Қалалық білім бөлімінің 2013 жылдың
6 айында атқарған жұмысы туралы
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесі
Бүгінгі таңда қаламызда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 38-ке жетіп (оның 20-сы мемлекеттік, 4 мектеп жанындағы шағын орталық, 14 жекемешік балабақшалар мен шағын орталықтар) оған 5280 бала контингентімен қамту 20,1% құрады. 2000-2013 жылдардың салыстырмалы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 6 дан 38-ге көбейді.
Жылдар
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
МДҰ саны
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
8
|
9
|
20
|
32
|
35
|
38
|
Статистикалық мәлімет бойынша қалада 0-7 жас аралығында 26154 бала тұрады соның 11983–і 3-6 жас аралығындағы балалар.
№
|
Қала
|
0-7 жас аралығындағы балалар
|
Соның ішінде
|
0-1 ж
|
1-2 ж
|
2 ж
|
3 ж
|
4 ж
|
5 ж
|
6 ж
|
7 ж
|
1
|
Жанаозен
|
26154
|
3674
|
3498
|
3365
|
3200
|
3079
|
2965
|
3739
|
2634
|
2013 жылдың 1 шілде бойынша 5280 (20,1%) бала мектепке дейінгі ұйымдарға барады.
Дейтұрғанымен өзекті мәселе кезекте тұрған 0-6 жас аралығындағы 7670 бала, соның 3-6 жас аралығындағы 2980 баласын мектепке дейінгі ұйымдарымен қамтамасыз етілуі.
Бастауыш, негізгі орта және орта білім беру
Жаңаөзен қаласына қарасты 21 күндізгі білім беретін мемлекеттік мектеп, 1 кешкі мектеп, 2 мектептен тыс мекеме (М.Өскенбаев атындағы балалар саз мектебі мен Оқушылар шығармашылық үйі) бар, оның ішінде 16 орта, 5 бастауыш, 1 орталау мектеп. Олардың жалпы жобалық сыйымдылығы 18296 оқушыға арналған, қазіргі таңда барлық мектептер бойынша 22413 оқушы білім алуда.
Мектептердің 2000-2013 жылдары бойынша салыстырмалы көрсеткіші:
Жыл
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
Мектеп саны
|
14
|
15
|
15
|
15
|
16
|
17
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
21
|
21
|
Бүгінгі таңда №14, 15, 18, және №19 мектептерде оқушы орындарының тапшылығы күтілуде. Барлық мектептерде ( №3 және №16 мектептерден басқа) оқыту мемлекеттік тілінде жүргізіледі.
2013 жылдың 01 шілде жағдайы бойынша:
Қосылған жылы
|
Білім беру нысандары
|
Жобалық қуаты
|
Оқушы саны
|
Жұмысшылар саны
|
1969
|
№1 орта мектеп
|
964
|
843
|
107
|
1971
|
№2 орта мектеп
|
1320
|
1285
|
139
|
1967
|
№3 орта мектеп
|
964
|
1013
|
109
|
1985
|
№4 орта мектеп
|
1176
|
950
|
138
|
1980
|
Мектеп-Гимназия
|
800
|
631
|
84
|
1976
|
№6 орта мектеп
|
1320
|
1348
|
140
|
1982
|
№7 орта мектеп
|
1176
|
1247
|
118
|
1991
|
№8 орта мектеп
|
1176
|
1241
|
127
|
1966
|
№9 орталау мектеп
|
700
|
535
|
83
|
1988
|
№10 орта мектеп
|
1176
|
1236
|
102
|
1973
|
№12 бастауыш мектеп
|
700
|
814
|
77
|
1983
|
№13 бастауыш мектеп
|
500
|
356
|
49
|
2000
|
№14 орта мектеп
|
856
|
1567
|
188
|
2004
|
№15 орта мектеп
|
624
|
1528
|
178
|
2005
|
№16 бастауыш мектеп
|
400
|
865
|
77
|
2007
|
№17 орта мектеп
|
624
|
1003
|
130
|
2008
|
№18 орта мектеп
|
960
|
2346
|
260
|
2008
|
№19 орта мектеп
|
960
|
1477
|
169
|
2009
|
№20 бастауыш мектеп
|
300
|
189
|
33
|
2011
|
№21 орта мектеп
|
1200
|
1644
|
148
|
2008
|
Лицей мектебі
|
300
|
295
|
47
|
|
Барлығы
|
18296
|
22413
|
2560
|
Үш ауысымды мектептер: Теңге селосындағы №14 орта мектеп. Үшінші кезеңде оқитын бала саны – 240 бала.
Үш ауысымды оқытуды шешу мақсатында Теңге селосында 900 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында құрылыс нысанын пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Педагог кадрлардың сапалық құрамы мен біліктілігі
Қала бойынша білім беру ұйымдарында 2175 педагог қызметкерлері жұмыс жасайды.
|
01.07.2012ж жағдайы бойынша
|
01.07.2013ж жағдайы бойынша
|
Барлық педаготар соның:
|
- 2086
|
- 2175
|
Жоғары білімді педагогтар
|
- 1263 (60,5%)
|
- 1134 (52,1%)
|
Жоғары категориялы педагогтардың үлесі
|
- 148 (7%)
|
- 204 (9,3%)
|
Бірінші категориялы педагогтардың үлесі
|
- 587 (28%)
|
- 603 (27,7%)
|
Жас мамандардың үлесі
|
- 25 (1,1%)
|
- 73 (3,3%)
|
Бүгінгі таңда қала бойынша мектептерде жетіпейтін мұғалім саны 74 /қала мектептеріне 69, ауыл мектептеріне 5 мұғалім/.
жетіспейтін пәндер: орыс тілі мен әдебиеті – 12, математика - 15, физика - 3, дене тәрбиесі - 10, технология - 5.
2012-2013 оқу жылында жұмысқа 76 жас мамандар келді, соның 35-і жоғары оқу орындарын бітірген және 43-і арнаулы орта білім беру ұйымдарын бітіргендер.
2012 жылдан бастап педагогтардың біліктілігін арттыру жаңа форматтағы 3 деңгейлік оқулардан қала бойынша Астана қаласынан 13 мұғалім өтті. Алматы қаласынан ІІ деңгей бойынша - 3, Ақтау қаласынан ІІІ деңней /І ағым/ - 24 мұғалім және бүгінгі таңда /ІІ ағымда/ - 45 мұғалім өтіп жатыр
Білім беру ұйымдарындағы ақпараттандыру деңгейінің жай-күйі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүргізген статистикалық деректері бойынша: республика бойынша 1 компьютерге 25 оқушыдан, Маңғыстау облысы бойынша 1 компьютерге 27 оқушыдан келіп тұр. Бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласының білім беру ұйымдары бойынша 22408 оқушы 634 компьютермен жабдықталған, яғни 1 компьютерге 35 оқушыдан келіп тұр.
Қазіргі таңда 21 жалпы білім беретін мектептің барлығы да кең жолақты Интернет жүйесіне қосылған.
Барлық мектептерінде интерактивті тақта орнатылған және мектептер он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға қатысып отыр.
Қала бойынша «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне №7 жәе №8 орта мектептерде енгізіліп мектеп әкімшілігі және мектеп педагогтары барлығы 45 қызметкер курстан өтіп келді.
Қаламыздың 19 мектебінде (90,4%) дербес веб – сайттары жұмыс жасайды.
Материалдық техникалық база
2013 жылы №2, 4, 7, 17 және 19 орта мектептерге химия кабинетін сатып алуға республикалық бюджеттен 20485,0 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған кабинеттер ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланды.
Мектептерді компьютерлеу және ескірген жабдықтарды жаңғырту мақсатында ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен бір кабинеттің конфигурациясы 12+1 барлығы 25 кабинетін сатып алуға 55 млн.теңге қаржы бөлінді. Есепті кезеңге бойынша кабинеттің 40% алынды.
Тамақтандыруды ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау
Қаланың барлық мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылған, онда 12975 оқушы (57,9 %) ыстық тамақпен қамтылған.
5401-і тегін ыстық тамақпен, оның 2630-ы 1 сынып оқушылары, 2771-і аз қамтылған отбасының балалары.
Мектептен тыс білім беру жұмысы
Қалада 2 мектептен тыс қосымша білім беру ұйым (Оқушылар шығармашылық үйі және М.Өскенбаев атындағы балалар саз мектебі) жұмыс жасайды. Оған 4444 (19,8% ) оқушы тартылған.
Достарыңызбен бөлісу: |