Ақтау қаласының 2015 жылдың I-ші жарты жылдығы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қала 1963 жылы құрылған.
Қаланың ауданы – 29,36 мың га.
Қала орталығы – Ақтау каласы.
Қаланың халқының саны 01.06.2015 жылға – 185 мың адам.
Қаланың әкімшілік бөлімі: Өмірзақ ауылы, халық 2,6 мың адам.
Ақтау қаласы ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады, өңдеу және кен өндіру өнеркәсіптік ірі кәсіпорындары жұмыс атқарады (химиялық өнеркәсібі, машина жасау, металлургия жеңіл және азықтық өнеркәсібі). Қаланың негізгі өндірушілері: «МАЭК – Қазатомпром» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Каспий машина құрастыру комбинаты» ЖШС, «Кеппел Қазақстан» ЖШС және т.б.
«Ақтау теңіз порты» 2000 га. құрайтын арнайы экономикалық аумағын пайдалануда.
2015 жылдың қаңтар – маусым айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 61 млрд. теңгені құрады, нақты ауқым индексі (бұдан әрі НАИ) – 92% -ды құрады (2014 жылдың осы кезеңінде НАИ – 125,5%). Оның ішінде:
-
тау-кен өнеркәсібінде – 984,7 млн. теңге (НАИ – 18,2%);
-
өңдеу өнеркәсібінде – 26185,2 млн.теңге (НАИ – 97,6%);
-
электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 29237,3 млн. теңге (НАИ –106,5%);
-
сумен жабдықтауда – 4566,4 млн. теңге (НАИ – 160%).
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 81,8%-ға төмен. Оның ішінде 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда гранит және ескерткіштерге арналған тастар өндірісінің көлемі 2,7%-ға (14,6 мың куб.м.) және табиғи құм 46,6%-ға (8,7 мың куб.м.) төмен.
Сонымен қатар, тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге салалары 20,4%-ға артқаны айқындалып, 116,9 млн. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі келесі өндірістер бойынша 2,4%-ға төмендегені анықталды:
-
ет өнімдері 92,2%-ға (3,2 млн. тенге);
-
сусындар 28,4%-ға (84,2 млн. теңге);
-
тоқыма бұйымдары 9,8%-ға (28,8 млн. теңге);
-
металлургия өндірісі 12%-ға (2244 млн. тенге);
-
машина жасау 36,7%-ға (2924 млн. теңге).
Сонымен қатар, келесі өндірістердің көлемі артқаны анықталды:
-
тамақ өнімдері 13,3% (1633,1 млн. теңге);
-
сүт өнімдері 21,7%-ға (913 млн. теңге);
-
нан тоқаш және ұн өнімдері 2,1%-ға (594,3 млн. теңге);
-
жеңіл өнеркәсібі 34,3%-ға (359,1 млн. теңге);
-
киімдер 6,7 есеге (66,2 млн. теңге);
-
былғары өнімі 15,9%-ға (264,1 млн. теңге);
-
кокс 49,6%-ға (2719 млн. тенге);
-
қағаздар 22,2%-ға (12 млн. теңге);
-
пластмасса өндірісі 60,9%-ға (1573,8 млн. теңге);
-
өзге де металл емес минералды өнімдер 35,3%-ға (5517,5 млн. теңге);
-
фармацевтикалық өндірістері 25,1%-ға есеге (38,8 млн. теңге) және басқалар.
Электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және әуе салқындатқышында электр энергиясы көлемі 4,4%-ға (2427,9 млн. кВт.ч) төмендеді және жылу энергиясы көлемі 18,3%-ға (1955,3 мың. Гкал) артты.
Қалалық өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің облыстық көлемдегі үлесі 7,9%-ды (772,5 млрд. теңгеден) құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімі. 2015 жылдың қаңтар-маусым айына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 93,2 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 15,7%-ға жоғары. НАИ 115,7%-ды құрады (2014 жыл – 85,8%).
Есепті кезеңде барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 31,1%-ға (54,6 тонна), сауып алынған сиыр сүті 45,1%-ға (25,4 тонна) өсті және 6,9 есе жоғары тауық жұмыртқалары алынды (7,6 мың дана).
01.07.2015 жылға ірі қара малының бас саны –26%-ға (251 бас), қойлардың 32,7%-ға (1756 бас), ешкілердің 15,8%-ға (411 бас), доңыздың – 81,1% (30 бас) және жылқының 18,3% (165 бас) азайды.
Сонымен қатар, түйелердің бас саны 3,9 есеге (145 бас) және құстардың – 20,8 есеге (229 бас) артқаны байқалды.
Мал шаруашылығының 2015 жылдың қаңтар-маусым айларына
негізгі көрсеткіштері
(бас)
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 13,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға көп. Құрылыс-монтаж жұмыстары 25,6%-ға (13,4 млрд. теңге) өсуінің есебінен сала бойынша НАИ 145,4%-ды құрады. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу көлемі бойынша 12,9%-ға (214,3 млн. теңге) және күрделі жөндеу 84,1%-ға (234,1 млн. теңге) төмендеді.
(млрд. теңге)
2015 жылдың қаңтар-маусымында 141 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, олардың 135-сі тұрғын үйлер.
Қалалық құрылыс жұмыстарының көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 33,5%-н құрайды.
Қала бойынша тұрғызылған тұрғын үй ауданы 62,3 мың м2, оның ішінде тұрғындардың есебінен салынған – 42,9 мың м2 немесе жалпы салынған тұрғын үйдің көлемінен 68,6%-н құрайды. Тапсырылған тұрғын үй ауданы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 81,8%-ға көп (НАИ – 181,8%).
(мың м2)
Тұрғын үй құрылысына 5 млрд. теңге бағытталды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 48,3%-ға жоғары, оның ішінде халықтың меншікті қаржы есебінен – 2,6 млрд. теңге.
Негізгі капиталға инвестиция салу 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 57,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 91%-ға жоғары, оның ішінде 20,9 млрд. теңге (жалпы көлемінен 36,8%) көлік және қоймалауға бағытталған.
(млрд. теңге)
Атап кететін жәйт, инвестицияның артуы 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда меншікті қаржылары есебінен 90%-ға (37948,9 млн. теңге), қарыздық қаржылары есебінен 88,2%-ға (8446,2 млн. теңге), банктік несиелер есебінен 14,2 есе 5932,8 млн. теңге сомада және бюджеттік қаржыдан 35,8%-ға 4832,4 млн. теңге).
(млрд. теңге)
Негізгі капиталға салынған инвестиция техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 32,5 млрд. теңге (жалпы көлемінен 56,8%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 18,4 млрд. теңге (32,1%) және өзгелер – 6,3 млрд. теңге (11,1%).
Қалалық негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің үлесі облыс бойынша жалпы көлемінен 29,2%-н құрайды.
Орташа айлық жалақы мөлшері 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында қала бойынша 25 462 теңгені құрады немесе 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға өсті. Қала бойынша 1 тоқсанда жалдамалы жұмысшылардың саны 96,9 мың адамды құрады, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындарда – 77,2 мың адам. Жалдамалы жұмысшылар саны 2014 жылдың үйлесімді кезеңімен салыстырғанда 1,5 мың адамға өсті немесе 1,6%-ға көп.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,1%-ды құрайды.
01.07.2015 жылға жұмыспен қамту органына өтініш білдірген азаматтар саны 1688 адамды құрады немесе өткен жылдың тиісті деңгейінен 59,3% жоғары.
Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 3810 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2014 жылдың тиісті деңгейінен 16,9%-ға жоғары (3259).
Ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі адамдар саны, 01.07.2015 жылға 812 адамды құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 32,9%-ға көп (01.07.2015 жылға – 611 адам).
Халықтың табиғи қозғалысы. Қала бойынша 2015 жылдың қаңтар-мамырына халықтың табиғи өсім деңгейі 21,75 промилле (2014 жылдың үйлесімді кезеңі – 23,71 промилле), бала туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 27,59 промилле (6,5%-ға төмен) және өлім-жітім деңгейі – 5,75 промилле (0,7%-ға өсім). Сонымен қатар, 6 ай ішінде аналар өлімі болған жоқ, дәл солай сәби өлімі деңгейі – 5,70 промилле (35,2%-ға төмен) және туберкулез бойынша ауру-сырқау көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 36,3 промилле немесе 2014 жылдың сәйкес деңгейінен 26%-ға жоғары (2014 жылғы қаңтар-маусым 28,8 промилле).
Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері
Ағымдағы жылдың 6 айына салық пен басқа да міндетті төлемдерден мемлекеттік бюджетке 37,8 млрд. теңге түсті (2014 жылдың сәйкес кезеңіне 98,8%), оның ішінде республикалық бюджетке – 7,4 млрд. теңге (61,9%), жергілікті бюджетке – 30,4 млрд. теңге (15,7%).
01.07.2015 жылдық жағдай бойынша жергілікті бюджетке салық пен төлемдерден 12543,8 млн. теңге түсті, жоспар бойынша 11379,6 млн. теңге немесе орындалысы 110,2% құрады.
Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен жинақтардан салықтық түсімдер – 6867,1 млн. теңге (108,9% - есептік жоспарға), салықтық емес түсімдер – 95,4 млн. теңге (222,1%), негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 2199 млн. теңге (133,2%) және трансферттік түсімдер – 3382,2 млн. теңге (100%).
Трансферттік түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 9161,6 млн. теңге түсті немесе есептік жоспарына 114,5% орындалды.
Бюджеттің шығын бөлігі 11356,2 млн. теңгеге орындалды немесе жоспарланған қаржының 91,2%-ы (12446,8 млн. теңге).
(млрд. теңге)
Достарыңызбен бөлісу: |