Акылбаев Ж.С.
Ісі де, өмірі де - өнеге/ Ж.С.Ақылбаев //Қарағанды университеті.-1995.-20 наурыз.
Бұл күндері бүкіл республикамызда, облысымызда Евней Арыстанұлы Бөкетовтың туғанына 70 жыл толуына байланысты шаралар өткізілуде. Осы мерейтой - біздің университетіміз үшін де ерекше оқиға. Жалпыға мәлім, қазақтың, әйгілі ғалымы, академик Е. А. Бөкетов осы университеттің алғашқы ректоры болып 8 жылдай жұмыс істеген.
Не нәрсені де жаңадан бастау, каз тұрғызып қалыптастыру оңай нәрсе емес. Міне, осы тұрғыдан қарағаңда университетіміздің қазіргі жай күйінде, оның жан-жақты дамыған кемел шағында аяулы ағамыз Евней Арыстанұлының қыруар еңбегі бар екенін есімізге аламыз.
Ұйымдастырушылық қабілеті мықты, өз басының беделі зор басшы аз жылдар ішіңде-ақ Орталық Қазақстанда осындай іргелі оқу орнын қалыптастырды.
Уақыт бір орнында тұрмайды. Өмір алға ілгерілеген сайын Евекеңнің қызметтес серіктері, ғалым іні-қарыңдастары ұлы адамның қасиетін бұрынғыдай да ерекше қадірлейді. Халқының адал ұлы ғылым мен өнерге бірдей майталман Евекең біздің арамызда жүрген сияқты сезінеміз. Евекеңнің ақыл-қасиеттерін есімізде сақтап, ол кісінің жұмыс тәжірибесін күнделікті ісімізде қолдануға ұмтыламыз.
Академик Е. А. Бөкетов университеті ашылғаннан бастап 1980 жылдың қаңтар айының ортасына дейін басқарды. Бүкіл өмірін халық игілігіне арнаған ғалым жастарға білім беру ісін жетілдіруге ерекше көңіл бөлетін. Еліміздің келешегі білімді, тәрбиелі, саналы жас ұрпақтың қолыңда екенін айтып отыратын.
Қазіргі өтпелі кезеннің қиындықтарын бастан кеше отырып, біз Евней Арыстанұлының атын алған университетің заман талабына сай дамуына күш салудамыз. Әрине, шешілетін мәселелер көп, алда да бола беретін шығар. Дегенмен едәуір ілгерілеу бар.
Соңғы 5-6 жылдың бедерінде барлық факультеттерде қазақ тілінде оқытатын бөлімдер ашылды. Қазір оқу орнына 23 мамандық бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. Олардың ішінде басқа оқу орындарында кездесе бермейтін философия, журналистика, психология, шет тілдері, экономиканың әртүрлі салаларын қатитын сирек мамандықтар бар.
Универстетте окьпу процесінде бірқатар жаналықтар енгізіліп жатқанын білесіздер. Оқуға тест сынақ арқылы түсіп, блок-рейтинг тәртібімен оқып жатқан студенттер аз емес. Олар білім берудің көпсатылы жүйесін жақсы біледі. Орта мектептен алған білім деңгейі мен табиғат берген талантын ұштастыра отырып, табандылықпен білім аламын деушілерге барлық жағдайлар жасалған. Ал, оқуды алып жүре алмайтын немесе ықыласы кем жастар білім беруді кез келген сатысында ез еркімен оқудан өндіріске кетуге хақы бар. Оларға университетте оқығандығы туралы құжат беріледі.
Әрине, бұл орайы келіп калған соң айтылған сөз ғой, әйтпесе студенттеріміздің алғыр ойы мен жалынды жігеріне күмән келтіріп отырғаным жоқ.
Біз өзіміздің күңделікті жағдайымызды, ертеңгі істерімізді Евней Арыстанұлы Бөкетовтың өсиеттерімен өлшейміз, сол бір үлкен жүректі адамның атына кір келтірмеуге ұмтыламыз.
Университетте сапалық құрамы барлық талапқа жауап беретіндей профессорлар мен оқытушылар ұжымы бар. Олардың әрқайсысы өз ісіне жауапты қарайды, мамандар даярлауға күш жігері мен білімін аямайды.
Біздің алғашқы ректорымыздың ерекше мінез-адамдарға, қызметтес, ниеттес жолдастарына деген ілтифаты еді. Ол кісі жылт еткен жаналық көрсе қуанатын, қолдайтын. Әр оқьпушы мен маманға құрмет сезіммем қарайтын. Осындай мейірбандықты оқытушылар да студент-шәкірттеріне көрсетсе деп тілейтін. Әділетсіздікке, бақайесеп ұсақ пиғылға төзбейтін. Асыл азаматтың, осындай өнегесі ұстаздар үшін өте қажет деп ойлаймын. Евекеңнің мүшел тойы үстінде ол кісінің есіміне байланысты оқиғаларды, фактілер мен белгілерді еске аламыз. Бұл - дұрыс. Оған қоса мұндай салтанат үстінде біздің әрқайсымыз өзімізге есеп беріп, Бөкетов тірі болса бұл ісімізді қалай бағалаған болар еді", деп ойлансақ керекті.
Бөкетовтың ақыл-кенестері, ой арманы оның кітаптарында, әрі жылы жазған мақалаларында қалды. Солардың қайта оқу, көңіл көрігінен өткізу арқылы біз абзал ағамыздың бейнесін көкірегімізде жаңғыртамыз.
Әлбетте, Бөкетовты тану үшін оның мүшел тойы кезінде ғана емес, әр уақытта шығармаларын оқу, сол шығармалар бойынша мәдени-көпшілік шара ұйымдастыру қажет. Жас ұрпақ, Евекеңнің атын біліп қана қоймай, ол кісіден үйреніп, оған еліктеп өссе екен деген тілегім бар. Асыл адамның шарапаты біздің әрқайсымызға дем береді, сын сәтте сүрінбей өтуге жетелейді. Бөкетовтың азаматтық, ғылыми, шығармашылық өмірбаяны - киыңдықтарды жеңе білу, көздеген мақсатқа жетуге ұмтылу мектебі.
Абыройы асқар таудай ағамыздың қызметке, бірге істейтін адамдарға адалдығы, әркіммен тіл табыса алатындығы - замандастарына, ізбасарларына сабақ болып қалды. Мамандығы - химик, кәсібі - техника ғылымдары бола тұрып Евекең 27 жасар аспирант кезінен бастап жазушылық, сыншылық қызметтен қол үзбей кетті. Ол өнерге ынтық еді. Қазақ жерін, халқын жан-тәнімен сүйетін. Өзінің Сарыарқа перзенті екенін мақтан тұтатын.
Жас ұрпақ! Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов сендердің әрқайсын үшін азаматтықтың шам-шырағы болуға тиіс. Бөкетов атыңдағы университеттің әрбір студенті осы есімді ардақтай білетін болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |