Жексенбі, Ж. Есте қалар кездесу [Текст] / Ж. Жексенбі // Жастар әлемі. 2008. 16 сәуір (№4)



Дата03.07.2016
өлшемі20.68 Kb.
Жексенбі, Ж.

Есте қалар кездесу [Текст] / Ж. Жексенбі // Жастар әлемі. - 2008. - 16 сәуір (№4)
Наурыздың жиырма алтыншы жұлдызында университетімізде Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасының «Жайсаң адамдардың өмірі» сериясынан 2007 жылы жарық көрген Медеу Сәрсекенің «Ебіней Бөкетов» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Жайсаң адамдардың өмірі» сериясына дүние жүзінің ең атақты адамдары - ұлы ғалымдар, аса көрнекті мемлекет қайраткерлері, өркениеттің ірі тұлғалары ғана таңдалып алынып, олардың өмір жолы адамзат қауымына үлгі ретінде ұсынылуда. Әлемге танылған ірі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін аталмыш серияның алғашқы кітабы 1890 жылы жарыққа шыққан екен. 1933 жылы ізгі іс «Молодая гвардия» баспасы арқылы өз жалғасымын табады. Міне, күні бүгінге шейін айтулы баспадан 1200-ге тарта кітап жарық көріп үлгеріпті. Қазақ халқының көрнекті алты тұлғасы, алып ұлдарының да осы сериядан шыққан кітаптарға арқау бол-ғанын атап өту артықтық етпес. Олар: Сәкен Сейфуллин, Қаныш Сәтбаев, Шоқан Уәлиханов, Нәзір Төреқұлов, Кенесары Қасымов, Мұхтар Әуезов. Өткен жылдың қараша айында жетінші тұлға ретінде Мәскеу «ЖЗЛ» сериясынан Қарағанды қаласында ғылым мен білім негіздерін өркендету ісіне 24 жыл ғұмырын сарп еткен, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик-жазушы Ебіней Арыстанұлы Бөкетов шығып отыр. Аталмыш кітаптың бірінші бетіне автор: «Бұл кітап Қазақстан Республикасы Қарағанды облыстық «Сарыарқа» әлеуметтік қорының қолдауымен жарық көрген. Осы шығармамның мәртебелі сериядан жарық көруіне мұрындық болған Қарағанды облысының әкімі Н. З. Нығматулинге зор алғыс айтамын» деген лебіз жазған.

«Ебіней Бөкетов» кітабының тұсаукесеріне облыс әкімі Н. 3. Нығматулин, кітаптың авторы, «Құрмет» орденінің иегері, қаламгер М. С. Сәрсеке, академик Е. А. Бөкетов атындағы КарМУ-дың ректоры, профессор Е. Қ. Көбеев, Е. А. Бөкетов мемориалдық мұражай директоры Қ. А. Бөкетов құрметті қонақ ретінде қатысты.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне жиналған жамағат өнегелі тұлғаның өмірі туралы тың деректермен қауышты. Ғылым мен өнерді бір-бірінен ажыратпаған абзал азамат жайлы жанға шуақ шашатын жылы лебіздер, естеліктер айтылды. С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртістері Е. Арыстанұлы аудармасы негізінде В. Шекспирдің «Юлий Цезарь» спектаклінен кішігірім үзінді көрсетті. Әдеби кешке келген меймандар Е. А. Бөкетовтың сүйікті әндерін тыңдады. Көз көргендердің айтуынша, жаны жайсаң ғалым аға қолы қалт еткен кезде шаршауы мен аңсарын Ақан сері мен Біржан сал, Үкілі Ыбырай әндерін тыңдау арқылы басқан екен.

Сонымен қатар, Студенттердің мәдениет сарайында ҚарМУ-дың ғылыми кітапханасы дайындаған «Заманға сай классикалық университет» деп аталатын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың, академик Е. А. Бөкетовтың, жазушы М. С. Сәрсекенің және академик Е. А. Бөкетов жайында жазылған еңбектер мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.

Жібек ЖЕКСЕНБІ ҚарМУ-дың баспасөз хатшысы




Каталог: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Сәрсеке, М. Мәскеу-"жзл" сериясы. 7-ші кітап/ М. Сәрсеке; әңгімелескен Ж. Аупбаев //Егемен Қазақстан. 2007. 28 қараша (№367-370)
Files -> Е. а букетова в развитие Казахстанской науки советского периода/ А. Е. Даниярова //Степной край Евразии историко-культурные взаимодействия и современность. Тезисы
Files -> Уәлиев Д. Академик Бөкетов есімі орталық көшеге лайық / Д. Уәлиев // Орталық Қазақстан. 2004. 23 желтоқсан
Files -> Жақсыбаев А. Жарқын тағдыр тауқыметі/А. Жақсыбаев//Егемен Қазақстан. 2008-№168-169 (5)
Files -> Исабаев, Қ. Адал достық: Е. Бөкетовтің туғанына 80 жыл / Қ. Исабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 13 қазан
Files -> Әуезов, м қалаулылар көп, таңдаулылар аз [Текст] / М. Әуезов // Қазақ әдебиеті. 2009. 28 тамыз 3 қыркүйек (№37).
Files -> Литература о жизни и трудах Е. А. Букетова // Евней Арыстанович Букетов (23. 03. 1925 13. 12. 1983): Библиограф указ. Қарағанды, 1992. С. 141-147
Files -> «Алыстан сермеп, жүректен тербеп» Ебіней Бөкетовтің хаттары бойынша эссе [Мәтін]/ М. Сәрсеке // Егемен Қазақстан. – 2013. – 30 қаңтар
Files -> Бөкетов, Қ. Асыл аға бейнесі / Қамзабай Бөкетов // Жастар əлемі. 2006. 21 наурыз (№4)
Files -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет