59
көркем шығарма тілін зерттеу дегеніміз автордың, яғни жазушының тұлғасы
мен болмысына тән тілін зерттеу болып табылады.
Көркем шығарманың мазмұны сюжетке толы оқиғалар тізбегінен,
кейіпкерлер
өмірінен, бір-бірімен алмасып отыратын әрекет-жағдайлардан
тұратыны баршаға белгілі. Дегенмен, соның бәрін бейнелеп жеткізетін,
кейіпкерлерді сөйлететін,
оқиғаны өрбітетін, оқырманға әсерлі етіп жеткізетін
автор екенін жоғарыда көрсетуге тырыстық. Кейіпкердің болмысы мен мінезі,
дүниетанымы, түсінігі, сөйлеу тілі ең алдымен автордың қиялына байланысты.
Десек те, кейде автор қиялынан туындамайтын, тарихи шындықты,
болған
оқиғаны суреттеуде автор қиялына бағынбайтын кездер де болады. Қазіргі
таңда «әлеуметтік, этикалық мәселелерді, автордың орны мен оқырманның ара
қатынасын, оқиғалардың қызметі, шығарманың баяндалуы мен тілін»
қарастыратын
нарратология деген сала бар. Ол Р. Барт, Ж. Женетт, М.
Риффатер, А. Прието, М. Лотманның мен Р. Якобсонның [100] тұжырымдары
негізінде қалыптасқан.
Автор мен кейіпкер әлемін зерттейтін нарратология саласы бүгінде
ғылымға көптеген жаңалықтарды әкелуде. Неміс ғалымы В. Шмидт
«Нарратология» [101]
атты еңбегінде автор, оқырман, нарратор мәселелеріне
жан-жақты зерттеулер жүргізген. Ғалым оқырманға
наррататор деген атау
беріп, оның
абстрактілі және
жалған түрлерін ажыратып көрсеткен. Көркем
шығарманы баяндауда ең негізгі функцияны осы нарратор атқарады. Ол
шығармада әңгімеші, әңгімені баяндаушы болып табылады.
Сонымен қоса
нақтылы автор деген мағына береді. Осы нарратология саласының негізгі
нысандарының бірі болып табылатын автор көркем шығармада екі түрлі
бейнеде оқырманға танылады. Бірі –
баяншы болса, екіншісі –
әңгімеші. Автор
баяншы болған жағдайда оқиға желісі үшінші жақта баяндалады.
Мәселен, зерттеу жұмысымызға негіз болып отырған Д. Исабековтің «Қара
шаңырақ» әңгімесінде оқиға үшінші жақта баяндалады. Автор баяншы ретінде
оқиға желісін әңгімелейді. Мысалы:
«Ол майқамдалған пәлектерді жөндеп, ит
жеп кеткен қауындарды анадайда ағып жатқан арыққа лақтырды.
Домаланған ақ торламаларды бір жерге үйіп болып, қыр басынан қылтиып
көрінген күнге қарап белбеуінің ұшымен бетінің терін сүртті. Тері басылып,
денесі салқындаған соң құлақ арықтағы, сылдырап ағып жатқан мөп-мөлдір
мұздай сумен бетін жуды. Сонан кейін қауындық басына кеше кешкілік
Достарыңызбен бөлісу: