Ал жазба жұмыстарындағы қателіктерді қалай түзетуге болады? Осы сұраққа нақты жауап берейік



Дата07.01.2023
өлшемі14.16 Kb.
#468199
эссе моля


Сауатты жазу – адам болашағын айқындайтын маңызды жұмыстардың бірі. Адам қай кезде, қай жаста болмасын сауатты жаза білсе, білімінің кемел болғандығы. Мектепте қай кезеңде болмасын қушыны сауатты жазуға үйрету жұмысында көзделетін негізгі мақсат- қате жібермей, таза әрі сауатты жазу. Жазу жалпыға ортақ болғандықтан, ондағы ережелерде көпшілікке бірдей. Сондықтан емле ережелері жалпыға ортақ болуы қажет. Ал, емле ережелері бірізділікке түспесе онда сауатты адамның өзін шатастырып жіберуі мүмкін. Қазақ тілінде бұл жағынан емле ережелері, орфографиялық норма толық қалыптасқан дей аламыз.
Жазба жұмыстарындағы қателерді түзетудің өзектілігі- баланың қате жібермей сауатты жаза білуге үйрету. Егер бала сауатты жазуды мектеп баспалдақтарының алғашқы сатысынан –ақ тез меңгеріп алса, оған болашақта жазумен қиындықтар болмайды. Жазу- мекептке күнделікті істелетін дағды.
Ал. жазба жұмыстарындағы қателіктерді қалай түзетуге болады? Осы сұраққа нақты жауап берейік.
Ең біріншіден, балаға қалай жазу керектігін үйрететін де, жазған жұмысының қатесін тексеретін де мұғалім. Мұғалім балаға дұрыс жол сілтеп, оған нақты техниканы үйрете алса, баланың жадында мәңгілікке сақталады. Осы орайда мұғалім ескеретін біршама жолдар бар:
Біріншіден, мұғалім қателердің астын сызып, қай жерде қате кеткенін нақты айтып, баланың үнемі қателесетін тақырыбырн анықтауы қажет. Сол себепті, балаға сол тақырыпта тапссырма не болмаса жазба жұмысын беруіне болады.
Екіншіден, орфографиялық қателерді түзеу үшін орфорграфиялық шартты белгілерді міндетті түрде қолдану керек. Себебі, бала өзінің қай жерде қателескенін ғана біліп қоймай, орффографиялық шартты белгілерді үйренсе сауатты бола түседі. Қателерді түзеткенде, оның астын сызып немесе шартты белгімен көрсетсек, бала санасына да жеңіл болар еді. Шартты белгілер бала санасына өз қатесін жеңіл қабылдауға көмектесіп, өз қатесін саналы түрде қайталамауға жол ашады.
Үшіншіден, мұғалім әр оқушының қатесін қалай қабылдай алатындығына, яғни психологиясына мән бергені абзал. Себебі, әр баланың қабылдауы әртүрлі болатындығы анық.
Төртіншіден, мұғалалімнің көрсеткен ескертулері, балаға келесі қателікті істемеуіне жол ашуы тиіс, Жалпы мұғалімнің орфографиялық қателерді бала жазуында түзетіп, оны дұрыстауға ықпалы зор.
Оқушыларды жазудағы қателегін түзетуде көптеген тәсіл қолдануға болады.
Мысалы: сөзден қате жіберер болса, ондағы қатені сызып, үстіне дұрыс әріпті жазу. Осылайша бала қай жерден қате жібергенін нақты біледі.
Екінші, сөздегі артық буын немесе әріпті сызып тастау. Көбінесе, балалар қалай естісе солай жазатындығы, орфография мен орфоэпия жолдарын ажырата алмауы емлелік қателер туғызады. Мысалы, лақ сөзін ылақ деп жазып қою – қате. Бала осылай қате жазар болса, мұғалім артық қосылған әріпті сызып тастауы керек.
Үшіншіден. Кейде оқушылар сөздердің бәрін бір-біріне қосып жазып қояды.
Бала қате жазған, біріктіріп жазылған сөздерді бөліп тастауы керек.
Бұл тәсілдердің балаға көмектесері айдан анық. Себебі, орфографиялық қателерді төбеде көрсеткенімдей айқындап және оны сызып тастап көрсету балаға нақты қатесін көрсетіп, оған жол сілтейді. Балаға нақтылықпен қатар дұрыс әрі сауатты жазуды да үйрете алар болсақ, осы тәсәлдердің пайдаға жарары анық. Бұл тәсілдерді мұғалім өзінің шеберлігін қосып қолдана алса, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерсе, ескеріп қана қоймай соған сай тапсырма берсе, оқушы сауатты жазуға үйренері сөзсіз. Әрине, мұғалі бір тәсілді қайта-қайта қолданылуы жеткіліксіз. Мұғалім өз шеберлігіне қарай, барлық тәсіілдерді қолданған жөн. Орфографиялық қателерді үйретудің қаншалықты көп тәсілі болса, соншалықты олардың пайдасы да мол.
Қорытындылай келгенде, орфографиялық қателерді түзету жолында мұғалім барлық әдісті қолдана білсе, бала да соған қарай икемделеді. Сауатты жазу ол кеше де, бүгін де, ертең де өзекті болатын іс. Сауатты адам ешқашан да есесін біреуге жіберген емес. Сауаттылықтың артында көп мән жатыр. Ал сауатты жазу мектептен басталады. Бала дер кезінде өз қатесін түсіне алса, және оны түзетсе, сауатты жазуға өзі талпынса, жазуы да ойлауы да сауаттылыққа саяр еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет