Қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Р. Н. Тастанбаеваның қызметтік міндеттері



Дата17.07.2016
өлшемі23.91 Kb.
#206455

Қалалық білім бөлімі бастығының

орынбасары Р.Н. Тастанбаеваның

қызметтік міндеттері

1. ҚР «Білім туралы заңының» орындалуын қамтамасыз ету.

2. 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

3. 2004-2007 жылдары білімді дамытудың қалалық бағдарламасының орындалуына бақылау жасау.

4. ҚР «Тіл туралы заңының» білім беру мекемелерінде жүзеге асырылуын бақылау.

5. Қалалық білім беру мекемелері мен педагог қызметкерлерді аттестациядан өткізуді ұйымдастыру.

6. Әдістемелік кабинеттердің жұмысын реттеу.

7. Білім беру мекемелерінің жұмысына рейтенгтік баға беруді, білім беру жүйесінің мониторингін жасауды ұйымдастырады.

8. Қала және облыс әкімдерінің Білім беру системасын дамытудың 2004-2007 жылы арналған бағдарламаларды жүзеге асыру.

9. Білім беру мекемелерінің басшыларына басқару және оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөнінде көмек беру.

10. Қалалық білім беру мекемелерін лицензиялауды ұйымдастыру.

11. Қалалық аттестациялау комиссиясының төрағасы қызметін атқарады.

12. Қалалық азаматтық қорғаныс білім штабының бастығы міндетін атқарады.

13. Жалпыға бірдей білім беру заңының орындалуына басшылық жасайды. ҚР үкіметінің мектепалды даярлық туралы қаулысының орындалуына бақылау жасайды.

14. Қалалық білім бөлімінің жұмысын жоспарлау, жоспарланған шаралардың орындалуын бақылау.

15. Жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің жұмысын реттейді.

16. Облыстық білім департаментіне есеп берудің сапалы дайындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

17. Оқу жылының басында қалалық білім беру мекемелерінің жүйесін құруға, мектептерде, балабақшаларда класс және топтардың құрылуына, топтастырылуына жауап береді.

18. Мектеп басшылармен мемлекеттік білім стандартының, базистік оқу жоспарының орындалуын ұйымдастыру.

19. Үздік құжат алуға үміткер оқушылардың емтихандық жазба жұмыстарын тексеру, комиссиясының жұмысын реттеу, емтихан материалдарын сапалы дайындау қалалық комиссияның міндетін атқару.

20. Бірыңғай ұлттық тесті емтихандарын өткізуді ұйымдастыруға, оқу жылын табысты аяқтауға жалпы басшылық жасайды.

21. Тамыз конференциясын, педагогикалық оқуларды, білім беру қызметкерлерінің кеңестерін дайындауды және ұйымдастыру.

22. Қалалық білім бөлімінің коллегияларында және білім беру қызметкерлерінің кеңестерінде қаралатын мәселелерді, сұрақтарды дайындау.

23. Қалалық пән олимпиадаларын өткізуді ұйымдастыру.

24. Қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінің басшыларына мектепішілік бақылау, жоспарлау және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

25. Қалалық «Жыл мұғалімі», «Жыл мектебі» конкурстарын өткізуді ұйымдастырады.

26. Жалпыға бірдей білім беру заңынының орындалуын қадағалайды.

27. Мектептердегі Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартын орындауындағы жұмысын бақылайды, талдау жасайды.

28. Қалалық білім беру жүйесінің жұмысын зерттейді және талдау жасайды.

29. Қауіпсіздік техникасы жөнінде инструктаж өткізуді ұйымдастырады, қалалық білім қызметкерлерінің,білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен, оқушылармен болған бақытсыздық жағдайлардың себептерін анықтайды.



30. Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдайды.

31. Қажет болған жағдайда қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет