Алауханов Есберген Оразұлы, 19 мамыр 1958 ж. туылған – қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық іс жүргізу саласының маманы, Қазақстан және Ресейге танымал ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор.
1987 ж. Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін, ал 1998 ж. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің экономика факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1976 ж. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Красная звезда» ауылында трактор бригадасының есепшісі болып бастаған. 1980 ж. тамыз айынан 1981 ж. ақпан
айына дейін – №30 Сарыағаш орта кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік бөлімнің шебері. 1981 ж. қазан айынан 1983 ж. қыркүйек айына дейін – Сарыағаш аудандық сотында хатшы. 1983 ж. қыркүйек айынан 1984 ж. мамыр айына дейін – № 30 Сарыағаш орта кәсіптік-техникалық училищесі комсомол комитетінің хатшысы. 1983 ж. мамыр айынан 1985 ж. тамыз айына дейін – Сарыағаш шарап зауытында шарап құю цехінің бастығы. 1985 ж. қыркүйек айынан 1986 ж. қаңтар айына дейін – Қызылорда облыстық комсомол комитетінің референті. Наурыз 1987 ж.-1988 ж. – аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші. 1989 ж. ақпан айынан 1991 ж. қаңтар айына дейін – «Сарыағаш» агрофирмасы (аудандық ауылшаруашылығы басқармасы) жанындағы заң қызметін көрсету бюросының бастығы. Қаңтар 1991 ж.-1993 ж. – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ-ның жедел өкілі.
1993 ж. қаңтар айынан – ҚР Әділет министрінің консультанты.
1993 ж. наурыз айынан – Сарыағаш аудандық сотының төрағасы.
7 желтоқсан 1996 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы.
30 мамыр 2000 ж. – Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы.
11 желтоқсан 2001 ж. – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы.
24 қыркүйек 2003 ж.-маусым 2004 ж. – Маңғыстау облысы Қаржы полициясы департаментінің бастығы.
2004 ж. мамыр айынан 2004 ж. қыркүйек айына дейін – Алматы экономикалық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.
2005-2006 жж. – ҚазГЗУ қылмыстық құқық пәндері кафедрасының профессоры.
2006 ж. қыркүйек айынан 2008 ж. қыркүйек айына дейін – ҚР ІІМ Академиясының профессоры, диссертациялық кеңестің төрағасы.
2008 ж. қыркүйек айынан 2011 ж. ақпан айына дейін – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі.
2011 ж. ақпан айынан бастап қазіргі күнге дейін – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы.
2006-2008 жж. аралығында ҚР ІІМ Академиясы жанындағы диссертациялық кеңестің (12.00.08; 12.00.09) төрағасы, ғалым хатшысы қызметтерін атқарған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінің ғалым хатшысы, сондай-ақ Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей славян университеті диссертациялық кеңесінің мүшесі.
ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Б. Қаратаев атын. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995 ж.), «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Конституциясы күні» төсбелгілерінің иегері (2003, 2005 жж.), «ҚР Мәдениет қайраткері» (2004 ж.), Қазақстан криминологтар ассоциациясының құрметті профессоры, Ресей криминологтар ассоциациясының, Санкт-Петербург криминологтар клубының мүшесі, ҚР Жоғарғы Соты ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының құрметті азаматы. 1999 ж. қыркүйек айында № 57 Сарыағаш сайлау округі бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидат болып қатысты.
«Фемида», «Әділ сот», «Қазақстанның ғылыми өмірі» журналдарының, халықаралық «Российский криминологический взгляд» және «Әділ КZ» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі. «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы.
Қоғамдық негізде Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болған. 2003 жылдың 12 ақпанында Өскемен қаласында Қазақстанның Әбіш Кекілбаев, Өмірзақ Айтбайұлы сияқты белгілі ғалым-қайраткерлері мен шетел ғалымдарының қатысумен өткен «Мемлекеттік тілдің даму барысы туралы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушысы болды.
2009 ж. Ресейдің 5 оқу орнында – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, Мәскеу мемлекеттік заң академиясында, Ресей ІІМ-нің Мәскеу университетінде, Рязан құқық және басқару академиясында және РФ Әділет министрлігінің Құқық академиясында өзінің ғылыми басылымдары – оқулықтары мен монографияларының тұсаукесерін өткізді.
Е.О. Алауханов көлемі 250 баспа табақтан асатын 300-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 25 кітап жеке авторлықпен басылған. Оның редакциясымен 56-дан астам кітап, монография, оқулықтар басылған, сондай-ақ ол ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме авторларының бірі. ҚР ҚК-не түсініктеменің (қазақ тілінде) жауапты редакторы. Көптеген ғылыми мақалалары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Е.О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясының ғылыми басылымдарында жарық көрген.
2010 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің номинациясы бойынша «ЖОО-ның Үздік оқытушысы» атанды.
2011 ж. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезеңінде Елбасына сайлаушылардың 98% дауыс берген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы №186 сайлау учаскесінің төрағасы болды.
Үйленген, 6 баласы бар.
Қызығушылықтары: кітап оқу, бильярд, футбол, адамдармен пікір алысу.
Бүгінде журналистика факультетінің vip-менеджері ретінде танылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |