Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер! Осы аптада мектебімізде өтіп жатқан политехникалық пәндер бірлестігінің
«Математика – ғылымдар патшасы,
Информатика – ақпараттар ғылымы» атты апталығы аясында 10 – сыныптар арасында өтетін «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ал, ұстаздар, оқушылар!
Ортаға назар салайық
Сайыскерлер шықпақ сайысқа
Қол соғып қарсы алайық, - деп
Ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шағырамыз.
Оқушылар ортаға шығып өздерін таныстырады.
Енді оқушыларға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып қояйық. (әділқазылар таныстырылады)
Сайысымыз мынадай бес кезеңнен тұрады.
І тур «Бәйге»
ІІ тур «Тіл - өнер»
ІІІ тур «Ғажайып жетілік»
IV тур «Жорға»
V тур «Полиглот»
Математика болашаққа бастайды,
Компьютер ортаға сұрақтарды тастайды,
Бисмиля деп – «Бәйге» турын бастайық
Сұрақтарға жауап беріп тастайық.
Сайысымыздың І кезеңі – «Бәйге». Бұл жарысқа қатысып отырған сайыскерлерімізге сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың деп бірінші турымызды бастаймыз. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз сұрақтарға қол көтеру арқылы жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз., мұқият болыңыздар.
-
Тік бұрышты үшбұрыш катеттері 3 және 4 см. Гипотенузасы неге тең?(5 см)
-
Кому посвящается стихотворение А. С. Пушкина
“Я помню чудное мгновенье” (Анне Керн)
-
“Зар заман”, “Бала зары”, “Опасыз жалған” шығармаларының авторы кім? (Шортанбай Қанайұлы)
-
Темір дәуіріндегі адамдар темір қорытуда қандай тәсілдер қолданды (шикілей үрлеу)
-
Қазақстандағы ең лайлы өзен. (Сырдария)
-
Электролиттік диссоциациялану теориясын ашқан ғалымды ата.Қай жылы ашты, қай елдің ғалымы? (1887 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус)
-
Жасуша теориясының негізін қалаған кімдер, қай жылы
(1839 – 39 жж, М. Шлейден мен Т. Шванн )
-
Слайдтарды көрсетуді бастау әмірін қандай перне орындайды? (Ғ5)
-
Теңәсерлі күшті түсіндіретін қазақтың ұлттық ойыны (арқан тарту)
-
Тіл білімінің этнолингвистика саласы нені зерттейді? (Сөздердің шығу тегін, мән – мағынасын, қолданылу аясын
-
Слайдтарды көрсетуді аяқтауды қандай перне орындайды? (Esc)
-
Маңғыстау мұнайының құрамында не көп? (парафин)
-
Электртерістік дегеніміз не? (Қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті )
-
Қазақстанда көшпенділер өркениетінде шаруашылықтың қосалқы түрі қандай болған? (аң аулау)
-
Д. И. Менделеевтің периодтық системасындағы 110 элементтің қаншасы тірі жасушаның құрамында болады? (80 – ге жуық)
-
Какие прилагательные имеют степени сравнения? (качественные)
-
Елеуішпен су әкелуге бола ма?(болады, мұз немесе қар күйінде)
-
Квадраттық функцияның графигі (парабола)
-
Что обозначает фразеологизм «душа в душу». (дружно)
-
Қимақ мемлекетінің орталығы қай қала болды? (Имақия)
Осымен І турымыз аяқталды.
ІІ тур. «Тіл - өнер»
«Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» - деп Қ. Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. Бұл турда сұрақтар, мақалдар берілген , солардың жауабын тауып 3 тілде айтсаңыздыр 30 ұпайға ие боласыңдар. Тек жауабын тауып орысшасын айтсаңыздар онда 20 ұпай, тек жауабын тапсаңдар 10 ұпайға ие боласыңдар. (ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз)
-
East or west, home is… (Best – хорошо - жақсы )
-
How many seasons has a year? (Four -четыре - төрт )
-
Union Jack is a national … of the Great Britain. (flag – флаг - ту )
-
What is your…?
Musina. (Surname – фамилия - тегі )
-
Mary drinks three … of coffee every day. (Cups – стакан – шыны аяқ )
-
My … is Kazakhstan. (Motherland – Родина - Отан )
-
Where are … from? (you – ты - сен)
-
What is “Big Ben”? (clock - часы - сағат )
-
Who is the officially the head of the state and the government of the USA? (President – Президент – Елбасы)
-
Australia is famous for its…. (Sheep – овец - қой )
-
Doing exercises is good for your… (health – здоровье - денсаулық )
-
“light” сөзінің антонимі: (darkness - темнота – қараңғылық )
Осы «Тіл - өнер» сайысынан кейін ұпайы аз екі оқушыны ойыннан жеңілсең де өмірден жеңілме деп шығарып саламыз.
ІІІ тур «Ғажайып жетілік»
Келесі турды бастайық,
Ұяшықтарды ашайық
Асығыстық қылмаймыз
Ұпайларды жинаймыз.
Мәңгі бюақы есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
Бұл бөлімде оқушылар тақтадағы үш пән бойынша кестеден ұпай санына қарай сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауаптың ұрпайы өздеріңізге қосылады. (ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз).
Математика бойынша
10 - Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады., ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (екеуі тең)
20 - Үш әке және алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 – дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?- (1 - атасы, 2 – әкесі, 4 – немересі)
30 - 2*5; 46* жазуларындағы жұлдызшаның орнына қандай цифрлар қойғанда шыққан сан 3 – ке бөлінеді? (2; 5; 8)
40 - Мына сандардың ең үлкені қайсысы?
Физика бойынша
10 - 1 тонна мақта ауыр ма, әлде 1 тонна темір ауыр ма? (тең болады)
20 - Түнгі сағат 12 – де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күнді көруге бола ма? (жоқ, 72 сағат - 3 сөтке)
30 - Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады. Қалыңы ма, жұқасы ма? (Қалыңы, ішкі қабаты бірдей уақытта жылымайды )
40 - Адамның шашын, қасын, мұртын қырау шалатыны неліктен?( Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсацияланады )
Информатика бойынша
10 - Қандай бағдарламалық жабдықтама болады? (жүйелік, қолданбалық)
20 - Интерфейс дегеніміз не? (адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас)
30 - Жұмыс үстелінің үлгілік белгішелерін ата? (Менің компьютерім, менің құжаттарым, себет )
40 - Компьютерде тілді іске асыру құралдарын ата?
(Компилятор және интерпретатор)
IV тур «Жорға»
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Жорға, жорға, жорғала
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген арпалыс,
Жеңілемін деп ойлама.
1. Главный герой романа “Герой нешего времени” (Печорин)
2. Дулат, Шортанбай, Мұрат ақындарға “Зар заман ақындары” деген атау берген жазушы кім? ( М. Әуезов)
3. Қазақстанның жер асты суының мол қоры қайда? (Қызылқұм)
4. Гальваностегия дегеніміз не? (Бұйымдарды электролиз әдісі арқылы металдармен қаптау)
5. Главная герой романа в стихах “Евгений Онегин” (Т. Ларина)
6. Ақтаудағы химия зауытында не өндіріледі? (пластмасса)
7. “Жәрмеңке” сөзі қай тілден енген сөз? (неміс)
8. Ингибиторлар дегеніміз не? (химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын заттар)
9. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының неше нүсқасы бар? (15 нұсқасы)
10. Квадраттың ауданы оның периметрі нешеге тең? (28 см)
11. Темір дәуірі қай жылдардан басталды? (б.з.д. 7 ғасырда басталды)
12. Глюкоза, фруктоза, галактоза қандай моносахарид? (гексозаның өкілі, қарапайым көмірсу)
13. - неге тең? (0)
14. Менделеев – Клапейрон теңдеуін көрсетіңіз?
Осы турдан соң тағы екі ойыншыны «Ойыннан жеңілсең де өмірден жеңілме» деп ойыннан қошеметпен шығарып саламыз.
V тур «Полиглот»
Бұл бөлімде екі оқушы сайысқа түседі. Өз білімдерін шыңдап логикалық сұрақтарға жауап береді.
-
Қаз неге судан құрғақ шығады?
Жауабы: Себебі, оның қанаттары өз майымен майланып тұрады, ал майлы зат суланбайды.
-
Залда 28 қатардың әрқайсысында 32 орын бар. Барлық орындар бірінші қатардан бастап нөмірленген. 375 – ші орын нешінші қатарда?
Жауабы: 12 – қатарда
-
Қалайша жұмыртқа 3 метр ұшып жарылмауы мүмкін?(жұмыртқаны 4 м – ге лақтырса, онда алғашқы 3 метрдле жарылмайды.)
-
Баласы әкесіне - әке, маған жұмбақ үйретші дейді. Сонда әкесі: - Сенің жасыңды үш есе көбейтсе, менің жасым шығады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін, өзің нешедесің?
Жауабы: баласы 10 жаста, ал әкесі 30 жаста.
Осымен «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылармыз ұпайларын есептеп болса, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарымызды марапаттаймыз.
Политехникалық пәндер бірлестігі
Мектепішілік
зияткерлік сайысында
білімділігімен, тапқырлығымен
ерекше көзге түскен
8 – сынып оқушысы
марапатталады.
С. Жаңғабылов атындағы орта мектеп
2011 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |