Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.
Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы/генеральная уборка/.
Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет, процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара.
Соңғы – терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі.
Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.
Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау, қолды жуу.
Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін сәулемен әсер ету т.б.
Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы, формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций.
Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:
суландыру;
сүрту:
толық батыру;
шашырату.
Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері
Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |