«Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси интернет-порталы



Дата17.06.2016
өлшемі16.12 Kb.
#142799
түріСеминар
«Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси интернет-порталы

http://alashainasy.kz/koshbas/blm-beru-uyyimyi-kyizmetnn-sapasyin-bagalau-kriteriyler-men-deskriptorlar-81722/



Білім беру ұйымы қызметінің сапасын бағалау: Критерийлер мен дескрипторлар

Білім беру ұйымы қызметінің сапасын бағалау: Критерийлер мен дескрипторлар

2016 жылдың 5 наурызы күні ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Алматы мемлекеттік полиграфия колледжінде «Білім беру ұйымы қызметінің сапасын бағалау: КРИТЕРИЙЛЕР мен ДЕСКРИПТОРЛАР» тақырыбында облыстық семинар өтті. 

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Досматова Салтанат Жұманқызы «Ішкі бақылау процедураларының нәтижелері бойынша білім сапасын арттыру мәселелерін талдау» тақырыбында баяндама жасады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Дюсебаев Ханат Әлімжанұлы «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру ерекшеліктері» атты баяндамасы арқылы семинарға қатысушыларды институт қызметімен таныстыра отырып, педагог кадрларды даярлаудың жауапкершілігі жоғары жұмыс екендігін қадап айтты. Институт директоры Ханат Әлімжанұлы: «Біліктілікті арттыру жүйесінде білім технологияларын мақсатты іріктеп алу және дұрыс қолдану біліктілікті арттыру процесін құру және жүзеге асырудағы мақсатсыздықтан оның әрбір элементі мен кезеңін қатаң негіздемелеуге түпкі нәтижені объективті диагностикалауға бағытталуға көшуге мүмкіндік береді. Сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуде мұның маңызы аса зор»,-деп атап көрсетті. 

Семинар жұмысының соңында белсенділігімен көзге түскен қатысушылар алғыс хат, сертификаттармен марапатталды. Ішкі бақылау процедураларының нәтижелері бойынша білім сапасын арттыру мәселелерінің талдау қорытындылары көрсетіліп, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау мен білім сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар әзірленеді.

Айгүл НҰРАҚБАЕВА, 



«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы  

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет