;

б) өлшем құралдарын жөндеу, дәлдеу;

в) өлшем құралдарын сынақтан өткізу ісіне қатысу;

г) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау;

д) өлшем құралдарының әдістемесін метрологиялық аттестаттау;

е) метрология саласында нормативтік құжаттарды әзірлеу;

ж) заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсету;

з) метрологиялық қызметтерге өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, өндіру және жөндеу құқықтарын беру үшін аккредиттеу және лицензия беру барысында олардың жай-күйін сараптық бағалауға қатысу;

и) шаруашылықпен айналысушы субъектілердің аналитикалық, өлшем жүргізу және сынақ лабораторияларында өлшемдердің жай-күйін бағалау.



«ҰлтССО» АҚ-ның метрология саласындаға бәсекелестері:

- өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеу құқықтары бойынша аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері;


Сертификаттау және тауарлардың шығу тегін сараптау саласындағы бәсекелестері:

  • өнімдерді, қызметтерді, өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау;

  • өнімдерді (с.қ. сертификаттық) аккредиттелген жеке сынақ лабораторияларының базасында сынақтан өткізу;

  • тауарлардың шығу тегін сараптау;

Бәсекелестер:



  • республика бойынша (17.02.2004 ж. жай-күйі бойынша. «Сертификаттау бойынша аккредиттелген органдардың және СЛ реестрі») барлық сертификаттау саласында – сертификаттау бойынша 81 орган және 281 сынақ лабораториясы (сынақ орталықтары);

  • тауарлардың шығу тегін сараптау бойынша – Сауда-өндіріс палатасы, «Сараптама ПВ» ЖШС; «КазЭкспоАудит» ААҚ, ЦСПУ, «Kazgrain inspektion» ЖШС, «Казагроэкс» және «Барс-5» ЖШС.

20. Акционерлік қоғамның негізгі қызметінің барлық түрлері бойынша

(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу табысына позитивтік және негативтік әсер ететін факторлар.
Стандарттау және ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы бәсекелестер:

Шағын және орта бизнес өкілдерінің көбеюі және отандық және ҚР аумағында қызмет ететін шаруашылықпен айналысушы субъектілер арасында бәсекелестікті арттыру стандарттау саласындағы қызмет көрсетулердің табысына позитивті әсер ететін фактор болып табылады.

Қазақстан Республикасын Индустриалдық-инновациялық дамыту стратегиясын іске асыру да позитивтік фактор болып табылады, себебі осы стратегияға сәйкес шығарылатын өнімнің және көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптар халықаралық талаптарға сай болуы тиіс, осыдан келіп кәсіпкерлер өнімді өндіріске бекіту, НҚ әзірлеу және сараптау, СМЖ қолданысқа ендіру, жаңа технологияны ендіру, қолданыстағы НҚ-ны пайдалануға алу және т.б. іс-әрекеттер бойынша кеңес беру сияқты мәселелер бойынша тілек-талаптар білдіреді.

Қызмет көрсету табыстарының төмендеуі ТЖ және ӨКҚ сараптау және тіркеу бойынша жұмыстардың бір бөлігі Мемстандарттың Мемлекеттік бақылау бойынша аймақтық органдарына және «Қазақстандық стандарттау институты» РМК-ға берілуіне байланысты, сонымен қатар 2003 жылдан бастап өнімдер мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне мемлекеттік стандарттар әзірлене бастады және қолданысқа енгізіле бастады, яғни өнімдердің қайсысына болмасын ТЖ әзірлеудің қажеті болмай қалды.


Метрология саласындағы бәсекелестер. Позитивтік факторлар:

- филиалдардың метрологиялық қызметтері ұйымдар мен кәсіпорындардың пайдаланатын өлшем құралдарының 50%-на жуығын салыстырып тексеру ісімен қамтамасыз ете отырып республиканың барлық аумақтық және облыс орталықтарында әрекет етеді.



Негативті факторлар:

- салыстырып тексеру құралдарының басым көпшілігі 20 жылдан астам пайдаланылады, бұдан кейін моральдық ескіреді;

- отандық құрал өндіру ісінің республиканың жаңа өлшем құралдарына деген сұраныстарын өтей алмайтыны, осыдан келіп біз қажетті өлшем құралдарын алыс және таяу шет елдерден сатып алуға мәжбүрміз.

- өлшем құралдарының кейбіреулерін салыстырып тексеру үшін өлшем құралдарын уақытша шетке шығару және шеттен әкелуді кедендік ресімдеуге байланысты көп қиыншылықтар туғызатын республикадан тыс аймақтарға шығарудың қажеттілігі, сонымен қатар республикадан өлшем құралдарын салыстырып тексеруге жұмсалатын үлкен ақша қаражатының бөлінуі;

- өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына «ҰлтССО» ААҚ-дан басқа әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға қарасты 150-ге жуық метрологиялық қызметтер аккредиттелген.
Сертификаттау және тауарлардың шығу тегін сараптау саласындағы бәсекелестер:

Позитивті факторлар:



  • міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту (ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі);

  • өнім түрлері бойынша сынақ лабораторияларын құру;

  • қолданыстағы лабораторияларды қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау;

  • филиалдардың аккредиттеу салаларын және олардың сынақ лабораторияларын ұлғайту;

  • филиалдарды халықаралық деңгейде аккредиттеу;

  • түрлі бағытта, сонымен қатар халықаралық деңгейде сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторларды даярлау.

Негативті факторлар:



  • міндетті түрде сертификаттау ға жататын өнімдер мен қызметтер номенклатурасының қысқартылуы;

  • сертификаттау және сынақ лабораториясы бойынша жекеше және басқа органдар санының көбеюі.

21. Акционерлік қоғамның соңғы екі жылдағы немесе нақты қызмет

еткен кезеңіндегі өткізілген өнімдердің (істелген жұмыстар, қызметтер) көлемі.

«ҰлтССО» АҚ-ның қаржылық-өндірістік қызметінің қорытындысы бойынша нақты түрде 2003 жылда – 1 503,2 млн теңге сомасында, 2004 жылда – 1 817,6 млн теңге сомасында қызмет көрсетілді, табыс 20,9 % өсті. Табыс көлемінің ұлғаюы Республикада өнеркәсіп өндірісінің өсуіне (шағын және орта бизнестің дамуына) және жаңа қызмет түрлерін игеруге тікелей байланысты.

22. Акционерлік қоғамның өз өнімдерін (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сату ісін ұйымдастыру бойынша атқаратын қызметі.

«ҰлтССО» АҚ-ның өндіретін немесе тұтынатын тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) жалпы құнының бес және одан көп пайызын құрайтын көлемдегі тауарларды тұтынушылары және жеткізушілері жоқ.


23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

  1. «ҰлтССО» АҚ-ның қызметі маусымдық сипатта емес;

  2. акционерлік қоғамға ұсынылатын шикізаттағы (жұмыстардағы,

қызметтердегі) импорттың үлесі және акционерлік қоғамның экспортқа өткізілетін өнімдерінің (жұмыстарыны, қызметтерінің) үлесі, өткізілетін өнімдердің жалпы көлемі:

«ҰлтССО» АҚ-ның импортқа жанама түрде ғана қатысы бар, себебі барлық құрал-жабдықтар резиденттер арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар қоғам жұмыстар мен қызметтерді экспортқа өткізбейді.



  1. «ҰлтССО» АҚ сот процестеріне қатысқан емес;

  2. соңғы жылда акционерлік қоғамға және оның қызметкерлеріне

өкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) сот жүктеген барлық әкімшілік талаптар туралы мәліметтер:

Жоғарыда атлған мерзімде әкімшілік талаптар жүктелген жоқ.

5) акциялардың бағасына құнды қағаздардың ұйымдастырылған нарығында немесе биржадан тыс нарығында әсер ететін қауіп-қатер факторлары, сонымен қатар қоғам акцияларының құнына әсер ететін нарықтағы өнім құнының өзгеруі;

Табысты қызмет етуге форс-мажорлық жағдайлар қатер төндіруі мүмкін:



  • экономикалық тәртіп факторлары – энергия тасымалдау құнының өсуі, доллар курсының көтерілуі, өндірістің құлдырауы;

  • заңның өзгеруі;

  • ішкі экономикалық қауіп-қатер – сауда мен жеткізілімдерге шектеу қойылу мүмкіндігі, шекара жабылуы және т.б.;

  • саяси жағдайдың тұрақсыздығы, елдегі және аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдайдың өзгеру қаупі;


Күшті жақтары:

  • мамандардың стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жоғары дәрежелі даярлығы;

  • өтінім берушілермен қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі;

  • іскер кәсіпкерліктің тұрақты абыройы;

  • өз иелігінде нормативтік құжаттардың қазіргі заманғы кітапханалық қоры және компьютерлік ақпарат базасының болуы;

  • лабораторияларды аттестаттау және аккредиттеу тәжірибесінің жинақталуы және аттестаттаудан өткен өз сарапшы-аудиторларының болуы, қалыптасқан кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі;

  • тұрақты инфрақұрылым, өз иелігінде жеке капитал құрылғысының болуы.

Әлсіз жақтары :

  • істен шыққан құралдардың және моральды ескірген сынақ құралдарының қорлануы;

  • ұлттық және шет елдік инвесторлардан қаржы түсімінің болмауы;

  • сапа жүйесі бойынша халықаралық кластағы жоғары квалификациялы сарапшы-аудиторлардың, нормативтік құжаттарды жоғары ғылыми атақты әзірлеушілердің тапшылығы;

  • мамандардың, әсіресе сертификаттау саласындағы мамандардың жеке құрылымдарға көптеп кетуі;

  • ақпарат технологиясын жеткіліксіз пайдалану, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарға ақпарттың жетіспеушілігі.

Қауіп-қатерлер:

  • «Өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету туралы» жаңа заңның қабылдануы және калибрлеу деген терминнің енгізілуіне байланысты метрологиялық қызмет көрсету нарығының ауқымы тарылып, жекеше құрылымдар пайда бола бастайды;

  • өлшем құралдарын тізілімге енгізу мәселелерінде тұжырымдаулардың анық болмауы және әдістемелердің ескіруі импорттық аспаптар бойынша салыстырып тексерулердің қысқартылуына жол береді;

  • Міндетті сертификаттау тізіміне «бөлшек саудада өткізуге арналмаған өнімдер» деген терминнің енгізілуі, сонымен қатар бұл Тізімнің ұдайы қысқартылу тенденциясының қалыптасуы сертификаттау және өнімнің қауіпсіздігі туралы түсініктерді бұрмалайды. Бұл жағдай Қазақстан Республикасында өндірілетін және шеттен әкелінетін өнімдерді сертификаттаудың қажетсіз деп танылуына әкеп соқтырады.


4. Қаржылық емес ұйымның, Қоғамның қаржылық жай-күйі
24. Инвестициялар.

Басқа ұйымдардың капиталына инвестициялар жоспарланбаған.

25. Дебиторлық берешектер.

Осы тармақта:



  1. «ҰлтССО» АҚ-ға акционерлік қоғам алдында қоғам активтерінің баланстық құнынан бес немесе одан жоғары мөлшердегі дебиторлық берешкетері бар ұйымдар жоқ.

  2. дебиторлық берешектерлді өтеу мерзімдері бойынша: Дебиторлық

берешектер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша – 80399,6 мың теңге, 2005 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі бойынша – 175758,7 мың теңге соманы құрайды. Акционерлік қоғам алдында мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ, берешектер бюджетке аванс төлемдерін жасауға, жұмыс пен қызметтердің көлемдерінің өсуіне және жеткізілетін құрал жабдықтарға аванс төлемдері жасалғанға байланысты өсті.
25-1. Активтер.

«ҰлтССО» АҚ-ның иелігінде құны активтердің баланстық құнынан бес немесе одан жоғары пайызды құрайтын мүлік жоқ.

26. Қоғамның жарғылық қоры. Бұл тармақта қоғамның төлем жасалған жарғылық қоры туралы мәліметтер көрсетіледі.

Акцияларға:

- 01.09.2000 ж. және 15.03.2002 ж. тапсыру-қабылдап алу актісі жасалып 121 243 338 теңге сомасындағы мүлікпен;

- бөліске салынбаған табыстан 1 662 теңге мөлшерінде төлем жасалды.


27. Қарыздар.

«ҰлтССО» АҚ қарыз алған жоқ, соның ішінде облигациялар шығару, банкілік қарыздарды және кредиттік желілерді тарту арқылы қарыз алған жоқ.


28. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты кредиторлық берешектер (жеткізушілерге берешектер, алынған аванстар):

1) «ҰлтССО» АҚ-ға акционерлік қоғам алдында қоғам активтерінің баланстық құнынан бес немесе одан жоғары мөлшердегі дебиторлық берешектері бар ұйымдар жоқ.

2) Кредиторлық берешектер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша – 237905,1 мың теңге, 2005 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі бойынша – 295542,8 мың теңге соманы құрайды. Берешектердің өсуі тұтынушылардан алынған аванс төлемдерінің 36457,4 мың теңгеге және бюджетпен арамыздағы төлемдерінің 18890,0 мың теңгеге өсуімен түсіндіріледі.
29. Алынып тасталды.

6. Бағалы қағаздарды шығару туралы мәліметтер
Тіркелген барлық бағалы қағаздарды шығаруға қатысты:

1) жалпы саны, түрі, категориясы және бағалы қағаздардың әр шығарылымының номиналды құны, шығару нысаны, сонымен қатар бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізген орган, мемлекеттік тіркеу органы және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу датасы көрсетіледі:



1 шығарылым – құжатталмаған нысандағы номиналдық құны 1000 теңге 119 139 дана қарапайым акциялар.

23.11.2000 жылғы № А-4340 акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу датасы және нөмірі, бағалы қағаздар бойынша ҚР Ұлттық Комиссиясы.



2 шығарылым - құжатталмаған нысандағы номиналдық құны 1000 теңге 2 106 дана қарапайым акциялар;

07.03.2002 жылғы № А-4340-1 акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу датасы және нөмірі, бағалы қағаздар бойынша ҚР Ұлттық Комиссиясы.


2) бағалы қағаздарды орналастыру ісінің басталу және аяқталу даталары.

1 эмиссия:

Акцияларды орналастыру ісінің басталуы – тәуелсіз тіркеуші «Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі» ЖАҚ-да акцияларды тіркеу датасы - 20.12.2000 жыл.

Акцияларды орналастыру ісінің аяқталуы – 04.07.2001 жыл.

2 эмиссия:

Акцияларды орналастыру ісінің басталуы – тәуелсіз тіркеуші «Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі» ЖАҚ-да акцияларды тіркеу датасы - 01.04.2002 жыл.

Акцияларды орналастыру ісінің аяқталуы – 31.08.2002 жыл.
3) бағалы қағаздарды иеленушілер алдында қоғамның өз міндеттерін орындамау фактісі болған жоқ.

4) бағалы қағаздарды орналастыру ісін тоқтату және бағалы қағаздардың шығарылымы күшін жойды деп танылған шешім қабылдау жағдайлары болған жоқ.

5) қоғам облигациялар шығарған жоқ.

6) бір қарапайым акцияның дивидендтік сомасы және соңғы қаржылық екі жылдағы әр жылының жалпы дивидендтік сомасы;

2003 жыл бойынша – бір акцияға - 120,6 теңге, жалпы сомасы – 14 617,7 мың теңге.

2004 жыл бойынша – бір акцияға - 148,4 теңге, жалпы сомасы – 17 994,2 мың теңге.

7) қоғам бағалы қағаздарды саудалаған жоқ.
7. Жарияланған акциялардың шығарылымы туралы мәліметтер
44. Акциялар туралы мәліметтер:


  1. акциялардың саны, түрлері: 121 245 дана қарапайым акциялар;

  2. құрылтайшылар арасында таратылатын акциялардың саны, түрлері: 121 245 дана қарапайым акциялар;

  3. құрылтайшылар төлем жасайтын бір акцияның номиналдық құны: 1000 теңге;

  4. қоғам артықшылықты акциялар шығарған жоқ.

45. Қоғамның өтімді бағалы қағаздары.

Қоғам өтімді бағалы қағаздар шығарған жоқ.
45-1. «ҰлтССО» ААҚ-ның қарамағында төлем жасайтын агент жоқ.
46. Акционерлік қоғамның тіркеушісі тіралы мәліметтер.

Толық атауы: «Бағалы Қағаздарды Тіркеуші Жүйе» АҚ

Қысқартылған атауы: «БҚТЖ» АҚ

Мекендайы: Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 75, тел.: 535790, 537177.

№ 0406200345 Лицензиясы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен 2005 жылғы 10 наурызда берілді.

№ 001-А-26 шарт «БҚТЖ» АҚ-мен 2000 жылғы 14 желтоқсанда жасалды.


8. Қосымша ережелер
47. Акциялардың шығарым проспектісін құру барысында аудиторлар, сарапшылар және қаржылық кеңесшілер қатыстырылған жоқ.

48. Инвесторларға арналған ақпарат:



Инвесторлар қоғам жарғысының көшірмесімен және акциялардың шығарым проспектісімен мына мекенжайда таныса алады: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Достық көшесі, 76, 203 кабинет.


Президент Е. Дүйсембаев

Бас бухгалтер Р. Мурзабаева

М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет