Ақын-жырау Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толуына арналған ғылыми семинар және педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының профессоры
Шахман Нағымұлының «Мұрат ақын мұрасы» кітабының тұсаукесерінің
Сценарииі
10 қараша 2023 жыл
Ғылыми кеңес залы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Модератор: Идрисов Саламат Нұрмұханұлы, Басқарма төрағасы-ректор
КІРІСПЕ СӨЗ:
Қайырлы күн, құрметті ғылыми семинарға қатысушылар, ұстаздар, қонақтар мен шәкірттер
19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ақын, жырау Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Биыл атақты ақынның туғанына 180 жыл толды. Мұрат ақын 1843 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.
Ақынның 180 жылдығына орай облыс көлемінде бірқатар іс-шаралар өтті. Осы орайда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарихшы Шахман Нағымұлы «Мұрат ақын мұрасы» атты кітабын жақын арада «Арыс» баспасынан шығарған болатын. Бұл бір жағынан ақынның мұрасын насихаттау, екінші жағынан көп жылдар бойы Мұрат жырларын зерттеп жүрген Шахман Нағымұлының осы атаулы датаға қосқан үлесі, бабасы Мұрат Мөңкеұлына құрметі, зерттеулерінің жинақталуы деп білеміз.
Мұрат Мөңкеұлын Зар заман ақыны ретінде танимыз. Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Жырларының бәрінде елдің жағдайын жырлаған ақын. Бүгінде ақынның еңбектері тек қана ауыз әдебиетінің туындысы емес, ол тарихи дерек ретінде де маңызы жоғары еңбектер болып табылады. Сондықтан жаңа кітапты қалың оқырманға таныстыруды Ғылыми семинар форматында өткізгелі отырмыз.
Құрметті әріптестер, құрметті қонақтар!
Шақыруды қабыл алып, келген баршаңызға ризашылық білдіремін. Бүгінгі кездесуге біраз адамдар шақырылған болатын.
Қазақстанның Еңбек Ері Ілия ағамызға, Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы, ардагер Мәдина Ғабдісәлімқызы, облысқа танымал тұлғалар, қайраткерлер, белсенді азаматтар, зиялы қауым қатысып отыр.
Осы кітаптың жарыққа шығуына қолдау көрсеткен, Мәжіліс депутаты Әділ Орынбасарұлы, Мұрат ақынның мұрасының зерттелуіне үлкен үлес қосып жүрген ғалым, Қазақстан Президенті Кеңесшісі Омаров Бауыржан Жұмаханұлы, кітаптың басылуын ықпал еткен, баспагер, «Арыс» баспасының басшысы Ғарифолла Әнес ағамыз онлайн ЗУМ арқылы қатысамыз деген болатын.
Сөз кезегін
Жұбанов Әділ Орынбасарұлы Мәжіліс депутаты
Омаров Бауыржан Жұмаханұлы ҚР Президенті Кеңесшісі
Бисембиев Жасұлан Орақұлы, Атырау облысы әкімінің орынбасары
Жақанов Ілия Жақанұлы, Қазақстанның Еңбек Ері
---------------------------------------------------------------------------------------------
Модератор: Құрметті әріптестер! Кітап туралы жан-жақты пікір айту үшін «Мұрат ақын мұрасы» кітабының тұсаукесер рәсіміне кезек берейік. Тұсау кесер рәсімі – келген қонақтарға қарай ұсынылады.
(Тұсау кесер рәсімі)
------------------------------------------------------------------------------------------
Модератор: ендігі бөлімде «Мұрат ақын мұрасы» кітабы жайында сөз тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының професосры Бердіғожин Лескали Базарғалиұлына беріледі.
(Бердігожин баяндамасы)
---------------------------------------------------------------------------------------
Модератор: келесі сөз Мұрат ақын жайында ел аузындағы деректерді жинақтаушы, өлкетанушы, халелтанушы, университеттің Құрметті профессоры, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Төлеген Жаңабайға беріледі.
(Төлеген Жаңабай баяндамасы)
-----------------------------------------------------------------------------------------
Модератор: Мұрат ақын жырлары әдебиет, тарих, өнер, тұлғалар бойынша көптеген деректер береді. Баяндамашылар ол жайында атап өтті. Келесі баяндамашы филология мамандығының 1 курс магистранты Құралай Қуатоваға беріледі.
(Қуатова баяндамасы)
-----------------------------------------------------------------------------------
Модератор: Құрметті әріптестер, бағдарламаға жазылған баяндамалар аяқталды. Аққали Ахмет облыстық байқауға жюри ретінде шақырылуына байланысты қатыса алмады.
Құрметті қонақтар, Мұрат ақын және жаңа кітап жайында пікірлеріңіз болса рұқсат. Трибунаға шығып немесе орындарыңызда айтуға болады.
(Пікір айту )
--------------------------------------------------------------------------
Модератор: Аяқталуы: Құрметті ұстаздар, шәкірттер және қонақтар, бүгінгі университетте ұйымдастырылған Ақын-жырау Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толуына арналған ғылыми семинар және педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының профессоры Шахман Нағымұлының «Мұрат ақын мұрасы» кітабының тұсаукесеріне алтын уақыттарыңызды қиып, өз ойларыңызды ортаға салуға келгендеріңіз үшін Сіздерге зор алғыс айта отырып, ғылыми ізденістеріңіз бен қызметтеріңізге толайым табыстар мен үлкен жетістіктер тілеймін.
Алдағы атқаратын жұмыстарыңыз жемісті болсын. Осымен шара аяқталды.
Естелік фотоға түсуге шақырамын.
(Фотоға түсу)
Достарыңызбен бөлісу: |