Озық ойлы оқушы
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер. Сіздермен бірлесе отырып мекебімізде өтетін 8 – сыныптар арасындағы «Озық ойлы оқушы» зияткерлік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреулер мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шақырайық. Ортаға шығып өздерін таныстырады.
Енді оқушыларға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып қояйық. (әділқазылар таныстырылады)
Сайысымыз мынадай бес кезеңнен тұрады.
І тур «Бәйге»
ІІ тур «Тіл - өнер»
ІІІ тур «Ғажайып жетілік»
IV тур «Жорға»
V тур «Полиглот»
Сайысымыздың І кезеңі – «Бәйге». Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған сайыскерлерімізге сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың деп бірінші турымызды бастаймыз. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз сұрақтарға қол көтеру арқылы жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз., мұқият болыңыздар.
-
Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың басынан кешкен оқиға қай шығармаға арқау болды? (М. Әуезов “Қараш – қараш оқиғасы”, Бақтығұл бейнесі )
-
Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу (қаныққан бу)
-
Какое это предложение?Какая ночь! Какой воздух чист!? (восклицательное )
-
Үшбұрыштың қабырғалары 8 см, 6 см, 10 см – ге тең. Үшбұрыштың түрі қандай? (Тікбұрышты үшбұрыш )
-
Дендрит деген не? (Нейтронның қысқа өсіндісі )
-
Нитрит қандай тұз? (Азотты қышқыл )
-
Жаңбыр құйып тұр. Қарылғаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа )
-
MS Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?
(Пуск Все программы Microsoft Office Microsoft Word )
-
Жәңгір Орал қаласында қай жылы хан болып жарияланды. Және неше жыл басқарды? ( 1824 жылы, 20 жыл )
-
Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас? (интерфейс )
-
Операциялық жүйе дегеніміз не? (Компьютердің барлық мәліметтерінің өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі )
-
Назовите служебные части речи? (Союз, предлог, частица )
-
Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не? (Толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1 – ге тең болса, онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады. )
-
Жылу қозғалтқыштарының бөліктерін ата? (қыздырғыш, суытқыш, жұмыстық дене)
-
1841 жылы үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында сайланған кім еді? (Кенесары Қасымұлы )
-
Архивтеу дегеніміз не? (Буып – түйілген (сығылған) файл )
-
Массасы 100 кг шымтезек толық жанғанда қанша қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
-
На какие вопросы отвечает дополнения?( Падежные вопросы )
-
Қазақстанның мұхит деңгейінен төмен жатқан жері (Қарақия ойысы теңіз деңгейінен – 132 м )
-
Екі санның қосындысының мәні 15 – ке, ал көбейтіндісі 56 – ға тең. Осы сандарды тап? (7 мен 8)
Осымен І турымыз аяқталды.
ІІ тур. «Тіл - өнер»
«Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» - деп Қ. Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. Бұл турда орындары ауысқан әріптер берілген , сол әріптерден сөз құрастырып ағылшынша, қазақша, орысша жауабын тауып айтсаңыздар 30 ұпайға ие боласыңдар. Тек жауабын тауып орысшасын айтсаңыздар онда 20 ұпай, тек жауабын тапсаңдар 10 ұпайға ие боласыңдар. (ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз)
-
What is the name of the planet we live on? (earth – земля - жер )
-
… саудың жаны сау (body - тело - дене )
-
Who is you favourife sportsman?
-
Health is … (Wealth – богатство - байлық )
-
The … of Conoda is Ottaba. (Capital – столица - астана )
-
Where do people go when they are iU? (Hospital – больница - аурухана )
-
What is the laigest country of the world? (Russia – Россия - Ресей )
Осы «Тіл - өнер» сайысынан кейін ұпайы аз екі оқушыны ойыннан жеңілсең де өмірден жеңілме деп шығарып саламыз.
ІІІ тур «Ғажайып жетілік»
Бұл бөлімде оқушылар тақтадағы төрт пән бойынша кестеден ұпай санына қарай сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауаптың ұрпайы өздеріңізге қосылады. (ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз).
Математика бойынша
10 - Кез келген үшбұрыштың ауданын табу ережесі? (Үшбұрыштың ауданы табаны мен сәйкес биіктігі көбейтіндісінің жартысына тең )
20 - Виет теоремасын тұжырымда.( Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама – қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең. )
30 - теңдеуін шешіңіз? (29)
Физика бойынша
10 - Жылу мөлшері деп нені айтамыз? Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін жылу мөлшері деп атайды.
20 – Кулон заңын тұжырымда? Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартады
30 - Суы бар стаканға мұздың кішкене кесегі салынған. Жіп және бір шымшым тұз арқылы стакандағы мұзды қалай алуға болады? ( Жіпті мұздың үстіне қойып, тұз сепкенде, салқындатқыш қоспа пайда болады да, жіп мұзға жабысып қатып қалады. Шамалы уақыттыан соң жіпті көтергенде бірге мұз да көтеріледі )
Биология бойынша
10 - Қолдың жіліктерін ата? (Жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік )
20 - Жүрек қандай қабаттардан тұрады? (Эпипард, миокард, эндокард )
30 - Фагоцитоз деген не? (Обыр клеткалардың микробты қорытуы )
Химия бойынша
10 -Оксид дегеніміз не? (Екі элементтен тұратын, біреуі міндетті түрде оттегі болып келетін бинарлы қосылыстар)
20 -Оттегін қандай реактивтен алады? (Марганцовка бертом )
30 - Қышқыл дегеніміз не? (Металл атомы орын алмастыруға бейім сутегі атомы мен қышқыл қалдығынан туратын күрделі зат. )
Осы турдан соң тағы екі ойыншыны «Ойыннан жеңілсең де өмірден жеңілме» деп ойыннан қошеметпен шығарып саламыз.
V тур «Полиглот»
Бұл бөлімде екі оқушы сайысқа түседі. Өз білімдерін шыңдап логикалық сұрақтарға жауап береді.
-
Мына суреттен 1 шырпыны қозғап, ешқандай амал қолданбай
1 санын шығарыңыздар?
Жауабы:
-
Стаканға су құйып, бетін қатты қағазбен жабамыз. Қағазды стаканмен басып тұрып стаканды төңкеріп, қолды тартып алу керек. Су неліктен төгілмейді?
Жауабы: Суды атмосфералық қысым ұстап тұрады
Осымен «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылармыз ұпайларын есептеп болса, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарымызды марапаттаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |