“Алаш ісі” немесе “Түрме тарихына” қатысты деректер
Мәңгілік сақталсын.
“Қылмысты іс” №.......
Әділов Д., Дулатов.М., Бірімжанов Г., БолғанбаевХ., Битілеуов., Байдуллаев.А., Испулов М., Жәленов К. т.б. айыпқа тартқан № іс.
І том.
МХК архиві, №124.
Протокол
1928 жыл, 17 желтоқсан.
Мен, төменде қол қойған ПП ОГПУ- дің Қазақстан бойынша өкілі Шумилов дәл осы күні, ОкрУРО- ның агенті Мұстамбаев пен Порояновтың қатысуымен, жеке бастарын растайтын 8№.... куәлігінің негізінде мына жайды баяндап дәйектеме жасадық:
Бүгін жолға шығардың алдында менің пәрменіммен Әділов Мұқашты ұбтау мақсатымен Байділдаев Ағабектің ауылы қоршауға алынды, өз еріктерімен берілуі туралы ескертуді Әділов пен Байділдаев құлақ аспады, сондықтан да тұс-тұсынан оқ боратып, ескерту жасадық. Содан кейін барып, Әділов бізге берілді де, № 18812 “Карабин” мен оның 24 дана оғын және 2 тапаншаның оғын бізге тапсырды да өз еркімен берілді. Әділовті тінткен кезде шыққан дүрбісі тартып алынды, Байділдаевтан ештеңе де шыққан жоқ. Сондай-ақ Әділовтің 2 биесі мен жеке басын растайтын куәлігі алынды.
Жазған –
Оқымым –
Протокол бізге оқылды.
Қағаздың келесі бетіне:
“Шумилов жолдас пен басқа да өкімет өкілдері жіберген адамдар маған ерікті түрде берілу туралы ескерту жасаған жоқ. Мен киініп болып, есімді жиып үлгергенше тұс-тұстан оқ бората жөнелді. Қарсыласудың пайдасы жоқ екенін біліп мен өз еркіммен берілдім.
І том. 2-бет.
Содан кейін барып олардан жіберген адамдарды 10 минуттық ескерту мерзімі туралы Байділдаев Ағабекке айтқанын білдім, ал Байділдаев ол туралы маған айтуды ұмытып кетіпті. 10 минуттық мерзім біткен соң ғана оқ атылған екен.
17/ХІІ – 28 жыл” – деп қарындашпен “Д. Әділов” қол қойыпты.
Бұл хаттама тергеу ісінің 2- бетінде тіркеулі тұр.
Бұдан кейін барып “Ұстау туралы протокол” келтірілген. Онда: “Мен, ПП ОГПУ- дің Қазақстан бойынша өкілі Шумилов, 1928 жылдың 17 желтоқсаны күні азамат Әділов Мұқашты ұстаған кезде онымен қоса Сырдария губерниялық іздеу басқармасының агенті, тергеу мен соттан қашып жүрген Байділдаев Ағабекті Сырдария аймақтық қылмыстыларды іздестіру бөлімінің қызметкерлерінің өтініші бойынша бостандықта жүрсе тергеу ісінің барысына кесірін тигізер деген оймен және шындықтың ашылмай қалуы мүмкіндігін, сондай ақ соттан қашып кетер деген күдікпен Қылмысты Істер Ережесінің 100 бабына басшылыққа ала отырып:
Шаян ауданының №21 ауылының азаматы Байділдаев Ағабекті қашан оған айып тағылғанша тұтқындау туралы шешім қабылдадым. Байділдаевтің өзінің көрсетуі бойынша одан: І /12 оғы бар №84454 “Наган”, 2/2 оғы мен І гильзасы бар №450 “Браунинг” алынды.
ПП ОГПУ– дің ҚССР бойынша өкілі Шумилов”. /І т.3- бет/.
Бұл да қарындашпен жазылған. Дала жағдайы. Онда қалам мен сия дайын тұрмағаны анық.
І том, 3-бет.
Стенограмма.
Тіркеу хаттамасы /протоколы/. 24/ХІІ – 28 жыл.
Аты, әкесінің аты, фамилиясы – Дінмұхамед Әділұлы Әділов.
Жасы 28 жаста.
Тұратын жері – Сырдария аймағы, Сарысу ауданы.
Тұрақты мекені не туған жері – Сарысу ауданына қарасты Шу өзенінің маңы.
Партиялығы – қазір партияда жоқ, бұрын коммунист болған.
Ұлты – қазақ.
Айналысқан қызметі – а/Ақпан төңкерісіне дейін – шәкірт. б/Қазан төңкерісіне шейін – төңкеріс мекемелерінде қызмет еттім, оқыдым.
Білім дәрежесі – Гимназияның 5 класын бітірді, содан кейін біраз уақыт Университетте дәріс таныған.
Үй жағдайы – үйленген, әйелім және балам бар.
Күн көрістік қаракеті – жұмыссызбын.
Әке – шешесінің байлық мөлшері – кедей.
Қозғалмайтын /үй, зауыт, т.б. – Т.Ж./ - жоқ.
Саяси көзқарасы үшін қуғынға түсті ме, қайда, кім жән қашан 1918 жылы күзде ақтардың қолына түсіп Блоговещенскі қаласының түрмесінде отырдым., 1919 жылдың екінші жартысына дейін Колчактың тұсында ақтардан жасырынып жүрдім.
Қызыл әскер қатарында болды ма /қашан және қайда, қанша уақыт/:- 1918 жылдың көкегінен бастап қыркүйекке дейін Қиыр шығыста ақтарға қарсы соғыстым.
Сіздің саяси көзқарасыңыздың қалыптасуы туралы қысқаша айтып өтсеңіз? Қалай сіз коммунистіктен контр – революционерлікке айналып кеттіңіз және көрнекті кеңес қызметкерлерінен құлдырап, даладағы қашқынға айналдыңыз?
Мен бұрын Түркістанда ешқашан да болып көрген жоқ едім, Сібірді Колчак билеп тұрған кезде мен Түркістанға қашып бардым. Іле Ташкентке келдім, онда Қожановпен, Болғанбаевпен кездестім, соңғысын Омбыда жүргеннен білетінмін. Сондықтан да мен Түркістандағы жағдаймен таныс емес едім және қазақ пен орыс тұрғындарының
І том. 4-бет.
ара қатынасын білмейтінмін. Әлгі екеуі мені жағдайдың барысымен хабардар етті. Бұл жөнінде ең алғашында Болғанбаевтан сұрады. Олар маған өздерінің: Мұның бәрі бос сөз, бұл өкімет ешқандай да ұлттық бостандық әкелмейді” – деген жауаптары арқылы маған әсер ете бастады. Жалпы, ол жөнінде көптеген пікір алысулар болды.
Бұдан кейінгісінің барлығын да алдыңғы айталғандардың заңды жалғасы іспетті өз - өзінен жалғаса берді.
Қожанов ол кезде партия қатарында жоқ болатын, Қазақ педагогикалық училищесінің оқытушысы болып істейтін. Оған дейін ол “Бірлік туы” газетін шығарып тұрды. 1918 жылы Қоқан мемлекетінің құрылтайында Болғанбаев екеуі тілші ретінде барып қатысқан еді.
Мен Ташкентке барғаннан кейін Рысқұлов басқарып отырған Мусбюроға кірдім. Мусбюродағылар мені мен Борамбаевті /Болғанбаевті емес пе – Т.Ж./ Қазақ Республикасының Оқу ағарту халық комиссариаты арқылы сол кездегі Жетісу губерниясына партия жұмысына жіберді. Партиялық билетім жоқ болса да мен өзімді партия мүшесімін деп есептеуші едім. Ташкентке тап болғанан кейін мен Қожанов пен Болғанбаев екеуімен бірге тұрдым, сондықтанда мені Мусбюро Жетісу губерниясына жіберген кезде солардың сөзіне еріп онда бармадым. Мен жас әрі қаным қызба кезі еді. Адамға әр түрлі нәрсе әсер етеді ғой. Мен солардың ықпалы арқылы Қазпедучилищесінде оқытушы боп қызметке орналастым. Меңгерушісі – Иса Тоқтабаев болатын, ал Қоджанов оқытушы әрі педагогикалық кеңестің хатшысытын.
Осы мектепке мен оқытушы боп орналасқаннан кейін Қоджанов хатшылық міндеттен бас тартты да оның орынын мен бастым.
Көктемге қарай мені Халық ағарту комиссиясы /ол кезде Төреқұлов Нарком болатын/ мені Верныйға +/Алматы –Т.Ж./ Облыстық оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі етіп жіберді. Менімен бірге курстың меңгерушісі Құлжанов Ибадулла аттанды. Менің қасымда Мұратбаев та болды. Жетісуға келгеннен кейін мен ОблОНО - ны меңгердім және қазақ пен қырғыз балалары оқитын курсқа лектор болдым. Ревком төрағасы Поздняков, облревком Призидиумының мүшесі
І том. 5-бет.
қазақтан жалғыз Жандосов болды. Мен ОблОНО-ға меңгеруші болып тұрған кезде мұғалімдердің біреуі, орыс әйелі әлдебір кінәсі үшін сотты болды. Мен сол кезде Ерекше бөлімге, әйтеуір сондай бір жерге хабарластым. Сөйтсем, олар әлгілерді мүлдем жауып қамап тастапты. Сөйтіп, Ерекше бөлім мені де 3 күн абақтыға жапты. Ерекше бөлімді Соколовский басқаратын, Мен оны кейінгі кезде ЦСУ- дің/ қандай ұғамы екенін ажарата алмадым – Т.Ж./ бастағаның орынбасары болды деп етіп еді. Әрине, мұның барлығын жол- жөнекей айтып отырмын. Сөйтіп мен Верныйдан Арықованың үйімен бірге /қазір ол Крайкомның бюро мүшесі/ ілісіп кетуге мәжбүр болдым. Оның өзі, сіңілісі және әкесі үшеуі Семейге көшті. Тура сол кезде Губерниялық атқару комитетінің қазақ бөлімі бар еді, оны Аймауытов басқаратын. Мен онымен осы жерде таныстым. Мен Семейде болған кезде Орынбордан телеграмма келді, онда мен бірінші шақырылған құрылтайда КирЦИК – тің мүшесі болып сайланғаным хабарланыпты. Телеграммаға Бөкейханов Абдолла қол қойыпты. Менің Орынборға кетуім қажет болды. Орынборға жүріп бара жатып Омбыға аялдадым.
Омбыда мен Садуақасов Жанайдармен кездестім. Ол бізді вокзалға дейін шығарып салды. Орынборға келгеннен кейін мен Омбыда бірге оқыған Сұмағұл Сәдуақасовтың бөлмесіне орналастым. Орынборға біз түн ішінде келдік, сол күні оның үйіне қондым ба, әлде ҚирЦИК- тің жатаханасының №10 бөлмесіне қонды ба, ол жағы есімде жоқ. Дәл сол бөлмеде бұрын Дутов тұрған екен. Сөйтсем мені жоғарыдағы қоса Ішкі істер халық комиссариатының коллегия мүшесі етіп сайлапты. Ішкі істер Халком Мырзағалиев екен. Мен сонда қызмет істей және мұнда мен ұлтшылдық бағыт ұстандым. Бұл бағытта жүргізген Сұмағұл Сәдуақасов, Әшім Омаров және мен үшеуіміз болдық, өзімізше бір топ құрдық. Біз үкіметтің жүргізіп отырған бағытын отаршылдық бағыт деп түсіндік...” – 19 – бет.
І том. 6-бет.
Протокол допроса. Бұл үшінші тергеу. Тергеу хаттамасы. 1928 жыл. 28 желтоқсан. Қызылорда қаласы.
Мен, ПП ОГПУ – дің Шығыс бөлімі бастығының көмекшісі Саенко төменде аты аталған азаматтан айыпкер ретінде сұрақ – жауап алды, ол мына жайларды айтады:
Мен, Әділов Дінмұхамед, Сырдария аймағының Сарысу ауданының №3 ауылының қазағы, былай деп жауап бердім...” – дейді де әрі қарай жоғарыдағы өмірнамалаық хикаяны жалғастырады. Заңды, іс қасақана қайталатулар арқылы суыртпақтап жіп тартуға арналған. Қылмыстық іс жайына қалып, саяси асқар беріле бастаған.
“1922 жылдың аяғында мен өз ауылымның балаларын оқуға орналастыру үшін Ташкентке бардым. Онда барған соң Сырдария облыстық атқару комитенінен Әулие – Ата уезінің болыстары Ақмола губерниясының аралас отырған болыстарының тұрғындарынан қай жаққа қарағысы келетіндігі туралы пікірін айтып, санақ жүргізу үшін арнайы мандат алдым.
+/Пәленің басы осында жатыр. Онда Ақмола Сібіревкомға қараған. Әр түрлі айтыстар жүрген Рушылдық та болған. Оның мәнісі кейін ашылды – Т.Ж./
Мен өзімнің ауылыма келген соң ел – жұрттың есін шығарған Қара ноғай дегеннің бүліншілігі туралы көп естідім. Кейіннен оның Ақмоладан келген Әубәкіров деген екенін білдім. Бұған дейін бұл Әубәкіров Ақмола өкіметінің атынан құрылған Ақмола мен Қарқаралы уездерінің арасындағы барымта дауын реттейтін комиссияның төрағасы болып істепті.
Комиссия ешқандай нәтиже шығара алмай кері қайтыпты, ал Әубәкіров өзінің төтенше жасақтарымен осында қалып, жұртты тонаумен шұғылданыпты. Онымен бірге қалған мелиционерлердің саны 8 ғана болғанымен ол өзінің жасаған барымташылармен толықтырып, молайтып алыпты. Соның нәтижесіне Әубәкіровтің қарамағындағы жасақтардың саны 50-60 адамға жетіп, аңшылар мен тұрғындардан қаруды тартып алуға көшіпті. Әубәкіровке Жолдасбаев Шана деген ерекше жақын болып, оның оң қолына айналыты. Ол әйгілі ба
І том. 7-бет.
ерекше болып, ол Әубәкіровтің оң қолына айналыпты. Ал ол болса кезіндегі әйгілі барымташы еді. Сондайлардың бірі, милиционер Мұстафин Сапар деген де жасақтың қатарына алыныпты.
Әубәкіров осы жасағымен әуеліде Ақтау мен Ортау бойын аралап онда неше түрлі бейбастықтар жасап, әйелдерді зорлап, т.б. қиянаттар жасапты. Оның мұндайбейбастықтарын есептеген Ақмола өкіметі арнайы әскер жасақтап жіберіпті, екі арадағы қақтығыста еш нәтиже шығара алмай Әубәкіровтің жасағына қарсы еш нәтиже шыар алмай кері қайтыпты. Бұдан кейін Әубәкіровтің жасағы Тарақтыларға қарай жылыстап Шу өзенінің жағасына жайғасыпты. Осы араға қыстау салып алып, өзінің талан – таражын жалғасытыра береді. Күн сайын ойын –сауық кешін ұйымдастырып, зорлықпен тартып әкелген әйелдер мен қыздарды масқаралап, зорлаған. Ең соңында әр ауылдан әкелінген әйелдердің күйеулерін де осында алып келіп, әлгі қыстауға қамаған. Ал Әубәкіровтің өзі: Ақмоладан қоныс аударып кеткен тұрғындарды кері қайтару үшін көмек сұраймын деген желеумен Әулие – атаға жүріп кетеді. Алайда көліктің қосарға алған көліктерді сатып тарақтыларға қайтып оралады.
Осыдан кейін ол өзінің жасағын екіге бөлді, оның ішінде Мұстафин басқарған топты Шу өзенінің оңтүстігіне жібереді де, өз өзі бұрынғы орынында қала береді. Мұстафинмен бірге аттанған топ өзінің бейбастығы мен зорлық – зомбылығын жалғасытра береді. Мысалы, жасақтың бірнеше милиционерлері Үшабыз болысының азаматы Артықбай Алиннің бірнеше атын тартып алып кетіпті.
Алин осы жайды айтып маған кісі жіберіпті, мен сонда бардым. Онда барғаннан кейін жаңағы милиционермен кездесіп, құжаттарын көрсетуді талап еттім. Ол маған не мөрі, не белгісі жоқ, тек бұл адам менің жасағымның милиционері Әубәкіровтің қолы ғана қойылған қағазды көрсетті. Менің әңгімемнен кейін ол милиционерлер әлгі алған аттарын қайтарды.
І том. 8-бет.
Басқа жерлердегі ашуға булыққан ел 5-6 милиционерді қарусыздандырып, оларды ұстап алыпты. Мен мұны естігеннен кейін оларға милиционерлерді босатып, қаруларын қайтып беріңдер деп кеңес бердім. Олар солай істеді.
Мен бұл кезде өзімнің ауылыма қайтып келіп едім. Біраздан кейін біз Әубәкіровтің тамалардың ішіне қарай қоныс аударғысы келетінін естідік, онда менің ағайындарым мен өзім тұратынмын Әубәкіровтің жасағының әлегінен құтылу үшін және Әубәкіровке өзінің бұл бейбастақтығын тоқтатуға көндіру үшін ағайым Байсейіт екеуіміз ақыл қостық та, ол осы жөнінде Әубәкіровпен келісуге аттанып кетті.
Байсейіт кеткеннен кейін бір екі күннен соң ол маған арнайы адамды хабаршы етіп беріпті. Байсейт хатында: ел – жұрттың төзімі әбден таусылғанын, сондықтан Әубәкіровтің өзі тұтқындалып, жасақтарының қарусызданғанын айтыпты. Сол хатында Байсейт менің келіп кетуімді өтініпті. Мен бірден солай жүріп кеттім.
Әубәкіров ұсталған жерге келсем Байсейіт онда жоқ болып шықты. Онда қолға түскен Әубәкіровтің өзі және оның көмекшісі Жолдыбаев пен бірге барлық милиционерлер бар екен. Олардың қолға түсіру барысындағы қарбаластың кезінде Жолдыбаев сол отрядтың бұрынғы милиционері Жексенов деген жаралап алыпты, ол жаралы күйінде жатыр екен. Тұтқындалған адамдарды Әубакіровтің жасақтарының қаруымен ауыл тұрғындары күзетіп тұр екен Әубәкіровты тұтқындауды ұйымдастырған аудандық милицияның бастығы Байтанов, менің ағайым Байсейіт пен Кеншімов т.б. екен.
Тұтқындармен мен ауылға қайтып келген күні жоғарыдағы аталған адамдармен бірге ағайым Байсеиіт те бірге келді. Ал Мұстафиннің жасағы әлі де құмның арасында өзінің талан – таражын жалғастыра береді.
Біз төртеуіміз, яғни, мен, Байсейіт, Байжанов және Кешимов өзімізше басшылыққа қолға алдық. Мен келгенше-ақ олар Әубәкіров
І том. 9-бет.
тің жасағының қолындағы елден тартып алынған заттарды иесіне қайтарып беріпті. Халықтың қатты наразылығына ұшыраған Әубәкіров пен Жолдасбаевты алдын – ала сұрақтан өткізіп, олар өздерінің кінәсін толық мойындаған соң, екеуін ату жазасына кесіпті. Оны орындауды маған тапсырды.
Бәріміз ақылдаса келіп үкімді Шу өзенінің жағасында орындау туралы бәтуға келдік, сөйтіп, олардың денесін өзеннің мұзының астына тастау керек деп шештік. Осы шешімге байланысты мен тұтқындалған Әубәкіровті ертіп Шу өзеніне қарай жүрдім де, Жолдасбаевтің қасына аудандық жасақтардың милиционерлерінен күзет қойып, ауылға тастап кеттім. Байсеиіт пен Байжанов бастаған тағы басқа адамдар қалған тұтқындармен бірге өз ауылдарына бет алды.
Шу өзенінің жағасына келген соң тұтқындарды тоқтаттым да Әубәкіровтің өзімен жеке сөйлестім, ол әңгіменің қысқаша мазмұны мынадай:
Мен одан: біздің бұларға не істеу керек деп шешкенімізді білесіздер ме? – деп сұрадым. Ол, не істейтінімізді топшалап қана білетінін, айтты да, кешірім жасай көріңдер деп жалынып, өзінің барлық кінасын мойнына алды... Мен оған өзімнің халық тілегін орындаушы ғана екендігімді, ал Әубәкіровтің оларға істеген қастандығының бастан асып кеткендігін және ол туралы ертерек ойлау қажет еді дедім.
Бұдан кейін Әубәкіров мұздың үстіне барып тұрды, сол кезде оны аудандық милицияның милиционері Жайлаубай Байларов атап салды. Әубәкіровтің жасағында бірге болған Жексенов жаралған Жолдасбаевті де сол милиционер атты. Өлікті мұздың астына батырып жібердік те біз жақын маңдағы ауылға бет алдық.
Оған дейін маған құм ішіндегі Мұстафиннің жасағын тауып ап оның отрядын қарусыздандыру тапсырылған еді. Сөйтсем, мен келгенше бұл жасақты халықтың өзі қарусыздандырыпты, мен тек жұрттың қолындағы мылтықтарды жиып алдым да оларды Әубәкіров
І том. 10-бет.
ті ұстау үшін Әулие – Атадан келген Әулие – Ата қаласының қылмысты тергеу басқармасының бастығы Сингаревке тапсырдым. Мен оған болған жайдың барлығын тіптіштеп айтып бердім. Ол барлық винтовкалармен бірге Мустафиннің тұтқындалған жасағын өзімен бірге алып кетті де, менің қасыма екі милиционер қалдырды, оларға әзірше иесі табылмай тұрған Әубәкіровтің қолға түсірілген заттарды иелеріне құтқарып беруді тапсырды. Және Әубәкіровтан алынған қарулар мен оның тұтқындалған адамдарын осы екі милиционердің қарамағына беруді тапсырды.
Мен өз ауылыма келген соң бұл милиционерлерге қолдағы тұтқындарды, заттарды және қаруларды қайтарып бердім. Байжанов аудандық милицияның бастығы ретінде және менің ағайым Байсейіт екеуі Әубәкіровтің жасағының бүліншіліктері туралы хаттама жазып қылмысты тергеу басқармасының бастығының атына хатама жазып, оны аталған милиционерлерге берді.
Бұдан кейін мен бірнеше милицияны ертіп, Әулие – Ата қаласына келіп, Уездік атқару комитетінің мәжілісінде Әубәкіровтің отрядының барлық бейбастықтығы мен жергілікті халықтың Сырдария облысына қарағысы келетіндігі туралы тілегін барынша толық жеткіздім. Бұдан кейін біз Ташкентке барлық, онда да болған жайдың мәнісін толық баяндап бердім. Бұл мәселе жөніндегі өкімет орындарының бағасына қарап мен іштей маған ешқандай кінә артылмайды және қуғынға түспймін ау деген сенімде болдым. Сол бұрынғысынша кеңес қызметінде істей бердім.
Өткен жылы Шымкент қаласында Әубәкіровтің ісіне байлансты менің ағайым Байсеиіт тұтқынға алынды. Бұны менің де тұтқындалуым мүмкін екендігі туралы берілген белгі деп түсіндім. Менің өз ауылыма кетіп қалып, қаладан алыс тұруыма түрткі салған жай осы еді. Менің бұл әрекетім осыдан кейін жазадан қашқандық деп бағаланды және Байсеиіт екеуімізді заң орындарының қудалап жүргені туралы хабар бүкіл қыр еліне жайылып, кетті. Кейінгі өсек аяң менің өмірімнің соңғы кездеріне ғана байланысты.
Куәлік сөзімді өзім оқып қол қойдым. Сұраған – Саенко.
28 желтоқсан. 1928.
І том. 11-бет.
97 бет, 1929 жылы І/І күні тергеуге алынған Міржақып Дулатовтың жауабының хаттамасы.
Мен, 1885 жылы Торғай обылысының Торғай уезінің Сарықопа болысына қарасты №1 ауылда тудым./ Бұл қазіргі Қостанай облысының Наурызым ауданы/. Ата – анам мал шаруашылығымен айналысады, ортадан төмен дәулеті болды. Анамнан емшектегі кезімнен айырылдым, ал әкем 12 жасымда қайтыс болды. Ауыл мектебінде 2 жыл оқыған соң, 1897 жылы Торғай қаласындағы 2 кластық орыс-қазақ мектебіне түстім де оны 1901 жылы бітіріп шықтым, одан кейін Қостанай қаласындағы бір жылдық мұғалімдік курсты 1902 жылы тәмамдадым. 1902-1904 жылдың арасында /аздаған үзіліспен/ Торғай уезінде мұғалімдік қызмет істедім. 1904 жылы сонау Қытай шекарасынының түбіндегі Семей облысының Зайсан уезіндегі ауылдық мектептердің біріне ауыстырылдым, онда 1907 жылға дейін болдым... /97-107 беттер машинкаға басылған/
/104-бет/ Бірде біздің назарымызға: Иманов бізді тұтқындағалы жүр екен, оның Қостанай жақтан келе жатқан әлдебір отрядтың барлаушысы тұрады екен деген мәлімет түсті. Осы мәліметті алысымен біз Иманоты және оның үйінде жатқан белгісіз адамды тұтқындадық та, өзіміз жасақтың бір бөлігін ертіп Торғайға бетеп келе жатқан отрядтың қарсы алдынан шықтық. Қауесет шын болып шықты, бұл Таранның партизан отрряды болып шықты, ал Имановтың үйінде жасырынып жатқан белгісіз адам – Таранның өзі екен. Торғайдан отыз шақырымдай шыққан соң отрядпен бетпе – бет келдік, ешқандай қарулы қақтығыс болған жоқ, оларды казак күнінің қуғындап келе жатқанын сол жерде білдік. Біз, алашордалықтар, бұл отрядты қайтпек деп өзара кеңестік, егерде оны Торғайға қарай өткізіп жіберейік десек, Имановтан сескендік, өткені олар бізден көрі соның сөзіне сенеді де Иманов ойындағысын жүзеге асырып тынды. Бұл бір. Мәселенің екінші жағына келе-
І том. 12-бет.
тін болсақ, егерде біз отрядты Шалқарға қарай өткізіп жіберсек, ешқандай ұрыссыз әрі шығынсыз онда оларды өкшелеп келе жатқан казак полкі жергілікті халықты сөзсіз қырып – жояр еді де, ең бірінші бізден кегін алар еді. Осының барлығын ақылға салып, біз отрядты қарусыздандырып, адамдарын өз еркімен қоя берейік дегенге бәтуаластық және солай істедік те. Шарасыздықтан мәжбүр болған бұл әрекетті сол арада отрядтағыларға түсінірдік. Келесі күні Торғай қаласына кештетіп жеткеннен кейін ғана бізден бөлініп қалған жастар аласапыран кезінде Иманов пен Таранды мерт етіпті. Осыдан кейін біз казак полкінің келуін үрейлете күттік себебі, біздің жасағанымыздың саны 400- дей ғана адам еді, оның көпшілігі әлі әскери шайқасқа қатыспаған тәжірибесіз жасақтар еді. Бір күні таңертең белгісіз бір отряд Торғай қаласын қоршап алды да жан жақтан оқ жаудырды. Біз кешке дейін тосқауылда тұрып қорғандық та, кешке қарай шабуылға төтеп бере алмай Торғай қаласын таспат шықтық. Бұл Жиляевтің отряды екен. Ол Торғайда бір тәулік қана болды да әрі қарай Ырғызға бет алды. Олардан кейін үш күннен соң Торғайға капитан Могилев бастатқан казак полкі келіп кірді. Біздің барар жеріміз қалмады да Торғайға қайтып оралдық. Могилев полкі біздің барлық қуат күшіміз бен жарақатымызды өзінің қол астына жиып алды: бұдан кейінгі біздің әрекетіміз жоққа тән болды, ешқандай еркін қимыл жасауға мұршамыз келмеді, тек казак полкі мен тұрғандардың арасындағы делдалдық қана міндет атқарды. Бір, бір жарым айдың ішінде казак полкі Ырғыз бен Шалқарды өзіне қаратты. Алайда аз уақыттан соң қызыл армияның шабуылы басталды да тас-талқаны шыққан оңтүстік армия бей – берекет қаша жөнелді. Алашордалықтардың тобы /Испулов, Сейдалин, Бірімжанов, Тоқтабаев, Шонанов және мен/ біраз уақыт Торғай мен Атбасар уезінде тұрдық та, қаңтар айында Семей уезіне келдік, сонда қыстай шықтық.
І том. 13-бет.
Сол кезде маған кеңес өкіметіне қарсы күрескеніне қарамастан алашордашыларға ВЦК- тің кешірім жасағаны туралы мәлімет келді. Мен 1920 жылдың қыркүйек айында Омбы қаласына келдім де бірден губерниялық атқару комитетіне кірдім.
Міне, тура сол кезден бастап менің кеңес өкіметінің жағында істеген үздіксіз еңбек жолым басталады. Өзімнің атқарған лауазымдарым мен істелген жұмыстарымды тізімдеп шықпай тұрып, мына жайды айтқым келеді: мен Омбы қаласында шығып тұратын “Кедей” газетінің бетінде /1920 жылғы 7 қараша күні / өзімнің кеңес өкіметіне деген көзқарасым баяндалған және біздің өткендегі қайраткерлігіміздің тұсында жіберілген кемшіліктерімізге тоқталған мақаламды өз атыммен жарияладым. Бұл мақаланың ешкімнің зорлауынсыз, еш қай жақтың мәжбүрлік ықпалынсыз және қорқып емес арыма жүгіне отырып жаздым. Өзімнің сөзімнің шын көңілден шыққандығын бұдан кейін іспен дәлелдеуге тырыстым.
Омбы да мен бар – жоғы екі ай ғана болдым, онда Ақмола ГуОНОесі мен Сібір ОНО-ның нұсқаушысы қызметін атқардым. Қараша айында Ташкентке ауыстым, онда “Ақ жол” газетінің жауапты хатшысы боп орналастым. “Ақ жол” да 1921 жылдың мамыр айына дейін істедім және өзіме көрсетілген сенімді толық атқардым, кей кездері бас мақала жаздым, оларды қазір санап бере алмаймын, алайда Кронштад оқиғасы туралы бас мақаланы менің жазғаным есемде. “Ақ жол” газеті және оның ішінде саяси мазмұндығы ұстамдықтар туалы, көп сөз қозғалып, баспа сөздерде түрлі таластар жүріп жатыр, оның барлығының мен істеген кезге ешқандай қатысы жоқ.
1921 жылы үйелеменінің соңынан Семейге бардым да үй-ішімнің жағдайына байланысты сонда қалуымы тура келді. 1921 жылы Семей уезінің халық тергеушісі боп істедім, ал сол жылы күз айында заң қызметкерлерінің губерниялық құрылтайында Семей губерниялық халық сотының төрағасының орынбасары боп сайландым. 1922 жылдың мамыр /май/ айына дейін осы міндетті атқардым. Асырап айтақандық емес, осынау қысқа мерзім ішіндегі менің жігерім мен
І том 14-бет
адал еңбегім губерниялық сот мекемелерінің беделін қазақ тұрғындарының арасына ерекеше көтеріп кетті. /Мен қазақ бөлімін басқарған болатынмын/ Бұл жай сол кезде Семйде істеген жолдастарының бәрін де жақсы біледі.
1921 жылы Торғай, Ырғыз, Қостанай уездері мен Орал губерниясының бір бөлігінің жаппай ашаршылыққа ұшырады. Мен Семейдегі “Қазақ тілі” газеті арқылы ол туралы ең бірінші боп мақала жазып, мынадай ұсыныстар жасадым: темір жолдан 400-500 шақырым шалғай жатқан әрі шашыраңқы қоныстанған далалық аудандардағы елді мекендерде мемлекеттік көмегі дер кезінде жетіп үлгермейді, сондақтан губернияларға қазақ қызметкерлерін жаппай іске тартып, оларды ел арасына жіберіп жұрттан ерікті түрде мал жинауға жіберу керек, сөйтіп, жылудан құралған малды ашаршылыққа ұышыраған аудандарға жеткізу қажет деген ұсыныс жасадым. Мен бұл ұсынысымды көпшілік қауым қызу қолдады және осы мәселе туралы шығарылған мәжілісте де менің жоспарым мақұлданды, кейіннен оны губерниялық аштарға көмек комитеті мен ашаршылыққа ұшырағандарға көмектесетін орталық тап қолдап, іске кірісу туралы нұсқау берді. Осы жұмыстың нәтижесінде 2-3 айдың ішінде 15 мыңға жуық ірі қара мал жиналып, олар ашаршылыққа ұшыраған аудандарға жеткізіліп, тұрғындарға таратылып берілді. Ұймдастырушы әрі үгітші үш уезін жаз бойы аралай шықтым.
Қырдан Семей қаласына қайтып келісімен тұтқынға алындым да іле Орынбордағы ПП ОГПУ – дің Қазақстан бойынша өкілдігіне жіберілдім, ұзамай абықтыдан босатылдым. Орынборда қазақ мемлекеттік баспасына жұмысқа тұрып, бөлім меңгерушісі болып істедім, 2 жыл қазақ халық ағарту институтында оқушы болып сабақ бердім. ГПУ мен Мұғалімдер курсына дәріс оқыдым. Төрт жылдан бері “Еңбекші қазақ” газетіне оның қызметкері болып істеп келдім, 1922 жылдан бастап мен қазақ тіліне
І том, 15-бет.
20-дан астам кітап пен кітапшалар аудардым ..................................................................................................................................
Осы уақытқа дейінгі істеген қызметімнің ешқайсысында кеңеске қарсы бірде – бір әрекет жасалған емес. Тек соның ішінде өзім ашық түрде қарсы болған бір мәселе – қазақ әрпін латын қарпіне көшіру жайы болды. Мен өзімнің бұл пікірімді кеңеске қарсы бағытталған деп есептеймін. Мәселе әлі толқы шешіліп болмағандықтан да мен өзімнің пікірімді білдірдім, себебі, латын қарпіне көшуге әлі ерте, оған қаржы қажет,одан да сол қаражатты одан көрі ділдәр қажеттіліктерге жұмсау керек деген ойымның дұрыстығына өте сенімді болдым. /107 бет/.
Сұрақ алған - Шығыс бөлімінің бастығы – Петров.
І том. 16-бет
Стенограмма.
1929 жылы 3 қаңтар күнгі Міржақып Дулатовтан алынған жауаптың хаттамасы.
Төмендегі құжаттардың мазмұнын білемін бе, жоқ па деген маған берілген сұрақтарға беретін жауабым мынау:
Министрлер Кеңесінің Төрағасы /Колчакқа/ “Алашорданың” Торғай бөлімінің мәліметінен:
“Орынбор Әскери Округының ұсынысымен және қолдауымен Торғай облыстық бөлімі Бүкілодақтың 2 – атты полкті жасақтауға 1818 жылдың қараша айынан бастап кірісті, ал Бүкілқазақтық І – атты полк 18 жылдың жаз айында жасақталған еді. Қостанай уезінде. І – полк дербес Урал корпусының қарауында болды және барлық жарақты қазынанадан алды, 2 - –олк "Алашорданың" Торғай облыстық бөліміне қарады. Торғай мен Ырғыз уезі Сібір Уақытша Үкіметіне, Дербес Урал корпусының қолбасшысына, чехословактарға көмек сұрап хат жазып еді, алайда ешкімнен көмек ала алмады. Сәуір айында “Алашорда” бөлімі Торғай қаласын алды, әскери комиссарын тұтқындады, ол кейінен атылды. Сөйтіп, Торғай уезіндегі Кеңес өкіметі құлатылды, қалалық және жергілікті басқару жүйесі қалпына келтірілді және бұл арада Уақытша өкіметтің өкілдігі жарияланды. Адмирал Колчак бастатқан. 22 көкек күні құрамында 337 адамы бар Таранның отряды түгелдей қарусыздандырылды, оның ішінде Таранның өзі бастатқан 30 сардары да ұсталып, бәрі де атылды. Таранның қарусыздандырылған отрядының барлығында Атбасарға жіберіледі. Одан қалғандары Атбасарға бара жатқан жолда құртып жіберілді. Таранның отрядын қарусыздандырылғаны және олардың көзі жойылғаны жөніндегі оқиға туралы мәлімет беру үшін біздің әкіліміз Кенжеғали Ғабдуллин Дербес Орынбор Армиясының штабымен хабарласу үшін штабына хабарлау үшін мен оны сонда жібердім, ол Армия штабына барды...” /19 жылғы 11 мамыр /май/ күні Алашорданың Торғай бөлімінің Министрлер /Сібір/ Төрағасына жіберген мәліметі. Омбыда сақталған, 19 жылдың 24 маусым күні қол қойылған.
І том. 17-бет
Міржақыпқа ұсынылған екінші деректі айғақ:
“Алашорда” Уақытша қазақ үкіметі.
Торғай облыстық Әскери кеңесі.
19 жыл. Шілде.
№441.
Торғай қаласы.
Шобан болысының болысынайына
Торғай қаласы маңында
Жильяевтің бандыларымен болған ұрыстан кейін шегінген “Алашорда” жасағы шегінген кезде ұрыс майданында қалған көптеген аттарды, ертоқымдарды, винтовкаларды, оқ-дәрілерді, қылыштарды, және киімдерді қыр елі жиып алыпты. Барлық киімдерді, аттарды жекелеген жарақтарды жиып, қалаға алып келіп, “Алашорда” жасағына тапсыруыңыз керек. Мұны орындамағандардың жауапқа тартылып, әскери кезеңге сәйкес қатаң жазаланатынын елге түсіндіріңіз. “Алашорданың” Торғай облыстық әскери кеңесінің осы жарлығын хабарлай торырып, барлық болыс тұрғындарына өз тарапыңыздан ықпал етіп, аталған қару мен жарақтарды қалаға жеткізуді қамтамасыз етіңіз. Ат пен қару, басқа да заттарды алған адамдардың тізімін жасап “Алашорда” әскери кеңесінің үйіне әкеп беріңіз. /108 бет/
Әскери кеңестің мүшелері – Сейдалин, Қадырбаев.
Міне осы екі құжатқа Міржақып Дулатов былай деп жауап береді:
“Менің беретін жауабым мынау:
“Алашорданың” Шығыс бөлімінің жетекшісі Бөкейханов және басқалары 1919 жылдың жаз айларында Омбы қаласында тұрған еді. Біз оларға Кенжинді қандай тапсырмамен жібергенімізді қазір есіме түсірмей тұр. Мына құжатты маған көрсеткенде ғана оны амалсыздан алдарқату /тактикалық/ тұрғысында жазғанымызды емісе түсірдім. Себебі қалыптасқан жағдай мынадай болатын: біз ол кезде Колчактың өкіметімен де, Орынбордағы Әскери Үкіметпен де қарым – қатынасымызды үзіліді – кеслді доғарып, Торғайға келіп
І том. 18-бет.
орналасып, кеңес өкіметі жағына шыққан едік те Байтұрсыновты Москваға келісімге жіберген болатынбыз. Алайда менің жоғарыдағы тергеуге берген жауабымдағы жағдайларға байланысты кеңес өкіметі жағына толықтай қосылып кете алмадық, сөйтіп, шарасыз күйге түстіік. Барар жеріміз қалмады, оның үстіне Торғайға және Торғай арқылы Шалқарға казак отрядтары үздіксіз ағылып жатты. Мұндағы жазылған сөздер біздің шын ниетімізді білдірмейтін, Колчак өкіметі жағынан қысым мен қуғын жасалмас үшін жай ғана көз бояу үшін ғана жазылған еді. Ондағы біздің басты мақсатымыз- қалайда қазақ халқын қырғыннан сақтап, оны қорғап қалу болатын. Біз өзіміздің күшіміздің аз екенін, ешкімнен де соғысып шекеміздің қызбайтынын жақсы білдік. Тек сол мақсатты жүзеге асыру үшін ғана осы құжат жазылған болуы мүмкін.
Өткен өмір жолымды жасырып қалудың мен үшін маған ешқандайда мәнісі жоқ. Кеңес өкіметіне қарсы қолыма қару алып күрескенімді, Уақытша өкіметті қолдағанымды жасырмайтын. Мұның барлығы 19 жылғы оқиға болғандықтанда көптеген жайлар менің жадымда қалмапты. Әрине, Иманов пен Таранның өліміне байланысты әдептік тұрғыдан алғандағы жауапкершіліктен мен де құтыла алмайтынымды білемін. Біздің жасағымыз екіге бөлінді.
Оның бір бөлігін басқарып мен Торғай қаласынан сыртқа шығып кеттім, ал біз қайтып келгенде де олар тірілердің қатарында жоқ еді. Біздің жасақтың бір бөлімі Торғайда қалған болатын, оның сардары Қасымов еді. Ал бізге бұл істі басқарған Мақатов деп мәлімдеді.
Дәл осы мағынадағы құжаттың Сібірдегі Министрлер Кеңесінің Председателіне жіберілуін мен жоққа шығара алмаймын, бірақта ол кезде Торғай мен Омбының арасында ешқандай да почта қатынасы жоқ болатын, сондықтанда ол құжатты сол кезде Өкіметтің атынан мәлімдеме жасауға арнайы Омбыға жіберілген Кенжин ғана жеткізуі мүмкін. Колчактық өкіметтің көңілін тыныштандыру үшін бояуды қалыңырақ жағып, ату жазасына кестік деп көрсеткен болуымыз керек”.../109-бет/.
І том. 19-бет.
“ Біз бәріміз басымызды жиі қостық, бірақта кеңес үкіметіне қарсы және онымен күресудің бағдарламасын ешқашанда жасағамыз жоқ, ондай мақсат та қойғамыз жоқ”- /111-бет/...
“Болғамбаев Хайретдинді мен оның Орынбордағы Хұсайыновтар медресесінде оқып жүрген кезінен білемін. 1921 жылы Орынбордан Ташкентке келіп, Ходжановқа жолығып жұмысқа орналасу пақ болғаны есімде. Болғанбаев Ташкентке Әділов Мұқышевпен бірге келді – ау деймін, кейінгісі әуелі коммунистік партияның қатарына мүшелікке өтіп, содан кейін еріктілердің қатарында қызыл әскерге кіріп, Қиыр Шығыстағы қызыл партизандар отрядының құрамында болған, 1920 жылы Орынборда Ішкі істер халық комиссариатында істеді. Бұл жеге ол Ташкенттен келген болатын, онда не істеді, ол жағын білмеймін. Бірімжанов та ол кезде Ташкентте болатын. Әділ Ташкентте нақты ештеңемен айналыспады –ау деймін, әйтеуір институттағы студенттерді жиып алып, сөз сөйлеп жүретін. Ол уақытта жастардың біразы оқыған мектептеріне көңілі толмай жүретін. Содан кейін ол бір жаққа кетті, қайда кеткенінінен хабарсызбын.
Айттым ғой жаңа, осыдан екі үш жылы бұрын Әділов бір жаққа кетті, қайда кеткенін білмеймін деп. Әділов туралы осыдан басқа ештеңе айта алмаймын. Мен Ташкентке Орынбор арқылы бардым, сонда “Алашорданың” көрнектi қайраткерлерінің біразы – Бөкейханов Әлихан, Байтұрсынов, Әуезов Мұхтар, Сәрсенов Биахметтер сонда тұрады екен. ташкент пен Орынбордың арасында почта байланысы болғанымен, курьерлік арнайы жүйе әлі жоқ еді. боЛғамбаев маған іскерлік тұрғыдағы емес, кәдімгі аман-саулықты сұрасқан Бөкейхановтың жазған хатын табыс етті, оның мазмұны тек қана жеке бастың амандығын қамтитын, Болғамбаевтың әкеп берген хаты сол ғана.
І том. 20-бет.
Әділевпен кездесіп жүрдім, бірақта біздің арамызда іскерлік мақсаттағы пікіралысулар болған емес. Әділевпен мен көбінесе Ташкенттегі Қазақ университетінің ішінде, оның өзінде кездейсоқ кездесіп қалып жүрдім. Кейде редакцияға соғып кететін. Онымен Кауфманның ескерткіші алдында ұшырасқаным бар, бірақ не туралы сөйлескеніміз есімде жоқ. Әділевпен ТурЦИК-тің жатақханасында кездестім бе, жоқ па, қаперімде қалмапты, мүмкін ғой алайда. Мен Әділевпен “Шолпан” журналын ашу туралы жиналған мәжілісте жүздестім, өзгедей ресми жиналыстар мен жиындарда оны көргенім жоқ...
Ташкент қаласында Әділевті ертіп Рысқұловқа жолыққан емеспін. Сондай-ақ, оның тұтқында жатқан ағасы Байсеит туралы менімен ақылдасқанын есіме түсіре алмай тұрмын. Ешқандай Нұрланды білмеймін, дүрбі мен құбыланама дегенді де естіген емеспін.
Валидов Башқұрт Үкіметінің басшысы болатын. Оның кейінгі кезде кеңес үкіметіне қарсы шыққанынан хабардармын, бұрын ол партия мүшесі болатын, кейін одан бас тартты. Қазір шет елде жүр деп естідім”... /112 бет/
“Валидовпен мен бірінші рет төңкерістен бұрын Орынбор қаласында кездестім, онда не үшін келгенін білмеймін. Ол сол кезде Байтұрсынов шығарып тұрған “Қазақ” газетінің редакциясына келді. Ол бізбен бір-бір жарым сағаттай әңгімелесті. Бұл – 1915 не 1916 жылдардың бірі еді. Әңгіме – түркі әдебиеті мен тарихы, түркі терминдерін ортақтастыру туралы қозғалды.
Екінші рет 1918 жылы күз айында Орынборда екінші рет кездестім. Башқұрт Үкіметі ол кезде Орынбордағы Керуен-Сарайда орналасқан еді. Бұл кезде ол Башқұр Үкіметін басқаратын, әрі Кеңес өкіметіне қарсы еді, мен онымен байланыс жасап тұрдым. Оның Керуен-Сарайдағы пәтерінде мен екі рет болдым және ең өзекті мәселелер жөнінде әңгімелестім. Ол кезде мен “Қазақ” газетінде істейтінмін, сондықтан да пәлендей беделім болмады. Валидов сол кездің өзінде кеңес өкіметін жек көретін. Оның басты мақсаты – қазақтар мен баш-
І том. 21-бет.
құрттардың күшін біріктіріп, кеңес өкіметіне қарсы жұмыс істеу еді. Міне, осы мәселенің төңірегінде әңгіме өрбіттік. Мен оның пікірін қостадым. “Алашорда” мен Валидовтың арасында тығыз байланыс бар еді. Башқұрт Үкіметі мен “Алашорданың” арасындағы байланысты Бірімжанов жалғастырып тұрды, бұл оқиға 1919 жылы, жылдың аяғында ма, жоқ 1920 жылдың басында өтті ме, оны ұмытып қалыппын. Бірімжановты Валидовке жіберген кезде мен жолсапарда жүр едім. Бірімжанов Валидовқа хабарласу үшін және әрі қарай байланысты үзбеу үшін жіберілді. Оны жібергендер облыстық бөлімнің жетекшілері – Испулов, Қадырбаев және Байтұрсынов еді. Бұл сапардың ешқандай нәтижесі болмады. Валидов өзінің қандай күшке ие екндігін айтыпты. “Алашорда” Үкіметі мен Башқұрт Үкіметінің арасында тығыз байланыс болды. Ал Башқұртстаннан бізге бір татар келіп тұратын, оның атын да, түрін де білмеймін. Содан қайтып Валидовты еш жерде, ешқашан көрген емеспін. /113 бет/
Тек ол туралы: тығылып жүр екен, ТурЦИК-ке кешірім жасау туралы хат жолдапты, Бұқара жақта тығылып жүр екен – деген іспетті алыпқашты сөздерді естідім, бірақ оған барыпжолыққан кім, ол жағынан мақұрыммын. Бірімжановпен Ташкентте кездестім, ол ол кезде “Ақ жол” газетінде істейтін, ол Валидовпен таныс болатын, бірақта менің ойымша ол Ташкенттен аттап шықпаған сияқты, бұл жайдың жай-жапсары маған бимағлұм. “Ақ жол” газетінің жабылу себебі, астана Қызылордаға көшті, ал оның орнына “Еңбекші қазақ” газетін қалдыру туралы шешім қабылданды. “Ақ жол” газетінде мен істеп жүргенде ешқандай идеологиялық ауытқушылық болған жоқ сияқты”. /113 бет/.
І том. 22-бет.
1929 жылы 3 қаңтар күнгі Міржақып Дулатовтың тергеуінің хаттамасы.
Сұрақ: сіз өз жауабыңызда: Колчак Үкіметінің “Алашорданы” тарату туралы ұсынысымен келіспейтіндіктен де Торғай қаласына аттандық та Үкіметтің жұмысын сонда жалғастырдық – деп жаздыңыз. Торғай қаласындағы осы ұйымның қалай деп аталғанын менің білгіп келіп отыр.
Жауап: Ол – Торғай бөлімі деп аталды. Семейде – Шығыс бөлімі, Оралда – Батыс бөлімі болды. сондықтан да, біздің бөліміміз – “Алашорданың” Торғай бөлімі деп аталды.
Сұрақ: “Алашорданың” Торғай бөлімінде атап-атап айтқанда кімдер болды?
Жауап: Мен, Испулов, Қадырбаев және Байтұрсынов.
Сұрақ: Сіздердің өз араларыңыздағы міндеттерді қалай бөлістіңіздер?
Жауап: Біз жұмысты жұмыла істедік, ешкім де нақты бір саланы бөліп істеген жоқ, өйткені біз көшпелі өмір сүрдік.
Сұрақ: Дегенмен де сіздерде қандай болмасын белгілі бір бөлім болды емес пе?
Жауап: Генерал Дашкин басқарған әскери бөлім болды. Екінші бөлім - Әскери Кеңес деп аталды.
Сұрақ: Азаматтық істерді кім басқарды?
Жауап: Әскери Кеңес.
Сұрақ: Торғайда сіздерге бағынышты қандай әскери бөлімдер болды?
Жауап: Генерал Дашкин кеткеннен кейін біздің жасақты Қасымов басқарды, ол оққа ұшты. Бізге тек өзіміздің жасағымыз ғана бағынды.
Сұрақ: Ол қалай деп аталды және оған кім қолбасшылық етті?
Жауап: Ол – “Алашорданың” жасағы деп аталды және оған Қасымов басшылық етті. Өзге әскери бөлім болған жоқ. Казактардан (орыстардан) құралған Могилевтің полкі болды.
І том. 23-бет.
Сұрақ: Басқа әскери бөлімдер, яғни, тек қана қазақтардан құралған жасақ болған жоқ қой?
Жауап: Жоқ. “Алашорданың” жасақтарынан басқа қазақтардан құралған әскери бөлім болған жоқ.
Сұрақ: Сіздің берген жауабыңызға қарағанда Колчакқа бағынығыңыз келмей Торғай даласына кетуді ұйғарыпсыз. Демек, Сіз Колчак Үкіметімен ешқанадай да байланыс жасамаған болып шығасыз ғой?
Жауап: Ол түгіл біз Шығыс және Батыс бөлімдермен де байланыс жасағамыз жоқ. Ал Колчак Үкіметімен не менің өзім, не өзгелердің ешқайсы байланыс жасаған жоқ. Алғашында, “Алашорда” Құрылтай Мәжілісі Комитеті мен Колчактың Үкіметімен бірлесіп жұмыс істеген кезде “Алашорданың” олармен байланысы болды. Бірақ та, мен Торғайға кеткен соң байланыс та, хабар алмасу да болған жоқ, яғни, кәдімгі әскери отрядтармен тікелей қарым-қатынас жасалған жоқ.
Сұрақ: Демек Торғай қаласындағы “Алашорда” үкіметі Колчак үкіметімен ауызша да, жазбаша да байланыс жасаған жоқсыздар ғой?
Жауап: Жоқ, кейіннен біз кеңес өкіметіне (совдепке) қосылған соң оларға өзіміздің өкілімізді жібердік.
Сұрақ: “Алашорданың” Торғайдағы бөлімі сот-тергеу ісімен айналысты ма?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Сіздің өзіңіз немесе “Алашорда” Үкіметінің жекелеген мүшелері сол кезде Торғайда тұрған қызыл әскерлердің отрядының жекелеген адамдарын атуға қандай да бір ықпал еттіңіздер ме?
Жауап: Жоқ, кеңес өкіметінің жекелеген өкілдерін атуға ешқайсымыз қатысқамыз жоқ. Могилевтің полкі біздің рұқсатымызсыз-ақ өздері атып жатты.
Сұрақ: Сонда да сіз оған қарсы болған жоқсыз ғой?
Жауап: Оған біздің дәрменіміз жетпеді, өйткені, Могилевтің полкі келісімен барлық билікті өз қолдарына алды.
Сұрақ: Атардың алдында сіздермен ақылдасты ма?
Жауап: Жоқ.
І том. 24-бет.
Сұрақ: Сіз өзіңіздің қай уақытта Торғайда болғаныңызды есіңізге түсіре алмайсыз ба?
Жауап: 1919 жылдың наурызының аяғында, не көкектің басында келдім де, шамамен шілдеде не тамызда ол арадан кеттім.
Сұрақ: Сіздің жауабыңызға қарағанда Сіздің кеңес өкіметі тұсындағы үздіксіз істеген еңбек жолыңыз 1920 жылдың 20 қыркүйегінен, яғни, Омбы қаласына барып губерниялық атқару комитетіне кірген сәттен басталады екен. Содан бері Сіз кеңес өкіметінің мүддесі үшін қызмет етіп келесіз. Осы 1920-1929 жылдардың арасында Сіз қандайда бір болмасын кеңеске қарсы әрекет етуге ниеттенген жоқсыз ба?
Жауап: Кеңес өкіметі тұсындағы атқарған қызметімнің бәрінде де оған қарсы бағытталған әрекеттерге қатысқамын жоқ, ешқандай жасырын жұмыс жүргізгемін жоқ.
Осыдан кейін қолмен жазылған мынадай сөһз бар:
Өзімнің берген жауабыма қосарым мынау: Торғай бөлімінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі барысында “Алашорданың” Шығыс бөлімінен бір адам келді, бұл 1918 жылдың аяғы не 1919 жылдың қыс мезгілі болатын (Келген адам Сәрсенов Далиль еді), содан кейін біз Торғайда тұрған кезде 1919 жылдың жазында Кенжин біздің атымыздан соларға барды.
Қолы қойылған.
Сұраған ПП ОГПУ-дің ҚССР бойынша орынбасары – Саенко.
1-том. 25-бет.
117 бет. Битілеуовтың тергеуінің хаттамасы.
1929 жыл. 3 қаңтар.
“1918 жылы “Алашорданың” жасағына жігіттер жинау үшін біздің ауылымызға Кенжин мен Қаратілеуов келді, олардың қасында ақтөбелік Абдуллин бар екен. Мен ол кезде 18 жаста едім, еш жерде оқымайтынмын, орысша білмейтінмін, тек қана “Қазақ” газетін ғана оқитынмын, сол жолы олар мені “Алашорда” жаққа шығуға үгіттеді. “Алашорданың” жасағына енген соң мен алты ай бойы жай ғана жасақ (милиционер) міндетін атқардым. Колчак үкіметі Алаш автономиясын мойындамайтынын мәлімдегеннен кейін біздің ақтөбелік жігіттер ауылдарына қайтып кетті. Біз Торғайдан мамыр айында кеттік, алашордалықтар сонда қалды. Қыс бойы Орынбордағы қазақ ревкомында істедім де, көктем шыққан соң ауылға қайттым, онда ауылшаруашылық жұмысымен айналыстым. Күзге қарай Ташкентке аттандым. Испулов, Дулатов, Бірімжанов менен кейін келді, ал Досмұхамедов Жаһанша мен Халиль, Жәленов Кәрім, Иса Қашқынбаевтар маған дейін осында келіп алыпты, мен оларды танымаушы едім. Дулатовты, Испуловты, Бірімжановты бұрыннан “Алашорданың” тұсынан білетінмін. Ташкентке Қазақ институтына түсу үшін барып едім, алайда қабылдау уақыты өтіп кетіпті де мені сол институттың жанындағы үлгі тәжірибе мектебіне мұғалім етіп алды. мен сол кездің өзінде жастардың арасында әлдебір салқындықтың барын аңғардым. Ол кезде Әділев пен Болғамбаев жоқ еді.
Күндердің бір күнінде Дулатов маған: сен бүгін редакцияға келіп кет, онда торғайдан, Ақтөбеден, тағы басқа да жерден Ташкентке келген бауырларымыз жиналды, ақылдасатын мәселе бар деді. Мен оның бұл шақыруына қатты таңданып қалдым, зады мен “Алашордада” қызмет еткен деп ойлап қалса керек.
Шақырған жеріне барғанда ол арадан Испулов пен Досмұхамедов Халилді көрдім. Алайда бұл кеш босқа өтті, себебі ешкім де жиналмады. 2-3 күннен кейін тағы да кездесу мезгілі белгіленді. Бұл
І том. 26-бет.
жолы Досмұхамедов Халилдің үйіне жиналдық. Олар әлдебір ұйым құру, оның жарғысын қабылдау, мүшелікке алу т.б. туралы пікір алысты. Олар ұйымның жоспарын тинақтап, Орынбордан нұсқау алуды не Дулатовқа, не Испуловқа, әйтеуір екеуінің біреуіне тапсырды. Досмұхамедов Халиль мен Дулатов екеуі бұл арада ерекше ықпал жасап, ынта танытты, қысқаша айтқанда, бар істі сол екеуі шешті. Содан кейін Болғамбаев пен Әділев келді. Одан бұрын Әділовті білмейтінмін, ал Болғанбаевті Төңкеріске дейін Орынбор қаласында бірінші рет көргемін. Ол сол күні түнде келіпті, бұған дейін Досмұхамедов Халилдің үйінде, не дулатовтың үйінде болып, Болғанбаев пен Әділов өзара кеңес өткізіпті, мен сол жиналыста болғамын жоқ. Ол кезде Дулатов ТурЦИК – тің жатаханасында тұрады.
Арада 3 күн өткеннен кейін тағы да бас қостық, Әділіо пен Болғанбаевтің Орынбордан кедгенін, олардың біреуі осында қалатынын, ал Болғанбаевтің шығыс жақтағы бір елдің шекарасынан өтуі керектігі жөнінде айтылды. Мен көп нәрсені түсінгемін жоқ. Болғанбаевті Жетісуға жібермеді. Ол кезде Валидов Бұқарада еді, сондықтан да олар Бұқарадағы Валидовқа бір өкіл жіберу туралы шешім қабылдады. Болғамбаев пен Әділев барсын десті. Ол кезде менің дәрістерім де бітіп еді, сондықтан да Бұқараны көргім келіп, олармен бірге мен де барып келсем қайтеді – дедім, олар келісімін берді, неге екенін білмеймін олар жолға шығуға үлгере алмай қалды, мен қай жерде кездесетінімізді айттым да, жолға шықтым. Мен Қоқанға түн ішінде келдім де әскери нәзір Арифовтың үйіне бардым. Келесі күні сол араға Әділев пен Болғамбаев та келді. Сөйтсем, Арифов Валидовты біледі екен.
Сол жерде 2-3 күн тұрған соң өзбек арбамен Валидовке бет алдық. Мен, Әділев және Болғамбаев үшеуіміз аттандық. Валидов
І том. 27-бет.
қаладан тысқары 15 шақырымдай жерде тұрады екен, қалған екеумізді танымайтын еді. Біз оның үйіне келдік, ол үйінде екен. Үстіне өзбектің ақ халатын жамылып, қысқа дамбалын киіп, кішкене башмақты аяғына киіп, басына шалма орап алыпты, сынық көзілдірігі бар екен. біз ең алдымен шай іштік. Валидов әуелі тек Болғамбаевпен ғана сөйлесетінін, біздің топтанып келгенімізді құптамайтынын білдірді. Содан кейін екеуі бақшаға барып оңаша сөйлесті. Қайтар жолда біз оған Валидовтың не айтқанын естіп-білдік,... сөйтсек біз қазір ең сенімді ұйым-басмашылармен байланыс жасауымыз керек екен, сондай-ақ, Ташкенттегі ұйым оған зерек қабілетті бір адамды өздерінің өкілі етіп жіберсін және бұған көмектесіп отыратын болсын депті.
Валидовтан шыққан соң біз Арифовқа қайтып бардық, ол үйде үшеуміз 15 күндей бірге тұрдық. Содан кейін Болғамбаев пен Арифов тағы да бір рет барып қайтты. Іле мен Ташкентке қайттым да, Әділев сонда қалып қойды. Бұл мамыр айының не маусым айының басы, әйтеуір, көктем айы болатын. Ташкентке келген соң мен демалыс алдым. Мен қайтып келгеннен сәл ғана бұрын Дулатов үйелменін іздеп Семейге кетіпті. Ол жеке вагонмен кетіпті. Менен ешкім ештеңе сұраған жоқ. Өйткені, Досмұхамедовтер өте дөрекі адамдар, ал Дулатов аса сақ-қу кісі еді. Олар қазір де менімен сөйлеспейді. Ауылда мен ауыл шаруашылығымен шұғылдандым. Бұл кезде ашаршылық болып жатыр еді. (118 бет).
Валидовке жібергені рас болса неге тоспады?
Әділевтің жауабында Испулов жоқ сияқты еді. Анықтау.
Испуловтың өмірбаяны дәптерде жазылған.
“Германиядан қайтып келгеннен кейін мен Дулатовпен кездестім.
Мұңайтпасовтың менен бұрын келуіне байланысты мұндағылар Валидовтың Германияда тұратынын біліп алыпты. Менен: Валидов қалай тұрып жатыр екен? – деп сұрады. Жаман тұрмайды, бірақ менен ешнәрсе беріп жіберген жоқ”- дедім... Кейбір жайларды ұмытып кетуім мүмкін, бірақ та ол туралы келесі жуабымда толық жазып беруге уәде беремін” – деп, Дамулла Битлеуов қол қойып берді.
І том. 28-бет.
Дамулла Испуловтың 5/1-29 жылғы кезекті жауабында алдыңғыларын толықтырып, бұрынғы куәліктерін өңдеп, шетіне “аударма” деп қол қойған.
“1929 жылғы 3 қаңтар күнгі жауабыма толықтыру ретінде мыналарды хабарлаймын:
1915 жылы жәдитше бала оқыту үшін біздің ауылға өз болысымыздың ішінде тұратын Абдуллин Кенжеғали мұғалімдікке келді...Абдуллин бізге келісімен мен ескі медресені тастадым да, Абдуллиннің мектебіне ауыстым... Ол Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовты бәрінен жоғары қоятын. Одан дәріс ала жүріп мен соның ықпалында кеттім де ұлтшылдық дертіне шалдықтым” – (121-бет). Өзінің ұстазы – Абдуллинді және Бірімжановты ұстап береді. (?)
“Бұдан кейінгі менің “Алашорданың” Торғайдағы бөлімшесі туралы не білетінім жөніндегі сұраққа байланысты менің білетінім мынау: бұл бөлім Торғайға кетіп бара жатып ор қаласының айналасындағы ауылдардан жігіттерді жинап Торғайға бет алды, ол жерге көктемге қарай келіп жетті. Ол кезде Торғай қызылдардың қолында болатын, әуеліде “Алашордашылардың” қызылдарға қосылды, алайда біраз күн өткен соң “Алашорда” жасағы қызылдарды қарусыздандырды да әскери комиссар Амангелдіні тұтқынға алды. бұдан кейін Торғайдағы өкімет билігі “Алашорданың” Әскери Кеңесінің қолына көшті. Қызыл командирлердің ішінде үш түрік бар еді, оларды “Алашорда” Әскери Кеңесі қызылдарды қарусыздандырмас бұрын өз жақтарына шығарып алып еді. Бұл туралы жігіттермен әңгімелесіп тұрған сәттерінің бірінде Дулатов айтып беріп еді, жаңағы түріктерді мақтады. Оның сөзіне қарағанда, бұл командирлерді (түріктерді) “Алашорда” жағына шығуға көндірген адам – Дулатовтың өзі екенін аңғаруға болатын.” – (122-бет).
Қайдағы қаңғып жүрген түрік? Жала.
Суыртпақтатып пантюркизмге әкеле жатыр ғой.
1-том. 29-бет
“Содан кейін бізге: Қостанайдан бізге қарсы қызылдардың бір отряды шыққан екен, оларға жолығу үшін “Алашорда” жағынан А.Теміров пен Алмасов қарсы аттаныпты – деген дақпырт жетті. Бұл хабарды естіген соң адамдардың барлығы әбігерге түсіп, өздерінің заттарын Торғай өзенінің арғы бетіне тасыды. Келесі күні қызылдармен болған соғыста “Алашорда” жасағының тас – талқаны шықты да Торғай өзенінің арғы бетіне өтіп кетуге мәжбүр болды. Осы шайқастың алдыңғы түнде “Алашорда” Әскери Кеңесінің шешімімен әскери комиссар Аманкелді атылған болуы керек деп жорамалдаймын. Бұл туралы бізге осы ату рәсіміне Буртинский болысының Керей /аты жөні белгісіз/ деген адамы айтты. Керейден естуім бойынша ату рәсіміне үш адам қатысыпты: олардың екеуі қостанайлық Ақжолов пен Мақатов екен де, үшіншісі Керейдің өзі екен. “Алашорда” Торғайда тұрған кезінде істің барлығын Әскери шешті. Ол Кеңестің құрамындағылардың ішіндегі ең белсенді – Дулатов болды”.- /123-бет/.
І.Бір берген ждауабьын қайта – қайта өңдеп, нақтылай түсіп, кінәні Дулатовқа қарай итеріп, қоюлата берген. Сатқан. МЫсалы:
“Бірде мені Дулатов редакцияға кел деп шақырды, онда барсам, мұнда ұмытпасам Исполов, Досмұхамедов Халил және Дулатовтың өзі отыр екен, соңғысы мені оларға өз адамымыз деп таныстырды. Мен, ақымақ басым, олардың қойған көпшігіне масаттанып олардың айтқанына көне бердім. Бұл күні шақырылаған адамдардың біразы келмегендіктен де бір күнді белгіліп, сол күні Досмұхамедов. Х. Үйінде жиналатын болып тарасты. Келісілген күні олардың барлығы Досмұхамедов Халилдің үйіне жиналды, олар ең бірінші талқылаған мәселесі ұйымның бағдарламасы мен жарғысын дайындау болды. Егерде жаңылмасам ұйымның жарғысы мен бағдарламасын тиянақтау Дулатов пен Досмұхамедов Халилге тапсырылды. Ондағы айтылған сөздердің барлығы есімде жоқ, бірақта олардың бәрі де: “Кеңес өкісетінің өмір сүруіне санаулы ғана уақыт қалды” – дегенге
І том. 30-бет
Саяды, олар мұны ана жерде анадай оқиға, мына жерде – мынадай оқиға өтіп жатыр деп түсіндіреді. Талқылай келіп, Орымбордағы ұйыммен жалғасқан байланысты тереңдете беру керек деп шешті. Олардың бірде маған: “Егер де Зәки /Валидов/ келгісі келсе, онда оны міндетті түрде Ташкентике шақыру керек” – дегені бар. Бұдан кейін тағы да бір жиналыс өтті. Бұл мәжілісте жарғы мен бағдарлама талқыланды, онда кімді қалай ұйымға мүшелікке тарту керек, ұйым үшін қаражатты қайдан және қалай табу керек екендігі көрсетілді. Оның көбі есте қалған жоқ. Ташкенттегі ұйымның жетекшілері – Досмұхамедов Халил мен Дулатов болды” – 124 бет.
1.Саяси астары бар сөздердің асты сызылған.
2.Жақсылап тұрып “өңдеп, астарлап”, алдыңғы жауаптан көрі салмақтандырып, заңдық мағна берген.
3.аударған адам – сөйтіп түзетті ме, әлде аударма деп тергеушінің өзі өңдеп жазды ма – Тергеуші – Петров.
Осыдан кейін 1929 жыл 8 қаңтар күні Дулатов пен Битілеуоты беттестірген.
І том. 31-бет
Битілеуов пен Дуолатовтың бетпе – бет жауаптасуының хаттамасы. 8 қаңтар. 1929 жыл.
Сұрақ: /Битілеуовке/ қай уақыттан бері Сіз Дулатовты білесіз?
Жауап: 14 жылдан бастап газет арқылы білетінмін. Содан кейін 18 жыл Орынборда өткен құрылтайда көрдім., тек 18 жылдың күзінде “Алашорда” қосылғаннан кейін ғана онымен көзбе-көз таныстым. 1920 жылы күзде Ташкентке барғанда Дулатовпен тағы да кездестім.
Сұрақ: Сіз онымен қандай жағдайда кездестіңіз?
Жауап: Біз мен жұмыс істейтін институтта кездесіп тұратынбыз.
Сұрақ: Дулатов ол кезде қайда жұмыс істейтін еді?
Жауап: “Ақжол” газетінің редакциясында.
Сұрақ: Ол кезде оған келіп – кетіп жүрген адамдар болды ма?
Жауап: Ол Бірімжанов пен және Юсуповпен бірге Тур ЦИК – тің жатақханасында тұратын, анда – санда мен де сонда барып жүрдім.
Сұрақ: /Дулатовқа/ сіздің бөлмеңізде Битілеуоов болды ма?
Жауап: Келіп кетуі мүмкін.
Сұрақ: Оның келгенін не келмегенін нақты айта алмайсыз ба?
Жауап: Иә, келіп тұрды.
Сұрақ: Сіз бен Дулатовтың арасында қандай бір астыртын ұйым туралы сөз болды ма және қандай жағдайда өтті?
Жауап: Менің білетінім: Ташкентте астыртын ұйымның болғандығы ғана.
Сұрақ: Оны кімнен білдіңіз?
Жауап: Мен оны әуелі Дулатовтан, мені кешке қарай редакцияға келіп кетдеген күні естідім. Мұны ол институтта айтты ма, жоқ, көшеде айтты ма, ол жағы есімде жоқ.
Сұрақ: /Дулатовқа/ Ол оқиға сіздің есіңізде ме?
Жауап: Жоқ, онщдай әңгіме болған емес .
Сұрақ: /Битілеуовке/ Сонымен Сіз әлгі жиналысқа келдіңіз, әрі қарай не болды, соны айтыңыз.
Жауап: Иә, мен сонда болдым... Ол мәжілісте Дулатов мен өз адамымыз деп таныстырды.
І том 32-бет
Сұрақ: /Дулатовқа/ Азамат Дулатов, мұндай жайдың болғаны рас па?
Жауап: Бұл адамды жиналысқа шақырып, өзгелерге мұны таныстырғандай жағдай болған емес.
Сұрақ: Мәселен, Битілеуовпен бірге Халел Досмұхамедовтың үйінде болдыңыз ба?
Жауап: Ондай жағдай болған емес.
Сұрақ: /Битілеуовке/ Мүмкін сіз кейбір жайларды нақтылып айтып, оны Дулатовтың есіне түсірерсіз?
Битілеуовтың жауабы: Дулатовтың ол үйде болғанын мен білемін. Ол үйде орындықтар жоқ болатын, сондықтан да біз қазақша малдас құрып отырдық. Бұл мәжілоісте ұйымдастыру мен ұйымнық бағдарламасы мен жарғысын талдау мәселесі қаралды. Бағдарламаны бірнеше адамның бірігіп жасауы мүмкін емес қой, сондықтан оны Дулатов пен Халел Досмұхамедовке тапсырды, әлде біреуіне ғана тапсырды ма екен...
Сұрақ: /Дулатовқа/ Мүмкін мұндай жайды енді есіңізге түсірген шығарсыз?
Жауап: Ондай мәжіліс өткен жоқ. Менің Битілеуовке қоятын сұрағым бар: қандай ұйым туралы айтып отырсың?
Битілеуовтың жауабы: Бір кезде “Алашорда” боды емес пе, мен мұны сол ұйым ғой деп ұқтым, “Алашорданың” бағдарламасы деп түсіндім, мен бұрынғы “Алашордашы” ретінде, бұлардың қатарындағы сарбаз – жігіті есебінде бұрынғы жетекшілерімнің айтқанына көніп, соңдарынан ере бердім.
І. Не жиналыс екенін өзі білмейді, Қызық.
Дулатов: Мұның сөзінен менің түсінгенім мынау: біз ол жиналыста “Алашорда” ұйымының мәселесін және сол ұйымның бағыты мен жарғысын талқыға салыппыз. Бұл ешқандай да қисынға келмейді, өйткені кезінде “Алашорданың” өзінің бағдарламасы болды, демек оны талқылайтындай ешқандай да қажеттілік жоқ.
І. Жақсылап тұрып өтірігін шығарған.
Битілеуов: Әйтеуір астыртын ұйым құрғылары келді. Егерде оның
І том 33-бет
Ещқандай құпиясы болмаса, онда не бұл мәселе пәтерде оңаша талқыланады. /Бұның да логикасы дұрыс – Т.Ж./
Сұрақ: /Дулатовқа/ Демек Битілеуов өтірік айтып тұр ғой?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Оның сізге жала жабатындай қандай өкпесі бар еді?
Жауап: Ондай өкпе біздің арамызда болмаған сияқты.
Сұрақ: /Битілеуовке/ Сіз Орынбордан Болғанбаев пен Әбіловтың Орынбордан неге келгенін білесіз бе?
Жауап: Білмеймін.
Сұрақ: Олар қандай мақсатпен келді?
Жауап: Менің ойымша оларды мұнда жіберген Орынбордағы дәл дәл осындай ұйымның адамдары.
Дулатовқа қойылғасұрақ: Бұл туралы сізге мәлім бе еді?
Дулатовтың жауабы: Ол не солай болуы керек деп жорамалдап соғып отыр ма, әлде, нақты сол деп отыр ма?
Битілеуов: Мен ол туралы білетінмін. Орынбордағы ұйым Болғамбаев пен Әділевті байланыс жасау үшін Ташкентке әдейі жібергенін анық білемін.
Дулатовқа қойылған сұрақ: Олардың келуінің мақсатын білдіңіз бе?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Жиналыста болдыңыз ба?
Жауап: Жоқ, ал Досмұхамедов Халилдің үйіне барып тұрғаным рас.
Сұрақ: Әділовтің де неге неге келгенінің мәнісін сіз білесіз бе?
Жауап: Жоқ.
Дулатовқа қойылған сұрақ: Болғанбаев пен Әділовтың Бұқараға баруының себебі Сізге белгілі ме?
Жауап: Олардың қандай мақсатьпен кеткенін білу былай тұрсын, мен олардың онда барғанынан да хабарсызбын. Сол кезде мен Ташкентте ме екем, соны білгім келеді?
Битілеуов: Мен кеткен кезде сіз Ташкентте болатынсыз, ал мен қайтып келгенде Сізді үйіне кетіп қалды деді.
І том. 34-бет
Сұрақ: Демек сіз Бұқараға барып қайттыңыз ғой?
Битілеуов: Иә, барып қайттым. Мен бір кезде өзімнің ұстазым болған Арифовке жолығуға бардым.
Сұрақ: Ал Дулатов ол кісімен таныс па еді?
Жауап: Оны ашып айта алмадым.
Дулатовқа қойылған сұрақ: 1921 жылы сізбен байланыс жасау үшін Валидовтан бір башқұрт келіп жолықты ма?
Жауап: Ешқандай да башқұртты білмеймін.
Битілеуовке қойылған сұрақ: Бір башқұрт адамның келгені сізге белгілі ме, жоқ па?
Битілеуов: Ол адамды менің өзім көргенім жоқ, бірақта Дулатов пен Битілеуовтың әңгімесінен ол башқұрттың келіп – кеткенін анық білемін.
Сұрақ: Ол әңгіме қандай жағдайда қозғалып еді?
Жауап: Әлде редакцияда ма, әлде пәтерде ме, есімде жоқ, бірақ та Дулатовтың Исполовқа: “Сен оның қалай көрмей қадың, оның басында үлкен ұалпағы бар еді” – деп айтып жатқанын естіп қалдым. Мен олардан кім туралы әңгімелесіп тұрғанын сұрадым, сөйтсем бір башқұрт келіп кетіпті, әрине ол Валидовтың адамы, оның қайдан келгенін білмеймін. Менің өзім оны көргемін жоқ, бірақта ол адамның башқұрт екенін анық білемін.
Дулатовқа қойылған сұрақ: Башқұр туралы Испуловпен сөйлескеніңіз есіңізде жоқ па?
Жауап: Жоқ.
І. Осыдан кейін екеуі де қолын қойған. 128-132 беттер. Бұған қосымша түсініктер дәптерде және таспада бар.
І том 35-бет
Стенограмма.
Әділев Дінмұхамедтен алынған жауаптың хаттамасы.
3 ақпан. 1929 жыл. /240-251 беттер/
Басы жазылған: онда террор туралы ұзақ толғайды.
“Айтпақшы, Испуловтың үйінде Голощекин туралы әңгіме болды. Онда Голощекиннің өміріне тікелей қауіп төндіру жөнінде мәселе қозғалған жоқ. Тек Голощекин қақында ғана сөз болды. Онда қатысып отырғандардың барлығы да: егер де реті кесе оған қастандық жасаған артық болмас еді, бірақ та бұл өте қиын дүние, бұл біріншіден;егер қастандық жасала қалған жағдайда бүкіл халыққа қатты күйзеліс әкеледі – деген қорытындыға келді. Сөйтіп, біз үшеуіміз осы тақырып төңірегінде әңгімелестік, алайда бұл мәжілісте нақты шешім қабылдағамыз жоқ.
Менің ағайым тұтқындалғаннан кейін екінші рет келгенімде ол әңгімеге қайтып оралғамыз жоқ.
1928 жылы жаз айында мен Шымкент қаласына келіп Аймауытовпен жолықтым. Әңгіме арасында Голощекин жөнінде сөз қозғалды. Оған дейін мен одан: Шымкент губерниялық атқару комитетінің предаседательі кім деп сұрағанымда, Аймауытов: - “Макин. Ол жерде оңбаған бір бұзықты қойды” – деп жауап берді. Содан кейін: Жетісу губерниялық атқару комитетінің председательі кім – деп сұрады, бұрын ол орында Әбілевтің отырғанын білетінмін, оған да бір бұзақы қойды – деді Аймауытов Ташкентке бару бармауым туралы Аймауытовпен ақылдасқаным туралы да айтқанмын. Ол сол жолы қатты мазасызданып: Әйтеуір бір қара түнек төніп келеді, дүниенің астан-кестеңін шығарып, асты-үстіне төңкеріліп барады, айналаң тоған тыңшылар мен “үндеместер”, тынысыңды тарылтып, алға бастырмайды, барлық жерде де тыныштық кеткен, қайда барсаң да аңдудан құтылмайсың – деп мұңын шақты.
І. Демек сол кезде аңдып жүрген болды.
Қазақстанды шыңырауға тастап, қатты күйзелтті, соның барлы-
І том. 36-бет.
ғына Голощекин кінәлі. Сол келгеннен бастап дүние асты-үстіне төңкерілді – деп мұңын шақты.
Сөйтіп, біздің әңгімеміз Голощекин жөнінде болды . Әңгіме арасында не ол екені, не мен екенім есімде жоқ, әйтеуір біреуіміз оған қастандық жасамаса болмаспа екен дедік. Аймауытов өзінің мұны қастандықты қолдайтынын білдірді. Ол маған: “Ол қолдан келе ме, жоқ па, білмеймін. Сен өзіңнің ауылыңа қайта бер, мен жолай Ташкентке соғамын, одан Қызылордаға барамын, сонда Ходжановпен, Дулатовпен ақылдасамын, сен өзіңнің адамыңды жібер, барлық сұрағыңа жауапты сол арқылы беремін” – деді.
І. Осы сөз пәле боп жабысып, Жүсекеңнің басын жұтты- ау.
Сондықтан да, 28 жылы күзде Нұрланды Қызылордаға жібердім де, оған Голощекиннің қазір қайда екенін Дулатовтан сұрап біл – деп тапсырма бердім. Осыдан-ақ ол істің мәнісін айтқызбай түсініп, не істеу керектігін айтар деп ойладым. Нұрланның не деп және қалай жеткізгенін білмеймін, бірақта мен Нұрлан арқылы Голощекиннің өмріне нақты қандай жолмен қастандық жасаймын деген сөзді қадағалап сұрағамын жоқ. Тек Дулатовпен әңгімелесе қалған кезде Голощекиннің қайда екенін біл деп қана айттым.
Қайтып оралғаннан кейін Нұрлан маған, Дулатовтан Голощекиннің қайда екенін сұрағанын, сонда ол: Голощекин қазір Қызылорда қаласында тұрады, бірақта, Голощекиннің өміріне қастандық жасау мәселесі әзірше ашық қалды, себебі, біреудің көзін құртқанмен бәрібір екіншісі келеді. Сөйтіп, жаппай жазалау басталады, ал біз мұнда үй-ішімізбен тұрғандықтанда қол-аяғымыз байлаулы, сондықтанда бұл әрекет өзінің кері нәтижесін беруі мүмкін, - деп жауап бергенін айтты.
Ол кеде Аймауытов Шымкент қаласында тұрса да Қызылордаға жиі-жиі барып – келетін. Мен онымен 28 жылдың
І том. 37-бет.
жазында жүздестім, ал Дулатовпен және Испуловпен 27 жылдың /28 жыл деп жазылып, қайтадан 27 деп түзетілген – Т.Ж./ көктемінде әңгімелескемін. Нұрлан Дулатовтан Голощекиннің қайда екендігін сұрағанда, Дулатов өзінше Голощекинді жолдан ысырып тастайтын кез келдіме деп сұраған болуы керек деп түсінген болуы мүмкін. Голощекинді қай жерде, кім, қалай өлтірді деген мәселе ашық қойылған емес. Ал тек қана өзімнің күшіме сеніп, тәуекелге баруға менің шамам жетпейтін. Әңгіме тек Голощекинге ғана қатысты еді, өзгелер жөнінде сөз қозғалған жоқ.
Сұрақ: Сіздің Голощекиннің өміріне қастандық жасау ойыңыз бар екенін Нұрлан білді ме?
Жауап: Әрине, біздің Голощекинді жек көретінімізді, барлық қазақ ұлтшылдарының оған өшпенділікпен қарайтын, оны жолдан тайдырып жіберу әрекетінің ойымызда барлығын Нұрлан біледі.
Мен өзімнің бұрынғы жауаптарымда бұл оқиғаға тоқталмап едім, өйткені бұл мәселе қозғалмаған болатын. Өзімнің өмірімнің еңіске қарай құлдырай бастаған кінәлі кезім туралы қысқаша баяндап бергенімде Сіздер Орынбордағы, Ташкенттегі және Орта Азиядағы астыртын ұйымдарға байланысты жайлар жайына қатты назар аударып, соны сұрай бастадыңыздар. Соңғы оқитғаға кезек бермедіңіздер және нақты сұрақ қойылған жоқ. Мен Голощекин туралы әңгімені айтпай- ақ қояр едім, бірақта мен еш нәрседен қоырқпаймын, оны айтудан сескеніп те тұрғамын жоқ, өйткені мен ақырына шейін тек шындықты айтуға бел будым.
Біздің жиналысымызға /лезде басқа жаққа ауысқан – Т.Ж:/: Мен, Дулатов пен Испулов, сондай- ақ маған Ағабек Байдуллаев қатысқан сияқты көрінеді де тұрады. Ол әңгімеге араласқан жоқ, бірақта осы әңгімелердің куәсі болды. Мен Шымкентте болған кезімде бұл тақырып туралы оған ештеңе айтқакмын жоқ, Сары – Арқада да оған айтпадым. Ағабек бұл әңгіменің шет жағасын білуі тиіс.
І том 38-бет.
Алдағы жауаптарға түсінік:
І. Ағабек өзінің қылмысы дәлелденбегендіктен ісін жабу туралы арыз берген. Тергеушілер оны шығармау үшін “сылтау” іздеп отыр. Оны Д.Ә. аузына екі үшті қылып салып отыр. Соның өзі тергеуді ұзартуға толық жетіп жатыр.
Д.Ә. оған ештеңе айтпаса, ол бәрін қайдан біледі. Тергеушілеренді ел ішіндегі адамдардан қылмыскер іздеуге көшкен. Байларды.
Шумилов барып теріп келген деректермен танысса к/к. Қолдарында болған. Онда Д.Ә. – Битембай, Бақай, Мәдібек тарақтылар туралы айтып, оларды Әубәкіровтің ісіне қатыстығын айтады. Содан кейін:
Сұрақ:Нұрлан арқылы сізге берген Дулатовтың соңғы тапсырмасы не туралы еді?
Жауап: Нұрлан арқылы ол бізге: Ел жұрттан бір күншілік жердей алыстап саяқ жүрсін, адамдарды үнемі шолғыншылыққа жіберіп тұрсын. Бұл – уаықтша ғана құбылыс. Дегенменде Қытай жаққа қарай ақырын жылыстай берсін – депті. Оның мәліметіне қарағанда /250 бер/ Қарқаралы округінде шамамен 80 адамды біріктірген қарулы топ бар екен. Ол топта оның жақсы танысы бар көрінеді., кім екенін ол айтқан жоқ, алайда бізде осы топпен байланыс жасап, Қытай шекарасына қарай өтіп кетуге тырысыңдар деп кеңес беріпті. Ол: өздерінің де тұтқындарын күтіп отырғанын, егер де олар жаппай қамауға алу жөнінде бір нәрсе сезе қалса- ақ болды Қызылордадан қашып шығып, біз қырда болайық, не Қытай өтіп кетейік, бәрібір бізді тауып алып, бірге болатынын айтыпты. Ол – ең дұрыс жол – Қытайға өтіп кету депті. Содан кейін тағы да: Сұлтан Сәдуақасов Москвадан Қызылордаға келісімен онымен жолығып, одан біз туралы сұрап біліпті де біздің жайымызды естіген соң: оның өзінің де бізге қосылатын күнінің алыс қалмағандығын айтыпты. Дулатов сонымен қоса біздің өте берік болуымызды, өзімізді - өзіміз қатал ұстауымызды тапсырыпты. Шынын айтсам, Сұмағұл Сәдуақасовтың жаңағы сөзі мені қанаттандырып жіберді, көңілім көтеріліп, еңсем биіктеп қалды. Мұны өзге емес, анадай беделді қызметкер
І том 39-бет
өзі Москвада істейтін Қазақстанның тарихында аса үлкен роль атқаратындай аса беделді қайраткер, үлкен коммунист айтып отырса қуанбағанда қайтесің. Егерде Сұмағұл Сәдуақасовтың өзі осындай мәлімдеме жасаса, онда жағдайымыз шынында да төзгісіз екен ғой деп ойлаймын. Қазақстан – түрмеге айналыпты, бұдан ебін тауып құтылу керек екен деп шыштім.
Қазақстандағы астыртын әдебиет үйірмесінің бар екендігі туралы мен ештеңе естігемін жоқ. Ұлтшыл көсемдердің жанама аттары маған белгісіз. Мен Ташкентте жүрген кезімде бір күні маған Байтасов па, әлде басқа біреу ме, ұмытып қалдым, маған Жұмабаевтің бағдарламасын көрсеткені есімде. Өзімнің әдеби үйірмеге тікелей қатысым болмағандықтанда оған қатысқан жоқпын, ол жөнінде ештеңе айта алмаймын.
Д. Әділев.
Сұраған: ПП ОГПУ- дің КССР бойынша шығыс бөлімінің бастығы – Петров.
Үйірмені білмейді, ендеше, платформаны қайдан көрген?
І том 40-бет
252 – бет .
Жәленов Кәрім Жәленұлы
Орал губерниясы, Байгужин болысы, Жампиты уезі, №4 ауыл.
Білімі орта. Ауыл шаруашылығы институтының курсын бітірген. Әйелі ............ Сергеевна Жәленова, 33 жаста, мұғалім. Гурьев қаласында тұрады.
1916 жылға дейін шәкірт.
1917 жылдың І/ІІІ дейін тылдағы қара жұмыста болған.
23/24 жылдары ауыл шаруашылық курсында оқыған.
1924 жылдан бастап Киринпростың жоспарлау саласында жұмыс істеген.
1929 жылы 8 қаңтар күні ұсталған.
Гурьев округтік ОГПУ- дің бөлімі. Ордар №49.
Сұрақ ақпан айында алынған.
Айып тағылмаған.
Істе суреті бар.
Жәленов Кәрімнің жауабының хаттамасы.
6 ақпан. 1929 жыл.
Жәленов Кәрім – 40 жаста, ең соңғы тұрған жері –Гурьев.
“...1916 жылы майданда болдым, Ол арада мені Орал қаласындағы Қазақ ұйымдастыру комитеті шақырып алды. Бұл Уақытша Үкіметтің тұсы еді.
Ол кезде жалғыз мен емес, бүкіл қазақ зиялылары өтіп жатқан оқиғаның аласапыранын түсінбеді, бәрімздің жалғыз мақсатымыз автономия алуға қол жеткізу болды. БЛелгілі бір саяси бағыт бағдарлама, партия жоқ еді, тек 1917 жылы Семей қаласында “Алаш” партиясы құрылды, алайда олардың бағдарламасы бізгі жеткен жоқ, ол туралы біз ештеңе де білмедік. Бұл партияны ұйымдастырғанда, менің ойымша, Бөкейханов, Байтұрсынов және Дулатов болуы керек. Біз алашорда құрылтай жиналысы арқылы автономия жарияланатын шығар деп ойлаймыз. Қазан Төңкерісінен кейін Орынбор қаласында бүкілқазақ құрылтай өтті, бұл анығында нағыз құрылтай емес еді, тек шақырылған адамдар ғана қатысты.
І том. 41-бет
Бұл құрылтайдың ұйымдастырушылары – Бөкейханов, Байтұрсынов және Дулатов болды, егер қателеспесем. Бізге кейінірек жеткен хабар бойынша, осы құрылтайда автономия құру туралы қаулы қабылданыпты.
І. К. Жәленов бұл арада Орынбор мен Семей құрылтайының орынын ауыстырып алған.
Бұл жолы сол заманның Гдлян, Иванов, Калининченколары бірден саяси айыптан бастаған. Бұрынғыларында “жортып” жүретін еді.
Орталықтағы екі дүниенің аласапыраны туралы біз ештеңе де білгеміз жоқ, ол туралы түсінігіміз де жоқ болатын. Ол кезде: “Қазақ халқын казактардың қарақшылығынан қорғайық!” деген ұран тасталған болатын, сол ұранның ықпалымен халықтық жасақ /милиция/ ұйымдастырылды. Алайда іс барысында халқының мүддесі мен оны қорғау және аман-есен сақтау үшін казактармен, Орал облысында ұйымдастырылып жатқан Казак әскери Үкіметімен байланыс жасалды, оны жүзеге асырған Жаһанша Досмұхамедов басқарған “Алашорданың” батыс бөлімі еді. Мен ол кезде облыстық Земство басқармасының мүшесі едім. Біз қазақтарды казактардың бейбастақтығынан қаруды мақсат еттік. Казактармен арадағы келісіміміздің басты тегершісі мынау болды: олар бізге ерікті түрде жасалған қамқорлық ретінде қару-жарақ беретін болды, ал біз оларға ат бермек болдық және т.с.с. Ол кезде Земство “Алашорданың” менщікті органы тәрізді еді. Сол кезде халық жасағы /мелиция/ құрылды. Біз Урал казактарымен келісім жасадық. Келісім барысда екі жақта: “Қызыл әскермен күресеміз!” – деген ұран тасталды, алайда айып өткенімдегідей, казактармен келісім жүргізе отырып оған қоса қазақ халықын тонау мен зорлық-зомбылықтан қорғау үшін жасақ жасақтадық. Мұның барлығы 1918 жылы жүргізіліді.
1919 жылдың басында Оралы қаласы қызыл әскерінің қолына көшті, содан кейін 1919 жылы Түрфонттың өкілі Лежава Мюрат пен оны білетін Жаһанша Досмұхамедовтың арасындағы келісім рәсімі басталды. Досмұхамедов халық жасағын ертіп облыстың солтүстік
І том. 42-бет.
бөлігін аралап шықты, бірақ қандай мақсатпен шолып шықты, ол жағын білмеймін. Ол кезде терістік жақта қызылдар жоқ болатын. Әскерлердің арасында қақтығыс болды ма білмеймін, алайда аралап шыққаны анық. Лежева Мюрат казактарға қарсы аттаныңдар деп ұсыныс жасады. Біз ол жөнінде ештеңе естігеміз жоқ, тек Ойылды 3-ші татар полкі басып алғаннан кейін ғана хабарландық. Осы армиямен келісімге келгенен кейін ғана халықтық жасақ Қызылқоға ауданына бекінген казактардың полкі мен дивизиясына қарсы соғысуға аттанды. Полктің штабы басып алынды, отряд қарусыздандырылды, тек үшінші күні ғана татар полкі келіп жетті. Содан кейін ғана Түркфонттың өкілі, аты-жөнін ұмыттым, және Қазақ Ревкомының өкілі Бегімбетов келді.
Бұл 1920 жылдың қаңтар айы еді. Біз татар полкімен 1919 жылдың аяғында қосылдық. Дәл сол кезден бастап бұл арада кеңес өкіметі орнады. 1920 жылдың қысында көптеген қызметкерлер Орынборға аттанып, Кирревкомның қаруына алынды. Орынборға келісімен бес адамды: қос Досмұхамедовтерді, Абишовты, мен және Қашқынбаевты ВЦИК-тің қарамағына жіберді. Маусым айының басында бізді қайра Кирревкомның қаруына жіберді, мен онда хатшы болып істедім. Бұл Орынбор қаласында болды.
Мен онда қазан айының ортасына дейін істедім. Содан кейін ТүрЦИК – тің өкілінің Кирипросқа шақыру бойынша Ташкентке жүріп кеттім. Менімен бірге онда Испулов барды және Семейден бірнеше мұғалім келді. Ташкентте мен Киринпросқа сабақ бердім. Қос Досмұхамедовтар мен Қашқынбаев ол кезде Ташкентте еді, кейін оларға Дулатов, “Ақжол” газетінде істеген Бірімжанов кеп қосылды. 1921 жылы жазда жікшілдік мәселесі бойынша Байтұрсынов пен Мырзағалиев келді. Болғамбаев пен Киринпроста істейтін Әділов Дінмұхамед те сонда болды. Әділов Орынбордан келген еді. Оның келу мақсатын мен білмеймін. Болғамбаевпен сирек ұшырастым, ал Әділевпен жиі кездесіп тұрдым, өйткені екеуімізде Киринпроста бірге істейтін едік.
І том. 43-бет,
Бір жолы аштарға көмек көрсету мәселесә жөнінде мәжіліс өтті. Сол жолы Досмұхамедовтермен қоса Дулатов, Қашқынбаев, Испулов, Диваев, оның қайда істегенін білмеймін, кейіннен /қырғыз болуы-да – Т.Ж./ Жер жөніндегі халық комиссары Қазақ республикасының болып істеді ????????, ұлты – қазақ. Біз суретке Дулатовты шығарып салуға байланысты түстік- ау деймін. Оны ұйымдастырушылар не Болғамбаев, не Бірімжанов болды. Бірімжановпен жиі кездесіп тұрдым. Қысқасын айтқанда, жоғарыдағы аты аталғандамен жиі жүздесіп тұрдым. Аштыққа ұшырағандаға байланысты мәжіліс институтта өтті. Бұл өте үлкен жиналыс еді. Ал Домұхамедов Халилдің үйіне жай ғана қонақ ретінде жиылдық.
Сөзі нақты. Суреттің тарихы айтылған.
Жиналыс-ұйым емес, деді.
Мен Валидовты 1920 жылы алғаш танысқан кезімде көрдім. Оның 1922 жылы Ташкентке жасырынып келгенін, бірақ та партияның ОК нен кешірім сұрау үшін келгенін білемін. Мен онымен сол жолы кездестім, оны маған Бірімжанов алып келді де тағы да таныстырды, өйткені мен оны бір рет көрсем де ұмытып қалыппын. Валидов маған: парияның Орталық Комитетіне өтініш бергенін, өзінің берілетін туралы мәмілеге келісу үшін келгенін айтты. Бірімжанов оны маған институтқа алып келді, онда менен басқа ешкім жоқ болатын. Мен оның Самарқанд облысында жасырынып жүргенін, бірақ та өкіметке берілмегенін білетінмін, бірақ та оның себебін анық білмеймін. Кейін тағы да бір рет институтта жалғыз отырғанымда көрдім. Ол маған: жауапты қазметкерлермен тіл табыса алмадым, енді Персияға кетемін – деді. Кіммен келісім жүргізетінін ол маған айтпаы. Содан кейін ол Бірімжановта болды.
1921 жылы Бірамжанов Бұқараға аштарға көмек – жылу жию үшін барды ғой деймін, оның басқа ойы болса оны білмеймін. Ол уақытта жұрттың біразы кеңес өкіметінің бағытын қостай қоймайтын. Мен ол кезде социализмнің орнайтынына сенбедім, белсеніп қарсы шықпасыма, 85 проценті қайыршыланған шаруалардан тұратын елде
І том. 44-бет.
социализм орнату мүмкін емес сияқты көрінді. Ешқандай саяси ұйымның мүшелерініне кіргемін жоқ. Социализмнің орнауына деген сенімсіздіктен мен 1923 жылға дейін, қашан Ташкенттен кеткенімше арыла алмадым.
Алайда кеңеске қарсы қандай да бір астыртын ұйымның бар екендігін мен білгемін жоқ. Валидов туралы әңгімелерді де естігемін жоқ. Менің білетінім, Бірімжановтың Бұқараға аштарға көмек жиып қайту үшін барғаны ғана.
Торғай ісі қаралып жатқанда мен Оралда болатынмын. Ол соттың барысы жөнінде ештеңе естімедім, тек Байтұрсыновтың ісі жөнінде мағлұмат болды. Байтұрсынов пен Дулатовты аштарға жиған дүниелерді өздерінің сіңіріп алды деген желеумен іс қозғаған болатын.
Ташкентте жүргенде Досмұхамедовтың үйінде және институтта Испуловтың қатысуымен өзара әңгімелескеніміз бар, бірақ ол жекеше сөз ғана болатын. Онда Досмұхамедов: жерге орналастыруды жеделдету керек, содан кейін өзбектердің Шымкент облысын отарлауын тоқтату керек, қазақтардың арасындағы оқу жүйесін кеңейту керек деген пікір білдірді. Бұл – 1922 жылы еді.
Оның өмірлік жалғасы табылмады, өйткені Испулов Жер жөніндегі халық комиссариатының алқа мүшесі, ал Табынбаев Оқу ағарту халық комиссары болатын.
Мен Оралда тұрған кезде ондай мәжілістер өткен жоқ. /256 бет/ Қолы қойылған. Жәленов.
Сұрақ алған Шығыс бөлімінің бастығы – Петров.
6 ақпан. 1929 жыл.
І. Ашық, әділ, турасын және ешкімді сатпай айтқан жауап осы К.Ж.
Осы сұрақ-жауаптан кейін мынадай қаулы шығарылды. Келесі бетте
І том. 45-бет.
Қаулы.
1929 жыл, ақпанның 10 күні, Қызылорда қаласы.
Мен, ПП ОГПУ- дің Шығыс бөлімі бастығының көмекшісі, ҚССР бойынша өкілі – Саенко, бүгінгі күні №6 іс бойынша тергеуде жүрген Жәленов Кәрімді Қылмысты Істер Кодексінің 58-7, 58-11, 59-3 баптарына сәйкес айыпқа тартылғандықтан былай деп тауып:
Кәрім Жәленов – кеңес өкіметін құру үшін құрылған астыртын конт – революциялық ұйымның мүшесі және Орта Азиядағы басмашылар қозғалысына көмек көрсеткені үшін Қылмысты Істер Кодекстінің 128 және 147 баптарына сәйкес мынадай
Шешім қабылдадым:
Жоғарыда жазылған айыптардың негізінде Жәленов Кәрімді айыпкер ретінде тергеуге тартылсын. Қылмыстың алдын-алу мақсатымен ол – ПП ОГПУ-дің ҚССР дегі түрмесіне қамалсын.
Шешімнің көшірмесі орындалу үшін ҚССР бойынша ППОГПУ – дің РСО жіберілсін.
Шығыс бөлімінің бастығының орынбасары – Саенок.
“Келісім” Шығыс бөлімінің бастығы – Петров.
“Бекітемін” ОГПУ-дің ҚССР бойынша төтенше өкілі – Волленберг:
Бұл айып маған таныстырылды. Өзімді айыптымын деп есептемеймін. “Не” деген сөз ерекшелену үшін сиямен жазылған. Айыпкер – Жәленов. Сол күні дәл осындай айыппен:
А. С. Исупов, Міржақып Дулатов, Хайретдин Болғамбаев, ал ақпанның ІІ күні Испулов Мырзағазы, Битілеуов Дамолла, Бірімжанов Ғазымбек туралы шешім шығарып, оларды тұтқындауына байланысты қызметтерінен босату туралы қатынас жасалған. Үлгісі мынадай:
“Азамат Міржақып Дулатұлы “Еңбекші қазақ” газетіндегі 3 қаңтардан бастап редакциясындағы әдеби қызметкер міндетінен босатылған, себебі яғни тергеу ісіне тартылған күннан бастап босатылсын, сол жағдайды Дулатовтың қызмет орны – “Еңбекші қазақ” газетіне хабарлансын”.
Сосын жоғарыдағы үшеуінің қолы қойылған.
І том. 46-бет.
272 – бет. Байдуллаев Ағабектің тергеуінің хаттамысының стеонограммасы. Ауызба-ауыз жазбасы.
4 ақпан Әділов Дінмұхамедпен 1922 жылдан бастап танысады. Мен өз ауылымнан шыққан емеспін, сондықтан да жұмыссыз жүрдім. Тамыр танысым аз болды. Содан кейін 1925 жылы мен Дінмұхамедке бардым, бұл кезде ол Шымкенттің губерниялық сотында хатшы болатын. Оның танысы көп болғандықтан да одан мені жұмысқа орналасуыма көмектесуін сұрадым. Ол: мен таяуда Қызылордаға барамын, сонда мен менімен бірге жүр деп ұсыныс жасады. 1925 жылы шылде айында мені, Дінмұхамед оның бауыры Асқар және оның әйелі бәрәмәз Қызылодаға келдік, онда Ходжановтың пәтеріне орналастық.
Дінмұхамед маған және өзінің бауыры Асқарға Қылмысты Іздестіру бөліміне орналастыру туралы хат жазып берді. Бізді арада қызметке алды да, мені Әулие-Атаға жіберді, ал оның інісі Асқар онда барғысы келмеді. Мен ол жерде 1927 жылға дейін қызмет еттім, қызмет орнының қысқаруына байланысты жұмыстан босап қалдым.
Наурыз айының басында біздің ауылға Әділев келді. Жайылма деген жерде ол өзінің ағасы Байсейіттің ұсталғаны туралы хабарды естіді де ол сол арада қалып, қазір Тама ауданында милиционер немесе шабарман болып жүрген Оразбек Наубаевті Шымкентке жіберіп, Байсейітті ұстаған кім және не үшін ұстады екен соны біліп кел деп тапсырма берді. Ол ауылға қайтып келген соң: Байсейітті Қызылордаға жіберіпті деген хабар айтты. Содан кейін Аймауытовқа жолыққанын, оның Дінмұхамедтің өзі осында келіп кетсін деп тілек білдіргенін айтты. Дінмұхамед өзімен бірге Қызылордаға барып, ағасының жағдайын біліп қайтуды ұсынды. Мен оған борыштар болғандығымнан да жігіттің серігі болайын деп келісімімді бердім де, шешем мен туыстарымның алдынан өтейін деп рұқсат сұрадым.
І том. 47-бет.
Бұдан кейін Қызылордаға бардым. Өзі далада сексеуілден күрке жасап алады да Ағабекті Испулов арқылы Сұмағұл Сәдуақасовқа жіберді, ол арқылы Сәкен Сейфуллинмен хабарласып, хат жолдайды. Онымен Испуловтың үйінде кездеседі.
“...Дінмұхамед Голощекинге қастандық жасау туралы сөз қозғады, Испулов ештеңеде айтқан жоқ, ал Дулатов: “Голощекинді жолдан тайдырғанмен оның орынына басқаны қояды, одан қандай пайда бар” – деді. Оның сөзін Испулов та қостады. 274 – бет.
Бұл да Әділовпен қалай бірге ұсталғанын, Міржақып Дулатовқа қалай хат әкелгенін айтады. Әгіме ұсталумен тәмәмдалады.
І том 48-бет
Халел Ғаббасов.
ҚСР Республикасының Прокурорына
Мемлекеттік Жоспарлау мекемесінің Президиум мүшесі, ғылыми қызметкер, ПП ОГПУ- дің түрмесінің №.... камерасындағы тұтқыны .........../ бұдан кейінгі сөздер таспаға жазылған – Т.Ж./
Соған қарамастан, тергеу ісінің барысы мен оның алған бағытына қарағанда істің анық қанығына жетіп, нақты мәнісі ашылуына, менің пайымдауымша, әлі алыс, сондай- ақ, мен қазіргі емес, өткен кездегі қайраткерлерлігім үшін айыпталатын сияқтымын.
Менің өмірімнің өткен кезеңіндегі, “Алаш ордаға” байланысты қайраткерлігім мен іс-әрекетім ЦИК-тің /1919 жылғы және 20 жылғы/ қаулысы арқылы кешірімге жатқан болатын. Сондықтан ол жөніндегі / менің бұрынғы кездегі/ әрекеттерім менің бүгінгі күнгі қызметімді қаралау үшін алдыма көлденең тартылып отыр деп сеніммен айтуыма болады.
Мен бұған былай деп ашық мәлімдей аламын: кеңестің жауапты қызметкерлерінде болған соңғы 9 жылғы еңбегімнің барысында мен мемлекетке қарсы әрекет істемек түгілі, ондай пиғылы бар- ау деп күдік келтірерліктей де мінез көрсеткемін жоқ. Бұл менің өзімнің анық сенімім. Соның ішінде, маған тағылған тағылған айыпты / малды тәргілеуге кедергі жасау туралы/ арам адамдардың ойлап тапқан жәдігөйлік жаласы екенін және арандатуға үзілді-кесілді қарсы екендігімді мәлімдеймін. Сондай- ақ, кейбір қазақтардың Қытайға босып кетуіне менің қатысым барлығы, және айырықша бір жер саясатын жүргізуге менің атсалысқаным туралы /тергеудегі сұрақтардың астарында осындай мән бар/ жайларға да берер жауабым осы.
Жаптым-жала деп маған тағылып не қасақана маған жапсырылып отырған айыптауларға байланысты мен мынаны мәлімдеймін:
1.Мен малды мәргілеу-телімдеу туралы Заң жобасын негіздеген кейбір баптарын талқылаған комиссиялардың төрағасы және хатшы-
І том. 49-бет.
сы болдым. Егерде мен бұл шараның жүзеге асуына шынымен қарсы болсам, онда мен бұл жұмысқа қатысудан бас тартқан болар едім, оның үстіне, бұл мәселе Мемлекеттік жоспарлау мекемесіндегі ешқандай да қатысы жоқ болатын.
2.Өз ауылымда демалыста жүрген кезімде менің іштей қарсылығымды /психологиялық жағынан алғанда/ туғызатындай туыстарымның ішінен тәргіге түскен ешкім болған жоқ. Байларды кедейлерден қорғап не олраға – байларға әсер етіп, басшылық жасайтындай және кедейлерді байларды әшкерелеуге кедергі жасайтындай мүмкіндік менде болған жоқ, себебі, тәргілеу менің ауылымның 80-120 шақырымдай шалғай жерде өтіп жатты.
3.Мен ешқашанда /тіпті мен кеңеске қарсы адам болсам да/ ешкімге де Қытайға кету туралы ақыл бермес едім, өйткені, мұндай басудың соңы неге әкеліп соққанын бұрынғы кездің бүліншілігі арқылы бәріміздің есімізде/ 1916,17,18 жылдардағы оқиғаларды еске алсақ та жеткілікті/ - босқандардың барлығыда жаппай қырғынға ұшырап, талан – таражға түсті. Оның үстіне мен тұрған ауылда ондай жағдай болған емес. Жер туралы мәселемен айналысқан емеспін, ол аудан жер мәселесімен/ егін салу мағнасында-Т.Ж./ айналыспайды. 1922 жылдан бастап Семей губерниялық жер басқармасынан кеткеннен кейін және Мемлекеттік Жоспарлау мекемесінде істеп жүргенде де жер мәселесімен айналысудың реті келмеді, себебі мен онда сауда мен коперация жүйесі саласында жұмыс істедім.
Жоспардағы баяндалған жайдың мәнісене орай және ешқандай кінәсізден кінәсіз күйі 55 күн түрмеде отыруыма байланысты Сіздің – менің тергеуімді тездетіп, менің кісімді жан-жақты және әділетті тексеруді немесе мені түрмеден босатцды өтінемін.
9/ХІІ-28жыл.
Прокурорға жолдануға тиіс бұл арыз көк сия қарындашпен жазылған. Әрине, Халел Ғаббасовтың бұл шағымы жоғарға жолданбаған. Оны прокурор көрсе де назарға ілмеген. Істе тігулі күйінде қалған.
І том, 50-бет.
ПП ОГПУ – дің ҚССР бойынша өкілі Воленбергке /Жеке өзіне/ №3 камерадағы тұтқын Ғаббасовтан.
Өтініш
Мен, 1928 жылдың 15 қазанынан бастап түрмеде отырмын. 1928 жылы 10 қараша күні маған - байлардың малын тәргілеу науқанынан кедергі жасады – деген Қылмыстық Ереженің 58/ бабының 13 тармағы бойынша айып тағылды.
1928 жылдың 10/ХІ күні басталып, 1928 жылдың 28/ХІ күні аяқталған тергеу барысында қойылған сұрақтар негізімен менің бір кездегі бұрынғы “Алаш орда” тұсындағы іс-әрекетіме қатысты болды, ал тергеушінің сұрақтарының арасында екі не үш тармақ қана маған тағылып отырған айыптың айналысын жалпылама қамтып: І. Малды тәргілеуге деген менің көзқарасым қандай және 2. Кооперация туралы байламмен кеңес өткіздім бе деген т.б.с. сауалдар қойылды. Осы тектес сұрақтардан басқа ешқандай нақты айғақтары жоқ: Қашан қайда және қандай қылмас жасадым, менің қылмыстарымның нәтижесінде қандай зиян келтірілді – бұл туралы менің табанды түрде талап еткеніме қарамастан тергеушілер маған ешқандай да жауап бермеді.
Дәл осы жағдай сұрақ-жауап аяқталғаннан кейінгі бір айдан соң тағы да қайталанды, яғни, 1928 жылдың ХІІ.29 күні тергеуші маған істің аяқталғанын және оның ГПУ- дің коллегиясына тапсырылғанын хабарлады, алайда тергеу материалдары маған таныстырылған жоқ. Тегеушініңмаған берген сұрақтарының барлығында жалпылама – жағдай болғандықтан, менің іс-әрекетім туралы толық мағлұмат алу үшін мен тергеушігі бірнеше адамға жолығып, пікір алуын өтіндім, оның ішінде Мемлекеттік Жоспарлау мекемесінің бұрынғы төрағасы Құлымбетов жолдастың, Халық Комиссарлар төрағасы Нұрмақов жолдастың атын атадым, өйткені менің Мемлекеттік Жоспарлау мекемесіндегі жұмыстарым олармен байлансты болды, сондықтанда олар
І том. 51-бет.
менің жалпы саяси бағдарым мен менің жеке басым туралы толық мінездеме бере алар еді. Алайда тергеушілер бұдан да бас тартты.
Тергеушілердің ауызша айтып беруіне қарағанда/жазба түріндегі қорытындының нұсқасын көрсетумен ғана шектелді/ менің негізгі айыбым – ауылды жерлерді кеңестендіруге үнемі кедергі жасап келді дегенге саяды, олар негізінен мынадай:
І. Маған Дәрігер Павлов дегеннің күнделігінен үзінді алап берді де, сондағы айтылған сөздерді – менің қазақ қызметкерлерін коммунистік партияға қарсы үгіттегенімнің, сол арқылы “тұрақты түрде арандатушылықпен шұғылданғанымның” айғағы ретінде айып қып тағыпты. 1921 жылы жазлыған бүл құжатта /барлық тергеу құжаттарының ішіндегі маған көрсетілген жалғыз айғақ/ мен: “біз коммунизмның қыр еліне тарауына қарсы күрескеміз- мыс” – деп деп айтқан көрінемін. Павловтың кепілдемесіне қарамастан мен қолымды жүрегіме қойып тұрып айтарым – мұндай жайдың ешқашанда болмағанын мәлімдеймін. Екінің бірі: не дәрігер Павлов әлдекімдермен шатастырды, не менің жадымнан мүлдем шығып кеткені болып шығады ғой. Бұл мәселені жасырудың, оның үстіне күнделікке жазылған жайды /әрине мен Павлов қастандық оймен жала жапты дей алмаймын/ бүгіп қалудың ешқандайда қажеттілігі туып отырған жоқ. Мен дәл қазіргі уақытқа дейін ол адаммен таныс емес екеніме сенімдімін және сол пікірде қаламын. Маған түсініксіздігі сол, егер де ол адаммен /Павловпен/ өзінің күнделігінде жазылғанындай “екі сағат бойы шай ішіп, әңгімелескен” болсам, онда оны неге жасырамын. Оның үстіне Павлов қонаққа барған Үкібаевтар 1919 жылдың жазынан бастап Семей қаласында тұрған емес, сондай- ақ, бір рет кезігіп қалған көлденең көк аттыға /Павловқа/ қандай мақсатпен және қандай жағдайда оған сырымды ашуым мүмкін. Егер де бұл айғақ рас болса, онда ол кездесу 1919 жылы /Колчакүкіметінің тұсында/ өткен шығар? Бұл сөздің анық дәлелі ретінде мынаны айта аламын: мен 1919 жылы Үкібаевтардың үйінің бір бөлмесінде пәтерде тұрдым, сол
І том 52-бет
жылы қыс бойы мен Губерниялық Земствоның бастығының орынбасары міндетін атқардым, оны қысқартып, “Губзем” дейтін. Соныдықтанда Павлов “Губзем” дегенді “Завгубземотделмен” – Губерниялық жер бөлімінің меңгерушісі дегенмен шатастырып отырмын. Бұл жағдайдың түсініксіздігі менің ойымша дәрігер Павлов мені әдебіреулермен шатастырды немесе менің әр кездегі істеген қызмет орынымды /1919 жылғы мен 1921 жылғы/ жаңылыстырып жазып отыр деген күдікке итермелейді. Қалай дегенмен де, мен бұл құжатқа ешқандай саяси мән бермеймі, себебі, саясаттан сәл-сәл хабары бар адам өзі танымайтын, кездейсоқ ұшырасқан көлденең көк аттыға мына тергеушінің “белгілі бір саяси топтың ұйымдастырылған әрекеті” деп айыптап отырған мәселесі жөнінде айта қоюы екіталай.
Маған тағы да мынадай /тергеушінің ауызекі әңгімесі бойынша, әйтпесе, жазба құжаттарды мен көргемін жоқ/ айыптар тағыпты:
а/ маған: 1924 жылы өткен Алаш /Қазіргі Жаңа Семей –Т.Ж./ аудандық-ауылдық одақтардың/ мойынсеріктерінің – Т.Ж./ өкілдерінің құрылтайының сайлауын басқармасын – дедйді./ Мен ол мойынсеріктіктердің құрылтайына қатысқамын жоқ және сайлау өткен жерден 200 шақырымдай қашық жерде демелып жатқамын/. Ал 1925 жылы қөұрылтайдағы менің жасаған баяндамама келетін болсақ, онда мен қыр еліндегі қосшылар одағының мойынсеріктіктерінің /кооператив/ құрылысына ғана тоқталғамын. Менің мойынгерлік туралы пікірімді және ондағы баяндамамның мазмұнымен Қосшылар одағының қаулысының хаттамасынан танысуға болады.
б/. Мені осында – Қызылорда қаласында отырып- ақ, 1925-26 жылдары Семей уезіндегі Медет /?/ болысындағы ру таласына басшылық етті, яғни, “ру басыларын тағайындады” – дейді. Мұны кәдімгі тіршілікпен қалай байланыстыруға болады өзі...Біздің өлкедегі уездік, болыстық мекемелерді былай қойып, орталықтарымыздың өзі губерниялық орталықтармен әзер байланысып, өзінің міндетін әзер атқарып отыр. /Оның барлығы жердің тым қашықтығынан ғой/. Жылпы алғанда, кейбір жеке адамды
І том 53-бет
белгілі бір әлеуметтік топтың іс-әрекетері үшін кінәләудің өзі әділеттілікке жата ма?
Мені сонау Медет болысындағы рулық тартысқа байланыстыру үшін де бір түйсікке түсінікті, ақылға сыйымды сылтау керек емес пе: ол үшін айғағы тоқы айыпкер тағылып, уақыт пен ара қашықтықтың арасын есептеп барып кінә айтпай ма.
Ондай жағдай болған да емес және болмайды да. Медет болысында өткен оқиғалардың бәріне мені кінәлай беретін несі? Аталған рулардың өзара талас-тартысына менің ешқандайда қатысым жоқ екенін ашық мәлімдемей және одан үзілді-кесілді бас тартамын.
Мен бұл ру таласына байланыстырып тұрған оқиға 1917 және 18 жылдары болған Облысытық қазақ комитетінің /оның құрамында мен де бар едім/ сол болыста 40 жыл бойы үзбей болыснайлыққа сайланып келген Молдабаевтардың билік тізгініне енбей қоюы болса керек. Біз ол кезде тек қана елдік төңкерістік мақсатты көздедік, ешқандай да рулық мүддені көзге ілгеміз жоқ. Содан бастап заманның ығына қарай жазылып, әр қилы жолын тапқан Молдабаевтар өзінің қас жауы ретінде тек қана мені қарауылға алып /мен де сол болыстың адамымы, ал қазақ комтеті болса сол кезде-ақ тарап кеткен/ аңдумен келеді. Ең бастысы –бұл арандату оған емес, сол Молдабаевтармен етене араласқан және араласып жүрген менің кейбір “достарыма” қажет болып отыр. Міне бүкіл істің мәнісін түсіндіріп беретін жай осы. Басқаша болуы мүмкін емес.
3/Бұған қосымша мені тағыда: әлдебір жер туралы саясатты ерекше саясатты жүргізушілердің көсемі деп айыптатпады. Оған “көсемдік кесте” ретінде қалалық бақшада кешкі ас ішіп отырғанда Омаров жолдаспен әңгімелескенім алыныпты. /Менің Омаров жолдасқа жазған хатымды қараңыз/.
Менің жер мәселесі туралы пікірім тергеудің хаттамасына баяндалған. Мен 1921-22 жылдан кейін жер мәселесімен айналысқан
І том, 54-бет.
Емеспін. Сізден өтінерім: менің Омаровпен, Сұлтанбековпен бетпе-бет кездестіру туралы тілегіме қарсы болмасаңыз екен, себебі, тергеушінің айтуы бойынша, мені Омаровтың болыстың көрсетуі бойынша жауапқа тартқан екен, сондай-ақ жергілікті газетке менің Омаровқа жазған ашық хатымды жариялатуға мүмкіндік берсеңіз екен.
Маған тағылған негізгі айып бойынша /малды тургілеуге арналған науқанға кедергі жасау/ ешқандай да нақты айғақтар /қашан, қайда мен нендей кедергі істедім және қандай зиян келді/ келтірілімеді, жоғарыда айтылған /тергеудің жауабының хаттамасын қараңыз/ жалпылама қойылған 2-3 сұрақтан басқа тергеуші маған ештеңе көрсетпеді. Ол туралы мен көп ештеңе айта алмаймын/ өйткені ешқандай нақты айғақ келтіріген жоқ/. Менің ойымша, жер-көктегі жаланы үйіп-төгіп пәлеқорлардың жаласынан көрі, менің өзім қатысқан Тәргі туралы Заң жобасының бірнеше тармақтарын экономикалық негізге түсіру барысында істеген жұмыстарымды қарап қышшан әбзал болар. /Ол құжатты тергеу ісіне тіркеуіңізді өтінемін./, ал менің жалпы саяси көзқарасым туралы мәлімет керек боса онда оны 1925 жылы Семей Губерниялық комитеніне жазған менің мәлімдемем мен тергеушіге беген жауабымнан біле аласыздар.
Менің бұл жауабыма қанағаттанбаған тергеуші /менің жауабымды медальдің жарқырауық жағы ғана деп ойлайды-ау деймін/ маған /26,27және 28 қараша күні/ барлық негізгі мәселелер бойынша баспасөзге пікір білдіру жөнінде ұсыныс жасады, мен оған үзілді-кесілді қарсы болдым, себебі, мен ең алдымен өзімнің азаматтық ар-намысымды таза сақтауды мақсат еткенмін, сондақтанда менің іс-әрекетімнен екіжүзділік байқалуы тиіс, оның үстіне, мен “темір тордың ар жағында отырып” баспасөзге пікірім арқылы өзімнің “кінәмді” жууға ұмтылған сияқты екібетті боп көрінгім келмеді. Шындығына көшкенде, менің бұл қасарысуым түбегейлі қасарысу емес, мен темір тордан тыс, басқа жағдайда баспасөз арқылы пікірімді ашық білдіруге әрқашанда дайынмын.
І том. 55-бет.
Бұл тергеуге тән бір сәйкессіздік сол, жоғарыдағы келтірілген тармақтардың барлығыда бір-бірімен жалған желеу арқылы жалғанға, еш нақты айғақсыз жалаң сөзге құрылған. Бұдан келіп мынадай заңды сұрақ туады.: егерде 1919-1929 жылдардың арасындағы іс-әрекетім үздіксіз зиянкестікпен астасып жатса, онда мені неге дер кезінде ұстамады, неге осы уақытқа дейін мені қызметімде тыныш жүргізді? Қандай адам /бақылау органдары жағынан/ менің сондай аса қауыпты қастандығымның өршуіне жол беріп, ішмерездік жасаған?!
Жоғарыда баяндалған жайларды талдасақ, онда бүкіл тергеу барысының бір жақты үстірт жүргізілгенін, менің ешқандайда айыбымның жоқтын, “үздіксіз жасаған зиянкестігім” туралы айтпағанның өзінде өзімнің арымды өзімнің қорғауыма ешқандайда мүмкіндік берілмей отыр. Айыбымды айғақтайтындай ешқандай нақты деректер мен құжаттар маған көрсетілген жоқ, шындықты қалпына келтіру үшін тергеушілерге көмек көрсететіндей болмашы мүмкіндік жасауға да мұрсат бермей істі ГПУ-дің коллегиясына жіберіп қойды.
Менің сенімім бойынша мұндай сыңаржақ тергеудің жүргізілуіне, біріншіден: тағылған айыптың барлығы арам, жалақор адамдардың өсегіне құрылған. / Біздің Қазақстанда мұндай жайлар өте жиі кездеседі/ көрсетінділер болғандықтанда Г.П.У.-дің өзін жаңсақ жолға салып жіберуі; менің өткен кезеңдегі бұрынғы “Алаш орда” тұсындағы қайраткерлігім туралы, реті келгенде айта кетейін бұл іс-әрекетіміз ВЦИК Президиумының қаулысы /1919 жылға және 1920 жылғы/ арқылы кешірім жасалған, бір жақты пікір түюі болса керек. Тіпті мен бүгінгі қызметім үшін емес сол өткен уақыттағы қайраткерлігім үшін айыпқа тартып отырған жоқ па екен деп те күдіктенемін, себебі, мен соңғы 9 жылда кеңес өкіметіне адал қызмет еттім.
Жоғарыдағы мәліметтеріме орай және 86 күннен бері
І том, 56-бет.
ешқандай кінәсіз тұтқында отыруыма байланысты сіздің жеке өзіңіз тергеу ісімен танысып, тиянақты әрі әділ тексеріп, менің әділетті талаптарымды, тиісті қорытынды шығаруыңызды сұраймын.
Менің бұл мәліметтерімді менің тергеу ісіме тіркеп қоюыңызды өтінемін.
Қосымша ретінде Омаровқа жазылған ашық хатты салып отырмын.
9.І 1929 жыл.
Қызылорда.
1. Тергеушілермен ерегескен. Оларды менсінбеген. Сондықтанда хат Прокурорға жетпеген. Істің ішінде қалған.
2. Омаровқа ????????? хат сақталмаған.
3. Ол туралы тағы да айтылған. Ол таспаға жазылды.
І том. 56-бет.
ПП ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы Петров жолдасқа
25/І.29 жыл.
Сіздің ескертпелеріңізге .../жауап/
Әрине, сіздің “жалпы ұлттық ерекешелік” дегеніңізді /бұл арада тергеуші де, Халел Ғаббасовта бір-бірін кекетіп отыр-Т.Ж./ - оның ішінде /халықтың/ әлеуметтік теңсіздік пен қоғамға тән ерекшеліктердің бар екендігін мен мойындауға мәжбүр болдым және оны анық түсіндім.
Сонымен қатар айтылып отырған жағдай мен Қазан Төңкерісінің жасампаздық күшіне деген сенімсіздік те сол мәселеге тәкелей байланысты, оның ішінде біздің қазақ халқының жеке мемлекеттігін құру мүмкіндігінің туғандығы. Сол арқылы оны езгіден құтқарудың қажеттігі және алдағы уақытта оны мәдени экономикалық дамуына негіз қаланатындығы туралы “ізденістеріміз де” содан туындап отыр.
Қазан төңкерісі –менің идеяларымның негізгі нысанасы бойынша/ ұлттарды қанаудың темір шынжырын үзді, олардың жеке мемлекет болуына мүмкіндік ашты идеологиядан /отарлаушы- Т.Ж./ туындайтын ескі қоғамдық экономиканың негізін жойды, сондай-ақ тіршілік етудің жаңа негізін қалады және қалап та жатыр. Ол өзінің бұдан кейінгі мақсатта қозғалысына, қатыгез таптық шайқасына қадам басты, мұны қоғамның мазмұны ретінде өзіне сіңіріп алды, барлық “құндылықтардың” да сондай бағытпен қайтадан бағалай бастады, сөйтіп, өзінің алған бетінен қайтпайтын творчестволық ерік-күшіне түпкілікті көз жеткізді.
Осынау ауқымды қозғалыс жаңа қоғамдық қарым-қатынасты талап етеді және ол сол қозғалыстың тұсында өмір сүріп отырғандар үшін тағдырдың тауқыметінсіз өтпейді. Тіпті, өлгендердің өзі үш күннен кейін көрге де үйренеді дейді ғой, ал адамзатемес, сондай-ақ идеология дегеніміз де – күрестің қатып қалған түрі емес. Жұрттың бәріне ортақ қасиеттен менің тыс қалмауым табиғи нәрсе.
І том. 57-бет.
Менің ой-санамдағы шешуші өзгеріс ертерек, 1918 жылдың күз мен 1919 жылдың жазында – біз бірнеше саяси жүйені біз іш тартқан адамдардың қоғамды басымздан кешкен соң, еліміздің басына түскен қоғамдық қиыншылықтарды шеше алмайтындығына іс жүзінде көзіміз жеткен соң, біздің мақсатымыздың орындалуына табиғаттың өзі сәтті үйлесімділік танытпағанына іс жүзінде көзіміз жетпеген соң – басталып еді. Бірақта, менің санамдағы бұл өзгеріс пен менім – кеңес қызметіне істеген соңғы 9 жылда, әсіресе кейінгі 4-5 жылда, өткен өмірімнің мән-мағынасын қорытындылап, көргендерімді санмда салмақтап, талдау жасап, жаңа қоғамдық өзгерістермен нақты жетістіктерді сезінген соң – барып нақтап орныға бастады. Ең соңында, менің ұлтімнің негізі мәегі, ең өнімді және көпшілік бөлігі /орташалар мен кедейлер/ жұмысшы шаруалар тобына құрамдас жігі ретінде кеңес өкіметінің оң көзіне ілінгенін және өзінің тағдырын соңғысымен /кеңес өкіметімен/ байланыстыратынын көрген соң барып нықтап орныға бастады.
Менің шын жүректен шыққан пайымдауым бойынша, кімде-кім өзінің халқын сүйсе, кімде-кім оған адал қызмет етуді өзінің өмірлік мақсатым деп түсінсе – бұл адамның таңдайынан жалғыз- ақ жолы қалды, ол Кеңес үкіметінің шешімін орнату және соған адал қызмет еті. Менің сіздерге талмастан- айнымастан; тоғыз жыл бойы кеңес өкіметіне адал қызмет еткенімді, бұл өкіметке қарсы бағыттаған ешқандай топқа қосылмағанымды және қосылмайтынымды қайта – қайта тәптіштеп айтып – айта беруімнің себебі осы.
Менің бұл “кредомның” /латын қарпімен жазылғанТ.Ж./ негізгі мазмұнын 1925 жылы Семей губерниялық комитетінің атына жазылған мәлімдемеммен, тергеу барысында қойылған кеңестік құрылым туралы сұрақтарға берген жауабымнан анық байқалады, қысқасын айтқанда, менің осы “толғау – мінәжатымның” өзі де соны көрсетеді.
І том. 58-бет.
Менің бұл мәлімдемемді Волленберг жолдасқа – оның атына 29 жылы 9/І күні жазылған мәліметіммен бірге тіркеп, соған табыс етуімді, ал арыздың көшірмесін РСФСР – дің бас Прокуроры Крыленко жолдасқа оның атына жазылып, 29 – жылдың 14/І күні №3 камераға келген Республика Прокурорының көмекшісі Мусин арқылы беріп жіберген мәлімдеме қосымша ретінде салып жіберуіңізді өтінемін.
25/І-29 жыл Халел Ғаббасов /қолы қойылған/.
Бұл хатында Халел ағамыз өзінің барлық ашу-ызасын білдіріп, тергеушінің топастығын әшкерелеп, қысастықпен жазған.
Ашық кету бар. Өзінің еш кінәсін ашпаған. Өзгені де ұстап бермеген. Сөз суыртпақтамаған. Сырын сыртпақтатпаған..
Астарлы кетеу бар. “Алаш орданың” халық үшін кеңеске қызмет істейік деген идеясы бар.
Тергеу барысында Прокурор көмекшісі келіп кеткен.
Крыленкоға хат жазған. Ал оның өзі неше түрлі істерді белсенді түрде әшкерелеп жатқан. Оны оқуға уақыт да болмаған. Екіншіден, оған назар аударуға құлқы да жоқ еді. Бәрі де соның өзінің “бастамасы” еді. Мысалы:....
Осыдан кейін іле-шала; яғни, екі күннен кейін, 1929 жылы 27 қаңтар күні, Қызылорда қаласында үштіктің қаулысы шығып, оны айыпты деп үкім шығарған. Оның соңына: “Мен өзімді айыптымын деп санамаймын. Х. Ғаббасов” – деп қол қойған.
Іске осыдан кейін Д.Битілеуовты ақтауды сұраған, 150 колхозшы қол қойған, ауылдық советтің төрағасы бекіткен Ақтөбе облысынан келіп түскен хат тіркелген.
ІІ том, 59-бет.
Қылмысты іс.
МҚК, архив, №124 іс, 2 том. 7 томнан тұрады.
“Елдес Омаровты және т.б. айыптау ісі.
1929 жылы қаңтар айында басталады.
1927 жылы 13 қызын.
ПП ОГПУ-дің Шығыс Бөлімі ҚССР бойынша бастығының көмекшісі, Лугачев.
Омаров айыпкер ретінде жауапқа тартылды.
Елдес Омаров.
1892 жылы туған.
Туған жері – Қостанай облысы.
Соңғы тұрған жері – Ташкент қаласы.
Қазақ.
Кедей табынан.
Ақпан төңкерісіне дейін – мұғалімдік етті, округтық сотта тілмәш болды, “Алаш ордада” қызмет етті.
Қазан төңкерісінен соң – Ташкенттегі Казпедвузда оқытушы болды.
Білімі – орта, Бойдақ.
“Алаш” ұлттық партиясының бұрынғы мүшесі.
Саяси көзқарасы – ұлтшыл.
Әскерге қатысы – “Алашорда” тұсында Қостанай қазақ полкінің саяси жетекшісі болған.
/Бұл анкеталық деректер/
Тергеу бірден Бөкейхановты сұраудан басталған. Онда Ә. Бөкейхановтың Орынбор уезіндегі Бөрте болысына демалысқа барғаны туралы айтылады. Содан кейін сол сапарда Ә. Бөкейхановпен бірге болғандар мен оған қатысы барлар қамаққа алынған. Оның ішінде жәй ауылынайлар да бар. Ол туралы Елдес Омаров былай деп көрсетеді:
ІІ том. 60-бет.
Елдес Омаровтың көрсетуі:
“Шымкент, 1927 жылы 15 шілденің мөлшерінде мен Елдес Омаров, Қазақ оқу ағарту халық комиссариатының тапсырмасымен өлкелік музейдің шаруасы туралы Орынбор қаласына аттандым. Мен Орынбор қаласында барған соң Заң халық комиссариатының алқа мүшесі Сейдазым Қадырбаевпен кездесіп қалдым, ол маған: демалысыңызды Орынбор уезінің Бөрте болысында өткізіңізші деп Әлихан Бөкейхановқа өтініш білдіргенін, оның бұл ұсынысына ол кісінің қарсы болғандығын, соны хабарлап бұдан Қадырбаевқа хат жолдағанын айтты. Бөкейхановтың Қадырбаевтің атына жазған хатын менің өзім оқыдым. Маған, яғни, Омаровқа, Бөкейхановтың Қазақстанға келуіне тиым салынған, ол мәселенің әлі шешілмегені Қызылорда қаласында жүргенде-ақ мәлім еді. Мәскеудің ГПУ-і жүргізіп жатқан тергеу ісі аяқталмаған екен. Орынборда жүріп, мен – Омаров, Бөкейхановқа хат жазып, оны бұрынғы Челябі уезінің Злотоустокругінің Бозан хуторында демалып қайтуға шақырдым. Бозанов хуторында отыз үй қазақ тұратын, олардың арасында менің бала кезімнен білетін таныстарым бар еді. Егерде Бөкейханов Бозан хуторына демалуға келісімін берсе, онда маған Қызылорда қаласына жеделхат арқылы хабар беруін өтіндім.
Орынбордан Қызылордаға – Наркомпросқа қайтып келген соң, мен Омаров, Бөкейхановтан жеделхат алдым. Онда мен айтқан жерде демалып қайтуға келісімін беріпті. Екі күннен кейін мен Злотоуст округіндегі Бозан хуторына аттанып кеттім, 1 тамыз күні сонда жеттім. Бөкейханов онда әлі келмепті. Келесі күні Қостанай округінде демалып жүрген Нұрышев Ғаббас келді. Ол Қызылордадан Жоғарыда көрсетілген хуторға бару туралы өтініш еткен жеделхат алыпты. Тамыздың 11 не 12 күні Әлихан Бөкейханов келді. Мен алғашқы одан 2 тамыз күні келемін деген жеделхат алған болатынмын, іле өзінің 8 тамыз күніне дейін кідіретіндігі туралы хабарлады. 9 тамыз күні Бөкейханов өзінің Мәскеуден аттанып кеткені туралы жеделхат жолдады. Бөкейханов, Омаров және Нұрышев үшеуіміз бас қосқан соң
ІІ том. 61-бет.
бірінші аталған адам бізге жерге орналастырудың барысы туралы хабардар етті. Ол бізге: өзінің ертерек келе алмағанының себебі, Жер жөніндегі халық комиссариатының жұмысшы комиссиясы Қазақстандағы жер бөлісудің мөлшерін анықтайтын комиссиясының талқылауына қатысуы үшін бұның тұруын өтінді. Бөкейхановты Мәскеуге аялдай тұрыңыз деп оған кім өтініш білдірді, онда қандай өкілдікпен қатысты, ол жағын Бөкейханов маған айтқан жоқ. Ең әуелі РСФСР – дің Жер жөніндегі халық комиссариатының жер бөлу жөніндегі шешімі оқылыпты, оны сол Жер жөніндегі халық комиссариатының бір қызметкері баяндап беріпті. Олар бекіткен жер бөлу мөлшері негіз деп табылып, қабылданбай тасталыпты. Бұл жер бөлу мөлшерін қорғап сөйлегендер, аты емімде қалмапты, профессор Верещагин дегеннің беделіне сүйеніпті. Жер бөлудің бұл мөлшеріне Бөкейханов қарсы сөйлепті, ол бұлардың сүйеніп, қорғап отырған беделді профессоры патшаның тұсында келімсектер /переселендер/ басқармасында істегенін, онда орыс дворяндарының мүддесін қорғағандығын әшкерелепті. 1913 не 1914 жылы бұл профессорыңыз Мемлекеттік Думаның төрағасы Варун /?-анық танылмады – Т.Ж./ мырза арқылы Торғай мен Қостанай уезінінің шекарасы аралығындағы жерді қаратып алу туралы Жарлыққа шығартты – депті.
Өзінің сөзінде профессор Верещагин жер туралы мәселенің тонын теріс айналдырып, Тула губерниясының мұжықтары жерінің аздығынан және жерінің жоқтығынан қасірет шегіп отыр. Ал оның есесіне Қазақстандағы бос жатқан жерде есеп жоқ деген көрінеді. Бөкейханов оның уәжіне қарсы сөйлеп: бұл профессор бұрын ғой орыс помещиктерінің мүддесін көздеп қазақтардың жерін тартып алып, оны орыс помещиктеріне беріп еді. Егерде Тула мұжықтарына жер керек болса, онда біз, қазақтар мына сияқты профессордың көмегінсіз-ақ, олардың өзімен тікелей сөйлесеміз – депті.
ІІ том 62-бет.
Бөкейхановтың пікірі бойынша: РСФСР – дің Жер жөніндегі халық комиссариатының жер бөлу мөлшері жөніндегі белгілеген кесімі жан басына шаққанда тым аз екен. Оның мәнісі – Қазақстандағы бос жатқан жердің мөлшерін көбейтіп көрсету көрінеді. Бұл кесікті мөлшерді азайтып белгілеудің мақсаты – болашақта Қазақстанда отарлауды күшейту үшін жасалады. Ол шара – қазақ халқының мүдесіне қарсы бағытталыпты. Дәл осы ұсынысты жасап, бастама көтеріп отырғандар – РСФСР-дің Жер жөніндегі халық комиссариатының айналасына топталып алған орыс мамандары екен. Егерде, РСФСР-дің Жер жөніндегі халық комиссариатының маңына топтасқан орыс мамандарының жер кесімі туралы шарасын іс жүзінде асыратын болса, онда бұл Қазақстанға қарата отарлау саясатын жүргізген болып табылады – деді. Бұған наразылық білдіре отырып, Бөкейханов: бұрынғы отарлаушы орыс мамандарын топтастырып отырған РСФСР –дің Жер жөніндегі халық комиссариатының дәл қазіргі саясаты – Қазақстанға тағы да бұрынғы отарлау жүйесін кіргізуге бағытталған деді. Отарлау саясатына қарсы күресудің қандай да бір жолы туралы Бөкейханов маған да, Нұрышевқа да ештеңе айтқан жоқ. Жер жөніндегі Қазақ халық комиссариаты қолдаған. Ол бізге: егерде профессор Швецов жасаған жер кесімі туралы ұсыныс бекітсе, бұл РСФСР – дің Жер жөніндегі халық комиссариатындағы орыс мамандарының саясатына қарсы қолданылған нақты шара болар еді – деді. Оның Бөкейхановтың пайымдауы бойынша, Қазақстанда ешқандай да бос жер жоқ. Оның бұл пікірін мен – Омаров толығымен қолдаймын.
Қостанайға қайтып келген соң, Қостанай округінің жер басқармасының меңгерушісі Көшербаевтан естіп – білуім бойынша, Швецов жасаған Жер жөніндегі қазақ халық комиссариатының жер бөлу жөніндегі ұсынысын Мәскеудегілер оған белгісіз бір себептермен бекітпей тастапты.
Мен – Омаров, мынаны мәлімдеймін, қазақ халқының тіршілік харекеті жағдайында жерді пайдалануға таптық талап қою мүлде қисынсыз деп есептеймін. Кім болса – ол болсын, өзінің шыққан
ІІ том 63-бет.
қисынсыз деп есептеймін. Өзінің шыққан әлеуметтік-таптық тегіне қарамастан қазақ халқының барлық түтін исі өз жерін емін-еркін пайдалануы тиіс. Әрине, жер ең алдымен кедейлерге бөлініп берілу керек дегенді қостаймын. Кедейлерге жер бөлініп берілген соң солармен тең дәрежеде және бірдей мөлшерде бай қазақтарды да жермен қамтамасыз ету қажет. Жерді түтін санына қарап емес, жан басына қарай бөліп берсе әділ болар еді деп ойлаймын.
Хаттама маған таныстырылды және менің айтқан сөздерім дұрыс жазылды, сол үшін қолымды қойдым – Омаров. /Қолы/
Тергеу жүргізген – Л. Логачев.
Бұдан – Е. Омаровтың жасымағанын көруге болады.
Ә. Бөкейхановтың өмірінен еркеше үзік аңғарылады. Оны жеке көрсету керек.
Жер мәселесі туралы шындық ашылды. Отарлау. Коммунистік.
ІІ том, 64-бет.
15 қазан. 1927 жыл. Қызылорда.
Қосымша тергеу кезінде азамат Елдес Осаров мынаны айтты:
12 қазан күні менің үйімді тінту кезінде алынған және қазір маған көрсетіліп отырған, соңына “Эльза” деп қол қойылған бұл Қызылордадағы Қаражат халық комиссариатының қызметкері Александр Александрович Вертанің әйелі Эльза Адамовна Верта маған – Омаровқа арнап жазған. Эльза Адамовна Вертаның хаты менің тікелей өзіме 1927 жылдың шілде айының орта кезінде, Жер жөніндегі қазақ халық комиссары Жағыпар Сұлтанбеков Қызылордадан Мәскеуге бара жатқан сапарында маған табыс етті. Мен Сұлтанбековті Орынбор қаласының вокзалында күтіп алдым. Өзінің жолға шыққаны туралы маған жедел хат арқылы хабарлаған еді. Мен, Омаров, мынаны мәлімдеймін, мен Қызылорда да жүрген кезімде Мәскеуге бірге барамыз деп Сұлтанбековпен келіскеміз. Мен, Омаров, Мәскеуге көңіл көтеру үшін және керекті зат сатып алу үшін бармақшы едім. Эльза Адамовна Верта Сұлтанбековті сол жылдың наурыз не көкек айында менің пәтерімде, мен – Омаров, таныстырған едім. Ол кезде Эльза Адамовна Ташкент қаласындағы менің пәтерімде екеуіміз бірге тұратынбыз. Ал Эльза Адамовна мен 1921 жылдан бері таныспын” – дей келіп, Сұтанбековтің бұрын Қостанайда Өлкелік Жер басқармасында істегенін, екеуінің сол кезде танысқанын айтады. Әңгіменің, сұрақтың, тергеудің бәрі Жер мәселесі жөнінде өрбіген. Одан әрі қарай қайтадан әлгі хаттың жайына ауысады.
“Мен онымен 1927 жылы Қызылордада қалалық бақшада кездесіп, қалдым, содан кейін мен – Омаров Сұлтанбековпен бірге шәйханада тамақтандық. Біздің жанымызда, Жер жөніндегі халық комиссариатының бұрынғы комиссары, Жетісу губерниясының төрағасы Әлімбеков, Ішкі істер халық комиссарыиатының бұрынғы Есқараев, Сауда жөніндегі халық комиссариатының комиссия мүшесі Төлепов Мирасбек, тағы
ІІ том. 65-бет.
да басқа адамдар болды, оларды ұмытып қалыппын. Сұлтанбековпен екінші рет тағы да бақшада кешке жақын тамақтанып отырған кезде кездестім. Біз бастапқыда – Омаров, Міржақов, Дулатов және Халел Ғаббасов үшеуіміз тамақтанып отырғанымыз, оған кейіннен Сұлтанбеков пен Ақаев Серікбай қосылды. Сол отырыста Сұлтанбековпен келісіп, Мәскеуге бірге барайық, сен шығарыңда маған Орынборға жедалхат сал деп уағдаластық. Эльза Адамовна Верта тек мен – Омаров арқылы танысқан менің мынадай жақсы достарымды: Дулатов Міржақып, Нұрымов Ғаббас, Шонанов Телжан, Қадырбаев Сеидазым, Байтұрсынов Ахмет, Ермеков Әлімхан, Жүргенов Темірбек, Жолдыбаев Молдағали, Қадырбаев Әбдірахман Ташкенттегі Қазақ мұғалімдер институтының үлгілі оқу мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі Юсупов Ахамет – Сафа, Орта Азия Мемлекеттік универсиетінің Шығыс факультетінің доценті Файзолла Ғалымжанов және Ташкенттегі Қазақ Мұғалімдер институтының оқу бөлімінің меңгерушісі Михайл Сменинді біледі.
1927 жылы маусым /июнь/ айының соңында, мен – Омаров, ташкенттен Қызылордаға кетіп бара жатқан Эльза Адамовна арқылы Міржақып Дулатов хат беріп жіберем, онда мен математикалық формулалардың белгіленуі жөніндегі мәселе туралы Ахмет Байтұрсыновпен сөйлесіп бер деп өтініш еттім. Ол хатты Эльза Адамовна өз қолымен табы етті ме, жоқ па, оны анық білмеймін. /Әлгі тергеушілердің шифр деп жүргені осы болмасын – Т.Ж./ Әйтеуір Дулатов хатты алғаны рас. Байтұрсыновты мен кеін Вокзалда кездестірдім. Мен келген поезбен Кавказға, демалуға кетіп бара жатыр екен. Байтұрсыновпен мен тек қана математикалық формуланың атауы жөнінде ғана сөйлесіп үлгердім. Бөкейханов Әлихан Мәскеуге Шығыс Халықтарының Орталық баспасында істейді, қандай қызметте екенін анық айта алмаймын. 1927 жылдың тамыз не қыркүйек айына дейін онымен бірге Мәскеу қаласында өзінің қызы, бұрынғы Оқу – ағарту комиссары Сұмағұл Сә-
ІІ том. 66-бет.
дуақасовтың әйелі – Елизовета /қазақша аты – Ләйлә/ Әлиханқызы бірге тұрды. Қызы қазір дәрігерлік факульетті бітіргенен кейін күйеуі Сәдуақасовтың тұрақты жұмыс орыны орналасқан Ташкент қаласында тұрады, ол кеткеннен соң Бөкейханов Әлиханның жағдайы болыңқырамай, әсіресе ас әзірлеу жағынан күйзеліңкіреп кетті. Мен – Омаров, өзімнің Қызылордадағы таныстарым арқылы оның ішінде Жер жөніндегі комиссар Сұлтанбеков, Халел Ғаббасов, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Нұрмақов пен Оқу – ағарту комиссары Тоқтыбаев арқылы Бөкейхановты Қызылорда қаласына ауыстырып алып, Жер жөніндегі комиссариатқа, не Мемлекеттік жоспарлау мекемесіне, немесе Қызықстанның Есептеу Орталығы басқармасына тұрақты қызметке орналасуды ойластырдым. Мені тұтқынға алынуыма байланысты Оқу – ағарту комиссары Тоқтыбаевтан басқа жоғарыдағы аты аталғандардың ешқайсысымен реті келмеді. Соңғы адаммен осы жылдың қазан айында /Тоқтыбаевпен – Т.Ж./ мен Қостанайдан Ташкентке қайтып бара жатқан жолыма жолықтым. Тоқтыбаев Бөкейхановтың Қызылордаға ауысуына көмектесуге уәде берді. Менің айтарым, бұл жөнінде мен – Омаров, Бөкейхановпен арнайы сөйлескемін жоқ, сондықтан оның қандай пікірде екенін білмеймін.
Менің жауабым өзіме оқып берілді және сөздерім дұрыс жазылған.
Елмас Омаров /Қалы/
Тергеуші – Логачев.
Мұнда назарға алынған:
Бөкейхановқа көмектесу үшін ақша жиғаны байқалады.
“Шифрмен” жазу дегені – математикалық формула.
Міржақыпқа хат тапсырған Эльза – оны біреуге көрсеткен болу керек.
Жер туралы пікірлері.
Сол жылдары Қ-орданың бақшасында талайдың ізі түсі-ау!
ІІ том 67-бет.
18 қазан. 1927 жыл. Қызылорда.
Тергеуге алынған Елдес Омаров қосымша сұраққа былай деді:
“Сәтбаев Қанышты мен білемін. ОЛ Семейдің бір губерниясынан келген, инженер. Мен онымен 1923 жылы, ол Қазақ Оқу – ағарту комиссариатының Академиялық орталығына қазақ тілінде жазылған алгебра оқулығының қолжазбасын табыс еткен кезінде таныстым. Мен академиялық оралықтың жанындағы ғылыми комиссианың хатшысы ретінде алгебра терминдерін жасау жөніндегі жұмысқа қатыстым және Сәтбаевтің қолжазбасы жөніндегі хабарламашы болдым. 1927 жылы мен Сатбаевпен еш жерде және қандайда бір жағдайда жүздескен емеспін. Мен оны соңғы рт 1926 жылы Қызылорда қаласында Дулатов Міржақыптың пәтерінде көрдім. Ташкенттегі Қазақ Мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орынында сабақ берді: Мен – Омаров – қазақ тілінен, Досмұхамедов Халел – ректордың орынбасары, барлық шаруашылық мәселелерді сол жүргізеді. Ермеков Әлімхан – математикадан дәріс оқыды әрі нақты ғылымдар мен математика факултетінің деканы міндетін атқарды.”
Бұдан әрі академияның қызметі айтылады.
Біздің ойымызша Е. Омаров неге 27 жылы жауапқа тартылғаны.
а/ Ә. Бөкейхановпен бірге демалуы. Демек, Ә. Бөкейханов Мәскеу гпучниктері аңдыған. Жансыз жіберген. Қазақстанға тапсырма берген. Қайтқан жолында Елдесті тұтқындап, сұраққа алып отыр. Кейіннен 1928-29 жылдары қайта алынған болуы керек.
Қанышқа да күдік түскен. Әлде ол да Бөкейхановпен кездесіп қалып, Елдес арқылы шырғалап отыр ма?
ІІ том. 68-бет.
20 қазан. 1927 жыл
Омаров Елдестің жауабы:
Қазақ коммунистерінің арасында екі топтың барлығы маған белгілі. Олардың біреуіне – Сәдуақасов Сұмағұл бұрынғы Жер жөніндігі комиссар Сұлтанбеков, Мыңбаев және Жандосов тағы басқалар басшылық етеді. Екінші топтың жетекшілері: Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Нұрамов, Тоқтыбаев Кәрім, Тоғжанов тағы басқалары. Бірінші топ – ұлтшылдардың қатарына жатады, екіншісі де біріншілерінен пәлендей айырмасы жоқ. Аталған екі топтың арасындағы алауыздық тек мансап бөлісуден және жеке бастарының араздығынан туындаса керек. Өйткені, қазақ халқының мүддесін қоғау кезінде, мысалы Жерге орналастыру мәселесі жөніндегі тартыс кезінде екі топ та бірігіп кетті. Қазақтың партияда жоқ зиялылары ана топқа да іш тартады. Мәселен, мен – Омаров, Сәдуақасовтың тобын жақтаймын. Ал Ғаббасов Халел мен Ермеков Әлімқан Нұрмақовты қостайды. Менің ойымша, қазақ қызмсеткерлерінің арасындағы тек партиялық тәртіп тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының мүддесі тұрғысынан алғанда да үлкен зиян келтірді. Топтасу өшпенділікті туғызады, күшті ыдыратады. Ал ауылдағы таптық жіктеуге келсек, оны мен – Омаров, дәл қазіргі уақытта мойындаймын және оған оң көзбен қараймын. Таптық тартыс әсіресе шабындық пен егіндік жерді біліскенде айқын байқалады. “Алашордашылар”, оның ішінде мен – Омаров, қазақ халықның таптық жіктеуіне қарсы болдық. Себебі біз: қазақ халықының көпшілік бөлігі байларға байлаулы болғандықтан онымен ашық күресе алмайды, байдың, байдың ықпалындағы кедей өзінің үкімін ауқаттыларға қарсы жүргізе алмайды – деп ойлайық.
Әр тергеу сайын суыртпақтап сыр тартқан. Елдес те пәлендей айылын тартпаған.
ІІ том. 69-бет.
Елдес Омаров. 16 қыруүйек. 1927 жыл. Қылылорда.
/Бұл сөздің басы таспаға жазылған- Т.Ж./
“Қазақстанда ешқагдайда басы артық жер жоқ, сондықтан да елеміздің еуропалық бөлігіндегі губернияларынан қоныстанушыларды көшіріп әкелу туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де Қазақстанға қоныстанған орыс тұрғындары жергілікті халыққа жер бөлініп берілгенін кейін, оның ыңғайына қарап ең соңынан барып жерге орналастыруы керек. Егер де жергілікті қазақ халықының талабын қанағаттандыру үшін қажет болса, онда орыс тұрғындарын Қазақстаннан көшіріп жіберу қажет.
Егерде СССР- дің құрамына Өзбек пен Түркімен Республикасы кірген жағдайда да ғана Қазақстан СССР- дің құрамына өз еркімен ғана қосылуы тиіс және қазақ республикасының маңызын сақтап қалу керек. Менің ойымша, қазақтың мүддесі тұрғысынан барлық қазақ коммунистері туралы бідер ұлтшылдар сияқты ойлайды деп сенемін.
Мәселен, Қазақстандағы жерге қоныстандыру саясаты туралы мәселе жөніндегі біздің ұлтшылдардың пікірін қазақ коммунистері толықтай қостайды. Олардың нақты атын атап айтып, тізімдеп бере алмайтын, тек жалпылама топшылауым солай. Айтпақшы, мен – Омаров, жер бөлісі жөніндегі халық комиссары Тоқтыбаев Кәріммен сөйлестім, сонда ол: Швецов жасаған жер бөлу жоспарын Мәскеу бекітпеді, сондықтанда Қазақстанның коммунистері, оның ішінде мен де бұл ұсынысты бекітуге күш салуымыз керек – деді”
16 қазан. 1927 жыл. Қызылорда.
28-31 октябрь арасында үйіне босатылған. Сол күндердің ішінде Қадырбаев Сейдазым үйіне қонаққа шақырады. Келесі жауабында Елдес соны айтады. Демек, оны аңдып жүрген. Қонақта болғандар: “Нұрымов Ғаббас, оның ағасы Ахмет Бузинов, Юсупов Ахмет – Сафа, қайтыс болған Бірімжанов Ахметтің әйелі – Жәкен, Байменов Ілияс, Ақбаев Жанат т.б.”
Мұнда қол қойылмағандықтан да пайдалана алмадық. Мүмкін, жалған болуы да. Сенімсіз дерекке сүйенбедік. Онсыз да шындық белгілі.
ІІ том. 70-бет.
Азамат Бірімжанов Ғазымбектің қосымша жауабы.
27 наурыз, 1929 жыл.
“...Мен шет елдерде шығатын газеттердің ешқайсысымен де жұмыс істескем жоқ, оның ішінде “Татарстан кизелімен” де байланыс жасамадым. “Ени Түркістан” журналын жаздырып алғам жоқ, оның кейбір сандарын ғана көрдім, оқуға талаптанып едім, маған түсініксіз болды, өйткені мен түрік тілін білмейтін едім. Сондықтанда “Ени Түркістан” журналының 10 данасын жадырып алды дегенді жоққа шығарамын. Ол журнал туралы Валидовпен сөйлескеміз жоқ.
ІІ том. 71-бет
Бірімжанов пен Жәленов Кәрімнің беттескеніндегі сұрақ жауаптың хаттамасы, 29 наурыз 1929 жыл.
Сұрақ: /Жәленовке/ - Ташкентте жасырып жүрген Валидіді Сіздің пәтеріңізге Бірімжановтың алып келгені рас па, ондай жағдай боды ма?
Жауап: - 1922 жылдың жазында күндіз Бірімжанов Ғазыбек институтқа Валидимен бірге келді де маған, міне, Валидов деген кісі осы, бұл адам партияның Орталық комитетіне кіру үшін келді, ол туралы өтінішін де тапсырып қойды- деді. Мұны Валидов та растады да, содан соң: жауап алғанша бір-екі күн жасырынып жүру керек боп тұр, сондықтанда институттың саяжайында паналай тұруға мүмкіндік бер – деп өтінді. Мен оған келісімімді бердім”.
Сұрақ: /Бірімжановқа/ - Онадай жағдай болды ма?
Жауап: - Ондай жағдай болған жоқ.
Сұрақ: - Сіз бен Жәленовтің арасында бас араздықтарыңыз жоқ па?
Жауап: - Жоқ, араздығымыз жоқ. Мен өзім үшін жауап беремін.
Сұраған – Саенко.
Сонда Жәленов көрсеткен бе? Әлде, аңқаулықпен айтты ма? Тергеуде қасарысқан адамның бірі осы сияқты еді.
ІІ том. 73-бет.
Азамат Юсупов Ахмет – сафаның берген қсымша жауабы. І көкек. 1929 жыл.
“1925 жылы Әлихан Бөкейханов профессор Швецовты ертіп Қызылорда қаласына келгенде мен Қызылордада болатынмын, Әлиханмен жүздестім. Ол бұрыннан жақсы таныс менің әйеліме сәлем беру үшін біздің пәтерге келді. Оның келуінің басты себебі – Қазақстандағы жер бөлісіне қатысты кесімді жер мөлшерінің көлемін анықтау еді. Кімнен естігенім есімде жоқ, әйтеуір сол кезде ҚССР – дің жер жөніндегі халық комиссариаты қазақ қызметкерлерінің кеңейтілген мәжілісін шақырыпты – деп естідім. Бұл кеңеске кім қатысты және онда қандай мәселе көтерілді – онысын білмеймін және ол туралы естігемін де жоқ. Ол жөнінде Бөкейханов маған ештеңе айтпады... Біреулерден: өзге де қазақ қызметкерлерімен бірге Бөкейханов Байтұрсыновтың үйінде қонақта болды – деп естідім, бірақта нақты кімдердің болғанын айта алмаймын, себебі, ол қонақта мен болғамын жоқ” .
Бөкейханов осыдан кейін жабылған жоқ.
ІІ том. 74-бет.
Құлмұратов Тәжібай – 38 жаста. Қызылорда округінің Тереңөзек ауданының №1 ауылының қазағы. Үйленген. Партияда жоқ. Кешірімге байланысты түрмеден босатылған. Бұл – Байсейітек қашуға көмектесті деген адам. Ол - өзініңайтуынша, Байсейітке түрмеден қашу туралы ақыл бермеген. Жазығы – оның қашуына қол ұшын берген. Ол үшін бір құлынды бие алыпты. Сөзінің соңында:
“Кәрібаев Нұрлан Қызылорда қаласында кіммен кездесті, ол жағын білмеймін. Мен Дулатовтың үйінде Кәрібаевпен бірге бір-ақ рет, 1927 жылы Нұрлан Байсеит беріп жіберген құлынды биені әкеп берген жолы ғана болдым. Біз бірге бардық, Нұрлан: Байсеиттің тапсырмасы бар еді – деді, қандай тапсырма екенін ол маған айтқан жоқ. Біз келген кезде Дулатовтың үйінде қонақтар бар екен, мен ауыз үйде қалдым да Нұрлан ішкі үйге кітіп кетті, іле кері шықты да маған: Дулатов ертең таңертең кел деп айтты- деді. Испуловты тіпті көргемін – де жоқ. Бұдан басқа ештеңе де айта алмаймын, хаттама маған оқылды...”
Әй, қазағым-ай! Жылқы десе – басыңды да бәйгеге тігіп жібересің- ау!
ІІ том. 75-бет.
Жәленов Кәрім мен Әділов Дінмұхамедтің беттесуіндегі сұрақ – жауаптың хаттамасы.
27 мамыр /май/ 1929 жыл.
Жәленовке сұрақ: Әділов Дінмұхамедпен қай уақыттан бері таныссыз?
Жауап: 1921 жылдың жазында Әділов Ташкент қаласында тұрды ма, жоқ па, мен білмеймін. Тек, 1921 жылдың күзінде, не қысында мен осы Ташкент қаласындағы Қазақ институтында есімде. Ол институтқа алба-жұлба боп келді, келді де киюге киім сұрады. Оған кім костюм алып берді, қазір есімде жоқ, алайда Ә, Әділев оқушылармен бірге тұрдай – ау деймін. Келесі күні Әділев: өзінің Ферғанадан келгенін, Жанұзақовтың басмашыларының арасында болғанын айтты. Бір қышлақта ол бандылардың үстінен қызыл әскерлер түсіп қалыпты да Әділоов ол жерден қашып құтылыпты да осында әзер жетіпті. Оның өзінің айтуы бойынша ол Жанұзақовқа жолығуға барыпты, бірақ не үшін барғанын айтса да қазір ұмытып қалыппын.
Осыдан кейін мен Қоджановқа бардым да Әділовтың маған айтып бергенінің бәрін оған мағлұмдадым: Қоджанов: Әділев өте қабілеттті қызметкер, бірақ та ол жас, сондықтан да бір нәрсеге ұрынып қалуы мүмкін. Оны институтқа оқытушы ғып орналастырып қойып, оны бақылап жүру керек” – деді. /2 т.150 бет./
Жәленовке сұрақ: - 1921 /?/ жылы көктем айында Әділов Ташкент қаласына келгенде оның Бұқараға бара жатып жолай аялдағанын білдіңіз бе, жоқ па?
Жауап: Әділов өзінің Бұқараға барғанын елдің бәріне айтып жүрде.
Жәленовке сұрақ: Мүмкін сіз Әділовтің басмашыларға қалай тап болғанын есіңізге түсірерсіз?
Жауап: Ондай әңгіме есімде жоқ.
Тағы да соған сұрақ: Ташкенттегі қазақ қызметкерлерінің бір тобы қатысып, Валидовтың кеңес өкіметіне деген көзқарасына
ІІ том. 76-бет.
байланысты мәселені талқылаған және астыртын ұйым құру жөнінде ұсыныс жасалған мәжіліс өтті ме, жоқ па?
Жауап: Менің қатысуыммен ондай мәжіліс болған жоқ. Ал мен жоқ жерде ондай жиналыс өтті ме – одан да хабарым жоқ.
Әділов өзінің жауабынан бас тартып отырған жоқ. Ал Жәленов ашық айтқан сияқты, бірақ жауабы нақ.
Келесі жауаптарынды әр түрлі сұрақтар алған. Соның ішінде: “Менің өткендегі тергеу сұрағына қосарым” – деп басталатын жауабында: 1. Жергілікті халықтың бұрынғы езілгеніне. 2. 1916 жылы келген келімсектерді еліне қайтару, Ресейге жіберу керектігін айтқан.
Жалпы, өжет пікірлі адам сияқты.
ІІІ том. 77-бет.
“Омаров Елдес Омарұлы және басқалар туралы іс”. 3 том
Азама Байтұрсынов Ахметтің тергеудегі қосымша жауабы.
18/ҮІ-29 жыл.
Менің әдеби шығармаларымның ішінен самодержавие тұсында басылып шыққандары: Крыловтың мысалдарының аудармасы және “Маса” деген атпен шыққан өзімнің төл өлеңдерім мен аудармалардың жинағы. Кеңес өкіметі тұсында мен әдеби іспен айналысқамын жоқ. Көркем шығарма туралы мәселеге келетін болсақ, мен көркем дүниенің құндылығы оның қандай идеяны негізгі алғандығымен емес, адамның жандүниесіне, сезіміне қалй әсер етуіне байланысты бағалануы керек – деген көзқарасты жақтаймын.
Қазақстандағы әдеби ағымдармен таныспын, бірақта олардың ешқайсысына да іштартпаймын, себебі мен үшін әдеби бағыттардың қайсысы – пролетарлық немес ұлтшылдық сарын әдебиетте басымдық танытса да бәрібір. Оқу орындарындағы жастарды тәрбиелеу жолындағы ұстаздық әдебиет жөніндегі дәрістердің жоғарыдағы айтқан пікірімнің негізінде жүргізілген. Ал Орынбор мен Қызылорда қаласындағы Қазақ ағарту институтындағы дәріс берген “Мәдениет тарихы” пәнінің бағытына келетін болсақ онда мен өзімнің негізгі арнамды – адамзаттың дамуының қозғаушы күші мен қуаты – ғылым мен техника деген пікірді жекешілікке алдым.
Бірде, 1927 жылы Қызылорданың Қазақ халық ағарту институтында тарих пәнінен дәріс оқып тұрған кезінде маған: болашаққа өкімет бола ма? – деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақ, мемлекет билігі туралы оқылған дәрістерге: адам баласы барлық заманда да биліксіз өмір сүрмеген – деген сөзден туындады.
Мен ол сауалға: ғылыми – тәжірибеге негізделеді, ал өткен тәжірибесіне жүгінсек – адамзат биліксіз өмір сүріп көрмепті. Сондықтанда, тәжірибеден өткізіп алмай, болашақта өкімет билігі
ІІІ том. 78-бет.
бола ма, жоқ па, оған ғылыми тұрғыдан баға беруге болмайды деп жауап бердім.
Егер де ұмытып қалмасам, менің жауабым сонымен тәмәмдалған сияқты боларын. Ал социолистік құрылысының даму болашағы мен содан келіп туындайтын мемлекеттік биліктің тағдыры жөніндегі сұрақтар маған берілген емес.
Қазақ әдебиетінің ағымдары туралы мәселені мен ешкіммен де бірігіп талдағам жоқ. Оның ішінде, Мағжан Жұмабаев жасаған әдеби плотформаны Бөкейхановпен бірігіп оқыған емеспін. Қалай болған күннің өзінде, мен Мәскеуге барған кезімде Мағжан Жұмабевті Бөкейхановтың пәтерінен көрмегенім анық, сондай-ақ Жұмабаевтің де пәтерінде болғамын жоқ. /3 том.І-бет/
Нақтысын айта алмаймын, бірақ Жұмабаев пен Бөкейханов мен орналасқан жатаханаға /ол РСФСР- дің Халық ағарту комисариатының Мәскеудегі жатаханасы болатын, 1924 жылы күзде мен өлкелік танушылардың құрылтайына қатысу үшін барғамын/ келді ме, әлде бәрімізде Өлкетанушылардың құрылтайының мәжілісінде кездестік пе, әйтеуір, бір жүздескенім рас. Сондай-ақ, “табалдырық” әдеби үйірмесінің бағдарын оқығаным да есімде жоқ. Әрине, әдеби шығармаларды оқыған болармыз, алайда ешқандай қолжазбаның болғаны жадымда сақталмапты, ал Сәрсембиннің газетте жарияланған мақаласы есімде. Мен Мәскеуде болған кезімде оны Жұмабевпен бірге көріп қалғаным бар.
Орынбор қаласында тұрғанда Сәрсембин менің үйіме келген емес. Әйтеуір менің жадымда қалмапты. Тіпті, өлкетанушылардың құрылтайынан кейін мен соның өзін көрдім бе, жоқпа па, білмеймін.
Жұмабаевтің әдеби бағдарын / платформасын / талқылауға арналып Алдоңғаровтың үйіндегі мәжілістің өткендігінен бейхабармын, тіпті, Алдоңғаровтың үйін бір рет бас сұққан жоқпын.
Шоқаевқа қатысты білетінім оның Парижде тұратындығы ғана. Тек 1924 жылы Парижде өткен дүниежүзілік өнер көрмесінебарған қазақ әншісі Әміре Қашаубаев ол жақтан қайтып келген соң Шоқаевті көргенін айтқан болатын. Бұдан басқа ол туралы ештеңе де
III том. 79-бет.
айтқан жоқ, мен одан сұрағаным жоқ. Бұл сөзді Әміре менің үйіме әдейі келіп айтты ма, жоқ, көшеде кездейсоқ кездесіп қалғанда айтты ма, ол жағы есімде қалмапты.
Менің берген жауабым өзіме оқылды, менің айтқан сөздерім дұрыс түсірілген, сол үшін қол қоямын. – А. Байтұрсынов. / 2-бет / Сұраған – Саенко.
Ақаң тұтқындалған соң жаңа іс басталған.
Әңгіме тек “Табалдырық” туралы ғана өрбіген
Қашан іс біткенше ақаң осындай бағыттан танбаған. Ол кісінің берген жауабына орай бірде – бір көлденең сұрақ өзгелерге қойылмаған. Демек, артық және қапы қаларлықтай екі ұшты мағлұмат бермеген. Қолы сондай әдемі.
III том. 80-бет.
Елдес Омаровтың тергеу хаттамасында суреті сақталған. Шашы қысқа, шоқша сақалды, мұрты басылған, жұқа өңді, қасы, көзі Қалиқан Ысқақов сияқты. Арық. Қабағы түйілген. Сұрақ алынған күні – 20 маусым / июнь /. Сұрақ алған – Саенко.
Ол жауапта : Колчак құлаған соң 40 адамның атбасарға барғаны одан Семейге келгені айтылады да, әрі қарай мынаны баяндайды.
“... Ол адамдардың біразы кейіннен Семейге бет алды. Мен Танашев Сәбир мен Қалидқан және Қадырбаевтің әйелі бәріміз кері қайттық. Мен және Танашев Қалидқан екеуіміз Жангелдинге кешірім сұрап бардық. Ол бізді Орынбордағы Қазақ төңкеріс комитетіне жіберді. Орынборға бармас бұрын мен өзімнің ауылыма келіп, онда бір айдай тұрдым. Содан соң Орынборға, дәлірек айтсам Орынбор арқылы Мәскеуге – Челябі уезінің құрамындағы қазақ болыстарының өкілі ретінде оларды Қазақстан Республикасының құрамына қосу туралы өтініштерін жеткізу үшін өкіл ретінде де Орынборға дәлірек айтсам Орынбор арқылы Мәскеуге аттандым. Орынборда жолай бір ай аялдауға тура келді, себебі, Байтұрсыновтың да Мәскеуге ол кісімен бірге жүру үшін баратындығын біліп, соны күтіп жаттым, өйткені, менің өзімнің онда жалғыз баруым өте қиынға соғатын еді.
Мәскеуде Байтұрсыновпен бір айдай бірге тұрдым. Сондай – ақ бұл кезде қазақ қызметкерлерінің ішінде Ермеков пен Бөкейханов Абдолла / солай деп жазылған – Т.Ж. / Мәскеуде тұрды. Бізбен бірге Қалидқан Танашев та келді. Содан кейін біз жол – жөнекей келе жатып қабырғасын сындырып алған Сейдазым Қадырбаевтің Мәскеуден жүз шақырымдай жерде жатқанын білдік. Ол туралы тұрақты өкілдікке қадырбаевпен бірге келе жатқан Заки Валидовтің өзі айтты. Қадырбаевтің Закки Валидовке қалай кезігіп жүргені есімде жоқ. Зады, ол Мәскеуге келе жатқан бетінде жолай соғып, өзіне кешірім жасауға көмектесуін өтінбек ойы болған шығар.
Мәскеудің сыртында біздің бастаңғы ұйымдастырғанымыз есімде
III том, 81-бет.
Қалыпты, оған мына адамдар қатысты: мен, Абдолла Бөкейқанов, Байтұрсынов, Танашев, содан кейін Еремов және Валидов болды – ау деймін. Сонымен бірге Башқұрстан мен Татарстанның өкілдіктерінің бірнеше қызметкерлері, оның ішіндеСейдғалиев пе, әлдеСұлтанғалиев па бір адам болды, ал осы екеуінің нақтықайсысы болды,оны ашып айта алмаймын. Бастаңғының аты - бастаңғы, іштік – жедік, түстендік. Бізбен бірге башқұрт пен татар қызметкерлерінің әйелдері болды.
Осы бастаңғыдан кейін Валидовпен кездескен емеспін. Бұл бастаңғыда біз саяси мәселелерді, оның ішінде ұлттық өлкелер туралы мәселені талқыладық па, жоқпа, ол жағы есімде қалмапты. Мүмкін ондай әңгімелер айтылса – айтылған шығар. Байтұрсынов ол кезде ВКП /Б/ - ның мүшесі болатын, сондықтанда барлық партияда жоқтарды оның мүшелігіне өтуге үгіттеді. Байтұрсынов ол кезде менің өзіме жеке ұсыныс жасады. Ермеков Байтұрсыновтың ұсынысын қызу қолдады, бірақ та оның өзі неге екенін білмеймін өтпей қалды. ВКП /б/ туралы “Алашорданың” арнайы нұсқауы болған – болмағанын білмеймін. Менің өзім де Байтұрсыновтың сол ұсынысын жақтадым, Бөкейханов Әлихан да бұл пікірді қостады.
Қайталап айтамын, жоғарыдағыдай жағдайда Мәскеу қаласында кездескеннен кейін қайтып Валидовты көргемін жоқ. Онымен хат алысқамын жоқ, және “Алашорда” қайраткерлерінің арасында онымен кім хат алысып тұрғанын да білмеймін. Байтұрсыновтың 1921 жылы Бұхарадан Валидовтен хат алғанын мен білмеймін.Біз екеуіміз қазақтарды тыл жұмысына алған дүниежүзілік соғыс кезінде Минскі қаласында бірге істедік. Ал 1921 жылы Орынбор қаласындағы кеңес - партия мектебінде де қызметтес болдық. Содан кейін ол Ташкентке кетті. Неге кеткенін маған айтқан жоқ, білмеймін. Валидовтан хат алғаннан кейін, астыртын ұйымның тапсырмасымен Болғамбаевтің Ташкентке кеткені туралы ештеңе де бімймін”.
/3том. 4 – бет/.
III том. 82-бет.
Азамат Болғамбаевтың тергеудегі қосымша жауабы. 23/YI.29 жыл. Сұрақ: Ташкентке барар жатқаныңызда сіз Бөкейхановтың Дулатовқа не басқа адамға жазған хатын апардыңыз ба, жоқ па? Жауап: Ташкентке бара жатқанымда Бөкейханов Дулатовқа хат беріп жіберді ме, жоқ па, ол жағы есімде қалмапты. Бөкейхановтың Дулатовқа хат бергені тіпті ойымда жоқ”. /3 т.6 – бет/.
III том. 83-бет.
Айыпкер Жүсіпбек Аймауытовтың қосымша тергеуде берген жауабы: 24/YI –29 жыл.
Мен “алқа үйірмесінің бағдарымен бірінші рет 1925 жылдың басында Орынбор қаласында мынадай жағдайда таныстым.
Мен Ташкент қаласында шығатын “Ақжол” газетінде істейтінмін, содан Орынбор қаласына демалысқа келдім. Сол жолы редакцияда мен Сәрсенбинмен кездесіп қалдым, ол өзінің менде жұмысы бар екендігін айтты. Екеуіміздің сөзімізді Алдоңғаров тыңдап отырған болатын, содан кейін біз соңғы адамның /Алдоңғаровтың – Т.Ж/ пәтерінде кезігуге уәделестік.Сәрсембин: онда бізден басқа да бірнеше адам болады деді. Сөйтсем Алдоңғаров үйірме бағытымен /платформасымен/ таныс екен.
Келесі күні , әлде сол күні ме, әйтеуір түс әдетінде біз Алдоңғаровтың үйінде жолықтық, онда – Сәрсембин, Алдоңғаров, Сегізбаев, аты жөнін білмейтін тағы басқа да адамдар отыр екен. Менің ойымша олар Қостанайлық студенттер болуы керек. Сәрсембин “Алқаның” бағдарын оқып шығар алдында: мұны Жұмабаевтің қатысуымен мәскеулік студенттер жазған деп түсініктеме берді. Кейіннен Жұмабаевпен хат алысудың барысында ол платформаны жазған Жұмабаевтың өзі екенін білдім, себебі, оның маған жолдаған бағдардың үлгісі әлгіден айнымайды. Бұл іске Бөкейханов Әлихан мен Байтұрсынов Ахметтің қатысының бар – жоғын білмеймін, ол туралы Сәрсембин ештеңе деген жоқ. Ол маған бұл бағдарды Байтұрсыновқа оқып бергенін айтты, бірақ бұл жөнінде Байтұрсыновтың не дегенін білмеймін. Бағдарды Сәрсембин тағы кімге оқып берді, одан да хабарым жоқ. Бағдарды оқып болғаннан кейін өзім келіспейтін оның бірнеше тармағын қағазға түртіп алдым да, бұл туралы пікірімді Жұмабаевтің өзіне тікелей жазып жіберемін дедім. Ол тармақтарда не жөнінде айтылатыны қазір есімнен шығып кетіпті.
III том, 84-бет.
Қатысқандар Сәрсембиннен: “Алқа” үйірмелер өзге жерде бар ма, ондайды ұйымдастыруға мүмкіншілік бола ма - деп сұрады. Оларға Сәрсембин: Мәскеуде орыс жазушыларының “Алқа” іспетті үйірмелері бар. “Алқаны” ұйымдастыратын күш бізде де бар – деді. Сөзінің соңында Сәрсембин: кімде – кім үйірменің бағдарымен келіссе және оған мүше болғысы келсе Мәскеудегі Жұмабаевқа не Сәрсембинге хабарлассын - деді. Содан кейін өзімнің әдеби бағыттардың ағымдарымен таныс емес екенімді айтып, Жұмабаевқа осы мәселе турасында жазылған кітап жіберуді өтіндім. Ол маған: “Символизмнен бастап Қазан төңкерісіне дейін” деген кітапты жіберді.
Орынборда үйірме жұмыстары ұйымдастырылмады. Мүмкін менсіз өтуі де мүмкін, өйткені, мен іле Ташкентке қайтып кеттім. Онда барған соң әлгі бағдар тағы да алдымнан шықты, оның бір данасы Мәскеуден Қошмұхамед Кемеңгеровтің атына жіберіліпті. Бір күні мен, Кемеңгеров пен Байтасов және маған белгісіз тағы екі студентпен бірге Кемеңгеровтің үйінде отырып тағы да сол бағдарды талқыладық, “Алқа” үйірмесін ұйымдастыра аламыз ба, оған кімдер қатысуға келіседі, кімдер қарсы болады - соны талқыладық.
Негізінен алғанда үйірмені ұйымдастыру мәселесіне қатысқандардың бәрі де қолдады, ал жекелеген тармақтарымен келіспеген нәрселерін Мәскеуге Жұмабаевқа жазып жіберуге уағдаластық. Олардың барлығы да: үйірме мүшелері, бағдарламада көрсетілген талаптардың негізінде көркем шығарма жазуға тиіс, Қазақ әдебиеті жас әрі жұтаң болғандықтанда әдеби мәселелерді талқылау үшін құрылтай шақыру керек дегенге келісті.
Қорыта айтқанда, үйірменің негізгі міндеті – қазақ әдебиетін дамытуға үлес қосу болатын.
Құрылтай шақыру жөніндегі барлық жауапкершілікті мәскеулік студенттер өз мойнына алсын - десті жиналғандар.Кейін менің өзім Жұмабаевқа хат жазып, құрылтайдың қай жерде өткені оңтайлы – деп сұрадым. – Мәскеуде ме, Орынборда ма, Ташкентте ме? Олардың көпшілігі Ташкент қаласында жиналуға тілек білдірді.
III том, 85-бет.
“Алқа” үйірмесі сол күйі ұйымдастырылмай қалды, себебі, айтылған мәжілістен кейін біз бірде бір рет бас қосқамыз жоқ. Жұмабаевтің бағдары / платформасы / өзіне қайтарылып берілді. Ол бағдарға мен қол қойдым ба, жоқ па, есімде қалмапты, сондай – ақ өзгелердің де қол – қойған – қоймағанын білмеймін. / 3 том. 8 – бет./.
Осы бағдардың негізінде жазылған шығарма жарық көрді ме, оны да айта алмаймын. Жеке басым ол бағдарды негізге алып ешқандайдайда туынды жазғамын жоқ.Кемеңгеров пен Байтасов бағдарыдң /платформаның/ көшірмелерін өздерінде қалдырды ма, оны да білмеймін. Ал менің өзімде оның ешқандай да көшірмесі қалған емес. Кейіннен мен бұл бағдар туралы Жұмабаевпен, Әуезовпен пікір алысып хат жаздым.
“Екеу” деген бүркеншік атпен жазылған көркем әдебиет туралы мақаланы оқыдым. Оның иелері Байтасов Абдолла мен Ысқақов. Соңғы адам үйірменің талқыланған мәжіліске қатысты ма, анық айта алмаймын, қатысқан болуы мүмкін. Мақаланы мен қолжазба түрінде оқыдым, оны маған Ташкенттегі Жоғары Оқу орындарының не Рабфактың бірінде оқып жүрген Шымкенттік студенттердің біреуі әкеп берді. Оған дейін мен Ташкентке барғанмын, А.Байтасовпен де Ысқақовпен де кезіктім, олар маған: “Еңбекші қазақ” Газетінде көркем әдебиет туралы мақалалардың жариялануына байланысты бізде мақала жазуды ойластырып жүрміз - деді. Қашан дайын болған кезде оны маған көрсетіңдер, мүмкін мен кей жерін түзетіп берермін- дедім. Сол уағдаластықтың желеуімен ол мақаланы әлгі студенттер арқылы Шымкентке беріп жіберіпті. Бұл – 1927 жылдың алғашқы жартысындағы қыс айларының бірі болатын. Мақалаға аздаған өзгеріс енгізіп, мұны баспа бетіне жариялауға болады деген тілекпен өздеріне қайыра жолдадым. Мақала газетке жарияланған соң ондағы пікірлерді толық қостайтынын білдірген Әуезовтің пікірін өз құлағыммен естідім. Мақаланы мен өңдеп бергеннен кейін оны өзге қазақ жазушылары, мысалы Дулатов қарап шықты ма, жоқ па, ол жағын білмеймін. Ол мақаланы “Алқаның” бағдарын толықтай қостаған дүние деп мен есептемеймін.
Аймауытов.
III том. 86-бет.
Айыпкер Битілеуов Дамолланың қосымша тергеуде берген жауабы. 26 маусым. /июнь/
“Менің есіме маған берілген сұрақтан кейін мына жай түсті, мен Берлиннен қайтар кезде Дулатовқа мәлімет – хабар беру үшін Бірімжанов пен Валидов хат жазған кезде мен ол хаттың ішіндегі шартты белгілерді қойын дәптеріме көшіріп алдым ба, әлде бетін жыртып ап бере салдым ба білмеймін, ал Тері өңдеу ісі жөніндегі кітаптың ішіндегі сөзді көшіріп алдым. Әйтеуір, сондағы жазылғандардың барлығын Дулатовқа бердім, оны есіме жақсы сақтадым. Мұның барлығын Бірімжанов пен Валидовтің көзінше , және олар қай жерге не деп жаз десе – солай жаздым. Сондықтанда кітаптың беттерінің арасына шашырап жазылған сөздер рет – ретіменжәне мазмұнына сәйкес орналастырылды ма, жоқ, басқаша оқу тәртібі болды ма, оны білмеймін. Тері өңдеу ісі жөніндегі кітаптағы сөздерді қандай тәртіппен көшіріп бердім, ол да қаперімде қалмапты.” - /III т. 10 – бет/.
Осыдан кейін: “аптаж”, “хадрез”, “сашгаф”, “каклем”, “нуги”, “латиф”, “Загиди”, “Загид”, “Л кадак” – деген сөздерді кітаптан жазып, әр бетін, әр күнін көрсетеді. Шифр – деп жүргені осылар. Міржақыпты, Ғазымбекті қалайда шет елдің шпионы етіп көрсетуге тырысқан. Бұл өтірікті тергеуші Саенко құрастырды ма? Әрине, оның тырысуынсыз бұл іс дәл осылай бет алмас еді.
III том. 87-бет.
Бірімжанов Ғазымбектің қосымша тергеуде берген жауабы: 26 маусым /июнь/ 1929 жыл.
Шет елде жүрген кезімде “Ақжол” газетіне екі – ақ рет мақала жаздым. Біріншісін Берлинге келісімен – ақ жаздым, онда өзімнің жол – жөнекей көргендерімді, алған әсерімді баяндадым. Екінші: шет елде оқып жүрген өзбек студенттерінің үндеуі еді, соны қазақ тіліне аударып, “Ақ жол” газетіне жолдадым. Ол газетте жарияланды ма, жоқ па, білмедім.” /12 – бет/.
Өзбек студенттерінің көмек сұрап үндеу тастауының себебі, біз шет елге оқуға кеткен кезде қаражатты бір жылға лайықтап алған едік, алайда, СССР – дағы және Германиядағы ақшаның құнсыздануының өсуінен біздің қалтамыз қағылып шыға келді. Міне, сондықтан да өзбек студенттері ашық хат арқылы үндеу жариялауға шешім қабылдап еді” - /12 – бет/.
“Ол /Валидов – Т.Ж./ маған Университетте оқып жүрген кезімде келіп жолықты. Ол бірден менің пәтеріме келді. Менің мекен – жайымды қалай білгенін білмеймін, ол кісімен хат жазыспағаным анық есімде. Менің адресімді ол Париждегі Мұстафа Шоқаевтан біліп келуі мүмкін, өйткені біз онда барғаннан соң біраздан кейін ол /Шоқаев – Т.Ж./ Берлинге соғып, бізге Түркістандықтарға жолыққан болатын, алайда мен ол адаммен таныс емеспін, мүмкін, Мұңайтпасовты танитын шығар, себебі екеуі де бір жерден болатын. Біз Шоқаевпен бірнеше рет кездестік және оның пәтерінде де болдық. Ол өзінің қаражатының жоқтығына шағынып жүрді...
Кеңес өкілдігінің жағынан оған шет елден Отанына қайтып келу туралы, оның бостандығына толық кепілдік беретіні жөнінде ұсыныстар жасады, біріқ одан Шоқаев бас тартты.” – 12 – бет.
Оның “жалған деректерге сүйеніп жазған мақалаларына байланысты мен оған: неге бұлай еттіңіз?- деп сұрақ қойдым. Ол жадағайлап қана нақты көкейкесті мәселелер жөнінде әзірше жаза алмайтынын білдірді. Мен оның себебін былай деп түсіндім: ол ақ
III том. 88-бет.
шығарып тұрған шет елдегі газеттерімен байланыс жасағандықтанда оларға қарсы діттеген, көкейін тескен және даулы мәселелерді жазуға дәті жетпей жүр екен ғой – деп түсіндім. Өзінің СССР – ға қарсы тікелей ұйымдастырып жүрген әрекеттері туралы маған ештеңе де айтпады. Берлинде бір аптадай тұрды да қайтадан парижге кетіп қалды.
Валидов әуеліде менің пәтерімде тұрды, мен сол күні – ақ оған лайықты пәтер тауып бердім, сол үйде қашан өзі Константинопльге кеткенше тұрды. Мен Валидовтің, Валидов менің пәтеріме барып келіп жүрдік. Ол кеңеске қарсы әрекет жүргізді ме, жоқ па, онысын маған айтқан жоқ. Әр әңгіме сайын еркін Түркістан туралы үзбей айтумен болды, бірақ оны қалай жүзеге асырмақшы, бұл жағынан мағлұмдар етпеді. Ол Шоқаевтың ақ орыс эмигранттарымен істес болғанын ұнатпайтын. Битілеуов Дамолланың Берлиннен СССР – ге жүрер кезінде Валидов те Берлинде болатын, Битілеуовтің қайтар кезінде ол менің пәтерімде болуы да мүмкін. Ал соңғысы /Битілеуов – Т.Ж./ қайтар алдында менің пәтерімде тұрды, мен оны вокзалға жалғыз өзім шығарып салдым. Битілеуов арқылы Валидов Дулатовқа және басқа адамдарға хат беріп жіберді ме, жоқ па, ол анық есімде қалмапты. Егерде Битілеуов солай деп көрсетіп отырса, онда хат бергені ғой. Ал шифрланған хат жазуға менің қатысым болды деп Битілеуовтің көрсетуі негізсіз, өйткені, мен шифрдің тілін білмеймін. Маған көрсетілген шифрланған хаттағы жазу – Битілеуовтің жазуы. Әріптердің түсіне қарап, кейбір сөздерді Валидовтің жазуы мүмкін деп есептеймін. Мүмкін, шифрлау үшін жазу үлгісі мен сөздің мағнасы онша қажет те емес шығар”, - 13 – бет.
Қолы – Ғазымбек Бірімжанов.
Сұраған – Саенко.
Сонымен халықаралық шпиондық тор құрды деуге толық негіз бар.
III том. 89-бет.
Голощекин жолдасқа! 2/YII – 29
Маған көмек көрсететін бірден – бір адам ретінде Сізге хат жазып отырмын. Менің тауқыметті ісіме сіз ғана көмектесе алады деп көп адамнан естідім.
Мәселе мынада. Биылғы жылдың 14 мамыры /май/ күні ОГПУ – дің агенттері менің күйеуім Жүсіпбек Аймауытовты тұтқындап әкетті, оған тағылған айыптың бабына қарағандаоның қылмысының саяси астары бар екен /Менің күйеуімді ұстаған ОГПУ – дің Шығыс бөлімінің өкілі, тергеуші Саенко солай деп айтты/. Мұның әлдеқалай жаңылысу екенін мен өте жақсы білемін, өйткені менің күйкуім саясатпен ешқашанда айналысыпкөрген емес. Ол тек қана әдеби жұмыспен ғана шұғылданды, оқу ағарту саласына арнап оқулықтар мен таза көркем шығармалар жазып, кітап шығарды. Ол Қазақтың жаңа қарпі жөніндегі Орталық комитетте жұмыс істеді, латын латын қарпін өмірге етене кіргізуге белсене араласты, газет беттері арқылыевропалықтарға қазақ тілінен дәріс жүргізді. Бұдан басқа ол Қазақ ағарту институтында сабақ берді, демек, оның саясатпен айналысуға ешқандай да уақыты болған жоқ.
Мен сізден осы іске араласып, тергеуді тездетуіне және егер мүмкін болса тергеу біткенше кепілдік арқылы босатуға рұхсат етуге көмектесуіңізді қатты өтінемін, өйткені, ол ешқайда ешқашанда жасырынып әлек болмайды, себеі ол өзінің кінәсізекенін біледі, өзгесін былай қойғанда, жазықсыз адамның кәдімгі қылмыскер сияқтытүрмеде отыруының өзі күйінішті ғой. Егерде оның денсаулығы маған сенімсіздік тудырмағанда, онда мен соттың әділдігіне сеніп үндемей отыра беруіне шыдамым жетер еді. Алайда ол биыл қыста ғана ауырған сүзектің зардабынан қос өкпесі қабынып кеткен еді, сол үшін оны өкпе ауруының емханасына есепке алған болатын. Менің өзімнің де өкпем ауырады, сондықтанда мен қатты толқыған кезде және ауа мен жарықтың жетіспеуі
III том. 90-бет.
сағат сайын оның өмірін қысқартып бара жатқанын жақсы білемін, ал өзінің жастығымен, білімімен және қабілетіменен қазақ пролетариатына өте зор пайда келтірген болар еді ғой.
Менің жан айқайыма құлақ түріп, бір жағынан – Қазақстандағы ең ықпалды адам ретінде, екінші жағынан өзге адамның қайғысын түсіне білетін адам ретінде осы іске араласып, менің күйеуімді босатуға көмектесуіңізді тағы да сұраймын әрі қатты үміттенемін. Менің өзім сізге жолығып бар мұңымды ашып айтсам ба деп едім, ойыңдағыңның барлығын қағазға толық түсіре алмапсың ғой, бірақта оған денсаулығым мүмкіндік бермеді, менің өкпем ауырады әрі менің қолымда үш бала бар.
Оның өзіне де, бүкіл үй – ішіне не үшін екені белгісіз осыншама қасірет әкелген осынау үлкен қателіктің бетін қайтаруды Сізден тағы да қиыла өтінемін.
Сіздің кішіпейілді қарапайымдылығыңызға деген сенімімде қаламын.
Евгения Аймауытова
15/YI – 29 жыл.
Шымкент, Пушкин көшесі, 5 – үй. Аймауытова.
Хат қара тущпен жазылған.
Әйелдің алдамшы үміті – ай десеңші, қаншама жанына батырып жазса да оны түсінетін қужақ бар ма? Ол адам емес – қатігездіктің, сімірліктің, жымысқылық пен сұрқиялылықтың сұлбасы болатын. Не дегенменде Евгенияңгеміз өзінің махаббатын қолынан келгенше арашалауға тырысқан және өзінің күйеуін адал сүйетіндігін танытқан.Қужақ тыңдамағанменде оны сіз бен біз – кейінгі ұрпақ егіле отырып еске алатын болады.
III том. 91-бет.
Хаттама
6 шілде 1929 жыл. Алматы. /146 – бет/
“Мен, Байдилдин, Логачев жолдасқа жауап беруге ешқандай құлқым соқпай тұр. Себебі, кеше ол мені жолдастыққа жатпайтын мінез көрсетіп, менің намысыма тиді. Ол маған: сенің қамаққа алынуың өзіңді - өзің әшкерелеген аса қомақты құжаттарды қолға түсіруге мүмкіндік берді, сенің партиялығыңның түкке де керегі болмай қалды, мен ГПУ – да істеп жүргенде сенен де биік самғап жүрген “қырандарды” торға түсіргемін, - деп кіжіңдеді. Осыдан үш – төрт күн бұрын мені тергеуге алғандағы жұмсақтығын ұмытып, кеше өзінің маған деген қас – қабағын мүлдем өзгертті. Алдыңғы жолдары ол адам айтқысыз кішіпейілділік танытқан еді. Сөйтсем бұл тергеуші барып тұрған көзбояушы екен әрі мені жек көретін болып шықты. Міне, сондықтанда мен оған қандай да болмасын жауап беруден бас тартамын”.
А.Байдилдин. /146 – бет/.
Байдилдин өзін алдап түсіргенін кеш білген. Олардың қалайда алдап дерек жинағанын, ал керегі жоқ кезде жарға итеріп, ең бірінші жалған дерек берген адамды көзін құртуға тырысарын қайдан білсін. Бұл жолы да солай болды. Оның өзі атылып кетті. “Мен Колчактың барлаушысы болдым”: - деп партия жиналысында ашық айтып қалған Әбдірақманды әуелі де достары “барлаушы!” деп кекетіп күліп жүрсе де сол аңыздың өзін ГПУ ұтымды пайдаланды. Ең бірінші боп ату жазасына кесілді.
III том. 92-бет.
Халық комиссарлары кеңесінің жанындағы Біріккен Саяси Басқарманың Шығыс бөлімі. 7 маусым /июнь/ 1929 жыл.
ПП ОГПУ – дің ҚССР бойынша орынбасары Ж.Алшанскийге. Алматы.
Бөкейхановтың үстініен түскен / жинақталған құжаттардың /материалдардың/ шұғыл тұтқындауға жеткіліксіздік жасауына байланысты, біз тергеу жұмысын мынадай есеппен егерде ол біз таққан айыпты жоққа шығарып жауап берген жағдайда оны тұтқындамай босатыпжіберетіндей етіп – жүргіздік.
Бөкейхановтың 26/Y- 29 күнгі жауабының хаттамасын қоса жіберіп отырмыз.
ГПУ –дің шығыс бөлімінің көмекшісі – қолы./190-бет/.
III том. 93-бет.
1929 жылғы 27 мамыр күнгі Әлихан Бөкейхановтың берген жауабы.
“Алаш орданың” ұйымдастырылған күнінен бастап оның тарқаған күніне дейінгі атқарған ісі туралы мен каширин жолдасқа жауап берген болатынмын.
Ал, менің Валидовпен арадағы қарым – қатынасына келетін болсақ, онда мен онымен соңғы рет Уфадағы “мемлекеттік кеңесте” кездесіп, әңгімелескем едім. Онда біз өзіміздің жауларымызға қарсы қалай бірігіп күресетініміз жөнінде ақылдастық, оның ішіне кеңес өкіметі де кіреді, әрине, оның ішінде Дутов туралы нақты талдадық, ал кеңес өкіметі жөнінде арнайы сөз болған жоқ, жоғарыда айтқанымыздай, ол өзінен өзі түсінікті жай еді. Мен де, Валидов те дәл осылай түсінді. Біздің әңгімеміз бен жасаған жоспарымыз жүзеге асқан жоқ, өйткені Уфа кеңесінде сайланған Үкіметті Сібір Үкіметі тұтқынға алды. Бұдан кейінгі қалыптасқан жағдайға байланысты екеуіміз кездесе алмадық, ешқандай байланыс орнатудың да реті келмеді.
Байтұрсынов пен Ермеков туралы: олар 1920 жылы (жазда) Мәскеуде болды. Олар мұнда Қазақ Автономиялы Республикасын құру туралы Комиссияның мәжілісіне қатысу үшін келді. Олар мұнда Влаидовпен кезікті ме, жоқ па, оны айта алмаймын, бірақта білетінім, Ермеков Қазақ Республикасының құрылтай жиналысына 1920 жылдың қазан айнда келді, ал Валидов болса 1920 жылдың қыркүйек айында Бакуде өткен Шығыс халықтарының құрылтайына қатысты. Сондықтанда, олар валидовпен ешқандайда байланыс жасаған жоқ деп ойлаймын. Қалай дегенменде олар бұл туралы маған еш нәрсе айтқан жоқ.
Мен мына жайды үзілді-кесілді бас тарта отырып мәлімдеймін: Уфадағы мәжілістен кейін мен Валидовпен ешқандай байланыс жасағанымжоқ, оған Болғамбаевті жолығуға жұмсағаным да жоқ және Валидовтен ол арқылы хат та алғаным жоқ.
ІІІ том. 94-бет.
1919 жылы “Алаш орда” тарқаған соң, біздер, бұрынғы ұлтшылдар, бұрынғы алашордашылар қандай да бір ұйым құрып, кеңес өкіметіне қарсы күресуге, арнайы ұйым құрып күресуге талаптанған жоқпыз. Ұлтшылдық іс-әрекет туралы ешкімменде ой бөліскен жоқпын, өйткені, мен ұлт туралы ұлтшылмен ұлтшыл ретінде пікір алысатын екі-ақ адам бар, ол-Байтұрсынов пен Дулатов, ал бұлармен ұлттық күрес тәсілдері жөнінде әңгімелескен емеспін, егерде ұлт жөнінде олармен сөз қозғай қалсақ, біздің “ұлтшылдығымыз” тек тағдырға налып “көз жасын төгумен” шектелетін.
Мен Жер туралы саясат жөніндегі пікірім мынаған келіп саяды: жерді орыстармен (қоныс аударып келушілермен) қазақтарға тең бөліп беруге болмайды, өйткені, өйткені орыстар жерді өңдеу мәдениетін жақсы меңгерген, олар қалайды ұтымды пайдаланады да кезі келгенде қазақтарды қанауға кіріседі. Жер туралы менің “ұутшылдығым” осы мәселеге келіп тіреледі./191-бет/.
І.Зады бұл түске дейінгі тергеу болса керек, себебі, сол күні жазылған тағы да бір тергеу бар. Әлде екі тенгеудің арасында үзіліс болды ма екен? Тергеушінің қаупіна қарағанда, Бөкейхановты тұтқындай аларлықтай себеп таппаған соң үзіліс жариялап, арасында түрме бастықтарына не Альшенскийге барып ақылдасып келуі мүмкін. Бұл сұрақтың соңына қол қойылмаған. Кейінгі тергеумен қосып бір-ақ қол қойған. Соған қарағанда үзіліс ұзаққа созылмаған.
ІІІ то. 95-бет.
Ә.Бөкейханов. 27/Ү-1929.
Мені Жер жөніндегі халық комиссариятының жер туралы іс-әрекетіне араласады-мыс-деген жайға келетін долсақ, ашығын айтайын, ол арада менің сөзімді тыңдайтын ешкім жоқ, мысалы, Голощекиннің Сұлтанбековті айыптап: ол Мәскеуге келген кезде Голощекинге келмей - маған келді- деген жазасын мен мойындамаймын. Істің анығы былай болған. Республиканың Жер жөніндегі халық комиссары болғандықтанда кесімді жер мөлшерінің ережесін РСФСР-дің Мемелекеттік Жоспарлау мекемесіне /1927 жыл/ бекіту үшін Мәскеуге келді. Жердің кесімді мөлшері қазақ мекемелерінде Швецовтың көмегі арқылы жасалып, бекітіліп кеткен болатын. Енді сол кесімді жер мөлшерін РСФСР-дың мемелекеттік жоспарлау мекемесінде тағы да қорғауы үшін Швецовты ертіп брғысы келеді де сол үшін маған қолқа салады. Швецов екеуіміздің ескіден /34 жыл/ келе жатқан дос екенімізді ол білетін, сондықтанда оның бұл іске көмектесуіне менің өз аузымнан тілек білдіруімді өтінді, егерде Сұлтанбековтің өзі тікелей барса, оның бұл ұсынысынан Швецовтың ба тартуы мүмкін еді. Шындығында да, Швецов менің өтінішім бойынша оларды қорғау үшін сонда қалды. Ал Голощекин болса ғой Сұлтанбековтыңоған бармай менен “ақыл сұрағанына” намыстанып қалыпты.
хх хх ххх ххх ххх ххх (Осы арада жер нормасы туралы сұрақ берген болуы керек, әңгіме үзіліп барып жалғанады. – Т.Ж.)
1925 жылы (көктемде) Қаратілеуов пен Сириус мені ҚАССР-дің Мәскеудегі Өкілдігіне шақырып алды екеуі РСФСР-діңЖер жөніндегі халық комиссариятының бекітуіне ұсынғалы отырған Қазақстандағы жерді бөлу мөлшеріндегі ереже туралы менің пікірімді сұрады. Мен олардың ұсыныстарын қарап шықтым, сондай сауатсыздықпен жасалған екен. Мысалы, онда Адй болысындағы шаруашылықта 28 түйе бар деп көрсетіліпті, бұл дегеніңіз тек қиялда ғана болатын елес қой. Мен өзімнің бұл ойымды ашық айттым. Олар маған: егерде біз жасаған жердің кесімді мөлшері сондай сауат-
ІІІ том. 96-бет.
Сыз жасалған болса, онда оны сауатты түрде есептеп беретін адам керек, сіз тауып беріңіз деді. Міне, мен сөйтіп оларға Швецовты тауып бердім. Мен сол кезде /1952-жылы/ Мәскеуде тұрған Ольденбургке барып: олар, яғни, Ғылым Академиясы жердің кесімді мөлшерін анықтау үшін Қазақстанда түбегейлі зерттеу жасай ала ма –деп сұрадым. Бұған Ольденбург болған әңгімемді Мәскеудегі қазақ өкілі Мырза Галеевке (солай жазылған-Т.Ж.) жеткіздім. Бұдан кейін Ғылым Академиясына өтініш жіберілді, 1926 жылы қаңтар айында мәжіліс болды, оған Қазақстаннан- Жер жөніндегі халық комиссары Әлібеков, Жаманмұрынов, Қаратілеуов және мен қатыстым. Ол мәжілісте жен-жақты зерттеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Зерттеу жүргізетін топтың ішінде Швецов басқарға экономикалық-есептеу жасағы да бар еді. Қаратілеуов пен Әлімбековке бұдан басқа ешқандай кеңес бергенім жоқ. Ал РСФСР-дің Мемелекеттік Жоспарлау мекемесінде Швецов өзінің белгілеген кесімді жер мөлшерін қорғаған кезде осы істің маманы ретінде мені арнайы шақыру арқылы (бұл кезде Ә.Бөкейханов тергеуде еді-Т.Ж.) мәжіліске қатысып, Швецовтың ұсынған жер бөлу мөлшерін қоғап сөз сөйледім.
Ә.Бөкейханов (қолы). І/ҮІ.29.
Дұрыс:
Бұл-27 күнгі емес, І.ҮІ. күнгі қосымша жауабы екен.
ІІІ том. 97-бет.
Байдильдиннің жауабы (көрсетуі).
25/ҮІІ-І/ҮІІ-1929 жыл. (202-245 беттер).
Мен өзімнің бір жолғы көрсетіндім арқылы сәдуақасовшылардың бүкіл тарихын толық айтып шыға алмаймын. Оған қазір қажетті жағдай жасалмай тұр, ең бастысы, керекті құжаттар қолымызда жоқ. Мен бұл арада осы ағымның бұрынғы жақтаушысы есебінде оның жалпы даму сатысының онбайын түсіремін және өзімнің есімде қалған кейбір деректерді айтып беремін. Сонымен қатар, кезінде дос-жарандарымнан естіген деректерді де пайдаланамын, әрине, ол деректердің дәлділігіне кепілдік бере алмаймын. Сәдуақасовшылдық ағм патияға қарсы бағыт ретінде ҚССР-нің құрылған күнінен бастап ұйымдасусыз-ақ қалыптаса бастады.../202-бет/.
1920 - жылы І Қазақ сьезі өтті. Оның негізі сонда анықтала түсті. Әртүрлі көзқарастардың өзара үлеспеуі жікшілдікке негіз қалады-деген пікірді Ә.Байділдин сабақатп келеді де оны рушылдыққа әкеп телиді. Біздің ойымызша әр көзқарастың астарында ұлттық мүдде жатты. Тек қазақ қайраткерлерінің арасындағы саяси күрестің мәдениеті жетпегендіктен олардың өзара пікір таласы жеке басының ымырасыздығына жол ашты.Ол: бұдан әрі:
“... Ол сьезде, ұмытпасам, Әділев Байсеит пен Мыңбаев (Ақмолалық) және басқалар сөйледі. Әрбір жақ өзінше Сьездің шешіміне әсер етіп, әсіресе, Үкіметтің құрамына ықпал жасауға тырысты. Әр бір топ өзінің көсемін жетекшілікке ұсынды, яғни, КЦИК-тің төрағалығына Байтұрсынов пен Жангельдинді ұсынды.”- дейді Ә.Байділдин.
Бұл өзі тасқа басылған 45 беттік кәдімгі кіші-гірім кітапшаның көлеміне пара-пар көрсетінді, яғни, ең басты айыптаушы сөздің бірі. Сондықтанда оның бәрін қамту мүмкін болмады. Әйтпесе, талай мәліметтердің беті ашылар еді. Амал қанша. Біз тек әкімшілік пен партиялық күрестің кейбір тұстары мен Мұхтар Әуезовке қатысты тұстарын ғана іріктеп алдық.
ІІІ том. 98-бет.
Ойымыз шашырап кетпес үшін ықшамдап қана пайдалануға тырыстық. Күндердің күнінде бұл көрсетінді де толық қолға тиіпті, жеке жариялана қалса, ондағы оқиғалар арқылы көптеген пікірлерді қайтадан сараптап, кейбір жақсы атты боп жүрген қайраткерлердің халқына не жеке адамға жасаған қиянатына көз жеткізер едік.
“... Сәдуақасовшылардың сол кездегі басты бағыты сұрыптап келгенде мынаған саяды:
Партияның ұлттық бағдары (программаны( жүргізуін жақтады.) мұны қалай түсініп, қалай талдағаны басқа мәселе).
Қазақтардың арасындағы жұмысты жандандыруды ұсынды.
Төңкерісшіл жастарды жоғары қызметке тартуға тырысты.
Отарлаушыларға қарсы күресуді қолдады.
Жұмыссыз солшылдарға қарсы күресті нығайтайық- десті.
Бұл бағдардың негізгі пікірлері сол жылы жарық көрген Смағұл Сәдуақасовтың “Жастардың жаңа жолы” атты кітапшасында толықтай қамтылған”. /204-бет/.
Егерде, 1920-жылы Смағұл Сәдуақасовтың жиырма жаста ғана екенін ескерсе, оның өзінің құрбыларынан қаншалықты ілгерілеп кеткенін және өресінің олардан анағұрлым жоғары екенін аңғару қиын емес. Елінің мүддесі ерте есейткен азаматтың бірі еді ол. Ә.Байділдин бұдан әрі Смағұл мен өзінің арасындағы қарым-қатынас пен қайшылықтарды айта келіп, өзінің 1920-1929 жылдар арлығындағы өмірін жалықпай саяси астар бере хатқа түсірген. Бұдан аңғарылатын: тергеуші де және жауап беруші де нысанаға Смағұл Сәдуақасовты алған. Ішінара Мұхтар Әуезовті де шаншып, екеуін қосақабаттап “ұлтшыл” етіп шығаруды көздеген. Біз Мұхтарға қатысты тұсын ғана іріктеп алдық.
ІІІ том. 100-бет.
Жиналыс барысында “жойылсын ұлтшылдар!” деген айқай бір жақтан, “сөйлесін!”, “отаршылдар бөгет жасамаңдар!”- дген қарсы жауап екінші жақтан естіліп, оның сөзін жиі-жиі бөліп жіберіп отырды. Ол өзінің сөзін аяқтап болған кезде мәжілісте отырған барлық губерниялардың қазақ өкілдері ду қол шапалақтап қошамет көрсетті. Бұдан кейін екі жақтың арасындағы айқайлар одан әрі өрши түсті. Оны қорғап сөйлегендер де, қарсы тұрғанадр да қатты-ақтты сөз айтып, ара-тұра дөрекілік мінездер көрсетті. Мысалы: Сәдуақасовты қорғаған Х.Нұрмұхамедов (Атбасардан келген өкіл) бірнеше рет төралқалар отырған соталды қолымен түйіп-түйіп қалып, аяғымен жер тепкілей сөйледі.
Іс былай аяқталады: дауыс беру барысында дауыс ұлттық белгісіне қарап екіге тең бөлінеді. Қазақтардың кейбіреулері ғана болмаса бәрі де “иә” деп, ал орыстардың қалыс қалғандарының басқалары “жоқ” деп дауыс берді. Сөйтіп, мәселе ашық-шешілмеген күйі қалды. Кейіннен Сәдуақасов 3-4 дауысты артық алып, бәрібір КЦИК-тің мүшелігіне сайланды. /208-бет/.
Иә, жалындап тұрған жас жігіттің кеудесіндегі өртін “отаршыл-коммунистер де ” (С.Сәдуақасовтың өз сөзі- Т.Ж.) өшіре алмады. “Кейбір қазақтардың” не ойлағанын кім білсін, мүмкін, елінің мүддесінен көрі күні ертең өзімнің тағымды тартып ала ма, әлсіздігімді, солқылдақтығымды бетіме баса ма-деп қауіптенген болар. Мұны күтуге болады және солай екені анық. Әйтеуір, ішкі есебімізді еліміздің есесі арқылы толтырып отыру – “ұлттық мінезімізге ” айналып бара жатқан заман ағымында ондай күдікті мүлдем жоққа шығара алмайсың. Кейде, осындай нақты деректерді жасырмай қаз-қалпындажеткізгені үшін “қаламгер” Әбдірақман Әбділдинге разылық та білдіруге тура келеді.
Қайтеміз, тарихтың оған бұйыртқан сыбағасы сол шығар.
ІІІ том. 99-бет.
Бұдан әрі Әбдірақман Байділдин былай дейді:
“Біз кеңестердің ІІ өлкелік құрылтайына бардық. Сәдуақасов бізден ерте кетті, қалған губерниялық өкілдер кейіндеу барды. Осы құрылтайда өзге де саяси және шаруашылық мәселелерімен қоса Сәдуақасовтың жеке басы мен оның іс-әрекеті туралы пікірлер негізгі талқылаудың өзегіне айналды. Семей мен Ақмола губернияларынан европалық ұлт өкілдері өздерінің сөзінде сәдуақасовты іліп-шаншып сөйледі, олар оның теріс әрекеттерін сынап, ұлтаралық қарама-қарсылықты, өштікті туғызды, орыс қызметкерлерінің барлығын отарлаушылар деп атайды-деген тағы басқа да айыптар тақты. Ал аталған губерниялардыңқазақтары керісінше Сәдуақасовтың ісін ақтап, европалық ұлттан шыққан қызметкерлерді қатты сынады. Осынау өзара кіналасу мен талас КЦИК-тің құрамын сайлау кезінде ең шарықтау шегіне жетті. Біз Сәдуақасовты КЦИК-тің құрамына ұсындық, ал европалық жолдастар оны ысырып тастап отырды. Қарама-қарсы топтардың арасындағы бұл дау-дамай өте көпуақыт алды. Пікір таласы барысында Сәдуақасовтың өзі қорытынды сөз алып ұзақ сөйледі. Ол өзін- қазақ халқы үшін күрескен нағыз ер ретінде және сол үшін қасірет шегіп жүрген азамат ретінде көрсетті, ол европалық ұлт қызметкерлерін саналы түрде отарлау саясатын жүргізіп отырсыңдар, партияның шынайы ұлттық саясатын жүзеге асыруға кедергі жасап отырсыңдар-деді. Солай дей отырып, ол өзінде ұлт мәселесі туралы өткен партияның 8- сьезіндегі сөйлеген Сталиннің сөзінен үзінді келтіріп өзінің іс-әрекетінің жоғарыдағы үзіндімен сәйкес келетінін дәлелдеп, орыс отарлаушылары партияның сол бағдарын жүзеге асыртпауға тырысып, мені қудалап отыр-деді. Сонымен қатар ол Қазақстанның өткендегі тарихына шолу жасап, кешегіні бүгінгі күнмен салыстырып, өзінің пікірінің дұрыстығы туралы тұжырым жасады.
ІІІ том. 101-бет.
Жоғарыдағы топтық мәжілістің жабылар кезінде М.Әуезов барлық қазақ өкілдерін өте маңызды мәселені талқылау үшін арнайы жеке жиналу керектігін, олардың қай жерде жиналатынын және қай уақытта басталатынын хабарлады. Өкілдер айтылған уақытта айтылған жерге жиналды. Тек Меңдешев, Мырзағалиев т.б. жауапты қызметкерлер ғана кешікті, оларды арнайы шақыруға адамдар жіберілді, олар содан кейін барып келді. Әуезов жиналысты ашып, оның мақсатын түсіндірді. Ол: біз жергілікті жердегі жағдайлар туралы, оның ішінде қазақтардың арасындағы істің барысы туралы өзара толық мәлімет алмасу үшін және соған сүйене отырп шешім қабылдау үшін жиналдық-деді. /208-бет/.
Содан кейін жергілікті жердегі жағдай туралы пікірлер алмасылды. Әр губерния өзінің баяндамашысын тағайындады, сола жергілікті жердегі жағдай туралы хабарлама жасады. Ол: Семей облысындағы, әсіресе, қазақ ауылдарына аштықтың төніп келе жатқан қаупі байқалады-деді. Жергілікті жердегі жағдайдың нашарлығы туралы қара бұлтты төндіре сөйлеген Әуезов, мұның барлығы- біздің енжарлығымыздың, ұйымдастыра білмейтіндігіміздің, өзара тәжірибе алмаспай томаға-тұйықтық танытуымыздың, ең бастысы – отаршылдардың кедергісі мен іріктеушілікәрекетінің кесітінен болып отыр –деді. Ол мұндай көріністерімен қарсы аянбай күресуге шақырды.
Бұл мәселе Смағұл Сәдуақасовпен алдын-ала келісіліп алған сияқты.Істің бәрі де соның ықпалымен және соның күрес жолының бағытымен қақпайланып отыран. Бұ-өте бір ауыр кезең еді. Қаақстанның үш түрлі өкімет билігінде қалуы-өзара түсініспеушілікті тудырды және ұлттық мүдденің тұтастығын сақтауға кесірін тигізді. Әсіресе, Сібір төңкеріс комитетіне қараған Шығыс және Солтүстік губерниялардың ахуалы өте нашар еді. Жаңа орыстадыру мен қоныстандыру саясаты жүріп жатқан.Төңкеріс-тек орыстарға ғана қарысты сияқты көрініп, қазақтар қызметтен шеттетіліп жатыр еді.
ІІІ том. 102-бет.
Әбдірақман Байділдин бұдан кейін мәжілістің мәнісін былай түсіндіреді:
«Әрі қарай өзге губерниялардың есебі тыңдалды. Айтылған пікірлардің барлығы да әуезовтің берген бағасымен үйлесіп жатты. Барлығыда істің енжар жүргізіліп жатқанына тоқталып, бір ауыздан отаршылдардың қойып отырған тосқауылына тоқталды. Сондықтанда, өкілдердің сөзінде тың пікір аз болды. Алайда өзінің сөзі арқылы меңдешев сәл-пәл өзгешілік әкелді. Ол: жергілікті жерден келгендердің пікірін негізінен қостайтындығын білдірді. Отаршылдардың бөгет жасап жүргендігімен де келісті, алайда сөйлеушілердің жергілікті ұлтшылдықтың тигізіп отырған кері ықпалына тоқталмағанына реніш білдірді. Бұл туралы айта келіп, мәжілістің қорытындысында осы мәселеде көрініс тапсын-деді. Біраз адамдар бұған қарсы болды, алайда ол ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданды.
Сонымен, негізгі шешім қабылданды. Әуезов өзінің алғашқы сөзінің сарынын әуенімен мәжілісті қорытындылады.»
Иә, әркім өзінің бет пердесін әр тұста ашып қлады. Тарих оны ешқашанжасырмайды. Бірде болмаса бірде әшкерелейді. Дәл осы қазақ халқының мүддесі арнайы сөз болған жиналыста Меңдеңшев те өзінің саяси болмысын танытып қалады. Бұл жолы да, бұдан кейінгі Орал облысының қазақтары аштан қырылып жатқан кезде де «Алаш орданы» әшкерелеп, оған Смағұл Сәдуақасовты теліп, Байтұрсыновты билікте шеттетуден танбаған. Екі жиналыста да Меңдешев қазақ халқының тәуелсіздік күресін «коммунист-колонизаторлармен» ымырластыруға тырысқан. Соңғы жолы, ашаршылыққа қарсы комиссия құруға қарсы болған. Байтұрсынов табандап тұрып алған соң оның қазақ халқына арнап жазған үндеуін шығартпай, өзі төрағалық еткен. Ел-елді аралағндарға тыңшыны соңына қосып жіберген.
ІІІ том. 103-бет.
Әбдірақман Байділдиннің көрсетуі бойынша:
«Бұл жиналыстағы екінші мәселе ретінде күн тәртібіне Смағұл Сәдуақасовтың мәлімдемесін талқылау ұсынылды. Ол: мені отаршылдар менің соңыма түсіп қудалап жүр, облыста мені көзіме шұқып, шеттетіп келеді, тексеру жіберіңдер – деп мәжіліске қатысулардың бұл жөнінде өз пікірлерін айтуды және көмек көрсетуді өтінді. Жиналыс оған қалайда көмек көрсетілсін – деп шешім қабылдады. (Бұл жиналыстың хаттамасының көшірмесі менде сақтаулы болатын, оны ГПУ тергеушілері тінту кезінде алып қойды).
Міне, сәдуақасовшылар бүкілқазақстандық деңгейде осылай қалыптасты. Алайда бұл шешім оның басты шабыттандырушысы- Сәдуақасов Смағұлды қанағаттандырмады. Сьездің қорытынды нәтижесінде ол бәрібір жүнжіп шықты. Бұрынғысындай КЦИК-тің төралқасына мүшелікке ілінбеді, оны жауыпкершілікке тартуды жалғастыра берді, оның өзін қанағаттандыратындай оңтайлы үлкенді-кішілі жұмыс берілмеді. Соның нәтижесінде ол не істерін білмей сенделіске ұшырады. Күндіз қабағынан қар жауып жүрді, ал кеш болса Әуезовтің бөлмесінде ұзақ әңгімелесіп отырып алатын.» /209-бет/.
Біреудің шешкен қасіретіне шексіз қуанып, содан ләззат алып, қас дұшпанына сүйіне әрі сондай сұрқайы сөздермен бейнелеп берген адамның мінездемесіне араша түсу- парызымыз. Алайда дәл осы арада бәрі де дәлелдемей- ақ түсінікті сияқты. Сондықтан да созбалап жатпаймыз.Тек, Мұхтар Әуезовті тінткенде алынған бір хаттың сыртында мынадай сөз жазылыпты. Зады сол сөз осы бір қиын күндерде жазылса керек.
ІІІ том. 104-бет.
Қаулы
1929 жылдың 20 шілде күні. Алматы.
Азамат Әбдірахман Байділдин.....4. Байділдин студент кезінде большевиктерге қарсы қарулы күрес жүргізу үшін ұлтшыл жастардан ұйымдастырылған ақгвардияның жасағына өз еркімен кірген, сонымен қатар ол Колчактың 3-армиясының қарсы барлау тобының құпия тыңшысы міндетін қоса атқарған, яғни, азамат Байділдин Қылмыс Ережесінің 58-7, 58-11, 58-13, және 59-3 баптарының тиісті тармақтарына сәйкес қылмыс жасаған, сондықтанда Қылмысты Істер жөніндегі Ереженің 128 және 147 баптарына сәйкес мынадай Қаулы қабылдадым:
Азамат Байділдин Әбдірахман, 32 жаста, қазақ, Петропавл уезінің “арғын” руынан шыққан, үйленген, орта білімі бар, ВКП /б/ қатарынан щығарылған, бұрынғы “ алашордашы”, қазір еш жерде жұмыс істемейді- жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін айыпкер ретінде жауапқа тартылсын.
Байділдинге алдын-ала сақтандыру шарасы қолданылып, оны ПП ОГПУ-дің ҚССР бойынша комендатурасынның жанындағы түрмеге отырғыз үшін тұтқындалсын.
Шығыс бөлімінің бастығының көмекшісі- Саенко.
“Бекітемін” ПП ОГПУ-дің ҚССР бойынша өкілі-Альшанский.
Қаулы маған оқылды, өзімді кінәлімін деп санамаймын. Ә.Байділдин. /128-бет/.
Иә, өзін кінәлімін деп санамайды. Бірақта өзгелерді “кінәлі” деуге қандай қақысы бар еді?
ІІІ том. 105-бет.
Әбдірахман Байділдин туралы бірер сөз.
“Мен Байділдинмен патшаның тұсында Омбыдағы оқушы кезімде таныстым. Өзге де оқыған қазақтар сияқты ол да ұлтшыл болатын. 1918 жылдыңбасынды, мен халықаралық пролетарлық 2 - Омбы партизан отрядына ерікті жауынгер боп жазылған кезімде өзге де ұлтшылдарсияқты Байділдин де менің бұл әрекетіме қарсы болды, мені майданға аттанудан бас тартуға үгіттеді. 18 жылдың күзінде Омбы қаласына жеттім, онда ұзақ уақыт жасынып жүрдім, Сәдуақасов Жанайдар маған үнемі қатынап тұрды. Бірде маған Байділдин де келді. Жанайдар Байділдинге сенімсіздікпен қарайтын, алайда оден қандайда бір қастандықты күтпейтін. Ол уақытта Байділдиннің белгілі бір саяси бет-бағдары қалыптаспап еді. Ол екі ойлы болып жүретін, кәдімгі ұсақ буржуазияның өкілі ғана қалпын сақтады. 1918жылдың соңына ала Омбыда Колчакқа қарсы большевиктердің көтерілісі ұйымдастырылды, оған қазақтардың арасынан мен және Жанайдар қатысты. Көтеріліс жанышталды да маған Омбыда қалуға мүлдем болмайтын болды. 19-жылдың қаңтар айында ауылына демалысқа кетіп бара жатқан Байділдинге ілесіп Петропавл арқылы мен соның ауылына жүріп кеттім” (қалғаны таспада. 173-бет).
Ең қиын кезде қол ұшын берген Әбдірақман Байділдинді оның “партизан, большевик, мектептес досы” Дінше-Дінмұхамед Әділев ГПУ-дің тергеушісіне ұстап беріп отыр. Сонда, ГПУ жүйесі Колчактан көрі айбынды, олардан көрі үрейлі болғаны ма?
ІІІ том. 106-бет.
1929 жыл, 26 маусым.
Қалабай Бекдуллаев, 22 жаста, Қызылорда қаласындағы Атбасар көшесінің 2 үйінде тұрады, 1921 жылдан комсомол, қазақ, батырақ, мектеп мұғалімі, үйленген.
Міне, “ұстаз” осы жігіт өзінің ұстазы Жүсіпбек Аймауытовтың үстінен “домалақ арыз” жазып, оны “халық жауы” ретінде әшкерелеп ГПУ-ға түсінік берген. Көрсетуіне қарағанда Қалабай жалақор Жүсіпбектің өмірбаяны мен жұмысын да жөндеп білмейтін болып шықты. Кәдімгі можантопай көп топастың бірі екені байқалады. Тіпті, Абайды сынап, “халық жауының” қатарына қосқан. Мұнда Тәжібаев деген студент те куәға тартылған. Алайда оның көрсетінділерінің “ізі өшкен” тәрізді. Айбақ-сайбақ жазуының табы іс қағаздан байқалып қалады. Енді осы Қалабай Бекдуллаевтің көрсетіндісіне тоқлалайық. Ол: “Аймаутов Жүсіпбекті 1921” жылдан (-?- мүмкін 1927-жылдан шығар, жазу бедері өшіңкіреп қалған-Т.Ж.) білемін, өзінің айтуы бойынша оның әкесі Ақмола (-?- Семей губерниясы, Павлодар уезі болуы керек-Т.Ж.) губерниясындағы аса үлкен діншіл-молла екен”- деп бастайды сөзін. Бір сөйлемде екі дүдәмәл дерек ұшырасуынан-ақ Қалабайдың пәлендей “маманданған жалақор” еместігі аңғарылады. Алайда одан мұның бәрін тәптіштеп жатпаған болар тергеуші. Өзі де елпілдеп екілене көпірген сияқты. Жә, “шәкірттің” ұстаз туралы “пікіріне көшейік.
“Ол 1926 жылмен 28 жылдың аралығында Шымкенттегі педагогикалық техникумның оқытушысы болды. Аталған оқу орынында сабақ бергенкезінде ол өзін барып тұрған ұлтшыл-алашордашы ретінде көрсетті, барлық жерде және үнемі студенттердің миына ұлтшылдық сананы егуге тырысты. Мысалы, арнайы әдеби бақылау орындары (цензура-Т.Ж.) басып-шығаруға рұқсат бермей қайтарып жіберген әдеби шығармаларын, кітаптарын шәкірттерге оқуға бер деді. Әсіресе, жоғары класс оқушыларына оқу үшін тарарып берген кітаптарының ішінде “Үрбек” (-?- Жүсіпбек Аймауытовтың осы аттас
ІІІ том. 107-бет.
Шығармасын кездестірмедік. Зады, Қалабай мырза “Ақбілек” дегенді “жаңылысып жазған” болуы керек-Т.Ж.) атты шығармасы ерекше көзге түсетін. Бұл кітап “алашордашылардың” рухында жазылған, онда ескі қазақ зиялыларын бірігуге шақырған. Кеңес өкіметінің олармен күресуге шамасы келмейді-делінген.
Сондай-ақ, ол студенттерге “Ақ жол” газетінің ескі тігіндісін (1923-жылғы ғой деймін) әкеліп, ондағы өзінің “Қилы,қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды”- деген мақаласын оқытты. Ол бұл мақаласында қазіргі қоғамға деген өкпесі мен сенімсіздігін білдірген.
Жоғарыдағы аталып өткен әдеби шығармалардан басқа педтехникумның студенттерінің арасына өзінің “Сылаң қыз”, “Маңсапқорлар” т.б. кітаптарын оқуға таратып берді. Бұлар студенттерге қосымша құрал ретінде қолдануға ұсынылды, бірақта мазмұны жағынан алғанда жазылғандықтанда ондай кәдеге жарамайтын. Ол туралы “Еңбекші қазақ” газетінде сын мақала жарияланды, кеңес өкіметіне қарсы бағытта онда бұл кітаптар бағытталғандықтанда қазақ әдебиетіне ешқандай қажеті жоқ-делінген.
Педтехникумда әдебиет пәнінен сабақ беріп жүрген кезінде сол пәннің мұғалімі ретінде студенттердің назарын әр түрлі қажетсіз нәрселерге аударып, түкке де пайдасы жоқ Мағжан Жұмабаев пен Абайдың өлеңдері мен поэзиясынан мысал келтіріп, үзінді оқитын, жалпы алғанда оның оқыған дәрісінен студенттер ешқандай да пайда алды деп айта алмаймын”.-дейді сабазың!
Бұдан кейін Қалабай мырзаға не деп кінә тағуға болады? Оны тыңшылыққа алған тергеушілер де сол дәрежедегі адамдар болғаны ғой. Осындай “можантопай-мәңгүрттер” болмаса анау-мынау түйсігі бар жанның жансыз болуға келісуі де кәдік. Әрине, істі боп ісі түсіп, басына күн туса-мәселе басқа. Зерек, зейінді деген қайраткерлердің біразы мұндайда бұлбұлша сайрағаны таңсық емес
ІІІ том. 108-бет.
Қалабай Бекдуллаев өзінің сәугейлігін былай жалғастырады:
«1928 жылы көктемде педтпхникумның бір топ студенттері оқу бітіргелі жатқанда белгісіз біреу Шымкент қаласының көшелеріне алашордашылардың үндеуін желімдеп жапсырып кетті. Менің пайымдауымша және оның ықпалындағы студенттердің және Губерниялық соттың қызметкері Досовтың (СО ОО ГПУ тұтқынға алған) қолымен істелген іс.
Бұл Үндау шыққанға дейін Аймауытов Ербазаров Әлімбек (қазір шет елде жүрген қазақ ұлтшылы Мұстафа Шоқаевтің бауыры) және Хамитов Әли-айдар (Оның да Шоқаевпен туысқандық байланысы бар) сияқты студенттермен ерекше дос болып жүрді. Бұл студенттерді Аймауытов жиі-жиі үйіне қонаққа шақыратын. /107/.
Әрине, әрбір ұстаздың өзінің сүйікті шәкірті болады. Оны өзгеден көрі іш тартуға қақысы бар. Тіпті, Жүсіпбек Аймауытов Әлімбек пен Әлиайдарды елі үшін еңіреп, басына күн туғанда жат жерді паналаған Мұстафа Шоқайдың ет жақын інілері есебінде жақын тартқан шығар. Ондай бауырмалдық көрсету әркімнің қолынан келе бермейді. Осы бір жай Қалабайдың көңіліне ерекше қызғаныш тудырған іспетті. Өйткені ол: өз кітабынан соларға үзінді оқып береді. Үйіне тек молдалар мен байдың баласын ғана қонаққа шақырады. Ленинге арналған қаралы жиында оны мазаққа айналдырған студенттерді оқудан шығарған соң оларды Жүсіпбек Аймауытов қайтадан оқуға алдырды-дегенді қайталап жиі айтады. Сапта тұрып күліп жіберген шәкіртті пионер қатарына алмай қойғанын біз өзіміз көзімізбен көрген болсақ, онда ол заманда қандай қылығымен «азалы жиында» кінәлі болғанын елестету қиын емес.
ІІІ том. 109-бет.
Одан әрі Қалабай Бекдуллаев былай жалғастырады:
«Егерде ішінара кейбір студенттер оған : неге сіз бізбен саяси тақырып жөнінде әңгімелеспейсіз-деп сұрақ қоя қалса, ол үнемі: біз саясатқа араласпаймыз, ол жөніндегі біздің құқығымыз шектеулі –жауап беретін» –дейді. /209-бет/.
Енді шәкірттерінің айналасынан шығып, «ұлтшылдардың» ауқымын кеңейте түседі. Қалабайдың өзінің ұстазы жөніндегі жинаған мағлұматтарының тиянақтылығына қарап, сол оқып жүрген кезінің өзінде «үндеместің тыңшысы болмады ма екен?»-деген күдік ұялайды. Кім білсін, әкесін-баласына, шешесін-қызына аңдытқан заман ғой ол. Артық кеткеніміз асылық, дегенменде ой топшылауға қақымыз бар. Әйтпесе, Жүсекеңнің алдынан дәріс алған шәкірт көп, ендеше сонау Қызылорда қаласында тұратын «мұғалімнен» Шымкентте тұрғанда ұсталған және сонда сабақ беріп жүрген Жүсіпбек Аймауытов туралы айғақ алады. Әңгімемізді ары қарай сабақтайық.
«Аймауытов әсіресе қазақтың ұлттық театрының артистерімен тығыз байланыста болды және олардың арасында беделі зор еді, оның ішінде мемлекеттік ұлттық театрдың директоры Шанинмен, Жандарбеков Құрманбекпен (Аймауытов кезінде сабақ берген Ташкенттегі Қазақ институтының бұрынғы студенті), Байзақов Исамен және Әміремен (екеуі де ұлттық ақындар) ерекше жақын еді. Бұл артистер Шымкент қаласына жақын достары ретінде келген бетте-ақ Аймаутовтыңүйінің төрін бермейтін»- /110-бет/.
Зады, Қалабай Бекдуллаев шындығында да Жүсіпбек Аймауытовтың ұлы талантын мойындамаған адам болуы ғажап емес. Ол театрдың драматургсіз өлі ұғым екенінен хабарсыз дегенге сену де, мына сөзіне қарап, сенбеу де қиын. Иса мен Әміре, Жұмат Жүсіпбектің бозбала кезінен бері келе жатқан достары. Оның үстіне өзі да асқан әнші, сері адам. Ұстазы жасаған скрипка мен домбыраны, ол тіккен етіктерді, ол шерткен күйді «шәкірті» естімеді дейсіз бе? Бастауыш баспалдақта оқыған Бауыржан Момыш-ұлы марқұм мұны бізге сонау кездің өзінде тамасана айтқан болатын.
ІІІ том. 110-бет.
Қалабай Бекдуллаев:
«Сонымен қатар Аймауытов Қызылорда қаласында тұратын белгілі ұлтшылдар Байтұрсыновпен, Дулатовпен және басқа да өлкелік оқу орындарының оқытушыларымен тығыз байланыс жасап, сол қалаға барып тұратын. 1926-1927 жылдардыңарасында Шымкентте тұрған кезінде ол 4 рет Қызылордаға барып келді»-дейді.
Расында да қалай кірпік қақпай аңдып, қапысын жібермей және жаңылыспай жіпке тізіп отырған. Демек, Қалабай мырза шынымен Жүсіпбек Аймаутовтың соңынан тыңшылық жасаған ғой. Әйтпесе, екі жылдың ішінде оның қайда барып тұрғанын санаудың және оны жадында ұстаудың қажеті қанша? Осы ретте Жүсіпбектің өзгелерден бұрын атылып кетуіне себепші болған Қалабайдың көрсетіндісін келтіреміз:
«1928 жылы Шымкент қаласының көшелеріне ілінген Үндеу туралы педтехникумның студенттеріне ешкімге айтпау туралы ескертілген болатын, сонда да олардың арасында бір-жар ауыз әңгіме айтылып қалып жүрді, ол үндеудің авторы кім екенін маған белгісіз, алайда ондағы Аймаутовтың жақын араласатын адамдары- жазу үлсібіне қарап мұны жазған Сырдария Губерниялық сотының қызметкері Досов пен студент Ерназаров Әлімбек деген тоқтам жасады» - дейді.
Мұндай Үндеуді Жүсіпбек Аймауытовтың жазуы мүмкін бе? Әрине, жалпылама топшыласақ – жазса – сол жазсын. Одан күшті сөз зергері тек Шымкентте ғана емес, исі қазақ арасында сирек болатын. Алайда дәл сол кезде, Голощекин қара бишігін сусылдаты «ұлтшылдардың» басына үйіріп тұрған кезде Жүсіпбектің ондай аранадатуға бара қоюы екіталай. Мүмкін, албырт студенттердің өзі шығар? Мүмкін. Алайда, Ғабит Мүсірепов марқұм көтеріліске шақырған Үндеуді өз көзімен оқып шығып, бұл- Жүсіпбектің жазу мәнері емес, басқа бір ірі жазушының қолы дегенді айтқанына куә қазір де табылады. Тағы да бір үлкен лауазым иесі де оны көріпті. Өкінішке орай ол үндеудің сөзі мына істе сақталмапты.
ІҮ том. 111-бет.
Қылмысты іс, архив №124, 4 том.
21 жылы /ІҮ- басталған- 1929. 23/11.
Тоқманбаев Бақайдың, Әбдікеев Битимбайдың және басқалардың Қылмыс Ережесінің 59-3,166-2, және 182 баптары мен тармақтарына сәйкес айыпқа тартылған тергеу ісі.
Бұл іс - Әділевтің ұсталуына жол ашқан. Іс ерте қозғалып бір рет жабылып, 1929 жылы ақпан айында қайтадан тергеу жүргізілген. Мұндағы айып тағылған адамдардың негізгісі – ауыл адамдары. Араб қарпімен жазылған түсініктер көп. Қазақтардың дауының басы-барымта емес пе. Бұл іс те сол барымтадан, барымтаның қарымтасынан басталады. Қазақтың маңдайына басқан азаматтарымен тағдырлас болған және солармен бірге алдысы атылып, соңғысы қамаққа алынып, қатар түрмеде отырған жандардың ісі жанамалай болса да біздің тақырыбымызға тікелей қатысы бар. Сондықтан да бұл іске қысқаша аялдап, түсінік бере кету керек. Әйтпесе, көптеген жайлар түсініксіз қалады. Сонымен, «түрме тарихының» екінші бір тармағына назар салайық.
Тергеудегі бірінші іс мына арыз бойынша қозғалған. Талас болысының №9 ауылының қазағы Аралбай Досымбековтың 34 қарасын Тарақты болысының қазақтары, әйгілі барымташылары Шәкір – пұшық Сыдықов, Тілеубек Жұмабаев және Ермекбай мен Моқай табыннан айдап әкеткен. Олардың соңынан қуған Пірімқұл Мәмбетов, Досымбеков Шарлыбай, Ереалиев Рысбай, Тәукенов Сүлеймен барымташыларды Шу өзенінің бойында қуып жеткен. Барымташылардың астындағы атын тартып алып, өздерін жаяу қалдырған. Бодықов Сыздық пен Айболатов Арын 6 түйені, 6 жылқыны, 3 айғырды, 2 атты, 13 биені таныған. Арыз иелері-Жолбеков Арынбай мен Досымбеков Әйтібек. Оларыз 1927 жылы тамыздың 3 күні жазылған.
Былай қарағанда өзге-өзге, дәл осы барымтаның «Алаш ордаға»
ІҮ том. 112-бет.
Ешқандай қатысы жоқтай көрінуі заңды. Алайда, қиыстыруын келістірсе қиын емес екен. ГПУ тергеушілері исі Қазақстанды «халық жауының ұясы» етіп көрсетуі үшін торды кеңінен қамтып лақтырған. Оның ішінде жазықты да, жазықсыз да, бай да, кедей де бар. Әйтеуір, қазақ зиялыларымен әлдебір жақындығы болса-бітті, абақтыға жабылып, сұраққа тартылып, ит әуресі шыққан. «Голощекиннің кіші октябрінің» дауылының екпіні мен саяси қылмыстық қамтыған әшкерелеудің «ауқымы» осындай еді. Барымтадан басталып, баспақтай-баспақтай Дінше Әділевке, одан Сәкен Сейфуллинге жетеді. Екінші, тура осы «барымтаның» астарында кәдімгі қазақы күрестің табы жатыр еді. Оны орайы келгенде білесіздер. Сонымен...
Малы барымтаға ұшыраған Досымбеков Әуле-Ата қаласындағы атқару комитетінің билер бөліміне (административный отдел дегенді осылай атаған- Т.Ж.) үсті-үстіне арызданумен болды.Әулие-Ата атқару комитетінің үстінен арыз көбейіпкеткені жөнінде алаңдаушылық білдірген қылмыс тексеру бөлімінің бастығы Логов: 1927-жылы 5 қыркүйек күні губерниялық комитетке: «Жоғарыдағы көрсетілген болыстардың арасындағы барымта тек қылмыстық әрекетпен шектелмейді, сонымен қатар саяси мәнге ие болып отыр және аталған болыстың азаматтарына белгілі бір дәрежеде күш көрсетіп, мәжбүр етпеге- олар тергеуге жол бермсейді, өйткені олардың көпшілігінде қару бар. Сондықтанда атқару комитетінің билер бөлімі Әулие-Ата қаласының атқару комитетіне осы мәселеге байланысты 40-50 адамнан құралған арнайы қарулы жасақ ұйымдастыруға көмектесу туралы ұсыныс жасауыңызды өтінемін, солардың көмегі арқылы губерниялық тергеу бөлімі бұл істі тексеріп, тергеу жүргізу туралы аудандық тегеу бөліміне берген тапсырмасын жергілікті жерде анықтауға мүмкіндік тура еді»- деп мәлімдеме жасады.
Қылмыс тиірменінің тергеу тасы осылай қозғалды.
ІҮ том. 113-бет.
Бұдан кейін кеңес үкіметінің кеңес қызметкерлерінің аңызға айналған «қағаз іскерлігі» басталады. Әулие-Атадан Сырдари- губерниясының тергеу бөліміне, одан атқару комитеттеріне, аудандық милиция бөліміне арлы-берлі жүйткіген қатынастардың жекпе-жегі біраз уақытқа созылған. Сөйтіп жүргенде, жергілікті жерден «арыз беруші» деген бүркеншік атпен жазылған домалақ арыз түседі. Өзге-өзге, « домалақ арызға» ерекше мән беретін кеңес қызметкерлері бұған шүліге кірісіп, тергеу ісіне жеделдете кіріседі. «Арыз берушінің» нақты аты көрсетілмегендіктенде біз оны келтіріп жатпаймыз. Алайда барлық пәле содан кейін барып ушыққан. Қанша айтқанмен, қазақтың қолынан өзге келмесе де, бірінің үстінен арыз жазуға келгенде қиыстырып-ақ жібереді емеспе. «Кеңестің жанашыры» да әрбір адамның жеке басына және оның әрекетіне саяси астар беріп, құлпыртып жіберген. Оның ұзын ырғасы мынадай:
Көзі қарақты дәулет иесі Мәдібек Кеншімов барымтамен айналысады екен. Ол жең ұшынан жалғасып малды басқа жаққа өткізетін көрінеді. Мәселенки, 1929 жылы мамыр айында Қарқаралының «кулагі» (терминді қалай дәл тапқан-Т.Ж.) Жүсіп не Жақып Шегенов 30 жігітпен Әулие-Ата уезіне келіп, Ақмолаға мал айдап әкетіпті. Бекмолда Жаңабаев дегенде Сарысу мен Ақмоланың арасын судай сапырыпты. Қысқасын айтқанда, кеңес өкіметіне қарсы «кесірлік» (саботаж) жасап жатыр екен. Өздері қарулы. Ол мұндай қылмыстық әрекеттерге төзе алмай тергеу орындарына домалақ арыз жазуды «комсомолдық парызым» деп ұғыпты.
Ал енді мұны тексермей көр. Күні ертең «дәл осы домалақ арыз тергеу орындарының үстінен жазылып, жоғарыға жіберілуі анық. Ең қауіпті нәрсе осы «домалақ арыз». Сондықтанда сақшы орындары жедел аттанған. Олардың барлық сұрақ-жауабын келтірудің мәнісі жоқ және «таза қазақы арыз» болғандықтанда ру мен рудың арасындағы шырмауықты ажыратудың өзі мүмкін емес. Дегенменде, тергеуші-
ІҮ том. 114-бет.
лер мұны тегіннен тегін суыртпақтап отырған жоқ. Әйтпесе, «Алаш орданың» ісінің ішіне тіркелеме. Ел азаматтарын «қырға шығып, қарулы көтеріліс жасауға әрекеттенді» - деп айыптау үшін де бір кілтипан табуы керек ғой. Өзгелерді былай қойғанда, осы тәсілдің арқасында Жүсіпбек Аймауытов пен Халел Ғаббасовтың басы оққа байланды. «Қарға тамырлы қазақтың» қылмыстары да «тамырланып», бір бірімен шиеленісіп жататын көрінеді ғой. Осы тергеу ісі соның нақты айғағы.
Шырмауықша шырмалған тергеудің 79-бетінде ғана Байсеит Әділевтің аты аталады. Міне, осыдан кейін дегеніне жетіп тынған тергеушілер әлгі рулық, болыстық тартыстар мен барымталарды ұйымдастырып жүрген «Әділевтердің бандасы» деп тұжырым жасайды да айыпкерлерге қойылатын сұртақардың барлығын с оған қарай бейімдеп, қылмысты оқиғаларды қоюлата береді. Сөйтсе, 31 жастағы Сапақов Сүйіндіктің мәліметінше Байсеит 1928 жылы одан жылу сұрап келіпті. Түрмеден жаңа шығып келгенін айтқан соң жаны ашып оған мал берген екен. Демек, сол үшін де ол айыпты болған көрінеді. Одан кейін Бітімбай мен Бақай дегендер елді барымталап кетіпті. Дүбаралық шекарада тұрғандықтан да Ақмола мен Әулие-ата уезінің қайсысына қарайтындықтарын білмеген, өзара шеше алмаған болыстар айтыса-тартыса жүріп, ақыры арты кекке ұласып, барымтаға айналыпты. Мұны ұйымдастырып отырғандар байлар мен бандылар екен. Оны Сарысу ауданының №6 ауылының азаматтары Жәкет Рысқұлов пен Сейсембек Авкеров (Әукеров пе, Апкелов пе-түсініксіз. Т.Ж.) былай түйіндейді:
«Жоғарыда көрсетілген ауданның (Сарысу-Т.Ж.) №6-7 ауылдарындағы бандылардың көсемі Бақай Тоқманбаев, ал оны жағаттап жүргенде- Тоқманбаев Өмірзақ, Тұрысбеков Әбдірахман, Құрманов Мәдібек, Мұқанов Кәкен. Бандының екінші тобының көсемі Омаров Жәкеш,үшінші топтың көсемі Мұстафаев Жаманқара мен Бітімбай. Олардың соңына ерген жігіттері мыналар: Нұртазаев Жүніс, Есмағамбетов
ІҮ том. 115-бет.
Тінібай, Ахметов Балабек, ал атқамінерлердің жетекшілері- Кеншімов Мәдібек, олардың арасындағы жеңгетайлар: Қайырбеков Рақымбек, Қушамқай Тұрыс, Қонкеев Батырбек, Бектұрсынов Бөжен, Алтымбеков Қасымбек, Жопаев Баукен, Ленгітов Сары Нұрмұқанов- соңғысы барлық істі ұйымдастырушы болып келеді.»- деп көрсетеді./104-бет./
Айғақ деген осы. Іле осы тізімде аты аталғандардың барлығы ұсталып, жауапқа тартылған. Солардың ішіндегі «атқамінерлері» мыналар:
Мәдібек Кеншімов, 46 жаста, 8 баласы бар. 70 қой, 12 ірі қараның иесі. Ақмола уезіне қарасты Тарақты болысынан. Істің жайына қарағанда тәргіден тығылған Ақмола уезінің байлары Шойке Исаев пен Қунақов Сәдуақас тарақты болысына келіп жасырынған. Олардың соңынан Бітімбай баласы Түнқатарды қуған жасақтар әлгі байлармен қоса қалға түсіреді. Кеншімбек: Түнқатардың әкесі ұлын құтқару үшін 10 қарулы жігітпен жортулыға шығып, Бекмолданың ауылында жатқан бір милицияны ұстап, қаруын тартып алып, оны маған әкеп берді. Мен құнан ауылына барып мылықты өкіметке тапсырдым. Байлар содан кейін Шуға қашты.Бақай соның ішінде кетті. Олар атысып жүріп қуғыннан құтылды. Бақай менің туысымның екі биесін алған еді, сол үшін Бақайдан бір жорға атты алып қалдым-дейді.
Бұдан кейінгі көптеген сұрақ-жауаптардан аңағратынымыз: «тышқан інге кіре алмай жүріп құйрығына қалжуыр байлапты»- дегендей тәргіге түскен қазақтардың өзара жаулығының өрістеуі. Ақмола мен Сырдария губерниясының шекарасы анықталуы тиіс еді.Сол кезде қазақтардың ежелгі дерті қайта қозып, тулық жер бөлісі басталып кетеді. Жартысы-Ақмолаға, Жартысы-Әулие-Атаға қараймыз десіп даурығысады. Өзара қырғиқабақ боп, кіжінісе келе барымтаға ауысады. Екі топты Ақмола мен Әулие-Атадағы «намысшыл қызметкерлер» оларды қоздырып қояды. Тарақты ментабын руының байлары өздерінің басы бәйгеге тігілгеніне қармай бірінің жерін бірі қорғап, бірін бірі көрсетеді. Иен жат-
ІҮ том. 116-бет.
қан Бетпақдалаға симаған, симаған емес-ау, сиыспаған олар күні ертең түрменің тар бөлмесінде «табысарын», бастарының күшпен қосақталып байланып, оққа байланарын қайдан білсін. Осы іске «жер дауын даулап жүрген» Дінше-Дінмұхамед Әділев те бір бүйірден келіп кіріседі де ақыр «Алаштың» азаматтарын да торға тығып тынады. Ғабит Мүсіреповтың: «қазақтың жауы-қазақ»- деген сөзі осындайды көріп, ызаға булыққаннан барып айтылған-ау дейсің. Барымтаның ішінде жүрген 25 жастағы Бақай Тоқманбаев тергеуде:
- Сарысу ауданының №7 ауылының қазағымын. 2 ат, 2 түйе, 15 қойым бар. Мен «Байсексеуілге» тығылған Шойке Исаев пен Айтмағамбет Сәдуақасовтан (Қунақо Сәдуақастың баласы болуы керек- Т.Ж.) мініс ат сұрауға бардым. Таңертеңінде қуғыншылармен арадағы атыс басталып кетті. Аманжол екеуіміз қашып кеттік. Соңымыздан қуды. Бір қыстаудың маңына келгенде ат болдырды. Атыстық. Тұрысбаев, Сапақов, Бексеитов, Жылқыбаев Ерубай бәріміз өз еркімізбенен өкіметке берілдік. Жолда бізді бәрібір атып тастайды дегенді естіп, мен қашып кеттім. Кейін: кедей өкіметі- кедейді қолдайды- деген соң, мұқанов Кәкен, Тұрысбаев Әбдірахман үшеуіміз өз аяғымызбен келіп өкіметке берілдік. Өйткені біз барымтаны байларға жасап ек. Көп олжаны қайтардым. Мысалы: Қарасартов Ахметтің 3 атын ұрлап едім, кейін оның өзі қуып келіп, қайырып алды,- дейді.
Бұлар сол 1928 жылдың аяғында ұсталған тәрізді. Дінше қармаққа алынысымен Сарысуға астыртын хабар жіберіліп, ол жақтағы «кеңес өкіметінің жауларын анықтауға және ұстауға» нұсқау берілген сияқты. Ал 1929 жылы 8 қаңтар күні олардың барлығы да тергеушінің алдында тұрды. Аты шыққан Бітімбай барымташы да өз еркімен бас иіп келіпті. Сарысу ауданының милиция бастығы Тұрғымбеков пен Нұрмұқамбеков бұларды «қылмыскер» деп тауып, жоғарыға хаттама жіберген. Олар мұны «Алаштың» ісіне қосқан.
ІҮ том. 117-бет.
Сонымен, 1929 жылы 2 ақпан күні Шымкент қаласында ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы Никитенко мен төтенше өкіл Попов арнайы ұйғарым шығарып, Тоқамбаев Бақайды, Мұқанов Кәкенді, Тұрысбеков Әбдірахманды, Әбдікеев Бітімбайды, Әбдікеев Биттібайды, Мүйлиев Еркені қылмыскер ретінде айыптап, іс қозғайды. Әлгі істің соңына «қылмыскерлер» не қызыл сияға, не қанға бармақтарын малып, қағазға қолдарын қойған. Олар өздерінің арғы-бергі өмірлерін айтып, ру бақталастықтарының себебіне тоқталып, біраз уақыт орағытып жүріп алады да тергеушінің қақпайлауымен сөздерінің соңына қарай Байсейт пен Дінмұхамедке келіп тіреледі. Тергеушілердің түпкі мақсаты сонда ғана барып ашылады. Оқиғаны асықтырғанмен әрбір істің соңында адам тағдыры бар. Сондықтан да аталған адамдардың жауаптарының ішіндегі кейбір айғақтарды іріктеп қана ұсынамыз.
Кәкен Мұқанов: «Жоғарыдағы айтқандарымды нақтылай түсу үшін өзімнің берген жауабыма мынаны қосамын: Сарысу ауданының №6 ауылында сол сарысулықтардың шацқасының (бұл енді тергеушінің сөзі болса керек, қазақша- тобның шығар- Т.Ж.) атаманы Кеншімов Мәдібек дген тұрады. Оларға іш тартатын тағы бірнеше шайканыңбасшылары бар, олардың ішінде маған белгілілері: Әділев Мұқыш (Дінше, Дінмұхамед- Т.Ж.) Әділев, Байсеит Әділев және Бақай Тоқманбаев, бұлардың әр қайсысының өз шайкасы бар»- дейді. (ІҮ том. 174- бет).
Міне, Әділевке келіп қосылған «қарға тамырлы қылмыстың» жүлгесі осы арадан барып суыртпақталады. Істің тігіндісіндегі ретке қарағанда Кәкен Мұқановтың бұл айғағы кейін жазылып, өзіне оқытылмай, қолы қойылмастан қатталған сияқты. Бұдан әрі қарай тергеудің қалай жүргізілгені өзінен өзі түсінікті. Оқыған, ақ пен қызылдың майданын бірдей басынан кешірген, үлкен қызметкердің қатарына жататын Діншені «бұлбұлша сайратқан» тергеушідер сауаты жоқ, аңғал қыр қазақтарын ұршықша үйірген. Сөйтіп, Кәкен Мұқанов енді әрбір «шайканың» мүшелерін бас-басына түгендеп береді.
ІҮ том. 118-бет.
Ақмоладан қашқан байлар Бақайдың тобына қосылды- дейді де, ура Дінше Әділевтің «салған жолымен жүріп», Бетпақдаладағы оқиғаларды баяндап береді. Ол бір жаубында:
«1928- жылдың мамыр айында мен Тоқманбаев Бақайдың тобына қосылған кезімде «Майтөккен» деген жерде оған Кеншімов Мәдібек келіп жолықты, қасында Кентеев Жарқынбек бар, винтовкамен қаруланған. Менің көзімше олар өзара кеңесуге кірісті, әңгімеге Кеншімов, Кентаев, Тоқманбаев пен менен басқа Бақай Тоқманбаевтің інісі Өмірзақ қатысты. Сол кеңесте Кенішмов: «Қызылордада сонау патша тұсынан бері, менің болыс кезімнен жақсы қарым-қатынас жасап, дәмдес болған адамым Сәкен Сейфуллин тұрады, ол барлық өлкелік жауапты қызметкерлермен аралас-құралас жүреді. Ол хат арқылы маған сәлем жолдап: байлар мен болыстарға тәргі жүргізіліп, олардың мал-мүлкі тартып алынады, сондықтанда бір нәрсе бола қалса қашып құтылуға дайын отырыңдыр- деп ақыл беріпті. Сендерде де қарулы адамдар бар, сендер бытырап кетіп жүрмеңдер, бірге болыңдар. Егерде Ақмоладан қарулы жасақ шыға қалса ол туралы хабар алысымен сендерге қосыламын, содан кейін бірігіп соғысамыз- деді»- деп жауап беріпті.
Бәрі де шындық болар. Алайда, қазақтың осал жерін дәп басып тергеушілердің тақыстанған тәсілінің бірі айыпкерге сөз арасында: сен ананы білесің бе, мынаны білесің бе?- деп шырға тартады. Қай қазақ сөзінің артын бағап сөйлеген және елге аты шыққан адамды білмейтін қазақ бола ма. Тайсалмаста: «Ойбай, білемін!-» дейді. Сөйтіп суныртпақтап отырып, өтірік-шыны бар белгілі бір адам туралы кәдімгідей «қылмысты мәлімет» жинақтап алады. Мәселе оның растығында емес, ілікке себеп болуында жатыр. Ар жағын қалай шырматуды тергеушілер білген. Дәл осы жолы тұтқындаудың реті келмесе де кейін бір қайта соғуға негіз болады. Оған еш күмәніңіз болмасын. Араға он жыл салып барып дәл осы
ІҮ том. 119-бет.
«айғақ» сәкен Сейфуллиннің алдынан себепкер болғанүш айғақтың бірі- оған оның үстінен сол өз ауылынан жазылған «домалақ арыз» екенін зерттеушілер біледі. Қайдағы домалақ арыз, оны кім жазды? Демек, ақынды қарауылға алған кезде бұрынғы ОГПУ-дың заманындағы әріптестері жүргізген «Алаш орданың» ісін НКВД тергеушілері бір сүзіп шықпады дейсіз бе, әрине, қолына қағаз бен қаламын алып тұрып тізімдеп алған. Ал ол кезде Кеншімов Мәдібек атылып кеткен еді. Ендеше, «халық жауының» досы халық жауы болмағанда кім болады. Қашып кет дегенде қайда бар деп отыр, әрине, Қытайға, қытай арқылы Жапонияға кет- дегені. Міне, сондықтан да Сәкен Сейфуллин «жапон импереализімінің агенті» болып шыға келген. Ал енді сонау жиырмасыншы жылдардың басында Сәкенді тұтқындау ОГПУ-дің, нақтылап айтсақ, Голощекиннің ойында болды ма екен? Болды. өйткені, «сәдуақасовщиналамен», «меңдешвщиналармен», «ходжановщиналармен» қоса «сейфуллиновщиналардың» бар екені туралы өзінің баяндамаларында қатты сынға алды ғой. Демек, ОГПУ-дің қызметкерлері мұны тікелей нұсқауы деп түсінуі заңды. Біздің ойымызша Сәкенді бұл шырмауықтан құтқанған оның «Тар жол, тайғақ кешуінің» дер кезінде шығып үлгергені. Өкінішке орай бұл шығарма «Алаш орда» азаматтарын жариялы түрде қаралаудың бір құралы болды. Олар атылып кеткен соң, 32- жылғы ашаршылықтан кейін Сәкен азамат ретінде қатты өкініп, кейін Мағжаннан кешірім сұрап үлгеріпті. Әрі Төңкерісті үнемі «Асау тұлпарға», «Қызыл сұңқарға» теңеген ақын кеңес өкіметінің азып-тозып бара жатқанын жүдеген, арыған «Қызыл атқа» теңеп дастан жазуы арқылы көрсеткен. Бұл үлкен батылдық еді.
Шығаманың темр шынжыр ойынына оралған Кәкен Мұқанов енді тікелей Дінмұхамедке қарай ойысады. Ол бұдан әрі арқанын былай еседі:
ІҮ том. 120-бет.
Кәкен Мұқанов:
«Мәдібек Кеншімов «Қара Ноғайды» ұстап әкелді де ауылға ағайынды Әділевтерді шақырып алып, оларға: «Сенің екеуің де компартияны жақтайтын, оның тілін білетін оқыған адамсыңдар және біздің де жауымыз емессіңдер. Біз тұтқынға алған «Қара Ноғайдан» көп олжа түсірдік, оның ішінде қару-жарағы пайдалы болып тұр. Оның хатшысы жараланған. Егерде Қара-Ноғайды босатып жіберетін болсақ,онда барған бетте барлығын өкіметке жеткізеді де содан кейін бізді қудалауға салады»- деді. Кеншімовтың бұл сөзін Бектұрсынов Божан мен Әділевтер қостап: Қара-Ноғай Ақмола мен Сырдария губерниясының ш екарасын анықтау үшін келді. Ал біз міндетті түрде Сырдария губерниясына қарауымыз керек. Қара-Ноғай ондай мүмкіндікті бізге жасамайды. Сонымен қатар мұның заттарының ішінде бізге өте қат нәрселер бар,- десті»- деп көрсетеді.
Демек, Қара-Ноғайды ұстаған Кеншімов Мәдібектің жігіттері ғой. Діншені олар кейін шақыртып алған. Бұл жөніндегі оның өзінің пікір де осыған сай келді. «Қара-Ноғайдың оқиғасын Діншенің өзі түгелдей түсіндіріп берген. Бұл оқиғаның түбінде де сол баяғы рулық қақтығыс жатыр. Әрі терең саяси астары да бар. Ол туралы Смағұл Сәдуақасов пен Ходжановтың арасындағы айтысты алсақ та көзіміз жетеді. Қазақ Республикасын құру туралы іске Смағұл Сәдуақасов қарсы болған. Ежов болса «республиканы жақтаған». Неге? Оның астарында үлкен отаршылдық пиғылдың зілі мен аярлығы жатыр. Мұны Әлімқан Ермеков өте дәл әрі нақты дерекпен келтірген.
ІҮ том. 121-бет.
Кәкен мұқанов «Қара-Ноғайдың өлімі» туралы былай дейді:
«Қара-Ноғай Шу өзенінің сағасындағы Ұланбел деген жерде мұздың үстінде атылды. Жоғарыда аты аталған адамдардың барлығы сол арада болды, Қара-Ноғайды шешіндерді де Жайлаубай мен Жексенге ату туралы бұйрық берді, олар айтқанды істеді. Олардың денесі мұзы ойылған ойыққа тасталынды. Олады Қара-Ноғайдан алынған үш бапалы винтовкамен атты. Атылғандардың киімін Жайлаубай мен Жексен алды. 30-ға жуық винтовка қолға түсті (сонда мылтықты өздерімен бірге алып жүрген бе?- Т.Ж.), қалған заттарды сол арадағылар бөліске салды. Ал Бектұрсынов Божман әңгіме арасында маған: мен Кеешімовтың кеңесшісі әрі биі боламын, менсіз Кеншімов ешқандай шешім қабылдай алмайды- деді. Байсеит өзін-өзі атып өлтірген соң (демек ол өзіне қол жұмсау арқылы түрмеден құтылған болды-ғой- Т.Ж.), қалғандары ұсталған соң олар өзара келісіп алып, барлық кінәні соған артпақ болып келісті, өздерінің қылмыстарынан бас тартты»- деп көрсетті. /194 а-бет/ Істі тергеген – Попов.
Бұл жауаптан біз Байсеиттің атылып өлгенін білеміз және барлық кінәні соған арқалатуға уағдаласқан. Соңғы уәж шындық па, жоқ па? Тергеушілердің айлакерлік тәсіліне салып, өзгелерді құтқармау үшін Кәкен Мұқановқа осылай айт деп мәжбүр етуі де мүмкін. Сондай-ақ оның орысша хаттаманы оқи алмайтынында ескерген. Ендеше, бұған сенуге де, сенбеуге де болады. Оның анық-қанығын енді білу мүмкін емес. Дінше-дінмұхамед Әділев: Қара-Ноғайды атуға ағамыз Байсеит екеуміз қатыстық- дейді.
ІҮ том. 122-бет.
Бұл іске тек қана орыс немесе европалық ұлттардың ғана өкілі тергеу жүргізбеген, сондай-ақ қазақтар араласқан. Кейбір тұстарда олардың «тыңшылық тәсілі» заңды белге баса отырып жүргізілген. Солардың бірі- Сеитбатталов деген «салпаңқұлақ». Ол ОГПО-дің Шығыс бөлімінің бастығына көкек айының 13 күні былай деп «құнды мағлұмат» жеткізген:
«Шығыс бөлімінің бастығына
Өкілдің көмекшісі Сайтбатталовтан мағлұмат.
1929 жылы наурыздың 13 күні Әбдікеев Питтібайдан жауап алған соң оны абақтыға жаптым да өзім есіктің артында тұрып тың тыңдадым. Бақай Тоқманбаев есіктің алдында тұрып, ол кітісімен. Сен не деп жауап бердің- деді. Алайда Піттібай менің есіктің сыртында тұрғанымды шығармай сол арада бір сағат бойы тұрдым. Сонда ғана барып Бақайдың сұрағына жауап берді. Көрші камерадағы Бақайға қандай сұраққа нендей жауап бергенін айтты, алайда оның сөзін Бақай ести алмады. Сондықтанда ол іргелес камерадағы Даярбеков Шандарбекке: сен бәрін де естіп алып, сонан кейін маған айтарсың – деді. Бірақта Піттібай Бақайға қарата сөйлей берді. Ол: Мен бұл жолы оларға жалған жауап бердім. Кәкен бәрінде мойындапты, екеумізді бетпе-бет кезіктірді- деді. Сонда Даярбек: мен туралы ештеңе сұраған жоқ па?- деді. Піттібай:- жоқ,- деді. Сол кезде Бақай есікке кеп айқайлап Кәкенді шақырды да:- Жарайды, мойындаған екенсің, бірақ не дегеніңді айтшы, енді бұл істің беті теріс қарады деп есепте. Тым құрымаса сөзіміз бір жерден шықсын, қайсысын айтып, қайсысын жасырып қалдың?- деді. Оған Кәкен:- Білгенімнің бәрін айттым- деді. Сонда Бақай:- Өйткен жылғыларды қозғап қайтесің, осы соңғы жылдың оқиғасын айтсаң да жетеді- деді. Піттібай олардан: мен туралы ештеңе дей көрмеңдерші, мені араластырмаңдаршы- деп жалынды. Ал Бақай болса: біздің сөзіміздің бәрі бір жерден шығуы тиіс, тек соңғы жылдың оқиғасын ғана айтатын болайық»- деді дауыстап.
Бұл тыңшының бір сағат бойы тың тыңдап, соншама несі күйіп
ІҮ том. 123-бет.
кетті екен дерсіздер. Оған жауап беру оңай емес, ит те жуындысын ішіп жүрген үйдің мүддесін сатпайды ғой. Қаншама рет басынан қамшымен тартып жіберсе де ас ішерде үнемі босағада мөлиіп тұрмай ма. Сайтбатталов та сондай салпаққұлақтардың бірі. Оған таңданатын ештеңе де жоқ. Сонымен, кімнің жауабына сенеміз? Кәкен Мұқанов қа ма, Піттібай ға ма? Зады, бақай барымташы өзінің сөзінде тұрып: Сарысудан 4 жылқы барымталағаным рас. Ал қалған пәле-жалаңды білмеймін,- депті. Енді куәлікке Қара-Ноғайдың жасағында болған, 32 жастағы Ақмола уезіне қарасты Сарыарқа ауданының азаматы, жалдамалы жұмысшы Көлбаев Өтелбай тартылады.
Оның айтуынша: 1922 жылы қазан айында салық төлемеген байларды іздеп және екі губернияның шекарасын анықтау үшін арнайы қарулы жасақ жасақталыпты. Олар 5 адам екен. Оларға 1000 оқ, 3 үш баспалы винтовка, 2 тапанша беріліпті. Содан 7 тәулік бойы жүріп отырып Шуға жетіпті. Кеншімов Мәдібек оларға арнап қой сойып күтеді. «Ел көшіп кетті. Салық жию қиын»- дейді. Ол бұдан кейін Әділев Байсеитке «көмектес»- деп хат жазып береді. Сол арада бұлар Әулие-Атаға шекара жөнінде ақылдасуға кетеді. Онда 20 күндей жүреді. Бұларды басқа жаққа жұмсайды. Содан Әубәкіровтен хар алып, 5 күннің ішінде жетеді. Таңға жуық бұларды 400-деп (кейе 200) адам қоршап алып: «қаруларыңды тапсырыңдар» депті. Жаңа келгендермен қосқанда олар 13 адам екен. Қара-Ноғайды (Әубәкіровты- Т.Ж.) сол жерде байлап атстайды, хатшысы Шалды атып жаралапты. Мұны істеген- Әділев Байсеит пен Мұқыш екен. Оларды Құрман деген жерге алып келіпті. Әділевтердің милициясы бұларды қарсы алады. «Әубәкіров- Сарыбайдың досы, босат»- десе Әділевтер босатпапты. Содан 7 адамды Әулие-Атаға әкеледі. 2 айдан кейін босатыпты. Содан Сарыарқадағы Жамал Тілеуқабылова деген қызға үйленіп, содан тұрақтап қалады. Жақын-туғаны жоқ екен. Әубәкіровтың жасағында 20 үш баспалы мылтықты Әділевтер алып қалды дейді. Сайтбатталовтың сұрағына берген жауабы осы.
ІҮ том. 124-бет.
Әрине, Қара-Ноғайдың елді талан-таражға салғаны айтылмаған. Әйелдерді зорлауы да ауызға алынбаған. Жлпы алғанда олардың мұндай әрекетке баруы мүмкін бе? Мүмкін. Оның себебі, жасақтың ішіндегі жалғыз басты жұмысты жігіт қайтар жолында Жамал атты қалыңдық тауып, соған үйенеді. «Кіммен қарайсаң-сонымен ағар»- деген. Бұл қыздың Өтелбайға тұрмысқа шықпауына амалы да қалмауы мүмкін ғой. Әйтпесе, қуғын-сүргінде, атыс-шабыста жүрген жасақтың жігіттік қаруына уақыты жете ме? Әлде, Дінше-Дінмұхамед Әділов оның осы бір «ұрын баруын» өсіріп айтып отр ма екен? Алайда, сексенінші жылдардың басында тура осы оқиға өткен жерді аралағанымда «Қара-Ноғай» деген зорлықшыл туралы әлдебір сыбысты естігенім бар. Компартияның күшті кезі ғой, оның ар жағын тәптіштеп жатпады. Сол арада 40- жылдарға дейін өкіметті мойындамаған адамдардың болғандығы рас екен. Оның тұқымдарымен дәмдес болып, сыйласа сырласқанымыз бар еді. Демек, Қара-Ноғай елді расында да сарсаңға салған. Ал 40 жастағы Майлиев Ерке:
«Қара-Ноғайды Мәдібек Кеншімов ұстады. Бақай-байбөрі табынан. Кәкен Мұқанов дегенді білмеймін. Әділев Байсеит пен Мұқышты да білмеймін. Қара-Ноғайды неге, не үшін атты, оны да білмеймін. Өсек теріп жүргенім жоқ»- деп жауап беріпті.
Бұл өзі сол Сарысу ауданына қарасты №6 ауылдың – Кеншімов мәдібектің ауылының азаматы. Анықталып келе жатқанындай, Қара-Ноғайды ұстаған – Мәдібек болыс екен. Өзі қой сойып, қол қусырып алды және соның өзі қол-аяғын матап, оққа байлап берді. Сонда екі-үш айдың ішінде неге өзгере қалған? Демек, Қара-Ноғайдың елді шулатып, зорлық-зомбылық көрсетіп, қорлағаны расқа шықты. Сондай-ақ, Кеншімов оны өлтірмей Байсеит пен Діншеге: сендердің коммунистерің. Не қылсаңдар да өздерің біліңдер- деп сауға беріп тұр. Демек, Мәдібектің елінің намысына шындап тиген. Әуел баста онымен кектесетін еш басараздығы болмаған. Тергеушілер қалайда қылмысты тереңдете түсуге тырысқан. Бақайдың ақылыны бәрі ұстапты, артық жауап бермеген. Сондықтанда тергеушілер арандатуға көшкен.
ІҮ том. 125-бет.
Оны мынадан анық байқауға болады. Әбдікев Піттібайдың үстінен тергеуші Сайдбатталов бір рет тыңшылық жасады. Енді сол адам Піттібайдың камерасында бірге жатқан орысқа «қолқа салады». 34 жастағы Павел Илларионович Золотов 1929- жыл 19 наурыз күні:
«Осыдан 15 күн бұрын менімен түрмеде бір камерада отырған Піттібайға орыс тілінде жазылған (!?- Т.Ж.) хат келді. Ол маған оқытты. Онда: сотталған Еркебаевтан 10 килограмм май, ақша беріп жібердім. Мен Түркістанға барамын. Сот маған өзіміз хабарлаған кезде келемін- депті. Піттібай хатты өзінде қалдырды. Ол- сауатсыз. Сондықтан мен оқып бердім. Ол есіктен бауырларына адам аттарын айтып, Түркістанға кеткен адам мұны құтқарамын- деп уәде берді деді және қылмысты «мойындамаймыз» десіп уағдаласты. Андағы «көкшапанды адам бәрін айтып қойыпты»- деп сонымен төбелесті»- деп көрсетінді беріпті.
Шіркін, тергеушідеде, «слпаңқұлақта да түйсік болсашы. Піттімбай бір ауыз орысша білмесе, сауаты жоқ болса, оған хат жазатын ағайындары да сондай екені анық, ендеше бұлар бір-біріне қалайша орысша хат жазысады? Ал , Павел Илларионовичтің өзі қазақша біле ме екен? Бұл жалған «көрсетіндінің» мақсаты сыртта жүрген әлдебіреуді торға түсіруге бағытталған. Екіншіден: барлық айыпкерлер кінәсін мойындамаған соң, Кәкен Мұқановтың сөзін қалайда шындыққа шығару үшін қасақана жасалған шырға. Тергеу ісі 1929 жылдың 6 қаңтары күні басталып, 6 көкек күні аяқталған.Тергеуші өзінің қорытынды мәліметінде айыпкерлердің кінәсін жеңілдететін мына бір жайды ескерте кетеді. Ол сотқа:
«Бұл іс бойынша айыпталғандар Сарысу ауданына аттанған округтік экспедицияға өз еріктерімен келіп беріліп, қаруларын тапсырған. 1929 жылы 6 қаңтар күні сарысу аудандық милициясы оларды қамаққа алған. 28 ақпаннан бастап айыпкерлер ОГПУ-дің Сырдария округтік бөлімінің түрмесіне ауыстырылды, олар қазір де осында жатыр»,- деп жазыпты.
Несі бар, бұл да кәсіптік парызын адал орындағандыққа жатады.
ІҮ том. 126-бет.
Осы арада қыр қазағына тосын бір мінез көрсеткен барымташылардың мінезі түрме бастықтарын қатты састырған екен. Оған себеп: тергеу аяқталған соң Бақай Тоқманбаев пен Биттимбай Әбдікеевтен басқаларын ОГПУ-дің түрмесінен тұтқындардың Әулие-Атадағы еңбекпен түзету үйінің абақтысына ауыстырған. Бұл екеуі де. Бірақта олардың арасында үлкен айырмашылық бар екенін барымташылар да түсінген. Сондықтан да тек саяси тұтқындарда жиі кездесетін қарсылық белгісін қолданып, ашық жарияланған. Бұл жөнінде Булдаков:
«Мамыр айының 18 күнінен бастап Тоқмамбаев Бақай мен Әбдікеев Биттимбай ашық жарилады, олар өзінің бұл әрекетін: екеумізді ғана ГПУ-дің түрмесінде өзгелерден бөліп алып қалуы жақсылық емес, ісіміздің бетінің терісбалғаны, демек бізді бұлар атады. Сондықтан да біз аштық жариялаймыз және бізді де еңбекпен түзету үйіне ауыстыруды талап етеміз»- деп мәлімдейді.
Несі бар, өзінің азаматтық құқығын пайдалана білген Бақай мен Біттімбайдың бұл әрекеті олардың да өжет, бір шешімді адам екенін көрсетеді. Өзгелерден бөліп алып қалуының себебі, тегеу барысында «бір сөзді болайық» деп басқаларға ақыл қосқан және тергеушінің ырқына онша көне қоймаған осы екеуі еді. Олардың да кек қайыратын сәті келді. Ал ГПУ-дің түрмесінде жатқан адам күн сайын қылпылдап, қашан ату жазасын береді деп елегізумен өткізеді. Кейбіреулер осы соттың өкімін күтіп жатып-ақ жындықанадан бір-ақ шығатын көрінеді. Адамның рухын езіп, еркін жаныштайтын тылсым қорлықтың нағыз өзі. Бұл арадан аман-есен шықпайтынына өзге түгіл қырдың барымташыларының да көзі жеткен. Олар да бетінен қайтпаған, түрме қызметкерлері де қасарысып отырып алған. Барлық іс-қағаздары жоғарыға жөнелтілгендіктенде енді олардың өздері қашан рұхсат келгенше шешім қабылдай алмайтын мүсәпір күйге түсіп еді. Шарасы қалмаған Бурдаков пен Игидов ПП ОГПУ-дің ҚССР бойынша республикалық тергеу бөліміне қатынас жолдайды. Онда:
ІҮ том. 127-бет.
«Біздің 23/Ү-29 жылы жіберген №01729 қатынасымызға қосымша мынаны хабарлаймыз: біздің тарапымыздан қолданылған шаралардың барлығына қарамастан Әдікеев Биттібай мен Тоқмамбаев Бақай аштық жариялауын тоқтатпай өздерін еңбекпен тәрбиелеу үйіне ауыстыруды табанды түрде талап етіп отыр. Біз оларды тәрбиелеу үйіне ауыстыруға болмайды, еңбекпен тәрбиелеу үйіне ауыстыруды табанды түрде талап етіп отыр. Біз оларды тәрбиелеу үйіне ауыстыруға болмайды, еңбекпен тәрбиелеу үйіндегі күзеттің нашарлығынан олар ол жерден қашып кетеді- деп пайымдаймыз. (Ашық жариялау арқылы олардыңкөздеп отырғандары да сол). Баяндалған мәселе бойынша сіздерден нұсқау күтеміз»- деп жазылған.
Мамыр айының 27 күні жазылған бұл мәліметтің жауабы қандай болды, барымташылардың аштық жариялауы нәтижесін берді ме, жоқ па, оны анықтаудың мүмкіндігі болмады. Себебі, әлгі қатынаспен тергеудің 4-томы аяқталды. Ал 5-том дәл осындай ауылдағы қарапайым адамдардың тағдырын тәлкекке салумен басталады. Дінше- Дінмұхамед Әділевтің туған жерін «халық жауынан» тазарты шыққан соң, енді, Мржақып Дулатовтың ауылына ауыз салған. Әрине, Жоғарыдағы аталған адамдармен әлі де кездесеміз. Олар да «Алаш орданың» қайраткерлерімен бірге тиісті жазасын алып тынды.
Ү том. 129-бет.
Қылмысты істер Ережесінің 58-10, 58-7 баптары бойынша және басқада қылмыстары үшін айыпталған Қостанай округінің Наурызым ауданының №10 және №18 ауылының байлары Дулатовтың және басқалардың тергеу ісі. 4/Ү-29 жылы басталған- деп томның сыртына жазылғанмен 21 қаңтар күні алғашқы хаттама қағазға түсіп, жоғарыдағы айыптар тағылып қойыпты.
Қазақстанның сот, прокуратура, тергеу орындары 1929 жылды асқан тегеуірінді қарқынмен қарсы алған. Қылмысты істер қауырт әрі жаппай жүргізіліп, тек қана қаралау бағытын ұстанған. Егерде сол жылдардағы тергеу істерін саралай қараса, ауылды жерде жүргізілген ау қымды әрі атышулы «халық жауларының» дені «Алаш орда» қайраткерлері мен қазақ зиялыларының туған жеріндегі болыстар мен ауылнайлар, олардың туыстары болып шығады. Демек, голощекиндік жазалау таза саяси тұрғыдан ғана емес, игі жақсылардың тұқым-тұянын құртуға бағытталғаны байқалады. Өзі басқарып отырған халыққа осыншама жеккөрінішпен қараған адам- қойдың ішіне жіберілген қасқырдан да қомағай, қорқау күйге түскен. Әрине, өзінің алдына бүкіл қазақ даласын отарлауды және оның халқын жаппай қырып, жерді босатуды, сөйтіп, адам қанын етін теспей сорған кенелер билеген «коммунистік-колонизаторлық» (С.Сәдуақасовтың қойған атауы) басы- байлы, мәңгүрт мемлекет орнатуды мақсат еткен «ұлы октябрьдің ұлы көсемі» мен «кіші октябрьдің кіші көсемі» мұны жоспарлы түрде жүргізді. Тіпті, Голощекиннің өзі, яғни Қужақтың өзі Мұрттың қолындағы сақа емес, жәй ғана кеней еді. Асырып айтса, жалдамалы басмесері ғана болатын. Ал ешқандай патша жендетті ұзақ ұстап көрген емес, ол тірі өлік күйінде өмір сүруге тиіс болатын. Не елге қара беті жоқ, не көз алдындағы төгілген қан жан дүниесіне тыныштық бермейді, өзгенің ғұмырын қиған жендеттің өзі де көңілді өмір сүру құқынан айырылады. Ондайлар қолынан келіп тұрғанда адамды-адамдай, халықты-халық
Ү том. 130-бет.
Тай ұтып салып, қанға бөктіруге құштар келеді. Дәлірек түйіндесек, Қазақстандағы «кіші октябрь»- ең үлкен қырғынның – отыз екінші жылғы ашаршылықтың , ең үлкен жазалаудың отыз жеті-отыз сегізінші жылғы атып-асудың алдындағы дайындық еді. Сол «үлкенқасаптың тиірменіне- жем болып қазақтың оқығандары мен оның туыстары ілікті. Абайдың:
Не болады өңшең ноль,
Единица кеткен соң,-
Дегенінің кері келді. Қаймағынан айырылған халықтың мәйігі сұйыла бастады. Ең ақырында өзінің ұлтын қорлап, оның өткенінен бас тартып, жалпылымы мақұлық еді деп баяндама жасайтын, және дәл сол араға келгенде ауызын толтырып, дауысын нығарлап шығаратын мемлекет қайраткері шықты. Олар сонау жиырмасыншы-отызыншы, елуінші жылдары жанын сала айқайлай, өзінің қандастары мен тауырларын әшкерлегендердің рухани мұрагері болып саналады. ЖӘ, олар өлшесе өзімен кестесін, бетін ары қылсын. Біз мұны сол бір екіжүзділіктің бастапқы сатысы туралы сөз етіп отырғандықтан да сәл ғана еркін ойға еркіндік бердік. Сонымен , «кіші октябрьдің» қанды дауылы ауылға бет алды. Ең бірінші боп, алаш азаматтарының туған жерін құйындатты. Оның ішінде, Міржақып Дулатовтың, Халел Ғаббасовтың, Ахмет Байтұрсыновтың ауылдары ілінді. Соның бірі Асқар Дулатов, Зады, өзге-өзге, дәл осы ауылда тергеу мен тәргілеудің дүмпуі ерекше болған сияқты. Мысалы, Ахмет Байтұрсыновтың ағайындарын тепкілеп өлтірген де сол өзінің туған туыс, көрші-қолаңдары, жекжат-жұраттары еді. Ол туралы Ақаңның қызы Шолпан Ахмет қызы былай деп еске алады:»
Ү том. 131 – бет.
“Екі күю бір жанға әділет пе” – деп Абай айтқандай бәр адамның екі рет тергеуі де заңды бола қоймас. Алайда ОГПУ үшін бұл пәлендей өрескелдік саналмаған. “Алаш ордашылардың” ісін індетіп жатқан Саенконың көзіне Қостанай округінен жолданған Асқар Дулатов бастаған 13 адамның ісі түседі де іле ол мынадай ұйғарымға келеді:
“Мен, ПП ОГПУ- дің Шығыс бөлімінің ҚССР бойынша бастығының көмекшісі Саенко, 1929 жылы 12 мамыр күні ОГПУ –дің Қостанай округтік бөлімі жүргізген Наурызым ауданының Дулатов Асқар бастатқан байларының қылмысын қараған істі қарап шығып, мынадай ұйғарымға келдім.
ПП ОГПУ –дің Шығыс бөлімінің өндірісінде /иә, кәдімгі өнім шығаратын өндіріс, тек бұлар адамның көз жасы мен қанын сағып алады – Т.Ж/ Әділов Дінмұхамед пен Міржақып Дулатовты және басқаларды айыпқа тартқан №6 қылмысты іс бар. Алдын-ала жүргізілген тергеу ісінің қорытындысына қарағанда №3 және №6 қылмысты оқиғалардың бір екендігі байқалады. Сондақтанда; Қылмыс ережесінің 117 бабына сәйкес:
ОГПУ дің Қостанайдағы округтік бөлімін жүргізген Дулатов Асқарды және жиыны 13 адамды басқаларды жауапқа тартқан тергеу ісі №6 іске тіркелсін деп ұйғарым жасадым.
Осы қатынастың көшірмесі ОГПУ-дің ҚССР – дегі республикалық тергеу бөліміне және ОГПУ мекемесін бақылайтын прокурорға жіберілсін.
ПП ОГПУ –дің ҚССР – дегі Шығыс бөлімінің бастығының көмекшісі- Саенко”, - деп қол қойған.
Сөйтіп, “Алаштың” ісіне тағы бір қылмысты топ бүйірден кеп қосылды. “Кіші октябрь ісі” осылай торын жоя берді. Ал Голощекин болса әрбір жолы мінбеге шыққан сайын тағы да бір қылмыстық топтың ашылғаны туралы шабыттана хабарлап жатты.
Ү том. 132-бет.
“Асқар Дулатовтың ісінің мән – жайы”
Бұл тергеудің себептері, яғни дацдың басы – қазақтың дәстүрлі күрес тәсілі – бақталастықтан өршіген. Мұны ілікке себеп іздеп тергеу орындары өте сәтті пайдаланған және қашан кемеріне келіп, асып-төгілгенше, бірінің ішегіндегі қырындыны екіншісі қырып, су су жіберіп тазартқанша бақылап отырған. Ірігеннің иі қанған соң барып, таспа тілген. Біз тергеу ісінің таспасын осы істе қалай тартатынды, сол жүлгемен баяндап шығамыз. Істің саяси астар алған тұсында ғана оны кеңірек түсіндіруге тырысамыз. Мәселе былай өршіген...
...Тәргілеудің қарсаңында кеңестік мекемелер ауынайлар сайлауын өткізді. Міне, ежелден келе жатқан қазақы текетірес сол кезде сұр жыландай басын көтеріп шыға келді. Жерімізді алғанда оянбайтын, намысымызды таптағанда шыдайдай- ақ шыдап бағатын ел-жұртымыздың жуастығы –билік десе басын көтеріп алып, тік шапшитын әдеті бар емес пе, сол қасиеттерімізге басып, Голощекинді кейін ысырып қойып, үйренген майданға кірісіп кеп кетеді. Сайлау жөніндегі уәкіл Хамза Жүнісов те жоғарыға мәліметін дайындай қояды.
Сайлау барысында екі рулы ел танасқа түсті. Ақыранда мадьяр руынан Сәтбаев сайланып еді, ақсақалдар өзара келеге түсіп, келесі жолы “өтей” руынан – Оспанбаев сайлансын деп шешті. Ал, облигация сатып алмауға еріктіміз. Бізді зорламаңдар – деп өкілдің айтқанына көнбепті. Міне, осы жайды хабарлаған Хамза Жүнісовтің мәліметі тергеуге арқау болған. Демек, оны ауылға жіберіп, арнаулы қылмыс тексеретін орындары оның келуін күтіп отырған. Ол келе салысымен құжат толтырып, айыпкерлерді анықтауға кіріскен. Хамза Жүнісов – 31 жаста, 1916 – жылғы ұлт азаттық көтеріліске қатысқан, 1918 –1919 жылдардың арасында азамат соғысына қатысқан ысылған, өлім мен өмірдің мағынасын айырып қалған көзі қарақты азамат болса керек. Әрине, Аманкелді мен Әлібидің сарбазы “Алаштың” туы тігілген аылға барғанда оған іштартып бармағаны анық. Ол мынадай
Ү том. 133-бет.
мәлімет жасаған:
“Мен Хамза Жүнісов, ауылдық жердегі кеңес сайлауын өткізу үшін, №10 ауылға жіберілдім. №10 ауылға келгенде жікшіл топтардың бар екенін көрдім, оларды басқаратын мынлар:
1. Бұл топты Оспан Бөлтіріков басқарды, оның әкесі бұрын 30 жыл болыс болған екен, патша адал қызмет еткені үшін шен-шекпен алыпты.
Нақып Тілеуов – бұрынғы бекетші, 6 жыл болыс болған, оларды қостаушылар өзінің жақын туыстары – М. Сырғабаев, Н. Түлкібаев, Х. Нақыпов, Дарқан Кеншімбаев. Бұл адамдар байларды тәргілеу науқанында тұрғандардың арасында үгіт жүргізіп, кеңес өкіметі 28-29 жылдарға дейін ғана өмір сүрді, содан кейін оның көзі құриды деп өсек таратқан. Мұны №10 ауылдың азаматы Мақтатбай Оспанов пен батырақ А. Мұқаметжанов растайды, ол туралы олардың қолқаты бар, ол – осы құжатқа қоса тіркеліп отыр.
З. Асқар Дулатов, “Алашорданың” бұрынғы көсемдерінің бірі Міржақып Дулатовтың інісі. Асқар да ұсақ рудың басын қосып жікшіл топ құруға тырысты және соларды үгіттеді, ол жөнінде Буманов А. мен батырақ, “Қосшы” одағының мүшесі Сейтқазы Алпысбаев жолдастар куәлік бере алады” – дейді.
Сонымен, қылмысты іс тіркелді де кеңестің тиірменіне салынды. Шығыршық айналып кеткен соң одан құтылу қиын. Тек жаныңды жалдап арың үшін өлімге бас тігу керек, не арыңда жаныңды құрбан етіп кісілік қасиетіңді сатып барып, жүзқара болып құтылу ғана қалды. Тіркеу ісі 1928-жылдың аяғында басталған. Куәлардың айғақтары, яғни, көрсетінділерді сол кезден басталады. Оның бәрін теріп беру мүмкін емес, тек кейбіреулеріне ғана тоқталамыз.
29/ХІІ – 28 жыл. Наурызым ауданының №8 ауылының азаматы. А. Бекжановтың 29/ХІІ – 28 жылғы көрсетілгеніне қосымша айғақтарды.
Мен бұдан бұрын берген А. Дулатов туралы көрсетіндіме қосарым мынау:
Ү том. 134-бет.
А. Дулатов “Алашорданың” тұсындағы ең белсенді қанішерлердің және кедейлердің атқызғандардың бірі әрі ұйымдастырушысы Барлығымызға белгілі оның ағасы кеңес өкіметінің нағыз жауы болды, А. Дулатов та кеңес өкіметінің дұшпаны. М. Дулатов “Алашорданың” көсемі ретінде 18- жылы жендеттік көрсетіп, кедейлерді дарға асты және атты. Мысалы, Асқар және Міржақып Дулатовтар және олардың сыбайластары, №8-10 ауылдардың ақсақалдары мен байлары Бірмағамбтов Бөлеков, Сеит Сүйменбаев т.б Мырзағазы Испулов арқылы Қызылордадан келген Таранның отрядындағы қызылдарды алдап, олардың барлығын Бірмағамбет Бөлекбаевтің үйінде атып тастады. Олардың соңынан қызылдарды іздеп Жангельдиннің жасағы келді, олар тек қызылдарды дарға асқан жерді /шұңқырды/ ғана тапты, ал сүйектерін таба алмады, сөйтсе “Алашордашылардың” әлгілерді дарға асқан соң дегесін көлге тастап жібергені кейін белгілі болды” – дейді
Алаштың аяулы азаматы турасында мұндай қатыгез де жан түршігерлік теңеуді А. Бекжановтың өзі тауып қолдана ма, жоқ па, оны анықтау мүмкін болмас. Бірақта бір күнде екі рет көрсетінді жазған адамның соңғы сөзі тергеушінің үйретуі арқылы жазылғаны анық. Бұл көрсетінде араб қарпімен жазылған. Сондақтанда оның түпнұсқасы екендігіне сенуге болады. Біз орысша аудармасын тәжімәлап беріп отырмыз. Тергеудің бағыты жаңа анықталды. Хамза Жүнісов ескі сарбаз ретінде Міржақыпты айыптайтын дерек алып келу үшін соның ауылына жіберілген болды. Ол өзінің мақсатына детті. Жоғарыдағы көрсетіндіні жазып отырған Бекжанов Абайділда да Хамзаны бұрыннан танитыны байқалады. Ол – 47 жаста, 1916 жылғы көтеріліске қатысқан, 18-19 жылдары ақтарға қарсы соғысқан. Үйінде бағып отырған 7 жыны /адам/ бар. Бұжан кейін куәлік берушілер өздерін “кедей”, “құл” деп таныстырған. Бір ауылда соншама күң мен құлдың қайдан жүргені белгісіз, мүмкін, “жалшы” десе әлдеқайда сенімдірек шығар еді. Бір-біріне арыз айтудан басталған куәліктер бірте-бірте “Алашқа” сауыз салды. Зарды тергеушілер
Ү том. 135-бет.
арыздың тым қазақы әрі ауыл арасындағы босараңдыққа ойысып бара жатқанына онша разылық танытпаған сияқты. Сондықтанда, “Қазақ”, “Ауыл” газеттеріндегі қиындыларды да осы іске тіркепті. “Жаңа торғайлық” деген “сөз шеберінің” 1929 жылы 11 көкек күні мақаласында Аманкелдіні өлтірген – “Алашорда” – деп жазып, осы тергеудің дерегін пайдаланған. Демек, жергілікті қылмысты тергеу орындары мен ГПУ-қызметкерлері, және партия басшылары мұны үлкен облстық дәрежедегі науқан ретінде өткізген. /Бұл мақаланы табу керек – Т.Ж. / Тергеу барысында Иманғали Қарпықов деген азамат та жауапқа тартылған. Ол “Алашорданың” бұрынғы атты жасағының сарбазы екен. Жасы 36 да, “арғын” руынан. Реті келгенде айта кететін жай, тергеуде жауап берген адамдардың руы ерекше мәнге ие болған сияқты. Өйткені жаңағыдай өзара жауласқан рулардың адамдарының бірінің үстінен бірі арыз беруі, жала жабу онша қиынға соқпаған. Оны тергеушілер өте ұтымды падаланған. Иманғали Қарпықовтың жауабының мазмұны қысқаша баяндағанда мынадай: Ол:
- 1918 жылы наурыз айында “Алашордашылар” тобы Майқара ауданына келді. Бұл жерде – мадияр, шымболат, өтей рулары тұратын. Келгендердің ішінде: Испулов Мырзағазы, Байтұрысынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Қадырбаев Сейтқазым, Кенжин Аспандияр, Мұзафар Қасымов /офицер/ Қаратілеуов, молла - ӘбідрахманМұртазин, Теміров Абдолла, Сейдалин Қырымкерей тағы басқалар бар. Қастарында 200 жасағы бар. Елден әскер жиды. Елді үгіттеген – Міржақып Дулатов. Олар: біз – ақты да, қызылды да жақтамаймыз, тек қазақтың мүддесін қорғаймыз деді. Содан кейін де соларға қосылдым. Таран әскерінің қалдығын Испулов Мырзағазы атқарды. А. Қасымов көмгізді - деді.
Зады, ең үлкен әрі тергеушілердің ойынан шыққан куәлік осы шығар. Бұл айтылған мәселелер жөнінде аталған адамдардың әрқайсысының өз жауабы бар. Тек, Асқар Дулатовты және басқа да ауылдың қарапайым байларын “Алашорданың” ісіне қосу әрі таңдандырады әрі таңдандырмайды да. Өйткені, оларға бүкілқазақтардың қылмыскер керек болды және оны осындай қосымша істер арқылы толтырып отырды
Ү том. 136-бет.
Айыптау қорытындысы.
№3 тергеу ісі бойынша айыпқа тартылған бұрынғы байлар мен болыстар Дулатов, Тұйғымбеков, Бөлтіріков, Барлыбаев, Жұрақов және Сәтбаев, Исмағамбетов, Мұратов, Испулов, Тілеулиевті
Айыптау қорытындысы:
Айыптаудың басында бұлардың “Алашорда” қозғалысына қатынасқанын, Міржақов Дулатовқа көмектескенін, тәргілеуге қарсы науқан жүргізді, кедергі жасады дей келіп: мынадай қорытында жасады:
“Наурызым ауданынының азаматтары: 1. Дулатов Асқардың 2. Тұйғымбеков Дүзеннің 3. Бөлтіріков Оспанның 4. Тілеулиев Нақыптың 5. Оразбеков Абдолланың 6. Кеншінбаев Дарханның 7. Жұрқанов Құлахметтің 8. Балыбаев Жанахметтің 9. Исмағамбетов Теміржанның 10. Испулов Дүйсенбайдың 11. Мұратов Т. және 12 Сәтбаев Ибрагимнің тергеу ісін қарап, айыптау қорытындысы ісінің қылмыстық мазмұнына сай деп есептеймін.
Айыптау қорытындысымен толық келісе отырып, қазақ ауылының артта қалуының және рулық сарқыншақтарының жойылмауының салдарынан айыпкерлер Қазан Төңкерісінің жүзеге асқанына он екі жыл өткеніне қарамастан жылма-жыл өздерінің іс-әрекеттері арқылы жерлердегі кеғңестік қоғамның дамуына кедергі жасап келгендігін қазақ кедейлерін байлардың басыбайлылығынан құтылуына тосқауыл қойғандығын ескеріп, бұлісті ОГПУ-дің коллегиясының қарауына жіберіп, соттан тыс негізде үкім шығару деп ұйғарым жасаймын.
Қостанай округтік прокуроры – А Безденко” – деп шешім шығарды. “Соттан тыс негізде үкім шығару” – дегеннің мәні әйгілі үштік арқылы бірден жазаға тарту дегенде білдіреді. Олардың шешімі ең соңғы және қайта қарауға жатпайтын үкім болып есептеледі. Мұнда тек саяси қылмыскерлердің ғана істері қаралады. Міне, сондай “құрметке” қостанайлық бір топ байлар мен болыстар да ие болды.
ҮІ том. 137-бет.
“Әділовті және басқа да 44 адамды айыптаған қылмысты іс”
Бұл тергеу – Мәскеу қаласында жүргізілген. Қызылорда, Алматы, Ташкент түрмелеріндегі жауаптардың барлығының басы біріктіріліп Бутыркаға жөнелтілген. Тергеу Дінше – Дінмұхамед Әділовтің 3 томдығы “Алашорда” ұйымының әр қаладағы бөлікшелерін көрсеткен сызбасына берілген түсінікпен басталған. Істі тергеген – Павлов. Сондай –ақ Міржақып Дулатовтың үстінен қосымша айғақ берген. Соған қарағанда әуел бастағы Дінше Әділовтің ұсталуына себепші болған “Қара – Ноғай” туралы айыппұлдар мүлдем ұмыт қалдырылып, тек саяси айыптауға көшкені байқалады.
1929 жылы 2 қараша күні тергеуші Павловқа берген Дінмұхамед Әділовтің қосымша көрсетіндісі.
“Астыртын қазақ ұйымы туралы сызып берген №1 сызба 21- жылдың көктемі мен жазындағы; ал №2 сызба – 21-жылдың аяғы мен 24-жылдың арасындағы құрылымдарды қамтиды және оған ерекше түсініктің керегі жоқ, өйткені астыртын ұйымдардың сол кездегі іс-әрекеті туралы Қазақстандағы тергеуде тптіштеп жазып бергенмін. Ал қазір тек 1925-28 жылдардығ арасын қамтитын №3 сызбада көрсетілген астыртын ұйымның ісіне талдау жасап түсіндірме беру қажет шығар.
Орталықтан бастайық: ұйымның бұл кездегі орталығы – Қызылорда қаласы болды. Сонау 21-23 жылдардың арасында-ақ астыртын ұйымның жетекшісі болған адам осы қалады тұрады. Енді сол адамдардың әрқайсысына жеке-жеке мінездеме беріп, олардың біздің контр-революциялық ұйыммымыздағы жүргізген ұлтшылдық және ұйымдастыру жұмыстарын әшкерелеуге көшемін:
Байтұрсынов Ахмет: арадағы ұзақ үзілістен кейін мен онымен Қызылорда қаласында /25-жылы/ кездесті, ол бұл кезде әдеби іспен пейілін сала шұғылданып жүрген. Мен оның жеке өзімен ешқандай
ҮІ том. 138-бет.
да әңгіме өткіземін мұндай сұрақпен оның назарын аударуды қажет деп таппадым, өйткені, оның жасы келіп қалған, сыйлы адам, ал біз болсақ қатардағылардың біреуі ғанамыз. Бірақта өзгелер арқылы білетінім, ол ұлтшылдық және ұйымдық іскерліктен бас тартпаған. 25-28 жылдардың арасындағы ондай деректерге мынаны жатқызамын: бірінші, біздің ұйымның мүшесі Байсейтов... /беттің осы арасы жыртылған, сөйлемнің ыңғайына қарағанда, оны былай оқуға болады: /Байтұрсыновпен және басқалармен бірге/... Бакудегі Түркітанушылардың құрылтайына барды. Қайтып келген соң Байсейтов маған мынаны айтты: олар – Байтұрсынв пен Байсейтов түрік профессоры Купрелло – Задамен кездесіп, Валидовтың жағдайы туралы әңгімелеспен болыпты. Байсейтовтің айтуынша Купреллоның де жүздесуге ықыласы қатты ауыпт, алайда олардың соңына тыңшылар қойылып, аңдып жүргендіктенде қаншама тырысса да ыңғайлы сәтін тауып әңгімелесе алмапты.
Сөйтіп, менің байсейтов арқылы білгенім, байтұрсынов – баяғы Байтұрсынов күйінде қалыпты. Ол түрік профессоры арқылы шет елде Константинопольде жүрген Валидовпен тікелей байланыс жасай алмағаныменде пікір алысқысы келгені анық.
Екінші айғақ: мен қырда жасырынып жүруге мәжбүр болған кезімде 1928 –жылы өзімінің жігіттерімнің бірі Нұрланды Қызылордаға жібердім. Ол менің тапсырмам бойынша Дулатовқа жолығыпты. Ол /Дулатов- Т.Ж./ Аймауытовпен екеуі Нұрланды ертіп Байтұрсыновқа барыпты. Онда барған соң Дулатов: “Ақа міне, Дінше Әдіьлатің жігіті келіп тұр, қандай тапсырма береміз” – деп сұрапты. Оған жауап ретінде Байтұрсынов: “Сендермен сөйлестік емес пе, соны айтыңдар” – депті. Демек, Байтұрсынов 1928 – жылдың өзінде біздің астыртын ұйымымызда үлкен ұйымдастырушылық – жетекшілік қызмет атқарған”. /1-2 бет ҮІ том./
Істің тергеуі осылай жалғаса береді. Д. Әділов бұл арады “кәдімгі кәнігі конспиратордың” тіндетін атқарап, астыртын ұйымның жетекшілерінің бірі ретінде мінездеме беріп, қызуқандылықпен талдап береді. Тергеуші бұрынғы сұрақтарды қайта қойып, оны неғұрлым саяси “бағытқа” қарай қақпайлап, бір ізге түсірмек болады. Орталықтың аты – Орталық, ойы биік екенін көрсетуге тырысып –ақ бағады.
ҮІ том. 139-бет.
Дінмұхамед Әділов бұдан кейін Міржақов Булатовқа “мінездеме” берген. Әрине, оның Валиди Шоқаевқадеген ішкі ықыласын айтқан. Жай ғана адам бір сүзіп шыққанның өзінде Дінмұхамедтің “қара суды теріс ағызып, қара тонды теріс аударғаны” бірден аңғарылады. Тіпті миға сыймайтын жайлар бар. Оның бәрінің ешқандай мән мағынасы жоқ. “жаптым жала” ғана. Дінмұхамедтің біраз көрсетіндісі ілгеріде не кейінірек ретіне қарай келтіретін болғандықтанда, бұл пікірсымақтың ішіндегі кейбір тұстарын ғана пайдаланамыз. Тергеуші де оған үстеме қосып, өз жанынан қосымша “кәулік” қосқан сияқты. Онысы бірден байқалап және “Алашордашылардың” ой-өрісін қалады. Қазақстанның жағдайын білмей айтқаны көрініп тұр. Сөйтіп, Дінмұхамед мырза бір кезде Омбының көшесінде қаңғып қалған он бір жасар баланы адам қатарына қосқан Міржақып Дулатовтың басына күн туғанда оны былай деп, “азаптан құтпармақ” болған. Дінмұхамед Әділов:
“...Содан кейін мен Нұрлан арқылы, әлде басқа біреу арқылы ма, нақты есімде қалмапты, өзімнің осында келгенімді Дулатовқа білдірдім. Біраздан кейін жақсы атқа мінген, басында әдемі қалпағы бар Міржақып өзі маған келді. Бөлмеде екеуіміз ғана қалдық. Дәл осы уақытта Англия мен кеңестің арасындағы қарым – қатынас үзілді. Біз сол туралы әңгімелестік, Дулатов жалпы жағдайды және Қазақстандағы жағдайды сондай бір қара бояу жаға қатерді төндіре баяндады. Ол маған: бізге әзірше тиісе қоймағанмен, түбі тұтқындауы мүмкін, өйткені, соғыстың не әскери қыспақтың басталып кетуі, тіпті, өкіметінің құлауы да мүмкін – деді. Оның өзінің де көңіл-күйі түсіңкі еді, сол арада ол тағы да
Қаладан кетіп қалуды ойластырып жүрмін. Мен өзімінің Торғайыма қарай бет алмақпын. Сонда барған соң 50-60 жігіттің басын құрап, жасақ жасақтаймын, киіндіремін, қолына қару беремін де іске кірісемін. Егерде соғыс бола қалса дәл осылай істеймін анқы, оны ешкім де тоқтата алмайды. Соғыс болмаған жағдайдың өзінде де елге барып, жасақ ұйымдастырамын. Дәл осындай пікірді Испулов Мырзағазы мен Байтұрсынов Ахмет және Ғаббасов Халел де ұстанып отыр.
ҮІ том. 140-бет.
Олар да қаланы тастап өз ауылдарына кетпекші. Сөйтіп, біздің бәрәміз ауылға барған соң /жоғарыда аталғандар Торғайға барған соң/ іске кіріскенше ешқандай байланыс жасаспау керек. Тек дала арқылы “тірі байланыс” /хабаршы арқылы Т.Ж./ жасап, бүкіл қазақ елін қарулы көтеріліске шақырамыз. Қайталап айтамын- қарулы көтеріліске шығамыз, менің бұл ұсынысымды қосып, қаладан ауылға кетуге Испулов Мырзағазы, Байтұрсынов Ахасет пен Ғаббасов Халел қостап отыр” – деп барып бір тыныс алады.
Бұл сөзінің ешқандай ақылға сыймайтыны өз алдына, Дінмұхамедтің осылай деп айтқанына күдікпен қарайсың. Өзге айыпкерлерді қайдам, Дінмұхамед Әділовтың тергеушілер жағынан қатты қыспаққа түсіп, неше түрлі қинаудан өткені, ең ақырында алдыңғы беген көрсетіндісіне қарама-қайшы айғақтар айтқанынан-ақ аңғаруға болады. Үш жылға созылған ұшы-қиырсыз тергеу оны әбден қажытып, жайшылықта күйгелек адамның мінезін одан берет жұқартып жібргені айдан анық. Әбден мезі болып, түрлі қинаулардан жаны түршіккен Дінмұхамедтің мына “мінездемелерін” әбден ашынған соң және енді құтылмасына көзі жеткен соң, азаптап құтылу үшін айтқан жансебілдік қана деп түсінуге де болады. Әйтпесе, далаға тағылып ап соғыс жүргізудің заманының өткенін өзге-өзге Байтұрсынов пен Дулато, Ғаббасов пен Испулов білудей-ақбіледі. Күні кеше, он-он екі жыл бұрын: патшаға қарсы көтерілісте бостан-босқа қырылып қаласыңдар – деп зар қақсаған солардың өздері емес пе. Міржақып – қалай пішсең пішсең де Дінмұхамед пен тергеуші павловтың түйсігіне тон боларлықтай ақылдың иесі емес пе. Өздерін қаншама сорайтып көрсеткенмен “саздау жердің ағашының да, аласаның аласасы да” көлеңкесінде жатыр. Жақаңа ақыл беретін, пікіне пікір қоатын олар емес еді. Қайтесің, тағдардың бұл да бір тәлкегі. Қаншама топастың торы да топастардың жібіне иіріледі.
ҮІ том. 141-бет
Бұдан кейін Дінмұхамед пен Павлов астыртын ұйымның шет елмен байланысқан тамырын аратады. Онсыз тергеулдің шарты томайтыны анық. Бұрынғы айтылғандардың бәрін де заңдастыруы қажет қой. Павлов өзінің сонау Қазақстандағы Саенко мен Альшанскийдің шенінің жоғары екенін дәледеуі тиіс. Бұл арада Дінмұхамедті ұрып-соғып, қорлап көндірді ме, жоқ па, онысын құдай білсін, хаттамаға қарағанда екеуінің де мүддесі бір жерден шыққан. Дінмұхамед одан әрі:
“Содан кейін Дулатов маған: Шоқаев Парижде көрінеді, онда Түркияның елшілерінің хатшысы болып істейді екен, - деп хабарлады. Бұл мәліметті қайдан алғаны туралы әңгіме кезінде маған айтпады. Шоқаев туралы пікірлескенде ол тек қана жалпылама ғана мағұлмат беріп: көрдің бе біздің адамдар барлық жерде де бар, олар өздерінің қал-қадерінше шамасына қарай әрекеттеніп жатыр, - дегендерді білдіру мақсатын ғана көздеді. Дулатовтың айтуынша, мысалы, Шоқаев Женевада Ұлттық Лигасына барып ұсыныс жасапты, Берлинде болыпты, бүкіл Европаны аралап шығыпты, бір сөзбен айтқанда тынбай әрекеттеніп жүр екен” – деп жауап береді.
Дінмұхаедтің көрсетуіне қарағанда Міржақып Дулатов оған жасырын ұйымның есебін беріп отырған сияқты. Ал, Дінше болса оны мақұлдап отырған адам іспетті. Ал Мұстафа Шоқаевтың елі үшін басын тасқа да ұрып, тауға да соғып жүргені анық еді. Ол бүкіл түркі жұртының кеткен есесін жоқтады. Алаш азаматтарының қиын қыстауға тірілелгендігін ол сезіп, қолынан келгенше оларды арашалап қалуға тырысты. Тіпті, халықаралық жұмысшы қозғалыстары өкілдерінің көзін бояған өтіріктерін де әшкереледі.
ҮІ том. 142-бет
Дінмұхамедтің желдей есіп, ұстатқызбай баражатқанын Павловта біліп, айғақ іздеп,одан Дулатовтың жасақтары туралы сұраса керек. Сонда ғана Дінмұхамед кілт тоқтап:
“Өзінің Торғайдағы жасақтарының ұйымдастырылуы жөнінде маған Дулатов ештеңе демеді. Тек жоғарыда көрсетілгеніндей, Испуловтың, Байтұрсыновтың Ғаббасовтың қырға шығатынын ғана ескертті. Содан кейін ол маған сыртта көрмеде тұрған атын көрсетіп: әне, менің сәйгүлігімде дайын тұр, өзгелерде жақсы ат іздеп жүр,” – деп қайтадан есе жөнелді.
Е, Дінше, мұның барлығы да ертегі ғой. Өз сөзіңді өзің қызықтап, қайда лағып барасың? – дегің келеді осындайда. Алайда, айтылар сөз айтылар. Атылған адам атылып кетті. Одн қайран жоқ. Тек соның астарын ашып, кейінгілердің жирену үшін нақты шындықты баяндап беру ғана біздің сыбағамызға тиіп отыр. Бір назар аударарлық нәрсе: ҮІ томдағы тергеу ісінде жоғарыдағы адамдарың аты жиі аталып, әр сұраққа қойылып отырған, Неге? Демек, бұл адамдардың өз кінәсін мойндамағаны ғой. Енді Мәскеуге келген соң олардың шаңын қайтадан қағып жатқаны болуы керек. Әйтпесе, өзгелердің аты неге аталмайды. Бұл да есте ұстарлық жай.
Дінмұхамедті күн сайын жауапқа шақырып, әр кезекте жаңа сұрақ беріп, бұрынғы жауаптарындағы мәліметтерді қайтадын анықтап, тәптіштеп, оның айналасын қаза түсті. Оның астарына үңілген Дінше жоқ, айылын жимай еркін көсілген. Дулатов өзінің ағасы Байсейттің қашуына көмектесті. Жаһанша Дінмұхамедовтен ақша алып берді – дей келіп ауылдағы оқиғаларды қайыра баяндап, бұрынғыдан бетер өсіріп хикаялайды. Тіпті алдыңғы сөзінен соңғы сөзі асып түседі. Сөзінің соңында:
“Е, жаңа ғана Ғаббасов туралы Дулатовтың айтқаны есіме түсті, ол: біз бәріміз қырға шығып кеткеннен кейін барып Ғаббасов салт атпен бүкіл даланы кесіп өтіп Семей губерниясындағы
ҮІ том. 143-бет.
өз аулына барады. Бүкіл даланы кесіп салтатпен аралап өтуінің өзіндік мақсаты бар, ол “тірібайланыс” орнатып, бүкіл халықты көтеруге тиіс еді,- дейді. Дінмұхамед.
Ал керек болса! Шіркін қиялда шек болсашы! Тілде буын жоқ. Ол өзінің Шымкенттен Шуға салт атпен барғанын есіне түсіріп “есіп” отыр-ау! Біріншіден: Халел Ғаббасов ең соңынан емес, ең біріншібоп өзінің ауылына “отарбамен” барғанын және сол ауылында жүріп Дінмұхамедтің өзінен бұрын ұсталып кеткенін Дінше білмеген-ау. Екіншіден: “тірі байланыс”- дегеніңіз- бір ауылдан екінші ауылға хабар беретін шабармандардың іс-әрекеті болса, онда мұны неге Халел Ғаббасов өз мойынына алады? Оның саяси қайраткер ретіндегі атқаратын міндеті аз емес еді ғой. Үшіндіден: Халел Ғаббасов Семейге барғанша өзге жерде көтеріліс басталып кетпей ме? Сонда, “Алаштың” атын алып отырған және “Алаштың” астанасы ретінде танылып отырған ел ұлт-азаттық көтерілістен тыс қала ма жән тек қана Семей губерниясының өзін аралап шығу үшін кемінде үш ай уақыткерек. Дәл осы арасы Дінмұхамедтің де, Павловтың да есінде болмапты. Бірақ, айыптың айғақтылығы емес, айқайы керек боп тұрған оларға, мұның бәрі де пәлендей маңызды себеп емес-тін. Сондай-ақ, Дінмұхамед өзі туралы өте жоғары пікірде екен. Тергеудің алғашқы екі жылында онша әдептен аттамаған Дінмұхамед Әділев: “Астыртын ұйым менің мұнда келгенімді білуге тиіс, жоқ, біледі”-деп толық сеніммен айтады.
Міне, Дінмұхамедтің Мәскеудегі тергеушіге берген жауабы осындай серпінмен аяқталады. Әрі қарай не күтіп тұр? Белгісіз.
Әрине, біз үшін белгілі ғой. Ал тұтқындар үшін ше?
Істің насырға шапқанын олар да сезген. Бірі- Дінмұхамед сияқтытергеушінің алдына түсіп алып “маңып берсе”, екіншілері, яғни, Міржақып пен Мырзағазы, Халел мен Жүсіпбек бастатқан зерделілер саяси күрестің басқа әдісіне көшкен.
ҮІ том. 144-бет
Барлық айыпкерлер Мәскеуге Бутырка түрмесіне келген соң олардың арасында белгілі бір дәрежеде келісім болған іспеті. Сонадй-ақ, олар істің аңдысын аңдып отырып, ақыр мұның түбі атумен аяқталатынын біліп, тәуекелге бекітіп, ойындағысын айтуға бекінген. Мұнда неге мұндай өзгеріске түсті? Оны түсіндіріп бере алмаймыз. Тек түрмедегі “қолға түскен” бір хатты байқауға болады. Соны ішінде Міржақып Дулатов өзінің сырын ашып болған. Оның себебін ашу керек. Өзінің ойын қағазға Міржақып Дулатов қазақша, араб қарпімен түсірген. Соның біріншісі:
Мемлекетің саяси мекемесінің Күншіғыс бөліміне тұтқын Дулатұлы Міржақыптан
Мәлімдеме
“Мен абақтыға жатқаннан бері неше рет жауап бердім. Бірақта әдейі болсын, қатарласып болсын, ұмытқаннан болсын, білгенімді түгел айтқаным жоқ” – деп өзі 1929 – жылдың 19 қарашасы күні хат жазған.
Міржақыптың мұндай мазмұндағы баяны бірнешеу. Алғашқысы 5- бет. Аудамасы машинкамен төрт рет. Көк сиямен сарғыштау қағазға жазылған. Солардың соңында мынадай өтініш бар.
ОГПУ – дің Шығыс бөлімінің бастығына тұтқын Дулатовтан мәлімдеме.
Мен өзімнің 32 беттен тұратын қазақ тілінде жазылған жауабымды ұсына отырып бұл жауапты орыс тілінде аудартуыңызды және содан кейін маған қарап шығып, қатесін түзетуге мұрсат меруіңізді сұраймын.
Міржақып Дулатов.
30/ХІ-29 жыл.
Неге мұндай шешімге келді? Оған нақты жауап бере алмаймыз. Зады, Москвадағы тергеушілердің әділдігіне сеніп, Қазақстандағы заңсыздықтарды әшкерелеуге ұмтылған сияқты. Одан өзге жол жоқ екенін бәрі де білген. Сондықтан неден де болса тайынбай шындықты айтуға бекінген.
ҮІІ том. 145-бет.
Бұл томда негізінен қамауға алынғандардың жеке хаттары, құжаттары сақталған. Көп дүниелер арасынан жұлынып алынған сияқты. Хаттардың кейбіреуінің түпнұсқасы жоқ, бірақта орысша аудармасы бар. Біз мүмкіндігінше сарғайып кеткен сол хатттардың түпнұсқасын пайдаландық. Ал кейбір жерлерде оның аудармасын бердік. Мұның өзі тікелей қажеттіліктен емес, мәжбүрліктен туды. Біріншіден: хаттағы жаулар өше бастаған, оны ажыратуға кейде бір-екі күн қажет еді. Ал біздің уақытымыз шектеулі болатын. Екіншіден: орысша аударылған хатар тасқа басылған еді. Бұл жұмысты жеңілдетті. Сондықтанда біздің бұл амалсыздықтан барған лажымызды түсінер деп ойлаймыз. Кейін мұның барлығын асықпай, түбегейлі зерттейтін мезгіл туар. Сонда бәрі де орынына келер деп ойлаймыз. Біз кейбір хаттарды тәржімалау барыснда сол адамның сөйлесу, жазу мәнерін және оның сөздік қолданысын сақтауға тырыстық.
ҮІІ том. 146-бет.
Жүсіпбек Аймауытовтың хатының жалғасы. Басы таспада болуы керек. Әдебиет туралы екінші хаты. Араб харпінде жазылған қазақша текстінің көшірмесі. Жазу таңба сияқты, анық сұлу жазылған.
“Жаман аяғымен, жақсы төсенішін былғайды. Тілегенін сұрайды. Қызының. Қатынының қойынына барсам ба деп дәме қылатындар да бар. Осылай жүрген еркектер де байдан бөтен дүниеге көзқарас болуға мүмкін бе? Сірә, біздің жас марксшілер үлкен кітаптарды оқып алады да: мынау қазаққа келеді екен – деп жалшының не мұжықтың көзімен қазақты өлшейді. Марксті біздің жігіттер қазаққа жанастыра алмай, шатақ осыдан туып жүр ғой деп ойлаймын. Қазақ өзгеше /своеобразный/ тұрмысты, тарихты, салт-саналы жұрт болуға керке. Қисыншыл /теоретик/ болумен тәжірибешіл болудың арасы алыс. Біздің Ғаббас алдыңғысы болар деймін. Әуелі қазақты оқу керек. Қазақты білемін дегенмен көбіміз біле бермейміз, оны мен Бройданың кітабынан көріп отырмын. Біз анық біле алмай, көмескі ............................ген нәрселерді ол анық айтып отыр. Қазақ – ұйымсыз, қазақ - берекесіз, қазақ – ұлтшыл емес. Малы қандай болса, мінезі де сондай жұрт. Бұл мәселе түбірленбей тұрғанда біз де даудың шегі болмайды.
Тағы бір қосылмайтын жерім: ақын – таптыкі ғана болады. Бірақ кейде тұрмыс жағдаймен, таптан мойыны асқан, тап шарасынан жоғары, өзге таптың да сойылын соғатын бұқарашыл, ұлт санасын меңгерген ақын да болады – деп Плеханов айтады. Оны Ғаббас жазып отыр. Олай болса, қазақ ақындары тапқа неге қамалып қалды. Неге байшыл, неге діншіл болуға міндетті? Отаршылық зардапты бай, кедей, ұлт болып тартқан жоқ па еді. Жерінен бай да, кедей де қуылған жоқ па еді? Малы жоғалса қақолдан бай да, кедей де таяқ жеп, өлгені өлген жоқ па еді. Ұлт мұңы бұрын бір емес пе еді? Бір болса, Асан қайғысы, Бұқар жырау, Шортанбайы, Абайы, Ахметі, Міржақыбы, Мағжаны, тағы басқалары отаршылдыққа, орысқа, патша өкіметіне қарсы болыс келген жоқ
ҮІІ том. 147-бет.
па еді? Осы өткен ақындардың бәрін байшыл, кедейшіл қылып алып, одан кейін Мағжанға, тағы тағыларға келсе, сонда жүлгелі (последовательный) болып сынаған болмай ма, әйтпесе, Мағжан байшыл, ................................ байшыл, Бейімбет кедейшіл деген сөз бола ма? Төңкерістен бұрын деген қара кедей Сәбит Дөнентай ұлы да, Бейімбет те бәрі де болып ұлтшыл болып жазып жүрсе, енді кедейді бетке ұстады деп, олар тап ақыны бола қалмақ па? Бояма ақын бола ала ма? Әдебиеттің сұйылуы боялудан шығады деп білемін. Шындап ақын жаза алмаса, ақын емес, етікші. Рас, пікір жүре өзгереді. Орыс жазушылары да төңкерістен кейін кей бірі жарамсақтанған, оларда жарамсақтан аманы да бар. Қазақ ақындарының пікірі соншама күрттен өзгергендей жағдай болған жоқ; өйткені төңкеріске біз көлденеңнен қосылдық. Ащысы, тұшшысытауқымешін-тауқыметін басымыздан көшіргеміз жоқ, Сондықтан тек думанға, дүрмекке қызып, төңкерістің маңызын, дәнін тата алмай .................................. қалдық. Сол дүрмекпен әлі келе жатырмыз. Күшенгенмен сөзіміз үлеспей жатыр. Мен өз басымдағыны айтайын. Өзім нағыз кедейдің баласымын. Бай туысқандарымнан зорлық, қысым көріп өстім. Блаң орыс болып кетеді, солдатқа алып қояды деп, немере ағам орысша оқытқызбаған. Өз баласын орысша оқытып жүріп, мені оқытпаған. Сөйтіп мен, байға, жуанға өш болып өстім. Бірақ, жүре, оқи, көз ашыла келе, байдың да, кедейдің де орыстан көрген қорлығын көрдім. Шорман ауылының Қаракөл деген ата қонысын, Баян төңірегіндегі қазақтың шұрайлы жерлерін келімсектер алды, оны мен естідім де көрдім. Орыс стражниктерінен, полицейлерінен қазқтың талай таяқ жегенін көрдім. Ана жылғы Қарқаралыға қақолдан қорқып, қашып келіп жүрген Жетпісбайлар есімде. Хахол жоғалған малы үшін оның (надан адам ғой) атын тартып алса, ол сотқа берген ғой. Сотқа беретін неме екенсің деп, хахулдар оның аулына жиналып келіп өлтірмек болған. Содан
ҮІІ том 148-бет.
қорқып, қыстай үйіне жолай алмай жүрді ғой. Ақмола үйезінде Төкіш деген бір кедей әнші бар еді. Жақ жоқ әнші еді.Соның ауылын малы жоғалған хохолдар шауып,Төкішті тепкілеп өлтірген. Бұлар 22-23 жылдардағы оқиға. Осыларды көріп, естіп тұрып, қалай тапқа кісенделерсің? Кеше ғана осы жылдың сентябірінде Қарқаралының алты кедейі Қояндыдан Орынборға жылқы айдауға бір орысқа жалданып келс, мұнда келген соң орыс ақысын бермей қашқан да кеткен. Олар мені тапты. Біреуі ана жылы Торғайға мал айдауға жалданған, мені білетін Сәбікей деген жігіт екен. Сорлы кедей қаңғып, зарлап қайтып кетті. Қолдарында түк белгі жоқ. Не қыларсың? Осының бәрі жүзден бірі, бәрін көріп, естіп жүрсің. Қай қазақ хохолдың жерін тартып алды, үйінен бездірді? Ауылына ат ойнатты, өлтірді, ақысын бермей, сауырға бір салып қоя берді? Мұнша зорлықты кім істеп отыр? Осының бәрін көре- біле тұра – кімші болу керек?.. рас, бұқарашыл болу кере. Байды мақтауға болмайды. Өзім байдан жақсылық көргем жоқ; байды жақтап жазғам жоқ. Бірақ мен тап ақыны бола алармын ба? Менің миымдағы перне шұп-шұбар. Сыртқы әсерден миымдағы іздер де бар. Ол іздермен жүрмесіме мүмкін бе? Ғаббас қалай жүргізбейді екен? Құлағымнан, көзімнен миға хабар жеткізетін жүйке (нерв) лерімді кесіп тастамақ па екен? Әлде, жүйкемді мүлде құртпақ па екен? Көлденең адам жазушыға, ақынға көтен зорлық қылуға жарамайды. Өзінше ойлатам деу қиянат.
Рас, қазақ кедейі теңдікке жетті, жетілді. Жаңа тұрмысқа аяқ басты. Бірақ екі зорлықтан әлі айырылған жоқ, жуықта арыла алмайды- бірі өз байынан көретін зорлық, бірі-жатынан көретін зорлық. Соңғыны айтайын десең, ұлтшыл болып шығасың, ендеше, байшыл боласың. Бастапқыға қанағат етуге болмайды. Қашаннан қалып алып қалған нәрсе, тұрмыс талқысымен болмаса, бұдан оңай шыға қоймайды. Шыға қойса, әлгі алты кедей неге сандалып қалды? Қағаз жүзімен өмір жүзін айыру керек. Ғаббас, Әбдірахмандар қағаз жүзін алса, мен өмір жүзін алғым келді. Міне, менің пікірім осы.
ҮІІ том. 149-бет.
Мен осы пікірімді газетке жазуға Смағұлдан рұқсат сұрап, толық хат жазып отырмын. Өріс берер, бермесін білмеймін. Ішімде қайнап жатқанша тым болмаса, сендей жолдасқа ағытайын деп жазып отырмын. Сен бұған өз пікіріңді жаз. Теріс, бұрысын көрсет! Бұл пікірімді Ғаббасқа да айт. Жөні келсе, керке жерін оқып жібер.
Ордадан хат-хабар алмаймын. Сенімен жазысып тұрайық . Сен не оқып жүрсің? Жақсы кітап болса маған жібер. Мұхтардың адресін білсең- жазып жібер. Балалар аман. Тұрмыс сәл, жалақы –72 сом. Тезірек хат жазарсың.
Қош, сүйдім. Жүсіпбегің.
Адрес: Орынбор, Совет көшесі, дом 51. Астыңғы қатар. Маған .”Орынбор , 2 январь”.
Арабша жазылған. Қара сиямен. Бұл адамға арнаған екінші хаты. “Кәке-бай” дейді , бұл кім? Қошкеме, жоқ, басқа біреу ме?
ҮІІ том. 150-бет.
Жүсіпбек!
“Көрмегелі көп айдың жүзі болды” дегендей бір-бірімізді көріспегелі көп уақыттар болып қалды-ау. Сенің биылғы жазған хатың маған кешігіп тиді. Сондықтан саған іле жаза қоймадым. Өйткені сенің адресің өзгерген шығар деп ойладым. Және де Ташкенге барған соң қапшықтың аузын бір-ақ шешіп, жаздайғы бастан кешкенді бір көйтермін-ау деуші едім.
Не керек, жолыға алмадық. Сені Қызылорда да кездестіремін деген оймен Қызылордаға соқтым. Мен келген күні таңертең Жақаңдыкіне барсам, Ж: “Жүсіпбеті шығарып жаңа жаңа ғана вогзалдан келдім”- деп отыр. Санды бір-ақ соқтым. Сені Ташкен мен Қызылорданың бірінде болар деп ойлап едім. Болмаған себебіңді Жақаңнан естідім. Ж. айтуынша, “Дәлелі- Дәлел”- дейді . Және Женяның (жеңгенің) науқасы Т-т әуесінің жақтырмайтындығы екінші себеп болса керек еді. Қалайда Орынборда оқшауырақ тұрып қалдың, енді орнығып қалған шығарсың. Әтсе де, сені Шымкентке шақыртуы күшті көрінеді ( Шымкент педтехникумының бастығына жолығып едім), өзің ырза болсаң олар тұрмыс жағынан мұңсыз қылар едік деп ынтық-ақ болып отыр.Әуесі жақсы жер, барсаң да теріс болмас еді. Әлі де кеш емес қой.
Енді әңгімені өз жағыма аударайын. Жаз-ай жарым елде болдым, 2 ай шамасы Қызылжарда болдым. Көңіл- күй жақсы. Әзірше ойлаған нысанаға дәл тиіп келеді. Ана жағын айтам. Бізге қырын қарайтын (өсек айтпаса іші кебетін бір адамдардан келген хабар болса керек ) біреу, ол туралы саған теріс информация берген сықылды. “Онымен мен қосылыппын, ол менен өзгеріп қалса да, сырттағы бір күш еріксі...................”- деген сықылды. Бұл сөздердің источнигі атақты қу таышулылардан шыққан көрінеді. Әминаның сіңілісін байділдин алды. ол тұқыммен біз ежелден дұрыс болмайтұғынбыз. Дұрысында бұрынғы күйімізден еш бір өзгеріс болған жоқ. Қайта одан көрі өмір қызығырақ болған сықылды. Бірақ саған ол күйді суретті түрде сездіруге қалам шабан ғой. Өзің
ҮІІ том. 151-бет.
ауызға салып жіберсең , “иә, солай”- дер едім. Қалайда, көңіл тынды. Ресми тұруды оның оқуын бітіруіне байлап қойдық. Ол жағынан қысқаша хал- жайымыз осы.
Мағжанға жолықтым. 15 күндей бірге болдық. Ол саған қатты разы. Жалғыз сын жазғандықтан емес, сенің соңғы жазғандарыңа қанағаттанды. Осы күнге шейін айызым қанған сәлетші қалам “Нұр күйі” болды. қызыққандықтан әлденеше оқыдым” – дейді. Ақынның мұнысы сен туралы ойлайтын менің ойлайтын менің ойларымды нық бекітті. Қуандым. Оныментүрлі мәселелер туралы көп кеңестім. Соңы пікірлері бар, дүниеге көзқарасы нығайған сықылды. Мұхтар оған: “Түбінде жалғыздар тобы жасайды, біз жалғыздар тобының құрамасы” – деп жазады екен. Бұл пікірді Мағжан да қуаттайды. Екпіні күшті қалам, сиқырлы сөз негізі берік пікір түбінде аып та, шалып та жығады – деп ақын шалқып – ақ жүрген көрінеді. Оның настроениесін көтеріп отырған Мәскеу. Мәскеуде әдебиет туралы пікір жарысы бар, майдан бар сықылды. Европа әдебиетшілерінің де соны пікірі жарыққа шығып қалатын шақтары болады –дейді. Марксшылдыққа қарсы пікірді қолдайтын әдебиетшілер де пікірлер ұсынатын сияқты. Тегінде бірезулік қылмай, ғылыми жетіп, сығалап жүріп таңдап ала алса, пікр-пікір тудыратын мйаданшылағандай. Қапелімшілік желөкпелер көп ағымның арасында кез-келгеннің қақтығыпсаломдай салмақпен біеуіне еріп жүре беретіндей сияқты. Біздің Қызылорданың ВАП-да сондай бір ағымға еріп бара жатқандай деседі. Түрлі әдебиет ағымдарымен таныстыру үшін олардың программаларының жиналып басылып шығыпты, Мағжан маған жібермек болды. Сен де сұрап алып таныс.
Мағжан саған жазудан қажитын емес, өзің де енді шет тұрғаннан екйін жазудан тартынбассың. Мағжан,Әлекең “Восиздаттың” науч. Сотрудниктері. Мүмкін бұлар арқылы жазуға кітапта алрсың. Мектеп блалары оқитын әдебиет кітаптарын қазақшаға аудару керек дейді, оларды осы күннен сұрауың керке сықылды.
ҮІІ том. 152-бет.
Мұхтар: әдебиет соңынан жарық алып түстім. Оқимын - деп Ленинградқа кетіпті. Оның “Таңдағы” соңғы жазған әңгімелерін оқыған шығарсың. Мен анық байқай алмадым, әйтсе де, жақсы-ау! Мұхтар Мағжанмен жиі жазысып тұрған екен, пікірлерін оқыдым. Олардың енді бірі ойы: сол ұйымдардың бір қазаққа қолайлы деген біреуіне қатынасып , қазақ әдебиетіне лайықты жол деген жолдарын ұсынбақ. Баяндамалар жасап, пікірлерін тыңдатпақ. Мағжан жаза бастапты. Мәскеуде бірнеше қырғыз, қазақ тілдерінде шыққан әдеби кітаптарға сын жазған екен, олар да басылыпты. Мағжан биыл бұл жағына күрделі кірісемін деп отыр.
Ташкенде тұрмыс жағынан биыл қыс ауырлақ көрмеспіз.Қошке институтқа әдебиет сабағын беремін деп барып еді, “Жәшейке қабыл алмады ”- деп жүгермектер қабыл алмады. Қошке военный школға кірді. Мен орыншамын. Менің мұндағы қуанышым: педфак түзеліпті, программа жақсы. Әдебиет тарихы. Тәрбие жағы күшті. Әзірге оқу басталған жоқ.
Жалғызсырайтын емеспіз. Жолдастар бар. Әйтседе, сенің оррының бөлек. Биылғы хатың мені көп желпілдірді. Жазып тұр. Не жазайын демессің. Өміріміздің қою-сұйығы , ащы-тұщысы бір-бірімізгемәлім шығар деп ойлаймын. Туғаныңды көргем жоқ, өлгеніңе жыламаймын-дейтін жеріміз жоқ. Достық пен махаббатқа сауда жоқ деген иман қайсымызда болса да бар. Достың таза сөзінен қымбат мен өзім әзірге білмеймін. Жалғыз-ақ, шын достық санаулы екенін білемін. Бірақ достықты тар кезең, талма жер көрсететін көрінеді ғой.
Жап-жақын жайшылықта көп достарды,
Мен неге жамандықта көрем.
дейтін ақынның сөзі сүзіліп өткен таза сөздің нақ өзі шығар деп ұғамын. Сенің жақсылығыңа- мерей өсіп қуана алмаған, жамандығыңа жаны ашып күйзеле алмаған ерлігі жоқ ездердің не керегі бар.
Жарайды жазып тұр.
Жәнеге (Жени, Евгения-Жүсіпбектің әйелі-Т.Ж.) жақсылап сәлем айт. Бектұр, Мәруа, Жанақ жолдастарға сүйіп сәлем. Анық адресіңді жазып жібер. Абдолладан сәлем. Ғабдолла. 12/ІХ-
ҮІІ том. 153-бет.
Орынбор . 1924-жыл. Майдың –16.
Ардақты Мағжан!
Сенің Мағжан, ақындығыңа тосыннан хат жазы, иманыңа, идтмхатыңа қол сұққалы отырмыз.
Ақылды- не ақылы қысқан аға айтады, не жан ашыр дос-жаран айтады. Жүздес, сырлас болмасақта туыстаспыз. Соған орай қолға қалам ұстап, дос-жарандық білдіргелі, ақындығыңа біз бірақылсымақ айтқалы келеміз.
Сен ақынсың. Күніміз де, көз алдымызда ұстайтын қазақ әдебиетінің “көгіне өрмелеп шығып күн болатын” үміткер ақын сенсің. “Жаралы жанды ”, “Қорқытты”, “Баянды” берген ақыннан одан да зор күтеміз. Қазақ әдебиетінде артынан мүрида етуге, өзіндік дәуір жасауға сенің қаламыңнан басқасының дәмесі жоқ. Ақындығыңа мін тағуға болмайды Сенен “әттең ғана” деп табарлық бір кемшілік: сен торығасың , зорығасың, зарланасың. Асау алып жүрегің “сұм өмір” деп жұбаныш таппайды. Келешектен жарық сәуле, жақсы үміт күтпейсің, “бүгінен жиренесің, безесің, түңілесің, өткенді жоқтап алданыш етесің. Өмірден түңілген, өмірге қол сермеген сары уайым, сары қайғыға түсіп барасың. Мұндай сары уайымшылық (пессимизм) ақынның бойын өсіре ме? Өріс ұзарта ма? Үмітсіз, тілексіз өмірде не мағына бар?
Сен Байронның рухына түсуге таяусың. Бірақ Байрон заманындағы қара күн (реакция) Байронның шеккен жиһан күйігі (мировая скорбь) бұл күнде бар ма? Қазақтың басына қиын қыстау күндер келген болса, қазақ жұтқа, апатқа, талауға, зорлыққа шалдықса, қайғырса күйінсе, оны “жиһан күйігі” деп санауға бола ма? Ол тар көзділік болмай ма? Сұр айдың артынан күншуақ болмай тұрған ба? Күннің көзін міңгілік бұлт басып тұру мүмкін бе?
Рас, қазақ ақынысың. Қазақ мұңын жырлайсың. Қазақты сүйесің, қазақпен бірге күйесің. Қам көңілді қайғыртып, уайым төгіп, қаяу салғаны қалай? “Торық па, жабықпа, түңілме, алдыңда жарық сәуле бар, жылтылдаған (Короленконың) “от” бар – деп көңілін көтеріп, демеу
ҮІІ том.154-бет
бергенің қалай? Болғаңды –“болды”-деуден болашақты болжау қиын. Әлде болашақты болашаққа сендіру, қараңы тұманды жылтылдаған сәуле көрсету қиын. Қазақтың келешегіне һеш бір сенім жоқ болса, жоғалатын елге сұлу сөз - әдебиет неге керек? Біз сенен дертке дәрмен болғандай, рух бергендей, ауыр халдан шара тауып шыққандай, келешекке мәдениетке, игілікке сүйрегендей сөз іздейміз. Өткенді өткендер де жоқтаған, зарлаған, жырлаған. Қазақтың жұртшылығына одан келген пайда қанша еді?
Пушкинді Пушкин қылған оның нұрлы ақылы, сергек көңілі, өмірді дұрыс бағалай білгендігі ғой. Сен туысың қазақтың, адымың қарға, елің мешеу болса да, өмірге ашық көзбен қарайтын 20-ғасырдың ұлы емессің бе. “Қу өмір, сұм жалған”, “жауыз жазым” дәуірі сұйылып, өмірдің қожасы, тақтың Алласы-адам болған заманда, адамға жаңа тілек жаңа арман, жақсы салт сананың заманында сен сықылды күшті ақынның .............өзгеріс кірмейді деуге көңіл бармайды.
Сарыуайымшыл болса да, бүгінде Байронды төңкеріс ақыны деп санап отыр. Төңкерісшіл болмаған ақынның өркені өспейді. Өркенің өсуіне тілектес болғандықтан, дос-жараның сөз айтып, көңілдегі мүддемізді шығарып отырамыз.
Жүрекке, ихтихатқа, иманға қолқа салу кімге болса да зорлық, әсіресе, ақынға зорлық. Сүйтсе де себепсіз нәрсе болмақ емес қой: таяу тұрған нәрсеге түткідей себеп болсақ, біздің мақсұтымыздың орындалғаны.
Жүсіпбек.
Бауырларың:
Молдағали.”
Бұл хаттағы жазу үлгісі Жүсіпбектікі емес, зады, Жүсіпбек айтып тұрған да Молдағали жазған болуы керек. Не бұтын, не кейін біреу көшірді ме екен? Және қадым таңбасын пайдаланып отырған. Соған қарағанда, Молдағалидың-ақ мәнері. Ал Молдағали деген – белгілі ағартушы, әдебиетші Молдағали Жолдыбаев па, жоқ па, оны ашып айта алмаймыз. Одан өзге лайықты адамды тағы да болжай алмадық.
ҮІІ том. 155-бет.
Әлихан Бөкеханов пен Ахмет Байтұрсыновтың екеуара жазықсыз хаттардың біразы сақталған, біразының фотокөщірмесі бар, ал кейбіреуінің аудармасы ғана сақталған. Түпнұсқаның кейбірі танылмады. Дегенмен қолжазбадағы көз талдырған хаттарды орысшасынан аудармадық. Ад мына келтірілген хаттың түпнұсқасын байқай алмадық.
Қадірлі (құрметті) Әли!..
Қызылордаға ауысу мәселесі түпкілікті шешілмегендіктенде сенің көптеген хаттарыңа дер кезінде жауап бере алмадым. Енді, Қазақ институтының ауыспайтынына қарамастан оқушылардың кетіп жатқанын көрген соң, мен де Қызылордаға көшуге бел байладым, сондықтан пәтер қарап іздестіре беру үшін әйелімді сонда жібердім. Биыл орталықтағы тәржіманың шығуына байланысты еліме барғанға да мүмкіндік алдым. Қалғаныңа және көшудің қамына тамыз бен қыркүйекте кірісерміз деп ойлаймын. Егерде сенің профессорың Торғай мен Ырғыз уезіне баратын болса онда мен де сонымен бірге жүріп кетуім керек шығар. Ән күйлерді жиыстырып, фотографияға түсіру менің де көптеген ойымда жүрген іс еді. Егерде мен оны профессордан үйреніп алсам маған да пайдалы болар еді.
Қазақ мемлекеттік баспасымен жасасқан шартым бойынша жаңа жазу үлгісіне орайластырып үш грамматика оқулығын құрастырып және қырғыздардың әліппесін беруім керек: біріншісін – 15 маусымда, екіншісін – 1 шілдеде, үшіншісін 1 тамызда және төртіншісін 20 тамызда бітіріріп беруім керек. Міне осы уақытқа дейін басқа жұмыстарға момын бұруға мұршам жоқ, содан кейін де, егерде Қазақ институтында дәріс басталатын болса, бос уақытқа тағы да ділгір болып қаламын. 20 тамызға дейін Ибрагимнің (Абайдың) өмірбаянын жазып бере алмаймын дегенім сол. 20 тамыздан кейін де уақыт болама-оны да айта алмаймын. Өзіңе өзімнің фотографқа түскен суретімді жіберемін, бірақ байқарсың, менің суретім шығатын сенің қатираңа менің кірмей қалып жүрмесін. Біздің
ҮІІ том. 156-бет.
Коммунистер, сендердің Мәскеуліктердің сияқты жарты емес, нағыз “96-пробаның” өзі.
Алтынсарының баласының суретін “Шолпан”журналының № 6,7,8 кітабынан таба аласыңдар. Одан басқа оның суреті менде жоқ.
Міржақып Қостанай уезіне кетті. Кеше одан: “Гая жеңілдеді, ұл тапты!”- деген телеграмма алдым. Пішпек қаласында өткен қырғыз мұғалімдерінің құрылтайынан ....(бұл арадағы бір әріпті не санды ажырата алмадым. “келдім” бе, жоқ “Е” келді ме. Егерде қысқартылып жазылған кісі аты болса, онда бұл-“Елдес Омаров” деген сөз. Ал “2” деген сан болса –онда “2 күні Пішпектен келдім деген сөз. Аудармашының өзі де түсінбеген сияқты. Сондықтан Пішпектегі сьезге Ахмет Байтұрсынов барды ма, Елдес Омаров барды ма , ол арасын анықтау керек. Ахмет Байтұрсыновтың “Әліппесі” сол жылы қырғыз мектептері үшін басылып шыққаны анық- Т.Ж.) 2-де келдім. Күн тәртібіне қойылған мәселе мынадай: тіл, қарып, жазу үлгісі, ғылыми терминдер, көне сөздерді жинастыру және мектептің бағдары.
Латын алфавиті туралы бұларда осы уақытқа дейін бір жиналыс болыпты да қаулы қабылдапты . Сяиз оны қолдады. Ол қаулының мазмұны мынадай :қырғыздардың келешегі үшін латын жазуы пайалы, бірақта, оны бірден қолданудың ыңғайы келмейді, оған дейін арап қарпіне біраз өзгерістер енгізу қажет- длінген. Олар:латынның “назира” қарпінен нашар. Бізде үлкен және кіші қаріп деген болмау керек, сондай-ақ, баспаша және жазбаша түрініңде қажеті жоқ. Академиялық орталық жағрафияны орыс тілінде басып шығара алмайды- дейді.
Бұл ұсыныстарды қырғыз даласын зерттеу қоғаының таладауға ұсынамын, нәтижесін кейін хабарлаймын. Соңғылар оны шығаратын шығар деп үміттенемін, себебі, оларға қырғыз жағрафиясы өте қажет.
Құшақтап сүйемін. Ахмет . ІІ/ҮІ-25 жыл.
Осындағы “Ибрагим -”дегенді Абай деп аудармашы жақшаның ішінде көрсеткен. Зады, бұл Ибаргим- Алтынсарин болуы мүмкін.
ҮІІ том. 157-бет.
Ахмет Байтұрсыновтың бұл хатына Әлейхан Бөкейханов маусымның 23 күні жауап жазыпты. Оның да түп нұсқасы жоқ. Фотокөшірмелері ғана бар. Одан әріпті ажыратып оқудың мүмкіндігі болмады. Орысшасы сақталған . Хат:
“Бауырым Ахмет! Сенің ІІ-ҮІ күні жазған хатыңды алдым, профессор Брелин қалсына қайтып кетті”-деп басталады.Әрине алаштың көсемдерінің барлығының әрбір табысы қымбат, әр сөзі алтын. Алайда соны түгелдей кешірудің реті келмеді. Оған біз кінәлі емеспіз. Шамамыз келгенше қамтуға тырыстық. Алайда бұл жауапты біз толық жазып алмаппыз. Оның есесіне екі данышпанның осы екі хаттың арасындағы тағы бір жауаптасуын көшіріп алдық. Оны жазған Әлейхан Бөкейхан.
ҮІІ том. 158-бет.
16 май. 25-жыл.
Бауырым Ахмет
Әілмхан келіп,сонан естідім, сен ауырып оңалыпсың. Енді ауырма. Жоқтауым 21 болды. мен қазақ секциясына бердім. Сеид –Ахмет жоқтауымды алып қалды. Өлеңі жақы болғанымен, қайталамасы көп екен. Соны өңдеп барып, сонан соң баспасаң, қайталама жақсы өлеңді бұзып кететін. Сабындай бұзылған, жалдаптай ойнаған біздің Ц.И. сұлу әдебиет сөзін басатын көрінеді. Сеид-Ахметтің өлеңін өңде. Күзде басылып та қалар. Ц. И. Бірінші октябрьге дейін оқу құралын ғана баспақ. Баспа күшінің бәрінін осыған салмақ. Орынбор басма алмай отырған мекетп кітаптары болса, Мәскеуге жіберіп қараңдар. Басқанына ақы аласыңдар, жылдам басып береді.
Біздің Нәзір , Шәңгерей, Шоқан, Ыбырай да (Алтынсары) кітап қылып шығарайық - дейді. Мен “жарайды ”-дедім. Мен Шәңгерейді жазбақ болдым. Ыбырайды саған бермек болдық. Шоқанды Мадиярға берейік деп едім , “латын” ойына түсіп кетіп, тасырқап қалды. Мен: сен тақсыр баспа, өзің жаз дедім.
Мен майды бітіріп елге кетем. Шәңгерейді ауылдан жібермек болдым. Бәрі бір күзге шейін басылмайды. Сен де күзге жазып берем деп Ыбырайды ал. шоқанды тағы да көрерміз. Абайды жазатын кім? Білесің бе? Тұрашқа жаздырсам, сыңаржақ болып, жүгі бір жаққа ауып кетеді ме деп қорғанып тұрмын.
Біздің Ц.И. мектепке деп дәптер шығармақ. Ол дәптердің оң бұрышында Абай, Шоқан, Ыбырай(Алтынсары), ақын Ахмет, Шәңгерейдің суреті болмақ. Маған сен өз суретіңді жібер. Мен оны Ц.И.-ге беріп кетейін.
Жоқтауға әлі ақы алғаным жоқ. Алғанда саған жіберем.
Мадияр жолдасқа айтшы, мен “Еңбекші қазақтың” егіз санын алам. Маған біреуіде болады. екіншісін Қарқаралыда Бәжікейге жібер деп 3-4 рет жаздым. Мадияр дәл Еркесары: баспалап істейді, дәнеме айтпайды. Газетін қосақтап Мәскеуге жібереді де отырады. Тағы да
ҮІІ том. 159-бет.
Мадияр газетті былай қылып елге тарат дегенде дым-ақшешен. өзі газеті Мәскеуге 8 күнде келеді де, соңғы шыққаны озып жүреді.31 майдан кейін маған Мәскеуге газетті жібермесін. Мен елге кетем. Сеид-Азымға беретін істер әлі де түзеліп біткен жоқ. Мен жүргенше бітпесе, секцияға тапсырып кетем. Ол да күзге дейін басылмайтын жазбалар болады ғой.
Елдесім жолдастың физикасына сын жазайын десем, газетке үлкен, журналым жоқ болып, делдал болып тұрмын. Елдесім жақсы жігіт. Бұрын да жақсы еді. Енді онан да сүйікті болып кетті.
Бір күні Шәгерей маған: “Мен сені жақсы көрем! Білесіңбе?”-деді.
Мен: “Жоқ”-дедім.
Шәңгерей: “Сен шын қазақсың ба? Сені қазақ деп жақсы көрем”-деді.
Физиканы оқып қарасам, Елдесім де қазақ екен.
Бәріңді құшақтадым-сүйдім.
Ғали-хан. (ҮІІ т. 224-бет).
ҮІІ том. 160-бет.
Осы істе Әлихан Бөкейхановтың Дінше Әділевке де жазған хаты жүр. Әдемі мәнермен жазылған.
Москва. Воздвиженка. П.Кисловскй, пер.4.кв.15. (208-бет.ҮІІ т.)
Бауырым Дінше!
Хатыңды алдым. Қуанып қалдым. “Шолпанға”, “Темірқазыққа” неге мақала жазбайсың? Сендей білімі бар жазбаса , кім жазады. Не балаларға сабақ беріп, не журнал, газетке мақала жазып, Алашқа қызмет қылсаң, не қазақ тілінде кітап жазбасаң-өзге жол бізге бөгелді ғой.
Сүйдім- Ғали-хан.
“Бұл хаттың сыртына мынадай түсіінктеме беріліпті:23/ҮІІ-23 жылы /?/ Рысабайдың ауылында алынған. Тапсырған-Мырзағазы. Дінше Әділев”- деп қолын қойыпты.
Хаттың мазмұнына қарасақ, Дінше Әділев Әлейхан Бөкейхановқа бірінші боп хат жолдаған және мынау алмағайып заманда елi үшiн қандай ақыл іспен айналысуы керектігін, бұған қандай ақыл қосатындығын және өзінің сол кездегі көңіл-күйін білдірген сияқты. Әлекең оған мәдени саланы нысана деген кеңес береді. Әрине, бір ұлттың көсемінің «сүйдім» - деген сөзіне ие үшін еңіреген кез-келген азаматқа үлкен құрмет әрі сенім. Тек соған лайық бола білу қажет. Ал оны Дінше ақтай алдым ма, жоқ па, оған біз төрелік айта алмаймыз. Әр кім өз ие және оған өзіңнің ақыл-ойының жеткенінше басшылық етеді. Бізге мазмұны белгісіз бұл хатта не аұтылды деп жорамал жасамайық. Мүмкін ол хат табылып та қалар, алайда,бойыне қуат-күші толған, кей кезде зейінін мінезі жеңіп кететін осынау қызба қанды жіігттің өмір мағнасын түсінуі үшін өз жанына өзі жанына таныштық бермегені- оның ойсыз адам емес екендігін аңғартады.
Е, қаншама соғыс пен қызыл қырғынның ішінде сыр бермеген азаматты, кеңес түрмесі «тірі өлік» етіп шығарда емес пе. Ендеше, артық сөз айтуымыз асылық болар. Тек шындықты ғана жария жасаймыз. Ал бұл мүлдем басқа мәселе.
ҮІІ том. 161-бет.
Тергеу ісінің ҮІІ томының 117-бетінде «Қожа Мырзағазы» деген адамның хатының соңы сақталған. Әңгіме- Әлихан Бөкейханов не Ахмет Байтұрсынов туралы. Нақтаңқырап көрсетсек, Әлейхан Бөкейханов жөнінде қозғалып отыр. Өйткені, Әлейхан-Әлекең ол тұста Мәскеуде болатын әрі қаражат жағынан қиналып жүргені туралы өзге де адамдардың дерегі бар. Ол кісіге көмектесу үшін алаш азаматтарының қаражат жинағы туралы мәліметтер бар. Мырзағазы қожа дегеніміз –Мырзағазы Испулов болуы мүмкін. Қалайда қазақтың ақсақалдарының біреуі туралы сөз қозғалып отырғандықтан да келтіре кетуді жөн көрдік. Түбінде біреудің көзіне түсуі мүмкін. Хат былай:
« ... тәрбиелеуге болмайды.
Балалары Рысқыловқа арыз жазып берді. Арызын Рысқұлов сонда алып кетті. Барған соң партия арқылы өткізіп көрейін, жолдастардың күшімен деп. Осыны бірдеме қыларсың. Шалдың халі нашар.
Өздері 4 жан. Жалғыз ақша алатын шал. Оның алғанымен барлығы күн көре алатын емес. Балалары қызметте жоқ. Оның үстіне жақын арада жалдаған малай қыз дымын қалдырмай ұрлап кетіпті. Өте жүдеу, өлмешілік күні бар. Мұнда Ораз Жандосовтар сарттың жігіттеріне айтып көріп еді, болмады, әсіресе, Ирмаков.
Шал өзінің жайына байланысты жазбаған шығар сыпайылықпен, бірақ,тағы да айтамын, халдары нашар.
Қош. Мырзағазы.
15/Х- .”
Жазылған айы мен күні белгілі, ал жылы қойалмаған. Қалай дегенменде, біз бұл Әубәкір Диваев туралы емес пе екен дегенді ұстанамыз. Ол кісінің күтімсіз қалғаны, Ташкентте аса кедей өмір кешкені жөнінде де дерек бар. Кейін қазақ зиялылары қатты ат салысып, қаулы шығарып, кітабын бастырып, қаржылай көмек берген.
ҮІІ том. 162-бет.
Істе Діншенің ағасы Байсейт Әділевтің де хаты сақталған. Қолжазбасы төрт бүктеліп тііглген, қарындашпен жазылған жазу өше бастаған. Оны тану өте қиынға соққандықтан да тек қана Қара-Ноғайға қатысты тұстарын ғана көшіріп алдық. Хат 8/І-24- жылы жазылған. Жалпы сәлем мен ауыл-аймақтың жаңалығынан соң былай дей жалғастырады:
“... Айтарлық сөз-ескіше бірінші июнь күні Шу бойында Өксікбай ауылында ойдағы, қырдағы кіші жүз бас қосып, қоныс жайын сөйлемек. Сол кеңеске біз де шақырылыппыз. Алдағы екінші күні жүремін. Ол жиылыста менің айтатыным-Жер таппағаның Арқаға шығып келсін, Хұқмет-Әулие- Атада болсын. Ақмоладан бір жолата қолыңды үз-демекпін. Ақмоланың өзі де бұл тамадан күдерін үзгендей болса керек. Бірақ кесірлі Әтидің баласы Плактың ізденуі, шақыруымен Шабдан Иралиев келіпті, Ахметжан Мықанов келіпті. Үшеуі елден мал жиып алып, ол кездемені сатып жатыр. Шабдан Иралиев өзіне тиген сыбағасына інісіне бір қыз алып беріпті. Мал алған кісілерге берген тиянақты документ жоқ. Артықша қаһар қылған Жүсіп болды. Жалғыз Жүсіптен 13 мал алды.бәрі де ірі малдар. Бұл қылғандарының толық мағлұмат екенін Ташкенге бір жеткізермін. Тілегім-“Ақ жолға” бастыру.
Ендігі сөз-тірі болсам февраль жұлдызында Әулие-Атаға барып , сендерге хабарласып, Ташкетке барамын. Басқа ел бері Арқаға кетсе де өзім жонға барамын.
Айтпақшы, Плакс Орынборға барамын деп кетіп. Түркістаннан қайтып келді. Бір Омар Диуанов деген ноғайды ертіп келіпті. Ол ноғай ел-елдің налогін алды,е кеткеннен қалғанының есебін алды. Ақмоланың хүкімінде қалғандардан да, қашып кеткендерді де есепке алды, қашқындарды ұстайд. Ол ноғай әзір Шу жағасындағы наймандарда жүрсе керек. Тамаға әзір келген жоқ.
ҮІІ том. 163-бет
“Жауды аяған жаралы қалады”-деген. Не қылса да Плакстың ызасы өтті. Адамды құса қып.
Ендігі сөзді өзімнің ауызымнан естисің. Мен мынау Ескендірді разы қылып жібердім. Аман бол, бауырым. Наурыздың бас кезінде барамын. Асқарға көп-көп сәлем, шәкіртке...
Байсейт Әділ ұлы.8/І-24 ж.”
Бұл хат – Дінше Әділевке арналған сияқты. Ал мұндағы айтылатын адамдардың жанама аттарының түсініктемесі былай беріліп, соңына Д.Әділев деп қол қойылған.
Мұндағы Плакс- Сәдуақас Жалмақанов.
Ипалиев-Ақмола милициясының бастығы.
Мықанов-Ақмола уезінің Сарысу ВК-нан.
Шақаев Жүсіп-Сарысу ауданының бір байы.
Ерденбаев Ескендір-Ақмола округінен, ол кезде САКУ-дің –Орта Азия коммунистік университетінің студенті , хатты сол әкелген. Д.Әділев.
25/І-29 жылы”- деп жазылған.
ҮІІтом. 164-бет
ОГПУ (сот) коллегиясының 1930 жылғы 4 көкек күнгі кеңесінің хаттамасынан көшірме.
Тыңдалды: №78754 іс бойынша айыпталған: Байтұрсынов Ахмет пен міржақып Дулатовты 58/2,58/4,58/11,58/10 баптары бойынша,
Испулов Мырзағазыны- ҚЕ 58/2,58/10 баптары бойынша,
Ғаббасов Халильді 58/2 бабаы бойынша,
Әділев Дінмұхамед пен Аймауытов Жүсіпбекті ҚЕ 58/2,58/8,58/11 және 58/10баптары бойынша,
Бірімжанов Ғазымбекті 58/4,58/11 және 58/10 баптары бойынша,
Юсупов Ахметсафаны 58/1,58/13 және 58/10 баптары бойынша,
Болғамбаев Хайретдинді, Жұмабаев Мағжанды, Байтасов Абдолланы, Омаров Елдесті, Жәленов Кәрімді ҚЕ 58/11 және 58/10 баптары бойынша,
Битілеуов Дамолланы ҚЕ 58/4 бабы бойынша,
Дулатов Асқарды...”- деп жиыны 42 адамды айыптан шыққан. Біз өзімізідң мақсатты мүддемізге орай тікелей қатысы бар “Алаш” қайраткерлерінің ғана тізімін келтірдік. Өкініштісі сол, осы бір баптардың қойылуы барысында Жүсіпбек Аймауытовтың Дінше Әділевпен бір тізімге ілінгендігі. Тергеу ісінің ең түйіткілді “тұлғасы”Дінше Әділев болғандықтанда, бұл тұзақтан жазасыз құтылу мүмкін емес еді. Егерде, басқа тізімге іліккенде тым құрымағанда тағы да алты-жеті жылдай жарық дүниенің дәмін тату мүмкіндігі бар еді. Алла тағалам оған мұндай мүмкіндікті жазбапты.. Енді осы тергеу ісіндегі үштіктің сот үкімін толықтай келтіреміз. Әрине, кейбір адамдардың аты-жөні сіздерге бірінші рет кезігуі мүмкін. Оның басты себебі, біздің мұқым іс барысын толық келтіруге ешқанадй да мүмкіндігіміздің болмағандығынан еді.
ҮІІ том. 165-бет.
Қаулы еттік:
Байтұрсынов Ахметті,
Дулатов Міржақып,
Испуолов Мырзағазы,
Ғаббасов Халиль,
Әдіелев Дінмұхамед,
Аймауытов Жүсіпбек,
Бірімжанов Ғазымбек,
Юсупов Ахмет-Сафа,
Кеншімов Мәдібек,
Тоқманбаев Бақай,
Әбдікеев Бітімбай,
Әбдікеев Питтибай,
Байділдин Әбдірахман
А Т Ы Л С Ы Н.
14.Битілеуов Дамолла,
15 .Дулатов Асқар,
Бөлтіріков Оспан,
Исмағамбетов Теміржан,
Барлыбаев Жарахмет,
Жұрқақова Құлахмет,
Испулов Есенбай,
Ең жоғарғы жазаға кесілсін де ол үкім он жыл концлагерьде отыру жазасымен айырбасталсын.
21.Жұмабаев Мағжан,
22.Омаров Елдес,
23.Ұрзабеков Абдолла,
25.Сәтбаев Ибрагим,
25.Әділев Асқар,
26.Әділев Әбуәли,
27.Әділев Әбубәкір
он жыл түрмеде отыруға кесілсін.
ҮІІ том. 166-бет.
(үкімнің жалғасы)
28. Болғамбаев Хайретдин,
29. Байтасов Абдолла
бес жыл түрмеге қамалсын, ол жаза ПП ОГПУ арқылы солтүстік аймаққа сол мерзімге жер аударылсын.
30. Жәленов Кәрім,
31 Кенжімбаев Дархан,
32. Мұратов Төреқұл,
33. Ибраев Акбар,
34. Кәрібаев Нұрлан,
35. Байдуллаев Ағабек
бес жыл түрмеге қамалсын. Ал төмендегі сотталғандардың:
Байтұрсынов Ахметтің, Дулатов Міржақыптың, Әділев Дінмұхамедтің (Мұқыш), Жұмабаев Мағжанның, Дулатов Асқардың, Бөлтіріков Оспанның, исмағамбетов Теміржанның, Барлыбаев Жарахметтің, Испулов Есенбайдың, Мұратов Төреқұлдың, Кеншімов Мәдібектің
еңбек мөлшерінен артық мүліктері тәргіге түссін.
36. Арғымбаев Мұхамедия,
37. Алин Артықбай,
38. Бектұрсынов Бажай,
39. Майлиев Ерке,
40. Тұрдыбеков Әбдірахман,
41. Мұханов Кәкен,
42. Ұлмұратов Тәжібай
үш жылға түрмеге (концлаерьге) қамалсын.
Іс архивке тапсырылсын.
ОГПУ-дің хатшысы- қолы.”
Осымен ОГПУ-дің тергеуі мен соты аяқталған. Алайда арада бір жыл өткен соң мынадай қосымша ұйғарым шыққан.
“1931 жылы 8 қаңтар күні істі қайта қарау мәселесі тыңдалды, онда мынадай қаулы қабылданды.
ОГПУ коллегиясының 4/ІҮ-30 жылғы мына азаматтарға шығарған үкімі: Біірмжанов Ғазымбекке, Испулов Мырзағазыға, Дулатов Міржақыпқа, Байтұрсынов Ахметке
шығарылған үкім күшін жойсын”-делінген.
Бұл тізімге, өкінешке орай, Жүсіпбек марқұм ілінбей қалды-ау.
ҮІІ том. 167-бет.
2-ші Бүкіл қазақтың құрылтай кеңесі делегаттарының 1921 жылғы 4 қазан күнгі коммунист-қазақтардың мәжілісінің хаттамасы.
Қатысқандар: РК обкомының мүшелері ж. Меңдешев, Мырзағалиев және Асылбеков, Түркістан республикасының төрағасы т. Ходжаев, Семей, Ақмола, Орал, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе және Бөкей губернияларының делегаттары, жиыны 51 дам қатысты.
Мәжіліс төрағасы Әуезов.
Күнтәртібіндегі мәселелер:
Қазақ арасындағы жұмыстарды күшейту және кеңес аппаратын жөнге келтіру.
Сәдуақасов жолдастың мәлімдемесі.
Тыңдалды: Қаулы етті:
І.Жер-жерден хабарламалар.
1. Отарлаушылармен аяусыз
1.Кіндік аппарттың губерниялардан күрес жүргізілсін, оларды
қол үзіп қалғандығы. КССР –дің жерінен аластатуға,
партиядан шығаруға дейінгі
шаралар қолданылсын.
2. Қыр адамдарын кеңес пен партия 2. Сондай-ақ, партиядағы жол-
жұмысына тартудың жеткіліксіздігі. дастарды ұлтшыл шовинис-
терменде аяусыз күресуге
шақыру және кейбір жол-
дастардың ұлтшылдық-бет
бет алғанын сынау.
3.Қыр елінің мұхтаждығы мен ерек- 3. КЦИК пен КСНК құрамын
шелігін ескеруге дәрменсіз және сыйлағанда қазақ кедейлері мен
оған құлықсыз отаршылдардың зор- еңбекшілерін кеңінен тарту,
лығы, сондай-ақ тамыр-таныстық орыстармен тығыз байланысты
пен арандату арқылы тартысты сақтап, қатаң бағыт ұстау және
күшейтіп отырған қызметкерлерді құрылтайдың шешімдерін
қызметтен алу. жүзеге асыру.
4.Кейбір аса мүдделі және 4.Орталық мекемелердегі сьез-
тәжірибелік мәні зор мәселелерді дің шешімдерін орындауда
жүзеге асыру үшін қатаң тәртіп әрбір жауапты қызметкерлер-
орнату және ұлт мәселесі жөніндегі дің сессия алдындағы
Х сьездің қаулысын орындау. жауапкершілігін арттыруды
талап ету және жауапты
қызметкерлерді ауыстыра бере-
тін өктемдікті жою.
ҮІІ том. 168-бет.
қаулының жалғасы:
5.Жергілікті халық өкілдерін партия, кеңес орындарына тартылсын.
6.Партия қатарын тазалау жөніндегі губерниялық және уездік комиссиялардың құрамында кемінде жергілікті халықтан шыққан бір коммунист кіретін болсын.
(Осы қаулыны шығарған М.Әуезовтің өзі сол тазартуға ілігіп, «тазарып» кетті ғой-ТтЖ. )
ІІ. Сәдуақусов жолдастың мәлімдемесі.
Қаулы етілді:
Сәдуақасов жолдастың қысқаша мәлімдемесін тыңдағаннан кейін мәжіліс мынадай қаулы қабылдады. Оның бейберекеттікке жол беріп, отаршылдық саясатын жүргізген Семей губерниялық атқару комитеті мен губревкомын таратқаны жөніндегі шешімі өте дұрыс деп табылсын. Сәдуақасов жолдастың Семей губерниясындағы іс басына қыр елінің азаматтарын тартып, отаршылдарды жұмыстан босатқан ісі де дұрыс деп табылсын, сондықтанда обком мен бақылау комиссиясы құрылтай кезінде қабылданған Сәдуақасов жолдас туралы шешімді қайтадан қарап, сәдуақасов жоласты ақтау туралы мәселе көтерсін. Және обком мен бақылау комиссиясы сәдуақасовтың ісі туралы Семей мен ақмола губерниясының өкілдеріне жолығып, қосымша материал жинауды қамтамасыз етсін.
Жиналыс төрағасы- М.Әуезов.
Хатшысы- А.Байділдин.
/Таспаға басылған үндеу бар. Оны осы араға кіріктіру қажет./
ҮІІ том.169-бет.
Тергеу ісінде ағасы Байсейіт түрмеде жатқанда жазылған Дінше Әділевтің 3-4 хаты бар. Бір-бір жапырақ қағаз. Әбден тозған. Қалай сақталып қалған. Соның бірнешеуін келтіреміз. Әуелгісі Міржақып Дулатовқа арналған.
«8/ІХ 27жыл.
Жақа! Мырзағазы, Сейд-азым ағай және басқа ағайлар!
Жолдастар!
Аманшылық. Ептеп күнімді көріп жүрмін. Қалай, қаладағы жолдастарды сағындым. Ең әрісі бір айдан қалмай Қызылордағ жүремін. Иә, поезбен, иә, тапен барамын. Поезбен жүруді қауіпті көремін. Атпен жүрем. Байсейттің жұмысын мүмкін болған қадарда бір жола аяқсыз қалдыру жағын қарастырарсыздар – деп өтінемін. Көрген-білгендеріңді Мұқатай деген жігітке айтып жіберерсіздер.
Жолыққанша қош болыңыздар!
Дінше».
Ендігі бір хат түрмедегі Байсеитке арналған.
26/ҮІІ-27 жыл.
Бәке!
«Аманшылық. Рамазан мерген мен Нұрланды жіберіп отырмыз. Жетегінде сізге арнаған бос ат бар. Қаражатқа 175 сом бердік. Бір винтовка, бір бердеңке, 200 шама оқ бар. Мерген, 2 мылтық, 200 оқ, өз жігеріңіз, құдай қаласа бір әзірше жарап қалар. Не түрлі ақыл болса да о жерде өздеріңіз лайығына қарап істерсіздер. Жолыққанша. Қош боларсыз. Дінше.»
Түрмедегі жайлар, және Байсейітті алып қашып шығушының хаттары бар. ол бізге пәлендей қажет емес әрі ол интриганың түбіне жету өте қиын. Сондықтанда пайдаланбадық. Осы оқиға туралы «Советская степь» газетінің 1927 жылғы 4 январь күнгі санында «Көз-көрген» - деген мақаласы жарияланыпты. Соны тауып алу керек.
ҮІІ том. 170- бет.
Діншеге Міржақыптың жазған хаты.
Дін!
«Бабайды» қырын қаратып қойып, күлдіріп, сөйтіп, қабан сияқты болғанын көруге кездесе алмай жүрмін. Ол былай тұра тұрсын. Не істеу керек, қалай істеу керек?
Мадияр.
13/ІХ-25 жыл.»
Діншеге хат жазуының себебі- театрға бір адамды алу туралы өтініш екен. «Бабай» деп отырған адамы - «Айтуар» ма, әлде «Аймауытов» па, оны тергеушінің сілтемесіндегі жазудан анық тани алмадым. Бұл кезде Дінше – қазақ театрының директоры болатын.
ҮІІ том. 171-бет.
Осында Ә.Бөкейхановтың үстінен түскен арыз бар. кейін Голощекин мұны пайдаланып, жиналыста айтты. М.Төлепов деген адам «саққұлақтық» жасай, қырағылық көрсеткен. Хат былай: +7 т.241б
ВКП/б/ өлкелік комитетіне
ВКП/б/ мүшесі М.Төлеповтен
Партиялық билеттің №............
КССР - дағы біздің партиямыздың алдында өзінің шешімін табуға тиісті көптеген күрделі мәселелер тұр. Соның ішіндегі ең бір шиеленіскен әрі қиын және саяси және шаруашылық тұрғысынан алғанда өте маңызды мәселе- жер мәселесі. Бұл жөнінде неше түрлі пікірлер айтылып, қилы-қилы «теориялар», «тұжырымдар» мен «көзқарастар» қалыптасып отыр.
Бұл мәселе тек қана еңбекші- кедей табының ғана назарын аударып отырған жоқ, сонымен қатар, бізге жат, біздің партиямыздың жаулары бай- кулактар мен қоса әсершіл- алаордашыл элементтер де ерекше белсенділік танытып отыр. өзгені былай қойғанда біздің жауапты қызметкерлеріміздің бір тобының осынау күрделі ішкі мәселелер жөнінде Бөкейханов Әлихан сияқты контрреволюциялық элементтермен пікір алысып, соның ықпалымен шешім қабылдауға бой ұрған қатерлі де қауіпті бағыт аңғарылады, сөйтіп, әлгі адамның партия қатарына ықпал етуге жақсы жасап, біздің құрылысымыздағы шешуші мәні бар КССР- дағы ұлтаралық қарым- қатынасты шиеленістіріп, оны шешуге бөгет жасап отыр.
Төменде айтылатын партияға қарсы құбылыстың еріксіз куәсі болғандықтанда, мен мұны Өлкелік комитетке хабарлауды өзімнің партиялық парызым деп есептеймін:
Биылғы жылдың шілде айының аяғында Жер жөніндегі халық комиссары Сұлтанбеков жолдас Қырымға демалуға кетіп бара жатып жолай Мәскеуге тоқтады. Сол күні Сұлтанбеков жолдас қонақ үйге заттарын орналыстыра салып Әлихан Бөкейхановтың үйіне кетті, ал өзінің сонда баратыны жайлы Қазақ өкілдігіндегі Жер комиссариятының осындағы өкілі арқылы хабар бергізіп қойып еді, ол
ҮІІ том. 172-бет.
мұқым кеш бойы Әлихан Бөкейхановтың үйінде болды. Таңертеңінде әңгімелесу одан әрі жалғасты. Бөкейхановпен пікірлескеннен кейін кезекте Төреғожин мен Төлепов жолдастармен болған әңгімеде: «- Әлихан маған Швецовпен әңгімелесіп,оны көндіремін деп уәде берді»-деді. Әңгіме федеральдық ұйымдардың арасында келіспеушілік туғызып отырған жер бөлу мен оның мөлшері туралы болды. Менің ойымша, партияның өз ішінде туындап отырған аса күрделі мәселені «алашорданың» көсемімен бірігіп талқылау өте өрескелдікболып табылады. Бұл - большевиктер партиясыынң ішіне жат идеологияның кіріп кетуіне және қатардағы мүшелердің улануына жол ашады, сондай-ақ, Жер жөніндегі халық комиссариаты сияқты аса жауапты мекеме түгелдей не жарым-жартылай болса да өте реакцияшыл «Алашорданың» идеологиясынының ықпалында қалмасына кім кепілдік береді, бұл біздің жұмысысызды қиындатады.
Менің ойымша, бұл мәселені Бөкейхановпен және онйң тобымен емес, керісінше партияның басшы органдарымен ақылдаса отырып шешуі керек еді және солай ету қажет.
23/ІХ-27 жыл. М.Төлепов.
Енді түсінікті болды. Жер туралы мәселені қозғаған ақылдасуларды Голощекиннің назарына салып, оны ауызын көбікке толтыра сөйлеуіне жол берген өз қандасымыз болды. іс осыдан барып насырға шапқан. Ал бұл арызды Голощекин ОГПУ-ға жолдаған. Одан арғы жағы белгілі. Соншама несі күйіп кетті екен? осыдан кейін Сұлтанбеков орнынан алынған.
ІІІ том. 173-бет. Блокнот.
Дело № 124.т.3.
Байділдиннің тергеуі. Жалғасы. Басы дәптерде.
Бірде ол (сәдуақасов-Т.Ж.) менің бөлмеме келді. Бұл құрылтай өткеннен кейінгі 11-12 тәуліктің бірі болатын. Ол әңгімені сондай салмақты зілмен бастады. Ол: отаршылдар мені қудалауын тоқтатқан жоқ, керісінше, мені партиядан шығарып тастатуы да мүмкін - деді. Сондықтанда – деді ол, - бір батыл қадам жасағым келеді, бірақ не істерімді өзім де білмеймін. Әуезов маған Ташкентке ауыс, содан әрі басмашыларға қосыласың – деп ұсыныс жасапты. Әуезовтің бұл ұсынысын қабылдауға қарсы еместігін, бірақта ол туралы менің пікірімді білгісі келетінін айтты.(209-бет.)
Мен Смағұлға не айтарымды білмедім. Оның жағдайының сондай қиын екенін және көңілінің қобалжып жүргенін білетінмін. Алайда менің оның дәл осындай ойда жүргенін жәнебамашыларға қосылып кетуге келісім бергенінен мүлде хабарсыз едім әрі ондай арандатуға көне қояды деп ойламағанмын. Маған дәл осындай келеңсіз кеңес берген – обком партияның мүшесі және КЦИК-тің саяси секретары Әуезовтің пікірі түсініксіз,оғаш көрінді. Мен біздің мақсатымызды (ұлт мәселесі жөнінде жүргізіп отырған партияның бағдарламасын) басмашылардың мүддесімен сәйкестендіре алмадым. Мен өзімше, осындай кеңес берген Әуезов әлдебір шірік мақсатты көздеді ме деп ойладым. Сонымен қатар, осы пиғылы арқылы ол Сәдуақусовты құртып, біздің арамыздағы көсем өзі болғысы келдіме екен деп топшылаймын. Себебі: ол кезде біздің мақсатымыз ортақ ьолса да, әрқайсымыздың жершілдік, рулық тұрғыдан алғанда да жекелеген ішкі мүддеміз бар ед: Әуезов – семейлік еді, ал біз - Сәдуақасов екеуміз- ақмолалық едік. Соңғы мәселе - Әуезовтың көкейін тескен шешуші мәселе сияқты боп көрінді маған.
Бұл ойымның барлығын Сәдуақасовқа ашық айттым және Әуезовтың ұсынысын қабылдауға түбегейлі қарсы болдым. Мен оған демалыс алып
ІІІ том. 174-бет. Блокнот.
Мәскеуге бар, одан ауылға барып тынық, жақсылап тұрып демалған соң жұмысыңа қайтіп ораларсың- деп кеңес бердім. Содан кейін тағы да: мүмкін сенқайтып келгенше басшы адамдардың саған деген көзқарасы өзгерер, сөйтіп бұрынғы жұмысыңды істей бересің-дегенді айттым. Бұған қоса мен: соңғы кезде сенің беделің өте қатты өсіп келеді, жаңа ғана өткен құрылтайда сен өзіңнің жаңа жақтастарыңды таптың, сондықтанда өз болашағың үшін мазасызданудың қажеті жоқ- деп оны жұбаттым...
...Келесі күні ол демалыс алды да Мәскеуге жүріп кетті... (210 б.)
Бұл оқиғадан кейін мен Әуезовке күдікпен қарайтын болдым. Ол менің көз алдымда екіжүзді боп елестеді: бірінші Әуезов- партия мүшесі, жауапты қызметкер, ақылды кісі, біздің көзқарасымыздың көсемдерінің бірі, ал екінші Әуезов-бірінші адамның қасиетіне ие, бірақта, әлдебір астарлы оймен жүрген сияқты көрінді. Соңғы күдігімді мына жағдай, “Еңбекші қазақ” газетінің №1 санын шығарған кездегі оның іс-әрекеті дәлелдей түсті.
“Еңбекші қазақ” газетінің №1 санында Қазақ Төңкерісінің 4 жылдығына арналған менің бас мақалам жарияланды. Ол мақаланы мен 10 күн бойы жаздым.(Ол манің өмірімдегі жазған 1 мақалам еді), онда мен өзімнің сол кездегі көңіл-күйімді жеткіздім. Онда Ұлы Қазан Төңкерісінің Ұлы маңызы, оның жеңістері, Қазақстан республикасының табыстары, Қазан Төңкерісінің төлі боп келетін Қазақстан Республикасы, оған қарсы күрескен алаш-ордашылардың ақымықтығы тағы да басқа жайлар туралы жазып едім. Мақаламның соңын: “Жасасын Ұлы Қазан Төңкерісі! Жасасын кеңес өкіметі! ҚССР жасасын!”- деген сөздермен аяқтағанедім.
Менің бұл мақалам сол кезде Орынборда тұратын алаш-ордашылардың ренішін туғызды. Олар менен дәл осындай мақаланы күтпеген тәрізді. Ол аздай, менің бұл мақалам өзімнің коммунист жолдасым, жаупты қызметкер Әуезовтің де наразылығын тудырды. Газет шыққан күні ол мені шақырып алды да жеріме жете ұрысты. Ол менен түсінік-
ІІІ том.175-бет. Блокнот.
Ол менен: неге газеттің жауапты редакторына №1 санның материалдарын көрсетпедің, неге келіспедің, өзіңнің мақалаңды алдын-ала маған неге оқытпадың, бұл мақалада сен неге Қазан Төңкерісін жөн-жосықсыз даурыға “жасасындатқансың”, “Алаш орданы” жамандап нең бар еді,- деп ұрысты да түсініктеме беруімді талап етті. Ол бұған қоса: бұл мақалада айтылғандардың бәрі де құр көкмылжың қызыл сөз. Егерде “Алаш -орданың” атына қатысты тағы да осындай пікір білдіретін болсаң, онда сені редакция алқасының мүшелігінен шығаруды талап етемін, не өзім кетемін, мұндай газетте жұмыс істей алмаймын,- деді.
Менің мақалам туралы Әуезовтен дәл осындай көзқарасты күткен жоқ едім. Керісінше, мені қолдайтын шығар, сөйтіп менің көңіліме қанат бітірер, өйткені бұл менің тұңғыш мақалам еді ғой, әрі анандай маңызды тақырыпқа арналып отыр-деп ойламағанмын. Алайда ол күткенім болмады, жоғарыда айтқанымдай, керісінше боп шықты. Сондықтанда мен шыдай алмадым да Әуезовпен ұрысып қалдым. Мені шамдандырғаны менің мақаламды жақтырмағаны емес, Қазан Төңкерісінің маңызы туралы жазғандарымды мазақтауы еді және оның ескі «Алаш ордашыл» көзқарасынан бас тарпағандығы, әрі «Алашорданың» көсемдерімен байланысын үзбегендігі жыныма тиді. Ол орнынан тұрды да өзін оңаша қалдыруды өтінді. Мен шығып кеттім. (3 том. 211-бет.)
Мен бұл оқиғы туралы: редакция алқасының мүшелері: А.Асылбековке, алдоңғаровқа, Нұрмұхамедовке, сол кездегі обкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісінің орынбасарына (аты-жөнін ұмыттым, ұлты ларыш болатын), айттым. Соңғы аталған адам бізді обкомға шақырып алды да, әңгімелескен соң, екеуіміздің де кінәлі екенімізді айтты. Маған: газет материалын Әуезовпен келіспегенім үшін айыптысың - деді. Бұл мәселе бізді бірден татуластырып кете қоймады. Біраз уақытқа дейін бір бірімізге қырын қарап жүрдік. Меноның келісімінсіз-ақ №2 санды шығардым. Содан кейін біздің қарым- қатынасымыз қалпына келе бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |