Қалқанша безі аурулары



Дата24.12.2023
өлшемі426.02 Kb.
#487874
f608399a4d3f00

Қалқанша безі аурулары

Және олар туралы қысқаша түсінік

Қалқанша безі

  • Қалқанша без - организмнің эндокриндік жүйесінің ең маңызды компоненттерінің бірі. Ол үнемі түрлі қолайсыз факторлардың ықпалына түседі, бұл оның жұмысының бұзылуына әкеледі. Өндіретін гормондар денеде көптеген процестерді басқара алады. Демек, Қалқанша безінде бұзылу барлық жүйелер мен тіндерде теңгерімсіздік пен патологиялық өзгерістерді тудырады.
  • Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар

Микседема ауруы

  • Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема ауруына шалдығады.Аурудың белгілері:1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;3) дене температурасы төмендейді;4) жүрек соғысы баяулайды;5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.

Іспебұғақ ауруы

  • Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады. Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар.

Жас балаларда жетпесе:

  • Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

Безден гормон көп бөлінсе:

  • Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді

тироксин

  • Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі

Қалқанша бездің түйінді және диффузды зобымен емдеу

  • Қалқанша безінің түйінді және диффузды зобымен емдеу осы органның функционалды жүктемесін азайтуға бағытталған болуы керек. Бұл оған қалыпты режимде жұмыс істеуге, қосымша мүмкіндіктерді тартпауға (жасушаларды шамадан тыс толтырмауға) және қалпына келтіруге байланысты тінін қалпына келтіруге мүмкіндік береді

Зоб ауруы

Аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын жемсау, яғни зоб ауруы – қалқанша безінің зораюынан туындайтын тамақтағы ісік немесе түйін. Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады. Көбінесе диетада пайда болады.

Аурудын пайда болуына әсер ететін факторлар

  • Қалқанша без ауруының пайда болуына тұқымқуалаушылық, түрлі инфекциялар, дұрыс та­мақ­танбау, уақытылы дұрыс ұйық­тамау, ағзаның әлсіреуі, депрессия, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Күн тәртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады.

Әсер етулер:

Әсер етулер:

Зоб ауруы

Назарларыңызға рахмет

    • Назарларыңызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет