Актиний уран кенін өңдеу кезінде алынады. Таза металл актиний фторидін литийдің буымен тотықсыздандыру арқылы алады



Дата25.02.2016
өлшемі298.5 Kb.
#18823

aktyn_o

Актиний уран кенін өңдеу кезінде алынады. Таза металл актиний фторидін литийдің буымен тотықсыздандыру арқылы алады.

aktyn_w

Актиний уран кенінде аз мөлшерде кездеседі. 1 тонна уран кеніндегі актиний мөлшері 0,1 г жетеді.

aktyn_wo

Актиний радибелсенді күмістей ақ металл, радибелсенділігінің жоғары болуынан қараңғы жерде көгілдір жарық шығарады. Актиний актиноидтар ұяластарының бірінші элементі. Біршама тұрақты изотоптары: жартылай ыдырау периоды 22 жыл және жартылай ыдырау периоды 10 күн. Актинийдің қалған изотоптарының жартылай ыдырау периоды өте қысқа. Актиний ауада тотығып, актиний тотығын түзеді. Әдетте актиний қосылыстары түссіз немесе ақ түсті болады. Актиний элементін1899 жылы француз химигі Андре Дебьерн ашты. Бұл атау гректің сәуле деген сөзінен алынған.

aktyn_z

Актиний іс жүзінде қолданылмайды.

berkel_w

Берклий табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

berkel_o

Берклийді америций–241 бөлшектерімен (гелий ядроларымен) атқылап алған.

berkel_wo

Берклий актиноидтардың ±яластарына жатады. Берклийдің қасиеті нашар зерттелген. Берклийді химиялық белсенді және күміс түсті деп есептейді. Ол трансурандық элементтерге жатады, бұл атомдық массасы 92-ден жоғары қолдан синтезделген радибелсенді элементтер. 1962 жылы берклийдің бірінші қосылысы – берклий (ІІІ) хлориді алынған. Алынған үлгінің салмағы 3 ғана болды. Берклийдің алынған өзге қосылыстары - берклий оксиді (ІV) және берклий (VІ) оксиді. Берклийдің барлық изотоптары радибелсенді. Ең ұзақ өмір сүретін ВК изотопының жартылай ыдырау кезеңі 7000 жыл. Берклийді 1950 ж. америкалық ғалымдар Гленн Теодор Сиборг, Стэнли Дж. Томпсон және Альберт Гиорсолар ашты. Ашылған қаласы Беркли құрметіне аталған.

berkel_z

Іс жүзінде Берклий мен оның қосылыстары қолданылмайды.

beryl_o

Металл бериллийді бериллий хлоридінің жєне натрий хлоридінің қоспасының балқымасын 1350 ºС-те электролиздеу арқылы алады. Қоспаның электрөткізгіштігін арттыру үшін натрий хлориді NaCl қосылады. Металл бериллийді басқаша бериллий фторидінен оны магниймен тотықсыздандыру арқылы алады.

beryl_w

Берилий – сирек кездесетін элемент, оның жер қыртысындағы массалық үлесі 2,6. Жерде таралуы жөнінде бериллий 43-орын алады. Ең маңызды бериллий минералы – бериллийдің алюмсиликаты, берилл. Оның түр өзгерісінің бірі – зұмырет.

beryl_wo

Берилий — бөлме температурасы кезінде қатты және морт сынғыш ақ металл. Ауада оны бериллий оксидінің ВеО ақ қабыршағы жауып, одан әрі тотығудан қорғайды. Ұнтақ тәрізді бериллий қыздырған кезде жанады. Бериллий және оның қосылыстары, әсіресе ұнтақ түріндегі формасы өте улы. Берилийді 1797 жылы француз-химик Луи Никола Воклен ашты. Оған қатыссыз 1828 жылы Фридрих Велер және Антуан Бюссилер бериллий алды. Грек сөзі “бағалы тас” дегенді білдіреді.

beryl_z

Берилий қ±ймаларға ‰стеме ретінде қолданылады. Берилий және мыс құймасы – бериллийлі қола — өте қатты және берік. Бериллийдің жұқа қабыршағы рентген сәулесін жақсы өткізеді, сондықтан олардан рентген түтіктерінің терезелері дайындалады, солар арқылы сәуле сыртқа шығады. Таза металл бериллий – жоғары температуралы ядролы реакторлардағы нейтрондарды ең жақсы баяулатқыштардың және шағылдырғыштардың бірі. Ол сондай-ақ қорғаныш, мысалы, ұшақтар мен ғарыш кемелеріне жабын дайындау үшін қолданылады.

bizmut_o

Висмутты висмут (ІІІ) оксидін көмірмен тотықсыздандырып алады.

bizmut_z

Висмут төмен балқитын құймалар үшін, сондай-ақ ядролық реакторларда жылу өткізгіш ретінде пайдаланылады. Ол сәулеленуден қорғау үшін қолданылады.

bizmut_w

Висмут табиғатта бос күйінде де, қосылыстар түрінде де, висмут жылтырағы жєне висмут жосасы түрінде кездеседі. Висмут жерде таралуы бойынша 70-орында. Оның Жер қыртысы массасындағы үлесі 4,8

bizmut_wo

Висмут — қызғылт сұр түсті қатты морт металл. Қыздырған кезде оттегімен әрекеттесіп, висмут (ІІІ) оксидін түзеді. Галогендермен оңай қосылысады. Ол сұйытылған қышқылмен әрекеттеспейді, бірақ концентрацияланған ыстық күкірт және концентрацияланған азот қышқылдарында жақсы ериді. Висмутты 1450 жылы Василий Валентин ашты. Алайда ХVІІ ғасырға дейін оны қалайы және қорғасынмен жиі шатастырды. Атауы неміс сөзінен “ақ зат” шыққан.

cynk_w

Мырыш табиғатта тек қосылыстар түрінде ғана кездеседі. Мырыштың негізгі табиғи қосылыстары: мырыш алдамышы ZnS және смитсонит. Мырыш жерде таралуы жөнінен 24-орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 7,5

cynk_o

Өнеркәсіпте мырышты мырыш алдамышынан ZnS – алдымен оны қыздырып, одан түзілген мырыш оксидін ZnО кокспен тотықсыздандырып, мырыш алады. Мырышты мырыш сульфатының ерітіндісінен электролиздеп алуға да болады.

cynk_wo

Мырыш – көгілдір күміс түсті металл, бөлме температурасында морт сынғыш. 100-1500С температура кезінде оңай жамаланып (жаймаланып), сым созуға болады. 200ºС-ден астам температура кезінде қайтадан морт сынғыш болып, ұнтаққа да айналуы мүмкін. Ол ауада мырыш оксидінің жұқа қабыршағымен қапталып, күңгірт тартады. Күшті қыздырған кезде мырыш оксидін ZnO түзіп, жанады. Мырыш ежелгі уақыттан бері мәлім.

cynk_z

Мырыш металды қаптау үшін қолданылады. Мырыш – көптеген құймалардың: жездің - мыс пен мырыш құймасының, жаңа күмістің - мыс, мырыш және күміс құймасының маңызды құрамдас бөлігі. Мырыш оксиді ZnO ақ май бояу дайындауға және медицина мен косметикада крем өндіру кезінде пайдаланылады. Мырыш хлориді орманды зиянкестерден қорғауға пайдаланады.

bohr_wo

Борий – қолдан синтезделген радибелсенді элемент. Борийді ең алғаш 1977 жылы Дубнадағы Ядролық зерттеулер институтының орыс ғалымдары висмутты хром ядросымен атқылау арқылы алды. Ашылған жаңалықты Дармштадтағы Ауыр иондарды зерттеу зертханасында неміс ғалымдары қолдады.

bor_o

Кристалдық борды бордың калий хлориді KCl қосындыларының қоспасын электролиздеп алады. Аморфтық борды бор оксидін мангниймен тотықсыздандыру арқылы алады.

bor_w

Бор табиғаттан бос күйінде табылған жоқ. Алайда бордың көптеген қосындылары, әсіресе аздаған мөлшерде, мысалы бор қышқылы немесе оның тұздары – бораттар кең тараған. Бор қышқылы әсіресе вулкандарға тақау орналасқан ыстық көздерде кездеседі. Өте маңызды борлы минералдардың бірі – бура.

Бор жерде таралуы жөнінен 38 –ші орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі



bor_wo

Бор қатты морт бейметалл. Таза кристалдық бордың түсі - қара. Ол – салыстырмалы қарағанда әрекетсіз элемент. Аморфты бор - қоңыр ұнтақ. Борды 1818 жылы тұңғыш рет бір мезгілде екі француз – Жозеф Луи Гей-Люссак пен Луи Тенар және ағылшын химик Хамфри Дэви бөліп алды. Атауы араб сөзінен шыққан “ақ” деген мағына білдіреді.

bor_z

Аздаған мөлшерде (пайыз үлесінде) борды механикалық қасиеттерін жақсарту үшін болатқа және кейбір балқымаларға қосады. Мәселен, болатқа борды оның мµлшері 0,001-0,003% болатындай қосса, болаттың қаттылығы шұғыл артады. Боридтер – бор мен металдардың қосылысы – олар өте жоғары температураға төзе алады және ғарыш кемелерін жасауға пайдаланылады. Бор қышқылы антисептик ретінде пайдаланылады.

brom_o

Бромды бромидтерден, оларға мыналар тәрізді және т.б., күшті тотықтырғыштармен әсер етіп немесе электролиттік жолмен алады. Бромды зертханалық жағдайларда әртүрлі тотықтырғыштармен, мысалы марганец (ІV) оксидімен әсер етіп, бромданған сутектен алады.

brom_w

Бром табиғатта тек қосылыстар түрінде ғана кездеседі. Бромның негізгі табиғи қосылыстары: бромаргирит AgВr және иодобромит Ag(ClВrJ). Бром теңіз суында аниондар түрінде болады. Бром жерде таралуы жөнінен 62-орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 3,7

brom_wo

Қалыпты жағдайларда бром — күшті жағымсыз иісі бар қызыл-қоңыр ұшқыш сұйықтық. Ол тыныс алу жолын тітіркендіреді. Бром улы және күйдіреді. Суда еріп, бромды су түзеді, ол зертханада тотықтырғыш ретінде пайдаланылады. Бромды француз химигі Антуан Жером Балар 1826 жылы ашып, бөліп алды. Атауы грек сөзінен шыққан “сасық” деген мағынаны береді.

brom_z

Бром және оның қосылыстары органикалық синтезде, әсіресе дәрі-дәрмек және бояу өндіру кезінде пайдаланылады. Күміс бромиді AgВr – фотографиялық эмульсияның негізгі құрамдас бөлігі, ал 1,2-дибромэтан отынға антидетонациялық үстемелеу ретінде пайдаланылады.

cer_o

Церийді монацит минералынан шығарып алады.

Оны басқа элементтерден ион алмастыру хромотография әдісімен бөліп шығарады. Церийді, сондай-ақ церий (ІІІ) хлориді балқымасын электролиздеу єдісімен немесе церий (ІІІ) хлоридты натриймен немесе калиймен тотықсыздандырып алады.



cer_w

Церий табиғатта церий қосылыстар түрінде ғана торий, лантан және өзге лантанидтер фосфаттарының қоспасы болып табылатын монацит минералы құрамында кездеседі. Бұл элементтер минерал массасының 50% -ы ғана. Церий Жерде таралуы жөнінде 25 орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 6,8

cer_wo

Церий – жұмсақ, қақтауға төзімді, күмістей ақ металл. Ол лантанид тектестерге жатады. Церий – химиялық белседі элемент. Ауада церий (ІІІ) оксидінің жєне церий (VІ) оксидінің қабыршағымен қапталады. Температура артқан кезде церий (ІІІ) гидрооксидін түзіп, сумен әрекеттеседі. Церий сутегін ығыстырып, қышқылда ериді. Церий қосылыстары өте улы. Церийді 1803 жылы Йенс Якоб Берцелиус және Вильгельм Генрих, сондай-ақ оларға байланыссыз неміс химигі Мартин Генрих Клапрот ашты. Таза церий тек 1875 жылы алынды. Атауы екі жыл бұрынырақ ашылған Церера кіші ғаламшарының құрметіне аталған.

cer_z

Церийді құймаларға үстеме ретінде пайдаланады. Церий (ІІІ) оксиді оптикалық шыны және қыш өндіру кезінде жылтылдатқыш материал ретінде қолданылады. Церий (ІV) сульфаты күшті тотықтырғыш ретінде химиялық сараптауда пайдаланылады.

cez_o

Цезийдің негізгі көзі – поллуцит минералы. Зертханада цезийді цезий гидроксидінің CsOH балқымасын электролиздеп немесе цезий хлоридінен CsCl магниймен тотықсызданыдырып алады.

cez_w

Цезий сирек элемент, оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 3

%. Цезий жерде таралуы жөнінде 46 орында. Цезийі бар минералдардың бірі – поллуцит



cez_wo

Цезий - өте жұмсақ және созылмалы күмістей ақ металл. Литий тобындағы химиялық белсенділігі ең жоғарысы цезий. Цезий ауада цезий оксидін түзіп, өзінен-өзі тұтанады. Цезий сутегін ығыстырып, сумен қарқынды әрекеттеседі. Цезийдің тұздары улы, күшті күйдіреді. Цезийді 1860 жылы неміс ғалымдары – Робет Вильгельм және физик Густав Роберт Кирхгоф ашты. Атауы латын сөзінен сұрғылт көгілдір (оның спектріне тән көгілдір сызыққа байланысты) шыққан.

cez_z

Цезий көптеген химиялық реакцияларда өршіткі ретінде пайдаланылады. Ол сондай-ақ фотоэлементтер өндірген кезде катодтарға материал ретінде пайдаланылады. Цезийдің радибелсенді изотоптары медицинада сынықты табу және қатерлі ісікті емдеу үшін радиация кµзі есебінде қолданылады.

chlor_o

Хлорды тұз қышқылына HCl қаныққан натрий хлоридінің NaCl судағы ерітіндісін немесе натрий хлоридінің балқымасын электролиздеу арқылы алынады. Зертханалық жағдайларда хлорды т±з қышқылына әртүрлі тотықтырғыштармен, мысалы магний (ІV) оксидімен әсер ету арқылы алады.

chlor_w

Хлор табиғатта тек қосылыстар түрінде ғана кездеседі. Хлордың негізгі табиғи қосылыстары – натрий хлориді (ас тұзы) NaCl. Натрий хлоридінің (сондай-ақ өзге металдардың хлоридтері) негізгі массасы теңіздер мен мұхит суларында болды. Хлор жерде таралуы жөнінен 17-ші орында. Оның Жер қыртысындағы массалық ‰лесі 0,013 %–ды құрайды.

chlor_wo

Хлор - өткір тұншықтырғыш иісті жасылдау сары газ, тынысалу жолын күшті тітіркендіреді. Улы, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде уландырғыш зат ретінде қолданылды. Хлор – химиялық белсенді элемент. Ол хлорид түзіп, іс жүзінде барлық элементтермен қосылысады. Хлор сутегімен қосылып, хлорлы сутек НCl түзеді. Хлорды ең алғаш 1774 жылы швед химигі Карл Вильгельм алды, ал 1810 жылы ағылшын химигі Хамфри Дэви хлордың жеке элемент екенін дәлелдеп, грек сөзінен шыққан “жасылдау сары” атау берді.

chlor_z

Хлор тоқыма және қағаз өнеркәсіптерінде ағартқыш ретінде, сондай-ақ антисептик ретінде де қолданылады. Хлор химия өнеркәсібінде, соның ішінде хлорсутек синтезі және тұз қышқылын алуға пайдаланылады.

bar_o

Әдетте барийді алюминтермиялау әдісімен, яғни жоғары температурада барий оксидін ВаО тотықсыздандырып алады. Барийдің аздаған мөлшерін барий хлориді балқымасын электролиздеп алады

bar_w

Табиғатта барий тек қосылыс түрде, негізінде минералдар: барит және винерат түрінде ғана кездеседі. Барий Жерде таралуы жөнінде 14-ші орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 0,05 % -ды құрайды.

bar_wo

Барий – жылуды және электрді жақсы өткізетін күмістей ақ жұмсақ металл. Барийдің буы мен қосылыстары жалынды қызыл түске бояйды. Барийдің химиялық белсенділігі жоғары, сондықтан оны жермайда сақтайды. Қыздырған кезде барий гидроксидін түзіп, жанады. Барийдің суда еритін қосылыстары өте улы. Ең алғаш барийді ағылшын химигі Хамфри Дэви 1808 жылы бөліп алды. Элементтің атауы грек сөзінен шыққан “ауыр” деген мағынаны білдіреді.

bar_z

Барий подшипник болатына үстеме ретінде қолданылады. Барий сульфаты асқазан жолының рентгенграфиясы кезінде күңгірт орта ретінде қолданылады. Барий қосылыстары резеңке және қағаз өндірісінде сүзгі есебінде қолданылады. Барий нитраты нұршашу кезінде қолданылады, барий оксиді ВаО десикант (кептіргіш) ретінде пайдаланылады.

chrom_o

Хром хромды кендерден, көбінесе хромды темірден хром (ІІІ) оксидін бөліп шығара отырып алынады, оны соңынан алюминтермиялық амалмен тотықсыздандырады.

chrom_w

Хром көп тараған элемент. Хромы бар негізгі минералдар – хромды темір және қорғасын хроматы

Хром жерде таралуы жөнінен 21 орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 0,001 % -ды құрайды.



chrom_wo

Хром күмістей ақ қатты металл. Жылу және электрөткізгіштігі жақсы. Бөлме температурасында химиялық белсенділігі шамалы, күкірт және тұз қышқылдарымен ғана әрекеттеседі. Қыздырған кезде оттек, күкірт, көміртек, азот және галогендермен де әрекеттеседі.

chrom_z

Хромды пайдалану оның қызуға беріктігіне, қаттылығы мен жемірілуге тұрақтылығына негізделген. Хром кейбір болат түрлерін балқытқан кезде оның жемірлікке беріктігі мен тұрақтылығын арттыру үшін, сондай-ақ асылдығы аздау металдарды хромдау үшін үстеме ретінде пайдаланылады. Хром қосылыстары бояу өндіру кезінде пайдаланылады.

cyna_ o

Қалайы касситерит (қалайылы тас) минералын көміртегімен тотықсыздандырып алынады.

cyna_ w

Қалайы табиғатта касситерит (қалайы тас) минералы түрінде кездеседі.

cyna_ wo

Қалайы – жұмсақ және созылымды күмістей ақ металл. Жұқа табақтарға оңай жаймаланады. Ауада қалайыны одан әрі тотығуынан қорғайтын қалайы (ІV) оксидінің жұқа қабыршағы қаптайды.

Бұл оксидті қабыршақ жылтылдатылған қалайыға көгілдір рең береді. Қалайы екі тұрпаттас түрді – ақ қалайы және сұр қалайы түрінде кездеседі. Ақ қалайы 13,2ºС-дан жоғары температура кезінде, ал сұр қалайы 13,2ºС-тен төмен температура кезінде тұрақты, сондықтан салқындатқан кезде ақ қалайы сұр қалайыға ауысып, ұнтақталып шашылады. Бұл құбылыс қалайы обасы деп аталған. Қалайы таяқшаны иген кезде кристалдардың үйкелісінен ерекше дыбыс естіледі. Қалайыны адамдар ежелгі уақыттан бері біледі. Египетте, Месопотамияда және ежелгі дүниенің өзге елдерінде біздің заманымыздан бұрын (б.з.б.) ІІІ мыңжылдықта қалайыдан қола дайындалған; қалайы сондай-ақ әртүрлі тұрмыстық бұйымдар, әсіресе ыдыс-аяқ жасау үшін де қолданылды.



cyna_ z

Қалайы – дәнекер және құймалардың маңызды құрамдас бөлігі, олардың аса белгілісі - қола. Қалайының титанмен құймасы авиация өнеркәсібінде қолданылады. Сүрме және қорғасынмен бірге подшипник құймасын және типографиялық шрифтарды дайындау үшін қолданылады. Жемірілуден қорғау үшін өзге металдарды қалайымен қаптайды.

arsen_wo

Күшән – бейметалл. Ол үш тұрпаттастық түрде кездеседі, олардың ең тұрақтысы – сүр күшән. Бұл – металдық жылтыры бар сұр түсті морт зат. Жылу мен электрді нашар өткізеді, суда ерімейді. Қалған екі түрі – сары және қара күшән – тұрақсыз кристалды заттар. Күшән қыздырған кезде тұтанып, көгілдір жалынмен жанады және күшән (ІІІ) оксидін түзеді. Күшән хлорға қосылып, күшән (ІІІ) хлоридін түзеді. Күшән және оның қосылыстары улы. Элементтің атауы латын сөзінен шыққан “күшті” деген мағынаны береді. Орысша атауы “тышқан уы” (күшән препаратын тышқанды және егеуқұйрықты құртуға қолданылатындықтан) сөз тіркесінен шыққан. Күшәнді бос күйінде алған Альберт Великий (1250 жылдар шамасында) деп есептеледі. А. Лавуазье 1789 жылы күшәнді химиялық элементтер тізіміне енгізді.

arsen_o

Күшәнді ауаның қатынасынсыз миспикелді FeAsS қыздырып алады:

Күшәнді сондай-ақ күшән оксидін көмірмен тотықсыздандыру арқылы да алуға болады.



arsen_w

Табиғатта күшән мүлде дерлік қосылыс түрінде, көбінесе сульфидтері түрінде кездеседі. Таза күшән өте аз мөлшерде кездеседі. Күшәннің маңызды минералдары – аурипигмент, реальгар және миспикель.

Күшәнді сондай-ақ кейбір, темір, никель және мыс кендерінен кездестіруге болады. Күшән жерде таралуы жөнінен 53-ші орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 1,5



arsen_z

Медицинада күшәнмен паразиттер тудыратын ауруларды емдейді. Күшән оксиді егеуқұйрық уы ретінде пайдаланылады. Күшән (ІІІ) сульфиді нұршашу дайындаған кезде бояғыш ретінде қолданылады, ол бұрын бояу өндіруге пайдаланылған.

astat_o

Астатты висмут 209–ды бөлшектерімен (гелий ядроларымен) атқылап алады.

astat_w

Астат Жер қыртысында болмашы мөлшерде кездеседі.

astat_wo

Астат – органикалық еріткіштерде еритін қатты зат. Астат – кейбір металдық қасиеттер көрсеткеніне қарамастан, бейметалл. Астат – радибелсенді элемент. Оның барлық изотоптары қысқа мерзімде жартылай ыдырайды. Ұзақ өмір сүретін изотоп жартылай ыдырау кезеңі 8 сағат. Астатты американдық ғалымдар Д.Р. Корсон, К.Р. Маккензи және Э. Сегре 1940 жылы висмутты бөлшектерімен (гелий ядроларымен) атқылап алды. Атауы грек сөзінен шыққан “тұрақсыз” деген мағынаны білдіреді.

astat_z

Астат іс жүзінде қолданылмайды.

azot_wo

Азот – түссіз мөлдір газ. Оның иісі жоқ және мүлде зарарсыз. Ауа көлемінің 78 %–ы азоттың үлесіне тиеді. Қалыпты жағдайлар кезінде ол екі атомды молекулалар түзеді. Азотты 1772 жылы Дэниел Рутерфорд ашып, ол газды “бүлінген ауа” деп атайды, өйткені онымен тыныс алуға болмайды және ол жануды қуаттамаған. А.Лавуазье 1787 жылы ауа құрамына енуін “өміршең” (оттек) және “бүлінген” (азот) газдары жай заттар екенін дәлелдеді.

azot_w

Азот табиғатта бос күйінде де, қосылыстар түрінде де кездеседі. Бос азот – ауаның негізгі құрамдас бөлігі, ауа көлемінің 78 %-ы және массасының 75,5 %-ы азоттың үлесіне тиеді. Азот тірі ағзалардың ұлпаларында, протеиндер құрамында болады. Азоттың маңызды табиғи қосылыстарының бірі – натрий немесе чилийлік селитра, натрий нитраты. Азот жерде таралуы жөнінен 30 орында. Оның Жер қыртысындағы үлесі 2,5

azot_o

Зертханалық жағдайларда азотты аммоний нитратын қыздырып алады. Азотты өнеркәсіпте сұйытылған ауаны дистилляциялап алады.

azot_z

Азот аммиак, азотты қышқылдар және жасанды тыңайтқыштар өндіру үшін қолданылады.

Қыздыру шамдарының құтысы азотпен (аргон қоспасында) толтырылады. Азот (І) оксиді медицинада сезімсіздендіруші құралы ретінде қолданылады



ameryk_o

Америцийді плутоний-239 нейтрондарымен атқылап алады. Металл америцийдің америций (ІІІ) фторидінен барийдің буымен тотықсыздандыруы арқылы алынуы мүмкін.

ameryk_w

Америций табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

ameryk_wo

Америций – күмістей ақ радибелсенді металл. Ол актиноид тектестерге жатады. Америцийдің ең маңызды қосылысы – америций (ІV) оксиді, ол америцийдің өзге қосылыстарын алуға пайдаланылады. Америций атомдық массасы 92-ден үлкен радибелсенді элементтермен жасанды түрде алынған трансуранды элементтерге жатады. Оның барлық изотоптары радибелсенді. Ең ұзақ өмір сүретін изотоп Am-ның жартылай ыдырау кезеңі 7000 жыл. Америций - қауіпті элемент, өткені ол жоғары радибелсенді және сүйек ұлпасында жинақталады. Америцийді 1944 жылы америкалық зерттеушілер тобы Гленн Теодор Сиборгтың жетекшілігімен ашты. Элемент атауы элемент алынған Америка континенті атынан шыққан.

ameryk_z

Америций дәл өлшеуіш аспаптар мен түтін индикаторларында қолданылады. Ол сондай-ақ медицинада қалқанша без қатерлі ісігін емдеуге пайдаланылады.

antymon_o

Сүрмені сүрме жылтырағын (сүрме (ІІІ) сульфиді) ауада қақтап, содан соң алынған оксидті көмірмен тотықсыздандыру арқылы немесе сүрме (ІІІ) сульфидін темірмен тікелей тотықсыздандыру жолымен алады.

antymon_w

Сүрме – біршама сирек кездесетін элемент. Сүрмесі бар ең маңызды минералдар – антимонит және валентинит.

Сүрме жерде таралуы жөнінде 63-ші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 2



antymon_wo

Сүрме бейметалл. Екі тұрпаттастық түрде кездеседі. Ең көп тарағаны – күмістей сұр металдық форма. Өзге формасы – тұрпаттас және қара түсті. Сүрме және оның қосылыстары улы. Сүрме қосылыстары ежелгі уақыттан бері мәлім. Шығыста оны шамамен б.з.б. 3000 жыл бұрын ыдыс жасауға қолданды. Ежелгі Египетте сүрме жылтырының ұнтағы қасты қарайтуға пайдаланылды. Сүрменің қасиеттері мен алыну амалдарын және оның қосылыстарын ең алғаш алхимик Василий Валентин (Германия) 1604 жылы егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Сүрмені (antіmoіne деген атаумен) Антуан Лоран Лавуазье 1787 жылы химиялық элементтер тізіміне енгізді. Осы заманғы элемент атауы латын сөзінен шыққан – таңба. Орысша “сурьма” сөзі түріктің “surme” деген сөзінен шыққан. Бұл сөз қорғасын жылтырының ұнтағы дегенді білдіреді және қасты қарайту қызметін атқарады. Өзге деректерге сүйенсек, онда “сурьма” – парысша сүрме – металл деген мағына білдіреді.

antymon_z

Сүрме көптеген құймалардың құрамына еніп олардың қаттылығын арттырады. Мысалы, қалайы және қорғасынмен бірге құймаға пайдаланылады, олардан типографиялық шрифтер және подшипниктер дайындалады. Сүрменің қосылыстары кіреуке өндіруге, шыны және резеңкелерді бояуға, сіріңке дайындауға пайдаланылады.

argon_o

Аргон сұйытылған ауа ректификациясынан алынады.

argon_w

Аргон – ауаның құрамдас бөлігі. Ол ауаның көлемінің 0,93% құрайды. Аргон Жерде таралуы жөнінен 56 орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 1,2

argon_wo

Аргон – ең көп тараған инертті газ. Оның түсі де, иісі де жоқ. Аргон радибелсенді калий изотоптарының ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Аргонды Уильям Рамзай және Джон Рэлей 1894 жылы ашты. Атауы гректің “әрекетсіз” деген сөзінен шыққан.

argon_z

Аргон алюминиді және өзге металдарды дәнекерлеу және өте таза заттар алу кезінде қолданылады. Көкшіл көгілдір түспен жарқырайтын электр шамдары және газразрядты түтікшелер аргонмен толтырылады. Оны сондай-ақ лазерлі технологияға да пайдаланады.

cyrkon_o

Цирконийді цирконий (ІV) хлоридін кальций металымен тотықсыздандырып алады.

cyrkon_w

Цирконий табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Негізгі цирконилі минерал – циркон және бадделеит.

Әдетте циркониймен гафний бірге жүреді. Цирконий Жердегі таралуы бойынша 18-ші орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 0,019 % құрайды. Сондай-ақ цирконий ай тасында да байқалған.



cyrkon_wo

Цирконий – күмістей сұр жылтырақ металл. Негіздің, қышқылдың, атмосфераның әсеріне тұрақты және тек балқытқыш қышқылмен НҒ әрекеттеседі. Қыздырғанда цирконий оттекпен, күкіртпен, көміртекпен және азотпен әрекеттеседі. Атауы құрамында цирконий бар, циркон минералының атынан туындайды. Цирконийді 1789 жылы неміс химигі Мартин Генрих Клапрот тапқан, ал 1824 жылы швед химигі Йенс Якоб Берцеллиус бірінші алған.

cyrkon_z

Цирконийді құймаларға беріктігін жоғарылататын қоспа ретінде пайдаланады. Сол сияқты ол жоғарғы қызуға шыдамды ыдыстардың өндірісінде де пайдаланылады. Цирконий ядролық өнеркәсіпте ядролық реакторларды қаптаушы ретінде қолданады.

dubn_wo

Дубний – жасанды жолмен синтезделінген радибелсенді металл. Дубнийді алғаш рет 1967 жылы Г.Н. Флеров жетекшілігімен ядролық зерттеулер Институтынан орыс зерттеушілерінің бір тобы 243 америциді – неон-22 иондарымен соққылау арқылы ашқан. 1970 жылы Альберт Гиорсо жетекшілігіндегі американ зерттеушілер тобы 249 калифорнийді – азот-15 иондарымен соққылап алды. Ең тұрақты дубнийдің изотопы Db жартылай ыдырау периоды 34 секунд. Элементті өзі бірінші ашылған Дубна қаласының құрметіне атаған.

dysproz_o

Диспрозийді диспрозий хлоридін литиймен тотықсыздандырып немесе диспрозий фторидін кальциймен тотықсыздандырып алады. Ол сондай-ақ диспрозий хлоридінің балқымасын электролиздеумен алынуы мүмкін.

dysproz_w

Диспрозий табиғатта тек қосылыс түрінде, минералдар, айталық церий, торий, лантан фосфаттар және басқа да лантаноидтар қоспасы – монацит құрамында кездеседі. Диспрозий Жердегі таралуы бойынша 42-ші орында. Оның Жер қыртысындағы массалық үлесі 6

dysproz_wo

Диспрозий – күмістей ақ металл. Лантаноидтардың қатарына енеді. Ол ауада диспрозий оксидінің жұқа қабатымен қапталады. Сумен әрекеттесіп, диспрозий гидроксидін түзеді. Қышқылдарда ериді де олардан сутекті ығыстырады және тұз түзеді. Диспрозий тұздары сары не жасыл түсті. Диспрозийді 1886 жылы француз химигі Поль Эмиль Лекок де Буабодран ашқан, ал 1906 жылы француз Жорж Урбен бөліп алды. Аталуы грек сөзінен “қиын алынатын” туындайды.

dysproz_z

Диспрозийді ядролық реакторлардың реттегіш өзекшелерін және электрді оқшаулағышты дайындау үшін пайдаланады.

einstein_o

Эйнштейний ядролық реакция нәтижесінде плутоний-239-ден түзіледі.

einstein_w

Эйнштейний табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

einstein_wo

Эйнштейний – актиноидтар туыстастығына енетін металл. Атомдық массасы 92-ден артық болатын жасанды жолмен синтезделінген радиоактивті элементке – трансурандық элементтерге жатады. Трансурандық элементтер үшін тән, қосылыстар түзеді, мысалы: эйнштейний (ІІІ) оксиді

эйнштейний (ІІІ) хлориді

эйнштейний (ІІ) бромиді

эйнштейний (ІІІ) бромиді



және басқалар. Эйнштейнийдің барлық изотоптары радибелсенді. Ең көп өмір сүретін изотоп Эйнштейний-254, оның жартылай ыдырау мерзімі 276 күн. Эйнштейнийді 1952 жылы Альберт Гиорсо әріптестерімен бірге ашқан. Атақты физик Альберт Эйнштейн құрметіне аталған.

einstein_z

Эйнштейнийдің практикалық қолданысы жоқ. Тек зерттеушілік мақсатта пайдаланылады.

erb_o

Эрбийді эрбий хлоридін литиймен не эрбий фторидін кальциймен тотықсыздандырумен алады. Ол сондай-ақ эрбий хлоридінің балқымасының электролизі жолымен де алына алады.

erb_w

Эрбий табиғатта, әдетте тек қосылыстар түрінде диспрозимен бірге ксенотим және эвксенит сияқты минералдардың құрамында кездеседі. Эрбий Жердегі таралуы бойынша 44-ші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 3,8

erb_wo

Эрбий – күмістей жалтыраған ақ түсті, жұмсақ және созылғыш металл. Лантаноидтар тобына жатады. Ол ауада тотығып, эрбий оксидін түзеді. Сумен әрекеттесе келіп, эрбий гидроксидін және сутек түзеді. Қышқылдарда ерігенде, олардан сутекті ығыстырады да тұздар түзеді. Эрбиді 1843 жылы швед химигі Карл Густав Мозандер ашқан, ал оны таза күйінде 1934 жылы Клемм және Боммер бөлген.

erb_z

Эрбийді құймаларға қоспа ретінде қосады – мысалы, ванадидің созылғыштығын жоғарылату үшін.

europ_o

Европийді европий (ІІІ) оксидін ваккумдағы лантанмен тотықсыздандырумен алады. Сондай-ақ европий (ІІІ) хлоридін кальциймен тотықсыздандырумен не оның қосылыстарын электролиздеумен де алынуы мүмкін.

europ_w

Европий табиғатта тек минералдардың құрамындағы қосылыс түрінде ғана кездеседі, церидің, торидің, лантанның және басқа да лантаноидтардың фосфатты қоспасы түрінде болып келетін, монацит сияқтыларда. Бұл элементтерге минералдар массасының 50% тиесілі. Европий Жердегі таралуы бойынша 50-ші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 2,1

europ_wo

Европий – сұр түсті жұмсақ жылтырақ металл. Лантанидтер тобына жатады. Европий – химиялық белсенді элемент. Ауада ол тотығып, европий (ІІІ) оксидін түзеді. Температураны жоғарылатқанда сумен әрекеттесіп, европий (ІІІ) гидроксидін түзеді. Сол сияқты европий қышқылдарымен де әрекеттеседі, европий (ІІІ) хлориді сияқты, тұздарды түзеді. 1901 жылы француз химигі Эжен Анатоль Демарсе европиді бірінші болып ашты және алған. Аталуы Европа континентінен алынған.

europ_z

Европий тұздары түрлі түсті телевизор кинескоптарының өндірісіндегі люминофор ретінде пайдаланылады. Европий – нейтрондарды жақсы жұтушы, осының арқасында ол ядролық реакторлардың реттеуші өзекшелерін дайындау үшін қолданылады.

ferm_o

Фермийді нейтрондармен плутоний-239-ды соққылау кезінде алады.

ferm_w

Фермий табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

ferm_wo

Фермий – металл, ол актиноидтар тобына жатады. Атомдық массасы 92-ден артық болатын жасанды жолмен алынған радибелсенді – трансуранды элементтерге жатады. Трансуранды элементтерге тән қосылыстар түзеді, мысалы: фермий (ІІ) оксиді FmO, фермий (ІІІ) оксиді,

фермий (ІІІ) хлориді,

фермий (ІІ) бромиді

және басқалар. Фермийдің барлық изотоптары радибелсенді. Фермий-257-дің изотопы ең ұзақ өмір сүреді, оның жартылай ыдырау периоды 100 күн. Фермийді 1952 жылы Альберт Гиорсо әріптестерімен бірге ашқан. Атақты физик Энрико Ферми құрметіне аталған.



ferm_z

Фермий және оның қосылыстары практикалық қолданылмайды. Тек зерттеушілік мақсатта пайдаланылады.

fluor_o

Фторды калий фториді КF және сусыз сутекті фтор НF қоспалар балқымасын электролиздеп алады.

fluor_w

Табиғаттағы фтор тек қосылыс түрінде кездеседі. Фтордың басты табиғи қосылысы: балқығыш шпат және криолит. Фтор жануарлар организміндегі тіс пен сүйектің құрамдасы ретінде болады. Фтор Жердегі таралуы бойынша 12-ші орында. Оның үлесі жер қыртысы массасының 0,095% құрайды.

fluor_wo

Фтор – өткір иісті жасылды-сары түсті газ, ол тыныс жолын күшті тітіркендіреді. Ол ауадан шамалы ауыр. Фтор – ең күшті химиялық белсенді элементтердің бірі. Ол барлық элементтермен әрекеттесіп, фторидтер түзеді. Бұлардан ерекше болатын хлор, азот және кейбір асыл (гелий және неон) газдар. Фтор сутекпен қуатты әрекеттеседі де сутекті фтор түзеді. Фторды 1771 жылы швед химигі Карл Вильгельм Шееле бірінші болып ашқан, ал оны 1886 жылы француз химигі Анри Муассон алғаш алған. Аталуы гректің “бұзылуы” сөзінен шыққан.

fluor_z

Политетрафторэтилен (тефлон) – барынша кең қолданылатын фтор қосылыстарының бірі. Тефлон жоғары температура мен химиялық әрекетке төзімді. Ол автомобилдің бөлшектерін, кастрюль, таба және т.б. дайындау, қаптау үшін пайдаланылады. Фторлы сутек НҒ көптеген басқа фторлы қосылыстарды алу үшін қолданылады. Фтор шыныны жеміру үшін және жоғары октандық бензинді өндіруде катализатор ретінде пайдаланылады. Уран (ІV) фториді уранның изотоптарын бөлу үшін қолданылады. Фтордың қосылыстары тіс эмалін бекіту үшін тіс пастасы мен ауыз суға қосылады.

fosfor_o

Ақ фосфорды кальций фосфатын электрлік пештегі құм және кокспен 1350-1450ºС дейін қыздыру арқылы алады.

fosfor_w

Табиғаттағы фосфор тек қосылыс түрінде кездеседі, олардың арасындағы ең басты фосфаттар. Фосфорлы минералдардың арасындағы маңыздысының бірі – фосфорит.

Фосфор Жердегі таралуы бойынша 11-ші орында болады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 0,1 % құрайды. Фосфор - барлық организмнің тіршілігі үшін қажетті, маңызды элементтердің біреуі. Ол протейннің, қанның, жұмыртқа сары уызы, сүттің құрамына енеді. Кальций фосфаты сүйектер мен тістердің негізгі құраушыларының біреуі.



fosfor_wo

Фосфор – қатты бейметалл. Негізгі үш тұрпаттық түрде кездеседі: ақ, қызыл және қара фосфор. Ақ фосфор химиялық белсенді. Ауада тез тотығады, қараңғыда жарқырайды (хемилюминесценция). Ақ фосфор улы: ауада 40ºС шамасында өздігінен тұтанады, сондықтан оны су астында сақтайды. Бірнеше сағат бойы 250-300ºС кезіндегі ауасыз кеңістікте ақ фосфорды қыздырса қызыл фосфор алынады. Қысым астындағы ақ фосфорды 200-220ºС кезінде қыздырғанда қара фосфор түзіледі. Бұл түрленуді қысымды жоғарылатпай-ақ та жүргізуге болады, бірақ ол үшін, 8 тәулік бойы 370ºС кезіндегі қара фосфордың шамалы кристалы (ұйытқы) мен сынаптың қатынасуы керек. Қара фосфорда металдық жылтырақ болады. Жылу мен токты нашар өткізеді. Фосфорды 1669 жылы неміс алхимигі Геннинг Бранд ашқан. Оған фосфор белгісін Йенс Якобь Берцелиус берген.

fosfor_z

Қызыл фосфорды сіріңке мен от шашу өндірісінде және балқымаға қоспа ретінде қолданады. Фосфор қышқылын газдалған сусындарға қосады, мысалы “Кока-колаға”. Ақ фосфорды фосфор қышқылы мен өзге де фосфор қосылыстарының өндірісінде, сол сияқты егеуқұйрыққа қарсы уға пайдаланады. Фосфор қосылыстары жуғыш ұнтақ, жасанды тыңайтқыш пен десиканттың (кептіргіштің) құрамына енеді. Кейбір фосфорорганикалық қосылыстар пестицидтер ретінде қолданылады.

frans_w

Табиғатта франций болмашы мөлшерде кездеседі. Топырақ пен тау-тастардағы франций шамасы бірнеше ондаған граммнан аспайды.

frans_wo

Франций – металл, аса тұрақсыз радибелсенді элемент. Оның барлық изотоптары радибелсенді. Ең ұзақ өмір сүретін франций-223 изотобының жартылай ыдырау периоды – 21 минутты құрайды. Элементтің тұрақсыз болуына байланысты оның қасиеттері толық зерттелінбеген. Францийді 1939 жылы Маргарита Пере ашқан және ол өз отанының құрметіне – франций деп атаған.

frans_z

Франций іс жүзінде қолданылмайды.

gadolin_o

Гадолинийді гадолиний хлоридін литиймен тотызсыздандырып немесе гадолиний фторидін кальциймен тотықсызандырып алады.

gadolin_w

Табиғаттағы гадолиний тек гадолинит, самарский және монацит сияқты минералдардың құрамындағы қосылыс түрінде ғана кездеседі. Гадолиний Жердегі таралуы бойынша 41-ші орында тұр. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 7,7

gadolin_wo

Гадолиний – күмістей ақ металл, жұмсақ және соғылғыш. Ол пантаноидтар тобына жатады. Гадолинийдің ферромагниттік қасиеті бар, яғни ол күшті магниттеліне алады, егер оны магниттік өріске енгізсе. Бұл қасиеттер белгілі температурада жоғалады – оны Кюри нүктесі деп атайды, ол гадолиний үшін 20ºС шамасын құрайды. Гадолиний оттекпен әрекетесіп, ақ түсті гадолиний оксидін түзеді. Температураны көтергенде сумен әрекеттесіп, гадолиний гидроксидін және сутек түзеді. Қышқылдарда ериді, олардан сутекті ығыстырады да тұздар түзеді. Гадолиний 1880 жылы француз химигі Поль Эмиль Лкок де Буабодран және швед химигі Жан Шарль Галиссар де Мариньяк ашқан. Аталуы гадолинит минералының атынан шығады, ал ол өз кезегінде, фин химигі Иан Гадолин құрметіне аталған.

gadolin_z

Гадолиний құймаға қосымша қоспа ретінде және электрондық құрылғылардың өндірісі кезінде қолданылады. Ол сол сияқты ядролық реакторлардың реттеуші өзекшелерін дайындау кезінде де пайдаланылады.

gal_o

Галлиді мырышты, алюминиді және темір кендерін өңдеген кезде қосалқы өнім ретінде алады.

gal_w

Галлий жер қыртысында болмашы мөлшерде кездеседі. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 1,8

Галлий Жердегі таралуы бойынша 34-орында. Галлийдің негізгі кездесетін көзі – мырыш алдамшысы ZnS мен боксит.



gal_wo

Галлий – көгілдір реңді күмістей ақ металл, қалыпты температурадағы жұмсақтығы сондай, оны пышақпен жеңіл кесуге болады. Төменгі температурадағы галлий қатты және омырылғыш болады. Галлий қалыпты темпертурада айтарлықтай енжар, бірақ та ол қыздырғанда оттекпен, селенмен және хлормен әрекеттеседі. Галлийдің бар екендігін Дмитрий Иванович Менделеев алдын ала айтқан, алайда оны 1875 жылы француз химигі Поль Эмиль Лекок де Буабодран ашты және алды.

gal_z

Галлийді жартылай өткізгіш, шыны өндірісі кезінде және айнаны жабу үшін пайдаланады. Металдық галлий аса жоғары температураны өлшеу үшін қажетті кварцтық термометрді толтыру үшін, және ядролық реакторлардағы салқындатқыш ретінде қолданылады.

german_o

Германиді германий (ІV) оксидін сутегімен тотықсыздандырып алады.

german_w

Германий салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Ол Жердегі таралуы бойынша 52-ші орында. Оның жер қыртысының массалық үлесі 1,8

Өте аз мөлшердегі германий тас көмірдің кейбір түрінде, мырыш пен мыс кендерінде кездесуі мүмкін. Германий аргиродит және германит сияқты минералдарда болады.



german_wo

Германий – күмісті сұр түсті қатты және омырылғыш металлоид. Температураны жоғарылатқанда оттекпен әрекеттесіп, германий оксидін түзеді. Бұл элементтің бар екендігін 1871 жылы Дмитрий Иванович Менделеев алдын ала болжаған. Германийді 1886 жылы неміс химигі Клеменс Александр Винклер ашқан.

german_z

Германийдің жартылай өткізгіштік қасиеті бар, және де негізгі қолданылуы оның осы қасиетімен байланысқан. Германийден жартылай өткізгіштік резисторлерді жасайды, оларды терморезисторлар деп те атайды, олар температураны өлшеу үшін дәл өлшеуші құралдарда пайдаланылады. Германий құймаларға қоспа ретінде қолданылады. Германий (ІV) оксиді органикалық синтезде катализатор ретінде пайдаланылады.

glin_o

Алюминийді кендерді (мысалы, бокситті) өңдеу жолымен алады. Одан алюминий оксидін өндіреді, содан соң оны электролиздеп таза алюминийді алады.

glin_w

Табиғаттағы алюминий тек қосылыс түрінде ғана кездеседі, көбінесе ортаклаз сияқты, алюмосиликаттарда K[Al. Корунд минералы – алюминий оксидінің бір түрі. Бокситтегі алюминий гидроксид түрінде кездеседі. Жердегі таралуы бойынша барлық заттардың арасында алюминий оксиді 4-ші орынды алады. Жердегі таралуы бойынша алюминий 3-ші орынды алады. Оның үлесі жер қыртысы массасының 8,2 % құрайды.

glin_wo

Алюминий – күмістей ақ түсті металл, ол жұмсақ және созылғыш. Ол қалыңдығы 0,004 мм болатын жұқа қабатқа дейін жайыла алады. Жылу мен электрді жақсы өткізеді. Ол ауада өте жұқа алюминий оксидімен қапталады, оны мұнан әрі тотығудан қорғайтын. Алюминий – жер қыртысындағы ең көп таралған (7%) металл, ал табиғаттағы таралуы бойынша тек оттек пен кремнийден кейінгі орынды алады. Алюминийді бірінші болып 1825 жылы дат химигі Ханс Кристиан Эрстед алған. Элементке “алюминий” атауын ағылшын химигі Хамфри Дэви берген.

glin_z

Алюминий өзінің кереметтей қасиеттерінің арқасында құрылыс материалы ретінде пайдаланылады, мысалы, ұшақ жасауда. Электр өткізгіш сым өндірісінде, конденсатор мен телескоп айнасында қолданылады. Алюминий көптеген құймалар құрамына кіреді, мысалы, дюралюминий және магналий.

hafn_o

Гафний гафний (ІV) фторидінің балқымасын электролиздеу кезінде немесе қыздырылған вольфрамдық жіңішке сымнан гафний (ІV) иодидінің буын конденсациялап алынуы мүмкін.

hafn_w

Табиғаттағы гафний тек қосылыс түрінде ғана кездеседі, негізінен бадделеит және циркон сияқты, цирконды кендер құрамында. Гафний Жердегі таралуы бойынша 45-ші орынды алады. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 3,3

hafn_wo

Гафний күмістей пластикалық металл. Ол ауада өзін онан ары тотығудан сақтайтын, гафний (ІV) оксидінің өте жұқа қабыршағымен қапталады. Қышқылдар мен негіздердің әсеріне тұрақты, балқытқыш қышқыл мен патша шарабын (көлемдік 3:1 қайнатпасындағы концентрленген тұз және азот қышқылдарының қоспасы) есептемегенде. Температура жоғарылағанда гафний сутекті жұтады. Гафнийді 1923 жылы венгер химигі Георг фон Хавесйеге мен дат физигі Дирк Костер ашқан. Оның аталуы Копенгаген қаласының құрметіне, оның латынша аталуынан тағайындалған.

hafn_z

Гафний құймаларға қосымша ретінде қосылып, олардың жемірілуге және жоғары температураның әсеріне тұрақтылығын арттырады. Гафниймен легірленген құймалары металдар мен тасты өңдеуге арналған станоктар мен аспаптардың өндірісінде, сол сияқты қыздыру электр шамының сымын дайындау үшін қолданылады. Гафнийді ядролық реакторларға арналған реттеуші өзекшелерді өндіру өндірісінде де пайдаланылады.

has_wo

Хассий – жасанды жолмен синтезделінген радибелсенді элемент, ол металдық қасиет көрсетеді. Хассиді бірінші болып 1984 жылы Дармштадтағы ауыр иондарды зерттеу Зертханасында неміс зерттеушілерінің тобы алды.

hel_o

Геллидің негізгі көзі – табиғи газ (онда 0,4% шамасында гелий бар). Мұнан басқа, гелиді ауадан алуға болады.

hel_w

Гелий – сутектен кейінгі Ғаламдағы таралуы бойынша екінші элемент. Оның үлесіне Ғалам – массасының 25% шамасы тиесілі (Күннің массасының 28%). Бірақ ол Жердегі таралуы бойынша тек 71-ші орында ғана. Оның үлесі жер қыртысы массасының 8 % құрайды. Атмосфераның жоғарғы қабатында гелидің өте аз мөлшері кездеседі. Гелий – тау жыныстарында кездесетін, радибелсенді элементтердің ыдырау өнімі.

hel_wo

Гелий – түссіз, иіссіз және дәмсіз газ. Гелиді оның нашар химиялық белсенділігі үшін асыл газ деп атайды. Гелиді 1868 жылы француз химигі Пьер Жансен Күннің газ түріндегі атмосферасынан байқаған. Мұнан 30 жыл өткен соң Уильям Рамзай бұл газды Жерден ала алды. Аталуы “күн” сөзінің грекше айтылуынан алынған.

hel_z

Гелий мен оттектің қоспасын су астында демалу үшін аквалангистер пайдаланады. Ол ядролық реакторларда жағар-салқындатушы эмульсия ретінде қолданылады. Гелий ауадан жеңіл, сондықтан онымен ұшу шарын толтырады. Медицинада гелийдің көмегімен ісіктерді және қанның түйінделіп қалуын емдейді.

holm_o

Гольмиді гольмий хоридін литимен тотықсыздандырумен немесе гольмий фторидін кальциймен тотықсыздандырып алады.

holm_w

Гольмий табиғатта тек минералдардың құрамындағы қосылыс түрінде ғана кездеседі, атап айтқанда, церидің, торидің, лантанның және басқа да лантаноидтардың фосфаттары қоспасы түрінде болып келетін, монацит сияқтылар. Бұл минерал массасының шамамен 0,05% гольмиге келеді. Гольмий Жердегі таралуы бойынша 55-ші орынды алады. Оның үлесіне жер қыртысы массасының 1,4 % тиесілі.

holm_wo

Гольмий – күмістей ақ түсті металл, жұмсақ және созылғыш. Ол өте жұқа қабыршық болып жайылады. Гольмий лантаноидтардың тобына жатады. Ол ауада гольмий оксидінің аса жұқа қабатымен қапталады. Сумен әрекеттесіп, гольмий гидроксидін түзеді. Қышқылдарда ериді, олардан сутекті ығыстырады және тұз түзіледі. Гольмиді 1878 жылы швейцария химиктері Луи Соре мен Марк Делафонтен, сол сияқты, олардан тәуелсіз, швед химигі Пьер Теодор Клеве ашқан. Ол Стокгольм қаласының құрметіне аталған (ескі латын тіліндегі – Стокгольм аталуы осылайша жазылады).

holm_z

Гольмий лазерлік және электрондық өнеркәсіптерде, сондай-ақ магниттік құймалар дайындау үшін пайдаланылады.

ind_o

Индий мырыш алдамшысын ZnS өңдеген кезде қосымша ілеспе өнім ретінде алынады. Оны зертханада индий хлоридін және индий сульфатын электролиздегенде немесе индий оксидін сутекпен тотықсыздандырып алады.

ind_w

Табиғаттағы индий тек қосылыс түрінде ғана кездеседі, негізінен мырыш, вольфрам, қалайы және темір кендерінің құрамындағы индий сульфиді түрінде болады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 4,9 % құрайды. Индий Жердегі таралуы бойынша 69-шы орында орналасқан.

ind_wo

Индий – жұмсақ және созылғыш металл. Индий жемірілуге келмейді. Қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп, индий (ІІІ) оксидін түзеді. Индий галогендермен, күкіртпен, селенмен, фосформен және азотпен реакцияға түседі. Қышқылдарда ериді, бірақ негіздермен әрекеттеспейді. Индиді 1863 жылы екі неміс химигі – Теодор Рихтер және Фердинанд Райх ашқан. Аталуы латынның индиго сөзінен алынған.

ind_z

Индиді металдардың жемірілуге тұрақтылығын арттырушы ретінде қосымша қаптау үшін пайдаланады. Индимен қапталған беттердің шағылыстыру қабілеті жоғары, мұны айналар мен рефлекторларды дайындау үшін қолданады. Индидің кейбір балқымаларын өнеркәсіпте тұтынады, олардың арасындағы жеңіл балқитын балқымалардың орны ерекше, мұндай балқымалар металл мен шыныны дәнекерлеп жалғау үшін жұмсалады.

iryd_o

Иридиді платинаны тазарту кезіндегі қосалқы өнім ретінде алады. Ол патша шарабында ерімейді, бұл оның басқа платина тобындағы металдардан (платинаның өзін қоса алғандағы) ерекшелігі. Иридидің бұл қасиетін оны басқа металдардан бөлу үшін пайдаланылады.

iryd_w

Әдетте иридий таза түрде кездеседі, платинамен бірге табиғи құйма ретінде де жиі болады. Жердегі таралуы бойынша иридий 83-ші орында. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 3 % құрайды.

iryd_wo

Иридий – күмістей ақ түсті, өте қатты және асыл металл. Оның химиялық белсенділігі нашар, металдар арасындағы жемірілуге ең төзімдісі саналады. Иридий тіпті патша шарабымен де (көлемдік 3:1 қатынасындағы концентрлі тұз және азот қышқылдарының қоспасы) әрекеттеспейді. Иридий сұйық күйден қатты күйге ауысқанда кристалдық құрылымды қабылдайды, бұл оған пластикалықты береді де ол жұқа қабыршаққа жайыла алады немесе жіңішке сымға созылады. Иридиді 1803 жылы ағылшын химигі Смитсон Тентант ашқан. Аталуы латынның “кемпірқосақ” деген сөзінен алынған, өйткені оның қосылыстары түрлі түсті болады.

iryd_z

Иридий металдардың қаттылығын жоғарылататын, платиналық құймаларға қосымша ретінде пайдаланылады. Иридий мен платинаның құймасынан дәл аспаптарды дайындайды, мысалы хирургиялық. Метр және килограммның Халықаралық стандарты осы құймадан дайындалған. Сол сияқты бұл құймадан қаламсап ұшы да әзірленеді.

iterb_o

Металл күйіндегі иттербиді иттербий (ІІІ) хлоридін литимен тотықсыздандырып немесе иттербий (ІІІ) фторидін кальциймен тотықсыздандырып алады.

iterb_w

Табиғаттағы иттербий тек қосылыс түрінде ғана минералдардың мысалы, церидің, торидің, лантанның және басқа да лантаноидтардың фосфатты қоспасы болып келетін моноцит құрамында кездеседі. Осы минерал массасының 0,003% шамасы иттербий үлесіне тиеді. Иттербий Жердегі таралуы бойынша 43-ші орынды алады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 5,3

iterb_wo

Иттербий – күмістей ақ түсті, жұмсақ және созылғыш, жылтырақ металл. Ол лантаноидтар тобына жатады. Металл беті оттекпен түйіскенде күңгірттенеді, ол иттербий (ІІІ) оксидінің өте жұқа қабыршақты қабатымен жабылып, оны онан әрі тотығудан қорғайды. Иттербий сумен әрекеттесіп, иттербий (ІІІ) гидроксидін түзеді. Қышқылдарда ериді де иттербий (ІІІ) хлориді сияқты тұздарды түзеді. Иттербий кейбір қосылыстарда иондар түрінде кездеседі. Иттербий тұздары ақ немесе солғын – жасыл түсті болады. Иттербиді швейцария химигі Жан Шарль Галиссар де Мариньяк 1878 жылы эрбий элементіне қоспа ретінде ашқан. Иттербиді ашу ісі, құрамында сирек жер элементтері бар минералдарды жүз жылдан артық уақыт зерттеумен байланысты.

iterb_z

Иттербий ферриттер өндірісінде қолданылады, яғни негізгі құрамдасы темір (ІІІ) оксиді болатын, оксидтердің қоспасы. Фериттер аудио- және видеотаспаны дайындау үшін пайдаланылады. Сол сияқты иттербиді құймаға қосымша ретінде де қосады.

itr_o

Иттриді иттрий хлоридінің балқымасын электролиздеп, сондай-ақ иттрий фторидін кальций көмегімен тотықсыздандырып алады.

itr_w

Иттрий табиғатта тек қосылыс түрінде мысалы ксенотил кездеседі. Иттрий Жердегі таралуы бойынша 29-шы орында орналасқан. Оның жер қоры массасындағы үлесі 3

itr_wo

Иттрий – жұмсақ күмістей ақ түсті металл. Ол қыздырғанда қызыл түсті жалындап жанады да иттрий оксидін түзеді. Сумен әрекеттесе отырып иттрий гидроксидін түзеді. Сол сияқты ол қыздырғанда азотпен, фосформен, галогендермен әрекеттеседі. Иттриді 1897 жылы Иан Гадолин ашқан, ал бірінші болып 1928 жылы Фридрих Вихлер таза күйде алған. Алғашқы рет иттрий сөзі ХVІІІ ғ. аяғында Гадолиннің қара түсті иттербит (гадолинит) минералын ұзақ уақыт зерттеуі нәтижесінде айналымға енген.

itr_z

Иттрий электрондық өнеркәсіпте және түрлі түсті телевизор кинескопы өндірісінде пайдаланылады. Иттрий мен алюминий құймасы ядролық реакторларда қолданылады. Иттрийдің радибелсенді изотоптары қауіпті ісіктерді емдеуде қолданады.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет