АЛАШ ЖЫЛНАМАСЫ
1905 жыл, 26 маусым - Қоянды жәрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің министрлер кабинетіне сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік т.б. мәселелерді көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған петиция (құзырхат) жолданды.
1905 жыл, 15 тамыз - Нижний Новгород қаласында Бүкілресейлік мұсылмандардың I сиезі өтті.
1905 жыл, 17 қазан - Ресей патша үкіметі баспасөз бостандығына, мектепте ана тілде оқу еркіндігіне т.б. рұқсат берген манифест жариялады.
1905 жыл, 6-13 қараша – Мәскеуде жергілікті жер және қала қайраткерлерінің сиезі өтіп, мұнда Ә.Бөкейхан сөз сөйледі. Ресми үкімет «А.Байтұрсынұлының 46 мысалын бастыруға рұқсат бермей жатқанын» жеткізді.
1905 жыл, 19 қараша - I автономшылар сиезінде Мұхаметжан Тынышбаевтың «Киргизы и освободительное движение» атты баяндамасы оқылды.
1905 жыл, 25-27 қараша - «Семипалатинский листок» газетінде Ә.Бөкейханның «Абай (Ибрагим) Кунанбаев. Некролог» атты еңбегі жарияланды.
1905 жыл, желтоқсан - Орал каласында Қазақ облыстары өкілдерінің сиезі өтті. «Қазақ конституциялык-демократиялық партиясын» кұру туралы шешім алынды.
Сиезге Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Бердиев, М.Бақытгереев, И.Тоқбердиев, Н.Ипмағамбетов, М.Мұқанов, М.Рахымберлиев, Ізбасаров, Ү.Дүйсембин т.б. қатынасты. Мұнда «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының» бағдарламасы қабылданды.
1906 жыл, 15-23 қаңтар - Санкт-Петербург қаласында Бүкілресейлік мүсылмандардың II сиезі өтті. Сиезге С.Жантөрин, У.Танашев, М.Оразаев, Ш.Қосшығұлұлы т.б. қазақтар қатынасты.
1906 жыл, 27 сәуір-10 шілде - Ресей Мемлекеттік I Думасы жұмыс істеді. Оған қазақтан Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, С.Жантөрин, А.Қалменов, Д.Тұндыт, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Құлманов, М.Тайын мүше болды.
1906 жыл, маусым - Семейде қазақ сайлаушыларының сиезі өтті. Сиезде Ә.Бөкейхан, Ш.Құдайбердіұлы т.б. сөз сөйледі.
1906 жыл, 16 тамыз - Нижний Новгородта Ресей Мұсылмандарының III сиезі өтті. Сиезге С.Жантөрин, Ш.Қосшығұлұлы, Ж.Алдоңғаров т.б. қазақтар қатысты.
1906 жыл - Қазан қаласында Ресей мұсылмандары мұғалімдерінің сиезі өтті.
1906 жыл - «Русский Туркестан» журналында М.Тынышбаевтың «Киргизы и освободительное движение» атты мақаласы жарияланды.
1907 жыл, 20 ақпан-3 маусым-Ресей Мемлекеттік II Думасы жұмыс істеді. Оған қазақтан М.Тынышбаев, Т.Алдабергенов, Ш.Қосшығұлүлы, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, А.Бірімжанов, Т.Нүрекенов мүше болды.
1907 жыл, 31 наурыз - Санкт-Петербургте Оқу министрлігінде ұлт мектептерінің жайын қараған кеңес өтті. Оған қазақтан Ғ.Балғымбайұлы мен О.Әлжанов қатынасты.
1907 жыл, 3 маусым - Ресей патша үкіметі баспасөз бостандығына, мектепте ана тілде оқу еркіндігіне т.б. шектеу қою туралы Заң шығарды.
1907 жыл - II Мемлекеттік Дума таратылғанда, Ш.Қосшығұлұлы Ә.Бөкейханның ұсынысымен Ресейдегі түрік-мұсылмандарының, соның ішінде қазақтың нақты жағдайын баяндау үшін Түркияға барып кайтты.
1907 жыл - Қазанда М.Көпейұлының «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз», «Сары Арқаның кімдікі екені» атты 3 кітабы бірдей жарық көрді.
1907 жыл, 18 желтоқсан - Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісі Ә.Бөкейханды «Выборг үндеуіне» кол қойғаны үшін 1908 жылдың 21 қаңтарынан 3 ай мерзімге Семей түрмесіне камауға шешім шығарды.
1908 жыл - Париждың «Lа Revue du Monde Musulman» журналы ұлт, дін және әлемдік келісім мен татулыққа еңбек сіңіргені үшін Исмаил Гаспринскийді Нобель сыйлығына ұсынды.
1909 жыл - Ахмет Байтұрсынұлы «Қарқаралыда өкіметке қарсы әрекеттер жасады» деген айыппен тұтқындалып, 2 жылға жер аударылды.
1909 жыл - Шәкәрім мен Кәкітай Ә.Бөкейханға хат жазып, «Қарауыл мұжыққа кетіп барады. 15 десятинадан жер алайық па?» деп сұраған. Әлихан: «Бұл жолсыз қоқан-лоққы. Құнанбай баласы Тобықтыға мұрындық болды деген атқа қаларсың. Не болса да жұртпен көр» деп ақыл қосқан.
1909 жыл - Петерборда Абайдың өлең кітабы басылып шықты.
1909 жыл - Петерборда А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы жарық көрді.
1909 жыл - Уфаның «Шарқ» баспасынан М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабы жарық көрді.
1910 жыл, 9 наурыз - А.Байтұрсынұлы Орынборға келді. Ағартушы өмірінің жаңа кезеңі басталды.
1910 жыл, 30 қыркүйек - сұлтан Б.Қаратаев Ә.Бөкейханға Қазақстандағы жер мәселесін шешу жолдары туралы хат жолдады.
1910 жыл, 21 қазан - Ұзынағашта Жетісу қазақтарының жер мәселесіне байланысты кеңесі өтті. Оны Б.Сыртанов ұйымдастырды.
1910 жыл - Қазанның Кәрімовтер баспасынан қазақтың тұңғыш романы М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» жарық көрді.
1910 жыл - Орынбордың «Вақт» газетінің баспаханасынан Ғ.Қараштың «Ойға келген пікірлерім» атты пәлсапалық-танымдық кітабы жарық көрді. Мұнда мұсылман әлемін оятуға себепші болған М.Абдуһу мен Ж.Ауғани пайымдары зерделенеді.
1911 жыл - Қазақтың тұңғыш журналы - «Айқап» шыға бастады. Бас редакторы - М.Сералин.
1911 жыл - Уфадағы «Ағайынды Кәрімовтер мен Хұсайыновтар баспаханасынан» Ғ.Қараштың «Өрнек» атты пәлсапалық-танымдық кітабы жарық көрді. Мұны «Ғалия» медресесінің шәкірттері бастыртты. Аталған еңбекте де мұсылман әлемін оятуға себепші болған М.Абдуһу мен Ж.Ауғани ойлары біршама сараланған.
1911 жыл - М.Дулатов «Оян, қазақ!» кітабында өкіметке қарсы халықты көтерді» деген айыппен Семейде абақтыға жабылып, 103-129 статьялар бойынша 19 ай қапаста жатты.
1911 жыл - Орынборда Шәкәрім қажының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» атты екі бірдей кітабы жарық көрді.
1911 жыл - Уфада «Ғалия» медресесінің шәкірттері И.Арабаев пен Х.Сәрсекеұлының қазақ-қырғыз балаларына арналған жәдитше әліппесі жарық көрді.
1912 жыл - Орынборда А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Усул сотие жолымен тәртіп етілген қазақша алифба» еңбегі жарық көрді.
1912 жыл - Қазанда М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жинағы басылып шықты.
1913 жыл, 2 ақпан - Орынбордағы Кәрімов-Хұсаинов баспаханасынан «Қазақ» газетінің 1-саны шықты. Бас редакторы - А.Байтұрсынұлы.
1913 жыл, 23 мамыр - «Қазақ» газетінде Х.Досмұхамедұлының «Алаш» не сөз?» атты мақаласы жарияланды.
1913 жыл - «Айқап» журналында Ж.Сейдалиннің «Азып-тозып кетпеске не амал бар?» атты мақаласы жарияланды.
1913 жыл, 18 маусым - «Айқап»журналында Ә.Бөкейханның Ж.Сейдалиннің хатына жауап ретінде «Ашық хат» деген мақаласы жарияланды
1914 жыл, 18 сәуір - Омбыда қазақ жастарының бейресми «Бірлік» ұйымы құрылды.
1914 жыл - Петербордың «Речь» газетінде Ә.Бөкейханның қазақ халқын орыстандыру мен шоқындыруға қарсы мақаласы жарық көрді.
1914 жыл, қыркүйек - түркі жұртының даңқты қайраткері И.Гаспринский (1851-1914) қайтыс болды. Қазақ басылымдарында мұнақып берілді.
1914 жыл - Орынборда А.Байтұрсынұлының «Тіл-кұрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-жылдық» атты оқулығы жарық көрді.
1914 жыл, 6-10 желтоқсан - Петерборда Мұсылмандар сиезі өтіп, «ортақ тіл» мәселесі талқыланғанда биік мінбеден Қазақ тілінің түрік тілдері ішінде айрықша орны бар екені айтылды.
1915 жыл - М.Тұрғанбаевтың «Пайғамбар заманы» атты кітабы жарық көрді.
1915 жыл - Н.Күзембайұлының «Құран құралы» атты еңбегі жарияланды.
1915 жыл - М.Шоқай Ташкентте зиялылар мен білікті шәкірттердің басын қосқан «Кеңес» атты жасырын ұйым құрды.
1915 жыл, 4 каңтар - «Қазақ» газетінде С.Дөнентаевтың «Ұлтшылға» атты өлеңі басылды.
1915 жыл, 21 қыркүйек - даңқты ғалым, қазақ халқының кең жүректі досы, Ертіс бойындағы Тұзқаланың тумасы Григорий Потанин 80-ге толды. Ол туралы Ә.Бөкейхан 1913 жылы, М.Дулатов 1915 жылы «Қазақ» газетінде мақала жазды. Мерейтойға А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов тағылымды жыр арнады. Қазақ шәкірттері арнайы жинақ шығаруды жоспарлады.
1915 жыл, 8 желтоқсан - түркі халықтарының атынан Венага келген ресми делегация Австрия министр-президенті Шрюргк пен Сыртқы істер министрінің орынбасары граф Форгачқа негізгі мәселелердің қатарында «Қазаққа саяси- әкімшілік тәуелсіздік әперу» ұсыныс-хатын тапсырды.
1915-1918 жылдар - Уфада «Ғалия» медресесінің шәкірттері «Садақ» атты қолжазба журнал шығарды.
1916 жыл - Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы жанындағы бюроға Ә.Бөкейхан еніп, жұмыс істеді.
1916 жыл - Н.Төреқұлов жасырын бағыттағы «Еркін дала» ұйымын кұрды.
1916 жыл - Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліс басталды. 1916 жыл - Қарқара көтерілісі басталды.
1916 жыл - «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатовтың «Алаштың азаматтарына» атты үндеуі жарық көрді.
1916 жыл, 8 қазан - «Қазақ» газетінде М.Дулатовтың «Алашқа» атты өлеңі жарияланды.
1916 жыл, 26 қараша - «Алаш» газеті шыға бастады. 1916 жыл - Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедұлы, Ж.Сейдалин Петроградқа арнайы барып, IV Мемлекеттік Дума алдында қазақтарды окоп жұмысына алу жөніндегі жарлықты тоқтатуды сұрады.
1916-1918 жылдар - Омбыда «Бірлік» ұйымы жастарының «Балапан» атты қолжазба журналы шығып тұрды. Редакторы - Қ.Кемеңгеров.
1916 жыл, 23 желтоқсан - 1917 жыл, 12 каңтар - Ә.Бөкейхан бастаған қазақ қайраткерлері Күнбатыс майданының Земскі комитетінің рұқсатымен Земгордың дружиналарында әскери қызметтегі жерлестерімен (саны 12 мыңнан асады) кездесіп, жағдайларын білді.
1917 жыл - Б.Күлеевтің «Шын сүйіскендер», М.Дулатовтың «Тікбақайлар», «Қызыл қашар» пьесалары сахналанды.
1917 жыл - Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы жанындағы бюроға М.Шоқай еніп, жұмыс істеді.
1917 жыл, наурыз - Оралда, Семейде, Омбыда, Алматыда, Торғайда Қазақ комитеттері құрылды.
1917 жыл, 9 наурыз - «Алаш» газетінде Н.Күзембайұлының «Ұраным - Алаш!» атты өлеңі жарияланды.
1917 жыл, 15 наурыз - Минскіден Ә.Бөкейхан бастаған 15 қайраткер Алаштың 25 белгілі елді мекеніндегі нақты азаматтарға хат жолдады. Мұнда: «Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек» деп жазылған.
1917 жыл, 17 наурыз - «Қазақ» газетінде А.Мәметұлының «Алашқа сәлем» атты өлеңі басылды.
1917 жыл, 2-8 сәуір - Орынбор қаласында Торғай облыстық қазақ сиезі өтті. Сиез жалпықазақ сиезін шақыру жөнінде бюроның құрамын бекітті. Оған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов т.б. мүше болып енді. Сиез төрағалығына А.Байтұрсынұлы сайланды.
1917 жыл, 12 сәуір - «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның, М.Шоқайдың, М.Дулатовтың дентиннің «Алаш ұлына» атты үндеу-мақаласы жарық көрді.
1917 жыл, 12 сәуір - «Қазақ» газетінде С.Дөнентаевтың «Азаттық күні» өлеңі жарияланды.
1917 жыл, 12-14 сәуір - Алматы каласында Жетісу облыстық қазақ сиезі өтті. Сиез төрағалығына Ы.Жайнақов сайланды.
1917 жыл, сәуір - Түркістан комитеті құрылды.
1917 жыл, сәуір - Ә.Бөкейхан Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары болды.
1917 жыл, 16 сәуір - Ташкент каласында Түркістан мұсылмандарының I құрылтайы өтті.
1917 жыл, 21 сәуір- «Алаш» газетінде елді бірлікке, белсенділікке шақырған «Алаш балалары» атты мақала жарияланды.
1917 жыл, 19-22 сәуір - Орал қаласы Орал облыстық қазақ сиезі болды.
1917 жыл, 20-25 сәуір - Бөкей Ордасы облыстық қазақ сиезі өтті. Сиез төрағалығына У.Танашев сайланды.
1917 жыл, 25 сәуір - 7 мамыр - Омбы қаласында Ақмола облыстык қазақ сиезі өтті. Сиез төрағалығына А.Тұрлыбаев сайланды.
1917 жыл, 27 сәуір - 7 мамыр - Семей облыстык Қазақ сиезі болды. Сиез төрағалығына Ж.Ақпаев сайланды.
1917 жыл, 1-11 мамыр-Мәскеу каласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезі өтті. Сиезде құрылған мұсылман Кеңесінің атқару комитетіне Ж.Досмұхамедұлы, У.Танашев, Ж. Ақпаев, К.Тоғысов сайланды. Сиез шешімімен Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі, «Шура-и ислам» құрылды..
1917 жыл, 2 маусым - Верный каласында Жетісу облыстық қазақ сиезі өтті.
1917 жыл, маусым - Ойыл каласында Орал облыстык II Қазақ сиезі өтті.
1917 жыл, маусым - «Сарыарқа» газеті шыға бастады. Шығарушылары - Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков.
1917 жыл, 24 маусым - «Бірлік туы» газеті шыға бастады. Шығарушысы - М.Шоқай.
1917 жыл, 21-26 шілде - Орынбор қаласында Бірінші жалпықазақ сиезі өтті. Сиезде мемлекеттік кұрылыс, Қазақ автономиясы, жер, оқу, дін, қазақ саяси партиясы, әйел, құрылтай жиналысына, мұсылмандар кеңесіне депутаттар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелері көтерілді.
1917 жыл, 2-5 тамыз - Ташкент-Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының сиезі өтті. Сиез төрағалығына М.Тынышбаев сайланды.
1917 жыл, тамыз - Верный каласында Жетісу облыстық II қазақ-қырғыз сиезі өтті.
1917 жыл, 21 тамыз - «Қазақ» газетінде М.Дулатовтың «Қайда едің?» атты терең пәлсапалы, елшіл өлеңі жарияланды.
1917 жыл, 20-25 тамыз - Ақтөбе қаласында Торғай облысы қазақтарының II сиезі өтті. Сиез төрағалығына М.Есполов сайланды.
1917 жыл, қыркүйек - Ақмола облысы қазақтарының II сиезі өтті.
1917 жыл, 8-11 қыркүйек-Ташкент қаласында Түркістан мұсылмандарының II құрылтайы өтті.
1917 жыл, 10 қыркүйек - Бөкей Ордасы облыстық II қазақ сиезі болды.
1917 жыл, 12 қыркүйек - Семей облыстық II қазақ сиезі болды.
1917 жыл, 17-20 қыркүйек - Ташкент қаласында Түркістан мұсылмандарының III құрылтайы өтті.
1917 жыл, 18 кыркүйек - Түркістан каласында Орал облысы молдаларының сиезі өтті.
1917 жыл, 8-11 казан - Түркістан қаласында Сырдария облыстық қазақ сиезі өтті.
1917 жыл, 8-15 казан - Том каласында Сібір автономиясын құру туралы жалпысібір сиезі өтті.
1917 жыл, 31 казан - Омбы қаласында ұлттық Алаш партиясын құруға арналған Құрылтай өтті.
1917 жыл, қазан - Семей жүртшылығы қайраткер Ә.Бөкейханды құрметпен қарсы алды.
1917 жыл - «Сарыарқа» газетіне «Алаш» партиясына мүшелікке кірмек болған азаматтарға қойылатын талаптар мен партияның бағдарламасына енгізілетін мәселелер турасындағы «Алаш партиясы» мақаласы жарияланды.
1917 жыл, 14 қараша - «Қазақ» газетінде «Алаш партиясы» атты мақала жарияланды.
1917 жыл, 21 қараша-«Қазақ» газетінде «Алаш партиясының проғрамының жобасы» жарық көрді.
1917 жыл, 21 қараша - «Сарыарқа» газетінде С.Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі жарияланды.
1917 жыл, 22-27 қараша - Торғай облыстық Кеңесінің сиезі өтті.
1917 жыл, 25 қараша - Петроградта Ресей боданындағы сансыз ұлттың тағдырын шиеленістірген, Азамат соғысына себепші төңкеріс болды.
1917 жыл, 26 қараша - «Қазақ» газетінде ұлт әскерін қалыптастыру туралы «Ел қорғау» атты мақала жарияланды.
1917 жыл, 26-28 қараша - Түркістан мұсылмандарының IV өлкелік төтенше құрылтайы. Құрылтайда «Түркістан автономиясы» жарияланды. Оның төрағасы болып М.Тынышбаев сайланды.
1917 жыл, 27 қараша - Қоқанда Түркістан автономиясы (мұхтарият) жарияланды.
1917 жыл, 5-13 желтоқсан - Екінші жалпықазақ сиезі болды. Сиезде Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы жарияланды. Алашорданың төрағасы болып баламалы негізде Ә.Бөкейхан сайланды.
1917 жыл, 23 желтоқсан - «Қазақ» газетінде «Жалпы қазақ съезінің қаулысы» атты Алаш Орда үкіметін жариялаған жиынның құжаты шықты.
1917 жыл, 23 желтоқсан - «Қазақ» газетінде «Түркістан автономиясы» атты мақала жарияланды.
1917 жыл - «Сарыарқа» газетінде С.Торайғыровтың «Ғалиханның Семейге келуі» атты мақаласы жарияланды.
1917 жыл, 23 желтоқсан - «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласы жарияланды.
1917 жыл, 26 желтоқсан - «Сарыарқа» газетінде Алашқа қарсы адамдар туралы «Қазақтан шыққан арамзалар» атты макала басылды.
1917 жыл, 31 желтоқсан - «Қазақ» газетінде «Алаш бірлігі» атты мақала жарияланды.
1917 жыл - «Қазақ» газетінде жалпы қазақ сиезі бекіткен Алаш автономиясының таяудағы міндеттері туралы «Тығыз жұмыстар» атты мақала жарияланды.
1917 жыл, желтоқсан - 1918 жыл, ақпан - Алаш қайраткерлері туралы халыққа кең мағлұмат берген С.Торайғыровтың «Таныстыру» дастаны жазылды.
1918 жыл, 6-9 қаңтар - Түркістан қаласында Сырдария облысы қазақтарының сиезі өтті. Сиезге Алашорда атынан Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбаев қатысты.
1918 жыл, қаңтар - Алматы қаласында Жетісу облыстық қазақ сиезі өтті.
1918 жыл, қаңтар - «Абай» журналында Ж.Аймауытұлының «Алаш ұлдарына арналған ұран» атты өлеңі жарияланды.
1918 жыл, 15 қаңтар - «Қазақ» газетінде Алаштың елдік рәмізін сипаттаган «Орда гербі (таңбасы)» атты мақала басылды.
1918 жыл, 22 қаңтар - «Сарыарқа» газетінде Ж.Аймауытұлының «Алашқа» атты өлеңі жарияланды.
1918 жыл - «Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханның «Саяси хал» атты мақаласы жарияланды.
1918 жыл, 22 қаңтар - «Сарыарқа» газетінде Ә.Ермековтің «Жасасын, Алаш, жасасын!» атты мақаласы басылды.
1918 жыл 22 қаңтар - алғаш «Ұран» газетінде, «Сарыарқа» газетінде Ғ.Қараштың «Алаш азаматы» атты өлеңі жарияланды.
1918 жыл, 22 қаңтар - «Сарыарқа» газетінде Х.Ғаббасовтың «Алаш автономиясы» атты мақаласы жарияланды.
1918 жыл, ақпан - Қаратөбе қаласында Орал облыстық VI қазақ сиезі өтті.
1918 жыл, наурыз - Х.Досмұхамедұлы және Ж.Досмұхамедұлы Мәскеуге барып, Алашорда атынан В.Ленинмен, И.Сталинмен кездесіп, II жалпықазақ сиезінің қаулысын табыс етті.
1918 жыл, 6 наурыз - Алаш қаласында (Семей) ұлт әскерінің басшысы Қ.Нұрмұхамедов большевиктер қолынан қаза тапты. Оны ел «тұңғыш құрбан» деп атап кетті.
1918 жыл, 15 наурыз - «Бірлік туы» газетінде большевиктердің Түркістан автономиясын талқандағанын айна-қатесіз сипаттаған Х.Болғанбаевтың «Тұла бойлары қан сасиды» атты мақала-естелігі жарық көрді.
1918 жыл, 19 наурыз - Совет үкіметінің мүшесі, ұлт жұмыстарын басқарушы комиссар Сталин Мәскеуден Семейдегі Алаш Ордасының бастығы Ә.Бөкейхан мен Х.Ғаббасовты телеграфқа шақырды. Онда Сталин: «...қазақ-қырғыз өкілдері жергілікті советтермен бірігіп, ұлт ниеттерін жарыққа шығаруға сиез шакыратын комиссия құру керек» - деп, алашордашылардан осы мәселеге байланысты жауап қайтаруын өтінді.
1918 жыл, 21 наурыз - Алашордашылар кеңес үкіметін Россиядағы барлық автономиялы халықтардың кіндік үкіметі деуге қаулы қылды.
1918 жыл - «Сарыарқа» газетінде Сырдария сиезінде қаралған мәселелер туралы «Алаш һәм Түркістан» атты мақала жарияланды.
1918 жыл, 3 сәуір - Алашорда үкіметі атынан Алаш автономиясын жариялау жөнінде РКФСР министрлер кеңесіне жеделхат жіберілді.
1918 жыл, 3 сәуір - "Үш жүз" партиясы барлық жұмысшы табының мүдделерін қорғайтын үндеу тастады.
1918 жыл, 5-13 сәуір - Омбы қаласында қазақ жастарының тұңғыш сиезі өтті. Мұнда барлық жастар ұйымы «Жас Азамат» ұйымына топтасты.
1918 жыл, 5 мамыр - Омбы қаласында Алаш жастарының I сиезі өтті.
1918 жыл - Большевиктер қолынан Оралда - сардар Н.Сарбөпин, Мақаншыда - қайраткер О.Әлжанов опат болды.
1918 жыл, 10-13 мамыр - Алаш қаласы Семей облыстык III Қазақ сиезі өтті.
1918 жыл, 18-21 мамыр - Жымпиты каласында Орал облыстық IV Қазақ сиезі өтті. Сиез төрағасы болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Сиезде «Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі» құрылды.
1918 жыл, 25 мамыр - Жетісу облыстық IV қазақ сиезі болды.
1918 жыл, 11-12 маусым - Алашорданың кеңес үкіметі декреттерінің күшін жою, уақытша жер пайдалану, әскери кеңес құру, облыстар мен сиездерде Алашорда үкіметінің кеңестерін құру туралы қаулылары шықты.
1918 жыл, 30 маусым - «Қазақ» газетінде қаламгер Ж.Жәнібекұлының «Аттан, Алаш азаматы!» атты мақаласы жарық көрді.
1918 жыл, 3 шілде - «Сарыарқа» газетінде Б.Майлиннің «Алашордаға» өлеңі жарияланды.
1918 жыл - «Қазақ» газетінде Н.Наушабаевтың «Алашордаға» өлеңі жарияланды.
1918 жыл - «Абай» журналында М.Дулатовтың «Алашқа» атты мақаласы жарияланды.
1918 жыл - «Абай» журналында Ж.Аймауытұлының «Ұлтты сүю» атты мақаласы жарияланды.
1918 жыл, 15 шілде - Омбыда Сібір Уақытша үкіметінің министрлер кеңесі Ә.Ермековтің «Қазақ және Сібір қарым-қатынасы туралы» жобасын тыңдады.
1918 жыл, 30 шілде — Омбыдағы Алаш партиясының бас кеңесі Алашорда үкіметін қолдауға шақырған «Алаш азаматтарына» үндеуін жариялады.
1918 жыл, 30 шілде - «Қазақ» газетінде большевиктерге қарсы күресуге шақырған «Аттан, Алаш азаматы» атты үндеу жарияланды.
1918 жыл, 30 шілде - Петропавл каласында Алаш жастарының тұңғыш газеті - «Жас Азамат» басылымының 1-саны жарық көрді.
1918 жыл, 30 шілде - «Жас Азамат» газетінің 1-санында большевизмнің имансыздығын меңзеген Қ.Кемеңгеровтің «Бұлінгеннен бұлдіргі алма!» атты мақаласы жарияланды.
1918 жыл, 29-30 шілде, 2-3 тамыз - Алашорда үкіметі Сібірдің Уақытша үкіметімен келісім жасады.
1918 жыл, 18 тамыз - «Жас Азамат» газетінде М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі жарияланды.
1918 жыл, 10-31 тамыз - Лепсі қаласында Жетісу облыстық V қазақ сиезі өтті.
1918 жыл - Түркістан тұлғасы, өзбек қайраткері А.Фитраттың «Әмір-Темір сағанасы» атты пъесасы жарық көрді. Мұнда жалпы түркі халқының ауыр тағдыры сипаттала келе «Тұранның ... қазағы аштан өлді» делінеді.
1918 жыл, ақпан-қазан - Семейде «Абай» журналы шығып тұрды. Ұйымдастырғандар - Ж.Аймауытов пен М.Әуезов.
1918 жыл, 10 қыркүйек - «Қазақ» газетінде «Үш жүз» партиясының серкесі К.Тоғысовтың Алаш Ордаға хаты және осы хатқа берілген жауап басылған.
1918 жыл, 11 қыркүйек - Батыс Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағалығына Ж.Досмұхамедұлы сайланды.
1918 жыл, 16 қыркүйек - «Қазақ» газетінде М.Дулатовтың «Алаш Орда» атты мақаласы жарияланды.
1918 жыл, 8-23 қыркүйек - Уфа мемлекеттік мәжілісі өтті. Оған Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбаев, А.Байтұрсынұлы т.б. қатысты.
1918 жыл, қазан - Түркістан каласында Сырдария облыстық қазақ сиезі өтті.
1918 жыл, 14-17 қазан - Қостанай қазақтарының төтенше сиезі.
1918 жыл - Алаш қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Р.Мәрсеков Қытайдың Шәуешек қаласына барды.
1918-1923 жылдар - Орталық Азияда түркі халықтарын большевизмнен азат ету қозғалысы (басмашы) жүрді.
1919 жыл - Омбыда шығатын «Трудовая Сибирь» журналында С.Садуақасұлының қазақ әдебиетіне кең талдау жасаған «Киргизская литература» атты очеркі жарияланды.
1919 жыл - М.Шоқай эмиграцияға кетер алдында Тифлиске аялдағанда, «Вольный горец», «Борьба» газеттерінде жұмыс істеді.
1919 жыл, 14-20 шілде - Ойыл қаласы Орал облыстық VI қазақ сиезі өтті.
1919 жыл, 3 тамыз - «Жизнь национальностей» газетінде А.Байтұрсынұлының «Революция и киргизы (казахи)» атты мақаласы жарияланды.
1920 жыл - Орынборда Қазақ халыққа білім беру институты ашылды. Директоры-М.Мырзаұлы. А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, М.Дулатов, Т. Шонанов осында дәріс оқыды.
1920 жыл - Қазақстан баспасы ашылып, мұнда қазақ кітаптарын сараптайтын алқа құрылды. Оның құрамына А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытұлы, С.Садуақасұлы, Х.Болғанбаев кірді.
1920 жыл,18 наурыз - Жетісу қазақтарының сиезі өтті. Сиезді М.Тынышбаев басқарды.
1920 жыл, наурыз - Ж.Досмұхамедұлы В.И. Ленинге, И.В. Сталинге, Л.Д. Троцкийге «Батыс Алашорда үкіметінің кызмет-әрекеті туралы баяндама хатты» тапсырды.
1920 жыл, 25 мамыр - Т.Рысқұлов ОК мен В.И. Ленинге «Түркістан республикасының жағдайы туралы» жоба тапсырды. Мұнда саяси, қаржылық, әскери, аумақтық тәуелсіздік мәселесі айтылған еді.
1921 жыл - Орынборда С.Садуақасұлының «Жастарға - жаңа жол» атты кітабы жарық көрді. Мұнда XX ғасыр басындағы жастар ұйымдары туралы деректер бар.
1922 жыл - Х.Досмұхамедұлының жетекшілігімен «Абай. Таңдамалы өлеңдері» атты жинақ жарық көрді.
1922 жыл - Қазақ АССР-нің Қазан қаласындағы баспа істері жөніндегі өкілі, ақын Б.Күлеевтің әзірлеуімен осы қалада Абайдың, С.Торайғыровтың, М.Жұмабаевтың кітаптары жарық көрді.
1922 жыл, 8 шілде - «Еңбекші қазақ» газетінде А.Байтұрсынұлының «Қалам қайраткерлері жайынан» атты мақаласы жарияланды.
1922 жыл, тамыз - Ташкентте Түркістан зиялылары А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойын лайықты атап өтті.
1922 жыл, 19 тамыз - С.Садуақасұлы, Ә.Байділдин, Е.Алдоңғаров Қазақстан автономиялық республикасының басшылығы атына 30 қазақ азаматын білім және технология үйрену үшін Батыс Еуропаға жіберуді өтініп хат жазды.
1922 жыл - Түркістан зиялылары А.Байтұрсынұлына сыйлық-ескерткіш ретінде алтын жетон тапсырды. Оның бір жағына: «Түркістан зиялыларынан белгі. 1922 жыл, 2 ауғыст», екінші жағына: «Ақа! Күшті сенің қаламың. Халық ісі - сенің тамағың. Жаса, ұлт мектебінің жүрегі!» деп жазылыпты.
1922 жыл, қараша - желтоқсан - Орынборда білікті қазақ жастарының «Өртең» атты газеті шығып тұрды. Ол 29 желтоқсанда «ұлтшылдық әрекеті үшін» жабылды.
1922 жыл 4 желтоқсан - Түркістан автономиялық республикасы Білім комиссиясы жанынан «Талап» мәдениет көркейтушілердің қауымы ашылды. Төрағасы - Х.Досмұхамедұлы.
1922 жыл - қазақтың тұңғыш киносценарий - «Бекет батыр» жазылды. Оны Х.Досмұхамедұлы мен Ә.Диваев қарап пысықтап шықты.
1922-1927 жылдар - Мәскеуде КСРО халықтарының орталық баспасының Шығыс бөлімінде қазақ секциясы (қарапайым тілде «Күншығыс» баспасы) жұмыс істеді. Мұнда Ә.Бөкейхан, М.Жұмабаев, Н.Төреқүлов т.б қызмет атқарды.
1923 жыл, 6 қаңтар - Ташкенте «Талап» ұйымында С.Қожанов қазақ ағарту ісінің қазіргі қалпы мен болашағы туралы баяндама жасады.
1923 жыл, 26 қаңтар - Ташкентте Қазақ институтында «Талап» ұйымының кезекті жиыны өтіп, М.Тынышбайұлы «Түрік-моңғол тарихы туралы» атты дәріс оқыды.
1923 жыл, 29 қаңтар - Қазан қаласында ақын Б.Күлеев трагедиялық жағдайда қайтыс болды. Мағжан оны «таспиықтан үзіліп түскен тас» деп бағалады.
1923 жыл, ақпан - Мәскеудегі «Күншығыс» баспасының жанынан Н.Төреқұлов редакторлық жасаған «Темірқазық» журналы шықты.
1923 жыл - Орынборда А.Байтұрсынұлының 50 жылдык мерейтойы ресми аталып өтіп, онда С.Садуақасұлы «Ақаңның алдында» атты баяндама жасады.
1923 жыл, 16 наурыз - «Талап» ұйымында М.Жұмабаев «Абай өлеңдері туралы» атты дәріс оқыды.
1923 жыл, 17 наурыз - «Талап» ұйымы Алматыда бөлімшесін ашты. Оны Х.Басымұлы басқарды.
1923 жыл, шілде - Алаш тұлғасы Ә.Бөкейхан кейін театр директоры болған Д.Әділұлына «Алашқа қызмет» мәнін талдаған атақты хатын жазды.
1923 жыл - Ташкентте М.Есполовтың «Түркістанда келімсектер орын алған аудандарда жер мәселесі» атты кітабы жарияланды.
1924 жыл - Ташкентте «Сана» атты ғылыми-танымдық журнал шықты.
1924 жыл, желтоқсан - 1925жыл, қаңтар-М.Жұмабаевтың ұйымдастыруымен Алаш қайраткерлері «Алқа» әдеби ұйымының бағдарламасын даярлап, белгілі қаламгерлер мен кайраткерлерге таратты.
1924 жыл - Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан Қ.Кемеңгеровтің «Қазақ тарихынан» зерттеуі жарық көрді.
1924-1927 жылдар - Уфада Бүкілресей және Сібір Орталық Діни басқармасы «Ислам мәжілісі» атты журнал шығарып тұрды. Осында қазақ қази болып жұмыс істеген М.Мақұл Алаштың діни-рухани өмірі туралы бірнеше макала жариялады.
1925 жыл - «Лениншіл жас» журналының №5 санында Ж.Аймауытұлының Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институты студенттерінің алдында оқыған «Мағжанның ақындығы туралы» атты дәрісі мақала ретінде жарияланды.
1925 жыл, 1 маусым - А.Байтұрсынұлы Мәскеудегі Ә.Бөкейханға хат жазды. Хатында елдегі жағдайды, шығармашылығының барысын, латын қарпіне байланысты пікірін жеткізген. Хатты НКВД тәркілеген. Мұрағатта сақталған.
1925 жыл, 23 маусым - Мәскеуден Ә.Бөкейхан А.Байтұрсынұлына хат жазды. Хатта Әміренің Париж сапарының жауапкершілігін, Абай мен Ыбырай туралы зерттеуін жазып бітіруге әлі уақыт барын, коммунистердің біржақтылығын жазады. Хатты НКВД тәркілеген. Мұрағатта сақталған.
1925 жыл - Мәскеуде Қ.Кемеңгеровтің «Бұрынғы езілген ұлттар» атты кітабы жарық көрді.
1925 жыл - Ташкентте Х.Досмұхамедұлының жетекшілігімен «Исатай- Махамбет. 1-бөлім» жинағы жарық көрді. Осының алғысөзін М.Әуезов тарихи мағлұмат беретін маңызды еңбек деп бағалады.
1925 жыл, 22 қазан - Халық ағарту комиссары (министр) С.Садуақасұлы Қызылордада ұлт театрын ұйымдастыру туралы мәжіліс өткізді. Бұл Қазақстан кеңестерінің 15-19 сәуірде өткен V сиезінде қабылданған «ұлт театрын құру» қарарына сәйкес жүзеге асты. С.Мұқанов бұл сиезді «Алашордашылардың жиыны болды» дегені мәлім.
1926 жыл, 13 қаңтар - Қазақ үлттық мемлекеттік театрының ресми ашылған күні. Түңғыш сахналық қойылым - Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақина» пьесасы.
1926 жыл, 26 ақпан-6 наурыз - Баку қаласында I бүкілодақтық түркітану сиезі өтті. Оның жұмысына Қазақстаннан А.Байтұрсынұлы бастаған ғалымдар қатысты.
1926 жыл, 29 қазан - Ташкентте Қазақ жоғары педагогика институты ашылды. Ашылу салтанатында кайраткер С.Садуақасұлы «Қазақстан үшін жоғары педагогика институттың маңызы» атты баяндама жасады.
1926 жыл - Ташкентте А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабы жарық көрді.
1926 жыл - Т.Шонановтың «Қазақ жері мәселесінің тарихы» атты әйгілі кітабы жарық көрді (Қызылорда-Ташкент).
1927 жыл - Қызылордада М.Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабы жарық көрді.
1927 жыл - Алаш қозғалысына едәуір бөлігі арналған, большевиктік көзқараста жазылған С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы жарық көрді.
1927 жыл, 20 мамыр - жазушы Ж.Аймауытұлы Шымкенттен Баян жеріндеғі діндар ақын М.Көпейұлына хат жазып, қарт қаламгерді жігерлендіреді.
1928 жыл - Мәдине медресесін, Арабстанның «Ишфха» медресесін, Каирдың «Жамие Асхари» медресесін бітіріп келіп, елде ислам тарихы мен діни құндылықтар туралы кітаптар жаза бастаған діндар ақмолалық А.Әділбайұлы тұтқындалды.
1928 жыл, ақпан-наурыз - ВКП (б) ОК «Большевик» журналының осы жылғы 1-санында С.Садуақасұлының кеңес үкіметін шошытқан «О национальностях и националах» атты мақаласы жарық көрді.
1928 жыл, 15 қазан - А.Байтұрсынұлы ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры болып жұмысқа қабылданды.
1928 жыл, 29 желтоқсан - Қызылордада М.Дулатовтың тұтқындалған күні.
1929 жыл, 14 мамыр - Қызылордада Ж.Аймауытұлының тұтқындалған күні.
1929 жыл, 29 маусым - Алматыда А.Байтұрсынұлының тұтқындалған күні. 5 шілдеде ҚазПИ басшылығы ағартушыны жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарды.
1930 жыл, 1 қазан - М.Әуезов мен Қ.Кемеңгеров Ташкентте тұтқындалды. 24 қарашада ұсталған күнінен бастап САГУ-дың аспирантурасынан шығарылғаны туралы бұйрық шықты.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |