Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз



бет1/4
Дата02.09.2022
өлшемі112.31 Kb.
#460151
  1   2   3   4
Ақбілек



  1. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз.

Бақыт жолы біліммен табылады...
Ахмет Йүгінеки
Жоспар:
І.Кіріспе
Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман
ІІ.Негізгі бөлім
Ақбілек – қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесінің көркемдік шыңы
а) Ақбілектің ең басты ерекше қасиеттері ә)Ақбілектің қолды болуы. б) Қайтып келген Ақбілектің азабы. в) Қаладағы Ақбілек.
ІІІ.Қорытынды
Ақбілек- қазақ қызына үлгі болар тұлға
Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.

Қазақ қызының шырғалаң тағдыры туралы Жүсіпбек Аймауытовтың бұл романы әлеуметтеік сілкіністер заманының, реалитік жаңа қазақ әдебиеті қалыптасуы кезеңінің көрікті де кемел туындысы ретінде бағаланған. Жазушы Рамазан Тоқтаров «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады» деп айтқан екен.


Қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Жүсіпбек Аймауытовтың кейіпкерлері Ақбілек, Күнікей бойларынан терең танылады
Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді қапысыз айтқан қайран бабамның бар арманы – шамшырағы, маңдайына біткен жұлдызы қызының арын сақтап, намысын таптатпағанын көру десем артық айтпаған болар едім. Сол арманына жету үшін қызын қырық үйден тыйып, бауыр еті баласының бойына тәрбиенің асыл дәнін дарытып, көзінен таса қылмаған. Қызының болашақта намысшыл, кербез, келбетті, ұяң, қайсар, ақылды да ор рухты болуына бар күш жігерін салған. Себебі, қыз-ұлттың айнасы. Сондай ата-ананың тәрбиесін көрген қыздардың бірі ретінде Ақбілек келбеті – намысшыл, қайсар қазақ қызының келбетін көрсете ме?
Шығарма атын иемденген басты тұлға - Ақбілекпен оқырман әке мен шеше ортасында еркін өскен сәтінде кездеседі. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді
Үлкен үй - дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін атып "жас түлегі", жалғыз қызы - Ақбілегін "ойбайлатып алды да жөнелді". Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан тауқыметін ешкім де дұшпанына тілемес. Ес білгелі әке-шешесінің көз алдында болып, ерке өскен, қиындық пен қорлыққа кезікпеген Ақбілек өмірі сын тезіне түскенде, өң мен түстің аралығында, үмітінен үрейі басым қауіпті, қатерлі кезеңге тап болып еді. "...есі кіріп, көзін ашса, алты сырықтың басын түріп киіз жапқан кішкене қоста өңшең серейген, бырқыраған, жат киімді, жат түрлі орыстардың ішіңде жатыр.
Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын.
Оң қолын Ақбілектің үстіне артып, нақ қасында бетінен түгі шыққан, шашы дудыраған, істік мұрын жирен орыс жатыр. Оның бейнеусіз аңқиған, жарық ерінді, дүрдек аузынан шыққан демі Ақбілектің бетіне тамұқ лебіндей тиіп, денесін тітіркендірді. Өңі-түсі екенін біле алмай, көзі алас ұрып, қостың ішін сипай сүзіп шықты да, түндегі оқиға есіне түскенде, қайнап шыққан бұлақтың көзіндей жасы мөлтілдеп, жылап ағып қоя берді". Бұл бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың түсі суық, жүрістері суыт әрекеттерімен де алғаш кезігуі еді. Үмітін үрей басып, көлеңкесінің өзі қорқыныш әкелгендей болды. Ең болмаса, ол ортада Ақбілектің көңіл-күйімен, жағдайымен санасқан ешкім болмады. Қосты айналып, қашуға әрекет жасамақшы да еді, бірақ қырағы көз қалт жібермеді. Сұмдық сойқан, жан түршігерлік жәбірлеу, азап-қорлыққа толы өмір енді басталды. Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек тұрмақ, тіктей қарамаған, он екіде бір гүлі ашылмаған Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті. «Ашу - дұшпан, ақыл - досты" да, айла-амалды да жүзеге асыру қиын-ақ. Жан сауғалап «одан қашқан, бұдан қашқан жетпіс шақты офицер, флоттар» Ақбілектің еркінен тыс әрекеттер жасады, асыл қазынасы - абыройынан айырды, Қарамұртқа ермек болды...
Ақбілектің жан дауысы, шерлі мұңы, кеудесінде жаны, сезімі барға жеткеңдей-ақ. Бірақ оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, қайырымды жандарға жолығармын деген үмітін де үзбеді. Содан болса керек:
...Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады -
дегендей, көк пен жерге де, тау мен өзенге де сыр ашты, басынан өткерген жайларды бөлісті
Ол қара мұрттың күштеуімен оған тұрмысқа шығып, жүрегі қаламаса да ерім деп сылаған азаматтың құрсақтағы сәбимен өзін тастап кеткенінен кейін, қорған болар пана іздеп ата-анасын (барады) (қайын) өз жұртына барады. Ауыл адамдары оған саусақ шошайта күліп, артынан өсек таратқанын көріп, оларға налыйды. Менің жүрегіме батқаны: жұрт-жұрт қой, дәл осы кезде құлынының қыймналғанын көре тұра, өз баласын өзінен тепкен ата-ананың қылығын көрген Ақбілектің халі еді. Себебі қорғаным деп жүрген адамнан қолдау көрмеу – кеудеңдегі жүрекке шоқ басқанмен тең. Бұл дүниеде одан асқан ауыр азап бар ма? Ал Ақбілек өмірдің сондай соқпағына душар болды. Бірақ, ол өзінің бойындағы өр рухты өшірмеді, керісінше өсірген үстіне үстіне өсіре берді. Бұл өмірдің тұрғанымен сынақ екенің еш ұмытпады. Мен бұл жерде Ақбілектің қайсарлығын көре алдым. Қайсарлық қана емес – ау, намысшылдығы да таңба басқандай белгілі.
Ақбілектің бойында өшпей беріспей рух бар
Ел ішіндегі өсек-аяң, бұрынғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң сырт айналуы т.т. Ақбілектің жан жарасын одан сайын қоздырады. Бұған «көзі тікшиген, тымырайған» қатыгез мінезді өгей шешесі - Өріктің де кері әсері мол болды. Мұның өзі жазушы С. Мұратбековтің "Ақбілек" романы жайында жасаған баяндамасында атап көрсетілгендей: "Ақбілек басынан кешкен қауіп-қатер, Ақбілек басынан кешкен қорлау мен зорлау, Ақбілек басынан кешкен азапты жол сол кезеңдегі жалпы қазақ халқының басына түскен зобалаң еді».
Ес біліп, бой
Ақбілек қандай қасиеттерімен жарқын өмірге қадам басты, қандай күш өшкен өміріне шырақ жаққызды? Оған себеп – Ақбілектің өжеттілігі, өзіне бекемділігі. Орынборға барып оқып жүргенінде жан-жақтан тамсанып қызығушылар да, қала қызы ретінде желіктірушілер де болды. Олардың біріне де мән бермей, оқу үшін келгендігін мықтап назарда ұстауы, қазақ қызына тән салмақты да өжет болуы – Ақбілектің асыл қасиеттерінің бірі.
Қазақ қызының шет жерге барып оқуы да оңайға түспейді. Онысы Кәмилаға айтқан «жасынан оқымаған соң, кісінің тілі де қатып кетеді екен, жуырда икемге келмейді екен» деген сөзінен байқалады. Дегенмен орыс тілін бір адамдай-ақ меңгеріп алады. Бұл оның еңбекқорлығы деп білем
Ес біліп, бой түзей бастағаннан тағдыр тауқыметін мол тартқан Ақбілекті араға бес жыл өткен соң көргендегі әсері өзгеше. Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі, нағашысы Кәмиләмен кездесіп, өз өмірлері туралы сыр-сұхбаттары, Ақбала, Балташ т.т. қатынастар мезгіл әуенін аңғартумен қоса басты тұлғаның дүниетаным эволюциясын да танытады. Жас өмірін өксікпен өткізген Ақбілектің Балташ сынды азаматпен көңіл қосып, Ескендірмен қайта табысуы жан жарасын жазып, нұрлы өмірге батыл, сеніммен қадам жасатады. Роман тілімен айтсақ, Ақбілектің жүрегін жуып тазартқан алтын леген аяулы жаны, қаралы таудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді. Қысқасы, дүбірлі дәуірдегі қазақ қызының өмір, тағдыр жолы шындыққа сыйымды, келісті көрініс тапқан
Тағдыр тәлкегіне, қоғам әділетсіздігіне құрбан болған Ақбілек сынды қазақ қызы қаншама? Жалғыз Ақбілек жылап, басына салғанға көніп, бар өміріне нағлет айтқан жоқ, бірақ жалғыз Ақбілек сүрінген жерінен қайта тұрып, өжеттілік танытты. Автор Ақбілекті осы қырынан ұрпаққа үлгі етті. Біздің заманымызда да түрлі жағдайға байланысты тағдыры ауыр боп жүрген қыздар бар. Автор соларға «құласаң, қайта тұрып жүгіруге қақың бар, оқу оқы, білім ал» дегенді айтқысы келген деп ойлаймын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы - қай заманның ұрпағына да берері мол өміршең шығарма.
Қорытындылай келеАқбілек – қазақ қызына үлгі болар тұлға. Оның бойындағы қасиеттер әр қазаққа керек. Оның ғұмырымен танысқан адам мақсатқа біліммен жете алатынын, жасықтың, қорқақтың ғұмыры ешқашан жарық болмайтынын түсінеді.

XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде әйел теңдігі тақырыбы жаңа деңгейге көтерілді. Қазақ қыз - келіншеріктерінің тағдыры ұлттың зиянды қауымы, ақын - жазушылыларының назарында болды.


Қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Жүсіпбек Аймауытовтың кейіпкерлері Ақбілек, Күнікей бойларынан терең танылады. «Ақбілек» романының негізгі идеясы Жүсіпбекке «Қартқожаны» жазу үстінде (мүмкін, одан да ерте ) түскенге ұқсайды. Өйткені, романда елімізде азамат соғысының аяқталар тұсында қызылдардан жеңіліп, оңтүстік шекараға қарай шұбырған ақ әскерлерінің жолдағы қазақ ауылдарына жасаған зорлығы, елді тонауы, қыз - келіншектерді жәбірлеуі сияқты фактілер суреттелген еді» деп Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын зерттеуші академик Серік Қирабаев тұжырым жасайды. Жасаушы таланты «Ақбілек» (1928) романында айқын көрінеді.
Халық басынан өткерген ауыр күндерді, азамат соғысының зардабын Ақбілек басынан өткен аурылық арқылы суреттейді. Қазақтың ең аяулысы- қызы. «Жат жұрттық деп оң жақта отырғанда аялап, баптайтын, қыз баланың арын қорлауды ең ауыр қылмыс санайтын халықтың ғасырлар бойғы дәстүрін тас - талқан еткен оқыс оқиға қасіретін жас балғын қыз, оның отбасы, сүйгені, ауыл- аймағы қалай көтереді?», «Осы бейнелердің әр қайсысы жағдайдың ықпалына қарсы тұра алды ма?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғап, жауабын табуға ұмтылады. Әлеуметтік қайшылықты ғана емес жазушы адамның адамгершілік, ізгілік, мейірімділік секілді ізгі қасиеттермен оған кереғар, өшпенділік, іштарлық мінездердің қақтығысын басты қазақ етіп алады.
«Ақбілек» - дәуір келбетін, сол тұстағы кезең шындығын бейнелеген кесек туынды. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілек төңірегінде өрбиді. Жазушы қазақ қызының қайшылықты тағдырын жеңілдетпей, үлкен психологиялық образ дәрежесіне көтерді. Ақбілек ауыр сезім – күйлерін басынан өткізді. Осыған орай қаламгер кейіпкер бейнесін жасауда, қыз суреттерін шынайы беруде, әртүрлі характерлерді нанымды танытуда көркемдік құралдардың мүмкіндіктерін мейлінше мол пайдаланғанына көз жеткізуге болады. «Жазушының палитрасы өте бай. Бірде автор атынан төгілте әңгімелесе, бірде кейіпкерлердің өзіне сөз беріп (офицер, Бекболат, Мұқаш) олардың өздерін сөйлетеді. Енді бірде автор кейіпкерлердің жан дүниесіне еніп, солардың не сезініп, не қойғанын, не ойлағанын солар болып баяндайды. Кейіперлерінің жан дүниесі, психологиялық құбылыстары, қуаныштары, күйзелістері, мақсаттары мен армандары жазушы назарынан бір сәт қақас кетпейді. Мейлінше көркем, мейлінше айқын сөйлемдер әндетіп терме-жыр айтып отырғандай әсер береді. Қазақ ауыз әдебиетінің ең озық, Шығыс пен Батыс әдебиетінің көркем қара сөз және дастандық үлгілерінің бір-бірінен қабысқан, ұштасқан жерін Ақбілектен көрдім дер едім» деп жазушы Сайын Мұратбеков қаламгер шығармасынан орынды бағасын береді.
«Ақбілек» ─ әлеуметтік – психологиялық роман. Себебі, ары мен намысы аяққа тапталған Ақбілек оң, солын танып, білім алып, қатарға қосылып, ірі парасат деңгейіне көтерілгеннен кейін ғана рухани түлеуге, кір-қоңынан тазарып, дүниеге жаңа келген сәбидей өмірге үмітпен қарауға мүмкіндік табады. Міне, осы арқылы Ақбілектің ішкі психологиясы да өзгеріп, мүлдем жаңа бейне болып шыға келеді.
Дүниеде ең үлкен дерт надандық екенін талай ғұламалар айтып кеткені мәлім. Өйткені жақсы мен жаманды айыру үшін парасат керек, ал парасат өмірден көрген, кітаптан оқыған біліммен, әрі түйсікпен келеді. Ақбілек үлкен парасаттыққа қол жеткізу арқылы дүние ортадан ауыл үйдің өсегімен ғана анықталатын құндылықтардан биіктеп, үлкен тұлғаға айналды. Осылайша Ақбілек өзінің өмірлік проблемасын тазару, адамгершілік кемелдену арқылы шешеді.
Ақбілек трагедиясы – бүкіл халықтық трогедияның бір ұшқыны. Ақбілекті ақтардың алып қашып кетуі, оны қара мұрт офицердің әйел қып ұстауы – бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың орыс тұтқынынан босауы, бостандыққа ұмтылғанмен, ел бетін көре алмай қиналуы, әкесінің Ақбілекті қабылдамауы, атастырған жігітінің сырт айналуы, ел-жұрттың оған бір түрлі, аяушылықпен (екінші жағынан таңсыққұмарлықпен) қарауы – бәрі де алақанға салып, мәпелеп өсірген қазақ қызына өлімнен де ауыр еді. Оның үстіне орысты кәпір деп қарайтын ұғым бар. Бұл жағдай тілге өрескел еді, өйткені ел түсінігінде кәпір атаулының бәрі жау, онымен араласқан елдің бәрі –жат, діннен безген харам болып көрінетін.
Роман Ақбілектің жау қолына түсуінен басталады. Ес білгелі әке-шешесінің көз алдында болып, ерке өскен, қиындық пен қорлыққа кезікпеген Ақбілек өмірі сын тезіне түскенде өң мен түстің аралығында үмітінен үрейі басым қатерлі кезеңге тап болады. Сұмдық сойқан, жан түршігерлік жәбірлеу, азап, қорлыққа толы өмір енді басталады. Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек түгілі, тіке қарамаған Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсіп, қара мұртқа ермек болады. Ақбілектің өмірінің осы кезде тас талқаны шыққан еді. Бұл - шығарманың шарықтау шегі.
Әйелдің осал жері – сұлулық, осал жері – мақтан. Жүсіпбек Ақбілекті идеал етіп алмайды, оның бойындағы мақтаншақтықты да көрсетеді. Мысалы: «…жалғыз-ақ Ақбілек үшін қара мұрттың жанын қиғаны рас. Ендеше, жақсы көргені де рас. Жақсы көргендей Ақбілек сұлу екен. Қазақ тұрсын, орыстың боздақ жігіті де Ақбілекке қызығады екен, жанын қияды екен, әйелге бұдан артық құн бола ма? Сый бола ма? Оның үстіне Ақбілек енді көп орыстың талқысына түспейді, асыл қазынасын бір-ақ кісіге қияды.»
Жазушы кейіпкерін әр алуан ситуацияға түсіріп сынайды, кейіпкер психологиясын отқа да, суға да салып пісіргендей, тоңдырып, жандырып, әр алуан жағдайға түсіріп, жан-жүйесін қалтарыссыз ашады. Ақбілек әйелдікке көнгелі отыр. « ... Қандай кісіге? Өзі үшін жанын қиған ер жігітке» десе де, артынша «...бірақ, ойбай-ау! Ер жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпір ғой!..» Соны ойлаған кезде ақторғын маңдайына екі тік сызық көріне қалады. Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді. Жан апасынан мәңгілікке айрылып, бас қаралы жүз жаралы боп отырып, не бетімен бай іздегені? Апасын өлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген ... орыстың тұқымына не қып өз еркімен көнгені? Енді Ақбілек жыландай жиырылып, әйелдік сезімін тежеп, қатайып ала қойды. Осылайша роман аяқталғанша жазушы әйел жанына қапысыз үңіліп, қалтқысыз бақылайды.
Орыстың ұлы жазушысы Толстой кім көрінгеннің қолтығында кетіп бара жататын намыссыз орыс әйелі үшін күйінсе, Жүсіпбек қазақ әйелін өзге ұлт өкілі еркінен тыс алып кетіп, намысын таптап жатқанына күйінеді.
Ақбілек қорлығы осымен бітпейді.«Ауылыма барсам болды, бәрі жақсы болады» деген Ақбілектің тек өз ойы, пәк сезімі ғана, ал бар қорлық алда күтіп тұр еді. Қайғыға берілгенмен, Ақбілек іссіз, әрекетсіз емес. Оның қара мұрттың оғынан өзін арашалап қалуы - өмір үшін күрестің басы, яғни оның қиыншылықпен арпалыстағы бірінші жеңісі. Ал екінші жеңісіне ол ессіз табиғатпен, меңіреу,мылқау түн қаупімен күресте жетеді. Қосты қоршаған қасқырмен арпалыса жүріп ол от жағып қорғанады. Мұның барлығы өмір үшін күрестегі Ақбілектің жеңістері еді.
Ақбілектің жан күйзелісін бірде шуақты, бірде бұлтты, бірде жігерлі, бірде жүйрік сезімдермен қайшыластырып беретіні секілді, оның (жалпы) тағдырын да бірде үмітті, бірде күдікті етіп, бірде қырға шығарып, бірде ойпаңға түсіріп күрделендірсе, соған орай оның жан дүниесін аласапыран күйге бөлеп береді. Бір өңкей қуаныштан өрілмейтін, бір өңкей қайғыдан құралмайтын өмір. Ақбілекке де тас емшегін бірде мәңгі жібіместей қатып қалғандай иітпей қойса, бірде тағдыры күлімсірегендей үміттендіре қарайды. Сол аралықта Ақбілекте жұмыр басты пенде ретінде бірде күйініп, бірде Жүсіпбектің үлкен прозасы қазақ әдебиетінде айрықша орынға ие. Алатайдай асқақ әдебитеіміздің сілеміндегі биік құзар шың. Сол шыңның шұрайлы, құнарлы баурайынан көр роман, повесть бұлақтары жамырай тарайды. Ұлы Ғабит Мүсіреповтың өзі: «Менің ұстазым Жүсіпбек Аймауытов. Маған жазуды үйретке, қалай жазудың үлгісін көрсеткен Жүсіпбек еді...» деп ағынан жарыла мойындаған. Адам жананың қазасына, психологиялық байлығына көркем тіл бітіріп суреттеген сүрініп алау-далау күй кешеді.. Болашақ жары Бекболаттың ел өсегіне қарамай алмақшы болуы Ақбілек үмітін қайта жалғағандай болып еді. Бірақ бәрібірде Бекболат қазақы ұғымнан ұзап шығып кете алмайды. Орыстан бала тапқан Ақбілек енді мүлдем ел бетіне қарай алмай қалады.
...Ауылдан пана таппаған Ақбілек ағасына еріп қалаға барады. Бұл жайт бүкіл романның қақ ортасын бөліп тұрған көпір, яғни әңгіменің шарықтау шегінен төменге түсуі, ал Ақбілек өмірінің жаңа кезеңі.Онда оқу оқып, жаңаша тәрбие алады. Жаңа ортаға ойысады, алғаш таңсық көргенімен, оның бәрі жат емес екенін сезеді, өзіне осы ортадан жар тауып, бақытты отбасы құрады.
Алғашқы тарауда автор өзі сөйлесе, кейінгі тарауда Ақбілектің жеткен жеңісін өз аузынан сөйлетеді. Ақбілектің өсу жолын дәл сондай тағдырды басынан кешкен Кәмиләмен салыстыруға болады. Романда мұны Ақбілек өзі баяндайды, өз өмірі мен Кәмиләнің өмірін салыстырып, ой қорытады. Кәмилә ескі көсқарастың шырмауынан шыға алмай қалса, Ақбілек сол жолды өтіп барып, бақытын табады.
Роман соңында сүйгенімен қол ұстасып елге қонаққа келген Ақбілектің заман алдындағы, ескілік алдындағы рухани жемісін паш етеді. Жазушы қызды бұрыңғы жары Бекболаттың аулына соқтырып әкетуі де Ақбілек жеңісін Бекболаттарға көрсету сияқты, сондай қыздан айрылып қалған, ескіліктің шырмауыннан аспаған жігітке сабақ етеді. Ақбілектің ауылға келіп оқыған жеңгесімен бірігіп әйелдерді аз күн болса да хат танытуы осы идеяны аша түседі.
Ақбілек - білім алып, заманның жоғарғы сатысына көтерілген әйелдердің өкілі, тың бейне. Ақбілек өмірінің ең жоғарғы даму шегі мына сөзден байқалады: «...оқымаған әйел қор ғой, қапастағы құстай ғой» дейді.
Енді Ақбілек « баяғы емес, өзгерген, өнер тапқан, жетілген. Әйелдерге көсем болған... ол енді ақсақалдың ғана емес, көптің баласы» дейді.
Осындай қарапайымшылықтан күрделі тұлғаға дейін көркем тілмен, шебер оймен, шытырман оқиғамен жеткізу – Жүсіпбек шеберлігінің шыңы десе де болғандай.


Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романы ХХ ғ.б. қоғамдық ахуал мен кезең көріністерін, өмір-уақыт шындықтарын,қыр көріністері мен ауыл суреттерін,жазушы еңбегі мен шығармашылық шеберлік сырларын, шабытты шақ пен талант қолтаңбасын айқындаумен қоса негізгі тұлғаның (Ақбілек ) адами әлемі мен бедерлі бейнесін, тағдыр-талайын, ауыл-елдің тұрмыс – дәстүрлерін,қарым-қатнасын, тәрбие тағлымдарын т.т. жан-жақты ашады.
Шығарма атын иемденген басты тұлға – Ақбілек аяулы әке мен қымбат ананың алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ, бұл жарастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт «қалпағы бар, мылтығы бар, көк шекпенді, қақаңдаған,қоқиланған» төрт атты бұзған-ды. Олар бейбіт ауыл мен елдің апшысын қуырды. Үлкен – үй, дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсіріп, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін атып, «жас түлегі, жалғыз қызы- Ақбілекті»ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азап – тауқыметін ешкім де дұшпанына тілемес.Өмір шындығы-өнер өрнегі мен өрісіне айналар тұсы да осы сәт.
Бұл – бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың түсі суық, жүрістері суыт әрекеттерімен де алғаш кезігуі еді.Үмітін үрей басып, көлеңкесінің өзі қорқыныш әкелгендей болатын. Ең болмаса, ол ортада Ақбілектің көңіл – күйімен, жағдайымен санасқан ешкім болмады.
Қосты айналып, қашуға әрекет жасамақшы да еді. Бірақ ,қырағы көз қалт жібермеді. Сұмдық сойқан, жантүршігерлік жәбірлеу, азап – қорлыққа толы өмір енді басталды. Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек тұрмақ, тікелей қарамаған, он екіде бір гүлі ашылмаған — Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті. «Ашу – дұшпан, ақыл – досты»да, айла – амалды да жүзеге асыру қиын – ақ. Жан сауғалап «одан қашқан, бұдан қашқан жетпіс шақты офицер, флоттар» Ақбілектің еркінен тыс әрекеттер жасады, асыл қазынасы – абыройынан айырды, Қарамұртқа ермек болды…
Феодалдық – патриархалдық сана мықтап қалыптасқан кезде Ақбілек басынан өткерген ауыр хал, жан азаптары, тағдыр талқысы өмірлік таңба болып басылды. Жан сауғалап қашқан ақтардың артында «бұралқы күшіктей қаңғырып Ақбілек» жалғыз қалды. Ақтардан тартқан жан азабынан соң да Ақбілектің жақын-жуықтан көрген қорлығы,күйзелістері көп –ақ.
Ақбілектің жандауысы, шерлі мұңы кеудесінде жаны, сезімі барға жеткендей – ақ. Бірақ, оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, қайырымды жандарға жолығармын деген үмітін де үзбеді. Осы мақсатпен көк пен жерге де, тау мен өзенге де сыр ашты, «күздің сарғыш жапырақтарына», «саялдық қара бұлттарға»мұң шақты. Көзі көріп, көңілі сенген, бастан өткерген көрініс – жайларды бөлісті. Іскендір дуанамен кездескеннен кейін жанын жегідей жеген азап пен қорлықтың салмағы бір мезет жеңілдеп, ұмытылғандай болып еді. Бірақ, нағыз азап, күйзелістер алдынан тағы шықты. Ел ішіндегі өсек – аяң, бұрынғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң сырт айналуы т.т Ақбілектің жан- жарасын одан сайын қоздырды. Бұған «көзі тікшиген, тымырайған» қатыгез мінезді өгей шешесі — Өріктің де кері әсері мол болды. Ес біліп, бой түзей бастағаннан тағдыр тауқыметін мол тартқан Ақбілекті араға бес жыл өткен соң көргендегі әсер өзгеше. Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі. Нағашысы Кәмиләмен кездесіп, өз өмірлері төңірегінде өрбіткен сыр – сұхбаттары, Ақбала,Балташ т.б қатынастар мезгіл әуенін аңғартумен қоса ,басты тұлғаның дүниетаным эволюциясын да танытады. Жас өмірін өксікпен өткізген Ақбілектің Балташ сынды азаматпен көңіл қосып, Іскендірмен қайта табысуы жан жарасын жазып, нұрлы өмірге батыл, сеніммен қадам жасатады. Роман тілімен айтсақ, Ақбілектің «жүрегін жуып тазартқан алтын леген – аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді». Қысқасы, дүбірлі дәуірдегі қазақ қызының өмір, тағдыр жолы шындыққа сыйымды ,келісті көрініс тапқан. Демек, Ақбілек бейнесі – қазақ қызының тағдыр – талайын танытумен бірге бақытқа ұмтылған, жаңа өмірді, қызық – қуанышты алдан күткен күрделі әрі бедерлі бейне. Қаламгер мұраты – жеке адам, яки Ақбілек арқылы халық өмірін, тарихы мен тағдырын, тұрмыс – тіршілігін шындық оқиғалар, нақтылы көріністермен көрсету болса, бұл міндет күрделі жанр – роман арқылы ұлттық – эстетикалық деңгейге көтерілген, әрі Еуропалық үрдістегі туындылар табиғатына жазылу баяны,суреттеу мәнері тұрғысынан үндес, сәйкес келеді.

Әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының қарапайым қыз өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, көп қиыншылықты басынан кешірсе де мойымады. Жас ару бүлінген тағдыры, күлі көккеұшқан арманы, аяққа тапталған ары үшін уайым жейді.
Ақбілек – теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. «Ақ патшаның жендеттері жаппай қолға түсіп, тұтқындалып жатыр»деген хабар жеткен кезде Ақбілектің қасындағы орыс офицерлері бас сауғалап қашуға мәжбүр болады. Осы орайда Ақбілек ақылдылығының арқасында туған жерінде аман қалады. Сөйтіп, жападан-жалғыз бір өзі қалған кезде түнде қосқа қасқырлар келеді. Ақбілектің ұғымпаз жан екеніне сол жолы анық көз жеткіземіз.Өйткені, іңірде шай қайнатқан оттың қоламтасын үрлеп оған ошақ басындағы қураған шөпті салып үрлейді. Жалын лап ете қалғанда үстіне тезек салады. Сөйтіп, үлкендердің ісін, айтқандарын ескеріп жүретіндігінен хабардар боламыз. Қасқарларды отпен қорқытқаннан -ақ оның ұғымпаз, байқағыш жан екендігі көрініс береді. Ауылына келе жатқанда сұр жыланды көреді. «Жылан торғайды арбап жейді» дегенді бала кезінде естіген. Торғайды ажалдан аман алып қалады да, өзі қорғансыз күй кешеді. Анау өңшең серейген, жат киімді, жат түрлі орыстар оған жылан болып елестейді. Ақбілектің кездейсоқ адамдардың кесірінен басынан кешкен тағдыр тауқыметі «ұйытқып соққан ызылдақ жел» секілді екен. Өйткені, кейіпкердің нәзік жанын ұқпайтын жағдайлар өте көп еді. Ауылға келгеннен кейін де түрлі қиын ой толғаныстарын бастан кешеді. Анасын орыс әскерлерінің атып тастағанын білгенде, қатты қайғырады. 12 жасар інісі Қажыкен мен 7 жасар сіңлісі Сараға бас-көз болып, қамқорлық жасаудан аянбайды. Мамырбайдың немере інісі Әмірдің әйелі Ұрқиямен достасып, сыр бөліседі. Өкінішке орай, аяғы ауырлағаны елге білінген тұста сүйгені Бекболат тастап кетеді. Сөйтіп, орыс әскерінің ұлын дүниеге әкеледі. Әкесінің, өгей шешесінің қытымыр қабағына шыдай алмаған Ақбілек қалаға кетіп тынады. Осыдан кейін ақ Ақбілектің өмірге деген көзқарасы өзгереді. Аға-жеңгесінің айтуымен Семейдегі алты айлық курсты да, Орынбордағы оқуды да тәмамдайды, білім алады. Осыдан соң Ақбілектің тұрмысы да, оқуы да жөнделеді. Театрға, киноға барып, ойын-сауыққа қатысады. Өзіне тең оқыған жігіт Балташпен тағдырын қосады.

Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ел мұратын асқақтатқан,ұлт руханияты мен көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды.Жазушы еңбегі мен шығармашылықтағы ізденіс арналарын,жанр жүйесі мен көркемдік мұратты,тілдік-стильдік құбылыстарды бейнелі бедерлеген айшықты қолтаңба жемісі
«Акбілек романындағы» әйел бейнесінің жасалу жолдары қарастырылады. Романнның бас кейіпкері Ақбілек тұлғасын сомдаудағы жазушы шеберлігі, ондағы портреттік бейнелеудің ұлттық табиғи нақыштар, әйел образын жасаудағы дәстүрлі қалып пен жаңашыл ізденістер ғылыми тұрғыдан тұжырымдала­ ды. «Ақбілек» романындағы әдеби­көркемдік жетістіктер шығармадағы әйелдер бейнесінің бай га­ лареясы арқылы айқындалып, олардың әрқайсысының өзіндік болмыс ерекшеліктерінен көріс та­ батындығы жете зерделенеді. Сонымен бірге Ақбілек бейнесі қазақ әдебиетіндегі әйелдер образын сомдаудағы жаңа бағыт екендігі ғылыми талдау негізінде нақты дәлелденеді. Мақалада романда қазақ қызына тән ұлтттық тәлім­тәрбиеден қалыптасқан мінез­құлық ерекшеліктері суреткер ше­ берлігі арқылы типтік бейне жасаудың алғы шарты ретінде көрініс табатындығы жан­жақты ай­ қындалған. Әйел сұлулығын суреттеудегі көркемдік белгілер ұлттық бояу­нақыштан тамыр тартып жатқандығы ұлттық прозаның өзіндік ерекшелігі екендігі зерделенген. Романдағы Ақбілектен бас­ қа да әйел бейнелерінің жасалуы, олардың бір­біріне ұқсамас өзіндік ерекшеліктері шығарманың тақырыптық болмысын байыта түсетіндігі ғылыми тұжырымдалған.
Автор қазақ қызы киліккен қасіретті көрсету арқылы аласапыран тұстың озбырлық бейнесін ашады. Оны сол нəубеттен, тағдыр талқысынан құтқарған жаңа өмір салтымен бірге кейіпкер бойына жинақталған ерік-жігер құдіреті екендігі романда айрықша ақындалған. Ұланғайыр уақыт пен жалпақ кеңістікте тағдырдың тар қапасына қамалған Ақбілек қасіретін оның өзін қоршаған ортаның қыспағына іштей қарсылығы мен адами күресін автор психологиялық талдау арқылы кейпкер жан дүниесіне бойлай отырып ашады.
Осынау қос ғасыр тоғысындағы қазақ қоғамы болмысын қазақ қызының қиын да қорлықты өмір сəті арқылы танытуға бағытталған романның арпалыс пен күрестен тұрар өмір күйінің тиегін ағытуы қалай десеңізші!!!
Аймауытов шеберлігінің бір ерекшелігі ретінде танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сөйлетіп, шешуі қиын жұмбақтың сырын тарқатса, енді бірде тыңнан қосылған жаңа сарынды сюжет дамуының жаңа бір белесіне айналдырып жібереді. Оның бəрі бас кейіпкер Ақбілектің тартысты тағдырының үш кезеңімен жымдасып кеткен бүтіндік табады. Сондықтан шығарманың жалпы даму желісінде бірде-бір оқшау оқиға, қисынын таппай тұрған тосын сюжеттер жоқ. Жалпы Ж. Аймауытовтың «Абілек» романында кер заманның ең бір құбылмалы тұсында сынға түскен қазақ қызының жігер-қайраты мен ақыл-парасаты арқасында өз ортасынан озып шығып, биік қоғамдық сатыға көтерілуі көркем бейнеленген. Романның бас кейіпкері Ақбілек – əке-шешесінің көзінің ағы мен қарасындай ерке өскен, ажарына ақылы сай елге сыйлы ару. Жазушының Ақбілек портретін сомдауы да сонша сырлы: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп...». Ал енді жазушы кейіпкер портретін шығарманың өн бойындағы салмақсапасына, оқиғалар желісін дамытуға орай түрлендіріп отырады.
Орыс ортасынан оралғаннан кейінгі Ақбілектің мінезделуін жазушы Бекболаттың көзқарасы арқылы танытады: «... алғаш барып көргендегі оның түрі қандай еді! Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып, сүйріктей еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді! Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түре келгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап, тəп-тəтті күлгені; əнтек жылмиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шын-аяқ əпергені, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны;... «Қош болыңыз» дегенде, көзін жалт еткізіп, басын əнтек изеп, артынан қарап қалғаны, – бəрі-бəрі сондағыдай сайрап көз алдыңа келеді».
Міне бұл бір кездегі бақыттың бесігінде тербелген Ақбілектің сүйген жігіт көзімен бедерленген сұлу суреті. Автор бұдан кейінгі оқиғалар дамуында Ақбілектің портретіне біртіндеп жаңа қажетті сипаттарды қосып отырады. Сол арқылы біз Ақбілектің мінездеме суреттерімен толығырақ таныса түсеміз. Сондықтан да біз Ақбілекті қашан да болса, қандай бір жағдайда болмасын соншалықты бір жылықпен қабылдаймыз. Ол романдағы қат-қабат оқиғалар тұсында əр кезде-ақ сезіліп тұрады.
Кейіпкердің жан-дүниесі өз басынан өткерген қиындығы мен қияметі жетерлік оқиғалар үстінде ашылады. Ақбілек қасіреті жалғыз оның ғана емес, зобалаңды заманда бастарына қара бұлт үйірілген, тағдыр талқысына түскен қазақ қыз-келіншектерінің ортақ қасіреті болатын.
Уақыт куəгері Жүсіпбектің жүрегіне ақ əскерінің осындай айуандық қылықтары жазылмас жара салған-ды. Уақыт өте келе, көрген мен түйгеннің пісіп-жетілген көркемдік болмысы суреткер қолына қалам алдырды.
Бұл шығарма – жазушы көкірегінде ұзақ піскен, қайнауы əбден қаныққан ізденістің жемісі. Автор Ақбілек қасіреті арқылы зұлмат жылдар халық басына төндірген қасіретті ашуға ұмтылады. Ары тапталған ардақтаған ару тағдыры – құлдықтың құрдымына бет алған ұлт тағдырының символы іспетті.
Ұлтымыздың тəрбиелік, салт-дəстүрлік ұғым-танымы тұрғысынан алғанда, Ақбілек тап болған жайт – адам төзгісіз қасірет!..

Шынында да, «Абай жолы» - М. Әуезовтің шығармашылық зор мұрасы, қазақ әдебиетінің мақтанышы, кезінде көпұлтты кеңес әдебиетінің ірі жетістігі саналған айтулы туынды. М. Әуезов осынау ұлы туындысын жазуға жан-жақты ұзақ даярлықпен келді, көптеген жылдар бойы Абай өмірі мен шығармашылығын сарыла зерттеді, шығармаларын жариялады, ақын туралы очерк, мақалалар, көлемді зерттеу еңбектер жазды.


Абай - эпопеяның бас кейіпкері. Өйткені, осынау төрт томдық ғажайып асыл рухани қазына ең әуелі Абайдай аяулы азаматқа, күрескерге, ұлы ақынға арналған, оның халықпен қуанышты да, қайғыны да бірге бөліскен «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп соққан ұлы жүрегіне арналған рухани ескерткіш.
Абайдың азаматтық һәм ақындық тағдыры, оның өз заманының озық өрені ретінде дәуірінің жауыздығымен, надандығы мен бетпе-бет келуі, осы жекпе-жекте ол тартқан қайғы мен мұң, ол тұтқан адамгершілік жол, халықтан тапқан қолдауы, “халық”, “әділдік”деген қасиетті ұғымдармен Абайдың адамдық,

суреткерлік мақсат-мұраттың тоғысуы, міне, бұлар ұлы Мұхтар Әуезов шығармаларында ерекше қараған, айрықша шығармашылық қуатпен, шеберлікпен көркем шешіп берген басты мәселелер.


М. Әуезов Абайдың рухани өсуіне әсер еткен жайлар туралы: «Ұлттық және бүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі мол арнасы данышпан ақынның шығармашылық ісіне рухани азық болды. Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік, ақындық ісіне дәм беріп, шапағатын төккен арнаның бірі-халықтың өзі жасаған, ауыздан ауызға тараған, баспа жүзінде басылып сақталып келген қазақтың бағзы замандағы халық мәдениетінің бай мұрасы, ақындығына рухани дем беріп, азық болған екінші арна-Шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы, үшінші арна-орыс мәдениеті, Еуропа мәдениеті», - деген.
Жазушы шеберлігі кейіпкер тілін мінездеріне сай даралаудан да, суреттеу мен мінездеу тәсілдерін ұтымды, әсерлі қолдануынан да көрінеді. Құнанбай тегінде шешен адам, бірақ, ол қыздырма қызыл тілге орынсыз бара бермейді, өз ортасындағы бедел-айбынына сәйкес ол көбіне қысқа, тұжырымды, салмақты сөйлеп, шешіле бермейді. Сәлемінде зіл, бұйрыққа бергісіз мағына бар. Өз мақсатын қалайда орындатуға келгенде ол өзгені мүдіртер шешендік те, ойлы оралымдылық та таныта алады. Ал әділет сөзін айтып, ақиқат үшін алысқан Абай, Дәркенбай, Байзаралы сөздерінен тіліп түсер өткірлік,адамгершілік пен надандық,шындық,өзіндік мінез танылады.Абайдың сөз саптасы,ойлау жүйесі оның есеюіне,ойшыл азаматтың дүниетанымы мен ақындық күрескерлік тұлғасының қалыптасу белгілеріне байланысты өзгеріп,байып,тереңдеп отырады.
Жазушы көркемдік қуатпен бейнелеген табиғат көріністері де эпопеядағы оқиға дамуымен,кейіпкерлердің іс-әрекеті,ой-толғаныстарымен,мінез,танымдарымен идеялық тұрғыдан шебер байланысып-астасып жатыр.
«Абай жолы» - М.Әуезовтің тарихи роман жанрындағы зор көркемдік табысы.Эпопея ұлттық сөз өнерінің ғана емес,жалпы әлем әдебиетінің де заңды мақтанышына айналған айтулы шығарма.
Кемел ақын, кемеңгер ойшыл Абай

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ...


Абай не нәрсені жазса да түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазды. Әр нәрсенің сырын, қасиетін терең сезініп жазған соң, сөздің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады ( А. Байтұрсынов).

Жер бетінде тұратын әрбір ұлт өз елінің ұлы ақынымен мақтанады. Мысалға, орыстар Пушкинмен, ағылшындар Шекспирмен мақтанса, ал, біз, қазақтар Ұлы Абаймен мақтанамыз.


Баршамызға белгілі Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген ерен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Ал, Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округіне аға сұлтан болған. Сол үшін Абай, ел билеу ісіне жас кезінен араласып, шешендік сөздерді көп құнттап, үйреніп, орынды жерінде үнемі қолданып жүреді. Негізінен, ұлы ойшылдың шешен болып өсуіне ықпалын тигізген – анасы Ұлжан мен әжесі Зере. Осы кісілердің арқасында белгілі философ өмірге әділдікпен қарап, адамдарды арасында сынап, арасында мақтап, өз өлеңдеріне қосқан.
Абайдың шындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол – керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері.
Ұлы ақынның ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын ең толық, ең терең, ең дұрыс танытатын – әрине, оның поэзиясы, асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан, иненің жасуындай жасандылығы жоқ өлеңдерінің « жалын мен оттан жаралған сөздері. Ақын жүрегінің түбіне терең бойлаймыз десек, оның поэзиясына бар ықыласымызбен, үлкен ілтипатпен зер салу қажет.
Ұлы ойшылдың шығармаларында, алдымен, мейлінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру арқылы, өз сезім толқыныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Философтың өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады.
Онымен қоса кемеңгер тұлға адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық туындыларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?-дейді ақын.
Сүйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.

Ал, осының бәрін жырлаған данагөйіміз халықтың шешендік сөздерінің байлығынан, мол сусындап, шешендік өнерді еркін меңгерген. Ел билеу ісіне жас кезінен араласқан Абайдың бойында текті бабаларымыздың асыл қасиеті бар екенін білдіреді.


Кемеңгер ойшылдың қазақ тілін дамытуға, әдеби тілді, поэзия тілін өрістетіп, жаңа сөз өрнектерімен байытуға сіңірген еңбегі ұлан-асыр. Ұлы ақынның поэзиясының тілі, сөз кестесі мен кіршіктей қоспасы жоқ саф таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен құнды.
Абайдан кейінгі дәуірде қоғамдық өмірде, ой-санада басқаша ағымдар, бағыттар туды, қоғам алдында жаңа мақсат, тілек-талаптар пайда болды дей отырып, кейінгі дәуір туғызған қоғамдық қозғалыс, өнерпаздық ізденістер халық игілігіне айналған асыл мұраның мәнін кеміте алмайтынын сөзсіз мойындаймыз.
Дана шығармаларының мағынасын терең бойлап, ұғып-түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халықтың тағдырын, ой-арманын тани аламыз. Және сол арқылы қазіргі заманды, кешегі мен бүгінгіні, келешегімізді де бағдарлаймыз.
Біз осы арқылы ұрпаққа үлгі болған Абай атамызды ұлықтаймыз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының баспасөз беттеріне жарияланған « Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында бүгінгі қазақ қоғамы аса қажетсініп отырған бірқатар маңызды да күрмеулі мәселелерді қозғауымен құнды деп білемін. Биыл қазақтың бас ақынының туғанына 175 жыл толатындығын ойға алсақ, Мемлекет басшысының аталған мақаласы – Ұлы дала тойының беташары іспетті. Президент мақаласында Абай шығармашылығының бағалы жақтарына баса назар аударылып, ондағы қазақ халқына ғана емес, күллі әлем жұртшылығы үшін қымбат жалпыадамзаттық идеяларға арнайы тоқталып, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан терең талдау жасалыпты. Президентіміздің аталған мақаласында Абайды «әлемдік мәдениеттің тұлғасы» ретінде танытуға айрықша назар аударылған


Ұлы ағартушы демократтар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың көздерін көрмесе де, ұлағатты сөздері-шығармаларымен сусындап, олардың ұстаздық ісін, ақындығы мен аудармашылығын XX ғасырдың басында азаматтық жүрегімен қабылдап алып, жемісті жалғастырған қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы сан ғырлы та­лант иесі еді. Ақын, аудармашы, педа­гог, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ол шынында да қазақ халқының «рухани көсемі» М.Әуезов болған айрықша санаткер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет