«алаш» партиясы бағдарламасының жобасы (Нұсқалардың салыстырма кестесі) «алаш» партиясының программасының жобасы



Дата22.02.2016
өлшемі45 Kb.
#151
«АЛАШ» партиясы бағдарламасының жобасы

(Нұсқалардың салыстырма кестесі)

«АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПРОГРАММАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
I
Мемлекет қалпы
Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы – мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)

Үкімет басыңда Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.


Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.
Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һәм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.
II
Жергілікті бостандық
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзіңде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.

«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид1 қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.

«Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи2 ету жағына бастайды.
III

Негізгі хұқық
Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйелдемей адам баласы тең болу.

Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға - ер-кіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табал-дырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу.


Кісі хатын ашқанға - айып, оқығанға жаза болу.
IV

Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға* ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.

Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.


V

Билік һәм сот
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тер-геу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм су-дьяболып, кімдеболса, олардың үкімінемойынсұну. Айтылғанүкім тез орнына келу. Зоржазапы қыл-мыстар присяжный сотпен қара-лу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегібилікпенсотжүртүйғар-ған ереже жолымен атқарылу.
VI

Ел қорғау
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
VII

Салық
Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
VIII

Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасыңца болу. (Қазақ жеріңде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)

IX

Ғылым-білім үйрету
Оқу ордаларының есігі кімгеде болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу;

үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.


Х

Жер мәселесі
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алын-ған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; сыбаға өлшеу-норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскеңде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.
Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы* байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.

Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земство мүлкіне саналу.



Жоба жасаушылар:
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғалымбек Бірімжанов.
* «Астыңғы» сөзі түпнұсқада «астығы» деп қате басылды ма деген ойдамыз.



1 Жаһид - арабтың жаһд немесе жуһд сөзінен ауысып қодданылған нұсқа, «тырысады, талпынады, құлшынады» деген мағынаны білдіреді (Борисов В. М. Русско-арабский словарь. Том II. М., 1982, с. 332).



2 2/ Тарақи - арабтың тараққаи сөзінен ауысып колданылған нұсқа, «дамыту, өркеңдету» деген
мағынаны білдіреді. (Борисов В.М. Русско-арабский словарь. Том II. М., 1982, с. 163).

__________________________________________________________________



* «Жаюға» cөзі түпнұсқада анық көрінбегендіктен (сөздің соңы «-уға» деп аяқталыпты), логикалық тұрғыда осылай деп бердік.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет