Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 231 қаулысы
«Алакөл мемлекеттік табиғи
қорығының ерекше қорғалатын
табиғи аумағын кеңейту үшін жер
учаскелерін резервте қалдыру туралы»
2009 жылғы 15 маусымдағы № 96
қаулының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 1025 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 96 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2508 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 30 шілдедегі № 122-123 «Дидар», 2009 жылғы 31 шілдедегі № 117-118 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |