«БЕКІТЕМІН»
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік университетінің Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры__________Д.Нұрмұханбет
«____» ________________2022 ж.
«Жас талант – 2022» атты байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
«Жас талант – 2022» атты байқау (бұдан әрі – Байқау) ҚР мемлекеттік жастар саясаты Заңын іске асыру аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының жоспарына сәйкес өткізіледі.
1.1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Жастардың шығармашылық, зияткерлік қабілетін арттыру, өнерге бейімділігін ашу және ұлттық болмыс пен ұлттық рухты асқақтату;
- Студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтау;
- Шығармашылық студияларға студенттерді тартып, қабілеттерін ашу;
ІІ. Байқау қатысушылары
Байқау барлық институттар мен факультеттердің бірінші және екінші курс студенттері арасында өткізіледі.
ІІІ. Өткізу тәртібі және мерзімі.
. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
Вокал номинациясы: (соло, дуэт, трио және т.б.), (минус фонограммамен жанды дауыста ғана орындау);
Хореография номинациясы: (Ұлттық, заманауи, балдық билер);
Музыкалық аспапта орындау: (домбыра, гитара, қобыз, баян т.б);
Оригиналды жанр: (цирк, акробатика және т.б.);
Конферансье номинациясы: (жүргізуші)
Сән студиясы номинациясы: (қыздар бойы 165 жоғары, ұлдар 180 жоғары);
Көркем сөз номинциясы: (монолог, поэзия, компазиция)
. Байқауды әр факультет өз қалауынша ұйымдастырады. Концерттік бағдарлама 1 сағат 30 минуттан аспауы қажет.
. Байқау 2022 жылдың 27 -29 қыркүйек аралығында өткізіледі.
. 30 қыркүйек «Жас талант – 2022» байқауының қорытынды ГАЛА КОНЦЕРТІ Жастар сарайында өтеді.
IV. Әділ-қазылар алқасы
Әділ-қазылар алқасы құрамына Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы студияларының жетекшілері кіреді.
Анықтама үшін: Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы байланыс телефондары: 8 771 864 4692, 8 747 903 2828
Достарыңызбен бөлісу: |